Инфоурок Директору, завучу Другие методич. материалыБейіндік мектептің оқу үрдісіндегі алатын алғы педагогикалық шарттары

Бейіндік мектептің оқу үрдісіндегі алатын алғы педагогикалық шарттары

Скачать материал

2015 жылдың 2 -14 наурыз аралығында Сарыағаш, Бәйдібек, Шардара, Сайрам, Қазығұрт, Мақтарал, Созақ аудандары және Шымкент, Кентау, Түркістан қалаларынан директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасарларына арналған «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында бейінді оқытуды дамыту» тақырыбындағы курста біліктілігімді арттырудамын. Мен өзімнің жобамды жарияламас бұрын «Өрлеу» ПҚБАИ директоры Л.Т.Искакова және директордың оқу әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Ш. Н. Ергешбаеваға үлкен рахметімді айтамын. Себебі, бізге дәріс берген «Басқару мен білім беру сапасы» кафедрасының меңгерушісі М.А.Медетбекова, жылы жүзді, білімді, мейірімді кураторымыз Ә.П.Тәңірбергенова, аға оқытушылар А.Н.Панова, З.Б.Ибраимова, Г.Батькаева, М.Ы.Егембергенова, Н.Азбердиева, Д.Ш.Орынбасар және жас маман Б.Бурисова біздің біліктілігімізді арттыруға көмек беріп қана қоймай, өздерінің бойындағы педагогтарға тән қасиеттерін, мәдениеттіліктерін көрсете отырып, ұжыммен, ата-аналармен, оқушылармен, жалпы көпшілікпен қарым-қатынас этикасын да үйрендік. Сапалы дәрістерден өзімізді толғандырып жүрген талай жәйттердің жауабын таптык. Осындай өз істерінің нағыз шеберлігін көрсете білген ұстаздарға айтар алғысымыз шексіз. Жалпы институтта педагог қызметкерлердің сапасы жоғары екендігіне көз жеткіздік. Алған әсерімізді негізге ала отырып «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында бейінді оқытуды дамыту» тақырыбында алған біліктілік арттыру курсы бойынша төмендегіше ойымды түйіндеймін.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемелекеттік бағдарламасының мақсаты- адам ресурсын даярлау сапасын арттыру, жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының басымдықтары негізінде көп деңгейлі білім берудің ұлттық жүйесін жаңғырту.

Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттірінің бірі - 12 жылдық жалпы орта білім беру жүйесіне көшу.

Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың стратегиялық міндеттеріне сәйкес білім берудің Қазақстан халқының жалпы ғаламшарлық ойлауын қалыптастыруға бағытталған ұлттық-тарихи және этникалық дәстүрлері мен жалпы адамзаттық құндылықтары ескерілген мақсаттары анықталды.

Білім беруде басты басымдық мәдени және экономикалық гүлденудің мақсатты тұлғасы ретінде адамға, сол сияқты, білім берудің ізгілік парадигмасының ұстанымдарына: өзара ықпалдастыққа, теңдікке, бірге дамуға, бірлікке, төзімділікке беріледі.

Бейінді оқыту- кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеруге дайындау, олардың кәсіптік бағдарлары үшін жағдай жасау, оқушылардың арнаулы бейімділігі мен қызығушылығын, танымдық қабілетін ескеруге бағытталған білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнын ұйымдастыру түрі, жоғары сыныптағылардың оқуын даралау мен саралап жіктеудің педагогикалық жүйесі.

Бейінді оқытуды ұйымдастыру мақсаты:

Оқушылардың әлеуметтену мүмкіндігін кеңейтіп, Қазақстан азаматтарының сындарлы рөл ретінде базалық құзыреттер түріндегі білім беру жүйесінің ұлттық мақсаттарына жетуге мүмкіндік туғызу.

Жалпы орта білім берудің жеке оқу жоспарларын жобалау мен іске асыру мүмкіндігін, 11-12 сынып оқушыларының білім беру мазмұнын саралап жіктеу үшін нормативтік және ұйымдастырушылық педагогикалық жағдай жасау.

Оқушылардың сапалы білімге қол жеткізуін, олардың қабілеті мен қызығушылығын, танымдық және өмірлік қажеттіліктеріне, бейімділіктеріне сәйкес қамтамасыз ету.

Жоғарғы кәсіби және орта білім деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз ету.

Бейінді оқытудың қазақстандық моделі халықаралық тәжірибелердің негізінде әзірленіп отыр. Мемлекеттердің экономикалық дамуында елдің мәдени және тарихи дәстүрлеріне байланысты өзгеше ерекшеленетін, бейіндік оқытуды жүзеге асырудың әртүрлі үлгісі бар.

Қазақстанда «Бейіндік мектеп » бағдарламасы 2015 жылдан бастап орта мектептердің, лицей-гимназиялардың, Зияткерлік мектептер мен дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің жоғары сыныптарында жүзеге асырыла бастайды.

Қазақстанда бейіндік оқыту жүйесін дамыту өзектілігі бірқатар факторлармен келісілген, оның ішінде:

-         мектептердің 12 жылдық білім беру үлгісіне көшуі;

-         шетелдік тәжірибедегі жоғарғы сыныптағылардың оқуын ұйымдастыру тенденциялары;

-         еңбек нарығының мектеп түлектерінің дайындығына қоятын талабы;

-         білім берудің келесі деңгейлерімен сабақтастығын жүзеге асыру қажеттілігі.

Бүгінгі күнде Қазақстанда 11 жылдық білім беру стандарттарын іске асыру жағдайында екі деңгейлік оқу бағдарламалары мен бейіндік оқытудың 10-11 сыныптардағы оқу пәндері бойынша қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарының оқу-әдістемелік кешендері дайын.

Мектебіміздің педагогтары жаңа қызмет жағдайында 10-11 сынып оқушыларының бейіндік оқыту мазмұнының вариативті компонентін жүзеге асыратын курстар бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеп, жүзеге асыруда.

Қазақстандағы әлеуметтік тәжірибенің дамуын, қоғамдағы жаңа құндылықтардың бекуін ескере отырып, 12 жылдық білім беру жағдайында бейіндік оқытудың үлгісін құрастыруда кейбір кері нәтижені, бір қатар проблемаларды көрсету маңызды:

-         негізгі орта білім беру деңгейінде оқушылардың бейіналды дайындық жүйесінің жеткіліксіздігі;

-         әлеуметтік-экономикалық қиындықтардың кездесуі, бейіндік оқытуды ұйымдастырудың барлық жағдайын толық орындауға жеткіліксіздіктің себеп болуы, оның ішінде шағын жинақталған мектептерде;

-         білім беру мекемелерінің үлгісінде, білім беру мазмұнында, білім беру үдерістерінің деңгейінде білім берудің вариативтілік идеяларын жүзеге асыру мүмкіндігі;

-         жоғарғы сыныптарда бейіндік оқытудың мазмұнын жүзеге асырушы мамандармен қамтамасыз ету;

-         орта білім беру деңгейінің білім беру ұйымдары ретіндегі техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде бейіндік оқытуды ұйымдастыру.

Бейінді оқытуды ұйымдастыру үлгілері деп нақты жағдайларда бейінді оқыту түрлерін жүзеге асыру тәсілдерін айтады. Ұйымдастыру үлгілерінің түрліше болуы бейінді оқытуды ұйымдастырудың типтерімен формаларын үйлестіруді алуан түрлі болуынан туындайды. Бейінді оқытуды ұйымдастыру үлгілерінің нұсқалары ретінде мыналарды атауға болады:

-         бейінді оқытуың мектепішілік үлгісі;

-         бейінді оқытуды ресурстық орталық негізінде ұйымдастыру үлгісі;

-         бейінді оқытуды әлеуметтік серіктестік негізінде ұйымдастыру үлгісі.

Қазіргі таңда әлемдік білім кеңістігіне енуге бағытталған білім берудің жаңа жобасы жасалды. Білім берудің мазмұны жаңарып қөзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болмақ. Осы жоба бойынша 8-9 сыныптарды бейіналды, ал 10-11 сыныптар бейінді деп екіге бөлінді.

8-9 сыныптар бейіналды болғандықтан мұнда  әр оқушының жеке қасиеттерін ашып, әр оқушының қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқытуды көздейді. Баланың белгілі бір пәнге бейімділігі анықталады. 10-11 сыныптарда бейімделген пәніне кәсіптік деңгейде білім беріледі. Демек, баланың таңдауы бойынша кәсіптік білім тереңдетіледі.

Ендеше қазіргі білім беру жүйесінде педагогикалық технологиялардың алатын орны ерекше себебі әрбір мұғалім педагогикалық жаңа технологияны ұтымды пайдалана отырып, жақсы жетістіктерге жетуге мүмкүндік алады. Өзінің кәсіби білім деңгейін көтереді және оқушылардың білім сапаларын арттыра түседі.

Біліктілік арттыру саласында пән  мұғалімдерінің мазмұнын және тәжірибесін жан-жақты талдау және қорыту негізінде бейінді оқыту үдерісінің оқу-тәрбие үдерісінде жаңа педагогикалық технологияларды жүзеге асырудың педагогикалық шарттары анықталды. Оқу және педагогикалық іс-тәжірибе үдерісінің барлық сатыларында мұғалімдердің жаңа нәтижеге, құралдарға, оларды алудың тәсілдеріне қол жеткізу, дәстүрлі іс-әрекеттің есерген компоненттерінен арылу бойынша іс-әрекеттерін ұйымдастыру мұғалімдерінің жаңа технологияларды жүзеге асыруға тиімді қалыптастырылуына және дамытылуына жол ашады.

Міне осындай сапалы бейінді оқытуды ұйымдастыруда ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы қыркүйек айының 15-ші жұлдызындағы № 671 бұйрығы бойынша Мақтарал аудандық білім бөлімі 2014-2015 оқу жылынан бастап №11 М. Байзақов атындағы жалпы орта мектебі «Нәтижеге бағытталған білім беру моделіне көшу жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мен дамыту» тақырыбында эксперимент алаңы болып отыр. Бұл мектеп ұстаздарының көпжылдық еңбегінің арқасында. Мектепте бейіндік пәндерді жаңа жүйе бойынша оқыту оқушыларға ұнайды, яғни балалар сабақ барысында стандартпен ғана шектеліп қоймай, ғаламтордан сол күнгі тақырыпқа қатысты жаңалықтарды жарыса және қызыға іздену үстінде болады. Бұл сабақтар оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдануға бағыт-бағдар береді. Бейіндік пәндерді жаңа жүйе бойынша оқыту өскелең ұрпаққа оң әсерін береді деген пікірдемін. Сондықтан өсіп келе жатқан жастарға жаңа жүйе бойынша сапалы білім берсек, келешекте жастар «Қазақ елін» дамыған көшбасшы елге жеткізетініне сенемін.

 Осыған сәйкес қазіргі уақытта білім берудің көкейтесті міндеті оқушылардың кәсіби  қабілетін қалыптастыру өз шешімін табады деп ойлаймын яғни,  заманауи әртүрлі ұтымды әдіс-тәсілдерін пайдалану есебінен мектеп оқушыларының ой-өрісінің даму деңгейін көтерудің, олардың ғылыми танымдық іс-әрекеттерін белсендірудің, оқуға, білім алуға ынталандырудың тиімді әдістемесін жасау болып табылады

  №11 М.Байзақов атындағы жалпы орта мектеп директорының

бейінді  оқыту жөніндегі орынбасары Мекенбаева Жәудір Әмірбекқызы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бейіндік мектептің оқу үрдісіндегі алатын алғы педагогикалық шарттары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор музея

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемелекеттік бағдарламасының мақсаты- адам ресурсын даярлау сапасын арттыру, жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының басымдықтары негізінде көп деңгейлі білім берудің ұлттық жүйесін жаңғырту.

Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттірінің бірі - 12 жылдық жалпы орта білім беру жүйесіне көшу.

Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың стратегиялық міндеттеріне сәйкес білім берудің Қазақстан халқының жалпы ғаламшарлық ойлауын қалыптастыруға бағытталған ұлттық-тарихи және этникалық дәстүрлері мен жалпы адамзаттық құндылықтары ескерілген мақсаттары анықталды.

Білім беруде басты басымдық мәдени және экономикалық гүлденудің мақсатты тұлғасы ретінде адамға, сол сияқты, білім берудің ізгілік парадигмасының ұстанымдарына: өзара ықпалдастыққа, теңдікке, бірге дамуға, бірлікке, төзімділікке беріледі.

Бейінді оқыту- кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеруге дайындау, олардың кәсіптік бағдарлары үшін жағдай жасау, оқушылардың арнаулы бейімділігі мен қызығушылығын, танымдық қабілетін ескеруге бағытталған білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнын ұйымдастыру түрі, жоғары сыныптағылардың оқуын даралау мен саралап жіктеудің педагогикалық жүйесі.

Бейінді оқытуды ұйымдастыру мақсаты:

Оқушылардың әлеуметтену мүмкіндігін кеңейтіп, Қазақстан азаматтарының сындарлы рөл ретінде базалық құзыреттер түріндегі білім беру жүйесінің ұлттық мақсаттарына жетуге мүмкіндік туғызу.

Жалпы орта білім берудің жеке оқу жоспарларын жобалау мен іске асыру мүмкіндігін, 11-12 сынып оқушыларының білім беру мазмұнын саралап жіктеу үшін нормативтік және ұйымдастырушылық педагогикалық жағдай жасау.

Оқушылардың сапалы білімге қол жеткізуін, олардың қабілеті мен қызығушылығын, танымдық және өмірлік қажеттіліктеріне, бейімділіктеріне сәйкес қамтамасыз ету.

Жоғарғы кәсіби және орта білім деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз ету.

Бейінді оқытудың қазақстандық моделі халықаралық тәжірибелердің негізінде әзірленіп отыр. Мемлекеттердің экономикалық дамуында елдің мәдени және тарихи дәстүрлеріне байланысты өзгеше ерекшеленетін, бейіндік оқытуды жүзеге асырудың әртүрлі үлгісі бар.

Қазақстанда «Бейіндік мектеп » бағдарламасы 2015 жылдан бастап орта мектептердің, лицей-гимназиялардың, Зияткерлік мектептер мен дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің жоғары сыныптарында жүзеге асырыла бастайды.

Қазақстанда бейіндік оқыту жүйесін дамыту өзектілігі бірқатар факторлармен келісілген, оның ішінде:

-мектептердің 12 жылдық білім беру үлгісіне көшуі;

-шетелдік тәжірибедегі жоғарғы сыныптағылардың оқуын ұйымдастыру тенденциялары;

-еңбек нарығының мектеп түлектерінің дайындығына қоятын талабы;

-білім берудің келесі деңгейлерімен сабақтастығын жүзеге асыру қажеттілігі.

Бүгінгі күнде Қазақстанда 11 жылдық білім беру стандарттарын іске асыру жағдайында екі деңгейлік оқу бағдарламалары мен бейіндік оқытудың 10-11 сыныптардағы оқу пәндері бойынша қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарының оқу-әдістемелік кешендері дайын.

Мектебіміздің педагогтары жаңа қызмет жағдайында 10-11 сынып оқушыларының бейіндік оқыту мазмұнының вариативті компонентін жүзеге асыратын курстар бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеп, жүзеге асыруда.

Қазақстандағы әлеуметтік тәжірибенің дамуын, қоғамдағы жаңа құндылықтардың бекуін ескере отырып, 12 жылдық білім беру жағдайында бейіндік оқытудың үлгісін құрастыруда кейбір кері нәтижені, бір қатар проблемаларды көрсету маңызды:

-негізгі орта білім беру деңгейінде оқушылардың бейіналды дайындық жүйесінің жеткіліксіздігі;

-әлеуметтік-экономикалық қиындықтардың кездесуі, бейіндік оқытуды ұйымдастырудың барлық жағдайын толық орындауға жеткіліксіздіктің себеп болуы, оның ішінде шағын жинақталған мектептерде;

-білім беру мекемелерінің үлгісінде, білім беру мазмұнында, білім беру үдерістерінің деңгейінде білім берудің вариативтілік идеяларын жүзеге асыру мүмкіндігі;

-жоғарғы сыныптарда бейіндік оқытудың мазмұнын жүзеге асырушы мамандармен қамтамасыз ету;

-орта білім беру деңгейінің білім беру ұйымдары ретіндегі техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде бейіндік оқытуды ұйымдастыру.

Бейінді оқытуды ұйымдастыру үлгілері деп нақты жағдайларда бейінді оқыту түрлерін жүзеге асыру тәсілдерін айтады. Ұйымдастыру үлгілерінің түрліше болуы бейінді оқытуды ұйымдастырудың типтерімен формаларын үйлестіруді алуан түрлі болуынан туындайды. Бейінді оқытуды ұйымдастыру үлгілерінің нұсқалары ретінде мыналарды атауға болады:

-бейінді оқытуың мектепішілік үлгісі;

-бейінді оқытуды ресурстық орталық негізінде ұйымдастыру үлгісі;

-бейінді оқытуды әлеуметтік серіктестік негізінде ұйымдастыру үлгісі.

Қазіргі таңда әлемдік білім кеңістігіне енуге бағытталған білім берудің жаңа жобасы жасалды. Білім берудің мазмұны жаңарып қөзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болмақ. Осы жоба бойынша 8-9 сыныптарды бейіналды, ал 10-11 сыныптар бейінді деп екіге бөлінді.

8-9 сыныптар бейіналды болғандықтан мұнда әр оқушының жеке қасиеттерін ашып, әр оқушының қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқытуды көздейді. Баланың белгілі бір пәнге бейімділігі анықталады. 10-11 сыныптарда бейімделген пәніне кәсіптік деңгейде білім беріледі. Демек, баланың таңдауы бойынша кәсіптік білім тереңдетіледі.

Ендеше қазіргі білім беру жүйесінде педагогикалық технологиялардың алатын орны ерекше себебі әрбір мұғалім педагогикалық жаңа технологияны ұтымды пайдалана отырып, жақсы жетістіктерге жетуге мүмкүндік алады. Өзінің кәсіби білім деңгейін көтереді және оқушылардың білім сапаларын арттыра түседі.

Біліктілік арттыру саласында пән мұғалімдерінің мазмұнын және тәжірибесін жан-жақты талдау және қорыту негізінде бейінді оқыту үдерісінің оқу-тәрбие үдерісінде жаңа педагогикалық технологияларды жүзеге асырудың педагогикалық шарттары анықталды. Оқу және педагогикалық іс-тәжірибе үдерісінің барлық сатыларында мұғалімдердің жаңа нәтижеге, құралдарға, оларды алудың тәсілдеріне қол жеткізу, дәстүрлі іс-әрекеттің есерген компоненттерінен арылу бойынша іс-әрекеттерін ұйымдастыру мұғалімдерінің жаңа технологияларды жүзеге асыруға тиімді қалыптастырылуына және дамытылуына жол ашады.

Міне осындай сапалы бейінді оқытуды ұйымдастыруда ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы қыркүйек айының 15-ші жұлдызындағы № 671 бұйрығы бойынша Мақтарал аудандық білім бөлімі 2014-2015 оқу жылынан бастап №11 М. Байзақов атындағы жалпы орта мектебі «Нәтижеге бағытталған білім беру моделіне көшу жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мен дамыту» тақырыбында эксперимент алаңы болып отыр. Бұл мектеп ұстаздарының көпжылдық еңбегінің арқасында. Мектепте бейіндік пәндерді жаңа жүйе бойынша оқыту оқушыларға ұнайды, яғни балалар сабақ барысында стандартпен ғана шектеліп қоймай, ғаламтордан сол күнгі тақырыпқа қатысты жаңалықтарды жарыса және қызыға іздену үстінде болады. Бұл сабақтар оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдануға бағыт-бағдар береді. Бейіндік пәндерді жаңа жүйе бойынша оқыту өскелең ұрпаққа оң әсерін береді деген пікірдемін. Сондықтан өсіп келе жатқан жастарға жаңа жүйе бойынша сапалы білім берсек, келешекте жастар «Қазақ елін» дамыған көшбасшы елге жеткізетініне сенемін.

Осыған сәйкес қазіргі уақытта білім берудің көкейтесті міндеті оқушылардың кәсіби қабілетін қалыптастыру өз шешімін табады деп ойлаймын яғни, заманауи әртүрлі ұтымды әдіс-тәсілдерін пайдалану есебінен мектеп оқушыларының ой-өрісінің даму деңгейін көтерудің, олардың ғылыми танымдық іс-әрекеттерін белсендірудің, оқуға, білім алуға ынталандырудың тиімді әдістемесін жасау

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 946 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.04.2015 2304
    • DOCX 301.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мекенбаева Жаудир Амирбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мекенбаева Жаудир Амирбековна
    Мекенбаева Жаудир Амирбековна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 32721
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Инженерная защита окружающей среды

Специалист по обеспечению охраны окружающей среды

300 ч. — 1200 ч.

от 6500 руб. от 3600 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Руководство вокальным коллективом: использование современных методов управления

36/72/108 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Курс повышения квалификации

Управление кадровыми процессами в организации

144 ч.

2160 руб. 1290 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Общие понятия и диагностика антивитального поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Вероятность и статистика: формирование общеучебных умений и навыков

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическая экспертиза в работе с детьми и родителями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 48 человек