Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Презентации / Бекет Атаға - 260 жыл 9- сынып

Бекет Атаға - 260 жыл 9- сынып


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:



hello_html_m5c12fcfa.gif



hello_html_m2386a8ae.gif



hello_html_3f5ff151.gif


hello_html_381b5542.gif




Жүргізуші: -

О баста, менің Ер бабам

Таңбасын өріп тасына

Жеті жұрт көшкен жапанды

Қимапты досы, қасына

Білгендей міне, Маңғыстау-

Мың шырақ болды лаулаған.

Пір Бекет жаққан бір шырақ

Оғыланды таудың басына!

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің әдеби- кешіміз бүкіл Қазақстан бойынша тойланатын Бекет атаның туғанына 260 жыл толу салтанатына арналады.

Кешіміздің басты мақсаты- қазақ халқының қиялынан туған аңыз кейіпкер емес, өмірде шын болған ұлы ғұлама, көріпкел, батыр, қасиетті Пір Бекеттің алдында бас ию, оның еңбегін ұлағаттау арқылы қазіргі жастарға және келешек ұрпаққа үлгі тұту, дәріптеу.




1-оқушы:

Ер Бекет-Ата, өзіңсің елдің ұраны,

Көтерген туың желбірей жайнап тұр әлі.

Маңғыстау ойы, даласы қазақ пір тұтты,

Өзіңе арнап лаулайды жаққан шырағы.

Кеңес өкіметі деген алып мемлекет құлап, Қазақ елі егемендік алғаннан кейін халық санасындағы ақтаңдақтарды қозғап, аласапыран шаңының астында қалған тарихи тұлғаларымызды тірілтіп, қазақ тарихын түзеуге зиялыларымыз білек сыбана кіріскен болатын. Сол ақтаңдақ жайдың бірі- Бекет ата мәселесі еді. Ғасыр қойнауынан өзі қасиетті қаламымен баба рухын жарық дүниеге тұңғыш алып шығып, ауызша ғана аты аталып жүрген Бекет атаны қағаз бетіне түсірген, елге жалаулата жариялаған, тұңғыш тебірене қалам тербеген адам Ислам қажы Мырза бекұлы. Ол еліміз егемендік алысымен, 1993 жылы «Бекет ата» атты кітабын Гагарин қаласының баспасынан басып шығарды.





Жүргізуші:

- Ислам қажының осы кезге дейін 9 кітабы шықты.

2008 жылы көлемі 800 бетке жуықтайтын « Бекет ата» кітабы жарық көрді. Бұл кітапқа Ислам қажының Бекет ата туралы қырық жыл бойына жинақтаған дүниелері енген. Бұл ғасырлық туынды әр үйдің төрінде кітап дүниелерінің құдіретіндей ерекше құрметтеліп тұруға лайық.


hello_html_m35c9c202.jpg











2-оқушы: - Ел ұраны - Бекет ата 1750 жылы қазіргі Атырау облысының Жылыой ауданы аймағына қарайтын Ақкиізтоғай ауылынан 30 шақырым қашықтықта, Жем бойындағы Ақмешіт деген жерде туған. Жастайынан зерек, алғыр болып, молданың айтқанын бұлжытпай орындап, өте тәрбиелі бала болып өскен. Сөйтіп, 14 жасқа келгенше өз бетімен діни кітаптарды, пайғамбар хадистерін оқып, білімі тереңдей береді.



hello_html_715f7756.jpg






hello_html_m6d9eef62.jpg









hello_html_m2e9647e0.jpg












3- оқушы: - Зеректігі жолбасшы болған бала білімін әрмен қарай жалғастыра беруді көздеген екен.Ата-анасы баласының талабына оң қабақтарымен қарайды. Әуелі Шопан атаға барып зиярат етуді тапсырыпты.Бекет Шопан атаның басына түнеген төртінші күні Ата түсіне еніп, Хиуа шаһарындағы Бақыржан қажы деген ғұламадан дәріс алуды айтып аян береді.



4- оқушы: - Бекет медреседе қасиетті қажыдан 7 жыл дәріс алады. Медресені бітіргенде шәкірт 21 жасқа келеді. Сол кезден бастап, Бекет атаның ел ішіндегі қасиетті қызметі басталып, ғұламалығы, батырлығы, көріпкелдігі, ұстаздық жұмысы, ел қорғау жолындағы қол бастауы, соның нәтижесінде Бекет атаның елдің ұранына айналып, Пір атануы біріне-бірі жалғаса береді. Бекет атамыз 1813 жылы Пайғамбар жасында дүние салыпты.


5- оқушы: - Бекет ата өзінің ғұмыр жолында сұпылық бағытты ұстап, соны уағыздаушы болды. Сұпылық – жаулаушыларға, ислам дініндегі реакциялық күштерге қарсы халықтың қозғалыс идеологиясы. Оның сұпылық мектебі сұпы шәкірттер дайындауға арналған.



Жүргізуші:

- Бекет ата өзінің ғылым- ілімін таратып, шәкірттерін оқыту үшін бес мешіт салған. Алғашқы мешітті Хиуадан оқу бітіріп келгеннен кейін өзінің туған жеріне салдырған. Бұл мешітте 1771-1774 жылдары Бекет бастап шәкірттерге білім берген.


hello_html_945e70c.jpg

Еhello_html_m2a3c11d2.jpgкінші мешіт- Ескі Бейнеудегі мешіт.



hello_html_38e90d0a.jpg















Үшінші мешіт- Оғылындыдағы мешіт. Ата мүрдесі осы мешітке қойылған.

hello_html_m1118de47.jpghello_html_m359bc65d.jpg









hello_html_8920b83.jpghello_html_39ae8a69.jpg










hello_html_3950c0d0.jpghello_html_m3f97d824.jpg


hello_html_704d52b.jpghello_html_5ae20b53.jpg










Төртінші мешіт- Тобықтыдағы мешіт. Ол Тобықты ойпатындағы биік төбешіктен қашалып салынған. Мұнда Бекет ата шәкірттерін оқытқан.

hello_html_6e272b60.jpg















Бесінші мешіт- Байшағырдағы мешіт.Бұл мешіт Бекет ата намаз оқып, демалып кету үшін шағындап салынған екен. Әрлі- берлі өткен жолаушылар бұл мешітті ұзақ жолдан шаршап-шалдыққанда демалатын орынға айналдырған сияқты.


hello_html_17156a68.jpg
















Соңғы деректерге сүйенсек, Бекет- Атаның тірі кезінде салынған мешіттер саны 5-еу емес, 7-еу көрінеді. 6- мешіті Шетпе кентінен 40 км. жерде Тиген ауылына жақын жерлерде орналасқан көрінеді. Бірақ, ол туралы көп деректер жоқ.



Соңғы мешіті Ақтөбе облысында Ембі қаласына жақын Мұғалжар ауданында табылған. 1974 жылы Маңғыстауға келген қазақ жазушысы Әбу Сәрсенбаев сол мешіттің ішінен көп кітаптар және Бекет –атаның мөрі мен жазбалары табылғанын айтқан. Бұл жөнінде Атаның ұрпағы Ислам қажы былай дейді: « Бұл құжаттар туралы мен осы 3-4 жылдықта ғана естідім.Өкінішке орай, жазушымыз қайтыс болғаннан кейін ол құнды құжаттар жоғалған».

Осы жылдың мамыр айында бұл мешітке «Бекет- Ата мешіті» деп мрамордан белгі қойылды.







hello_html_2f053aab.jpghello_html_7565fdda.jpg










7-оқушы:

- Бекет ата мектептерінде шәкірттеріне діни білім берумен қатар география, медицина, математика, физика, астрономия сияқты ғылым салаларын үйреткен. Ата туралы жазылған деректерге қарағанда, Атаның өзі бұл ғылым негіздерін терең меңгерген сияқты. «Бекет ата» кітабында Атаның емшілікпен де айналысқандығы жан-жақты жазылған.



8-оқушы:

Бекет Ата! Қасиетті бір есім,

Қайда барсам қасымда сен жүресің

«Жоқ» деп сені айта алмаймын ешқашан,

Жүрегім мен санамда өмір сүресің.

Бір өзіңе бас иетін көбейді ел,

Жаным жүдеп, жабырқасам, жебей гөр!

Тайғақ кешу, тар жерлерде, уа, бабам,

Жар бола гөр, қолтығымнан демей гөр!


9-оқушы:

- Халықтың басына ауыр жағдай түскенде, сырқатқа шалдыққанда, әйелдер перзент көтере алмайтын халде болғанда, барлық қиыншылықтарға кезіккенде Бекет атаға сиынып, Бекет ата мешіттеріне, Оғыландыдағы Пір мүрдесі жатқан мекенге барып түнейді. Көмек сұрайды, табынады. Шынында да, Бекет тірі кезінде халыққа қандай шипагерлік танытып, емдеп жүргеніндей, оның аруағы өзіне сиынып келген адамдарға көмек көрсетуге дайын екендігін Ислам қажы Мырзабекұлының барлығы 400-ге тарта әңгімелерінен айқын көрінеді.


10- оқушы:

Әулие Ата, өзіңсің басы дәулеттің

Өзіңсің демі тентектеу туған әулеттің

Жатырсың сәндеп әлі де жанның сарайын,

Төрт мешіт соққан өнері асқан сәулетшім.



12-оқушы:

Анттасқан шақта ары да болған елінің

Ұл-қызын қорғап, арқасын тосқан керімім.

Адассақ- бағдар, нұр шашқан темірқазығым,

Жасыса намыс, суарып алар көрігім.

13-оқушы:

Пір Бекет-Ата, ізіңді басқан сүйгіздің

Сәждеге аппақ маңдайын елдің тигіздің

Оғыланды – ордаң ниетін кісі тартарда

Еңселі ердің, ханның да басын игіздің.

13-оқушы:

- Бекет Ата дегеннің кім екенін қазір иісі қазақ түгел біліп болды. Қазақстанның түкпір-түкпірінен Бекет атаның бұрынғы қонысы, әке-шешесі жатқан Жылыой ауданындағы Ақмешітке, Ескі Бейнеудегі Бекет Ата мешітіне, Бекет Атаның өз сүйегі жатқан Оғланды кесенесіне зиярат етуге ағылып келуде.


Жүргізуші:


Сан ғасыр бойы халқына берген керегін,

Солмасын сенің сындарлы, сеңгір Терегің!

Құс жолы жақтан қабыл алса егер тілекті,

«Құдіретіңе қылап түспесін!» дер едім- деп

ХХ ғасырдың жазба ақындары, соның ішінде Маңғыстаудың көрнекті жазушылары мен ақындары Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова, Рахат Қосбармақов, Ғалым Әріпов, Мэлс Қосымбаевтар Пір Бекетке жырларын арнаған еді.

Шығармалардың бәрінде де ақындар Бекет атаның алуан қасиеттері мен ғұламалық, пірлік қырларынан өздерінің жүрекжарды асыл сөздерін арнап, Пір Бекеттің бейнесін жасаған.

( Р. Қосбармақовтың «Бекет Ата» кітабымен таныстырып өту)




Келесі сөз кезегі біздің мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің үздік мұғалімі Байжан Гульсара Құсайынқызына беріледі.




Байжан Г.Қ.:

  • Есімі ел есінде қалып, жадында жатталған, әлсізге - медет, тарыққанға - демеу, зарыққанға- жебеу, ұрпаққа – ұстаз бола білген Атаға халық өз бағасын берді.

Мәдинеде-Мұхаммед

Түркістанда-Қожахмет

Маңғыстауда- Пір Бекет – қолдай гөр

деп жалбарынып, қысылса да, қуанса да сиынары бір құдірет, Бекет Ата болған. Қазір де солай. Солай бола бермек. Өйткені Бекет Ата- ерекше қасиет дарыған ұлы тұлға. Ол халыққа жасаған жақсылығынан бөлек, алдағыны болжап, айтқаны келген көріпкел, әулие, қан төгіспей жауын жасқаған құдіретті батыр, ағартушы, ақын, сәулетші.


Жүргізуші:

  • Бүгінгі әдеби кешімізде,балалар, сендер қасиетті Бекет ата туралы көптеген мағлұматтар білдіңдер. Әр халық, әр ұлт өзінің туған өлкесінің, өзінің тұрған жерінің тарихын, салтын, қасиетті жерлері мен қадірлі тұлғаларын, батырларын білуге және қастерлеуге міндетті. Өйткені, біздің ол адамгершілік борышымыз, міндетіміз.









Әдеби - танымдық кеш


Тақырыбы: «Бекет Ата – пір, көріпкел,

ғұлама ұстаз»

hello_html_m702e6927.jpg















Өткізген: орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Табылғанова Г.Ш.






Автор
Дата добавления 25.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Презентации
Просмотров213
Номер материала ДВ-377690
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх