Инфоурок Другое Презентации"Бейбітшілік сабағы" тәрбие сағаты 2сынып

"Бейбітшілік сабағы" тәрбие сағаты 2сынып

Скачать материал

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

 

Министерство образования и науки Республики Казахстан

Национальная академия образования им. И. Алтынсарина

 

 

 

Лого

 

БІЛІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ САБАҒЫ

 

Әдістемелік ұсыныстар

 

 

 

 

РЕСПУБЛИКАНСКИЙ УРОК МИРА И СОГЛАСИЯ,

ПОСВЯЩЕННЫЙ ДНЮ ЗНАНИЙ

 

Методические рекомендации

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана

2015

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2015 жылғы 20 шілдедегі № 6 хаттамасы)

 

Рекомендовано к изданию Ученым советом Национальной академии образования им. И. Алтынсарина (протокол № 6 от 20 июля 2015 года)

 

 

Білім күніне арналған республикалық бейбітшілік және келісім сабағы. Әдістемелік ұсыныстар. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 9 б.

 

Республиканский Урок мира и согласия, посвященный Дню знаний. Методические рекомендации. – Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2015. – 8 с.

 

 

Әдістемелік ұсыныстар Білім күніне арналған республикалық бейбітшілік және келісім сабағын өткізудің мазмұнын, негізгі түсініктерін, формалары мен әдістерін ашуға бағытталған.

Әдістемелік ұсыныстар білім беру ұйымының басшыларына, сынып жетекшілеріне, топ кураторларына, педагогтерге арналған.

 

Методические рекомендации направлены на раскрытие содержания, основных понятий, форм и методов проведения республиканского Урока мира и согласия, посвященного Дню знаний.

Методические рекомендации предназначены для руководителей организаций образования, классным руководителям, кураторам групп, педагогам.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

© Ы. Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы, 2015

© Национальная академия

образования им. И. Алтынсарина, 2015

Кіріспе

 

Біздің мемлекетіміздің түп негізі – бұл бейбітшілік және келісім, бірлік және тұрақтылық.

Қазақстан көптеген елдердегі әлеуметтік күйзелістер мен ғаламдық тұрақсыздықтың өсуі аясында орнықты және сенімді түрде дамуда [1-13].

Мемлекет басшысының «2050-Стратегиясы», жаңа индустрияландыру, «Нұрлы жол», Бес институтиционалдық реформа, «Мәңгілік Ел» сияқты үздік бастамалар – бұлар көп жылға бұрын есептелген ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын мега-жобалар. Оларды тек қуатты бүкілхалықтық механизм ғана іске қосуға қабілетті. Болашақ біртұтас ұлт осындай бола алады.

Бүкілқазақстандық бірегейлік пен азаматтық принципті одан әрі нығайтуға, «Мәңгілік Ел» идеясы базасына біріктірілген құндылықтарды, тілдердің үштұғырлылығын, қазақ ұлтының негізі ретінде орта тапты дамытуға негізделген болашақ біртұтас ұлт қана азаматтық орнықты және табысты мемлекеттің ең сенімді іргетасы болады.

«Мәңгілік Ел» – бұл біздің бірлігіміздің қуатының қайнар көзі.

«Мәңгілік Ел» – барша қазақстандықтарды біріктіретін біздің Тәуелсіздігіміздің сенімді рухани тірегі.

«Мәңгілік Ел» – бұл қазақстандық мемлекеттіліктің терең тарихын айшықтайтын жалпыхалықтық идея!

«Мәңгілік Ел» – бұл өз атамекеніне деген сүйіспеншіліктің белгісі, қазақстандық патриотизмнің жоғары деңгейі, рух күші, Отанға адалдық, еліне шынайы берілгендік, азаматтық борыш!

«Мәңгілік Ел» жалпыхалықтық идеясын жүзеге асыру жағдайында өскелең ұрпақтың патриотизмін және тағаттылығын тәрбиелеу, рухани-адамгершілігін қалыптастыру мақсатында 2015 жылғы 1 қыркүйекте Білім күніне арналған республикалық бейбітшілік және келісім сабағын өткізу ұсынылады.

Білім күніне арналған республикалық бейбітшілік және келісім сабағының міндеттері:

1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет: Бес институционалдық реформа» тақырыбында «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде, «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында сөйлеген сөздердің түйінді ойларымен танысу.

