Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Белгісіз батырдың белгілі ерлігі - научная работа

Белгісіз батырдың белгілі ерлігі - научная работа

библиотека
материалов

КІРІСПЕ


Тақырыптың өзектілігі.

«Ру шежіресін білу – сахара төсінде көшіп – қонған қазақтар үшін, өмірлік қажеттілік. Қазақ халқының ру – тайпалық, жүздік – қауымдастық біртұтас ғажайып бітімі, ғасырлар бойы бүкіл қазақ – бір атаның ұрпағы, бір тамырдың бұтағы деген ұстаным бойынша өсіп – өркеендеп отырған. Міне, европалық канондар бойынша бір бірінен шалғай жатқан үш жүздік бөліктердің бастары бірікпеуге тиіс болғанымен, халық санасының біртұтастығын осындай қасиеттер қалыптастырған. Мұндай біртұтастық тек қана рулық жүйе арқылы жүзеге асқан»[1. 142 б.]

Атырабын тегісаралап шығу атты адамға сан. Айшылық жол болған қазақ даласының әр төбесінің қақпарында жинақталған тарихи сырлары қаншама мол десеңізші. Ал олардың біразының белгілі бір уақыт белестерінен өткен соң кейінгі ұрпақтармен қайта табысып, солардың рухани қазынасына, мәңгілік мирас тұтар мұрасына айналып жататындары да аз емес. Бұған кейде күнделікті өмірімізде жиі кездесетін оқыс оқиғаның бірінің түрткі болып, қозғау салғандығын көргенде санамызға сан жылдан соң қайта оралып, қайтадан түлей бастаған ҰЛТТЫҚ РУХ деген қастерлі ұғымның қазақ халқының жаратылыс тегімен қатар дамып, жетіліп келе жатқан тамыры тым терең түсінік екендігін айқын аңғарасың, оның қадір – қасиетін тағы да бір рет еріксіз мойындағандай боласың.

Алтайдан аттанған қазақтың екінші бір тұрақтанған жері Сырдария өзенінің бойы көрінеді. Ал, қазақтың үшінші мекен еткені – Тайсойған алқабы. Тарихи деректерге қарағанда, Тайсойған жерінде талай қанды шайқастар болып, халқын бодандықтан құтқару жөнінде көптеген батырлар жауға атойлап ұрыс салып, қол бастапты. Солардың бірегей – ӨТЕЙ БАТЫР.

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері. Жеріміздің тұтастығын, еліміздің бірлігін халқымыздың қаһарман ҰЛТ екендігін көрсетіп, тәуелсіздік жолында ерлік істерімен көзге түскен батыр бабаларымызды бүгінгі өскелең ұрпақтың санасына сіңіріп насихаттау.

  1. Батыр бабаларымыз туралы халық арасындағы әңгімелер көне көз қарттардың естеліктерін жинактау.

  2. Батырлардың ерлік істеріне қатысты ақтандықтардың ақиқатын танып зерттеу.

  3. Тарих толқынындағы ғалым зерттеушілердің әдебиетші жазушылардың, тарихшылардың мерзімді баспасөзде жарияланған материалдарын жинастырып оған ғылыми дәиектермен талдау жасау.

Теоретитикалық және методологиялық құрылымы. Теоретикалық және методологиялық құрылымы ретінде Қазақстан Республикасының Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлерінің, журналистерінің Қ. Әлім, С. Меңдібай “Терең тамыр” еңбегі, Н. Әбуталиев. “Шоқ жұлдыз” “Біз батырларымызды әлі білмей жүрміз” мақаласы, “Қазақ Совет Энциклопедиясы” 2-ші және 9-ші томдары пайдалынған.

Жұмыстың құрылымы. Ғылыми жоба кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымша материалдардан тұрады.












НЕГІЗГІ БӨЛІМ


«Ер есімі – ел есінде», «ерлік – ұрпаққа ұран»

Н.Ә.Назарбаев


  1. Белгісіз батырдың белгілі ерлігі


Тарих - адамның жартылуымен басталады, ал адам табиғаттың, қоршаған ортаның құрамдас, ажырамас бөлшегі. Табиғат пен халықтың мінез-құлқын қалыптастырады. Өйткені тарихты жасаушы халық. Төл тарихымыздың әйгілі тұлғаларын зерделеу ертеден қалыптасқан үрдіс. Осы бір үрдістің түбіне терең байлап, тебірене толғансақ халқымыздың бастан кешкен телегей – теңіз тарихын көз алдыңнан өткізесің. Әрбір тізбектің өзіндік бір тарихы, күресі бар. Сол күрестің тәуелсіздік тұғыры – ұлттық сананы оятып, Халықтану жолына Үңілдірді. Тәуелсіздік үшін сан ұрпақ атқа мінді,айбалта ұстады, “Аттан қазақ” - деп жар салды. Ол ғасырларға созылған ата – баба қанды жорығының дабылды-дауылды күресінің заңды жалғасы. Жатса түсінен, тұрса есінен бір кетпеген бабалардың ғасырлық арманы болды. Кеңес одағы кезеңінде ұлттық тарих мәселелерін зерттеуге шектеу қойылу себебінен, қазақ тарихының көптеген туыстары, шыңдық сыры ашылмаған күйінде қалып немесе бұрмаланып беріліп, саяси тұлғаларға, батырларға арналған зерттеулер қатаң цензурадан өткізіліп іріктеліп отырды.

Осындай идеологияға байланысты Абылай, Кенесары, Арғын, Қаратай сынды қазақ халқына ерекше еңбек сіңірген ерлер феодалдық халқына ерекше еңбек сіңірген ерлер феодалдық қаналушы, керітартпа таптың өкілдері деп ұрпақ санасына сіңдірілді. Ал, осы тақырыпқа қалам тартқан зертеушіліер «шаруалар» мен «пролетарт» қоғамның қос жаулары қатарына жатқызылып, қуғынға ұшырады. Осы себептен де болар Ұлы отан соғысы кезінде батырлық жырларды зерттеуді қолға алған Ә.Х. Марғұлан бұл істен бас тартып, амалсыздан саясаттан алшақтау тұрған археологияға кетуге мәжбүр болды. Кенесарыны ХІХ ғасырдағы ең ірі қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы ретінді сипаттап, нақты тарихи деректер негізінде дәлелдеген Е.Б.Бекмахановты қайғылы тағдыры баршамызға мәлім. Осы кезден ата жаумен алысқан, жұлысқан батырлар заманасы болғаны хақ. Сол тұста, «дауға барсаң бірін бар, жауға барсаң бәрін бар» деп қазақ атқа қонды. Топ ішінен суырылып сөйлейтін шешендер, көпті бастар көсемдер, ту ұстар батырлар айдыны елдің айбыны азаматтарын бастады, өнер «жыртылғанға жамау, шаршағанға демеу» болды, ақылың елдің ары, «жау дұшпанның кәрі, ауырғанға дәрі, өз елінің нәрі» болады. Жаугершілік заманда «Арғымақ – жалсыз, ел – малсыз» болған күнде сайып қыран батырлар әлеуметтік топ болып қалыптасты. Қазақ халқында неге батыр көп? Менінше, оның осылай болу себептері бар. Біріншіден, көшпелі халық, оның ішінде қазақ халқы – дала перзенті, алғашқы өмірге келген күннен бастап, ол табиғатпен әуелі бетпе-бет, ал өсе келе жекпе-жек кездесті. Сондықтан да ол ерте есейді, қажырлы, қайратты, тапқыр болуға үйренді. Ұлт мүддесіне өмірін арнаған жандар – батырлар. Сондай ерлігі белгілі, аты белгісіз батырдың бірі – Өтей батыр.

Жұбан Молдағалиевтің айтуынша, қазақ – мың өліп, мың тірілген халық. Халқымыздың басынан небір ауыр кезеңдер өтті. Елімізді, жау да шапты, халық қолдан жасалған аштықтан қынадай қырылды. Ата – бабаларымыз соғыстан көз ашпады. Ауыл – аймақты болыс – билері, бай – манап атқамінерлер, ел есін жияр емес кезең. Қырып жатыр, тонап жатыр, елді жау шауып, омырауымыз көз жасына көмілген кез Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама қатал қан ащы қасірет жылдар еді. Жерімізді басып алу үшін жоңғарлар жағадан, қалмақтар етектен тартып жатыр. Бір ғана қалмақтың өзі бірнеше топқа бөлініп, жан-жақтан шабуыл жасаған.

XVIII ғасырдың басында Қазақ хандығының ішкі жағдайы аса ауыр болды. 1718 жылы Тәуке хан дүниеден озып, Қазақ хандығында үстемдік еткен әскери феодалды шонжарлар арасында ішкі тартыс басталды. Сол жылдары атқамінер батырларымыздың бірі Өтей батыр болған. Өтей батыр Кіші жүздің Қызылқоға жерінде үлкен соғысқа қатысқан. Сол кезде не бары 35 жаста болған. Орта жүздің Арғын тайпасынан шыққан батыр. Сол жерде біздің бабамыз 1749 жылы қаза тапты.

Бізге жеткен ауызша деректер және шежірелер бойынша Өтей батыр 1714 жылы дүниеге келді, яғни биыл 2014 жылы Өтей батырдың 300 жыл мерей тойы. Өтей батыр негізінен Торғай Тобылдың бойын мекендепті.

Жерін сақтауды ойлаған Кіші жүз ақсүйектермен және жауынгерлері Орта жүзден көмек сұраған. Өтей батырды Кіші жүзге көмекке аттандырған ағасы Шақшақ Жәнібек батыр болған. Өтей батыр Орта жүзден қалың қол жинап, Тайсойған бойында қалмақтармен болған алапат майданға кіреді. Жойқын, ауыр соғыс болды. Қалмақтар оңайлықпен беріспейді. Бірде қазақтар, бірде қалмақтар жеңіп, екі жақ итжығысқа түсіп, көп қырқысады. Ақыры қазақтар оларды титықтатып тықсырып, кері шегіндірді. Қалмақтар қашып, қазақтар оларды тура қуады. Сол жағдайда қашып кеткен қалмақтар, қырылып қаламыз деп құлық ойлайды. Қазақтың шепті бұзып бас батырларын өлтіруге келісімге келеді. Қалмақтарды талқандап жүрген бас батырдың бірі – Өтей батыр болған. Қалмақтар оны қарауылға алады. “Аңдыған жау алмай қоймас” - деген ғой, қалмақтар айласын асырып, батырдың ашық қалған көк желкесінен найзаларын қадайды. Өтей батыр оқ тәніне кірген найзаға да қарамай, өзінің әскеріне “Алға!” - деп айғай салады. Батырға найза қадаған қалмақ жауынгерін қазақтың бір батырын жер қаптырады. Жер қаптырыңдар жоңғарларды”- деп Өтей батыр сол жерде мерт болады. Әлі құрып, көзі жұмылар алдында “Мені елге апарамын деп әуреленбеңдер, топырақ осы жерден бұйырсын”- деп уәж айтады. Жолдастары, балалары батырды сол араға жерлеп, басына белгі қойып кетеді. Қазақ жерін жау табанына азат еткен соң, Кіші жүз ақсүйектері Өтей батырдың ерлігіне құрмет ретінде басына там салдырып, көк тас қойдырады. Сол ақсүйектердің бірі Есентемір Бөкен би атақты Кіші жүздің биі болған. Бүгін Өтей батырдың қорымы Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы Қарабау ауылынан 11 шақырым жерде орналасқан. Бұл жерге Кіші жүздің атақты биі Есентемір Бөкен би – жерленген. Даңқты Бөкен бидің о дүниеге аттанарда “Мені Өтей батырдың қорымына жерлеңдер, 35 жасында Қарақұрым қалмақтармен шайқасып, Кіші жүздің халқын азат еткен Өтей батыр алдындағы қарызымыз зор” – деген.

Өтей батырдың ісі – халқымызды бірлікке, бүгіндікке бастайтын ұлағатты іс. Сөйтіп қасиетті Қызбел жерінде Торғай елінде қазақ жұрты бар болғаны 35 жасында шаһит кеткен өзінің қаһарман батырларының бірі Өтей баба рухына 2008 жылы ескерткіш қойылды.

Өтей батырдың жерлеген жерін 2007 жылы Атырау облысының Қызылқоға ауданында экономика ғылымдарының докторы, академигі Кәрбоз Жапаровтың басшылығымен бірер азаматтар тауып зертеген. Олар елге келген соң ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Ол іспен шұғылданатын арнайы комитет құрды. Комитетің президенті, техника ғылымдарының докторы, А.Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры Х.Х.Уәлиев сайланды. «Ұрпақ» атты қор ашылды. Қостанай облыстық газетке мақала жазылды. Осындай жұмыстардың нәтижесінде арнайы делегация Атырау облысына барып, Өтей батырдың басына Тараздың қызыл гранитінен үлкен ескерткіш қойыды. 2008 жылы Қоңырлау өзенінің сол бетінде, Қызбел ауылы тұсында батырдың туған жерінде Өтейге ескерткіш қойылды. Гранит бетінде: «ТОРҒАЙДЫҢ ТӨЛТУМАСЫ, ЕЛ ҚОРҒАНЫ, РУБАСЫ, АРҒЫН ӨТЕЙ БАТЫР XVIII ҒАСЫР БАСЫНДА ЖОҢҒАРЛАРМЕН ШАЙҚАСТА ҚАЗА БОЛҒАН БАБАМЫЗДЫҢ ЕСІМІ МӘҢГІ ЖАДЫМЫЗДА! СҮЙЕГІ АЛЫСТАҒЫ АТЫРАУ ЕЛІНДЕ ЖАТСА ДА, РУХЫ МӘҢГІ БІЗБЕН БІРГЕ! ТАҒЗЫМ ЕТІП, БАС ИЕМІЗ! ҰРПАҚТАРЫ.» - ойылып жазылған. Қызбел жері – киелі жері! Бұл жерден кімдер шықпады?! Мұнда қаншама абыздың табанының ізі қалды. Ұлы жырау һәм әулие Асан қайғы, Абат батыр, Назар абыз, Оспан қожа әулие, Алаш көсемі Міржақып Дулатұлы, кемеңгер Сейдәзім Қадірбаев.

Жамбыл ауылдық округіндегі Мәдениет деген елді мекеннен Қарабауға қарай Тоғыз, Алтыбай, Бораншы деген көлдердің маңында қалмақтың 5-6 балалары қалып қойыпты. Оларды Ысық руының Өте тармағы асырап алып, ел қатарына қосқан. Олар өздерін Өтеміз дейді, бәрін де білеміз, танимыз, арғы аталарың Қалмақ деу ерсі, әрі лайқатсыз ғой, ел-жұрт одан хабардар. Сол аймақтағы Қырғын, Айбас, Байжан, Түрікпенбай, Береген секілді қадау-қадау бейіттер сол қанды шайқастың куәсіндей. Тағы бір тарихи ақпаратқа көз жүгіртсек Өтей батырдың Тайлан батыр деген досы болған. Атырау ақын-жазушыларының кітапханасы деген тақырыппен Ақтөбе қаласынан Кәрекеңнің "Сөз сардары" деген атпен 1000 данамен кітабы жарық көрді. Сонымен, танысқан ірі кәсіпкерлер Қостанай облысының бас архитекторы, облыстық "Нұр Отан" партиясы өкілдігі төрағасының орынбасары, зейнеткерлікке шыққан полковник, Қостанайдағы Ахмет Байтұрсынов атындағы мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі, Рудный қаласының бас имамы - барлығы 2 машина адам келіп, Өтей қорымына бас тіреді. Барлығының да руы - Өтей. Баяғы Бөкен бидің жылын берерде үлкен баласы Хасан, ауыл әкімі Әндірей, Жұбайы Ақбикеш 8 қанаттан тұратын 10 ағаш үй тіккен алаңқайға, яғни Өтей жатқан қорымның орнына ағаш үй тігіп, 100 қаралы адамға ас берді. 1731 жылы болған Аңырақай шайқасында атaқты Өтей батыр мен Тайлан батыр ел үшін күрескен. Тарихтан белгілі, Ордабасыға қазақтың үш жүзінің халқы жиналып, жоңғар басқыншыларына күйрете соққы беру үшін қол жинап, бас қолбасшысы етіп Кіші жүздің ханы Әбілқайырды сайлағанды. Аңырақай шайқасында жеңіске жеткеннен кейін Әбілқайыр хан өз жұртымен Кіші жүзге оралғанда Орта жүздің бірсыпыра батырларымен бірге Өтей батыр да кіші жүз өлкесіне көшіп келген көрінеді. Өтей батыр бұл жақта да бейбіт өмір сүре алмағанға ұқсайды.

Жалпы Өтей кім болған енді соған нақты тоқтала кетейік. Өтей-руы Кіші Арғыннан шыққан Орта жүздің батыры. Еділ бойы қалмақтардың қазаққа шабуыл жасап, Ойыл өзеніне дейінгі жерді алғанда Орта жүзден Кіші жүзге келген әскер қолын осы Өтей батыр басқарған. 1725 жылы Орта жүз Қанжығалы Арғын Бөгенбай Ақшаұлы мен Кіші Арғын Жәнібек Қошқарұлы екеуі Әбілқайыр сұлтанды кіші жүз әскерінің қолбасшысы етіп сайлатады. Бүкіл Кіші жүз елі бұл екі батырдың Әбілқайырды сайлатуына қарсы болады. Кіші жүздегі он екі ата Байұлының Бөкен, Малайсары секілді беделді билері, Әлімұлы елінен шыққан Жетірудің басшысы қарт батыр Тама Есет Көкіұлы төртеуі Орта жүздегі Қожаберген жырау мен Қазыбек биге,Сәмеке ханға адам жіберіп, Әбілқайыр сұлтанның әскербасы болуына қарсы екендігін айтады, және Орта жүзден үш батыр сұрайды. Осы өтініш бойынша Орта жүздің көсемдері Кіші жүзге үш батыр жібергенін тарихи деректер дәлелдейді. Ол батырлар, Орта жүздің Кіші Арғын Қараман атасынан шыққан Бөгенбай Қожекеұлы болса,екіншісі Уақ Еренші руынан шыққан Бармақ батыр, үшіншісі еліне қорған болған жас батыр Өтей батыр еді. Осы батырлар Кіші жүздің ер азаматтарын біріктіріп, қол бастап, Еділ қалмақтарына және түрікпендерге қарсы соғыста ерен ерлік көрсетеді.

Тарихи деректерге сүйенсек, Арқада тағы бір Өтей болған. Ол Уақ-Бидалы руынан шыққан. Онымен Бөкен бидің сүйегі жатқан жердегі Өтейді әрине, шатыстыруға болмайды. Екі Өтей екеуі екі кезеңде өмір сүрген.














«Бір атаның, бір тамырдың бұтағымыз»

(Халық нақылы)


  1. Терең тамыр


Ұрпақтар сабақтастығы... Осынау бір сөздің аясында қаншама терең мағына жатыр десеңізші. Атадан балаға мирас мінез бен қалып, тәлім мен тәрбиенің ұштасуы, мәңгі жалғасы ғой ол.

Өтей батырдың елінде екі әйелінен 6 бала қалған – Тәйірқұл, Қожағұл, Жарас, Бекбауыл, Өтеғұл, Сұлтангельді. Олар өскен, ержеткен, өркендеп, жапырақ жайып, тамырын тереңге жіберген. Барлық рулардың басы ер адамдардың есімімен (Адай, Найман, Қоңырат, Шеркеш, Дулат, Үйсін, Жағалбайлы, т.б.) аталады ғой. Олар болса Өтей деген руды иемденіп, атағы елге жайылған.

Бекбаулы Өтейұлы.

Бекбаулы Өтейұлы Арғыннан шыққан белгілі рубасы, әділ билердің бірі болған

Бекбауыл Өтейұлы баба жөнінде тарихқа сүеңсек өз тұрғыластары арысында сыйлы, еліне қадірлі адам екен. Орта жүздің түменбасы батыры Шақшақпен бірге Бекбаулы да ел басына күн туғанда сол елінің қорғаны болыпты. Бекбаулы көшпелі елге егін егіп, диқаншылық құруды да үйретіп, осы іске өзі басшы болса керек. Бекбаулы Самарқан, Бұхарадан арнайы білімді адамдарды алдырып, ұрпағын, ауыл бабаларын білімге бастапты.

Бекбауыл баба қаза жетіп, дүниеден өткен шақта ұрпақтары оны Түркістандағы Қожа Ахмет әулие кесенесінің іргесіне жерлеген. Бұған сол кезден келіп жеткен аңыз – әңгімелер, баба ұрпақтарының қолындағы шежіре деректері негіз бола алады. «Бекбауылыны жоқтау» деп аталатын жыр күні бүгінге дейін ел аузында айтылып та жүр.

Бекбаулы ұрпақтарының есімін еліміздің тарихынан да жиі кездестіре аламыз. Спандияр Көбеев, Таутан Арыстанбеков, Батырхан Шалғынбекұлы (ақын Ғафу Қайырбековтың нағашысы) Бекбаулының ұрпақтары.

Спандияр Көбеев – Бекбаулының ұрпағы

Спандияр Көбеев (1878 - 1956) - қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі. 1878 жылы бұрынғы Торғай облысы, Обаған болысына қарасты нөмiрі үшiншi ауылда – қазiргi Ақсуат ауылында дүниеге келген. Анасы Айтбоз өте қайратты, ақылды, ауылының ортақ анасы сияқты қадiрлi адам болған көрiнедi. Әкесi Көбей хат таныған, шыншыл, тек қолөнерiмен күн көрген. Әке-шешесiнiң үлгi тәрбиесi болашақ педогог-жазушының мiнез құлқының қалыптасуына көп әсер еткен. Мектеп жасына жетiп қалған бала бiрде әкесiмен бiрге бұл кездегi дәулеттi кiсi Соқытбайдың ауылына барғанда, Ыбырай Алтынсариндi көредi. Көп кешiкпей сол ауылда ұлы ағартушы Ы. Алтынсарин бiрiншi рет екi жылдық мектеп ашады. 1887 жылдың желтоқсанында Алтынсариннiң тiкелей көмегiмен Спандияр сол мектепке алынады. Содан кейiнгi жылдары Қарағайлыкөл деген жердегi төрт жылдық болыстық мектепте бiлiм алады да, Қостанай қаласындағы Алтынсарин ашқан орыс-қазақ мектебiнде оқуын жалғастырады. Ендi ол осы қаладағы жаңадан ашылған екi жылдық педагогикалық курсқа түсiп, оны 1901 жылы бастауыш мектеп мұғалiмi деген мамандық бойынша бiтiрiп шығады.

Спандияр Көбеев Петропавлскiде оқытушылық қызметiн атқарып жүргенде, сол кездегi ұлы орыс халқының атақты жазушысы И. Крыловтың бiрнеше мысалдарын қазақшаға аударып, баспаға ұсынады. Ол аудармалары «Үлгiлi тәржiме» деген атпен 1940 жылы және «Үлгiлi бала» 1912 жылы кiтаптары басылып шығады. Осы кiтаптарына енген өлеңдерi мен әңгiмелерi жасөспiрiмдердi еңбек пен бiрлiкке, тату-тәттi ынтымаққа шақырған.

С. Көбеевтiң қазақ топырағында тұңғыш романдарының бiрi болған «Қалың мал» 1913 жылдың қазан айында басылып шығады. Бұл роман шығармашылық өмiрiнде ерекше орын алады. Мұнда қазақ ауылының әлеуметтiк суретi, қазақ әйелiнiң тағдыры, оның теңсiздiгi және жастар өмiрi, ойын-той салттары туралы бейнеленген. Атайдың соңғы жылдары жазған «Орындалған арман» атты мемуарлық еңбегi 1954 жылы өңделiп, екiншi рет кiтап болып баспадан шығады. Кiтаптың негiзгi мазмұны педагог-жазушының өткен өмiр жолы, қоғамдық қызметi, ортасы мен дәуiрi жайлы шығарма. Әсiресе, Ы. Алтынсариннiң халықтық қызметiн көрсетуге көп көңiл бөлген. Ұлы ағартушының iзбасары С. Көбеевтiң кезiнде жоғары бағаланып, екi дүркiн Ленин орденiмен марапатталып, «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген мұғалiмi» деген құрметтi атақ алған және Республика Жоғарғы Кеңесiне депутат болып сайланды.

Өз дәуірінің прогресшіл талап-тілектеріне жауап беруге тырысқан, орыс мәдениетінің жаршысы бола білген және ұлттық әдебиетте тұңғыш роман жазған Спандияр Көбеевтің есімі ХХ ғасыр басындағы қазақ мәдениетінің тарихынан құрметті орын алады.

Телет батыр – Өтейдің немересі, Тайірқұлдың баласы.

Телет батырдың ерлігі ХІХ ғасырдағы болып жатқан оқиғаларда кездеседі. Телет батырдың тоғыз ұлы болған. Өзі 1822 жылы дүниеге келген. Телет батырдың бойы биік, ірі денелі, кең иықты, суық шалмайтын кісі болған. Телет батыр 1838 жылы Кенесары Қасымұлына қалын қол жинап қатарына қосылған. Батыр өз жүз жігітімен бірге талй кескілескен ұрысқа түскен. Осының дәлелі ретінде, Ор қаласынан шыққан орыс-казактары қазақтардың Жетіқара жақта ауылдарын шауып жатқан жерінде Телет батыр жүз қолымен бірге ұрысқа түседі де, орыс-казактарын шегінуге мәжбүр етеді. Осы шайқаста ұрыс даласында 3-4 жасар баланы көріп қалады, жаумен алыса жүріп баланы сауытының астына жасырып жау қолынан аман шыққан туралы деректер бар. Артынан сол баланы ер жеткізіп, өз алдына отау қылған екен. 1846 жылы белгілі себептермен Кенесары және оның қолдаушы батырлары ауылдарымен бірге Шу, Балқаш жаққа кетуге мәжбүр болды. Телет батыр да өз ауылымен, жасақтарымен бірге ілесіп кетеді. Кенесары қырғыздарымен соғыстар алдында, батырларына сауын айтқызып, кол жинатқызады. Телет те ауыл-ауылды аралап, жасақ жинайды. Кей ауылдар жасақ жинап берсе, кей ауылдар өзімізге де керек дер жасақ бермейді.

1847 жылдың көктем кезі. Майтөбе мен Кекіліксеңгір деген жерде Кенесары қолы қырғыз, орыс, қоқан әскерінің қоршауда қалып, кескілескен соғыс болады. Сол айқастан Телет батыр жарақат алып, Ағыбай, Жәуке, т.б. батырлармен бірге жау шебін бұзып шығып, елге оралған. Кенесары көтерілісі аяқталып, біраз жылдар өтіп, Телет батырдың балалары өсіп жетіледі. Телет батырдан тараған ұрпақтар қазіргі Қостанай облысы Әулиекөл, Науырзым, Амангельді аудандарында және Арқалық, Қостанай қалаларында тұрады. Батырдың зираты Амангельді ауданында Сарыөзен өзенінің бойындағы Үштоғай деген жерде.
















ҚОРЫТЫНДЫ


Атадан балаға мұра ұлтжандылық қасиетті, дәстүрді берік ұстанып, бабалар рухын қастерлеп оралған азаматтардың бұл ісі көпке үлгі боларлық. Осылайша, Тобыл мен Жайықты жайлаған елдің арасындағы ұрпақтардың рухани байланысы қайта жаңғырды. «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деп бабаларымыз айтқандай, осы бір шағын сапардың барысын ой өткізгенде, кең байтақ еліміздегі бүгінгі берекелі бірліктің бабадан балаға асыл мұра екендігін айқын аңғарымыз. «Отан от басынан басталады» дейді халқымыз. Ендеше, Елбасының ұстанған кемел саясатының арқасында әлемнің озық дамыған отыз мемлекетінің қатарына енуге талаптанып жатқан еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақтардың бойына отансүйгіштік қасиетті дамытуға да осындай игі бастамалардың қосар үлесі мол болмақ.

Түйіндей айтқанда, қазақтың кең даласын сонау аласапыран заманыңда «Найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен» қорғаған батырлар тұлғасы еліміздің болашақ ұрпағына үлгі-өнеге болары сөзсіз. Ұлы бабаларымыз іс-әрекеттерінің алдында бас иген ұрпақтары сол қилы заман оқиғаларына түрлі тарихи жырлар, ұзақ толғаулар арнап, ұрпаққа жеткізеді. Біздің парызымыз сол деректерді ғылыми сараптаудан өткізе отырып шынайы қазақ тарихындағы батырлардың ерлігін паш ету.











ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


  1. Н.Ә.Назарбаев Тарих толқынында. Астана 1997 жылы.

  2. Қ. Әлім, С. Меңдібай “Терең тамыр” Астана. Фолиант. 2009 жылы.

  3. Н. Әбуталиев. “Шоқ жұлдыз” Қостанай газеті 17.04.2009 жылы

  4. Біз батырларымызды әлі білмей жүрміз” Атырау газеті 18.06.2008 жылы

  5. Қазақ Совет Энциклопедиясы” – Алматы 1996 жылы. ІІ, ХІ том.























ҚОСЫМША

  1. Өтей батыр

  2. Өтей батырдың көктасы

  3. Өтей бабаның көктасы табылды

  4. Туған топырағы Қызбелдегі құлыптасы

  5. Өтей шежересі

  6. Спандияр Көбеев


16


Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-199651

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG