Инфоурок Дошкольное образование КонспектыБаяндама:"Мектепке дейінгі білім беруде жаңа технологияның тиімділігі"

Баяндама:"Мектепке дейінгі білім беруде жаңа технологияның тиімділігі"

Скачать материал

                  Макаров жалпы орта білім беретін мектебі

 

                                               

                                    

               Баяндама

 

 Тақырыбы:

 Мектепке дейінгі білім беруде

                    жаңа технологияның  тиімділіг

 

      дайындаған: мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі

                                     Калиева Гүлмайраш Кушеновна

 

 

 

                         

 

                           2015-2016 оқу жылы

                                  «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті

елу елдің қатарына   енуі үшін: білімді де зерделі,

жан-жақты дамыған дарынды, қабілетті ұрпақ керек»    

                                                                    Н.Ә.Назарбаев 

     Ал қазіргі таңда білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, білікті маман болу мүмкін емес. Елбасының «Болашақтың берік іргесін бірге қалаймыз» атты жолдауында «Әлеуметтік жаңғырту – жаңа әлеуметтік саясат деген айдармен айқындалып, өмір бойы білім алу әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» - деп жазылған. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық білім беру реформасының басты мақсаттарының бірі – инновациялық технологияларға сүйене отырып, баланың бойында шығармашылық ойлауды дамытуға мүмкіндік жасау болып отыр.

«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» – деп Сократ айтқандай Егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылып отыр. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау – басты міндеттердің бірі. Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді.

Сапалы білім – ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндер ертең ел тағдырын шешетін азаматтар. Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету –мұғалімнің басты міндеті.

12 жылдық білім беруге көшу үрдісі мектепке дейінгі тәрбие және білім беруді ұйымдастыруға жоғары талап қоюда. Ол өз кезегінде неғұрлым тиімді педагогика-психологиялық әдістер арқылы бұл мәселені шешуге итермелейді. Мектепке дейінгі оқыту, жаңа сапалық деңгейге шығу инновациялық технологияларды әзірлемей мүмкін емес. Педагогикалық инновация, бұл – дамуы, тәрбие мен оқытуды жақсартуға бағытталған, сонымен қоса мақсаттар мен мазмұнды, формалар мен әдістерді жетілдіруге негізделген өзгерістер. Олар ғылыми ізденіс ретіндегі педагогтың келешектегі өздік дамуын талап ететін санасын қалыптастырады.

Ал қазіргі таңда білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, білікті маман болу мүмкін емес. Елбасының «Болашақтың берік іргесін бірге қалаймыз» атты жолдауында «Әлеуметтік жаңғырту – жаңа әлеуметтік саясат деген айдармен айқындалып , өмір бойы білім алу әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» - деп жазылған. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Ғылыми тілмен айтқанда «иновациялық процесс» немесе «педагогикалық жаңалықтарды енгізу»деп аталады. Инноватика ұғымының мәні латынның «іn -novus» деген сөзінен шыққан, «жаңарту,өзгерту,жаңашылдық» деген мағынаны білдіреді.

Яғни педагогика ғылымында жаңа әдістерді, тәсілдерді, құралдарды, бағдарламаларды пайдалану.

Иновациялық білім беру құралдарына : аудио-видео құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, мултимедиялық құрал, электрондық оқулықтар және тағы басқалары жатады. . Интерактивті тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап ,қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Интерактивті тақтаны қолданудың тиімділігі шексіз.Осындай құралдардың бірі – мултимедиялық оқулықтарды сабақта пайдалану оқу іс -әрекеттерінің жоғары дәрежеде жүзеге асыруға мүмкіндік туғызары анық. Бұл жағдайда мұғалім әр оқу іс-әрекеттерін өтер алдында жиі-жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді.Ал мультимедиялық оқулықтар арқылы мұғалім уақытты тиімді және ұтымды пайдаланары айқын. Мультимедиялық оқулықтар біріншіден балалардың қызығушылығын арттырады , екіншіден зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге мүмкіндік береді , сонымен қатар бүлдіршіннің білім алу кезеңінде оқу іс-әрекетіне белсенділігін арттыра түседі.

Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі – баланың оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.

Әр мұғалім өз сабағының –көшбасшысы.Көшті қалай бастап алып жүрем десе де өз еркі. Ал көшті дұрыс бағыттай білу ол шеберлігіне байланысты. Педагогикалық технологияда ең маңызды жағы білім беру мен тәрбие жүйесінде ересектер мен балалардың қарым-қатынасы болып табылады. Қарым-қатынас жасауда үлкендер жағынан балаға мынадай жағдай туғызу қажет.

 «Бала біздің болашағымыз, қоғамыздың азаматы».

Оның мақсаты: Баланы жеке тұлға етіп қалыптастыру.

 Қазіргі таңдағы білім беру технологиясының қатарына мыналар кіреді:

 -Денсаулық сақтау технологиясы.

 -Жобалы-іс шығармашылығы.

 -Ізденіс-шығармашылық технологиясы.

 -Қатынастық-ақпараттық технология

 -Жеке тұлғаға бағыттау технологиясы.

 -Ойын технологиясы.

 -Триз технологиясы

 Денсаулық сақтау технологиясының мақсаты: Баланың денсаулығын нығайтуға,білім дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары,баланың денсаулығы мен оның дене бітімінің қалыптасыуна үлкен үлес қосады.

 Қазіргі таңда адамдардың даму жағдайында оның денсаулығын қалыптастыруда реттік жүйесіз мүмкін емес.

 Денсаулық сақтау технологиясы мынадай топтарға жіктеледі:

 Әдістемелік-профилактикалық: медбикенің жетекшілігі мен медициналық талаптардың нормасына байланысты. Медициналық құралдарды қолдану және балалардың тамақтануын қадағалау, алдын алу іс-шараларын жүргізу.

 Сауықтыру-шынықтыру: бұл балалардың денсаулығын нығайтып, шынықтыруға бағыттау. Физикалық дамуының сапасын жақсартуда шынықтыру, тыныс алу жаттығулары жатады.

 Жобалау шығармашылық технологиясы.

 Мақсаты: Әлеуметтік тұлғалық тәжірибені дамыту және байыту.

 Тәрбиешілер өз іс әрекеттерінде жобалау технологиясын қолданады.

 Жобалау классификациясы «Ойын түрінде» барлық топтың қатысуымен өткізілетін сабақтар

 (ойындар, ұлттық билер, драматизациялау, әр түрлі көңіл көтерулер)

 

 «Баяндау» Балалар өз сезімін көркемдеп,музыка арқылы,ауызша,жазбаша,жеке дауыста жеткізуді үйренеді.

 «Құрастыру» анық пайдалы заттарды жасауға бағытталған;

 (құс ұясы, гүлзарлар құрылымы.)

 

 

 Триз жүйесі бойынша шығармашылық әңгіме барысында қалыпсыз тәсілдерді қолдану.

 Триз технологиясының мақсаты: баланың тілін дамыту, шығармашылық қиялын дамыту болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда 3негізгі мақсат қарастырылған.

 1.Ауызша сөйлеуге үйрету, сөздік қорын дамыту. Айналадағы дүниені табиғатты бақылау, таныту арқылы сөз қорын жаңа сөздермен байыту, баланың ауызша сөйлеген сөздерін тыңдап, өзіне қойылған сұраққа жауап беруге үйрету: Заттың атын (ойыншық, гүл, жапырақ т.б) заттың сынын, сапасын, түр түсін, пішінін білдіретін сөздерді меңгерту. Заттың іс -әрекетін білдіретін (жүрді,жүгірді,келді,келеді,епті т.б) сөздерді әрі қарай меңгерту. Үстеу сөздерді (қасында, үстінде, осында, жоғарыда, төменде) қосып айтуға үйрету.

2 Сөз дыбыстарын дұрыс айту. Сөйлеуде ауыз қуысы арқылы дұрыс дем шығара білуге үйрете отырып, дауыссыз қатаң, ұяң дыбыстарды естілуіне қарай дұрыс, анық айтуға үйрету, 3 4 сөзден тұратын сөйлем құрату.

3. Байланыстырып сөйлеуін дамыту. Күнделікті сабақта естіген, білгенін, ойын, серуен кезінде көрген түйгенін, сурет және оқылған ертегілер мазмұнын ұнатқан ойыншықтары жайында ауызша сұрақ қоя отырып, әңгімелей отырып, қысқа ертегілердің кейіптендіре білуге үйрету. Мысалы: «Түлкі мен ешкі» ертегісінде: Түлкінің терісі қандай?(үлпілдек) тағы нелер үлпілдек болады? (қар, шапан, тымақ, мысықтың жүні,кілемнің беті) Ешкінің түсі сұр болған,тағы нелер сұр түске жатады? (сұр бұлт, сұр бас киім, сұр ішік, сұр қоян)

 -Құдықтың суы қандай болады? –Мұздай. Тағы нелер мұздай болады? (мұздай су, мұз, суық жел, қар, су, мұз жатады)

 Балалардың шығармашылығын дамыту жолында:

 -Сурет салу

 -Мүсіндеу

 -Жапсырма

 -Музыка. ұйымдастырған оқу іс –әректтер өткізіледі.

 Сурет салу оқу іс-әрекетінде қалыпсыз тәсілдер қолданылады.

 Мәселен: Бала сурет салуда тек қана қыл қаламмен сурет салып қоймай неше түрлі түтікшелерді;жіптерді картоп қималарын:трафареттерді: тіс пастасы мен тіс щеткасын,қайнатылған ас бояғыштарын қолданады.

.Ал шөптерді салу үшін, тағыда тіс щеткасын жасыл бояуға батырып алып саусақ пен тіс щеткасының тістерін қағу арқылы шашыратамыз.Соңында керемет «Бақ-бақ» гүлі өскен алаңқайды бейнелей аламыз.Және де түтікшелерді қолданып, үрлеу арқылы бейнелеуге болады.

Алақанды бояуға батыру арқылыбастырмалап сурет салуға болады.

 Мәселен : кактус салуға болады.Мұндай қалыпсыз тәсілдерді қолдану баланың қиялын дамытады.Өзіне-өзі риза болып одан да керемет жұмыс жасауға талпынады.Оқу іс-әрекеттерін кіріктірудің тиімді жағы өте көп.Біріншіден бала жалығып кетпейді:Екіншіден бір саладан екінші салаға ауысу арқылы олардың қызығушылығы артады.

 Берілген тапсырмаларды орындау,балаларды, еркін қиялдарға шығармашылық пен айналысуға кедергі келтіретін психологиялық селқостықты жоюға ықпал жасайды.

 Балада танымдық қызығушылықтың болуы-олардың оқу іс-әрекеттерге белсенді,білімінің сапалы болуына,басқа да іс-әрекеттерге жағымды әсерін қалыптастыруға мүмкіндік беретіндігі байқалып өз нәтижесін көрсетті.

Қорыта айтқанда, жаңа ақпараттық технологияларды   сабақта қолдану келесі нәтижелерге жеткізеді:

1. Оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді;

2. Тіл байлығын дамытады;

3. Өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді;

4. Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелейді.

5. Өз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген, білімді жеке тұлғаны қалыптастырады.

Осы қағидалар негізінде сабақты жаңа технология әдістерін қолдану арқылы жүргізу - оқушының өзін-өзі дамытуына, өз біліміндегі олқылықтарды өзі тауып , өз сұрағына өзі жауап іздеп жан –жақты білім алуына көмектеседі.

Әр уақытта бала білімін алға қоюшы ұстаз үлкен көрсеткішке қол жеткізу жолында талмай талаптанып, шаршамай еңбектенеді. Сол кезде ғана еліміз көкке шарықтап, басқа елге елді танытады.

Ұлы педагог Ушинский: «Бала балқытылған алтын, оны қандай қалыпқа салып құям десе де мұғалімнің қолында» дегені әр ұстазға қойылар үлкен сын деп ұғамын, ал ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру оң ықпалын беріп отыр.

 Елді өсіретін де, елді төмен түсіретін де – білім. Сондықтан қолда бар амалдарды тиімді пайдана білу сіз бен біздің үлесімізде, құрметті әріптестер!

 

 

 

 

 

 

                Пайдаланылған  әдебиеттер:

 

 

1. Жаңа технологияны қолдану.«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту»

 

 

2. Оқу-тәрбие үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану қажеттілігі. «Информатика негіздері», 2008 №4

 

 

3. Н.Ә. Назарбаевтың «Келешектің берік іргесін бірге қалаймыз»халыққа жолдауы .2011ж.

 

 

4. Мултимедиялық құрал. «Оқыту-тәрбиелеу технологиясы» 2014 №3

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама:"Мектепке дейінгі білім беруде жаңа технологияның тиімділігі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор по управлению персоналом

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 820 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.04.2016 3451
    • DOCX 58.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Калиева Гулмайраш Кушеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Калиева Гулмайраш Кушеновна
    Калиева Гулмайраш Кушеновна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4141
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Система оптимизации взаимоотношений родитель-воспитатель, администрация-воспитатель, воспитатель-воспитатель

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Влияние отдельных нутриентов пищи на умственную деятельность детей дошкольного возраста

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Внедрение технологии решения изобретательских задач в педагогический процесс дошкольной образовательной организации

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 24 регионов

Мини-курс

Психологические концепции и практики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 17 регионов

Мини-курс

Методы и подходы проведения трекинга и менторства

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Договоры и их правовое регулирование

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе