Инфоурок Другое Другие методич. материалыБаяндама.Тақырыбы: ««Кәсіби қоғамдастық-тұрақты дамудың негізі»

Баяндама.Тақырыбы: ««Кәсіби қоғамдастық-тұрақты дамудың негізі»

Скачать материал

«Знаменка жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаратылыстану пәндері бірлестігі

 

Баяндама

 

 

Тақырыбы: ««Кәсіби қоғамдастық-тұрақты дамудың негізі»

 

 

 

Тилеуханова Меруерт Тилеухановна

 

 

ҚР Педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында  бірінші (ілгері) деңгей бойынша сертификатталған ұстаз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2016-2017 оқу жылы

      

 

«Кәсіби қоғамдастық-тұрақты дамудың негізі»

                              

 

 «Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі

бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет.

 Ал сондай ұлтты алға жетелейтін білімді,

патриот, еңбекшіл, өз салт-дәстүрін,

мәдениетін, тілін, дінін,ділін құрметтейтін

                                                    азамат нағыз көшбасшы болуға лайық»

                                                                                       Н.Ә.Назарбаев

 

      Заманауи қоғамның тіршілігінде қоғамдастықтың маңызы күннен күнге артып отыр. Қазіргі заманғы ұйымдар кәсіби қоғамдастықтың білім және инновациялар алмасу үдерісінде маңызды екендігін атап көрсетуде. Білім беру саласы ұйымдастырушылық оқшаулау дамуға кедергі келтіретінін мойындап отыр. Сондықтан мектептер арасындағы ынтымақтастық, мектептерде оқитын оқушылардың ғана емес, барлық балалардың мүддесі үшін мектептердің «Білім алушылар қоғамдастығына» бірігуі уақыт қткен сайын маңыз алуда. [1]

    Қоғамдастық жетістікке жету үшін оның шын мәнінде қажет екендігінің анық әрі нақты себебі қажет. Қоғамдастық  қандай да бір заттарды қалай істесе, жақсы болатындығының  жолдарын ұсынып, сынақтан өткізілген  және тексерілген оқыту үдерістерінің құндылықтарын ұлғайтуға тиіс.

     Табысқа қол жеткізген білім алушылар қоғамдастықтар туралы  деректерді зерделеу оларды құру идеясы моральдық құндылыққа негізделу қажеттілігін көрсетті – кәсіби қоғамдастықтың құрамындағы  барлық мектептерде бірлесіп, жұмыс атқарсақ, балаларға барынша терең білім береміз деген сенім болуға тиіс.

      Практика кезеңінде мен мектептегі «Шамшырақ» кәсіби қоғамдастығының мүшелерімен пікір алмастым. Кәсіюи қоғамдастық құрылымына басшылық етуші топтар, үйлестіруші топтар, дамытушы топтар кіреді.Мектептегі кәсіби қоғамдастықта басшылық етуші топқа мектеп директоры, мектеп директорының орынбасарлары, бірінші деңгейлік курс бітірген сертификатталған математика пәнінің мұғалімі, сертификатталған  екінші деңгей бітірген биология пәні мұғалімі. Практика кезеңінде менің тобымның мүшелері өте жақсы қолдау көрсетті.Біріншіден, мектеп директоры ұйымдастырушылық және 2015-2016 жылғы мектептің даму жоспарымен таныстырып, коучинг-сессияларда белсенділік көрсетіп, көмек көретті.

     Жалпы,мектептің даму жоспарында тәліптермен жасалатын жұмыс түрлерін жоспарлағанда мұғалімдердің өздерінің өздері дамытуға бағыттау қажет деп ойладым. Сабақты зерттеу уақытында да, менің тобымнан бөлек  ұстаздар сабаққа қатысып, топқа кіріп, келесі сабақты мен өткізсем деген ұсыныстар шығып жатты. Білім үдерісінде ата-аналармен байланыста болу керек, сондықтан осы деңгейлік білім көтеру курстарын таныстыру мақсатында  ата-аналар комитетімен кездесулер өткізуді жоспарладым.

Табысты кәсіби қоғамдастықты дамыту жігерлі әрі табанды жұмысты талап етеді. Кәсіби қоғамдастыққа тартылған адамдар бастапқы кезеңде кәсіби қоғамдастықта жұмыс істеу қызықты болғанымен, қиын екендігін ашық айтады. Құрылу кезінде құрылым құру, қарым - қатынастар орнату, жалпы мақсаттарды айқындап, құндылықтарды біріктіру сияқты бірқатар әрекеттерді орындау қажет болады. Фуллан (2004) атап өткендей, кәсіби қоғамдастықтар «барлық аурулардың жалғыз емі» емес, әрине, және білім беру жүйесіндегі барлық проблемаларды шеше алмайды. Алайда ол барлық балалардың жетістігін құрайтын жоғары стандарттарға және теңдікке қол жеткізу әдістерінің бірі болып табылады. Мектептің кәсіби желілік қауымдастығы - оқыту үдерісін жаңартудың маңызды стратегиясы.[1]

 

             1-сурет. Семей  қалалық «Бастау» кәсіби қоғамдастығы.

  Менің көшбасшы ретіндегі рөлім, мектептегі кәсіби қоғамдастықты кеңейту, сонымен қатар басқа мектептермен де кәсіби қоғамдастық құру.

 

 

 

  

2-сурет. «Бастау» кәсіби қоғамдастығының коучинг өткізу сәттері.

        Осы мақсатта біз әріптестерімізбен әр түрлі мектептегі көшбасшылармен «Бастау» кәсіби қоғамдастығын құрдық. Кәсіби қоғамдастық құрамында №5,8,3,19,22,23,31,39,42 мектептер. Кәсіби қоғамдастықтың тақырыбы: «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді енгізу арқылы мектептер арасында  көшбасшылықты дамыту» Мақсаты: Өзара ынтымақтастықты нығайту арқылы мұғалімдер көшбасшылығының дамуына ықпал ете отырып, оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіру. Кәсіби қоғамдастықта басқарушы, үйлестіруші және дамытушы топтар бар. Күтілетін нәтиже: Ұстаздарға өзара көмек әрі қолдау, мектеп көшбасшылары коучинг өткізу,семинарлар,шебер сыныптар,іс-ірекеттегі зерттеуді ұйымдастыру.

       Қорыта келе,  қоғамдастыққа мүше ілестіріп, мектептер арасындағы айқындалған проблемаларымызды, сенімділікке негізделген қарым-қатынас арқылы бірлесе жұмыс жасайтын боламыз.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.                 Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ. Педагогикалық шеберлік орталығы,2015жыл.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама.Тақырыбы: ««Кәсіби қоғамдастық-тұрақты дамудың негізі»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист сварочного производства

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 620 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.11.2016 1727
    • DOCX 390.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тилеуханова Меруерт . Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тилеуханова Меруерт
    Тилеуханова Меруерт
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3959
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой