Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыБаяндама"ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ "

Баяндама"ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ "

Скачать материал

hello_html_1027a17e.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_71f2054.gifhello_html_m2a7690f7.gifОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ


Хасенова Жұлдыз Жумагельдиевна


Қарағанды қаласы №60 жалпы білім беретін орта мектеп

бастауыш сынып мұғалімі


Бүгінгі таңда жер жүзінде білім саласындағы саясаткерлер мен мұғалімдер үшін ең маңызды болып отырғаны-«ХХI ғасырда нені оқыту керек және ХХI ғасырға оқушыларды қалай дайындайды?» деген мәселе. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі - оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХI ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. Сондықтан да қазір жаңа технологияларды меңгеру үшін ең басты қажетті құрал – білім.

«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-16 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары» атты құжатында «...тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады» деп атап көрсетілген [1]. Аталған құжатта мектеп оқушыларының фунционалдық сауаттылығын дамытудың  4 түрлі механизмі қарастырылған. Біріншіден, білім берудің мазмұны мен әдіснамасын түбегейлі жаңарту, екіншіден, оқу нәтижелерін бағалау жүйесін өзгерті, үшіншіден, қосымша білім беру жүйесін дамыту, төртіншіден, оқыту мен тәрбиелеу үдерісіне ата-аналардың барынша белсенді қатысуын қамтамасыз ету.

Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында анықталған, басты мақсаттардың бірі – жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады [2].

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Жолдауында «Бесекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек.Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылығы жеткіліксіз болып қалғаны қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек  ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды» деп атап көрсеткен болатын.

   «Функционалдық сауаттылық» — ұғымы өткен ғасырдың 60-жылдары ЮНЕСКО құжаттырында пайда болды және кейіннен қолданысқа енді. Функционалдық сауаттылық – мектепте алған білімдерін, іскерлік дағдыларын, адами іс әрекеттердің әр түрлі салаларында сондай-ақ тұлға аралық қарым-қатынастарды өмірлік міндеттерін шешу үшін пайдалану болып табылады

Қазіргі заман талабына сай жан-жақты, зерделі, дарынды, талантты адамдарды қалыптастыруда білім беру мәселесі, оның оқыту жүйесін үйлестіре алу міндеті туындап, жаңа талаптар қойылуда .Соған орай ұстаздардың алдында тұ рған міндет: табысты және әрекетке дайын қабілетті, әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Жалпы құзіреттіліктің  сипатына беделді пікір айтуға мүмкіндік беретін білімді игеру деген түсіндірме берілген.Тұлға құзіреттілігін дамыту – ұстаздың құзіретті тәсілдерді меңгертуі, білім беру мазмұнын жетілдіру. Ол үшін баланы субъект ретінде қарап, оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу керек. Оның бастысы – оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушының оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу, әрекет ету. Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы іске асады. Мұғалім – бағыт беруші, ұйымдастырушы. Осы мақсатта мен өз сабағымды Блум таксаномиясы негізінде құрастырамын. Себебі Блум таксаномиясы бір ізбен реттелген мақсаттар жүйесі арқылы оқушылардың білім деңгейлерін, шығармашылық деңгейге жетуді ұсынады.

Мақсаттар жүйесі

Оқушылардың когнитивтік іс - әрекеті

Білу

Оқушы меңгеретін және берілетін білім негіздері

Түсіну

Оқушы білімді қабылдайды, түсінеді, түсіндіреді.

Қолдану

Алған білімді қолданады

Талдау

Білімді жай қабылдамайды, талдайды, саралайды, салыстырады

Жинақтау

Алған білімнен жаңа өнім жасап шығарады.

Бағалау(сыни өзіндік пікір)

Өз пікірін білдіреді, сынайды, жоққа шығарады, не мақұлдамайды.


Біліктілігі

Оқушы іс-әрекеті

Білу

Зат есім дегеніміз не?

Түсіну

Жұмбақты оқып шешуін тап. Шешуіне қатысты екі сөйлем құра. Сызбаға зат есім жайлы білгенінді жаз

Қолдану

Ребусты шешіп, шешуіндегі сөзге әңгіме құра

Талдау

Мәтінді көшіріп жаз. Зат есімді тап, жалқы, жалпы зат есімдерді ажырат.

Жинақтауы

Артық сөзді тап.Кітап, дәптер,қайшы, қалам

Бағалауы

Шағын эссе жаз

Сенің атын кім? Сенің сүйікті жануарын бар ма? Ол үшін не істей алатындығынды ойландың ба? Жануарларды қорғауға сенің тигізер үлесің қандай?

Оқушылардың шығармашылығын дамыту мақсатында бес жолды өлең, сурет бойынша әңгіме құрастыру, тақырып төңірегінде өлеңдер құрастыру жұмыстарын жүргіземін.

Мысалы 1 «Бес жолды өлең»

Не? Отан

Қандай? үлкен қымбат

Не істейді? Қорғайды дамиды оөқытады

Түйін Отан оттан да ыстық

Синоним Ел

Мысал 2 «Сөз ойла, көп ойла»

Балықшылар (бал, балық, бақа, лақ, ара, шар т.с.с.)

Мысал 3 «Өлең шығарайық»

Жеріміз ....

...... қазақпыз

Еркіндік ....

..... жырлаймыз.

Бұл жұмыстардың соңында свот талдау жүргізіп, қорытынды жасаймын.

Оқушылардың ғылыми ізденушілік жұмыстарын дамыту мақсатында «балық сүйегі», «өрмекші», «әдебиет үйірмесі» әдістерін қолданамын.

Мысалы1: «Әдебиет үйірмесі»

Баяндаушы-әңгімені мазмұндайды

Зерттеуші- әңгімедегі негізгіні анықтайды

Сілтемеші- сөздіктермен жұмыс жүргізеді

Сұрақ құрастырушы- сұрақтар даярлайды

Дәнекер- өмірмен байланыстырады

Бейнелеуші-әңгімедегі негізгі кейіпкерді суреттейді.

Мысал 2: «Балық сүйегі»



Тақырыбы: «Өнер білім бар жұрттар» Ы. Алтынсарин


Оқу тапсырмасы

Білу

Ы. Алтынсарин туралы не білетініңді балық сүйегіне жаз. Өлеңді мәнерлеп оқып шық.

Түсіну

Сарай не арба сөздеріне сипаттаманы балық сүйегіне жаз.

Қолдану

Кәзіргі уақыттағы көлік түрлерін балық сүйегіне жаз.

Талдау

Айшылық алыс жерлер, көзді ашып жұмғанша сөйлем құра

Жинақтау

Өнер, білім жайлы мақал жаз

Бағалау

Өлеңді қазіргі өмірмен салыстыр, дәлелде.

Осындай жұмыстарды жүргізу арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттырамын.

Жаңашыл мұғалімнің кәсіби шығармашылық әрекеттерінің нәтижелілігінің болуы оқушысының табыстылығымен тікелей байланысты.

Оқушыға дайын білім мен идеяларды ұсыну емес, оқушылардың өздерінің білім мен идеялар құруға, яғни сындарлы оқыта отыра функционалдық сауаттырығын арттыруға болады.Осы орайда В.А.Сухомлинский «Баланы білім, ақиқат, ереже мен формулалар қоймасына ойландырып қоймас үшін оны ойланту керек» деп айтқан сөздерін негізге ала отыра, заман талабына сай жаңа заман оқушысының функционалдық сауттылығы жоғары болуы тиіс деп ойлаймын. Ал оқушының функционалдық сауаттылық деңгейін арттыруда баланы ойлантуымыз маңызды болып табылады. Яғни оқушы мектеп қабырғасында алған білімдерін өмірде қолдана білсе ғана ол табысты бола алады. Ол үшін баланың алған білімінің дұрыс бағалануы басты назарда болуы тиіс. Мұғалім сабақ жоспарын құру барысында қай бала қалай бағаланатыны туралы жеке қарап, алдын ала бағалау шкалаларын қарастырып, болжам жасай отыра, оны жоспарына енгізіп, барлық сабақ үрдісін бағалау қажеттігін ескерген жөн. Оқушы өзін-өзі талдау, өзіне-өзі баға беру мен рефлексия жасау тәжірибесін үйренуі, оқу үдерісі ғана емес, бағалау үдерісінің де белсенді қатысушысы болуы керек.Оқушының функционалдық сауаттылығын арттырудағы, сындарлы ойлантудағы келесі маңыздыларының бірі – кері байланыс деп есептейміз. Оқушының оқу үрдісінде алған білімдерін келешекте қолдану үшін оқушының қандай деңгейде екендігін, яғни өзінің біліміне өзі сындарлы баға беруге көмектесіп қана қоймай, өз проблемасымен жеке қалмай,қолдау арқылы шешімін табуда маңызды. Кері байланыс үдерісінде оқушылардың жауабын мадақтау және жеке мақсатты көрсеткіштерді белгілеуді көздейтін бағалау. Ол оқушыларды өздерінің жұмысына қатысты айтылған пікірлер жайында ойландырып, оларды келешекте жетілдіру мүмкіндіктерін табуға ынталандырады. Сондықтан да астарлы бағалай отыра,сыни ойлай білу және өзіндік жұмыс істей білу қабілеттілігі мұғалімнің жаңа идеяларды тудыруға, сабақ үдерісін одан әрі дамытуда маңызы зор болып табылады.Сондықтан бүгінгі оқушының функционалдық сауаттылығын арттыруда жаңа формациядағы мұғалім бойында төмендегі кәсіби құзыреттілігі болса мақсатымызға бірге жетпекпіз, ол:

- оқушыларға қамқорлық көрсете білетін, оған ықпал жасай алатын және өз бетінше шешім қабылдауда бағыт-бағдар беретін;

- әрбір оқушының пәнді түсінуді қалай құрылымдау қажеттігін ойластыра білетінін сезінетін, осы көзқарастар тұрғысынан білімі мен тәжірибесін қалыптастыратын;

- оқушының білім беру бағдарламасы деңгейлері бойынша ілгері жылжуын өрістету мақсатында мазмұнға сәйкес кері байланыс орната алатын кәсіби білімі мен түсінігі бар;

- оқытудың мақсаты мен сабақтың нәтижелі де табысты өту өлшемдерін, өзі мен оқушыларының бұл өлшемдерге қандай дәрежеде сәйкес келетіндігін білетін;

- оқушылардың игерген білімі мен оқушылар мойындаған «Біз қайда бара жатырмыз?», «Қандай іс-әрекет жасау керек?», «Одан әрі не істеу керек?» деген сияқты табыстылық өлшемдері арасындағы алшақтықты жою үшін не істеу керек екенін білетін;

- бастапқы идеядан өзге идеяларды өрістете байланыстыратын және сол идеяларды оқушылардың өздері құрастырып, жандандыра алатындай етіп жинақтап, толықтырып, тереңдетіп бере алатын мұғалімдер. Бұл құзыреттіліктер деңгейлік бағдарламада көрсетілген.

Белгілі педагог К.Ушинскийдің «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, іздеуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» - деген пікірін негізге ала отыра мұғалім әрдайым кәсіби дамуына назар аудару қажет.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлтық іс-қимыл жоспары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 Қаулысы).

  2. ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.-Астана, 2010.

  3. Оразахынова Н., Кенжебаева Г. М. - «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдары» ғылыми мақаласы, 2012. - Б. 42-47.



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама"ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по гимнастике

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 765 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.11.2015 10483
    • DOCX 35.6 кбайт
    • 133 скачивания
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Хасенова Жулдыз Жумагельдиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 31825
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Программа работы с неуспевающими и слабоуспевающими учащимися старшего дошкольного и младшего школьного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 132 человека из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 259 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы теории и методики преподавания в начальной школе в соответствии с ФГОС НОО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 393 человека из 65 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 211 человек

Курс повышения квалификации

Организация рабочего времени учителя начальных классов с учетом требований ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 334 человека

Мини-курс

Практика гештальт-терапии: техники и инструменты

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 305 человек из 65 регионов
  • Этот курс уже прошли 58 человек

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с детьми: эмоциональные и зависимые расстройства

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Формирование здоровых детско-родительских отношений: влияние и преодоление сепарации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 161 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 79 человек