Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыБаяндама"Отбасы тәрбие негізі "

Баяндама"Отбасы тәрбие негізі "

Скачать материал

Отбасы  тәрбиесінің  негізі

   

    Жоспар.

1.    Кіріспе

2.    Отбасы тәрбиесінің негізі

3.    Қорытынды.

 

 

 

                                                                                   Адебаева Э.

Кіріспе: Отбасы- адам  үшін  ең  жақын  әлеуметтік  орта.  Отбасы  белгілі  дәстүрлердің,  жағымды  өнегелердің  мұралар  мен  салт- дәстүрлердің  сақтаушысы.  Отбасында  бала  алғаш  рет  өмірімен,  қоршаған  орта  мен  танысып,  мінез- құлық  нормаларын  игереді.  Отбасы  баланың  азамат  болып өсуінің негізі  болып  табылады.

Отбасының  басты  қызметі  баланы тәрбиелеу.Отбасы  тәрбиесі- бұл  жалпы  тәрбиенің  ең  басты  бөлігі.  Ата- ана  және  отбасы  мүшелері    жас  нәресте  дүниеге  келген  күннен  бастап,  оның  өміріне  қамқорлық жасап,  болашағын  жоспарлайды  және  саналы  азамат  болып  өсуі  үшін  қажет  жағдай  жасайды.  Бұған  баланың  қажеттігін  толық  қанағаттандыру,  оны  дене  және  ой  еңбегіне  үйрету,  күн  тәртібін  дүрыс  реттеуге,  салауатты  өмір  сүруге,  адал  болуға  тәрбиелеу,  жақсылықты  үйретуге,  жамандықтан  жиренуге  үйрету,  бойында  жастайынан  мәдени  құндылықтар  мен  адамгершілік  қасиеттерді  қалыптастыру  жатады.  Қазақ  отбасы  тәрбиесінің  өзекті  мәселелері  педагог – ғалымдар  С. Қалиев,М. Смайылова, М. Оразаев, Б. Баянбаевтардың  еңбектерінде  жан- жақты  сөз  болған.  Әр  халықтың  бала  тәрбиесіндегі  өзіндік  ерекшеліктері  арқылы  сол  халық  отбасы  тәрбиесінің  де  өзіне  ғана  тән  мәдени  құндылықтары  қалыптасады.

 

         Отбасы  тәрбиесінің  негізі

Қазақ  отбасы  тәрбиесінің  өзіне  тән  ерекшеліктері  оның  халықтық  педагогика  мұраларының  мазмұны  мен  түрлерінде  бейнеленген.  Көне  заманнан-ақ  қазақ  халқында  жазбаша  педагогикалық  еңбек  жазып  қалдырмаса  да  білгір  педагогтар,  тәрбиешілер,  ұстаздар  болған. Олар  өз  көзқарастары  мен  әрекеттерінде  белгілі  бір  дәстүрлі  дүние  танымды  ұстанып,  халықтың  мұраттары  мен  арман  тілектеріне сүйеніп  отырған.

Қазақ  отбасында  дене,  еңбек,ақыл-ой,  адамгершілік,  эканомикалық,  экалогиялық,  құқықтық,  сұлулық  тәрбиелері  жүргізілген.Қазақ  отбасында  аталған  тәрбие  түрлерін  жүзеге  асырудың  мақсаты  жан-жақты  жетілген  азамат  тәрбиелеу  болды.  Отбасындағы  дене  тәрбиесінің    мақсаты  бала  денесін  дамыту,  денсаулығын  нығайту,  ағзасын  шынықтыру  және  күн  тәртібін  дұрыс  ұйымдастыруға,  салауатты  өмір  салтына  тәрбиелеу  болды.

Қазақ  халқы  еңбекті  бүкіл  тәрбие  жүйесінің  күретамыры  деп  қарастырды .  Еңбекке  асыл  мұрат  деңгейінде  қарады.  Еңбек  тәрбиесі  деп  баланы  еңбекке  сүйіспеншілікпен,  еңбек  адамдарына  құрметпен  қарауға,  халық  шаруашылығының  салаларындағы  еңбек  түрлеріне  баулу,  еңбек  іс-әрекетінің  барысында  олардың  дағдысы  мен  іскерлігін  қалыптастыру,  болашаққа  мамандық  таңдауға  дайындауды  түсінді.

Отбасында  еңбекке  тәрбиелеу,  баулу  мен  кәсіптік  бағдар  беру  баланың  қоғамға  пайдалы,  өнімді  еңбекке  тікелей  қатысуы  оқуға  деген  сапалы  көзқарасты  тәрбиелеудің,  жеке  адамды  адамгершілік  және  зиялылық  жағынан  қалыптастырудың  негізі  көзі  болып  табылады.  Қазақ  отбасы  баланы  қоғамның  маральдық  нормасын  орындауға  қатыстыру,  олардың  тәртіп  және  мінез  құлық  тәжірибесін  қалыптастыру,  Отанға,  халқына,  еңбек  және  қоғамдық  іс-әрекетке  жауапкершілік  сезімін  тәрбиелеу  арқылы  адамгершілікке  тәрбиелей  білді.

Сондай-ақ, қазақ  отбасында  адам  зиялылығының  негізі  ақыл-ой  тәрбиесі  деп  есептелінді.  Ақыл-ой  тәрбиесі  арқылы  баланы  ойлау  іс-әрекетінің  шарты  болатын  білім  қорымен  қаруландыру,  негізі  ойлау  аперацияларын  меңгерту,  зиялылық  біліктері  мен  дүниетанымын  қалыптастыру  міндеттері  шешілді.  Тәрбиенің  басқа  да  салаларымен  тығыз  байланысты  тәрбиенің  түрі   экономикалық  тәрбиеге де  қазақ  халқы   ерекше  мән  берген.  Қазақ  халқы  бала  тәрбиелеуде  экономикалық  тәрбие  деген  ұғымды  пайдаланбағанымен,  тәрбиенің  бұл  түрі  отбасында  мақал,  өсиет  айту,  өнеге  көрсету  арқылы  жүзеге  асқан.  Мысалы:  «Еңбегі  қаттының  наны  тәтті»,  «Еңбек-өмірдің  тұтқасы,  тіршіліктің  көзі»,  «Еңбек-түбі  береке»,  «Үнемшілдік-сараңдық  емес»,  «Сараң  дүниенің  малын  жайса  да  тоймайды»  деген  мақалдар  дәлел  бола  алады.  Бұл  ата-бабамыздың  экономикалық  тәрбиенің  негіздері  еңбек  тәрбиесінде  екенін  жақсы  түсінгенін  байқатады.  Қазақ  отбасында  экономикалық  тәрбие  арқылы  айырбас,  бөлісу  және  табыс  табу  сияқты  негізгі   экономикалық  қатынастарды  тәжрибеде  меңгеру  жүзеге  асты.

Қазақ  халқы  ежелден  ұл  бала мен қыз  баланың  тәрбиесін  бөліп  қараға.  Ұлды  мал  бағуға,  отын  шабуға,  қолөнер  шеберлігіне,  мал  табуға,  отбасын  асырауға,   ал  қыз  баланы  ас  пісіруге,  кесте  тігуге,  өрмек  тоқу  сияқты  үй  ішінің  ішкі  жұмыстарына  үйрету  арқылы  экономикалық  тәрбиенің  көзі  болып  табылатын  үнемшілдікке,  тәуекелшілдікке  үндеп ,  сараңдыққа  салынып  кетуден  жирендіріп  отырған. 

Қазақ  халқының  күнделікті  кәсібінде,  тұрмыс-тіршілігінде  төрт-түлік  мал  бағу,  аң  аулап  кәсіп  етуді  ұйымдастыруында  да  экономикалық  тәрбиенің  нышандары  айқын  аңғарылады  Мәселен  ,  «Мал  өсірсең-қой  өсір,  өнімі  оның  көл-көсір» деп  қой  малының  пайдасының  зор екенін  ұғындырса,  ешкінің  өсімталдығымен  оның  да  пайдасы  көп  екендігін: «Есің  кетсе  ешкі  жи,  ешкі  жи да,  есіңді  жи»  деп  нақты  ұғымды  кеңестер беред.

Ал,  ата-бабаларымыздың  қоршаған  ортаны  аялауы  мен  оған  деген,  ізгі,  мейірбан  қарым- қатынасын  мақтанышпен  айтуға  тұрады.  Себебі  олар  көшпенді  өмір  сүргендіктен  әркез  өздерін   табиғаттың  бір  бөлігіміз  деп  есептеген.  Жер  Анаға  деген  құрмет  пен  ізет  олардың  санасында  ғасырлар  бойы  қалыптасқан.

Сондықтан,  экологиалық  нормалардың, ережелердің  қажеттілігін  жастардың  мінез-құлқында  тәрбиелеу  және  экологиялық  мәдениет  дағдысын  қалыптастыру  әрекеттері  қазақ  отбасында  бала  аяғы  шығып,  апыл-тапыл  жүре  бастаған  кезден-ақ  қолға  алынған.  Мысалы, баланың  тұсауын  көк  шөппен  кесудің  терең  тәрбиелік  мәнімен бірге  тірі  табиғатқа  деген  көзқарасын  білдірген.  Қазақ  отбасындағы  тәрбие  құралдарының  бірі  болып  есептелетін   тыйым  сөздердің  мазмұны  ата-бабаларымыздың   экологиялық  тәрбиеге  зор  мән  бергенінің  дәлелі  болып  табылады.  Мәселен  «суға  дәрет  сындырма», «көк  шөпті  жұлма», «отқа  түкірме»  және  т. с.с.

Қазақ  халқы  адамның  сұлулық  сезімдерінің  тұлға  өмірінде  зор  рөл  атқаратынын  жете  түсінген.  Әсемдікті  көре,  түсіне,  жасай  білу  адамның  рухани   өмірін  байытады  және  өнер  деп  білген.  Қазақ  отбасындағы  сұлулық  тәрбиесінің  мақсаты  баланы  көркемдікпен    сұлулықты  тануға,  оған  баға  беруге,  күнделікті  өмірдегі  адамның  жеке  басының,  қатынас,  үй  жағдайы  және  киім-кешек  мәдениетін,  сыртқы  мәдениетті  мен  ішкі  дүниесінің  ұштасуының  қалыптастыру  және  талғампаздыққа  тәрбиелеуді  көздеді.

Қазақ  отбасында  баланың  ерте  есеюіне  көп  көңіл  бөлген .

Оны  жүзеге  асыруда  олар  үлгі-өнеге  көрскту,  жауапкершілікке  арту  әдістерін  шебер  пайдаланған.  Баланы  ерте  жастан-ақ  жауапты  іс-әрекетке  тартып  отырған.  Мысалы,  бес  жасында  атқа  мінгізіп,  бәйгеге  қосу,  қозы  баққызу,  үлкендердің  арасындағы  дауды  шешу,  келіссөз  жүргізу  т.с.с.  істерге  бірге  ертіп  жүрген.  Сондай-ақ  қазақ  отбасы  тәрбиесінде  ғасырлар  бойы   қалыптасқан,  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып  келе  жатқан   отбасы  мүшелерінің  қатынасының  маңызы  зор.  Қазақ  халқының  отбасы  тәрбиесіндегі  өзіне  тән  жарасымдылықтың  бір  ұшы  олардың  жасы  кішісінің  үлкеніне  «сен»  деп  сөйлемеуі,  алдын  кесіп  өтпеуі, үлкен  тұрып  кішінің,  әке  тұрып  ұлдың,  шеше  тұрып  қыздың  орынсыз  сөйлемеуінде  деп  есептейміз.  Және  қазақ  отбасындағы  бала  тәрбиесін  ұл тәрбиесі,  қыз  тәрбиесі   деп  жеке-жеке  мән  беріп  қарастыруда  оның  өзіндік  ерекшеліктерінің  ішіндегі  маңыздысының   бірі.

Үлкенді  құрметтеу  отбасы  мүшелерінің  бір-бірінің  тәрбиесіне  жауапкершілік,  борыштылық,  адамгершілік  сезімдерін  туғызған.  Қазақ  отбасындағы  арнайы  жазылып  бекітілмеген  «заңдары»  әке  мен  ұлдың,  шеше  мен  қыз  баланың,  әке  мен   қыздың,  қызбен  жеңгенің,  келін  мен  ененің,  келін  мен  атаның,нағашы  мен  жиеннің,  бажа,  жезде,  бөлелердің  арасындағы  өзара  қарым-қатынастары  әрқайсысын  әдептілікке  тәрбиелеудің  ерекше  қымбат  үлгісі  іспетті. 

Егер  жапон  халқы  басалар  үшін  тұйық  халық  болса,  онда  ағылшын  халқы  басқаларды  қойып,  өз  ішінде  тұйық  халық.

Олардың  отбасындағы  әр  адам  жеке  өмірінің  құпия  болғанын  қалайды.  Бір сөзбен  айтсақ,  ағылшындықтардың  жаны  өз  үйінен  де  жақын,  яғни  берік  қамал мен  тең.  Басқа  халықтар  үшін  жанұя  қиыншылық пен  қуанышты  бірге  бөлісетін  ең  басты  байлық  болса,  ағылшын  халқы  қиыншылық  кезінде  жақындарынан  көмек  күте  қоймайды.  Тіпті  жақындарына  көмек  көрсетуді  өз  жауапкершіліктеріне  алмайды.

Ағылшын  халқында  ең  алғаш  сәби  дүниеге  келісімен  отбасындағы  бар  байлық  тек  сол  балаға   ғана  мұраға  беріледі.  Оның  басқа  іні,  сіңілілері  болғанымен  оларға  ештеңе  берілмейді  олар  өз тірліктерін   өздері  жасайды.

Француздар  мен  немістерге  қарағанда  ағылшындар қыз  баланың  жасауына  да  аз  көңіл  бөлген.  Олар  баланың  өмірін  қамтамасыз  еткеннен  гөрі,  олар  талпынған  сәтте  ұядан  итеруге  әрекет  етіп,  өздіктерінен  ұшуға  жағдай  жасайды.

Ағылшын  әжелері  өз  немерелерін  өте  жақсы  көргенімен,  тек  сенбі,  жексенбі  күндері  ғана  немерелерін  қонаққа  шақырып,  күтеді  немесе  ата-аналары    демалыста  жүргенде  бір-екі  апта  ғана  немерелеріне  қарайды.Бірақ  олар  тегін  және  үнемі    бала  бағушы  болуға  ешқашанда  келіспейді.

Ағылшын  отбасы  баланы  ішкі  әлемінен   аз  қорғайды.  Олар  баланы  өз  ортасында,  өз  құрбыларымен  қатар  өскендіктерін  қалайды.  Сол  себепті  бала кішкентай  кезінен   бастап  өз-өзіне  жауап  бере  алатын  және  әлеуметтік   жауапкершілігі бар  тұрға  болып  қалыптасады.

Ағылшын  жасөспірімінің   білімі  аз  болғанымен,  қарым-қатынаста  адамгершілік  қасиетінің  жоғары  екенін,  үлкендер  арасында  басқа  шетелдік  құрбыларынан  гөрі  өзін  өте  жақсы  ұстайалатындығын  көрсете  біледі .  Өзінің  жанұясына  жақындығы  да  аз  сезіледі,  алайда  қоршаған  әлеуметтік  ортада  өзінің  құқығы  мен  міндеттерін  жақсы  біледі.

Әлеуметтік  жауапкершілікке  тәрбиелеу  Британияда   ең  басты  адамгершілік  характердің  бірі  болып  есептеледі.  Саяси  қоғамдық  жауапкершіліктер  белгілі  бір  жаттығулар  мен  оқытудың    арқасында  емес,  олар  бала  бойына  ағылшын  біліміне  бағытталған  тәрбие  мен  әр  түрлі  бағыттағы   еркін  еңбектің  өмірлік  тәжрибелері  арқылы  сіңіріледі  .

Өз  қалауы  бойынша  еңбекке  араласу   ағылшындықтар  үшін  кең  таралған  және  игі  іс  болып  есептеледі.  Өз  сөздеріне  қарағанда   ағылшындықтар  қызметтік  міндеттемесі  жоқ  кез- келген  жұмысқа  өте  үлкен  ықыласпен  беріледі,  ал  қоғамдық  міндет   олар  үшін  «әлеуметтік  хобби».

Қорытынды: Қорыта  айтқанда,  ағылшындықтар   У. Черчиллидің:  «Егер  жалғыз  ағаш  тірі  қалса,  ол  мықты  болып  өседі» деген  сөзін көп  қолданғанды  жақсы  көреді  екен.  Ал  Лондонда:  Француз  жанұя  мен  мемілекет  тұрғысынан  ойласа, ағылшындықтар  үшін  жеке  тұлға  мен  қоғам  ең  басты  бағыт. 

Бүгінде  жаңашыл  Ұлыбритания  мектептерінде  адамгершілікпен  ұлт  жандылық  тәрбие  мәселелерін  қарастыратын  жаңа   реформа  жасалған.

 

 

Мақсаты:Бала бойына осы тәрбие сағаты бойынша сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Ата-ананы құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыздары болуға тәрбиелеу.

Жүргізуші:Армысыздар ардақты ұстаздар, аяулы ата-аналар және оқушылар.Қарттарым асыл қазынам  атты  4-сыныбының тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.

         Көк туым көтерілді бағым жанып

         Елтаңбам төрде әлемге талды анық

         Шырқадым ән ұранды бар дауыспен

         Арманым –ата заңым қабылданып

Қ.Р.мемілекеттік ән ұраны орындалады.

Жүргізуші:Бақыт құсы әр адамға қонып бір

                      Уа тәңірім бізді баққа жолықтыр

                      Бүгін міне қарттар күні ағайын

                      Жүректері қуаныш пен соғып тұр

                       Әжеге арнап ақ тілектер айтар күн

                       Атаға арнап марапатты бастар күн

                       Бүгінгі күн мәңгі есте сақтар күн

                       Бүгінгі күн есінде мәңгі жастардың

1-оқушы:Жаздым талай көп өлең

                   Әке менен анаға

                   Жазайыншы бір өлең

                    Арнап кексе атама

                    Бала шаға қамымен

                  Әжім түсіп маңдайға

                  Әлсіреп қолың дірілдеп

                  Жеттіңбе осы жағыдайға.

2-оқушы:Жас кезіңде тынбастан

                   Шапқыладың балаға

                   Оқытам деп соларды

                   Шапқыладың қалаға

                   Алла өмір силасын

                    Жәннәтқа аяқ жеткізсін

                    Әр қызықты өміріңді

                    Қуанышпен өткізсін.

3-оқушы:Атадан қалған қасиет

                    Әжеміз айтқан өсиет

                    Әке менен балаға

                    Әр бір перзент бас иет

Жүргізуші:Жүрегімде нәр берген салған әнің

                     Сол ән менен көрінген жаздай жаның

                     Әні мен әлдейлеген халқымызды

                     Шақырамыз ортамызға әншімізді.

Ән:Асыл әжем.

4-оқушы:Ақиқатты айқындап жариялар

                   Бара жатыр азайып қариялар

                    Дауыл тұрса бүлк етіп толқымайтын

                    Бара жатыр сарқылып дариялар

5-оқушы:Әкемненде анамнан

                   Жақсы адам бар маған

                   Ол қария ата-әжем

                   Дейтін мені жан балам

                   Кетеді әкем жұмысқа

                   Кетеді анам жұмысқа

                   Ұстап мені уысқа.

Жүргізуші:Мың бұралған ақ қайыңдай

                      Бишілер шықсын ортаға

                      Ал ендеше қарсы алайық

                      Қошемет пен қол соға.

Би:Аққу биі.

6-оқушы:Әкемді де өсірген

                   Анамды да өсірген

                   Бәйтеректей ата- әжем

                   Шықпайды еш есімнен

                    Сипап айтар ақылын

                   Ата-әжем жақыным

                   Қартайғанда мен де айтам

                   Жаным күнім мақұлым.

7-оқушы:Тыным атты ақ әжем

                   Маған ылғыи жақ әжем

                   Боташым деп айналған

                   Мейірімі мол бақ әжем.

8-оқушы:Аташым-ау жүзден әлі асасың

                   Масты көрсең сасасың

                   Ауылға келсек сағынып

                   Бауырыңа бізді басасың.

Жүргізуші:Ата-дәстүр абырой көтергенге

                      О,бұл сөздер сүйектен өтер демде

                       Тоқталамыз енді біз ал халайық

                      Қанатты сөз мақал мен мәтелдерге.

1.Ауылыңда қарияң болса,

    Жазып қойған хатпен тең.

2.Атасыз үй батасыз,

    Анасыз үй панасыз.

3.Кәрі келсе асқа,

    Жас келсе іске.

4.Көп жасаған қария,

    Ақылы теңіз дария.

5.Ата салты ардақты,

    Әр бір сөзі салмақты.

6.Қарты бар үйдің,

    Қазынасы бар.

7.Ата-ананың қарызын,

    Өтеу сенің парызың.

8.Ата баланың қорғаны.

9.Атаға баланың алалығы жоқ.

10.Әкеге қарап ұл өсер,

      Шешеге қарап қыз өсер.

9-оқушы:Әжем менің дәйым

                   Аспандағы айым

                   Егер әжем болмаса

                    Не болады жайым.

Жүргізуші:Еркелеп күліп есіп тау самалы

                     Әлемге жаңалықты жар салады

                     Мен келдім деп сызылып күлімсіреп

                     Гүлдердің қауызынан ән салады.

Ән:Қарйалар азайып бара жатыр.

10-оқушы:Ата-аппақ атайсың

                     Немерем деп мақтайсың

                     Той думаннан әкелген

                     Тәтіні маған сақтайсың.

11-оқушы:Сенің ақыл сөзіңе

                    Сенің жылы көзіңе

                    Жақсы көрем атамды

                    Тілек тілеймін өзіңе.

12-оқушы:О,ата-анам таянышым тірегім

                      Бар бақытты бір басыңа тіледім

                      Бізді жақсы болса екендеп қашанда

                      Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.

Көрініс:Әжені жолдан өткізуі.

13-оқушы:Ақыл екен әр бір айтқан сөздерің

                     Алтын екен мөлдір қара көздерің

                     Аташым мен апашым кешіріңдер

                     Болса менің артық айтқан сөздерім.

14-оқушы:Бұл өмірде мен үшін дарасыңдар

                      Баға жетпес асылым данасыңдар

                      Қимастық пен қараймын өздеріңе

                      Қайда сендер қартайып барасыңдар.

Жүргізуші:Ұлылықтың мықтылығы ағашынан

                     Қызымыздың күштілігі сабасынан

                     Бишінің биші болып атануы

                     Үйреткен, тәлім берген ұстазынан.

Би:Домбыра.

Жүргізуші:Құрметті ата-ана,ұстаздар және бүгінгі кештің силы қонақтары қариялар. Біздің тәрбие сағатымызға алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көптен-көп рақымет айтамыз.Осымен біздің шағын кешіміз аяқталды.

Қортынды сөз кезегін,мектебіміздің тәрбие ісінің менгерушісі:Дүйсенова.А.

Жүргізуші:Әже дейміз-бәрімізде аңқылдап

                     Әже дейді- жас сәбиде жарқылдап

                     Әже деген- бәйтерегі өмірдің

                     Әже деген-алтын қазық, алтын бақ

                     Немере үшін ең мейірімді жан әже

                     Ендеше әжелерімізге сөз берейік.                              

 

 

 

              Пайдаланылған  әдебиеттер

1.Бабаев С.Б. Тұлғалық педагогика-Алматы,2013.

2.Сыныптан  тыс  жұмыстар №10 2010.

 

 

 

 

 

 

                            Мазмұны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама"Отбасы тәрбие негізі ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по экономической безопасности

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 205 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.11.2015 5244
    • DOCX 30.4 кбайт
    • 31 скачивание
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Адебаева Эльмира Жумагалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Адебаева Эльмира Жумагалиевна
    Адебаева Эльмира Жумагалиевна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5325
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии управления профессионально-педагогической деятельностью учителей начальной и средней школы в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 84 человека

Курс повышения квалификации

Организация системы внутришкольного контроля качества образования на уровне начального общего образования

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 250 человек

Курс повышения квалификации

Каллиграфия. Искусство красивого почерка

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1485 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 763 человека

Мини-курс

ФАОП: индивидуализированное образование и коррекционная работа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Классики и современники: литературные портреты и психология творчества

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Методы маркетинговых исследований в интернете

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 20 регионов