Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / БАЯНДАМА:ОҚУ МЕН ЖАЗУ АРҚЫЛЫ СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ ЖОБАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

БАЯНДАМА:ОҚУ МЕН ЖАЗУ АРҚЫЛЫ СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ ЖОБАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

библиотека
материалов

ОҚУ МЕН ЖАЗУ АРҚЫЛЫ СЫН ТҰРҒЫСЫНАН

ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ ЖОБАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ


Ишимское орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

Мухангалиева К.Д


Жаңа оқыту технологияларының мәні – шығармашылық қабілет, дербестік, ізденімпаздықтың дамуы үшін жағдай жасау. Оқу әрекетінің шығармашылық әрекеттен айырмашылығы: ол баланың өзін-өзі қалыптасуына өз идеясын жүзеге асыруға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Проблеманы жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Оқу әрекеті баланың жалпы қабілетін дамытса, шығармашылық әрекет нақты жағдайды шешу барысында нәтижеге жеткізетін қабілеттерін дамытады. Баланың білімін тереңдетуде шығармашылығын, еңбекке қызығушылығы мен ой-өрісін кеңейтіп, талғам деңгейін жоғарылату барысында жаңа оқыту технологияларының алатын орны ерекше. Жаңа технологиялар баланы тек үйренуші ғана емес өзіндік ой-пікірі бар, жан-жақты дамыған дара тұлға ретінде тәрбиелеуді мақсат етеді.

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасы бойынша сабақ үш кезеңге бөлінеді.

І. Қызығушылықты ояту

Бұл кезеңде оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып,қызығушылықтарын ояту стратегияларының бірін қолданып, қызықты сұрақтар қою арқылы оқушыларды жаңа сабаққа тарту.

Бұл жерде дәстүрлі әдістердегі «Кім кезекші?», «Сабақта кім жоқ, неге жоқ?», «Бүгін қай күн?» деген сұрақтарды алмастырып, керісінше сабаққа жағымды ахуал туғызады.

Бұл қызығушылықты ояту кезеңі - «жаңа білімге көпір салу». Бұл сәт «Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз» деп дайын дүниені айтып беруден алыстатады. Орнына, білетін білімді еске түсіре отырып, жаңа білімге көпір салу болып табылады.

ІІ. Мағнаны ажырату. Белсенді түрде оқу.

Бұл кезеңді іске асыру үшін бірнеше тәсілдер бар. Олар: болжау кестесі, ойлан, жұптас, ортаға сал, ББҮ, сұрақ қоя білуді үйрену, өзара оқыту, топпен болжау, топпен зерттеу, т.б. Осы әдіс-тәсілдерді қолдану кезеңді ең тамаша кезеңге, яғни оқушының өздігінен білім алу, өзін-өзі өзектілендіру, танымдық қабілеттерінің даму, шығармашылық іс-әрекетінің ояну, бір сөзбен айтқанда, өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырады.

ІІІ. Ой толғаныс. Оқуды қортындылауы.

Оқушы алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды, топпен бөлініп берілген тапсырмалары болса, өздері дәлелдейді, көрсетеді, бағалайды немесе «Эссе жазу, бес жолды өлең» тәсілдерін қолданып қорытындылайды.

Топтық жұмыстың бала танымына тигізетін оң әсері көп. Топтың алдына қойылған проблеманы шешу мақсатында, оқушының жинақтаған біліміне азды-көпті өз тәжірибесіне сүйене отырып, жаңа әдіс-тәсілдерді іздеу арқылы шығармашылық әрекет қалыптасады. Ал топпен жұмыс істеудің маңыздылығы мынада:

  1. Топ жеке адамның пікірімен санасады.

  2. Іс-әрекетке қатысатын әр оқушы сол топтың беделін, намысын қорғауға тырысады.

  3. Оқушы бойында болжау жасау, қиял, шығармашылық дамиды.

  4. Бір-бірімен ізгілікті қарым-қатынас жасайды, достық тілек, өзгенің пікірімен санаса білу, ойларын айта білу дағдылары қалыптасады.

  5. Бойларындағы жасақаншақтық, жалтақтық, ұяңдық сияқты психологиялық мінез кеселдерін жоя отырып, мінез күштерін қалыптастырады.


Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту дегеніміз не? – деген сұраққа американдық профессор Дэвид Клустер, сыни деп айтуға келмейтін құбылыстарға тоқтала отырып, сыни тұрғыда ойлауды анықтайтын үш пункті ұсынды:

Біріншіден, сыни тұрғыдан өзіндік жеке ойлау болып табылады дейді (мысалы сабақ барысында әр оқушының өз ойлары мен пікірлерін басқалардан тәуелсіз құруы).

Екіншіден, сыни ойлауды тудыратын білім дәлелдемелері екеніне тоқталады.

Үшіншіден, сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады, - дейді.

Бұл жерде адамзат баласының Абай айтқандай, үш түрлі мінезбен туатыны, яғни соның бірі көрсем, білсем деген талпыныс құмарлығы туралы пікірімен үндеседі.

Бұл жөнінде шығыстың ғұламасы Аристотель «Ойлау таңданудан басталады, табиғаттың ашылған құпиясы алдында шынайы таңырқау – ойдың күшті тасқынын тудыратын қуатты түрткі» - деген.

21 ғасыр мектебінің мақсаты жас жеткіншектердің жауапкершілігі жоғары, парсатты, адамгершілік мәдениеті қалыптасқан, өмірге икемді, ұлтжанды тұлға қалыптастыру. Мұғалімдер осы мақсатты орындауға бейімделген маман болуы шарт.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес.

Бүгінгі ең негізгі мәселе болып отырған жағдай оқушылардың ойын оқу мен жазуға сын тұрғысынаан ойлауды дамыта оқыту жүйесі қолға алу.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз, педагогтың бағыттауымен оқушының өз бетінше білімді игеруі.Нәтижесінде неғұрлым дамытылған оқушының жеке тұлғасы қалыптасады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мақсаты сынауға емес, шыңдалған ойлауға үйрету.

Сабақ 3 сатыдан тұрады:

  1. Қызығушылықты ояту.

  2. Мағнаны тану.

  3. Ой толғаныс кезеңі.

Қызығушылықты ояту. Үйрену процесі бұрынғы білетінімен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан сабақта қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы нені біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды ояту ми қыртысына тітіркендіргіш арқылы жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Ойлану», «Жұпта талқылау», Болжау», «Әлемді шарлау» т.б. деген атаулы әдістер жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені үйрену енжарлықтан көрі белсенділілікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап оны байырғы біліммен ұштастырады.

Ойлану мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші «Мағнаны тану» кезеңінде жаңа ақпаратпен танысады. тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Бұл кезеңде оқушының өз бетімен жұмыс жасап белсенділік көрсетуіне жағдай жасап көмектесетін басқа стратегиялар бар. Мысалы, INSERT – оқығанын түсінуге өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанда есте сақтау, мәнін жете түсіну күрделі жұмыс. Сондықтан да оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағнаны түсінуде INSERT-ті қолдану аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.

Үйренушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпір құрастыруға, яғни байланыс құрауға дағдыланады.

Тақырып бойынша «Ой толғаныс» бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру назардан тыс қалып жатады. Одан гөрі үйге тапсырма беру, оны түсіндіру, баға қою сияқты шараларға уақыт жіберіп аламыз. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап салмақтап оны қандай жағдайда қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білімін үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді, яғни нағыз білім шыңына көтеріледі, үлкен әлемге енеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді, өзіне өзгеше сенім, тәрбиелік, даналыққа бастау алады. Толғануды тиімді етуге лайықталған: «Бес жолды өлең», «Венн көрсетуі», «Еркін жазу», «Екі түрлі түсініктеме күнделігі», «Ойлану стратегиясы»», т.б. осы сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықты қолданылады. Олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын, ой түйістіруін қамтамасыз етеді. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады.

Мысалы, «Екі түрлі түсініктеме күнделігін» жүргізгенде мәтінді оқу барысында дәптердің оң бөлігіне мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады. Сол жағына - сол еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдар қандай).

Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырылады. Жұмыс аяқталған кезде, қорытуға құрылған сұрақтар төмендегідей болуы мүмкін:

  1. Сіздің ойыңызда не сақталып қалды?

  2. Автор оқырманды қалай қызықтырды?

  3. Кейіпкерлердің іс-әрекетін сіз қалай бағалайсыз? т.б. түрінде.

Бұл әдіс те алдыңғы сияқты оқушыларды ұжым болып жұмыс жасауға үйретеді. Ақпараттарды өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдіретін түсінуге машықтандырады.

Сондай-ақ әдістің тиімділігі сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну, оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы сауатты оқырман қалыптастыру мүмкіндігі туады.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасындағы мұғалімнің рөлі қандай дейтін болсақ, ол үйрену процесінде оқушыларға серік болып,бірге жұмыс жасап, оларға сеніммен қарап өз ойын, ақылын айтып отырады. Бүкіл қайнаған істің ортасында білім алу, үйрену ісін ұйымдастырушы деуге болады.

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төмендегі шаралар орындалуы шарт:

  1. Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек.

  2. Оқушыларға ойланып, толғануға, ойын ашып айтуға рұқсат беру.

  3. әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.

  4. Үйрену барысындағы оқушылардың іс-әрекетін қолдау.

  5. Кейбір оқушыларда кездескен қолайсыз жағдайларыд әжуаға айналдырмау.

  6. Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.

Бұл ережелердің алдымен мәні түсіндіріліп, одан кейін қадағаланады.

Бағдарлама стратегиялары оқушылардың бірін-бірі тыңдап, құрметтеуіне үйретеді. Бұрын үндемей отыратын балалардың ерекше өтетін сабақ барысында еркін сөйлеп, қызу араласа отырып, ойларын ашық жеткізулеріне сыншыл көзқарас байқатуларына мүмкіншілік туғызады.

1 бөлім

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасы бойынша сабақ үш кезеңге бөлінеді.

І. Қызығушылықты ояту

Бұл кезеңде оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып,қызығушылықтарын ояту стратегияларының бірін қолданып, қызықты сұрақтар қою арқылы оқушыларды жаңа сабаққа тарту.

Бұл жерде дәстүрлі әдістердегі «Кім кезекші?», «Сабақта кім жоқ, неге жоқ?», «Бүгін қай күн?» деген сұрақтарды алмастырып, керісінше сабаққа жағымды ахуал туғызады.

Бұл қызығушылықты ояту кезеңі - «жаңа білімге көпір салу». Бұл сәт «Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз» деп дайын дүниені айтып беруден алыстатады. Орнына, білетін білімді еске түсіре отырып, жаңа білімге көпір салу болып табылады.

ІІ. Мағнаны ажырату. Белсенді түрде оқу.

Бұл кезеңді іске асыру үшін бірнеше тәсілдер бар. Олар: болжау кестесі, ойлан, жұптас, ортаға сал, ББҮ, сұрақ қоя білуді үйрену, өзара оқыту, топпен болжау, топпен зерттеу, т.б. Осы әдіс-тәсілдерді қолдану кезеңді ең тамаша кезеңге, яғни оқушының өздігінен білім алу, өзін-өзі өзектілендіру, танымдық қабілеттерінің даму, шығармашылық іс-әрекетінің ояну, бір сөзбен айтқанда, өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырады.

ІІІ. Ой толғаныс. Оқуды қортындылауы.

Оқушы алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды, топпен бөлініп берілген тапсырмалары болса, өздері дәлелдейді, көрсетеді, бағалайды немесе «Эссе жазу, бес жолды өлең» тәсілдерін қолданып қорытындылайды.

Топтық жұмыстың бала танымына тигізетін оң әсері көп. Топтың алдына қойылған проблеманы шешу мақсатында, оқушының жинақтаған біліміне азды-көпті өз тәжірибесіне сүйене отырып, жаңа әдіс-тәсілдерді іздеу арқылы шығармашылық әрекет қалыптасады. Ал топпен жұмыс істеудің маңыздылығы мынада:

  1. Топ жеке адамның пікірімен санасады.

  2. Іс-әрекетке қатысатын әр оқушы сол топтың беделін, намысын қорғауға тырысады.

  3. Оқушы бойында болжау жасау, қиял, шығармашылық дамиды.

  4. Бір-бірімен ізгілікті қарым-қатынас жасайды, достық тілек, өзгенің пікірімен санаса білу, ойларын айта білу дағдылары қалыптасады.

  5. Бойларындағы жасақаншақтық, жалтақтық, ұяңдық сияқты психологиялық мінез кеселдерін жоя отырып, мінез күштерін қалыптастырады.

2 бөлім

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту дегеніміз не? – деген сұраққа американдық профессор Дэвид Клустер, сыни деп айтуға келмейтін құбылыстарға тоқтала отырып, сыни тұрғыда ойлауды анықтайтын үш пункті ұсынды:

Біріншіден, сыни тұрғыдан өзіндік жеке ойлау болып табылады дейді (мысалы сабақ барысында әр оқушының өз ойлары мен пікірлерін басқалардан тәуелсіз құруы).

Екіншіден, сыни ойлауды тудыратын білім дәлелдемелері екеніне тоқталады.

Үшіншіден, сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады, - дейді.

Бұл жерде адамзат баласының Абай айтқандай, үш түрлі мінезбен туатыны, яғни соның бірі көрсем, білсем деген талпыныс құмарлығы туралы пікірімен үндеседі.

Бұл жөнінде шығыстың ғұламасы Аристотель «Ойлау таңданудан басталады, табиғаттың ашылған құпиясы алдында шынайы таңырқау – ойдың күшті тасқынын тудыратын қуатты түрткі» - деген.

21 ғасыр мектебінің мақсаты жас жеткіншектердің жауапкершілігі жоғары, парсатты, адамгершілік мәдениеті қалыптасқан, өмірге икемді, ұлтжанды тұлға қалыптастыру. Мұғалімдер осы мақсатты орындауға бейімделген маман болуы шарт.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес.

Бүгінгі ең негізгі мәселе болып отырған жағдай оқушылардың ойын оқу мен жазуға сын тұрғысынаан ойлауды дамыта оқыту жүйесі қолға алу.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз, педагогтың бағыттауымен оқушының өз бетінше білімді игеруі.Нәтижесінде неғұрлым дамытылған оқушының жеке тұлғасы қалыптасады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мақсаты сынауға емес, шыңдалған ойлауға үйрету.

Сабақ 3 сатыдан тұрады:

  1. Қызығушылықты ояту.

  2. Мағнаны тану.

  3. Ой толғаныс кезеңі.

Қызығушылықты ояту. Үйрену процесі бұрынғы білетінімен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан сабақта қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы нені біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды ояту ми қыртысына тітіркендіргіш арқылы жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Ойлану», «Жұпта талқылау», Болжау», «Әлемді шарлау» т.б. деген атаулы әдістер жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені үйрену енжарлықтан көрі белсенділілікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап оны байырғы біліммен ұштастырады.

3 бөлім

Ойлану мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші «Мағнаны тану» кезеңінде жаңа ақпаратпен танысады. тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Бұл кезеңде оқушының өз бетімен жұмыс жасап белсенділік көрсетуіне жағдай жасап көмектесетін басқа стратегиялар бар. Мысалы, INSERT – оқығанын түсінуге өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанда есте сақтау, мәнін жете түсіну күрделі жұмыс. Сондықтан да оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағнаны түсінуде INSERT-ті қолдану аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.

Үйренушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпір құрастыруға, яғни байланыс құрауға дағдыланады.

Тақырып бойынша «Ой толғаныс» бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру назардан тыс қалып жатады. Одан гөрі үйге тапсырма беру, оны түсіндіру, баға қою сияқты шараларға уақыт жіберіп аламыз. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап салмақтап оны қандай жағдайда қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білімін үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді, яғни нағыз білім шыңына көтеріледі, үлкен әлемге енеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді, өзіне өзгеше сенім, тәрбиелік, даналыққа бастау алады. Толғануды тиімді етуге лайықталған: «Бес жолды өлең», «Венн көрсетуі», «Еркін жазу», «Екі түрлі түсініктеме күнделігі», «Ойлану стратегиясы»», т.б. осы сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықты қолданылады. Олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын, ой түйістіруін қамтамасыз етеді. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады.

Мысалы, «Екі түрлі түсініктеме күнделігін» жүргізгенде мәтінді оқу барысында дәптердің оң бөлігіне мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады. Сол жағына - сол еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдар қандай).

4 бөлім

Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырылады. Жұмыс аяқталған кезде, қорытуға құрылған сұрақтар төмендегідей болуы мүмкін:

  1. Сіздің ойыңызда не сақталып қалды?

  2. Автор оқырманды қалай қызықтырды?

  3. Кейіпкерлердің іс-әрекетін сіз қалай бағалайсыз? т.б. түрінде.

Бұл әдіс те алдыңғы сияқты оқушыларды ұжым болып жұмыс жасауға үйретеді. Ақпараттарды өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдіретін түсінуге машықтандырады.

Сондай-ақ әдістің тиімділігі сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну, оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы сауатты оқырман қалыптастыру мүмкіндігі туады.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасындағы мұғалімнің рөлі қандай дейтін болсақ, ол үйрену процесінде оқушыларға серік болып,бірге жұмыс жасап, оларға сеніммен қарап өз ойын, ақылын айтып отырады. Бүкіл қайнаған істің ортасында білім алу, үйрену ісін ұйымдастырушы деуге болады.

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төмендегі шаралар орындалуы шарт:

  1. Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек.

  2. Оқушыларға ойланып, толғануға, ойын ашып айтуға рұқсат беру.

  3. әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.

  4. Үйрену барысындағы оқушылардың іс-әрекетін қолдау.

  5. Кейбір оқушыларда кездескен қолайсыз жағдайларыд әжуаға айналдырмау.

  6. Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.

Бұл ережелердің алдымен мәні түсіндіріліп, одан кейін қадағаланады.

Бағдарлама стратегиялары оқушылардың бірін-бірі тыңдап, құрметтеуіне үйретеді. Бұрын үндемей отыратын балалардың ерекше өтетін сабақ барысында еркін сөйлеп, қызу араласа отырып, ойларын ашық жеткізулеріне сыншыл көзқарас байқатуларына мүмкіншілік туғызады


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 11.02.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров168
Номер материала ДВ-442436
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх