Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Баяндама"Тіл болашағы – ел ертеңі"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям рекомендуем принять участие в Международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

СЕГОДНЯ (15 ДЕКАБРЯ) ПОСЛЕДНИЙ ДЕНЬ ПРИЁМА ЗАЯВОК!

Конкурс "Я люблю природу"

Баяндама"Тіл болашағы – ел ертеңі"



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Баяндама: «Тіл болашағы – ел ертеңі»


Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте! (Қ. Мырзалиев) Ана тілі – ең басты байлығымыз. Қазақ ұлтының ана тілі және Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі- қазақ тілі. «Ана тілі — халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі»,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі болуы керек. Тіл — ұлттың жаны.Ол халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі — оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.
Еліміздің әр азаматы тіл тағдыры — ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпауы тиіс. Біздің мемлекеттік тіліміз, ана тіліміз осы тілді жасап келе жатқан халқымыздың өткені, бүгінгісі, ертеңі. Қазақ тілі өзінің даласындай дархан, көңіліндей кең, халқымыздың қасиетті қара домбырасының үнімен үндесіп жатқан тіл. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Ана тіліміз – әкеміздің қанымен, анамыздың бесік тербеп салған әнімен бойымызға сіңген, туған халқымыздың небір асыл жәдігерлерін заманымызға жеткізген қастерлі тіл. Ана тіліміз – ұлтымыздың жан дүниесі. Расында қазақ халқының басында талай қиын нәубет, зұлматтың, қайғылы күндердің болғаны тарихтан белгілі. Сондай ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап босқан халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы – ана сүтімен санасына дарыған ана тілі ғана.Халқымызға сан ғасыр арман боп келген тәуелсіздіктің ең басты тірегі, белгісі де – ана тіліміз, ұлттық мәдениетіміз. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, баға жетпес қазынасы мен байлығына балайды. Оның себебі неде? Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі екенін ұмытпауға тиіспіз.Тас бұлақтың тұнығы да , ана сүтінің жұғымы да сенде, райхан гүлдің жұпары да, назды сұлудың нәзіктігі де, сахара даланың жазықтығы да қасиетті қазақ тілімізде!
Әр халықтың өзінің ана тілі бар. Тіл – жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым, атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра, еліміздің іргетасы, яғни «ұлттың қуаты — тілінде». «Тәрбие басы — тіл» деген осы күнге дейін мән-мағынасын жоғалтпаған қанатты сөз XI ғасырдың ұлы ойшылдарының бірі Махмұд Қашқаридың есіміне қатысты.
Үзілмей келе жатқан осындай даналық дәстүрінің жалғасын біз бүгінгі ұрпақтан да көреміз. Ана тіліміздің айтып жеткізуге болмайтын асыл қасиеттерін тап басып танып, қанатты сөздерге айналдырған зиялыларымыз да баршылық.Бүгінгі қазақ тілінің тағдыры мен болашағы елбасымызды аз толғандырып жүрген жоқ. Сондықтан да болар елбасының «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», «Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» деген сөзі бар. Ал кейінгі Қазақстан халқына жолдауында айтылған «Біз барша Қазақстандықтарды біріктіруші басты факторлардың бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек» деген уәжінде қазақ тілінің Қазақстан халықтарының басын біріктіруші ұйытқы болуын көздеп отыр.
Қазақстанда қазақ тілі –мемлекеттік тіл. «Ұлттың тілі – ұлттың ділі» демекші, қандай ұлт пен ұлыс болмасын ең басты байлығы – ана тілі. Тілін жоғалтқан халықтың жеке мемлекет болып басқа елдермен терезесі тең дәрежеде тұра алмайтындығы тарихтан белгілі. Сондықтан сан ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, егеменді ел болып жатқан сындарлы кезеңде мемлекетіміздің нышаны ана тілімізді бүкіл тіршілігіміздің түп қазығына айналдыру – әрбір ұлтжанды азаматтың басты міндеті.
Ата-бабамыздан қалған асыл қазына тілімізді сақтаудың тиімді жолы – отбасында ана тілінде сөйлеп, айналадағы дүние туралы сол тілде айтып, сол тілде қуаныш ренішіңді бөлісіп, өзіңді, өзгені жұбату болып табылады. Бұл — ана тілінің қадір-қасиетін арттыра түсері даусыз. Ақын Оразақын Асқар «Тәуелсіздік тартулары» жинағына енген өлеңінде: Көрінесің көзге шыққан сүйелдей, Сұрақтар да шаншу болып тиер кей. Құтылмайсың барлық тілді білсең де, Өз тіліңнің көмегіне сүйенбей… Ана тілінде ата-баба сыры бар, Аудармадан түпнұсқадай кім ұғар. Өсе келе құстың тілін білсең де, Ана тілсіз оның қандай құны бар, — деп өлең жолдарында өз тілің өзге тілді үйренуге де басты тірек екенін баяндаған. «Тілден асқан байлық жоқ» тон-торқа, мал-мүлік, алтын-күміс байлығы түпкілікті емес. Күндердің күнінде сарқылады, тозады. Халықпен бірге мәңгі жасайтын тіл байлығы екенін ұмытпайық. Сөзімнің соңын өзімнің ана тілге арналған жыр жолдарымен түйіндегім келеді. Әсел: Ана тілім — аяулы үнім, ардақтым, Өзіңменен күллі әлемге тіл қаттым. Нар бабамның көзіндей боп сақталған, Нұрлы жұлдыз туған тілім қымбатсың.

Ана тілім–бақ-қазынам, айбыным, Сенсіз менің өтіп жатыр қай күнім?! Тұғыры биік туған тілім тұрғанда, Өзге тілде сөйлер болсам қайғы-мұң.

Ана тілім – тірегім, ар намысым, Бар қазақтың қастерлер ардағысың Әр жүректе ұран болып жырланар, Жарқырап шығатұғын таңда нұрсың.

Жаса мәңгі, жасай берші тілегім, Бір өзің деп соғар менің жүрегім. Сенсің менің болашағым, өткенім, Сенсің менің енді жасар көктемім.

Қазыналы, қастерлі ана тілім, Талмауын мен тілейін қанатыңның. Бойымда қазақ деген қаным барда, Өзің ғана көтерер дара туым.

Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-085626

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>