Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Презентации / Бейбіт өмірдегі атом саласының экологиялық мәселелері

Бейбіт өмірдегі атом саласының экологиялық мәселелері



  • Физика

Поделитесь материалом с коллегами:

Бейбіт өмірдегі атом саласының экологиялық мәселелері Аты-жөні: Ұзақова Раауф...
Атом саласының экологиялық мәселелері Қазіргі кезде ХХІ ғасырға қадам басқан...
АЭС  Атомның жойқын күшін кейбір ел өз өктемдігін жүргізу үшін соғыс мақсаты...
Ақтоғай совхозы Маңғыстау өңірі мұнай өндіруден, оның ілеспе газын ауада жағ...
Семей полигоны Семей полигоны - КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса...
Ядролық болашаққа қарусыз Аймақтағы Шаған және Ащысу деп аталатын екі өзеннің...
Радиоактивті сәулелер Жыл өткен сайын адамдардың радиоактивті сәулеленумен з...
Экологиялық қауіп Әлем ғалымдарының болжаулары бойынша 21 ғасырдың алғашқы ш...
Радиоактивті сәулелер дозасы Адамзат баласы жер бетінде пайда болған кезден...
Радиация мөлшері Мемлекеттердің кейбір құжаттарында радияцияның нағыз мөлшер...
Электронды атомдар Ортаның Радиациялық ластануына атом қаруын сынау аз үлесі...
Радиактивті заттардан қорғану Радиоактивті заттардан қорғаудың бірнеше жолда...
Радиоактивті сәулелерден қорғану жолдары Тез еритің цезий – 137 бөлшектерін а...
Ғалымдардың жетістігі Адамзат баласы осы кезде бұрын – сонды болып көрмеген...
Атомдық кәсіпорындар Радиоактивті материалдарды пайдаланылатын атомдық кәсіп...
Магмалық жыныстар Магмалық жыныстар жер бетіне шығып жататын табиғи радиоакт...
Қорытынды Радиациялық ластанудың баска ластанудан көп айырмашылығы бар. Қысқ...
1 из 17

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Бейбіт өмірдегі атом саласының экологиялық мәселелері Аты-жөні: Ұзақова Раауф
Описание слайда:

Бейбіт өмірдегі атом саласының экологиялық мәселелері Аты-жөні: Ұзақова Раауфа Берекетқызы Мектеп: №40 орта мектебі Класы: 8 «А» Жетекшісі: Бурибасова Гулжамал Аманжановна

№ слайда 2 Атом саласының экологиялық мәселелері Қазіргі кезде ХХІ ғасырға қадам басқан
Описание слайда:

Атом саласының экологиялық мәселелері Қазіргі кезде ХХІ ғасырға қадам басқан адамзат жаңа дәуірде өмір сүру үшін ненің басты негіз бо­латындығына зер сала бастады. Со­ның ішінде қуат көзі адам өмі­рінің құрамдас бөлшегі болып та­былатындығы сөзсіз. Ол әр түрлі материалдар туындатуға мүмкіндік береді, жаңа технологиялар жасауда басты фактор болып табылады. Қарапайым тілмен айтқанда әр түрлі қуаттарсыз адамзаттың толыққанды өмір сүруіне қабілеті жетпейді. Адамзат алғашқы от алаудан атом электр станциясына дейінгі жол­дан өтті, көмір, мұнай және газ сияқты негізгі дәстүрлі энергия қуат­тарын өндіруді, өзен қуатын пай­далануды үйренді, «бейбіт атомды» меңгерді. Дегенмен, кейінгі кездері жаңа дәстүрлі емес, баламалы қуат­тар түрлерін пайдалану мәселесі жиі талқыға түсе бастады.

№ слайда 3 АЭС  Атомның жойқын күшін кейбір ел өз өктемдігін жүргізу үшін соғыс мақсаты
Описание слайда:

АЭС  Атомның жойқын күшін кейбір ел өз өктемдігін жүргізу үшін соғыс мақсатында пайдаланса, кейбір ел бейбіт өмірге пайдаланды. Бейбіт өмірдің өзіне байқап пайдаланбаса, адамзатқа орны толмас қайғы-қасірет әкелетінін енді ғана бағамдап жатырмыз. 1986 жылғы 26 сәуірдегі Чернобыль атом электр стансасындағы апат болған күнді БҰҰ «Радиациялық апаттар мен жарылыстар құрбандары» күні деп атады. Сонда да бұл апат адамзатты онша ойландыра қоймап еді. Бұл техногендік апаттың болғанына 25 жыл толғанда, биылғы, Жапониядағы АЭС-тердің апаты адам баласын мықтап ойлануға мәжбүр етіп отыр. Атом қуатын бейбіт мақсатқа қауіпсіз пайдаланудың жолын іздеген саммит 2011 жылдың 19 сәуірінде Украинаның астанасы Киевте жаһандық тұрғыда ойлануға бас қосты. Бұл саммитке көптеген елдермен бірге БҰҰ, МАГАТЭ бастаған беделді халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысқан, 60-тай елдің делегациясы жиналды. Онда келешекте АЭС-тер керек пе, жоқ па деген сұрақ тұрды.

№ слайда 4 Ақтоғай совхозы Маңғыстау өңірі мұнай өндіруден, оның ілеспе газын ауада жағ
Описание слайда:

Ақтоғай совхозы Маңғыстау өңірі мұнай өндіруден, оның ілеспе газын ауада жағудан экологиясы нашарлап тұр, енді АЭС салсақ тіпті нашарлатып жібереміз. Қазақстанда онсыз да экологиясы ластанған аймақтар жеткілікті. Наурыз айындағы «Алматы ақшамы» газетінде Тауман Төреханов туралы мақалада, Қазақстанда сутегі бомбасын сынау кезіндегі халыққа тигізген зардаптарды былай келтіреді: «Шалқар ауданында Ақтоғай деген совхоз болатын. Оның іргесінен Дауыл деген өзен ағады. Осы өзеннің жағалауынан совхоз малына жыл сайын шөп дайындалады. Өзеннің бас жағында «Ембі-5» деп аталатын жабық әскери қалашық бар. Сол қалашықта тажал бомбасын жасайтын лаборатория және ракета ұшыратын полигон орналасқан. Қалашықтың қасында жер астында 20 метр тереңдікте ракеталар орнатылған. Ракета ұшатын кезде әскерилер ықты-жарға қарамай, шөпшілерді малша қуып салады.

№ слайда 5 Семей полигоны Семей полигоны - КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса
Описание слайда:

Семей полигоны Семей полигоны - КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысында адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.

№ слайда 6 Ядролық болашаққа қарусыз Аймақтағы Шаған және Ащысу деп аталатын екі өзеннің
Описание слайда:

Ядролық болашаққа қарусыз Аймақтағы Шаған және Ащысу деп аталатын екі өзеннің түйісер тұсында, 1965 жылдың 15  қаңтарында жер асты жарылысы болды. Осының салдарынан атақты Атом көлі пайда болды. Ал Антиядролық қозғалыс тарихы 1989 жылы 25 ақпанда басталды. Осы күні КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутаттыққа үміткер Олжас Сүлейменовтың сайлауалды сөзі жоспарланған болатын. 28 ақпанда Қазақстан жазушылар үйінің ғимаратына жүздеген адам жиналды. Осылайша жалпыхалықтық антиядролық «Невада - Семей» қозғалысы пайда болды.

№ слайда 7 Радиоактивті сәулелер Жыл өткен сайын адамдардың радиоактивті сәулеленумен з
Описание слайда:

Радиоактивті сәулелер Жыл өткен сайын адамдардың радиоактивті сәулеленумен зақымдануы көбейе түсуде. Өйткені жыл сайын атом электр станцияларын салып, олар іске қосылып жатыр. Сондай-ақ неше түрлі тездеткіштер (ускорительдер) сыналып, атом бомбалары жарылып жатыр. Олардан қаншама радиоактивті сәулелер бөлініп шығып, адамзат баласына неше түрлі зиян келтіріп, әлі де келтіруде. Сондықтан да адамзат баласын Радиациядан қорғау осы кездегі кезек күттірмейтін өзекті мәселеге айналып отыр.Ағаштарды Радиациядан қорғау үшін неше түрлі киімдер тігуді қажетті етеді. Олардың құрамында қорғасын болады. Ол гамма сәулесін тұтып қалып, адам денелеріне сәулені тартпайды. 

№ слайда 8 Экологиялық қауіп Әлем ғалымдарының болжаулары бойынша 21 ғасырдың алғашқы ш
Описание слайда:

Экологиялық қауіп Әлем ғалымдарының болжаулары бойынша 21 ғасырдың алғашқы ширегінде планетамызда энергетикалық қордың тапшылығы сезілу қаупі бар, оның шикізатына деген талас күшеюде. Мұндай адамзат цивилизациясына төңген экологиялық қауіп-қатер ең жоғарғы мемлекетаралық деңгейде мойындалып отыр. Тіпті, экологиялық апаттың туындауы ғылыми-техникалық прогрестің «даму» құбылысына деген көзқарасты дүдәмалдыққа әкеліп отыруы жер-жерде байқалуда. Сөйтіп адамзат құндылығының кейбір шкалаларын қайта қарастыру қажеттілігі пайда болуда. 

№ слайда 9 Радиоактивті сәулелер дозасы Адамзат баласы жер бетінде пайда болған кезден
Описание слайда:

Радиоактивті сәулелер дозасы Адамзат баласы жер бетінде пайда болған кезден бастап, табиғи радиоактивті заттардан қажетті дозасын алып отырған, әсіресе, радиоактивті сәулені жерден алады. Қалған бөлігі космос сәулесімен келеді. Жылына адам 200 мР Радиация қабылдайды. Жер шарының әрбір аймақтарында тұратын халықтар әр түрлі мөлшерде Радиация алады. Жылына жалпы алғанда 50-ден 1000 мР радияция қабылдайды. 

№ слайда 10 Радиация мөлшері Мемлекеттердің кейбір құжаттарында радияцияның нағыз мөлшер
Описание слайда:

Радиация мөлшері Мемлекеттердің кейбір құжаттарында радияцияның нағыз мөлшері белгіленген. Халықаралық деңгей бойынша қазіргі кезде адамдарға радияциялық доза 0,1 бэрден аспауы керек. Профессионал мамандар дайындау оқу орындарына ППД-ның (предельно допустимая доза) 5 бэрден аспауы тиіс, иондалған сәуле тарататын аймақта да тұратын адамдардың ағзасында Радиацияның мөлшері 0,5 бэр болуы мүмкін. 70 жыл өмір сүрген адам радияциялық қайнар көздерінен 14-15 бэр алуы мүмкін. Бұл көрсеткіш ағзаларға онша қауіп төңдіре қоймайтыны анықталған. Жер шарында тіршілік ететін әрбір адам өзінің өмір сүру кезеңдерінде жылына 250-400 м бэр радияция алатыны сөзсіз. 

№ слайда 11 Электронды атомдар Ортаның Радиациялық ластануына атом қаруын сынау аз үлесі
Описание слайда:

Электронды атомдар Ортаның Радиациялық ластануына атом қаруын сынау аз үлесін қосқан жоқ, ол радионуклидті жауын-шашынның түсуіне әкелді. Радионуклидтер – бұл элементтердің электрондарды атомдардан шығарып, оларды басқа атомдарға оң және теріс иондар жұбын түзуімен қоса қабілетті радиобелсенді сәулелену шығаратын изотоптары. Мұндай сәулеленуді иондаушы деп атайды. Кейбір заттарда барлық изотоптар радиобелсенді болып табылады. Атап айтқанда, оларға технеций, прометий, сондай-ақ Д.И.Менделеев кестесінің полонийден басталып трансурандылармен бітетін барлық элементтері жатады. Гелий ядроларының (альфа –сәулелену) немесе жылдам электрондардан (бетта – сәулелену) тұратын бөлшектер ағынын корпускулалық сәулелену деп атайды. Электромагнитті иондаушы сәулелену – бұл гамма сәулелену мен оған жақын рентгендік сәулелену. Альфа және бетта-сәулелену организмнен тысқары тұрып та оған әсер ете алады. 

№ слайда 12 Радиактивті заттардан қорғану Радиоактивті заттардан қорғаудың бірнеше жолда
Описание слайда:

Радиактивті заттардан қорғану Радиоактивті заттардан қорғаудың бірнеше жолдары бар. Олар: Физикалық, химиялық және биологиялық тәсілдері. Физикалық тәсіл. Бұл тәсілдің ұйғаруы бойынша, дер кезінде қол-аяқты денені жылы су мен жуып отыру керек. Қолға арнаулы түрде дайындалған перчаткаларды кию керек. Қатты радиоактивті элементтердің бөлшектерінің кішкентай түйіршіктері ішкі органдарға өтіп кетпеуін қадағалап отыруы керек. Екер кішкентай бөлшектер ішкі органдарға өтсе, олар тез арада ағзадан шыға қоймайды. Әсіресе радий, уран, плутоний, стронций, иттрий және цирконий бөлшектері ағзаларға өтсе қауіпті ісіктер туғызуы мүмкін. Олар радиоактивті сәулелер таратады. Цезий тез еритін тұздарды түзеді. Сөйтіп адам ағзаларының жұмсақ тканьдерінде жиналады да үнемі иондалған сәулеленуді таратады. Радиоактивті стронцийдің бөлшектерін адам ағзаларынан шығару оңай емес. Стронцийді кальциймен ығыстырып шығаруға болады. 

№ слайда 13 Радиоактивті сәулелерден қорғану жолдары Тез еритің цезий – 137 бөлшектерін а
Описание слайда:

Радиоактивті сәулелерден қорғану жолдары Тез еритің цезий – 137 бөлшектерін ағзалардан ығыстырып шығару үшін көп мөлшерде су ішу керек. Радиоактивті элементтерді ағзалардан шығару үшін қымыздық сірке қышқылы мен лимон қышқылын көп мөлшерде пайдалану керек. С,Д витаминің ішу өте пайдалы (сәбіз, редиска). Арақ-шарап ішуге болмайды. Олар радияцияның әрекетін күшейтіп жіберуі мүмкін. Бірақ кейбір адамдар Уран өндіретін шахталарда істеп жүріп күніне азды- көпті арақ ішіп жүрген. Ол адам күні бүгінге дейін тірі. Ал арақ ішпеген оның әріптестері жарық дүниемен баяғыда қоштасқаның ол жіпке тізгендей айтып беріп отырады. Біздіңше, азды-көпті арақ-шарап ішіп отырған жөн болғаны. Радияциядан қорғанудың химиялық және биологиялық жолдары. Радияцияға қарсы қолданатын препараттарды радиопротекторлар деп аталады. Олар радиоактивті элементтердің бөлшектерін ағзалардан шығару үшін неше түрлі химиялық препараттарды пайдаланады. Олар ағзаларды радияциядан сақтап қалады. Иондалған сәулеленуді ем-дом ретінде пайдалануға болады. Дерттерге диагностика қою үшін де таңбаланған атомды пайдаланады. Сәуле терапиясымен қан, ауруларын емдеуге болады. Қауіпті ісіктерді де емдеу үшін бета-сәулесін пайдаланады

№ слайда 14 Ғалымдардың жетістігі Адамзат баласы осы кезде бұрын – сонды болып көрмеген
Описание слайда:

Ғалымдардың жетістігі Адамзат баласы осы кезде бұрын – сонды болып көрмеген орасан көп ғылыми табыстарға жетіп, техника мен технологияны дамыта түсуде. Олардың төтенше түрде дамуы биология ғылымдарына тікелей байланысты. Ол жаратылыстану ғылымдарының көрнекті салаларының бірі. Оның басты міндеттері жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуын, оның эволюциялық жолмен дамуын зерттеу.биология жердің тіршілік иелері адамдар мен жануарлар өсімдіктер мен неше түрлі көзге көрінбетін микроорганизмдер әлемін зерттейді. Алынған мәліменттердің негізінде сигнал хабарды дәл тіркейтін сезімтал машиналар мен механизмдер шығару жұмыстарын жүргізеді. Кейінгі кезде биологиялық ғылымдар орасан зор ілгерлеп, алға басты. Осы уақыттың ішінде тіршілік дүниесі адамдар, жан-жануарлар, өсімдіктер әлемі туралы көптеген түсінігіміз бар. Тірі организмдердің пайда болу жолдарын, биохимиялық процестерін білеміз. Бірақ көптеген биологиялық көріністердің құпия сырлары әлі күнге дейін өз шешімін тапқан жоқ. 

№ слайда 15 Атомдық кәсіпорындар Радиоактивті материалдарды пайдаланылатын атомдық кәсіп
Описание слайда:

Атомдық кәсіпорындар Радиоактивті материалдарды пайдаланылатын атомдық кәсіпорындар бар. Қазақстан территориясының техногенді қызмет әсерінен радиоактивті ластануы уран өндіру кен орындарымен, ядролық зерттеу және энергетикалық құрылғылар, полиметалдық, мұнай және газ кен орындарындағы өндіру және өндеу жұмыстарымен байланысты. Бұл жұмыстар уран-радий және торий қатарының элементтерінің әсерінен радиоактивтіліктің жоғарғы болуымен сипатталады. Республикамызда 80000-нан астам кәсіпрындар жұмыс істейді. Олардың жалпы белсенділігі 250 мың кюриден астам. Аталған иондаушы сәулелер көздерінің жалпы санынан, шамамен 20000 (80 мың кюри) өндірістен шығарылып, көмілуі қажет. 

№ слайда 16 Магмалық жыныстар Магмалық жыныстар жер бетіне шығып жататын табиғи радиоакт
Описание слайда:

Магмалық жыныстар Магмалық жыныстар жер бетіне шығып жататын табиғи радиоактивті фон 18-22 мкр/сағ, ал күшті қазіргі тұңбалық түзілістердің табиғи Радиациялық фоны 10-18 мкр/сағ құрайды. Космостық сәулелердің жалпы табиғи Радиациялық фондағы үлесі 3-8 мкр/сағ. 1995 жылы зерттеулер нәтижесінде Көкшетау облысының Арықбалық және Сарытүбек мекен-жайларындағы барлық ғимараттарда радиоактивті газ радонның жоғары концентрациясы анықталған. Мысалы, Арықбалық селосында екі балалар бақшасы жабылған радонның концентрациясы 4000 Бк/куб м-ге жеткен, қалыпты мөлшерде 200 Бк/куб м. болу керек.

№ слайда 17 Қорытынды Радиациялық ластанудың баска ластанудан көп айырмашылығы бар. Қысқ
Описание слайда:

Қорытынды Радиациялық ластанудың баска ластанудан көп айырмашылығы бар. Қысқа толқынды электрмагниттік сәуле шығару мен зарядталған бөлшектерді бөліп шығаратын тұрақсыз химиялық элементтердің ядросы - радиактивті нуклидтер. Міне, осы бөлшектер мен шығарылған сәулелер адамның организміне түскенде жасушаларды бұзады, соның нәтижесінде түрлі аурулар пайда болады.  Радиациялык ластанудың негізгі көздері - альфа, гамма және бета, сиякты радиоактивті сәулелер. Ионданған сәулелер адам, жануар организмдерінде ақуыз, фермеш және басқа да заттардың өзгеруіне, яғни сәуле ауруының дамуына әкеліп соғады. Сәуле ауруы өзінен алынған сәуленің мөлшеріне қарай ауыр және созылмалы болып бөлінеді. Адамдар екі-үш рет сәуле алғанда ауыр сәуле ауруына ұшырайды, ал аз мөлшерде адам ұзак уакыт сәуле ауруына шалдығады. 


Автор
Дата добавления 16.11.2015
Раздел Физика
Подраздел Презентации
Просмотров254
Номер материала ДВ-160364
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх