Инфоурок / Технология / Конспекты / "Белдемшені конструкциялау." Сабақ жоспары (8-сынып)
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

"Белдемшені конструкциялау." Сабақ жоспары (8-сынып)

библиотека
материалов

Тақырыбы: Белдемшені конструкциялау.

Мақсаты:

1. Оқушыларды белдемшенің шығу тарихымен таныстыру:

2.Белдемшені құрастыру формуласын есептеуге үйрету.

3.Эстетикалық талғамын қалыптастыруға тәрбиелеу, адамгершілік қарым- қатынасқа тәрбиелеу, бір-біріне көмекке келуге тәрбиелеу.

Оқыту формасы:

әңгімелеу,

түсіндіру,

диспут,

өздік жұмыстары.

Жабдықталуы: технологиялық карта.

Белдемше түрлері, және оның негізгі конструкциясы.

Бірінші сағат.

Сабақ барысы

I . Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

3. Осы сабақ- теориялық, тақырыбы «Белдемше түрлері және негізгі конструкциясы.

II.Кіріспе нұсқау

Киім- адам мәдениетінің құрама бөлігі. Киімнің шығуы аяздан, ыстықтан және басқа да климат жағдайынан қорғану керектігінен пайда болды.

Әр түрлі киімге жататын бұйымдарды екі негізгі топқа бөлуге болады: белдікті және иықты. Белдікті бұйымдарға белдемше, шалбар, белдемше шорты, шорты жатады. Белдікті бұйымдарда белдемше ең көп топты құрайды. Белдемше костюмнің бөлігі ретінде жеке болып табылады немесе көйлектің бөлігі болуы мүмкін. Әдемілік, қарапайымдылық және қолайлылық – міне, әйелдің ең көп тараған бел киімі – белдемшеге қойылатын талаптар осылар.
Белдемше қыз балалардың ең қажетті киім түрі болып саналады. Белдемше өте ыңғайлы, әмбебап киім түріне жатады, әрі ешқашан сәннен шықпайды. 
«Сән» сөзінің түп тамыры итальян (ilmodo) тілдерінен шыққан, өзін-өзі ұстау тәсілі, ережесі, әдеті дегенді білдіреді.
Сән әрқашанда қоғамның тарихи дамуының заңдарына бағынған және сол кезеңдердің ерекшеліктерін білдірген. Ол белгілі бір дәуірдің эстетикалық тұжырымдық, адамдардың әлеуметтік және рухани өміріне, әдеп-ғұрыптарына, мәдениеттің, ғылымның, техниканың, өнеркәсіптің дамуына байланысты болды.
Белдемшенің тарихы
Киімдердің ең көне элементтерінің бірі белдік болатын. Оған қару және жорықта қалта пайда болды. Белдікке тартылған терілер, жапырақтар, маталар алғашқы белдемшенің түпнұсқалары еді.
Негізінен адамдар киімді әйел адамның, ер адамның киімі деп бөлуді білмеген. Ежелгі Греция мен ежелгі Римде белдемше ер адамның киімінің бірі болған. Оның ұзындығы лауазымына байланысты болып келген, яғни жастардың киіміне қарағанда елеулі азаматтардың киімі ұзынырақ екен. Белдемшенің ұзын-қысқасын кигеніне қарай әлеуметтік мәртебесін байқаған. Ал әйел адамда белдемше болмаған, олардың киімдері жамылғы, туника болып келген. 
Орта ғасырларда белдемше тымаққа қатырылып жиналған және белге ораған, ұзындығы тізеге дейін жеткен киім еді.
ХҮІІІ ғасырда жібек маталарын пайдаланды. Осы ғасырдың 80-ші жылдары белдемше біршама өзгерді, белдіктен төмен мақта жастықшалар байланды. Бұл белдемшенің ені соншалықты, есіктен шығу қиынырақ болған. Осы сән үлгісі ХҮІІІ ғасырдың соңына дейін сәнде болған.
ХІХ ғасырдың аяғында белдемше еркін, қолайлы, күнделікті өмірге ыңғайлы бел бұйымына айналды. Әйел адамның жеке белдікті бұйымы болып саналды. Тек шотландық ерлер белдемшесінен басқа (килт).
ХХ ғасырдың 60-шы жылдары британ Мэри Куант «мини» белдемшені сәнге кіргізді. Британ империясы Мэри Куанттың қысқа белдемшесін қабылдап орден берді және экспортқа шығаруға рұқсат берді. Бұдан кейін «макси» белдемше пайда болды, бұл үлгі сәнде көп тұрақтамады. Бірақта классикалық стилдің пайда болуына түрткі болды.
Қазіргі кезде ұзындығына байланысты белдемшелер «mini» (өте қысқа), «midi» (орташа), «maxi» (тым ұзын) деп бөлінеді.
Белдемше түрлері
Баллон – кең белдемше, етегі таспа арқылы жиналған. 1958 жылы сәнге еніп, 80-90 жылдары қайта сәнге келеді.
Килт – шотландия ерлерінің ұлттық костюмі. Тор-тор матадан тігіледі, алдыңғы бөлігі бір тегіс, артқы бөлігі қатпарлы болып келеді.
Кастен – тік белдемше. Белдігі, алдыңғы, артқы, бүйір тігістерінің үстінен түрлі-түсті жіппен қос тігіс жүргізіледі, белдемшеге геометриялық кескін береді.
Қоңырау – орташа ұзындықтағы тік белдемше, бүкпелері арқылы қоңырауға ұқсайды.Бүгінгі күнде қазіргі заманғы белдемше модельдерінде тарихи кезеңдердегі әртүлі қолдануды және қазіргі заманғы жаңалықтарды бірге қосып қолданады.

Белдемше түрлері және оның негізгі конструкциясы.

Негізгі стилдері:

- класикалық:

- жастарға арналған:

- спорттық:

- джинсі стилі:

- фольклорлық:

- ретро.

«Негізгі стильдер», «Белдемшенің негізгі категориясы» деген ұғымды оқушы қыздар қалай түсінетіндігін білу үшін және техникалық модельдеуді қолданып модельді өзгерту жөнінде әңгіме өткізіңдер.

Моделдеуді қабылдауда жүйелі түрде кесте құруға тапсырма беру .

Оқушы қыздармен сәнді модель жасауда жұмыстың жүйелі орындалуын талқылау.

Сарамандық жұмыс
Өлшем алу
ЖБО – жартылай бел орамы. Көлденең тұлғаны айналдыра бел деңгейінде 
түсіріледі.
ЖМО – жартылай мықын орамы. Көлденеңінен мықын тұлғасын айналдыра 
түсіріледі.
БҰ – бұйымның ұзындығы. Оң жақтан бел сызығынан төмен қарай қажетті 
ұзындыққа дейін түсіріледі.
Қажетті құрал-жабдықтар: өлшеуіш таспа, дәптер, қалам.
Жұмыстың орындалысы:
1. Өлшем алушы оқушының оң жағында тұруы керек.
2. Белдің жартылай орамын алу.
3. Мықынның жартылай орамын алу.
4. Бұйымның ұзындығын алу.
5. Алынған өлшемдерді дәптерге жазу.

III. Қорытынды нұсқау.

Сабақтағы жұмыстың қорытындысы.

1. Оқушының жасаған жұмысындағы кемшілікті анықтау.

2. Жұмыс жасау барысындағы жақсы нәтижеге жеткен оқушыларды мақтау.

3. Әр оқушының жұмысын бағалау.




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-160335

Похожие материалы