Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Школьному психологу / Конспекты / «Бақыт үйін тұрғызайық» шебер сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Школьному психологу

«Бақыт үйін тұрғызайық» шебер сынып

библиотека
материалов


Сұлтанова Ғ.Т.Сабақ жоспары



Отбасылық психолог ретінде «Бақытты отбасы» элективті курс бағдарламасын құрып, студенттермен жұмыс жүргіземін.



Уақыты:

27.02.2014ж

Сабақ тақырыбы:

«Бақыт үйін тұрғызайық»

Мақсат-міндеттері:


А)ақпараттық құзіреттілік:



Б)коммуникативтік құзіреттілік:



В)проблеманы шешу құзіреттілігі:



-Студенттердің отбасы құндылықтарын білуіне, отбасын саналы құруға ынталандыру; отбасылы студент-жастарға қолдау көрсету;


-болашақ отбасы мүшелерінің жеке-тұлғалық потенциалын жүзеге асыру және адами мәдениетін дамытуға жағдай жасау;


-студенттердің ақыл-ой өрісін және қарым-қатынас қабілеттерін, тәжірибесін жоғары дәрежеге көтеру, отбасылық құндылықтардың маңыздылығын күшейту.

Сабақ түрі:

Шебер сынып, кеңес беру сабағы(урок-консультация)

Қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Ізгілендіре оқыту, АКТ

Әдісі:

Сөздік, көрнекілік, практикалық,.

Пәнаралық байланыс:

Психология, отбасылық психология, этнопедагогика, педагогика

Оқыту құралдары:

Компьютер, проектор, құрылыс ойыншықтары




















Сабақ жоспары:


Сабақ барысы

Оқытушының іс-әрекеті

Қатысушылар іс-әрекеті

Күтілетін нәтиже

I. Ұйымдастыру



hello_html_m6fab1d54.png


hello_html_1012b924.png


hello_html_2bf324b.png


hello_html_6be0b1ed.png

hello_html_m5a3f5691.png



hello_html_m44975fff.pnghello_html_m1a5826f.png











hello_html_m5719c49d.png



(видеоролик «Бұл не?»)

Оқытушы:

Қ.Дүтбаева ат.гуманитарлық колледжінің 85 жылдығына арналған конференция аясында ұйымдастырылып отырылған “Бақыт үйін тұрғызайық» атты шебер класс сабағымызға қош келдіңіздер!

Бүгінгі студент-жаңа оқыту технологияларын меңгерген құзыретті маман, белсенді қоғам азаматы болуына барлық жағдай жасалып жатқаны белгілі. Бүгінгі конференциямызда да осы мәселе қаралып, педагогикалық технологиялар, озық тәжірибелер талдануда. Дегенмен, отбасыңда жағымды жағдай, тыныштық пен жылу болмай жатса, аталған технологиялар мен сапалы білімді, қоғамдық жұмыстарды атқару қуаныш пен жеміс әкелмейтіні де анық.

Өйткені, кез келген ұлы жол үйдің табалдырығынан басталады емес пе?!

Міне, сондықтан, «семья-это наш тыл» демекші, отбасымыздағы үйлесімділік, үй-ішіміздегі бақыт мәселесін қарастырайықшы...


«Отбасы өмір сүретін орын ғана болмай, үнемі қайта оралуға асығатын орнымыз болуы керек.»

А.Монтерлан


«Шын бақыт- ОТБАСЫ БАҚЫТЫ. Өзінің отбасында бақытты адам ғана нағыз бақыт иесі»— деген болатын Л.Толстой.


-Қалай ойлайсыздар, бақытты отбасы несімен ерекшеленеді? Ондай отбасы болу үшін нелер қажет?

-Сіздіңше, бақытты үйде бақытты өмір...дегенді қалай түсіндірер едіңіз?

. Ендеше, Бақыт үйін тұрғызайық!

-Бақытты үйдің құрылысына қажетті кірпіштері неден және қандай болады деп ойлайсыздар?


hello_html_m5d89f9ac.png

hello_html_m5f3d5b8c.png





hello_html_m173fce94.pngКейде, отбасындағы кикілжіңдер мен қателіктердің басты себебі болып отбасы мүшелерінің материалдық табыс табуға бар күшін жұмсап, бір-біріне уақыт бөлмеуі, отбасындағы басты мақсат-рухани дүние мен қажеттілікті алмастырып алу ының кесірі тиіп жатады.


Енді «халық айтса, қалт айтпайды» дегендей, отбасы бақыты, үйдегі үйлесім туралы мақал-мәтелдерді еске түсірелік:


hello_html_m322b1995.pnghello_html_m4f105caa.png

hello_html_c843d79.pnghello_html_m38829001.png


















Қатысушылар өз ойларымен бөліседі
















Қатысушылар бақытты үй құрастыру үшін «кірпіштер»- өз құндылықтарын ұсынады.


Атаған құндылықтарын кірпіш, төбе, фундамент ретінде дайындалған парақшаларға жазып, тақтаға үй құрастыру.




Сыйластық, түсiнiстiк, үлкен жауапкершiлiк сезiмдерi бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың балаларының өзара қатынасы мазмұнды, берiлген тәрбие сiңiмдi және негiздi.




























Отбасы бақыты, үйдегі үйлесім туралы мақал-мәтелдерді еске түсіреді.






















Ой-сезімімен бөліседі.








Отбасылық құндылықтар туралы, өз ұстанымдары, халық даналықтары айтылады деп күтіледі.













Қатысушылар өздерінің адами құндылықтарын, қарым-қатынас қабілеттерін; дүниетанымы мен ұстанымдарын жинақтайды, отбасылық өмір туралы сауаттылығын шыңдайды.

























Отбасылық психология бойынша теориялық білім деңгейлері молаяды.










Өз отбасы туралы ойланады.







hello_html_m51aec9ae.png











































hello_html_c82fce8.pnghello_html_m60bbcb20.pnghello_html_1370484.pnghello_html_mb79db57.png






hello_html_4441b2a9.png




hello_html_m60a4528c.png

Келесі бөлім «Отбасылық психолог кеңесі»

Бақытты отбасының құпиясы неде?

Басты құпия-әрине, ізгі қарым-қатынаста.

Бақытты отбасы мүшелері бір-біріне сенім артады, сене алады, ауыр,өзін нашар сезуге мәжбүр ететін, ешкімге сеніп айта алмайтын сырымен бөліседі.

Ал бақытсыз отбасында осындай сырымен бөліссе, оны бетіне басып, мазақ қылып, бопсалап пайдаланады.

Бақытты отбасы проблеманы бірге талдап шешу жолдарын бірге іздейді.

Бақытсыз отбасы сын тағып, мін тағып, ұрсысып тынады.

 Бақытты отбасында бір-бірінің кейде әдемі емес қылықтарын да кешіре біледі.

Ал бақытсыз отбасы кемшілікті үнемі айтып еске салып отырады.


«Все счастливые семьи счастливы одинаково...» Толстой Лев Николаевич 120 жыл бұрын осылай деген.   

  Бақытты отбасы болу үшін не істеу керек?


*Ең басты қарым-қатынасты түзеу керек


*Бақытты отбасында ең кемінде- аптасына минимум 5 рет жиналып, бірге тамақтану дәстүрі , кез келген тақырыпқа отбасымен әңгімелесу қалыптасқан(кәне кімнің отбасында осылай?)

Мириам Вайнштейн (психолог және "Удивительная сила семейных трапез"кітабының авторы : Отбасылық дастархан/кеш міндетті түрде телевизорсыз болсын !-дейді.

Дәстүрге айналған ереже болсын – әр кеште барлық отбасы мүшесі, әсіресе балалар бүгінгі күннен 2 оқиғадан (1-уі ең қуанышты, жағымды, екіншісі-ең ренішті оқиға) әңгімелесін...деген кеңес айтады, ал

«Жақсы жаңалықтар диетасы» (Цветкова Н.А.) Кез келген ұнамайтын тағамды жемейтініміз секілді «жақсылық диетасын» ұстанатын адам да өзін кінәлі сезіну, өзгені жамандау, кемсіту, жаман сөздер айтудан, негативті қабылдау мен таратудан қашқақтайды.

*Отбасы мүшелері күні бойғы іс-әрекетінен өзін мақтауға болатын 3 ой, эмоциясын, әрекетін еске сақтайды да, кешке барлығы дастархан басында бөліседі. Бұл жағымды сезімді қайта басынан кешуге және басқа отбасы мүшелерінің қолдауын сезінуге әкеледі.

Бұлар сізге қиын болып көрінді ме? Есесіне «Хал қалай-жақсы» деген жалпыламадан тәуір емес пе?.

Сұрақ-жауап-тергеу етпей, әңгімені еркін, өздері айтатындай жағдай тудыра біліңіз.


Бұндай қарым-қатынастың тиімділігі-1-ден, балалардың тілі дамиды; 2-ден, отбасылық отырыстар ынтымақтастық,көмек,қиындықты жеңуге сенім қалыптастырады.


Отбасының қызығып атқаратын істері.

Мысалы,отбасылық достармен футбол ойнау.

Біріккен хобби. Әркімнің өз бұрышының болуы

(керек кезде оңаша болу мүмкіндігі).

Бақытты отбасында қатаң ережелер аз болады. Бастысы- қорқыныш, диктат болмайды. Ата-ана өз өнегесімен тәрбиелейді.

Әрине, кез келген отбасында кикілжің де болмай тұрмайды, -тек оның дұрыс шешілетініне сенім, отбасының шайқалмайтынына сенім тұрақты болса болғаны!

Міне, осындай бақытты отбасын құру үшін төмендегі сырларға аса мән беруіміз керек:

*Ерлі-зайыптылар кейде болмашы нәрсеге ұрысып-керісіп жататыны болады. Ондай кезде ең маңыздысы жұптардың тым қатты ашуланбауы, шектен аспауы және күтпеген әрекеттер жасамауы қажет. Егер жұбайыңыз ашулы болса, сіз жұмсақ мәміле жасаңыз, көңілін жайландыруға, ашуын басуға тырысыңыз. Кері қайтарылмайтын сөздер мен іс-әрекеттерден сақтаныңыз! “Бір ұрыс кезінде маған дауыс көтерді” деп сіз де ұрысудан сақтаныңыз! Ұрысумен еш нәрсе шешілмейді.

*Егер дауласудан міндетті түрде біреуі жеңу керек болса, зайыбыңыз жеңсін! Махаббаттың билікке таласатын соғыс емес екенін ойлап әрекет етіңіз!

*Ешқашан бұрынғы жасаған қателіктерін зайыбыңызға қайта-қайта айтып есіне түсірмеңіз! Бүгінге дейін ешкім өткенді кері қайтара алмаған және ескіні түзете алмаған.

*Не үшін үйленгеніңізді ұмытпауыңыз керек. Қуаныш пен қайғыңызды бөлісу үшін, өмірден екі есе артық ләззат алу үшін үйленген жоқсыз ба? 

*Сөздеріңіздің болымды, сүйіспеншілікке толы және салмақты болуына мән беріңіз! Әйтпесе еш нәрсеге жарамайды.

*Бір жоспар құрған кезде жұбайыңызбен ақылдаспасаңыз, оның пікірін сұрамасаңыз немесе жора-жолдастарыңызға одан да артық уақыт бөлсеңіз, қате жолда жүрсіз деген сөз.

*Күніне ең аз дегенде бір рет өмірлік жарыңызға әдемі сөз айтыңыз! Жұбайыңыздың сізден әдемі сөзді естіген кезде қандай бақытты болатынын байқадыңыз ба?

*Қателік жасасаңыз-қатеңізді мойындаңыз және кешірім сұраңыз. Қателік жасауыңыз дүниенің соңы емес. Бәрінен маңыздысы қате жібергеніңізді түсінуіңіз…


Жаттығу « Тағдыр сыйы»

1. Қозғалмай отырып, көзіңізді жұмыңыз да бірнеше рет терең демалыңыз.

2.Отбасыңызда біреуге ренжіген сәтіңізді, оны кіналаған кезіңізді еске түсіріңіз.

Сол сәтті, сол адамды, не айтылды, қалай болды көз алдыңа елестетіңіз.

3. Осы жағдаятқа алыстан фильм көріп отырғандай қараңыз.

4. Осы жағдайдың қай тұсын сіз өз жауапкершілігіңізге алар едіңіз?

Сіз осы жағдаяттың тууына себеп болған жоқсыз ба? Сіздің сөздеріңіз бен әрекетіңіз кикілжіңге алып келген жоқ па?

5. Бұл жағдаяттан қандай сабақ алдыңыз? Сізге шыдамдылық пен өз-өзіңізді ұстай білу қабілеті қажет пе? Көбірек тыңдап, аз сөйлеуге тырысыңыз.

6. Өзіңізден: бұл болуға тиісті жоғарыдан келген бұйрық болса, қандай мақсат көздеп келді, не үшін? Тағдырдың сыйы қандай?-деп сұраңыз.

7. Осындай тағдыр сыйына тап болсаңыз, онда қандай ең маңызды шешім қабылдап, қандай қадам жасар едіңіз- сипаттаңыз.



Пікірлері тыңдалады...



Салыстырылады...

















.


Болжамдары тыңдалады...





Қатысушылар-тыңдайды, түртіп алады, ой қосады.









Жаттығу «..Тағдыр сыйы..»



















Қатысушылар-тыңдайды, түртіп алады, ой қосады.
















Кеңесті тыңдайды,талдайды, пікірін білдіреді.










Қатысушылар-тыңдайды, түртіп алады, ой қосады.


















Жаттығуға белсене қатысады.






Жаттығуға қатысады.

Ойланады, жауап береді.




Бақытты отбасы формуласын құрастырады.


Алған әсерлерін білдіреді.








Отбасылық психология бойынша практикалық дағдысы молаяды.

















Отбасылық психология бойынша көзқарастары, дүниетанымының көкжиегі кеңейеді.
















Қатысушылар ұсынған идеялары мен «әдістемесін» көре отырып, өзіне тиімдісін таңдайды. Жас отбасы мүшелерінің ой-өрісі және өмірлік тәжірибесін кеңейтеді.

























Болашақ отбасы басшысы ретінде практикалық білім деңгейі жоғарылайды.

Отбасы мүшесі ретінде практикалық дағдыларын байқау, өмірлік құндылықтарының,ұстанымдарының, көзқарастарының күшті және әлсіз жақтарын көрсетеді.


hello_html_m3eefb451.png

III.Қорытынды бөлім



Қорытындыласақ, Отбасылық өмірге аяқ басқан екеуге ортақ -бір мақсат,(бір-бірін жеңу не жеңілусіз, бағыну-бағындырусыз!);
екеуіне жақын өмірлік
моральдық-адамгершілік көзқарас;
өзара қоршаған ортасына деген сыйластық, (туған, туыс, көрші, т.б.) болуына тілектеспіз!!!


Бақытты отбасының рецептісін басшылыққа алу

Рефлексия. Қатысушылардың өзіндік пікірі тыңдалады. Іс-шара өз мақсатына жетеді.



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Отбасылық психолог ретінде «Бақытты отбасы» элективті курс бағдарламасын құрып, студенттермен жұмыс жүргіземін.Студенттердің отбасы құндылықтарын білуіне, отбасын саналы құруға ынталандыру; отбасылы студент-жастарға  қолдау көрсету; 

 

-болашақ отбасы мүшелерінің  жеке-тұлғалық потенциалын жүзеге асыру және адами мәдениетін дамытуға жағдай жасау; 

 

-студенттердің ақыл-ой   өрісін   және қарым-қатынас қабілеттерін,  тәжірибесін жоғары дәрежеге көтеру, отбасылық құндылықтардың  маңыздылығын күшейту мақсатында өткізілген сабақты назарыңызға ұсынамын.

 

Автор
Дата добавления 14.01.2015
Раздел Школьному психологу
Подраздел Конспекты
Просмотров718
Номер материала 297019
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх