Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Рабочие программы / «Бақытты сәт » ойын сабақ 6 - сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Математика

«Бақытты сәт » ойын сабақ 6 - сынып

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Бақытты сәт » ойын сабақ

Мақсаты: Білімділік: оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын,

оқуға ынтасын арттыру;


Дамытушылық: ұйымдастырушылық қабілетін дамыту;


Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа,нақты

пәнге қызығушылыққа, жауапгершілікке, өзін - өзі

тәрбиелеуге тәрбиелеу.


Көрнектілігі: безендірілген зал, ақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар,

логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.


Түрі: топтық сайыс

Типі: Ойын түрінде;


Жоспары:

  1. Топтың өзін таныстыру, амандасу рәсімі;

  2. Тапқырлық сайысы (логикалық есептер);

  3. Біліктілік сайысы ( есептер шығару);

  4. Капитандар сайысы ( математикалық сұрақтар);

  5. Ойымды жалғастыр (мақал – мәтелдер);

  6. Сөз жұмбақ сайысы ( карточка арқылы топқа беріледі);

  7. «Қас қағым сәт» сайысы (топқа сұрақ);


Қолданылған нақыл сөздер:


1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың

патшасы.

(К. Гаусс)


2. Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін математика.

(М. В. Ломоносов)

  1. Математика – барлық ғылымдадың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те.

(Р. Бекон)

1 – жүргізуші:


Қош келіпсіздер, мынау ойынға, барша қауымым!

Аңсайсыздар ма, жаздың жемісін, қарбыз – қауынын?

Ол күнге жету, сірә, жолдастар ерте емес пе?

Ойын – жарыспен өткізейік біз қыстың аязын!






2 – жүргізуші:


Ойнайық, ойлайық та ойнайық!

Қатардан артта қалмайық,

Белсенді болайық ортада

Уақытты тектен – тек жоймайық.

Ойнайық, ойлайық та ойнайық!

Білімділік көрсетейік, сынайық.

Женсең де, женбесең де ренішсі болайық,

Қаймықпай көңшлді болып тарайық!

1 – жүргізуші:

Қайырлы күн қадірлі көрермендер! Баршаңызда «Бақытты

сәт» ойынына қош келдіңіздер!(Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Ортаға «Үшбұрыш», «Квадрат», «Трапеция» топтарын шақырамыз. Топтар орналасып болғанша, музыка ойнап тұрады.)

2-жүргізуші:


Басталық ақыл-ойдың дара кешін,

Халайық сендер бізге жақын келші,

Математика ғылына ұмтылғандар,

Сен егер кім екенін білгің келсе.


1-жүргізуші:

Білмеймін деп қыылма,

Талабың болса бойыңда.

Өнерлінің ырысы,

Жарқырап жатыр жолында.


2-жүргізуші:

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға

Шақырамыз сіздерді,- дей отырып сайыскерлеріміздің білім мен өнеріне баға беретін әділқазылар алқасын ортаға шақырамыз.

(Әділқазы алқасына әдістемелік бірлестігінің мүшелері сайланады. Тақтадан бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.)

1-жүргізуші: Кезекте амандасу рәсімі.

I-топ: 5-сынып. «Үшбұрыш» тобы.

Ұраны:

Білікті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар.

Сәлемдесуі:

Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен,

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!

Кластас ерігіп жүрме бос,

Қол ұстас, бірігіп тізе қос.

Жеңіспен мәреге барайық,

Жеңістің ұранын салайық.

«Үшбұрыш» тобынан қарсылас топтарға сәлем.


2-жүргізуші: Кезекте 6–сынып. «Квадрат» тобы.

Ұраны:

Қандай сынақ болсадағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Сәлемдесуі:

Бұл сайысты көптен біздер күткенбіз,

Жалындаған жастармыз біз көктембіз.

Мақсатымыз биіктерден көріну,

Біз сол үшін маңдай терді төккенбіз.

Армандарға қол созумен келеміз,

Өмір теңіз жүзіп келет кемеміз.

Білімменен қаруланған тобымыз,

Қарсыласты қалайда біз жеңеміз.

«Квадрат» тобынан қарсыластарға сәлем.

1-жүргізуші: Кезекте 7 – сынып. «Трапеция» тобы.

Ұраны:

Жарыс десе жанамыз,

Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.

Сәлемдесуі:

Құлақ түріп тыңдаңыздар жараңдар,

Кеудемізде толқындаған жыр, ән бар.

Біз ешкімге қолдан жеңіс бермейміз,

Тобымыздың бәрі алғыр қырандар.

Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз,

Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.

ҚиялдарАлғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.

Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.

«Трапеция» тобынан қарсыластарға сәлем!

2-жүргізуші: Әділқазы алқасынан I – сайыстың қорытындысын сұраймыз.

1-жүргізуші:

Мықты болсаң – алдағыны басып оз,

Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе!

Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда!

Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт, - деп келесі сайысымыз «Тапқырлық» сайысына кезек береміз.

(Бұл сайыста әр топқа логикалық есептер беріледі.)


2-жүргізуші: «Үшбұрыштар» тобына.

1.Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса, оның салмағы қанша?(3 кг).

2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)

3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16)


1-жүргізуші: «Квадрат» тобына


1. Наурыз тойы кезі. Ат жарысы өтуде. Үш пар ат 60 км шауып өтсе, әр ат неше км-ден шабады? (60 км)

2. Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 10 торғайды атып алды. Торғайдың қаншасы қалды? (10 торғай)

3.Ардақ, Кәрім, Айгүл үшеуі дойбы ойнады. Егер әрқайсысы 2 партиядан ойнаса, барлығы неше партия ойнады?


2-жүргізуші: Кезекте «Трапеция» тобы


1. Ұшақ Зайсаннан Алматыға дейін 1 сағ 20 мин ұшады, ал кері қарай 80 мин ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінуге болады? (тең)

2. 3 әке мен 6 бала серуенге шықты. Олар 42 алма сатып алды. Бұлардың әрқайсысына 6 – дан алма тиді. Бұл қалай болғаны? (1 ата, 2 әке, 4 немере)

3. Бір топ қаз ұшып кеп қонады, сол жерде бір қазбен кезігеді. Көп қаздың бастаушысы Ассалаумағалейкум жалғыз қаз дейді. Сонда жалғыз қаз: Салаумалейкум, сіздер нешеусіздер? – дейді. Бастаушы қаз: Біз бір топ, тағы бір топ, оған жарты топ, жартысының жартысын, оған өзіңді қоссақ,бәріміз 100 боламыз. Өзің есептеп шығар. Қаз нешеу? (36).

1-жүргізуші: Әділқазы алқасынан II- сайыстың қорытындысын сұраймыз.


2-жүргізуші:


Айыра біл, жақсы менен жаманды,

Айыра біл, қарындаш қаламды.

Айыра біл, соқпағында өмірдің,

Айыра біл тапсырмаңды алдағы – деп кезекті «Біліктілік» сайысына береміз (тапсырма карточка бойынша беріледі. Әділқазы алқасынан балл сұралады).







1-жүргізуші:


Мәңгі – бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Сұрақтары қиын болсын,- деп келесі кезекті «Капитандар» сайысына береміз.


1. Қорада тауықтар және қояндар бар. Олрдың барлығы 15 бас, 50 аяқ болса, қорада неше тауық, неше қоян бар?(5 тауық, 10 қоян)

2. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар?(6).

3. Лиза, Лаура және Мәдина мерекелік дастарқанаға 18 тоқаш даярлауға уәделесті.Бірақ Лиза 10 тоқаш, Лаура 8 тоқаш әкелді де, Мәдина өзі әкелуге тиіс тоқаштары үшін 42 теңге ашқа әкелді.Лиза мен Лаура ақшаны қалай бөлісіп алады.(Лиза 28,Лаура 14 теңге).

4. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 мин).

5. Қайрат Жанардан кіші,бірақ Талғаттан үлкен.Ал Ажар Жанардан үлкен болса,ең үлкені қайсы? (Ажар).

6. 1 т мақта ауыр ма, 10 ц темір ауыр ма? (тең).

7. Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? (300 кг).

(Әділғазы алқасынан ұпай саны сұралады.)


2-жүргізуші:


Келесі кезекте «Ойымды жалғастыр» сайысы.

(Әр топ шапшаң жауап беру керек.)

  1. Жеті жұрттыңтілін біл, (жеті түрлі білім біл.)

  2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар.)

  3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас.)

  4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына.)

  5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ.)

  6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын.)

  7. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды.)

  8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз.)

  9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді.)


1-жүргізуші:


Ойланайық азырақ, уақытынды үнемдеп,

Кім шығады кәнеки,жауабын мен білем деп-келесі сайыс кезегі «Сөз жұмбақ»

5-6 сыныптар

Есептердің жауабына сәйкес кестені толтырса,ұлы ғалымдардың аты шығады.

Д.0,25+0,46 Р.5,607-0,193

А.13,123+5,024 И.9,004+13,8

М.38,4+2,06778 Е.47,749-0,251

Х.0,83+1,6079


18,147


5,414

2,4379

22,804

40,46778

47,498

0,71











2- жүргізуші: Келесі кезект «қас - қағым» сәт сайысы.

(Бұл сайыста әр команда тез тұрып жауап беру арқылы балл жинайды.)


5-7-сыныптар үшін:

1. Бұрышты өшейтін құрал ? (Траспортир)

2. Бойы екі қарыс, сиып тұр 25 қарыс. (сызғыш)

3. Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды? (түйеқұстар ұшпайды )

4. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (0)

5. 30 санын үш 6-ны пайдаланып шығар? (6*6-6)

6. Аты шулы айқас сызық. Өзі толған мағына сызық (координаталар ось)

7. Қиылыспайтын екі түзу? (паралель)

8. Ұзындық өлшем бірлігі (метр)

9. Дәлелденбейтін ұйғарым (аксиома)

10. Екі нүктенің арасындағы түзу (кесінді)


( Әділқазы алқасынан жалпы сайыстың қорытындысы сұралады )


Кеш аяқталып, ойынға белсене қатысқан оқушылар марапатталады.




Краткое описание документа:

 Мақсаты:   Білімділік: оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын,  

                                          оқуға ынтасын арттыру;

 

                       Дамытушылық: ұйымдастырушылық қабілетін дамыту;

 

                       Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа,нақты

                                           пәнге   қызығушылыққа, жауапгершілікке, өзін - өзі        

                                           тәрбиелеуге тәрбиелеу.

 

  Көрнектілігі: безендірілген зал, ақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар,  

                          логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.

 

  Түрі:        топтық сайыс

 

  Типі:        Ойын түрінде;

 

  Жоспары:

Топтың өзін таныстыру, амандасу 1.     Топтың өзін таныстыру, амандасу рәсімі;

2.     Тапқырлық сайысы (логикалық есептер);

3.     Біліктілік сайысы ( есептер шығару);

4.     Капитандар сайысы ( математикалық сұрақтар);

5.     Ойымды жалғастыр (мақал – мәтелдер);

6.     Сөз жұмбақ сайысы ( карточка арқылы топқа беріледі);

7.     «Қас қағым сәт» сайысы (топқа сұрақ);

 

Автор
Дата добавления 28.01.2015
Раздел Математика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров467
Номер материала 345991
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх