Инфоурок Математика Рабочие программыБейбіт күн жасасын әлемде!

Бейбіт күн жасасын әлемде!

Скачать материал

Бейбіт күн жасасын әлемде

9 – мамыр Жеңіс күніне арналған іс-шара сценариі

Жүргізушілер:

Айтмурзинова Гүлжанат

Тукбаев Жамали

Барысы.
1-жүргізуші:Қайырлы күн, Құрметті қонақтар!

 2-жүргізуші: Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні,
Жақсы үміттің шырағы жанды міне!
Аспан бетін қаптаған қара тұман
Серпіліп, зұлымдықтың сөнді түні!

1-жүргізуші: Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті!
Жер бетінен жамандық мүлдем үрікті!
Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз,
Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.

2-жүргізуші: Не забыть нам этой даты,
Что покончила с войной.
Победителю- солдату,
Сотни раз поклон земной!

1-жүргізуші: Жаңғыртып әнмен аспан кеңістігін,
Халқымыз қуанышты тегіс бүгін
Жауды жаншып, Отанды азат еткен,
Құрметтеп қарсы алады Жеңіс күнін,-деп ақын жырлағандай, біз үшін Жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ. Әрбір көктем бізді ойша осынау ұмытылмас күнге 1945 жылдың 9-мамырында қайта оралды.

 2-жүргізуші: Вот 70 лет отделяют нас от суровых и грозных лет войны. Но время никогда не изгладила из памяти Великую Отечественную войну. В сердцах людей она жива, потому что до сих пор еще не залечены раны, не иссекла боль, не забыты те, кто отдал жизнь за Великую Победу.

1 жүргізуші :- Ендеше, Қойшыбай Төлеубеков атындағы  орта мектептің Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Бейбіт күн жасасын әлемде» атты шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер!.

2-жүргізуші: Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын ашық деп жариялансын!/Әнұран/.
1-жүргізуші: Иә, содан бері 70 бейбіт жыл артта қалды. 1945 жылы 8-мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап, қол қойды. Ал, 9 мамыр күні бұрын-соңды болмаған 1000 зеңбіректен 30 дүркін салют атылды.

2-жүргізуші: Міне, Жеңіс күні осылай келген еді. Фашистік Германияның мақсаты - бүкіл кеңес халқын құлға айналдырып, жер бетін басып алу еді. Сұрапыл соғыста талай қазақ аттанып, үйлеріне оралмады. Ұлы Жеңістің 60 жылдығында 6000 боздақтың 2000 кеңес одағының батыры, 16 еңбек ері атанып, алтын әріппен жазылды. Бүгін сол Ұлы Жеңіске қарумен, қаhармандығымен ат салысқан майдангерлер ҰОС - на қатысып, қан майданда тер төккен ардагерлер саны арамыздан  күннен - күнге азайып барады.

1-жүргізуші: Жасасын жеңіс, еңбегі барлық солдаттың,
Болашақ ұрпақ ерлігін айтар жалғап мың.
Қаншама адам ерліктер жасап майданда
Қазақтың атын, халықтың атын самғаттың - дей отырып мерекелік құттықтау сөз мектеп директоры Сейтқанов Берік Бейсенұлына беріледі.

 Сөз Науалы ауылдық округінің әкімі Шоқпарбаев Өмірбек Сүлейменұлына беріледі.

/Қазақ биі/
1-Жүргізуші: Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Олай болса сұрапыл соғыс және елін, жерін қорғаған майдангерлер туралы өлең жолдарын тыңдау үшін оқушыларға сөз берейік!

1-оқушы

Адамзатым, ақиқатқа  сеніңіз,

Соғыс деген - болған емес тегін іс.

Соғыс деген –қиылған жан, аққан қан,

Соғыс деген-екі жаққа жеңіліс.

Жеңіс  бізге оңайлықпен келмеді,

Жастық  күйреп, халық сиреп көнерді.

Жарақат алғандардың күшіменен

Өркендеттік өмір менен өнерді.

Жиырма миллион тірлік демін доғарды

Қанша қала күлге айналып тоналды.

Тап қазіргі Қазақстан халқындай

Бір мемлекет жер бетінен жоғалды.

Жеңіс күні-желекті Ту қанаты

Жаңа ұрпақтың самсап өскен санаты.

Адамзаттың ант ішетін сағаты.

2-оқушы :

 Жеңіс күні бар әлемге әйгілі

 Көктем шуақ – тоғызыншы май күні

 Айтшы, қане, біздің соғыс шеруі

 Кездейсоқ па көктемге сай келуі

 Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп

 Көңілдерге шұғыласын төкті көп...

2-оқушы: Шынында бұл-оралған мыңнан бірің,
Бақ нұрына жүзіңді жуған күнің
Жеңіс күні өзіңдей көзі тірі,
Майдангерлер бәріңнің туған күнің.

3-оқушы: Адам  тарих.Адам  кешкен  жолын  ұқ,

                Неше  ұрпақ  күнтізбектен  алындық.

                Бүкіл  жерді  бүркеп  ұстап  зұлымдық,

                Қанша  тер  мен  қан  ұрттады  зұлымдық.

                Сұрапылдан  дауа  таппай  шерленген,

                Әлем  демін  әрең  алды  шеңберден.

                Ажыратып  қанды  қара  шеңгелден,

               Жарып  шықты  қарғыс  пенен  дозақтан.

4-оқушы: Қара бұлтқа оранбасын күн көкте,
Барлық халық бейбіт өмір сүрмекте
Отанының бақыты үшін мерт болған
Батырларды есіңде ұста, құрметте!

/«Темная ночь» Тукбаев Жамали/

5-оқушы:    Қаһарлы  күндер  өттің  арпалыста,

                    Құныққан  қан  құмарлар  қанша  қысса.

                    Мызғымай  болат  қорған  армиямыз,

                    Бір   адым  бастырмады  алты  ай  қыста.

6-оқушы: Сен құрметте оны!
Түсіндің бе қарағым?
Ол ақшаға сатқан жоқ,
Тізеден кесіп аяғын.
Еріккеннен ұстап жүрген жоқ,
Қолындағы ұзын таяғын.

7-оқушы:
Қан майданның жүректе жарасы бар
Қайғысы мен зілі бар, наласы бар
Арамызда жүретін алшаң басып
Ардагерлер азайып барасыңдар.

Қастерлейді халқымыз қаһарманын
Жүр есінде сан жарық, сапарларың
Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер
Қалды – ау сиреп бүгінде қатарларың.

8-оқушы: Денесін оқ паршаласа да,
Ел намысын қорғап қалды.
Сен құрметте оны!
Түсіндің бе, қарағым?
Сенің келешегің үшін берді ол,
Азаттық жолында аяғын.

9-оқушы: «Көк  түтінге  көмемін  деп  көгімді,

                   Ес  жидырмай  еземін», - деп  елімді.

                   Келді  фашист – жеңе  алмады  бірақ – та,

                   Бақыт  үшін  қаншама  қан  төгілді.

                   Көрші  үйіне  қара  қағаз  келіпті,

                   Қайран  аға  қан  майданда  өліпті.

                   Ерлігіне  ескерткішті  орнатып,

                   Жолдастары  басына  гүл  қойыпты.

/ «...............................................................................» Абиауова Аяулым/

10-оқушы: 70 жыл бейбіт көктем таң атқалы,
70 жыл шуақты күн таратты әнін
Елімде сонан бері 70 рет
Ашылды Жеңіс күннің парақтары.
Талай құс содан бері қайта оралды,
Соғыста өлгендер тек оралмады.


11-оқушы: Вспомним всех поименно,
Сердцем вспомним своим
Это нужно не мертвым-
Это нужно живым.

12-оқушы: Аз емес зар жылаған, егілген жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды соғыс.
Қирады талай арман көңілге алған
Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т.б.және де өз жерлестеріміз де бар.
Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алайық.
(1 мин үнсіздік)

1-жүргізуші: Вечная слава и вечная память,
Павшим в жестоком бою. (минута молчания)

2-жүргізуші: Иә, біздер жеңіске жеттік. Біздермен бірге бүкіл Еуропа халқы да жеңіске жетті. Біздер жер бетіне жеңіс туын тіктік. Бұл  күнді аңсап мыңдаған, жүз мыңдаған боздақ көз жұмды. Жеңіс жолында жанын пида етті. Тірі қалғандар көзінен жасы парлап тұрып сол күні қуанды. Жеңіс күні  Сұлтан, Нүркен, Әлия, Мәншүк, Бауыржан, Мәлік, Төлеген бастаған батырларын, жас өмірлерін қиған өзге де қыршындарын еске алу орынды. Соларды еске ала отырып, 9 мамырды «Жеңіс мерекесі» дейміз.

1-жүргізуші: Жить, работать, воевать, побеждать врага помогали нашему народу на фронте и в тылу песни, созданные в грозные годы.
Кто сказал, что надо бросить песню на войне,
После боя сердце просить музыки вдвойне.

2-жүргізуші: Жеңіс бізге атылған оқпен ғана келген жоқ, әнмен де келді. Жауынгерлерді ән алға жетеледі, жігерлендірді. Жаңа ерліктерге көтеріп, үлкен ұрыстарға жеңіс дабылын қақты.

1-жүргізуші: Сегодня эти песни нельзя слушать без трепета и горького чувства утраты. Она заставляет нас вспомнить грозные дни войны, она напоминает о необыкнавенном мужестве людей, отстоявших нашу Родину от врага.
/Смуглянка/ Тукбаев Жамал

2-жүргізуші: Помните!
Через века, через года!
Помните!
О тех, кто уже не придет никогда,
Помните!
О тех, кто шел в бой за Родину, выстаял и победил.
Помните!
О тех, кто ради победы сердце отдать был готов.
13- Оқушы:

«Отанның намысы үшін оттан қашпа,                                                                              Шын сүйсең мақсатыңнан қия баспа.

Тайсалма бар Отанның құрбаны бол,

Өмірің орынсыз боп кетпес босқа».

14 - оқушы:    Ардагер аталар еске алар өткендерді,

                         Өмір үшін өртеніп кеткендерді.

                          Ал бүгін мақтан етер ұрпақтары

                           Жеңіс алып еліне жеткендерді.

1-жүргізуші: Ағалар саптан шықпасын,
Аналар қабақ шытпасын,
Бақытқа жетіп бар адам,
Сәбилер тыныш ұйықтасын

2-жүргізуші: От имени всех учителей школы и учащиеся еще раз поздравляем вас, уважаемые ветераны с праздником. Желаем крепкого здоровья, голубого ясного неба. Спасибо вам за все, что вы нам сделали.

 Ән « День Победы»
Арылтып  жерден  жауымды,

                     Табанға  шаншып  өлімді.

                     Жеңіспен  желпіп  өмірді,

                     Десеңдер  бұл  қай  күні? –

                                             9  май  күні!

                     Кептерлер  қалқып  көкте  ойнап,

                     Қызыл  ту  шалқып, көк  бойлап.

                     Мәре – сәре,  мәз – мәйрем,

                     Отанымыз  той  тойлап,

                     Десеңдер  бұл  қай  күні? –

                                               9  май  күні!

2 жүргізуші:
- Елге қауып төнбесін,
Есен-аман болайық.
1 жүргізуші:
- Бейбіт болсын еліміз,
Арайлансын күніміз.
2 жүргізуші:
- Ардагер ата - әжелріміз.
Ұзақ ғұмыр сүрсін.
1 жүргізуші:- Мереке баршамызға, құтты болсын!
2 жүргізуші:- Келесі кездескенше, сау - саламатта болыңыздар!

 

Шара барысында ән айтқан оқушылар:

Тукбаев Жамали «Темная ночь»

Қасымова Аяжан «Мама»

Әшімқызы Толғанай «Әлия»

Рамазанов Дарын «Көк тудың желбірегені»

Узбеков Ермек «Айналдым елім»

АбиауоваАяулым «Смуглянка»

Мындыбаева Аружан «Катюша»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әңгімелер.-Алматы, 1977.- Б.52-81

        Ал Мағауин өзінің “Бір атаның балалары” повесіне /Мағауин М. Бір атаның балалары: Повесть, әңгімелер.- Алматы, 1974.- Б.175-239/ мынадай кіріспе жазыпты: ...Осы шағын дүниені фашизм құрбандарының туып жетім қалған сәбилерінің рухына арнаймын. Өлгендеріне тастаған бір уыс топырағым, тірілерінің жанын жұбатар бір шумақ жырым”.

        “Әке, есіңізде ме? Майданға керерде менің маңдайымнан сүйіп тұрып: “Мә, құлыным, жоғалтпа, -деп бір тал шашыңды жұлып беріп едің ғой.- Жоғалтпа, тығып қой. Мені сағынғанда осы шашты тұтатқайсың. Сонда мен ЕрТөстіктің Шалқұйрық аты құсап жетіп келемін,- деп едің ғой, әке. Мен сенің аманатыңды ұзақ сақтай алмадым. Қырық үшінші жыдың қысында өзіңді қатты сағынып, үй сыртынағы төбегее барып шақпақ тұтаттым. Бір тал шашың лып етіп жанып кетті, бірақ сен уәдеңде тұрмадың, көп күттім, алыста ғой, жете алмай жүрген шығар деп ойладым. Бірақ сен келмедің... Сөйтіп сенің өзіңнен де, көзіңнен де айрылдым, әке. Ендігі көңілге медет етіп келе жатқаным майданнан жазған хаттарың ғана, иә, хаттарың”.

             ... Бала дәурен өтті ғой құйындаған,

                                                                     Балы менен шекері бұйырмаған.

                                                                    Өзін -өзі он жастар қорғамаса

                                                                    Өзгелерді қорғауы қиын, балам!

       

Қырқыншы жылдардағы балалар...  Олар да мекитепте оқитын. Қазіргі балалар сияқты асыр салып асық ойнап, ертеңгі күнге үлкен сеніммен қарайтын.  Бірақ, сұм соғыс сол жылдардағы балаларды ерте есейтті. Алапат өртті ауыр соғыс өз салмағын иыққа 1418 күн мен түнді, яғни 4 жыл салды. Ерте есейген балғын балалар осынау отты кешулерде Жеңісті жақындатуға балалар да аямай ат салысты. Гвардияшылар сапында полк балалары, партизан балалары, тыл балалары.

        Соғыс жылғы балалар...

        Олар әкелерін майданға аттандырып салып, елдегі шаруашылық тұтқасын өз қолына алды. Ертеден кешке дейін, қараңғы түн құшағында  егін орды, жер жыртты, станокта тұрып оқ жонды, бомба жасады, жауынгерлер үшін жылы киім жинастырды.

Балауса пәк көңіл-ай десеңші. “Менің  әкем, менің ағам, менің туысым жеңіспен елге аман оралса екен”,-деген жалғыз ауыз сөз сол жылдардағы сәбилердің жүрек жарды арманы еді ғой. Сол тілекпен, сол сезіммен олар сонау көгілдір жоннан ауылға құлап түсер қасқа жолға қарайтын. Пошташы шалдың хат қалтасына үмітпен, күдікпен көз тігетін.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бейбіт күн жасасын әлемде!"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор десткого сада

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Міне, Жеңіс күні осылай келген еді. Фашистік Германияның мақсаты - бүкіл кеңес халқын құлға айналдырып, жер бетін басып алу еді. Сұрапыл соғыста талай қазақ аттанып, үйлеріне оралмады. Ұлы Жеңістің 60 жылдығында 6000 боздақтың 2000 кеңес одағының батыры, 16 еңбек ері атанып, алтын әріппен жазылды. Бүгін сол Ұлы Жеңіске қарумен, қаhармандығымен ат салысқан майдангерлер ҰОС - на қатысып, қан майданда тер төккен ардагерлер саны арамыздан  күннен - күнге азайып барады.

 

Міне, Жеңіс күні осылай келген еді. Фашистік Германияның мақсаты - бүкіл кеңес халқын құлға айналдырып, жер бетін басып алу еді. Сұрапыл соғыста талай қазақ аттанып, үйлеріне оралмады. Ұлы Жеңістің 60 жылдығында 6000 боздақтың 2000 кеңес одағының батыры, 16 еңбек ері атанып, алтын әріппен жазылды. Бүгін сол Ұлы Жеңіске қарумен, қаhармандығымен ат салысқан майдангерлер ҰОС - на қатысып, қан майданда тер төккен ардагерлер саны арамыздан  күннен - күнге азайып барады.

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 487 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.03.2015 4834
    • DOCX 28.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Толеубекова Фарида Джаймбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 53
    • Всего просмотров: 18281
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Курс повышения квалификации

Развитие функциональной грамотности у обучающихся средствами математики

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 208 человек из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 863 человека

Курс повышения квалификации

Аспекты преподавания самостоятельного учебного курса «Вероятность и статистика» в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 281 человек из 65 регионов
  • Этот курс уже прошли 985 человек

Мини-курс

Продажи и самопрезентация в социальных сетях

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 111 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 23 человека

Мини-курс

Литературные пути: от биографий к жанрам

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инвестиционная деятельность и проектный менеджмен

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе