Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Видеоуроки / "Бесікті көркемдеп ою технологиясы" cабақ жоспары
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Технология

"Бесікті көркемдеп ою технологиясы" cабақ жоспары

библиотека
материалов

Сынып: 7

Уақыт: 45мин

Сабақтың тақырыбы: Бесікті көркемдеп ою технологиясы

Сабақтың мақсаты: Бесікке көркемдеп ою технологиясына үйрету

Оқыту: Кескіш пышақтармен жұмыс жасау технологиясына үйрету. Пышақтарға қолды жаттықтыру, техникалық еңбектің көмекші құралдарын дұрыс қолдана білуге үйрету.

Дамыту - Оқушылардың икемділігін, іскерлігін, шеберлігін дамыту. Жұмысты орындауға, ептілікке деңгейін баулу

Тәрбиелеу – Оқушылардың ұлттық салт – дәстүрін, қазақ өнерін құрметтеуге тәрбиелеу. Ұлтына деген мақтаныш сезімін ояту, эстетикалық талғамын ұштау.

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың оқыту әдісі: көрнекілік арқылы түсіндіру, нұсқау беру

Көрнекіліктер: нұсқау картасы

Керекті құрал – жабдықтар: ағаш, сызғыш, карындаш, кескіш пышақтар.

Жұмыстың ұйымдастыру түрі: топтық

Пәнаралық байланыс: технология, математика, сызу, бейнелеу өнері, география

Қолданылған әдебиеттер:

1) Оқушыға: Өстеміров К. Технология. Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2003. –208.

2) Мұғалімге: Өстеміров К.Ө. Технология. Жалпы орта білім беретін мектептердің 5-7 сыныптарына арналған бағдарламалар. – Алматы: Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы, 2004. – 16б., Өмірбекова М.Ш. Қазақтың ою-өрнектері. – Алматы: Өнер, 2005. – 563б. Өстеміров К. Технология. Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2003. – 208. 7-сынып әдістемесі, 7-сыныптың дидактикалық материалдары

Сабақтың барысы:

I – Себептік бөлім

II – Іс - әрекеттік бөлім.

III – Рефлексиялық бөлім.

Сабақтың мазмұны:

I Себептік бөлім. Сәлемдесу, түгіндеу, тақырыпты айту, дайындығын тексеру

II Іс - әрекеттік бөлім

1) Жаңа сабақты түсіндіру

Біздің қарастырып отырғанымыздай жазықтықты рельефтік ою формасы тек жазықтық пен рельефтік пішін нұсқасында ғана беріліп отыр. Овальдау тек оюлау түрінде ғана емес, оның фоны, немесе мұндай ою түрін рельефтік деп атайды. Ол әртүрлі болып келеді, оюдың пішіні көбінесе жазықтық бетінде рельефтік түрінде кескінделіп отырады (3-сурет). Рельефтік ою кезінде жазықтықты рельефтеу үшін рельефтің өзі фонның тереңдігімен өлшенеді және оюдың түрін кескіндеу барысында оның фонын дұрыс таңдау қажет. Осы тесіктер үшін ағаштың түрі мен құрал талап етіледі. Берілген тесікті орындау техникасы келесілерден тұрады: тақтайға сурет сызылады ол пішінің сызығы бойынша кесіледі оны овальдау оюдың екіжақ фонынан біршама кішігірім болуы керек. Соңында көрсетілген бағыт бойынша сызықтықтың екі жағына бойылады.

Рельефтік овальды ою. Тік формасы бойынша орналасқан оюды орта тұсынан таңдау керек. Яғни қалақша түрінде орындалады. Осы бойынша ағашты үңги бастайды, айналдырып жоғары көтеріп отырады. Жилкалар, тістер, сызықтар. Рельефті-овальды тесудің негізгі бөлігінде маңызды міндет атқарумен бірге тереңдікке 5-7 мм және оюдың рельефті жазықтықтан болғанын аңғару керек. Рельефтік тесу басқа көптеген декоративтік түрлерден еркін композициялық жағынан ерекшеленеді. Бұл тесу жұмысы жұмыстың үлкен шеберлік пен тәсілін ағашпен жұмыс істейтін құрал-сайман түрлерін талап етеді.

Рельефтік-овальды ою жұмысының орындалу келбеті. 1-Пішінді кесу, 2-фонын таңдау, мүсіндеу, 3-оюды өрнекті овальдау және фонды тазалау, 4- рельефтік және кесу жұмыстарын жүргізу.

Рельефтік ою элементтерін үйлерге жапсыруға болады. Яғни есік, оның жақтаулары және т.б. көптеген нәрсеге пайдалануға болады.

2) Сарамандық жұмыс

Кіріспе нұсқау

Салған суретті пышақтың өткір ұшымен бір бағытта сыза отырып, тілікше жасап ою-ағаш өңдеудің ішіндегі ең қарапайым, оңай түрлерінің біріне жатады. Қарапайым болғанмен өте әдемі көрінетін көріністен ішкі жан дүниенді толғандыратындай әсер аласың, бұл әдістер тек ағаштарға ғана емес, сүйек, мейіз беттеріне де түсіріліп отырады.

Әр оюдың өзіне тән оюлау әдісі, түрі бар. Сызып – тілікше жасап ойғанда сурет сызығын бойлай екі жағынан бірдей тіліп 2-4 мм тереңдікте жүргізіліп, бұрышынан келісіп жәркіштеніп, ұзынынан бөлініп алынады. Бұл жай пышақпен ойғандағы кескін. Ал, ұшбұрышты қашаумен не доғал қащаулармен жүргізілген кішкене жолақтар оны өңдеп кескен, оған қашаулардың жүзініңі формаларына сәйкес болып шығады. Мына төмендегі суреттен сол пышақтардың, қашау іспеттес құралдарын кесуінен тәжірибелік жұмыс арқылы пайда болған ағаш кесіндісіндегі суретті көресіңдер. Енді балалар берілген технологиялық карта бойнша жұмысқа кірісеміз.






Кесте 4. Технологиялық карта

Рет саны

Жұмыстың орындалу тәртібі

Қолданылға құрал-жабдықтар


1

Ағаштың бетін сүргілеп, тазарту,

Ағаш үстел, сүргі



hello_html_m2d7cba17.jpg

2

Трафаретті ағаштың бетіне түсіру.

Көшірме қара қағаз, трафарет, қарындаш




3

Контур бойынша қиып кесу


Кескіш құралдар, өлшеуіш құралдар.



hello_html_28fbd840.png

4

Қашау жүзін көлбеу салып, кертіп ою.

Кескіш құралдар, өлшеуіш құралдар.



hello_html_28fbd840.png

5

Шыққан қалыптың түбін тегістеу.

Кескіш құралдар, өлшеуіш құралдар.



hello_html_28fbd840.png

6

Тік оймыштарды жартылай дөңгелету

Кескіш құралдар, өлшеуіш құралдар.



hello_html_28fbd840.png

7

Шыққан фонның бетін қыру,тазалау.

Кескіш құралдар, зімпәра қағазы..



hello_html_28fbd840.png


Ағымдағы нұсқау

Оюдың бұл түрінде де негізгі композициялық мотив болып сол өзімізге белгілі дәстүрлі геометриялық оюлармен қоса зооморфтық жан-жануарларды бейнелеу стильдері қолданылады.

Сызып-тілікше жасап, суреттің бойымен оюдың теориялық мәнін түсінгеннен кейін мына төмендегі заңдылықтарды сақтай отырып жұмыс істеген жөн:

  1. Жасалатын заттың суретін, эскизін, кескінін дайындау.

  2. Бұйымдар мен заттар жасауға арналған тақтай дайындау.

  3. Тақтайдың бетіне сурет пен эскиздегі бейнені көшіру.

  4. Жұмысқа арналған сурет көшірілген тақтайды үстелге бекіту.

  5. Тақтай бетіндегі суретті ойып кесу процесін жүргізу.

  6. Дайын болған жұмысты өңдеу.

Ағаш тілікше жасап, оюды үйренгенде жұмсақ, жеңіл, ағаштарды алған жөн. Қандай ағаштар жұмсақ болатынын айтып кеттік. Жұмыс істеу үшін, айтылған заңдылықтарды сақтай отырып, абайлап, асықпай өзіміз ойылған бұйымның суретін салып, мөлшерін, қандай шикізаттан, қандай пішінде жасалғанын анықтап аламыз.

Сол бұйымды жасайтын тақтайды мұқият тексеріп дайындаймыз. Тақтайдың әбден кепкенін таңдап алып, сурет ойылатын бетін сүргілеп, тазартамыз да оған эскизді жапсырып көшірме қара қағаз арқылы суретті тақтайдың бетіне көшіреміз. Ертеде халық шеберлері суретті бірден пышақпен оя берген. Ондай әдісті сендер де біраз жатыққан соң қайталап істеп көрулеріңе болады. Халық шеберлерінің кереметтігі, материалды дұрыс түсініп өзіне бағындыра білгендігінде.

Сурет көшіріп болғаннан кейін тақтайды үстелдің бетіне арнаулы үйлесіммен шегелеп бекітіп, оюға кірісесіңдер.

Қапсырмалы ойма әшекейдің элементі кез келген композицияда үнемі екі жүйелі әдіспен – кертумен және жонумен орындалады. Жартылай дөңгелек қашауды тақтай бетіне қатар қойып, тұтқасын қатты басады. Жұмсақ ағашқа жүзі 1,5-2 мм-дей кіруі тиіс. Әрине, бұл цифрлар салыстырмалы түрде: кертіктің тереңдігін анықтай отырып, қашаудың енін, бұйымның мөлшерін, ағаштың қаттылығын және басқа көптеген ерекшеліктерді есептеп шығарады.

Қашауды кезекпен біресе бір жаққа, біресе басқа жаққа бұру арқылы толқын тәріздес оюларды түсіреді. Қапсырма шегеледі шеңбер бойына орналастырып, гүл сияқты т.б. кертік оюлар жасауға болады. Шеңбер түріндегі оюлар жасау үшін қашауды өз кіндігінде ұстап айналдырады. Айналдыруды еппен, қашаудың жүзін ағашқа біртіндеп тереңдетіп жүргізу керек. Басқаша әдіспен де орындайды – қашауды қозғалтпай ұстап, тақтайды айналдырады.

Қорытынды нұсқау 5мин. Бүгінгі жасаған жұмыстарыңды өте жақсы деп бағалаймын. Балалар енді үйге тапсырма алыңдар. Үйге тапсырма ағашқа салынатын өрнек түрлерін орындап. Ал енді жұмыс жасаған орнымызды жинаймыз.


Автор
Дата добавления 26.11.2015
Раздел Технология
Подраздел Видеоуроки
Просмотров222
Номер материала ДВ-195475
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх