Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / "Байқоңыр - ғарыш айлағы" Қоршаған дүниемен таныстыру. Экология негіздері. (0-"ә" сынып)

"Байқоңыр - ғарыш айлағы" Қоршаған дүниемен таныстыру. Экология негіздері. (0-"ә" сынып)

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:


Қоршаған дүниемен танысу. Экологиялық негіздері.

Сабақтың тақырыбы: Байқоңыр – ғарыш айлағы.
Сабақтың мақсаты: 

Ғарыш әлемі жайлы түсінік беру. Ғарыш айлағы– Байқоңыр туралы білім беру. Ғарыш әлеміне деген қызығушылықтарын қалыптастыру.
Ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Байқоңырдың, ғарышкерлердің, зымыранның суреттері.
Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалар, біздің тұратын жеріміз – Жер планетасы деп аталады. Төбемізде әдемі аспан әлемі бар. Бұл – аспан әлемі - ғарыш. Біз өзіміздің Жер планетасында тату - тәтті өмір сүреміз. Қане, бәріміз Жермен, Күнмен, достарымызбен амандасайықшы.
Амансың ба, алтын Күн!
Амансың ба, Жер ана!
Амансың ба, достарым,
Сендерді көрсем қуанам!
- Көліктердің қандай түрлерін білесіңдер?
- Жер көлігі (машиналар, велосипед, мотоцикл), су көлігі (кеме, қайық), әуе көлігі (ұшақ, тікұшақ, зымыран).
- Дұрыс айтасыңдар, балалар! Ерте заманнан адамдар әуеде құс сияқты ұшуды армандаған, сондықтан аспанға көтерілудің түрлі жолдарын ойластырған. Ең алдымен, әуе шарлары пайда болды. Келе - келе ұшақ, тікұшақ пайда болды. Ұшақтар адам тасымалдауға арналған. Ал тікұшақтармен ауыр жүктерді тасиды.

II.Жаңа сабақ.
- Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын. Дұрыс шешуге тырысайық:
Аспанда бір алып құс,
Ызғып ұшып барады.
Қарап тұрсаң ғажайып,
Соңында із қалады.
(Зымыран)
- Аспанда нелер болады, балалар?
- Күн, ай, бұлттар болады.
- Дұрыс айтасыңдар, ал зымыран бізге не үшін қажет? Зымыранмен кімдер ұшады? Зымырандар ұшатын орынды не деп атаймыз? (Балалардың жауаптары тыңдалады).
- Зымыранмен ғарышкерлер ұшады. Олар ғарышқа ұшып барып, аспан әлемін зерттейді. Біз бүгін ғарышкер ағалармен, аспан әлемімен танысамыз. Зымырандар ұшатын орынды ғарыш айлағы деп атаймыз. Біздің Қазақстанда ғарыш айлағы Байқоңыр деген жерде орналасқан. Байқоңыр ғарыш айлағы - Қазақстанда, оның ішінде өзіміздің Қызылорда облысында орналасқан. Ғарышкерлердің бәрі осы жерден ғарышқа ұшады. Ең алғаш 1961 жылы 12 сәуірде ғарышқа ұшқан Ресей азаматы 
Ю. А. Гагарин болды. Ю. А. Гагариннен бұрын екі ит – Белка және Стрелка ұшырылған.
- Ал, Қазақстаннан ең алғаш ғарышқа ұшқан кімдерді білесіңдер?
Қазақстаннан алғаш ғарышқа ұшқан ғарышкерлер –
 Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев.

hello_html_1defeb21.jpg

 Олар ғарышқа ұшып, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бұл кісілер біздің еліміздің мақтаныштары. Олар - ержүрек, батыр, халық қаһармандары. Осы кісілер сияқты батыл, ержүрек болу үшін, білімді, тәртіпті үлкен азамат болуымыз керек.
Ғарышкерлер ғарышқа ұшар алдында олар әр түрлі дайындықтан өтіп, арнайы білім алады. Ғарышта адам демалатын ауа жоқ, көлеңке жақта қатты суық, күн түсіп тұрған жағы өте ыстық болады. Сондықтан осылардан сақтану үшін ғарышкерлер «скафандр» деп аталатын арнайы киім киеді. Скафандрдың арқасында ауа толтырылған баллоны, жермен және өзара байланысқа арналған байланыс құралдары болады (бейнефильм көрсету).
Сөздік жұмысы:
Айлақ – ғарышқа ұшуға арналған қолайлы алаң.
Ғарыш – аспан әлемі.

III.Сергіту сәті: 

Аспан, аспан, арайлым,
Саған жиі қараймын.
Сені көзбен шоламын,
Мен ғарышкер боламын.
IV.Бекіту.

Зымыранның суретін дәптер бетіне салу, бояу.
V. Қорытындылау.
Дидактикалық ойын: «Ғарышқа ұшу». Ойынның шарты: Балалар зымыранмен ғарышқа ұшып, жұлдыздың тапсырмасын орындап, сұрақтарға жауап береді:
- Аспан денелеріне нелер жатады?
- Ғарышқа ұшқан ғарышкерлерді ата.
- Скафандр деген не?
- Ғарышқа қандай көлікпен ұшады?
- Ғарышкер, ғарыш, Байқоңыр туралы туралы қандай тақпақ білесің?
- Міне көрдіңдер ме, балалар, сендер білімді, ақылды екендеріңді көрсетіп, сұрақтарға өте жақсы жауап беріп, жұмбақ шешіп, суретті жақсы салып, сабаққа жақсы қатыстыңдар! Жарайсыңдар!

Бағалау.



Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Автор
Дата добавления 22.04.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров54
Номер материала ДБ-048410
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх