Әбділдә
Тәжібаев «Сырдария» өлеңі
Сабақтың тақырыбы:
Әбділдә Тәжібаев «Сырдария» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік:
Ақын рухын жаңғыртып өмірінен қысқаша мағлұмат беру;
ә) дамытушылық:
Шәкірттердің ой - өрісін, рухын, жан дүниесін байытып, мәнерлеп оқу, сөйлеу
машықтарын жетілдіру
б) тәрбиелік:
Елжалдылыққа, адамгершілікке, табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақ әдісі: сұрақ
– жауап, кластер, СКТТ.
Пән аралық байланыс: география, музыка.
Сабақ көрнекілігі:
Ақын кітаптары, сызба, кестелер, үнтаспа.
Сабақ барысы: 1)
Ұйымдастыру кезеңі
2) Психологиялық
дайындық
3) Музыка. Ән «Сыр
сұлу» (тыңдалады)
- Балалар, тыңдаған өлеңіміз не жайлы деп
ойлайсыңдар?
( авторы З.Шүкіров, музыкасы Ш.Қалдаяқов)
- Ендеше, бұл әнді тегіннен тыңдаған жоқпыз,
сабағымыз қазақ әдебиетінің ірі
тұлғаларының бірі. Ә.Тәжібаевтың «Сырдария»
өлеңімен жалғасады.
- Сол Сырдария өзенін кім картадан көрсетіп
береді?
Мақсатымыз:
Ақынның өмірбаянымен, шығармашылығымен танысу. «Сырдария» өлеңінің мазмұнын
ашу, СКТТ бойынша талдау жұмысын жүргізу.
- Төменгі сыныптардан ақынның қандай
шығармашылығымен таныспыз?
(Ерлік туралы аңыз «Толағай»)
-
Сол ақынымыздың өмірімен кеңірек танысайық, реферат
дайындап келген оқушы сөйлесін (реферат оқылады)
Реферат бойынша сұрақ:
1) Кіммен бірігіп қандай тұңғыш пьеса жазды?
(М.Әуезов «Ақ қайың»)
2) Ә.Тәжібаев сценарийі бойынша қандай
кинофильм түсірілді?
(«Жамбыл» кинофильмі)
Жазушы М.Әуезовтың ақынға берген бағасы. Бір
оқушы айтады. Әбділда шығармалар жиынын үш айқын салаға бөлуге болады: 1 –
сыршыл өлеңдері, 2 – поэмалар, 3-пьесалары
Әбділдә Тәжібаевтың
өлеңдері
Елден
сәлем Күзет
әні
Достық
жыры Қойшы жыры
Әбділдә
Тәжібаевтың
пьесалары
Жүректілер Жомарттың Көтерілген күмбез
кілемі
Әбділдә
Тәжібаевтың
поэмалары
Абыл
Аққу
Кілемшілер туралы ертегі
«Сырдария» өлеңі жаңа өрнекті, сырлы күйлі
өлең. Бұл – ақынның өзі туған өлке,
өзеніне – Сыр бойына арналған өлең. Қазақ
поэмасына қызықты жемістер берген Әбділдә талантты, өзіндік стилі, өзгешелігі
бар күшті ақынның бірі саналады.
М.Әуезов
Жазбаша жұмыс (дәптерге):
1)
Туған жері: Қызылорда
2)
өлеңдері: «Елден сәлем», «Күзет әні», «Достық
жыры», «Қойшы жыры»
3)
поэмалары: «Абыл», «Аққу», «Кілемшілер туралы
ертегі»
4)
пьесалары: «Жомарттың кілемі», «Көтерілген күмбез»
Кітаппен жұмыс: «Сырдария» өлеңі мәнерлеп
оқылады.
Сұрақтар:
1) Өлең тақырыбы не жайында?
- Өлең тақырыбы туған жер жайлы
2) Ақын еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін
қалай білдіреді? Оны қай жолдардан байқауға болады?
Білем сені, сүйем сені,
Сыр сұлуы қарт анам
Сенсің мені әлдилеген
Туған сенен мен балаң.
3) «Ел анасы – менің анам» деген жолдардың
мағыналарын қалай түсінуге болады?
- Туған жерде - өз баласын қамқорлыққа
бөлейді. Судың адам өміріндегі маңызы зор.
Су – тіршілік көзі. Сондықтан да халықтың
қажетіне айналған су Ана – менің де анам.
4) Анаға ұқсас ұғымды қалай (не арқылы)
білдіреді?
- Ана сүтіне ұқсатады, теңдейді.
Сатылай кешенді талдау технологиясы:
Ә.Тәжібаев
Туған
жер
өлең
табиғат
лирикасы
Сырдария қуатын
халық игілігіне айналдыру
6 шумақ
24 тармақ
8 бунақ
7 – 8 буын
кезекті ұйқас
эпитет: Сұлу өзен, қарт ана, қадірлі ана
жартылай арнау
түсіндірмелі сөздік: Сыр, Ресей, Днепр,
Еділ - өзен аттары
халықтар достығын құрметтеу, биік ұстау
өлең табиғат сұлулығы арқылы туған жерге,
Отанға деген сүйіспеншілікті оятуға арналған
Сабақты бекіту: Кластер
әдісі бойынша.
Филолог ғылымының докторы
Әдебиет зерттеуші
Қазақстанның халық жазушысы
Театр
зерттеуші
Қазақстан мемлекеттік
Ә.Тәжібаев сыйлығының лауреаты
Ақын Драматург
Профессор
Сабақты қорыту:
сұрақ – жауап
1) Өзіміздің өңірдегі өзендерді атаңдар?
– Есіл өзені, Қамсақты өзеңі
2) Ақын туған жерін қалай жырлайды?
– Ақын туған жеріне деген махаббатын терең
сезіммен жырлайды, халықтар достығын көрсеткізгісі келеді
3) Осы кезде өзендердің қуатын не үшін
қолданады?
– ГЭС электр жарығы
4) Туған жерге байланысты мақал – мәтелдер
білеміз бе?
– Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
- Жері байдың – елі бай.
- Ел іші – алтын бесік.
- Туған жердің жуасы да тәтті.
Үй жұмысы: жаттау
Оқушы еңбегі бағаланады.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.