Инфоурок Другое Статьи"Белсенді оқыту стратегиялары арқылы оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту жолдары" тақырыбы бойынша өткізілген коучинг сабағына рефлексия

"Белсенді оқыту стратегиялары арқылы оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту жолдары" тақырыбы бойынша өткізілген коучинг сабағына рефлексия

Скачать материал

                                                                     Қосымша №3

                                                          Нархашова Рабия Нуралбаевна                    

                                               Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

                                   ОҚО, Шымкент қаласы №85жалпы орта мектеп

   

"Белсенді оқыту стратегиялары арқылы оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту жолдары" тақырыбы бойынша өткізілген коучинг сабағына рефлексия

 

            Коучинг сабақ тақырыбын таңдауды негіздеу;

Коучинг сабағымның тақырыбы: Белсенді  оқыту стратегиялары арқылы оқушылардың функционалдық оқу  сауаттылығын дамыту жолдары                                                                                                                       

      Функционалдық сауаттылықты дамыту- заман талабы. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2012- жылғы 27- қаңтардағы  "Әлеуметтік экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының  басты бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруды үкімет алдында нақты міндет етіп қойды. "Қазақстан- 2050"Стратегиясы: Бәсекеге  қабілетті дамыған мемлекет болу үшін  жоғары білімді ұлт болуға тиіспіз.  Бүгінгі таңда адамдардың қарапайым сауаттылығы жеткіліксіз екені айқын.  Балалардың жалпы алғанда өскелең ұрпақтың функционалдық сауаттылығына  көп көңіл бөлу қажет.  Бұл балаларымыздың қазіргі өмірге бейімделуі үшін маңызды",- деп атап өткен болатын.

      РISA халықаралық зерттеуінің негізгі үш  бағытының ішінде оқу сауаттылығының орны бөлек. Мектептегі және өмірдегі оқу үдерісінің барлық сапасы оқу сауаттылығына  байланысты.  Тәжірибеде көрсеткендей , сауатты оқуды үйренбеген адам  басқа пәндер бойынша қажетті деңгейде  жауап бере алмайды. Сондықтан да балаға кітапты білім мен ақпарат көзі ретінде қолдануға үйретіп, кітап әлеміне оқушыларды тарту және оқу сауаттылығын  дамытуға ықпал ету- мектептің басты міндеті.                                                                                                     

              Өткізілген сабақтың тиімділігін талдау, бағалау;              Коучингтің мақсаты: Әріптестерге белсенді оқыту стратегиялары арқылы  оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын  арттыру жолдарын үйрету.                                                                                                                  Адамның потенциялы үлкен. Джон Уитмор барлық адамдардың  күнделікті өз өмірлерінде  көрсеткендерінен де , ішкі қабілеттері үлкен болады деген екен. Коучтың міндеті сол ішкі қабілеттерді дамыту,белсенділікке жағдай жасайтын, дамытушы сұрақтар арқылы, әр проблемаға әр түрлі қарауға мүмкіндік беретін жоспар негізінде тәлім алушылардың мүмкіндіктерін аша білу болып табылады. Топ жұмысының нәтижелі болуының  бір талабы- оқыту барысында  шешімін табуы тиіс міндеттерге  коучтың ықпал етуі.            

        Коучинг басында көңілге қонымды музыка ырғағымен "Жақсы тілек" тренингі өткізілді. Тілек жазылған парақшалар таратылып сол парақшадағы гүлдердің түсіне орай ізгі тілектер айтылып өтті. Мысалы, Ақ гүл- жолың ақ болсын. жасыл түс- идеяларың жасыл  шөптей қауласын т.с.с.  

1- топ Ақ, қара гүлдер,  2- топ.Қызыл, сары гүлдер, 3- топ. Жасыл, көк гүлдердің түсіне қарай топтасты. "Ән- көңілдің ажары" демекші коучингті "Көңілді ән" тренингі ретінде  "Армандастар әнімен бастадық.  Қатысушылар арасында өзара байланыс,сабаққа қызығушылығы оянды деп айта аламын.  Себебі ән арқылы мұғалімдер әрі сергіп, әрі шабыттана түсті.

    "Ой қозғау"  1- сұрақ. Функционалдық сауаттылық дегенде нені түсінесіздер?                                                                                                                                  2- сұрақ. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалай дамытуға болады?

3- сұрақ. Функционалды сауаттылықтың жетіспеушілігі қалай білінеді.

 Қатысушылар функционалдық сауаттылық жайлы берілген сұрақтарға өз білгендерінше жауап берді. Функционалдық сауаттылық жайлы   Power point  бағдарламасы бойынша  таныстырылым жасадым.                                                                                               1- тапсырма  "Шатастырылған логикалық тіркестер" стратегиясы бойынша  қағазға түрлі пішінде функционалдық сауаттылық жайлы араластырылып жазылған тіркестер таратылды. Тапсырма: Сол тіркестерді анықтама ретінде  орналастыру қажет. 1- топ. Функционалды сауаттылықтың формалары                                                          2- топ.  Функционалды сауаттылықтың ерекшеліктері                                                    3- топ. Функционалды сауаттылықтың жетіспеушілігі қалай білінеді? Топ мүшелері араласып берілген тіркестердің мағынасына қарай отырып, өз ойларынша таңдап түрлі бейнелеулер арқылы постер жасады. Топтағы баяндамашы постерді түсіндіріп өтті. Үш топтың жауабын тыңдап болған соң өздерінің жазған ойларының дұрыс- бұрыстығын нақтылау мақсатында дұрыс жауаптарды ұсындым. Әр топ өзіне -өзі баға берді. Қатысушыларға  бұл стратегиясы" Шатастырылған логикалық тіркестер" екенін, және де өз жұмыстарын бағалауға берілген бағалау түрі "Жауап үлгілері бар топтарда өзін -өзі бағалау " түрі екенін таныстырдым.

2- Тапсырма "Ойлан -Жұп, тауып ал Бөліс" стратегиясы.                                        1- Ойлан. XXI ғасырда оқушылардың қажетттіліктерінің өзгергендігі туралы ойланыңыз.                                                                                                2- Жұптас.  Серіктесімен өз ойын талқылып, олардың мұғалімдер үшін қандай маңызы барын ойластырыңыз. 

3- Бөліс.  XXI ғасырдың мұғалімі үшін маңызды болып табылатын қасиеттердің қысқаша тізімін жасаңыз. Мұғалімдер өз ойларын тұжырымдап, жұптасып ой бөлісіп,  XXI ғасырдың мұғалімі үшін маңызды болған қасиеттердің қысқаша тізімін жасап, ортада бөлісті.                                                                                                                      Қазіргі таңда заманауи оқушының басқа да біліктері қатарына  келесі біліктер жатады: түрлі типтегі және стильдегі жазба жұмысын әзірлей алу, сөйлемдерді қиналмай құрастырып,  сұрақтарға жауап беру, түрлі іс- қағаздарын рәсімдей алу. Оған қоса кітаптардан, анықтамалардан  энциклопедиялардан,  Интернет желісінен қажетті ақпаратты тауып, сұрыптай алу, сұлбаларды құрастыра және оқи білу, БАҚ-тан және басқа да дерек көздерінен алынған ақпаратты қолдана алу біліктері өте маңызды болып табылады. Функционалдық сауаттылықтың қалыптасуына  тұтас және жадағай  мәтіндер бойынша арнайы тапсырмалар ықпал етеді. ("Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын  дамыту жолдары" әдістемелік құралы 48- бет)                                                                             

"Жақсылық пен жамандық" әдеби мәтінімен жұмыс жүргізілді.  Қатысушылар мәтінді оқып түсінген соң функционалдық сауаттылығын дамытушы белсенді оқыту стратегияларының   үш топқа үш түрі таратылды. 1- Топ. "Ақылды үкілер", 2- топқа Жуан және жіңішке сұрақтар негізінде "Желпігіш" стратегиясы, 3- топқа  "Блум түймедағы" .Топ мүшелері өздеріне берілген Стратегияның ерекшелігін таныстырып, мәтін бойынша деңгейлік сұрақтар әзірледі. Мысалы........................Жіңішке сұрақтарға қарапайым сұрақтар, ал жуан сұрақтарға талдауды, жинақтауды,  бағалауды қажет ететін  деңгейлік сұрақтар қоюға үйренді.                                                      

      Қатысушыларға бұл тапсырма күрделі әрі ойлануға мүмкіндік беретін болғандықтан "Жүгіру ассоциациясы ретінде сергіту жаттығуын жүргіздім.1- топ.  Мен белсенді оқыту стратегияларын үйренгім келеді өйткені...                                                                                             2- топ.  Мен бүгінгі коучингте белсендімін өйткені....

3- топ.  Мен өз кәсіби біліктілігімдің арттыру үшін.... дей отырып өз ойларымен жалғастырады. Бұл әдістің тиімділігі жылдам әрі нақта жауап беруге дағдыланады.

Эдвард де Бононың  "Ойлаудың алты қалпағы" әдісі  бойынша сұрақ - жауап өткізу арқылы қатысушылар жоғарыдағы берілген гүлдің түстеріне қарай алты топқа бөлініп, ортақ бір проблемаға әр түрлі пікір айтты. Сұрақтарға жауап берді. Ақгүлдер- обьективті ойлар, Қызыл- эмоция биігі, Қара-  рахымсыз, қатал, Сары- сәулелі өмір , талпыныс, Жасыл- шығармашылық бастамасы, жаңа идея, Көк- болашақты ойлау.

 

 

 

.......

 

Коучингтегі іс- әрекетті қорытындылау үшін "Ара ұясы" стратегиясының тиімділігі байқалды.Қатысушылар жұптасып, бүгінгі тақырыпқа байланысты 2 сұрақ дайындап қалғандары сол сұраққа жауап берді. Осылайша өтілген тақырып толық қамтылды деп айта аламын. Кері байланыс арқылы әрбір қатысушының өз ойын анықтадым.

 

Коучингті не сәтті өтті?

        Коучингте жоспарланған стратегиялардың бәрі де сәтті өтті деп айта аламын. Себебі, қатысушы әріптестерімнің бал- бұл жанған жүздерін, ризашылықтарын көріп, менің де марқайып қалғаным рас. Коучингтің әрбір сәтін ой елегінен өткізіп тек бақытқа бөлендім. Коучингте екінші деңгей бағдарламасының негізгі мазмұны  өзара байланысты жеті жеке модуль шеңберіндегі Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, диалогтік оқыту, бірлескен оқу, Сын тұрғысынан ойлауға үйрету,  Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау түрлері қамтылды.  Мұғалімдерді  белсенді әдіс- тәсілдер арқылы сын тұрғысынан ойлауға,ой -пікір, пайымды қалыптастыруға, диалогтік оқуын   ықпал ете білдім деп ойлаймын.Коучинг арқылы Чиксентмихайдың "өзіндік мақсат" деп атайтын,  және Райан мен Декидің "ішкі уәж" деп атайтын қасиеттерінің болуына жағдай жасауға тырыстым. Басқаша айтқанда әріптестерім өзін- өзі ынталандыруға әсер етіп қызығушылығын оята білдім деп ойлаймын.

·        Не сәтсіз өтті? Сәтсіздік болмаған сияқты.

Бағдараманың идеяларына қатысты мұғалімдерді оқытуды бағалау.

·   Бағдараманың идеяларына қатысты мұғалімдерді оқытуды бағалау

·     Мен өткізген коучинг сабағының нәтижесінде менің мұғалім әріптестерім нені үйренді:

·        1. Белсенді оқыту стратегиялары арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдарын үйренді.

·        2. Сын  тұрғысынан ойлауға қалай үйретуге болатынын үйренді.

·        Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылатытын, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда оқудың тиімді құралына айналатынын және оны жақсарта  және кеңейте алатынын түсінді. Жіңішке сұрақтар- қарапайым сұрақтар, ал жуан сұрақтар - талдауды, жинақтауды, бағалауды қажет ететін сұрақтар екенін түсінді.

·        Коучингке қатысқан әріптесім Скендерова Гульназдың 5-"А"сыныбындағы  сабағына ену арқылы  Жуан және жіңішке сұрақтар жазылған "Желпігіш" стратегиясын,  тиімді пайдаланғаныңның куәсі болдым.Оқушылардың жас ерекшелігіне сай пайдаланылған бұл стратегия әрбір оқушының көңілінен шығып, сабаққа ынтасын, белсенділігін арттырды. Сабақтың соңында  "Айдаһар" кері байланысы  арқылы оқушылар жаңа тақырыпты толық түсінгендерін білдірді.   Бағалау парақтары таратылып, топ басшылары бағалады. Оқушылар бірлесіп постер құрды.

·        Менің  мектептегі әріптестеріме жүргізген іс- әрекетімнің нәтижесі  өз жемісін беруде. Мен мұны өз әріптестерімнің  өзгеруінен, іс- тәжірибесінің жаңартылуынан байқап келемін. Себебі осы стратегияларды пайдаланып ашық сабақтар өтуге өздері қызығушылық танытып, кәсіби шеберліктерін арттыруға әрекеттеніп жатқаны да рас.

·         Оқыту мақсатына қатысты мен өзімнің әріптестеріме Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді меңгерту,әрқашанда қарқынды дамып жатқан білім әлеміне еркін жүзуіне үлкен үлес қосып, ізденуден талмай   әрқашанда үйретуден жалықпаймын дегім келеді. Жаңаны іздей отырып, әріптестерімнің кәсіби дамуына қолдау көрсетемін. 

·         

·        Болашаққа жоспарым:

·         Коуч мұғалімге тән қасиеттерді бойыма сіңдіре отырып, әріптестерімнің  кәсіби дамуы үшін  жеті модуль аясында табысты оқытуға қол жеткізуге әрқашанда ұмтыламын.

·         Оқушыларға, ортаға және ресурстарға лайықтап нақты кезеңде қолданылуы  тиімді оқыту элементтерін "реттеп" отыратын табысты мұғалім дәрежесіне жеткізуге әрекеттенемін.

·        Әріптестерме ойлау жолдары, жұмыс әдістері мен оларды іске асыруға арналған құралдармен қаруландыруға әрекет жасаймын.

·        Алдағу уақытта  «Диалогтік оқытудың  оқыту мен оқудағы маңыздылығы»  тaқырыбы бойыншa коучинг  өткізу арқылы тиімді әдіс- тәсілдерді тереңірек меңгертуге ат салысамын.

 

      «Таза өнердің иесі жомарт келеді» деп Сайф Сарай айтқандай өз бойымдағы бар білімім  мен  іс-  тәжірибемді әріптестеріммен  бөлісе отырып, елдің ертеңі болған жас ұрпақты білім нәрімен сусындатудан жалықпаймын! дегім келеді.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Белсенді оқыту стратегиялары арқылы оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту жолдары" тақырыбы бойынша өткізілген коучинг сабағына рефлексия"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Старший рекрутер

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 386 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.06.2016 4957
    • DOCX 1 мбайт
    • 26 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нархашова Рабия Нуралбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нархашова Рабия Нуралбаевна
    Нархашова Рабия Нуралбаевна
    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12600
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой