Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Бермахан Мәшенбаев тың өмірі мен қызметі туралы

Бермахан Мәшенбаев тың өмірі мен қызметі туралы

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов


1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Ақтан батыр ауылы

190 орта мектеп



hello_html_m3857c19c.gif


hello_html_1cbf4fb8.gif


(Азамат соғысының ардагері, колхоз құрылысын ұйымдастырушы Бермахан Машенбаев туралы)



hello_html_475ab3db.gifСыр қойнауында



hello_html_m66f5d0c8.gif Тау бейнелі тұлғалар

hello_html_m681eb185.gifОрынбай Ғасырбек Кәрібайұлы

10сынып оқушысы


hello_html_7a1ea7e6.gifМеңдібай Қарашаш

Андақұлқызы

Математика пәнінің мұғалімі





2015– 2016 оқу жылы




Аннотация

-Зерттеу жұмыстарындағы мақсат –атаның өмірін халыққа жасаған қызметін елін сүйген ер екенін,тағылымы мол тұлға екенін нақты деректер арқылы дәлелдеп Жақсының өзі өлгенмен істеген жақсы істері арқылы ел есінде қалатынын көрсетіп,Қазыналы қазалы жерінің перзенті Бермахан Мәшенбаевтың өнегелі өмірі мен таныстыру ,


Зерттеудің барысы:


- Жұмысымды тарихи деректер,музейдегі құжаттар, ұрпақтарының және үзеңгілес інілерінің қазіргі ауыл ақсақалдарының әңгімелеріне сүйендім.Зерттеу жұмысымдағы өзекті мәселе –Бермахан Мәшенбаевтың колхоз жұмысына басшылық жасап қоймай,әркез жақсы істердің басында жүретінін,халықпен тығыз байланыста болып оларға рухани және материалдық көмек көрсетіп отырғанын, сол істері арқылы есте қалып ел аузында жүргенін жеткізу.


Зерттеу жұмысымның жаңалығы :


- Бермахан Мәшенбаев бұрын зерттелмеген тұлға. Оның революция жеңісін сақтап қалу жолындағы күресі,жазықсыз жала жабылуы,соғыстан кейін халық шаруашылығын келтіруде және Қазалы қаласындағы мешітті қайта ашуға еткен еңбегін болашақ ұрпаққа жеткізу. Бермахан Мәшенбаевтың өмір дерегімен толықтай таныстыру. Жұмысымды жазу барысында әңгімелесу ,жазып алу мұрағат материалдары, салыстыру дәлелдеп сараптама жасау әдістерін пайдаландым.


Жұмыстың құрылымы:


Кіріспе, екі тараудан тұратын зерттеу бөлімі, қорытынды пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.Кіріспеде тақырыптың өзектілігі мен мақсат міндеттері оны орындау жолдары сөз болады.

І бөлім. Өмірдің қилы кездері

ІІ бөлім .Отан деп соққан жүрегі.

Үкіметтен алған марапаттаулары мен атақтары, отбасы, туыстарымен замандастарынан естеліктер беріледі.

Қортындыда болашақта атқарылатын істерге ұсыныстар берілген.




2


Кіріспе.


- Өткен өмірді бүгіннен бүгіп қалуға болмайды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев мемлекеттік «Мәдени мұра бағдарламасын жариялау арқылы рухани мұрамызды түгелдеп, ұрпаққа ұлтжандылықтың ұрығын себудің үлгісін көрсетті.


Зерттеу тақырыбының маңыздылығы:


-Бермахан Мәшенбаевтың өмірімен қызметін зерттей келе оны көпшілікке таныстырып өнегелі өмірімен отан сүйгіштігін,өз мұддесінен халық мүдесін жоғары қоятын жастарға үлгі өнеге ету. «Өнегелі өмір» атты ғылыми зерттеу жұмысымның маңыздылығы осында . Ауылымызда Бермахан Машенбаев атындағы көше бар.Ұлы отан соғысы кезінде «Құрмет белгісі» орденімен және «Еңбектегі ерен еңбегі үшін « медалімен бұдан кейінде бірнеше медальдармен марапатталған тұлғаны зерттеп халқына жеткізуді жөн көрдім .


Зерттеу жұмысымның мақсаты мен міндеті:


Б.Машенбаев туралы зерттеудегі мақсатымды орындау үшін алдыма мынадай міндеттер қойдым:

-Атаның баласы Тілеулес Машенбаевпен кездесіп әңгімелесу,естеліктер жазып алу .

- Ғ.Мұратбаев мұражайындағы материалдармен танысу.

-Б.Машенбаев үзеңгілес інілерімен кездесіп естеліктер алу.

-Б.Машенбаев туралы материалдар жинақтау,тыңдеректермен толықтыру және болашақ ұрпаққа тағылым ретінде жеткізу.

Зерттеу жұмысындағы міндеттерді шешу әдісі:

Тақырыпты зерттеу кезінде жинақтау, талдау салыстырмалы талдау,сараптама жасау әдіс тәсілдерін пайдалану.

Б.Машенбаевты зерттеудегі мақсатым атаның жақсы істерін жаны жайсаң жан екенін болмыс бітімін жан-жақты ашу.








3


Өмірдің қилы кездері.


Машенбаев Бермахан 1900 жылы №15 ауылда (қазіргі Жанқожа батыр ауылы) дүниеге келген, әкесі Машенбай өз заманында өте турашыл әділ адам болған,оның үнемі қолында қамшысы жүреді екен.Сол кездегі әділдікті іздеген қала тұрғындары Машенбай атамызға жүгінеді екен.Патшалық Ресейдің дәуірлеп тұрған заманында қаладағы орыстар қазақтарға қысым көрсете бастаса,олар Машенбайға айтамыз деп отырған,,әрине барлық орыстар олай болды деуден аулақпын.

«Өзгелерге өздігіңнен ұрынба–басынғаның болады, Болмашыға бола ренжіме ашынғаның болады:» деген өнегені жастайынан бойына сіңірген әке тәрбиесі,анасының «Ашу дұшпан ақыл дос,ақылыңа ақыл қос » деп үйреткен тәрбиесін Бермахан атамыз өмірінің түп қазығына айналдырған.

Атамыз Қазалы қаласындағы ноғай молдасынан арабша хат танып, орыс балаларынан орысша тілді жетік меңгерген.Өзінің еңбек жолын 16 жасында кулак Егоровқа жұмысшы болудан бастаған атамыз сол кездегі өмірде болып жатқан өзгерістерге бей –жай қарамаған.17 жасында революциялық комитетке мүше болып, Қазалы қаласына Кеңес үкіметін орнатуға өз үлесін қосты. Большевиктердің саясатын халыққа ұғындыруда Б.Машенбаев ерекше еңбек етті, өйткені ол орыс тілін еркін меңгерген еді.

1917 жылдың 14-15 қарашасында атаман Дутов Орынборды басып алды. Сөйтіп олар Түркістан республикасын орталықтан бөліп тастады. Соған байланысты Қазалыда 500 адамнан жасақталған Қызыл гвардия ұйымдастырылып оның құрамына Б.Машенбаев алынды.1918-1922 жылдар арасын Чапаев басқарған даңқты 25 –ші дивизияның 217-ші Пугачев полкінің құрамында Кеңес үкіметін ақ гвардияшылардан қорғауға қатысып ерлікпен шайқасты. Украйна төменгі урал майдандарында ақ гвардияшыларды тізе бүктіруге ат салысты.

Екі рет жарақат алып әскери есептен шығарылып Орынбор -Ақтөбе майданы арқылы елге оралған.

Елге оралғаннан кейін Кеңес үкіметін орнату ісіне белсене араласты.Партия оны оқытты тәрбиеледі сен « Шала сауатты» екенсің демеді , қолынан іс келетін ұйымдастырушылық қаблеті бар адамдар партия қатарынан табылды.Алда қиын қыстау міндет-жаппай колхоздастыру арқылы ауыл шаруашылығын социализм негізінде қайта құру тұрды. Сондай ірі шаруаларды іске асыру үшін




1924 жылдан бастап мекемелерді басқару қызметіне кадр

дайындады. Ондай кадрларды батырақтармен кедейлердің жиналыстарында талқылап, сұрыптап алды. Солардың ішіндегі талантты азаматтарынан қабылданды. Сонан кейін уездік,аудандық комитеттерде олардың тізімі бекітілді. Бекітілгеннен кейін қоғамдық,мемлекеттік басқару қызметіне жоғарылатылды. Осы тәртіппен жоғарылатылған басшы қызметкерлер «выдвиженица»деп аталады. Солардың бірі Бермахан Мәшенбаев. 1928 жылы аудандық ауыл шаруашылық өндіріс кооперациясының басқарма бастығының орынбасары болды.Осы кезде ауданда қоғамдасқан шаруашылық 40% -тен артық болмады. Жеке меншікті шаруаның көпшілігі «Қарақалпақ» шекарасына дейін көшетін малды ауылдарда қалды.

Оларды колхозға ұйымдастыру егіншілерге қарағанда қиын болды. Оларды колхоздастыру үшін үнемі ат үстінде жүру керек болды. Колхоздастыру жұмысы жандана бастағанда ауданға байлардан алынған малдарды колхоздармен артельдерге ұқыпты бөліп олардың есебін нақтылайтын пісентті жауапты адам керек болды. Байлардан жиналған мал таран-таражға түспес үшін аудан басшысы бұл жұмысқа Б.Мәшенбаевты лайықты деп тапты. Сөйтіп атамыз 1929 жылы аудандық мал шаруашылығы кооперациясының басқарма бастығы болды. Қазалыдағы Уақ атты шөмекейдің Зейнеп есімді қызымен көңіл қосты. Зейнеп анамыз өте кішіпейіл ,ізетті жан екен.Жарының қас –қабағына қарап үйдегі шаруаны өзі тындырып, Бермахан атамыздың үнемі халыққа жақын болып сыртта жүруіне ықпал жасаған. Байлардың жасырған малдарын тауып,оны колхозға өткізу әрине байларға ұнамады. Байлар малын жасырды, жандарын көбейтіп жаздыруға тырысты. Совет қызметкерлеріне пара беріп сатып алуға әрекет жасады. 1931 жылы ауданды колхоздастыруды аяқтау, байларды тап ретінде жою үшін « кіші қазан» ревалюцияны жүргізді. Ол кезде аяқ асты істі болу аты –жөні ата тегіне қарап бәле іздеу кезеңі болатын .

1933 жылы байдың қызына үйленген деген жаламен Б.Машенбаев сотталып Қазалы қаласында жазықсыз жандарды қамаған сонау патша үкіметі кезінде салынған түрмеде жеті ай отырды. Бұл түрме кешегі ғасырдың елуінші жылдардың ортасына дейін ө мір сүрді .Коммунистік партия қатарынан шығарылды. Осы кезде оған өзінің большевик жолдастары көмектесіп,қайын атасының өте бай болмай өз еңбегімен тапқан азын-аулақ малы барын тілге тиек етіп басшы ұйымдарға шағым түсіреді. Осы шағым негізінде Б.Мәшенбаев түрмеден шығарылады. Атамыздың осы түрмеде отырып түйгені«Қазақ қазаққа дос» болуы керек,бірлік бар жерде тірлік болатыны Түрмеге қамалдым деп жасымаған атамыз 1934жылы қызметі төмендетіліп,есепшілікке ауыстырылды. 1934-1939 жылдар аралығында Жаңаталап колхозында есепші болып қызмет жасап ,халықпен тығыз байланыста болды. Халықтың тұрмыс тіршілігіне

5

қанықты.Осы жұмыста жүріп халықтың жағдайының қандай қиын екенін колхоздастыру қарапайым шаруа және бай адамдар үшін де оңай болмағанын түсінді. Түсініп қойған жоқ асыра сілтеудің біздің халқымызға тигізер зиянын жеткізе білді. Өйткені халық табан ет маңдай терімен тапқан малынан айырылып,екішіден намысқа тиген құйтырқы сөздермен алыпқашпа әңгімелерден,жабылған жаламен қамау мен жер аудару сияқты азат пен ақыреттен қасіретке толы күй кешті. Малынан, жерінен дүние мүліктен айырылған адамдар жікке бөлініп,ел ішінде аңдысу, арбасу өш алып есе қайтару сияқты әрекеттер болып тұрды. Осы тұста ел басқаруда оңайға түскен жоқ.

Атамыз әрдайым ел ішінде болып халықты бірлікке ,ынтымаққа шақырды. Өз ара қырқысудың оларға ешқандай пайда келтірмейтінін түсіндірді.Бірлік бар жерде тірлік бар екенін атам қазақ басынан өткесін бізге өсиет етіп қалдырғанын түсіндірді. Колхозда есепші болған жылдарында ауданның есепшілері тікелей Бермахан атамыздан көмек сұрап ақылдасып отырған. Ешкімнің ала жібін аттамаған атамыз халықтың және ел басшыларының сеніміне ие болып 1940 жылы аудандық жер бөлімінің нұсқаушы бухгалтері болып жұмысқа кіріседі. Ол кезде ауданда ауылшаруашылығымен айналысатын 63 колхоз 2-МТС болатын. Бұл мекеме барлық колхоздарды механизммен қамтамасыз ететін. Осындай үлкен мекеменің есеп қисабын шығару асқан жауапкершілікті ,тынымсыз еңбекті талап етті. Партия қызметкерлері сан-салалы жұмыстарды өз дәрежесінде орындай білетін Б.Мәшенбаев атамызды өз қатарына лайықты деп тапты. Осы жылы қайтадан комунистік партияға мүше болды. Партияға мүше болу атамызға күш қайрат ,ерік жігер қосып ел экономикасын көтеруге ынта ықыласы күшейді.














6




Отан деп соққан жүрегі


Б.Мәшенбаев 1941 жылдан бастап «Жаңа талап» колхозының төрағасы болып қызмет жасап елде колхоздастыру кезеңі аяқталып, ел еңсесін тіктей бастағанда ,суық хабар «соғыс» жетті. Бұл жағдай Б.Мәшенбаев тің ел басқарудағы ісіне айрықша ауыр салмақ қосты. Елдегі жұмысқа жарамды азаматтар соғысқа алына бастады.Халықты «Бәрі де майдан үшін,б әрі де жеңіс үшін» деген ұранмен өнімді еңбекке жұмылдырды. Соғыс майданының төсінде отқа оранбасада, одан кем түспейтін тылдағы майдан Б.Мәшенбаевқа үлкен жауапкершілік болды. Колхоз ұжымы соғыс жылдарында мемлекеттік тапсырманың ауылшаруашылық өнімінің барлық түрі бойынша артығымен орындап отырды. Мемлекеттік тапсырманы орындай отырып, өз ауылдастарының жағдайын да естен шығарған жоқ. Өзі ауылдағы жас балалар және әйелдермен қоса таңның атысы күннің батысына дейін егін алқабында болды. Олардың от басыларың тамақпен қамтамассыз етілуіне көңіл болды. Колхоз басшысының бұл еңбегі көптеген адамдарға үлгі өнеге болды. Басшының тынымсыз еңбегін көріп,басқа колхозшыларда тынбай еңбек етті.Атамыз әруақытта халықпен бірге болып олар қуанса бірге қуанып, қайғысына ортақ бола білді.Адамдарды бір-біріне көмектесе білуге үйретті. Соғыс жылдарында майдандағы жауынгерлерге және танк колоннасына,самолет жасау қорына аудан жұртшылығы көмектесе бастады.Осы кезде «Қазақстан колхозшысы»атты танк колонасын жасақтау қорына Бермахан атамыз өз қаржысынан 100 мың сом ақша жіберіп,үлкен патриоттық өнеге көрсетті.Көп ұзамай Москвадан алыстағы Жаңа талап колхозына үкімет жедел хаты жетті. Онда былай делінген еді


«Қазалы, Қызылорда обылысы,Қазақ ССР-і Жаңа талап колхозының тұрғыны Мәшенбай Бермахан жолдасқа

Қызыл Армияның бронетанк күштері сіздің қамқорлығыңыз үшін менің сәлеміммен Қызыл Армияның алғысын қабыл алыңыз,Мәшенбай Бермахан жолдас.

И.В.Сталин.








7


Бұл бас қолбасшының жедел хаты кезінде аудандық «Большевиктік колхоз үшін» газетінде жарияланды.Соғыстың соңғы жылы Жаңа талап колхозының жұмысшылары аударма егіс көлемін екі есеге арттырып басты назарды мал басын көбейтуге жұмсады.Соғыс кезінде ел басқарған азаматтарға да, шаруаға да ,жұмыс істеу оңай болған жоқ. Әр кезеңнің өз талабы ,өз міндеті бар. Мұның үстіне Сталиннің саясаттың қатал заңдарымен қаулылары талай адамның тағдырын теріс айналдырып жіберді. Колхоз жұмысын жан аямай істеп жүрген көптеген әкелеріміз бен аналарымыз қатыгездіктік кесірінен біруыс бйдайға бола жаламен қуғынға ұшырап біразы сотталғанын естіген атамыз өз ауылында бұндай жағдайға жол бермеді.

Сонымен ел халықтың асыға күткен жеңіс күні де келіп жетті.Бүкіл халық жеңіс күнін тойлады. Жеңісті жақындатуға өз колхозшыларының үлесі барын Б.Мәшенбаев естен шығарған жоқ. Ел іші көңіді қауышқан анамен бала сағынысқан жас жұбайлар басқа да қуанышты жағдайлар болды. Төрағаның ендігі мақсаты елдегі шаруашылықтың қайта өркенден кең қанат жаюы болды. Бір күні ауыл поштасы Б.Мәшенбаевқа сарғыштан мөр басылған әскери пакетті ұсынды. Асығыс ашып қараса мынадай мазмұнда құжат бар екен.


Қазалы ауданы, «Жаңа талап» колхозы Қазақ ССР-і Б.Мәшенбаев жолдасқа Жолдас,Б.Мәшенбаев сіздің қаржыңызға жасалған танк №67973 далалық поштадағы подполковник Шеминнің бөлімшесіне берілді.

Танк әскерлерінің генерал-майоры Линодал 29 августь 1945 жыл №6-2977


Соғыстан кейінгі жылдарда Амангелді колхозын басқармасы болды.Колхозда бастауш мектепті жөндеуден өткізіп,мектеп білім беріп қоймай колхоздағы мәдени шараларды өткізілетін орынға айналды. Мектеп үйінің жанына әр түрлі талдар отырғызылды. Осы кезде колхозда бау-бақша өнімдерін өсіруге ықпал жасады. Бес гектар алма бағы болды басқа да жеміс ағаштары болды.Әр бір үйдің жеке бағы болу керек деп жеміс ағаштарын басқа жақтардан алып отырғызды. Колхоз мал және егін шаруашылығымен айналысты.1945 жылы 20 декабірде Қазақ ССР Халық Комиссарлары Советі Қазақ ССР мал шаруашылығы қызметкерлерінің Алматы қаласында өткен Республикалық Мәслихатына шақырылады.




8


hello_html_m788d0339.png





















hello_html_7c191cae.png






Осы жылы 23 декабрде «Еңбектегі ерен еңбегі үшін» медалін омырауына тақты.Б.Мәшенбаев ауылдастарына өзінің жаңашылдығын,іскер басшы екендігін әрқашан таныта білді. Өз үйінің жанынан жеміс бақтарын жасап оның іші түрлі жеміс ағаштарына толып тұрды. Елдің жағдайын білуге шыққан аудан облыс басшылары

9

Б.Мәшенбаев атамызға соғып,сәлем беріп жасыл желекке тұнып тұрған ауылды көріп таң қалған. Б.Мәшенбаев өзі оқымасада ауыл балаларына оқу білімнің керек екенін алдағы өмір білімділікті талап ететінін түсіндіріп отырған. Бұл сөзімізді сол ауылдағы мектепте оқыған ауыл ақсақалдары айтты. Ол кісі әсемдікке ,тазалыққа әрнәрсенің орнымен тұруына жаңалыққа жаны құмар жан болатын. Алғаш ауылға шифермен төбесі жабылған үйлерді салдыртқан. Басшы едім деп қарап жатпай жұмыстан соң бау-бақшасына қарап тыным көрмей балаларын еңбекке баулыды және ауылдастарына үлгі өнеге көрсетті. 1947 жылы соғыс жылдарында тылда жасаған еңбегі ескеріліп ұлы жеңістің екі жылдығына орай «Ұлы отан соғысы кезінде көрсеткен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.


hello_html_1a0afade.png



Жастайынан еңбекке араласып адамдармен қоян қолтық жұмыс істеуінің арқасында сол жылы «Құрмет белгісі » орденін алды.





10

hello_html_m17004b68.png



Бұл колхозшылар еңбегінің жемісі деп бағалаған Бермахан атамыз бітік өнім өсірген дихиндарға мал басын көбейткен малшыларға, егін жинау кезінде техниканы жақсы жөндеп ұстап жүргізген механизаторларға сый ақы дайындады. Ол кезде бұл шара адамдарды еңбекке тартудың бір жолы еді.1950 жылы үкіметтің колхоздарды ірілендіру саясатына сәйкес «Амангелді»,«Көларық»,«Жаңа талап», «1 май»,«Каганович» колхоздары бірігіп Амангелді колхозы болып құрылды. Енді осы колхозды кім басқарады екен сұрақ көпшіліктің көңілінде тұрды. Сол кезде аудан басшылары ақылдаса келе колхоз басқарудағы мол тәжірибесі бар Б.Мәшенбаевты таңдады. Ел ішінде басқа ауыл адамдарын тұрақтандыру үшін үй салу және мектеп үйін кеңейту ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамассыз ету жұмыстары жүргізілді. Елге маман кадрлар келе бастады. Қазіргідей тыңайтқыш және басқа отақ болдырмайтын заттар жоқ кезде салыны отақтан тазарту ісіне оқушы балалар жұмылдырылды. Бермахан атамыз қайнаған қызу еңбекке толы күндерін осы Амангелді колхозын тік тұрғызуға арнады. 1955 жылы Амангелді ,Ленин колхоздары және Қазалы қаласы бірігіп совхоз құрылды. Атамыз жылы орнын суытпай сол совхозда егіс бригадирі болып қызмет атқарды. 1958 жылы құрметті еңбек демалысына шығып, дербес зейнеткер атанды. Зейнеткерлік жасына

11

келуіне байланысты аудан басшылары атамызға Қазалы қаласынан мемлекет қаржысына үй салып берді. Осы кезде баласы Тілеулес аға №17-ші мектепте мұғалім болатын. Жасы ұлғайып құрметті еңбек демалысына шыққаннан кейін де жастар тәрбиесіне араласып отырған. Жастардың аудандық мәслихаттарына жиі қатысып,сөз сөйлеп ақыл кеңестерін беріп отырды. Ол ауыл ,қала мектептерінде жиі қонақта болып,жасөспірімдерге патриоттық адамгершілік және еңбек тәрбиесін беруге өз үлесін қосты. 1978 жылы «ССРО Қарулы күштеріне 60 жыл» медалімен наградталды.


hello_html_m1c484177.png



Атамыздың өмірі мен қызметі жайлы Ғ.Мұратбаевтың аудандық мемориалдық музейінде және №17 Ғани Мұратбаев атындағы қазақ орта мектебінде бұрыш ұйымдастырылған. 1989 жылы 15-шілдеде Бермахан Мәшенбаев 89 жасында дүниеден өтті. Өзінің қалауы бойынша денесі қалалық зиратқа жерленді. Бермахан ата әкеден үш ұл еді. Тетелес інісі Жамахан ішкі істер бөлімінде , колхоз шарушылығының әр саласында ұзақ жыл еңбек етіп,82 жасында қайтыс болды. Кіші інісі Аймахан 18 жасында Ұлы Отан соғысына қатысып ерлікпен қаза тапты.

Елу жыл бойы бір шаңырақ астында тұрып, жүз шайыспаған, бір – біріне ешқандай дауыс көтеруді білмеген, татулықтың қаймағын бұзбаған Зейнеп әжеміз көп ұзамай өмірден өтті.


12

Осы Амангелді колхозының ізі казіргі Ақтан батыр ауылында тұрады. Осы адамдарға қарап,Б.Мәшенбаевтің қандай үлгі өнеге дарытқанын біле аласың.Олардың әрқайсысы бір –біріне әрқашан көмек қолын созады.Бір-бірінің қуанышы мен қайғысын бірге бөліседі. Асар салғанда жаппай көмектеседі. «Көне Амангелдінің ізіміз», - деп бір-біріне бауырдай болып қатысады. Қарап тұрып қайран қаласың.«Өз өзіңді құрметте, жат жаныңнан түңілсін» деген сөздер осыларға арнап айтылғандай.Осы кісіні зерттеу барысында мен көптеген адамдармен сұхбаттасып, ой бөлістім. Бәрінің айтатыны Б.Мәшенбаев атамыз өз жұмысын асқан жауапкершілікпен қарайтын ,бастаған ісін тастамайтын өте қайратты,қажырлы кісі болған. Соғыстан кейін де халық жағдайы нашар уақытта колхозшылардың астық алғанын көрсе де көрмеген болып,білсе де білмеген кейіп танытқан.Соның арқасында ауыл адамдары ашаршылыққа ұшырамаған ұшырамаған.

Ел басқарған осылай екен деп ешкімге зорлық-зомбылық көрсетпеген, қайта ашынғанға ақылын айтып,тентекті тезге сала білмеген, сол арқылы халық құрметіне бөленген.

Ауданымыздағы «Қожанар ишан» мешітінің ашылуына да ықпал етіп 37 адамның қолы қойылған хат жолдап,мұсылманға мінәжат ету үшін мешіт керегін айтқан. Елге келген облыс, аудан басшылары Бәкең айтса болды деп әрқашан қадір тұтып сыйлаған. Бұл құрмет өз заманында әріден ойлай алатын көрегендігін екінші жағынан біреуге мәймөнкелеуді білмейтін турашыл мінезінен болар.

Кезінде үкімет пен партия Бермахан атамыздың еңбегін жоғары бағалады.Ол құрмет белгісі орденімен және бірнеше медальдармен, облыстық партия комитетімен Халық депутаттары обылыстық комитетінің грамотасымен марапатталған. Бермахан Мәшенбаев қарапайым ,кішіпейіл,іскер адал коммунист болған. Бермахан ата өмірден өткенмен оның ізбасарлары қалған ізін жалғастыруда.Атамыз 3 қыз 1 ұл өсіріп тәрбиелеген. Бүгінде қыздары Роза,Палина құрметті еңбек демалысындағы ұлын ұяға ,қызын қияға қондырған жандар .Ұлы Тілеулес Бермаханұлы Алматыда қыздар педагогикалық университетінде жұмыс істейді, педагогика ғылымдарының кандидаты,доцент.Келіні Злиха Оңалбайқызы Қазақ мемлекеттік транспорт академиясының аға оқытушысы . Тілеулес ағаның үлкені Эльвира Каспий–Шеврон компаниясында экономист, Әнуарбек Астана қаласында ұлттық қауіпсіздік комитетінде ,кішісі Қабыланбек Алматы қаласында прокуратура қызметкері. Бәріде балалы шағалы.1996 жылы Бермахан Мәшенбаевқа Ақтан батыр ауылынан көше есімі берілді.2000 жылы Мәшенбаевтың туған туысқандары және балаларының ұйымдастыруымен Мәшенбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай Б.Мәшенбаев атындағы көшеде киіз үйлер тігіліп үлкен ас берілді. Бұл жиынға аудан басшысының орынбасары Шарапат

Алтынбаев жолдас қатысты. Асқа туған туысқандары,құдалары және көзі тірі бірге қызмет жасаған ел ақсақалдары шақырылды. Жиында сөз сөйлеушілер Б.Мәшенбаев туралы өз естеліктерін ауыл тұрғындарымен бөлісті.

Б.Мәшенбаевтің сол кездегі жетістіктері ел басқарған азаматтардан үлкен ұйымдастырушылық қабілетпен саяси зеректілікті талап етті. «Ат ауыздығымен су ішіп, ер етегімен су кешкен» ереулі шақта еңсесі түспей жоқтан бар жасаған нар тұлғалы азаматтардың көрегенділікпен атқарған іс –қимылы кейінгі ұрпаққа өшпейтін өнеге болып қалды.
















































14


Қорытынды.

Б.Мәшенбаев туралы зерттей келе мынадай негізгі

нәтижелерге қол жеткіздім.

- Б.Мәшенбаев туралы және Қазалы өңірі туралы кітаптарды

оқып жүйеледім.

-Б.Мәшенбаевтың туған –туысқандарымен үзенгілес інілерімен

кездесіп әңгімелестім.

Зерттеу жұмысымның жаңалығы

Б.Мәшенбаев бұрын зерттелмеген тұлға. Сондықтан ата туралы деректерді бір жүйеге келтірдім. Азамат соғысында,колхоздастыру кезеңінде жасаған еңбектерін көрсеттім.

Осы зерттеу жұмыстарымның нәтижесін қорытындылай келе

мынадай ұсыныстар жасағым келеді.

-Б.Мәшенбаевты көзі көрген ақсақал,әжелеріміз бар кезде ол

туралы кітап шығарылса .

- Баласы Тілеулес Мәшенбаевты және басқа туған -туысқандарын

қатыстыра отырып деректі фильм түсірсе.

-№190 мектепте Б.Мәшенбаев атындағы мұражай ашылса .



























15


Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Е.Бөлекбаев.«Кеңес дәуірінің алғашқы кезеңіндегі Қазалы»

«Тамыры терең,тарихы кенен –Қазалы» кітабынан 2008жыл



  1. Н.Т.Мұсабаев, А.Н. Мұсабаева «Ортаймаған қазаны-қасиетті Қазалы». 1998 жыл

3. Н.Шамуратов «Қазалының Қаһармандары» 2005 жыл

4. Ә.Әлішев «Ежелгі Қазалы жері»

5. «АЗА» кітабы

6. Н.Аяғанов «Қазалы перзенттері» 2009жыл Алматы.


































Мазмұны



  1. Аннотация................................................................1


  1. Кіріспе .......................................................................2


  1. Зерттеу бөлімі .......................................................3 – 13


І тарау: Өмірлің қилы кезеңдері ..........................3


ІІ тарау: Игі істердің басында .............................6


  1. Қорытынды .............................................................14


  1. Пайдаланылған материалдар ..............................15


  1. Пікір ...........................................................................16


  1. Тіркемелер ...............................................................17 - 18













hello_html_m4649ea9b.jpg





hello_html_79df48f9.jpg




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-322159
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>