Инфоурок Школьному психологу КонспектыБақытты болғың келсе ( кеңес)

Бақытты болғың келсе ( кеңес)

Скачать материал

Бақытты болғыңыз келсе…

Біз әр түрліміз. Сыртқы пошым, ішкі жан дүниеміз де ұқсамайды. Түр-сипатымыз тәрізді түсінігіміз де бөлек. Десе де, бәрімізге ортақ бір нәрсе бар – Бақытты болғымыз келеді. Бірақ сол бақыт туралы түсінігіміз де, оған жетуге деген ұмтылысымыз да әрқилы. Біреу: «Адам қағынан жарылғанда-ақ бақытты болып туылады» дейді. Екіншісі: «Адамның бақытты болмағы – Алланың пешенесіне жазған жазуына байланысты» дегенге иланады. Үшіншісі: «Бақыт – әр адамның жұлдызының әсерімен келетін құбылыс» дегенді малданады. Кім білсін, осының бәрінде де шым-шым шындық жатқан болар… Алайда сан ғасырлық адамзат өміріне салауатты түрде көз салған жан – бақыт аспаннан түспейтінін, жерден шықпайтынын, ешкім қалтасына салып бермейтінін түсінуге тиіс. Десе де, ғасырлар бойы адамзат: «Қалай бақытты болуға болады?» деген сұраққа жауап іздеумен келеді. Біз де бүгін оқырманға бақытты болу жолдарын көрсететін 90 ауыз сөз бен тобықтай түйінін беріп отырмыз. Кім білсін, сіздің бақытты болуыңызға септігі тиер.

 

1. Ойламаған жерден бас айналдырарлықтай бақ қонып, байып кетермін деп сену – бос далбаса.

2. Кез келген ақыл-есі дұрыс адам әлдебір қолдаушы күштерге сенуден бас тартып, тек өзіне, өз күшіне ғана үміт артуға тиіс. Адамды бақытсыз ететін нәрсе – ерік-жігерінің әлсіздігі мен тәуекелсіздік.

3. Қолға алған істі тоқтатпаңыз. Бүгін бітіруге болатын шаруаны ешқашан ертеңге қалдырма.

4. Есіңізде болсын, кез келген істі тоқтату немесе сылбырлыққа салыну сізге тек қана зиянын тигізеді.

5. Сіз үшін әр кезде ең басты іс – ол дәл қазір қолға алған шаруа болуға тиіс.

6. Кез келген істі сабырмен, өз-өзіңе деген нық сеніммен істеуге тырыс. Жылдам қимылдауды – асығыс-үсігіс, атүсті іс қылу деп түсінуге болмайды. Есіңізде болсын, өз ісіне шынайы берілген шаруаға салқынқандылықпен қарайтын, әр істі нық сеніммен бастап, шыдамдылықпен аяғына дейін жеткізе алатын адам ғана бақытты бола алады.

7. Бойыңыздан жаманшылыққа орын бермеңіз, жан тазалығы мен тән тазалығын сақтаңыз. Өзің ешкімді қорлама, өзіңді ешкімге қорлатпа.

8. Мақтаншақтық пен көпірме көпсөзділік адамның жан дүниесін улап, жақсы қасиеттерден жұрдай етеді.

9. Мықты адам аз сөйлеп, көп іс тындырады.

 

10. Өтірік айтпа, екі жүзді болудан сақтан.

11. Ең бастысы, өзіңді-өзің алдама, әйтпесе бірте-бірте басқаларды да алдауға тез етің өліп кетеді.

12. Өтірікпен өрге басып, байимын деп ойлама. Өтіріктің соңы өкінішпен аяқталады.

13. Өзіңнің кемшіліктерің мен әлсіз тұстарыңды өзіңнен жасырудың пайдасы аз. Сондықтан өзіңе-өзің ащы шындықты мойындатуға тырыс. Өйткені өзін-өзі алдап үйренген адам арын таза ұстай алмайды.

14. Күтпеген жерден келетін кездейсоқ бақытқа сенбе. Жоқ нәрсеге дәмеленіп, алтын уақытты босқа өткізгенше, сол бақыт «ауылын» өзің іздеп тап.

15. Сіздің ішкі жан дүниеңіз бет әлпетіңізден, сыртқы пошымыңыздан білінбейтін болсын. Сыртқы көз бірден байқай алмайтын, құпия болғаны дұрыс.

16. Сіздің алға қойған мақсаттарыңызға жетуіңізге кедергі келтіретін ең қауіпті дұшпандарыңыз: арақ, темекі, есірткі.

17.Өзіңіз түскен қоғамдық ортада өзіңізді жақсы ұстап, іш тарта сөйлесе білсеңіз, сіздің өмір жолыңыздың табысты болуы осыған да байланысты.

18. Кейде нелер керемет талантты, адал адамдар өздерін дұрыс ұстай алмағандықтан «қою шаңның» арасына еніп, жоқ болып кетіп жатады.

19. Өз ортаңда өзің туралы жақсы ой туғызу үшін бәрімен де жылы әрі бір қалыпты, қысқа, нақ, әрі сабырлы сөйлесуге тырыс.

20.Әңгімелескен кезде сұхбаттасушының көзіне тік қарап, оның айтайын дегенін сабырмен тыңдап, асықпай сөзінің аяғын күтіңіз. Пікірталасқа түскенде сабырлы кейіп сақтап, бет-әлпетіңізден ұстамдылықты байқатып, ақылға сыйымды, шындыққа жанасатын аргументтермен қаруланғаныңыз жақсы. Біреулердің сізді кемсітуіне немесе сізге ескерту жасауына жол бермеу керек.

21. Өзіңді ренжіткен адамға өз уақытында кері соққы беріп, қорғана біліңіз. Бірақ сіздің іс-қимылыңыз әдептіліктен асып кетпесін. Осындай кездің өзінде өзіңізді еркін ұстап, сыпайылық сақтаңыз. Әрекеттеріңіздің арты ушығып кететіндей жағдайға жеткізбеу керек.

22. Жас, дені сау адамға кедей өмір сүру – ұят, тіпті қылмыс. Ол өзінің материалдық дүниедегі кедейлігі жан дүниесінің кедейлігінен туындап жатқанын білмейді.

23. Өзіңе қорқынышты, түбінде түк шықпайтын үмітсіз іспен айналыспа.

24. Аздан бастап, көп іс тындыр немесе шағын дүниеден бастау алған ісің – үлкен дүниелерге ұласып жатсын.

 25. Бір істі бастаған екенсің, өзіңе-өзің сенбей, жарым жолда тоқтатпа. Бар күшіңді салып, мүлде тығырыққа тірелгенше ізден, еңбектен.

 26. Қиял қуған дарынсыз адамдар арманмен аспанда қалықтап, атақ-даңқын шығару үшін шамасы келмейтін ұлы істерді атқармақ болып ұмтылады. Мұның ешкімге пайдасы жоқ, керісінше, айналасындағыларға көп қиыншылық әкелуі мүмкін.

 27. Дарынды, талантты адамдар кішкентай ғана дүниелерден бастап, ұлылыққа қол жеткізеді.

 28. Өзіңіздің мінез-құлқыңызды, қолыңыздан не келетінін, неге ебіңіз бар екенін жақсылап екшеп алыңыз да, өмірдегі сара жолыңызды, өзіңіз айналысатын істі таңдап алыңыз.

 29. Сіздің атқаратын ісіңіз өзіңізге шын мәнінде ұнағанда ғана үлкен жетістіктерге жетуіңіз мүмкін.

 30. Адам өзіне қажетті құнды білім мен өнерді және мінез-құлықты өзін қоршаған ортаны асықпай зерттеп, бақылау арқылы ала алады.

 31. Егер сіз осы уақытқа дейін өміріңіздің ең жарқын сәттерін, денсаулығыңызды, күш-қуатыңызды әр түрлі күнаһарлық істермен шұғылданумен жоғалтып келген болсаңыз, осы жерден кілт тоқтаңыз. «Ештен де кеш жақсы», алда әлі өмір бар.

 32. Өнер, ғылым және кез келген еңбек – адамзатқа пайда әкелетін ниетпен жасағанда ғана сол еңбек ақталып, жемісін жеуің мүмкін.

 33. Сіз өзіңізді адамзат үшін жаңа іс атқару мақсатымен Құдай жерге арнайы түсірген адаммын деп есептеңіз. Соған лайық болыңыз. Сонда сіз дүниедегі ең данышпан ұстаздардың біріне айналасыз.

 34. Адамның мінез-құлқын, оның шын мәнінде қандай екенін бақытсыздыққа тап болып, басына іс түскенде анық байқауға болады. Кемеңгер, кең адам тағдырдың салған салмағын нық тұрып көтере алады. Әрі ғылымға, өнерге, мейірімді істерге деген сүйіспеншілігін жоғалтпайды.

 35. Ақыл-ой жұмысы адамның бойына сіңіп, сана-сезімді одан да әрі дамыта, байыта түседі. Бірақ көп ізденгенмен, білімділіктен ақыл-ой тойынып қалмайды.

 36. Есіңізде болсын, сіздің айналаңыздағы жұртқа сіңген еңбегіңіз тек «жақсы сөз – жарым ырыспен» ғана шектелмеуі тиіс. Сіз жақсы ісіңізбен де үлгі болуыңыз қажет.

 37. Әр кезде істі адал, шын ниетпен әрі әділ атқарыңыз. Жұрттың ісіңізді қалай бағалайтынына бас қатырмаңыз. Есіңізде болсын, егер сіз шын мәнінде ғажап іс атқарсаңыз, оған ел лайықты бағасын беретін болады.

 38. Сыртыңа біткен байлықта байлау жоқ, бір күні кедейленіп, қор боласың.

39. Кішкентай ғана бақытсыздық адамды қажытып жіберуі мүмкін. Бірақ шын мәнінде адамды қажытқан әлгі кішкентай бақытсыздық емес, адамның өз ішіндегі үлкен үрейі мен қорқынышы.

 40. Кімде-кім басына төнген бақытсыздықтан соң адал, мейірімді, жан дүниесі таза адамға айналса, басына түскен қасіретке де қуана білуі керек. Өйткені бұл қасірет оның өз басына үлкен пайда әкелді ғой.

 41. Адамның жан дүниесі – алты құлпының астындағы қазына сарайы тәрізді. Ол мұнда өзінің рухани байлығын сақтайды. Ақылды адамның таза да пәк байлығы күн санап артып, өзінің де, өзгенің де жан дүниесін байытып жатады.

 42. Адамның адамгершілік тұрғыдан азғындағандығының ең соңғы белгісі – ақиқатты айналып өткісі келетіндігі. Қорқақ әрі байғұс адам ғана шындықты айтудан, мойындаудан қашады.

 43. Адамның қауіпті дұшпаны – құмарлық. Өзін-өзі ұстай білген, өмірін бос әурешілікпен өткізбей, жан дүниесін байытуды бәрінен жоғары қоя білген адам бақытты. Өйткені ол өзінің құмар-тілектерін ауыздықтай алды.

 44. Ақылды адам ойдың нәріне, сөздің мәніне қарап бағалайды. Бұндай сөзді айтқан адамның атақ-дәрежесіне қарамайды.

 45. Бақытты болудың басты құпияларының бірі – ұсақ-түйекке бола налымай, ақыл-ой мен адал еңбегінің жемісін дұрыс пайдалана білу.

46. Дұшпандарыңды өзіңнің мейірімділігіңмен, дархан көңіліңмен таңғалдырып, жеңіске жет.

 47. Өзін де, өзгені де бақытты ету қолынан келетін адам – шын бақытты.

 48. Мейірімді, қайырымды мен жатыпішер жалқаулықтың басы бір дастарқанға сыймайды.

 49. Өзінің ақылы шолақтығын мойындайтын адам, ақылды адамнан көп нәрсе үйреніп, ақылы толысуы мүмкін. Ал өзін дүниедегі ең ақылды санайтын ақымақ адамға ешқашан ақыл кірмейді.

 50. Өзіңнің іс-әрекетіңнің қаншалықты дұрыс-бұрыстығына көз жеткізгің келсе, оны өзіңнен ақыл-есі төменнен емес, қатарластардан немесе өзіңнен жоғарылардан сұра.

 51. Ақылды, адамгершілігі мол адам өзінің пендешілік нәпсісін тыя біледі. Ол өзінің осы деңгейіне шүкіршілік ете отырып, әрбір істен өзіне сабақ боларлық тағылым іздейді.

 52. Табандылық пен ізденімпаздық арқылы беймәлім нәрсенің сырын ашуға, ауырды жеңілдетуге, сөйтіп, жеңіске жетуге болады.

 53. Жағымпаздық шындықтың бетін бүркемелеп, адамды адамгершіліктен жұрдай етеді.

 54. Әрбір сөзіңе есеп беріп, сақтықпен сөйле. Өзіңе белгілі әңгімені ғана айту керек.

 55. Орнымен сөйленген бір ауыз сөз құрметке бөлейді, орынсыз айтылған сөз жеккөрінішті етеді.

 56. Кейде пікірталастың соңы ұрыс-керіске айналады. Себеп біреу – әркім өзінікін растауға тырысады. Және дөрекі мінез-құлқымен бір-бірінің ашуын оятады.

 57. Ойланбай, сақтықсыз айтылған мақтау да, даттау да қауіпті.

 58. Шектен тыс ешнәрсе істемеуге тырыс, өйткені ол адамның дене қуаты мен ақыл-ойының сарқылуына әкеліп соғады.

 59. Мүмкіндігінше, табиғатта көбірек болған жақсы. Егер сен әдемі орманды, күнді, теңізді, тауды, кең даланы сүйе білсең, көңілің де сондай кең де, жазиралы болады.

 60. Жүйкеге тиетін көңілсіздеу ойлар мен сезімдерге тізгін берме, тезірек құтылуға тырыс.

 61. Жан дүниеңнің жабырқап, жоқ нәрсені аңсауына жол бермей, көңіліңде тыныштық орната біл.

 62. Мүмкіндігінше, жан дүниеңізді «құлақтан кіріп, бойды алатын, әсем ән мен тәтті күй» тыңдау арқылы тазартуға тырысыңыз.63. Дәл қазір қанша жаста болсаң да, өз-өзіңді қайта қолға алып, жан-жақты дамыту жасынан кеттім, қартайдым деп ойлама.

 64. Тамақты да талғаммен ішкен жақсы. Етті шектен тыс көп жеу – зиянды, ол адамды күш-жігерінен айырып, сүлесоқтыққа, іс-қимылға икемсіздікке әкеліп соғады. Дастарқан мәзірінің әр түрлі болғаны дұрыс.

 65. Негізінен, сүт, көкөніс, жеміс және аса көп емес мөлшерде ет тағамымен тамақтану пайдалы.

66. Артық ішіп, асқазанға күш түсірме.

 67. Қолда барға қарай әрекет ет, қарызданба. Аздап ақша жи, әлдеқандай басыңа күн туар жағдай болғанда, керек болады.

 68. Адал өмір сүр, сонда басың азат, тамағың сіңімді болады әрі бақытқа бір адым жақын жүресің.

 69. Өзіңізге жақын адамдардан және айналаңыздағылардан пайдалы іспен айналысуын талап етіңіз.

 70. Береке-байлықта өмір сүру үшін, сіздің үйіңізде дені сау, бірақ еңбек етпейтін арамтамақтар болмауы тиіс.

71. Өзгенің қатесін түзеп, ақыл айтпастан бұрын, өз-өзіңді аяусыз сынап, дұшпаның мін таға алмайтындай болуға ұмтыл.

72. Кімде-кім адал болып, жақындарын жауықтырмаса, ол адамның ары таза.

73. Шектен тыс байлық адамды еріншектікке, әлжуаздыққа ұрындырады, ондай адам аз өмір сүреді.

74. Қарапайым, бір қалыпты еңбектен қол үзбей өмір сүру – адамға күш береді. Ол адам ұзақ жасайтын болады.

75. Ақшасынан, жақын адамынан айырылу деген сияқты бақытсыздық екінің бірінің басына келуі мүмкін, ал Аллаһқа деген сенімнен, ақыл-ойынан, табиғатқа деген сүйіспеншілігінен, өз басының қадір-қасиетінен айырылған адам – дүниедегі ең бақытсыз адам.

76. «Бақытты болу», «бақытсыздыққа ұшырау» деген нәрсені біз ой-жүйеміз арқылы өзіміз жасайтынымызды біле бермейміз. Сондықтан қолға қандай іс алсаңыз да табысқа жетемін деген сенімде болыңыз.

77. Жорта ұялған болу – сол адамның өзіне ауыр тиетін жүк. Өйткені ол оның ақылын тұмандандырып, жан дүниесін жарымжандыққа ұрындырады. Ал ұятсыздық – есерсоқтық пен күнәһарлыққа тура апаратын қара жол.

78. Өткеніңіз бен бүгінгі өміріңіз қандай болса да мейлі, бақытты болашақты алдан күтіңіз. Өз өмірін дұрыс арнаға сала алмаған адам өзгеге не істеп, не қоюы керегі туралы ақыл айта алмайды

79. Кез келген адамның бойынан бір нәрсеге ерекше икемін, талантын табуға болады. Егер соны дұрыс дамыта білсе, бұл сол адамды бақытты етуі мүмкін.

80. Байлықтың да, биліктің де, тіпті денсаулықтың да бір тиындық құны да болмайды, егер арың таза, көңілің жай болмаса. Өйткені бақ-берекенің түп қазығы осылар.

81. Жанжалдан, ұрыс-керістен бойыңды аулақ ұста, өйткені жанжалдасу екі жаққа да береке таптырмайды.

82. Өтірік, өсек қалай өрттей қаулап тез тұтанса, солай тез сөнеді. Ал ақиқат шынайылығын өзгертпестен, байыппен байқалмай өседі және оны ешкім өшіре алмайды.

83. Ақымақ ойланбастан мылжыңдап көп сөйлейді, ал ақылды адам көп тыңдайды, ойлайды, бірақ бәрін айта бермейді.

84. Данышпан адам бір ауыз сөзін үндемегеннен гөрі пайдалы екенін түсінгенде ғана сөйлейді.

85. Жақын адамыңыздың кемшілігін түзеп, қатесін мойындата алмаған кезде, не өзіңіздің қателігіңізді, не болмаса мінез-құлқыңыздағы кемшілікті мойындаудан қашпаңыз.

86. Мейірімді адам қоршаған ортадан өзін бүкіл әлеммен біріктіретін, байланыстыратын затты, жолды іздейді. Мейірімсіз адам – өзге адамдардан өзін не бөліп тұрғанын, алшақтау себебін іздеп, тіміскіленіп жүреді.

87. Кез келген адамның қабілеті басқаларға шынайы пайдасын асырып, көмегін тигізген кезде бағаланады.

88. Адам ақыл-ойына емес, жүрек сезімдеріне ғана билік берген кезде, қылмыс пен қырғынға жол ашады.

89. Адамды жүрек сезімдері емес, ақыл-ойы билеген кезде, оның аты алысқа жетіп, бақытты болмақ.

90. Ақылды адам – ақыл айтқан адам емес, ақылды адам – білмегенін білуге ұмтылатын адам.

 

 

ТОБЫҚТАЙ ТҮЙІН

…Адамзат өз өмірін екі-ақ жолмен аяқтайды. Ақылдылар өз өмірін шексіз білім, ой-сана, мейірім және рухани күш жинауға арнайды. Олар биікке көтеріледі.

Ақымақтар өздерінің жаман әдеттерімен тұрпайы тіршіліктерінің құрбанына айналып, құрдымға құлайды.

…Жұрт адамдарды «бақытты», «бақытсыз» деп екі бөлді. Бұл кімнің қай жолға түскенін меңзесе керек.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бақытты болғың келсе ( кеңес)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Клининговый менеджер

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бақытты болғыңыз келсе…

 

Біз әр түрліміз. Сыртқы пошым, ішкі жан дүниеміз де ұқсамайды. Түр-сипатымыз тәрізді түсінігіміз де бөлек. Десе де, бәрімізге ортақ бір нәрсе бар – Бақытты болғымыз келеді. Бірақ сол бақыт туралы түсінігіміз де, оған жетуге деген ұмтылысымыз да әрқилы. Біреу: «Адам қағынан жарылғанда-ақ бақытты болып туылады» дейді. Екіншісі: «Адамның бақытты болмағы – Алланың пешенесіне жазған жазуына байланысты» дегенге иланады. Үшіншісі: «Бақыт – әр адамның жұлдызының әсерімен келетін құбылыс» дегенді малданады. Кім білсін, осының бәрінде де шым-шым шындық жатқан болар… Алайда сан ғасырлық адамзат өміріне салауатты түрде көз салған жан – бақыт аспаннан түспейтінін, жерден шықпайтынын, ешкім қалтасына салып бермейтінін түсінуге тиіс. Десе де, ғасырлар бойы адамзат: «Қалай бақытты болуға болады?» деген сұраққа жауап іздеумен келеді. Біз де бүгін оқырманға бақытты болу жолдарын көрсететін 90 ауыз сөз бен тобықтай түйінін беріп отырмыз. Кім білсін, сіздің бақытты болуыңызға септігі тиер.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 146 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.05.2015 1476
    • DOCX 33.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Токенова Жанерке Сатыпалдықызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 24848
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Взаимосвязь пищевого поведения и формирования образа тела у детей и подростков в контексте детско-родительских отношений

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Технологии взаимодействия психологов с усыновляющими семьями

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психодинамический подход в консультировании

72 ч. — 180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 17 регионов

Мини-курс

Индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Проведение и применение трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 38 регионов

Мини-курс

Основы психологии личности: от нарциссизма к творчеству

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 19 регионов