Инфоурок Иностранные языки СтатьиБаяндама.Тақырыбы "Сабақта ойын элементтерін пайдаланудың тиімділігі"

Баяндама.Тақырыбы "Сабақта ойын элементтерін пайдаланудың тиімділігі"

Скачать материал

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН  ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПӘНГЕ ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ

Абдумаликова Айжан Ильясовна

Шахта-Тогус елді мекені,  қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі,

№8 шағын жинақты жалпы орта   білім  беретін мектебі

 

Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ

және болуы да мүмкін емес.

Ойын дегеніміз - ұшқын, білімге құмарлық

 пен еліктеудің маздап жанар оты. 

                                                                                                           В.А.Сухомлинский

 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағида атап көрсетілген. Бұл білім беру мекемелерінің мұғалімдеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануына, педагогикалық үрдісті кез - келген үлгімен құра беруіне мүмкіндік береді. Қазіргі уақыттағы оқу- тәрбие үрдісінің ерекшелігі баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқу технологияларын ұтымды қолданысқа алуы.

 Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев «ХХІ ғасырда білімді дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғарғы технологиялық және ғылыми қамтылған өндірістері үшін кадрлар қорын жасауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» деп атап көрсетті.[7]. Бұл талаптар білім саласы қызметкерлеріне үлкен міндеттер жүктейді. Себебі әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады.

Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы,әрі әдісі ретінде дербес     дидактикалық категория.Сонымен қатар  мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады.

Дидактикалық ойындар-оқытудың маңызды құралы. Дидактикалық ойындар-оқыту мақсатын жүзеге асыруға арнайы арналған ойындар.Бұл  ойындар

байқампаздық, елестету, есте сақтау, сөйлеу, ойлау қабілеттерін, сенсорлық бағдарын дамытады. Сабақ түріндегі ойын тәсілдері мен жағд     Әлемдік оқу үрдісінің өзегі - жаңа технологиялар екені мәлім. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс- тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс- тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданады.

 Білім мен тәрбие беру жүйесінің міндеті - оқушылардың жан-жақты танымдылық белсенділігін көтеруге мүмкіндік жасай алатын әр оқушыны жеке тұлға ретінде дамыту. Әр мектеп білім беруді жоғары деңгейге көтеру мәселесін қолға алып, білім беру үрдісін басқару мәселесін жүзеге асыруда. Білім беру үрдісін басқару жүйесінің құрылымы жеке тұлғаның қайталанбас даралығының дамуына, шығармашылық бастама алуына бағыт беріп, жағымды орта қалыптастырудан тұрады.

Педагогикалық ғылым тарихына көз салсақ,балалар ойынына қатысты мәселелерге  соқпай кеткен ағартушы педагог болмаған екен.Тұлғалы,өз дәуіріндегі прогрессивті ұлы педагогтар Я.А.Коменский,Ж.Ж.Руссо,И.Г Песталоццй,Ы.Алтынсарин халықтық ойынға назар аударып,қолданып,халықтық ойындардың теориялық негізін жасауға талпынған.Ойынның  балалардың денін сауықтыратынын, ақыл-ойын  белсенді ететін және барлық ағзаларын икемді қозғалуға баулитын мәнін Я.А.Коменский дәріптеген.Ж.Ж.Руссо пікірінше білім алу ойынның балалар өмірінде кезектесіп,алмасып отыруы,бір-бірімен байланысуы бала дамуындағы  қажетті шарт болады.Атақты француз ғалымы Луй де Брайль былай дейді: «Ең қарапайым мәселені қозғайтын ойындардың өзінде ғылыми жұмысқа ұқсас жалпы элементтер көп кездеседі. Екі жағдайда да (ойын мен ғылыми жұмыс) ең бастысы койылған мақсаттың болуы, сонан соң қиындықтың болуы, оны жеңу, жаңалықты ашу қуаныш. Міне, сондықтан да, бар адамдарды, жасына карамастан, ойын өзіне тартып тұрады.»  Атақты педагогтар В.А.Сухомлинский, Н.К.Крупская, К.Д.Ушинский ойынның балалардың ой өрісін дамытуда, дүние танымын қалыптастыруда практикалық маңызы зор екенін атап көрсеткен.  Қазақ халқының ұлттық ойындарының педагогикадағы ролі туралы алғашқы пікірлерін айтқан  Ә.А.Диваев, М.О.Әуезов болды.

         Г.К. Селевко педагогикалық ойындарды былайша жіктейді: Педагогикалық үдеріс сипатына қарай мынадай ойын топтары ерекшеленеді:

а) үйрететін, жаттықтыратын, бақылайтын және жалпылайтын (қорытындылайтын);

б) танымдық, тәрбиелеу, дамытатын;

в) репродуктивті, продуктивті, шығармашылық;

г) коммуникативтік, диагностикалық, кәсіби бағдарлық, психотехникалық және т.б. Оның мақсаты -  жаңаша білім беру мазмұнына көшу, нақты іс-әрекет жүргізу, ізденушілікпен жұмыс істейтін оқушы тәрбиелеу.Сабақта ойын элементтерін пайдаланудың маңыздылығы мен мәні:

1. Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді.

2. Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйренеді.

3. Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді.

4. Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.

5. Уақытты үнемдеуге үйретеді.

6. Оқушылар үшін психологиялық жағымды.

7. Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді.

8. Оқушылар үшін қауіпсіз.

9. Кейде қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда көп уақыт мөлшерін алады.

10. Ойын материалдары дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда күрделірек.

11. Кейбір ойын түрлерінде қатысушылардың саны шектеулі.

12. Ойын нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері, алған білімі, дағдысы жөнінде оқушылар ата-аналарымен, өзге балалармен, мұғалімдермен көбірек әңгімелеседі, кітапханада өз бетімен іздене білуге, қажетті материалдарды іріктей білуге үйренеді.Ойын әдістемесіжағынан педагогикалық ойын типологиясы да кең көлемді. Солардың  ішінде ең басты (маңызды) қолданылған типтері: пәндік, сюжеттік, рөлдік, іскерлік, драмалық ойындар. Олар барлық пәндерде қолданыла береді.Ойын элементтерін мынадай мақсаттарда қолдандым:

1.Сабақтың басында өткен сабақты еске түсіру үшін

2.Сабақтың ортасында балалардың көңіл-күйін сергітіп,ерік-жігерін дамытып,сабаққа деген ынтасын арттыру үшін.

3.Сабақтың соңында тақырыпты мен алған білімдерін  жинақтау үшін.

Қазіргі таңда ойынды  ұйымдастырылуына қарай төмендегідей етіп жіктеуімізге болады:

1.Іскерлік ойындар

2.Рөлдік және оқиғалық ойындар

3.Саяхаттық ойындар

4.Білімдік ойындар.

Ғалымдарымыз жасаған жүйені негізге ала сабақта қолданылған ойын түрлерін төмендегідей етіп бөліп қарастыруымызға болады.Олар:

Қазақ тілі пәнінде қолданылған ойын түрлері:

  1. « Шым-шытырман »             5. « Біріміз – бәріміз үшін »

  2. « Ия немесе жоқ »                 6. « Мені түсін»  оқыта үйрету ойыны

  3. « Тізбек »                               7. « Мәтін құра » оқыта үйрету ойыны

  4. « Антивирус»                         8. « Аббревитураларды шешу» ойыны

Әдебиет сабағында қоданылған ойын түрлері

1. «Тұлғаны танып біл»                                     5. «Даналық ағашы»

2. «Өз жартыңды тап»                                       6. «Араұясы»

3. «Жарысты жалғастыр»

4. «Шығарма»

Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында ойын элементтерін пайдалану барысында оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілді.Мысалы,5-сынып оқушыларымен  « Кім тапқыр?», « Кім жылдам?», « Достасқан буындар»,ал 8,9-сыныптар оқушыларымен « Аббревитураларды тап», « Антивирус», « Ия немесе жоқ» т.б ойын элементтері қолданылды.

Ойын технологиясының ерекшелігін көбінесе ойын өткізілетін орта анықтайды: ойындарды заттармен және оларсыз-ақ, үстел бетінде, бөлмеде, көшеде ойналатын,  далада, компьютерде , сондай-ақ қозғалатын, жүретін, түрлі құралдар арқылы ойналатын ойындар.

Ойын технологияларының параметрлерін жинақтай келе төмендегідей етіп жіктеуімізге болады:

Қолдану деңгейі жағынан : барлық деңгейлер.

1.Философиялық негізі жағынан: бейімделуші.

2.Негізгі даму факторы жағынан :психогендік.

3.Мазмұны жағынан: барлық түрлері   өтпелі.

4.Басқару типі  жағынан : барлық түрлері – кеңес беруден  бағдарламалауға дейін.

5.Ұйымдастыру түрі жағынан: барлық формалары. Басты әдісі жағынан:                          дамыту, іздену, шығармашылық.

6.Үйренушілеркатегориясыжағынан: жаппай, барлықкатегориялар.

Мақсаттары:

-  Дидактикалық: ой өрісін кеңейту, танымдық әрекеті; практикада қажетті белгілі білік пен дағдыны қалыптастыру;  еңбек ету дағдысын дамыту.

-  Тәрбиелік: ынтымақтасу, көпшіл, коммуникативті болуға тәрбиелеу.

-  Дамыту: заттарды өзара салыстыру, салғастыру, баламасын табуға үйрету.

Фонетикалық ойын түрлерінің  тілдің грамматикалық жүйесін үйренуде атқарар рөлі зор. Кез- келген тілдің жазылуы мен айтылуында өзіндік ерекшелік байқалады. Салыстырмалы түрде алатын болсақ, ағылшын тіліндегі кітап сөзі «book» деп жазылғанымен, айтылуында «бук» деп оқылады. Орыс тілінде жазылған «о» әрпі көбіне «а» болып оқылатыны бәріне мәлім. Ал қазақ тілін меңгеруде де бірқатар ерекшеліктер байқалады. Атап айтсақ, «қ» әрпі сөз ортасында дауысты дыбыспен қатар келіп «ғ» болып оқылады, ү,ұ,ә,ө дыбыстары сөз басында жазылғанымен сөздегі келесі дауыстыларға ықпалдарын тигізіп, олар да алдыңғы әріптей оқылатынын өзге ұлт өкілдеріне түсіндіру қиындыққа соғатынын тәжірибеден көруге болады. Сондықтан фонтеикалық ойын түрлерін назардан тыс қалдыруға немесе оларды оңай, әрі қарапайым ойын түрі деп санауға болмайды.

Ал, лексикалық және сөздердің айтылу дағдысын қалыптасыру мен дамытуда орфографиялық ойын түрлерінің алатын орны ерекше. Оның негізгі мақсаты - өткен лексикалық тақырыптың сауатты жазылуын меңгеру. Осы ойын түрлерін үй тапсырмаларын тексеру барысында қолдануға болады немесе топтағы үйренушілерді бірнеше топтарға бөліп, оларды өлеңді сауатты мәнерлеп оқыту, кейіпкерді сомдату сияқты тапсырмалары арқылы іс жүзіне асыруға болады.

Лексикалық ойын түрлері сөзден сөйлем, сөйлемнен мәтін құрауды үйретеді. Мысалы, егер де грамматикалық ойын түрін қолдану барысында жеке сөздер мен сөйлемдер қарастырылса, ал бұл ойын түрі оны одан әрі жалғастырып әкетуге, жекелеген сөздерді мағынасы жағынан өзара ұйқастырып байланыстыруға ықпал жасайды:

Мектепте балалар сабақ үстінде бір-бірімен сөйлеспейді. Балалар сөйлескен жағдайда, ол тәртіпті бүзған болып есептеледі, мұғалімнен ескерту алады. Ойын жағдайын балалар сабақ барысында бір-бірімен ақпарлармен алмасатындай, ақылдасатындай, бір-біріне дәлелдей алатындай, бір-бірін бағалайтындай етіп, ұйымдастыру керек. Ойыңдар қолданылған сабақтарда оқушылар белсенділік көрсетеді. Бұлай болу барлық ойынға тән нәрсе, оның топтық түрде өтуіне байланысты. Топтық түрде сабақтағы білім алу, традициялык білім беру «мұғалім — оқушы» өрнегін күрделендіреді. Яғни, өрнек былай күрделенеді: «мұғалім — топ — оқушы», бұдан келесі өрнек туындайды: «оқушы — оқушы». «Оқушы — оқушы» жүйесінде «топ-оқушы», «оқушы — топ» өрнектері өздігінен туындап жатады және оқушылар білмейтіндерін көрсетуге тырыспайды. Балалар бір-бірінің ойларымен пікірлерімен алмасады, дәлелдейді, қателеседі, өз ойларын ортаға салады, негіздейді, тексереді, қателерін түзейді т. с. с. Ойын барысындағы пікірлер алмасу нәтижесінде, оқу материалдарын жылдам және жақсырақ игереді, қиындықтарды бірге шешеді.

          Қазақ тілін оқытуда ойын түрлерін алфавитті дұрыс меңгерту,орфографияны дұрыс оқыту,дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру,грамматикалық құрылымды меңгерту,оқушының ойын дамыту,дұрыс жазу,айту мақсатында қолдану арқылы оқушылардың білім сапасының жоғарылауына негіз болды.

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінде ойын элементтерін пайдалану барысында оққушылырдың  ой белсенділігі мен пәнге деген қызығушылықтарының артуы төменде берілген білім сапасының көрсеткіштері негіз бола алады.

Педагогикалық ойынның маңызы зор. Ойын тек балалардың білім сапасының жоғарылауына ғана емес, біріншіден,  үйрену,екіншіден, адамның ойнай отырып, өзіндік білім алуы өмір тәжірбесін жинақтауға көмектеседі. Ойынның кәсіптік, әуестену, оқу- жаттығу ойындары сияқты түрлері бар. Ол дем алу, көңіл көтеру бола тұра оқуға, шығармашылыққа, емдеуге, адам қарым -қатынасының типтерінің модельдеріне, еңбекте көрініс табады.

     Ойынды ерте заманнан үлкендердің іс- тәжірибесін жеткіншек ұрпаққа жеткізу үшін пайдаланған. Ойын халық педагогикасында, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде кеңінен пайдаланылады. Қазіргі мектепте ойын әрекеті ойын пәнінің тарауын және тақырыбын түсіну үшін өздік технология ретінде,  жалпы технологияның элементі ретінде, сабақ немесе оның бір бөлігі ретінде, сыныптан тыс жұмыстың технологиясы ретінде қолданылады.

      Ойынның үйренуде, күнделікті тұрмыста пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын оқушының алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді. Сонымен қатар ойын- тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан- ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл -ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы демекпін. Ойындарды  пайдалану арқылы жастарды жаңа заман талаптарына сай, әрі озық ұлттық рухта тәрбиелеп, өмірге әзірлей берейік демекпін.

Ойын – балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі.Бала ойы ойынға байланысты.Яғни,баланың ойынсыз өсіп-өркендей алмайтыны баршамызға  мәлім.Бұл – өмірдің заңдылығы.Ұлы ғұлама Абай атамыз айтқан екен: «Шәкірттерің жаксы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы мен қызығушылығы болуы қажет.» Сондықтан  да, тек  қазақ тілі мен әдебиеті пәні сабақтарында  ғана емес,барлық пәндерде оын элементтерін пайдалану оқушылардың ой белсенділігін, пәнге деген қызығушылығын арттыруда, шығармашыл тұлға болып қалыптасуында маңызы өте зор.

    Қорыта келгенде,Жаңа әлемдегі – Жаңа Қазақстанның болашағы  жүрегі « Елім» деп соққан  білімді,жан-жақты  рухани дамыған, шығармашыл жастар қолында.Ал, сол жастардың,  еліміздің даму жолында ұлағатты ұстаздардың еткен ерен еңбегі,білім,біліктілігі маңызды роль атқармақ.Ыбырай Алтынсарин атамыздың сөзімен айтқанда «мектептің жүрегі » ғана болмай, еліміздің жүрегі болу үшін саналы,сапалы,шығармашыл ұстаз бола білуіміз қажет

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Жанпейісова М.М..  Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде //  Алматы,2006, -4,5 бет 

2. Құдайбергенева К.С. Инновациялық тәжірибе орталығы- педагогикалық технология көзі. Алматы // 2001.  -75б.

3. Педагогическая игра в обучении иностранному языку. Жамалиева А.А. (Журнал:«Вестник» КАСУ №2 – 2006:Казахстанско - Американский свободный университет.

4.М.М.Жанпейісова. «Модульдік оқыту технологиясы, оқушыны дамыту құралы ретінде»  А.,2006ж,4-5 бет

5.Қ.С.Құдайбергенова « Инновациялық тәжірибе орталығы – педагогикалық технология көзі». Алматы 2001ж,75-бет

6. «Білімдегі жаңалықтар»2007.№4,26-28

7. « Жаңашыл әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру» Шымкент,2008ж

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама.Тақырыбы "Сабақта ойын элементтерін пайдаланудың тиімділігі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по экономической безопасности

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 395 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.08.2016 2423
    • DOCX 27.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абдумаликова Айжан Ильясовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абдумаликова Айжан Ильясовна
    Абдумаликова Айжан Ильясовна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 11063
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основные методики в области преподавания испанского языка

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (немецкий язык)

Учитель немецкого языка

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методы билингвального обучения иностранным языкам

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 85 человек

Мини-курс

Эффективное управление электронным архивом

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Физическая культура и спорт: методика, педагогика, психология

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Основы программирования и мультимедиа: от структуры ПО до создания проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек
Сейчас в эфире

"С понедельника — начну!.." Практическое руководство к модификации образа жизни

Перейти к трансляции