2. Білім алушылардың рухани-адамгершілік, патриоттық қасиеттерін қалыптастыру, этносаралық және мәдениетаралық байланыс жағдайларында тағаттылығы мен қарым-қатынас жасау біліктілігін дамыту.

3. «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» мысалында осы заманғы Қазақстанның жетістіктері мен табыстары туралы оқушылардың ой-өрісін кеңейту, білімін тереңдету.

 

1 Қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық моделі

     Бірлік барлық қиындықтарды жеңуге қабілетті күш. Ортақ міндеттерді шешу кезінде әркім өз өмірін жақсартуға тырысады. Ынтымағы жарасқан ел ғана ертеңгі күнге сенімді. Біртұтас мығым ұлт – кез келген тарихи жағдайларда өркендеудің кепілі. Сонымен бірге, озық елдер қатарына қосылуды сезіну әрбір қазақстандықта бейбітшілік пен тұрақтылық үшін ортақ жауапкершілік туындатты.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жолдауында: «Толысқандықтың жаһандық сынынан өту үшін біздің топтаса білуіміз қажет. Біз барлық қазақстандықтар арасындағы сенімді нығайтуға тиіспіз! Бір-бірімізге тағатты болуымыз керек! Бұлар Қазақстанның болашағына кілттер. Этносаралық келісім ол өміршеңдік оттегі», – деп ерекше атап көрсетті.

Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Қазақстанда бірегей және халық бірлігінің осы кезге дейін еш жерде қайталанбаған моделі қалыптастырылды. Қазақстан халқы Ассамблеясы жиырма жыл аралығында қазақстандағы барлық этностардың достық, тағаттылық және мәдениеті мен дәстүрін бірге дамыту идеясы іске асырылған қоғамды үйлестірудегі өзекті тетік қызметін атқарып келеді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы сондай-ақ ағымдағы жылы 20 жылдығы атап өтілетін жаңа Қазақстан Конституциясын қабылдау бойынша бүкілхалықтық референдум бастамасын көтерді. Осы жылдар ішінде Ассамблея Мәжіліс депутаттарын сайлау құқына ие конституциялық органға айналды. «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заң қабылданды, әлемде баламасы жоқ және ол еліміздің болашағы үшін өте маңызды, себебі оның нормалары біздің ұлтаралық саясатымыздың негізін қалыптастырады.

Қазақстандық модель барлық халықаралық қауымдастықтың жоғары бағасына ие болды. БҰҰ-да тұсаукесері табысты өтті және 60 тілге аударылды. Барлық әлем үшін ол қоғамдық тұрақтылықтың өнегесі, 100 этнос пен 17 конфессия мүдделерінің тепе-теңдігін сақтау мен нығайтудың үлгісі болды.

Қазақстан Республикасында оқыту толығымен өзбек, ұйғыр, тәжік және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп жұмыс жасайды. Қазақстанда 108 мектепте 22 этностың тілдері жеке пән ретінде оқытылады. Мұнан бөлек, 30 этностың тілі оқытылатын мамандандырылған 195лингвистикалық орталық ашылған.

Ақпараттық өрісте 35-тен артық этникалық газет, журналдар белсенді жұмыс жасайды. Ең ірі 6 этникалық республикалық газет мемлекеттің қолдауымен жұмыс істейді. Газеттер мен журналдар 11 тілде шығады, радиохабарлар – 8 тілде, ал телехабарлар – 7 тілде жарияланады.

2 Білім күніне арналған республикалық бейбітшілік және келісім сабағын өткізу бойынша әдістемелік ұсыныстар дайындау

          Безендіру:

1. Мемлекеттік рәміздер;

2. Стенд (слайд) «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр», «Мәңгілік Ел: одна страна, одна судьба» (Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясынан фотосуреттер);

3. Стенділер (слайдтар).

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына жолдауынан, «Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет: Бес институционалдық реформа» «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде және Қазақстан халқы Ассамблеясының XXІІ сессиясында сөйлеген сөздерінен үзінділер:

«Бізді, біріншіден, ортақ үйіміз – Қазақстанға деген ортақ сүйіспеншілік біріктіреді. Екіншіден, біздің ежелгі жеріміз бен тілдерді дамыту тарихына қатысты қоғамдық келісіміміз. Үшіншіден, мемлекетіміз бен оның азаматтарының бүгінгі күніміз бен еңселі ертеңімізге түбегейлі сеніміміз. Біздің Мәңгілік Отанымыз – Мәңгілік Елдің негізі, міне, осы»;

«Мәңгілік Ел идеясы арқауындағы топтастырушы құндылықтар – азаматтық теңдік; еңбексүйгіштік; адалдық; оқымыстылық пен білімге бас июшілік; зайырлы ел – толеранттылық елі»;

«Қазақстандық ұлттық рухтың басты көзі – ортақ рухани-адамгершілік құндылықтар негізіндегі халық бірлігі»;

«... біз үшін қазақстандықтарды рухани тұрғыдан күштірек, біртұтас және тағатты ету маңызды»;

«Ассамблея тарихы – біздің тұрақтылығымыздың тарихы».

Классикалық және қазақ халқының музыкасы, патриоттық тақырыптағы әндермен аудио-бейнематериалдар; Қазақстан және Астана туралы өлеңдер, қазіргі Қазақстанның жетістіктері туралы кітаптар және т.б.

Сабақ шеңберінде келесі жұмыс түрлерін өткізу ұсынылады:

1-4 сыныптарда – саяхат-сабақ, викторина-сабақ, сайыс-сабақ, музыкалық ойын-сабақ, әңгіме, көрме, суреттер мен қолөнер бұйымдарының байқауы, музыкалық шаралар, фестивальдер, ұжымдық шығармашылық істер, фильмдер көру (слайд, композиция);

– 5-9 сыныптарда – сынып сағаты, әдеби-поэзиялық композиция, баспасөз конференциясы, іскер ойын, викторина, байқау, жарыс, пікірталас, оқушылар жобасының презентациясы, эссе, сурет көрмесі, саяхат, түрлі ұлт өкілдерінің танымал адамдарымен кездесулер және т.б.;

– 9-11 сыныптарда – сынып сағаты, рөлдік ойындар, оқушылар жобасын қорғау, ми шабуыл, пікірталас, дебаттар, саяси сабақтар, тренингтер, газет және ауызша журнал шығару, этномәдени бірлестіктері, құқық қорғау органдары өкілдерімен, ғалымдармен – саясаттанушы, заңгер, тарихшылар және т.б. кездесулер.

Сондай-ақ ұсынылады:

          сабақтарды оқытудың қазіргі заманғы интербелсенді формаларын қолдана отырып өткізу;

           білім алушылардың психологиялық-жас, тұлғалық ерекшеліктерін, дайындық деңгейін ескеру;

− патриоттық тақырыпқа ән тыңдау, бейнефильмдер көруді ұйымдастыру;

− Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, кинематография, публицистика және т.б. материалдарын пайдалану;

− білім беру ұйымдарында қоғамдағы этносаралық және конфессияаралық келісім мәселелері бойынша мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлер, басқару органдары өкілдерінің, ҚР Парламенті және мәслихаттары депутаттарының, Қазақстан халқы Ассамблеясы, кіші және мектептік Қазақстан халқы ассамблеялары мүшелерінің, соғыс және еңбек ардагерлерінің және т.б. қатысуымен кездесулер, «дөңгелек үстелдер», конференциялар, интернет-форумдар ұйымдастыру;

− этномәдени бірлестіктер, мұражайлар, мемориалдарға және т.б. бару.

               Негізгі түсініктер

   Қазақстандық патриотизм – Қазақстанда мекендейтін көпұлтты халыққа ортақ сезім. Ол қазақ халқының ұлттық дәстүрлері мен мәдениетіне, рухани байлығына және еліміздің қазынасын байытуға үлес қосқан басқа этностардың мәдениетіне деген терең құрметтен туындайды.

Мәдениетаралық байланыс – түрлі мәдениетке жататын индивидтер мен топтар арасындағы қарым-қатынас және байланыс жасаудың түрлі формаларының жиынтығы.

Ұлтаралық келісім – ұлтаралық процестер түрі, түрлі ұлттардың өзара түсіністік, өзара сыйластық, өзара сенім және өзара қарым-қатынасқа қол жеткізуі, халықтар бірлігі.

Патриоттық тәрбие – өскелең ұрпақтың бойында Отанына деген сүйіспеншілік, туған елін қорғау және оның мүддесі жолында өзін құрбан ету сезімін қалыптастыру.

Отан – әрбір адам үшін тағдыр сыйлаған, ата-бабадан жеткен жалғыз, бірегей, өз халқының рухани байлығымен және оның өткен тарихымен байланыстыратын туған жер.

Тағаттылық – ұлттардың басқа дүниетанымына, өмір сүру салтына, мінез-құлқына және дәстүрлеріне, діни сеніміне төзімділік.

Құндылықтар – тұтас алғанда қайырымдылық, әділеттілік, патриотизм туралы түсінікті көпшілік адамдар құптайтын және қолдайтын, тұлға, әлеуметтік қауымдастық, қоғам үшін қоғамдық-маңызды, материалдық, әлеуметтік нысандар.

Қорытынды

      Мемлекет басшысының бастамасы бойынша жарияланған Ассамблея жылы біздің Отанымыз – Қазақстанның табысқа қол жеткізуі және өркендеуі үшін халықтар бірлігі, тұрақтылық, бейбітшілік пен келісімнің мызғымас саясаты белгісінің астында өтуде.

Жыл сайын өтетін 1 қыркүйек Білім күнінде мұғалімдер балалар мен оқушы жастарды өз Отаны – Тәуелсіз Қазақстан Республикасын сүюді, оның лайықты азаматтары болуды, қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау ұмтылысын үйретуі тиіс. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еңбектері мен баяндамаларын зерделеуге ерекше мән берілу қажет.

Республикалық бейбітшілік және келісім сабағында:

          қазақстандық біртектілікті одан әрі нығайту қажет. Ол азаматтық қағидатына негізделуі тиіс. Барлық азамат құқықтардың бірдей көлемін пайдалануы, жауапкершіліктің бірдей жүгін көтеруі және теңдей мүмкіндікке қолжетімділікке ие болуы керек;

      бүкілқазақстандық біртектіліктің, болашағы біртұтас ұлттың кілті бүкілқазақстандық мәдениет болып табылады;

− қазақстандық ұлттық рухтың басты көзі – ортақ рухани-адамгершілік құндылықтар негізіндегі халық бірлігі;

− өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеуге ерекше назар аударуымыз керек. Бұған білім беру жүйесінің, тәрбиенің, мәдениеттің, БАҚ-тың, этномәдени бірлестіктердің барлық күш-жігері бағытталатын болуы тиіс;

− кез келген ұлт-мемлекет – бұл оның бірегей мемлекеттік тілі. Қазақ тілін дамыту өзінің тарихында ешқашан осындай ауқым мен қарқынды білген емес. Бүгінде қаншама қазақ еместер қазақ тілін біледі! Мемлекет қазақстандықтардың барлық этностық топтарының тілдерін дамытуға қамқорлық көрсетіп келеді. Елімізде үштұғырлы тіл енгізу қарқынын өрістетудеміз. Қазақстандықтардың 20 пайызы қазірдің өзінде ағылшын тілін меңгерген. Үш тілді білу – жаһандық өмірге жолдама алу деген сөз.

Елде жүргізіліп жатқан әлеуметтік жаңару мен жаңа индустриалды-инновациялық экономика және өңірді дамытудың «Ұлт жоспары – Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» контексі бойынша материалды сабақта пайдалану тиімді.

Сабақтың мазмұны рухани-адамгершілік қасиеттері дамыған және ел тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар, ынтымақтастық пен мәдениетаралық өзара әрекетке қабілетті, «Қазақстан − 2050» − Мәңгілік Ел стратегиясының басты мақсатына қол жеткізуге белсенді қатысатын тұлға қалыптастыруға бағытталуы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

 

Кіріспе .....................................................................................................

3

1

Қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық моделі .........

4

2

Білім күніне арналған республикалық бейбітшілік және келісім сабағын өткізу бойынша әдістемелік ұсыныстар дайындау .............

5

 

Қорытынды ............................................................................................

7

 

Пайдаланылған әдебиеттер ..................................................................

8

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Бейбітшілік сабағы" тәрбие сағаты 2сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инженер по обслуживанию многоквартирного дома

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 653 557 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.05.2016 2864
    • DOCX 98.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нурболатова Акасыл Ануарбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 28167
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой