Күні:
|
Пәні: Қазақ
әдебиеті
|
Сынып: 6
|
Сабақтың
тақырыбы
|
Бейімбет
Майлин «Түйебай» әңгімесі
Тақырыбы
мен идеясы
|
Мақсаты
|
«Түйебай»
әңгімесінің тақырыбын анықтап алу. Ұнамды,
ұнамсыз кейіпкерлерге сипаттама беру. Қазіргі
таңдағы өзектілігі жайлы мәселе көтеру.
|
Күтілетін
нәтиже
|
·
Әңгіме
тақырыбында көтерілген мәселе туралы біледі.
·
Ұнамды,
ұнамсыз кейіпкерлерге сипаттама бере алады.
·
Қазіргі
таңдағы өзектілігі жайлы әңгімелейді.
|
Сабақтың
әдісі
|
Үлкен
топта жұмыс, SMART талдауы, Пікір алысу
Кейіпкерлер
күнделігі
|
Ұйымдастыру
кезеңі
|
Оқушылармен амандасу, сабаққа
қатысын тексеру. Сыныпты топқа бөлу. Үш бәйтерек бойынша «Ілияс»,
«Бейімбет», «Сәкен» деген үш топқа бөлемін. (1
минут)
|
Ақынның
ойы
|
Магнитафоннан
Бейімбеттің:
Сенің зарың - зарлайтыным өмірде,
Сенің арың - арлайтыным өмірде,
Сен не көрсең, мен де соны көрмекпін,
Белді буғам ауырға да, жеңілге.
Сен жыласаң - көзден жасым тамшылар,
Сен қуансаң - қайғы - шерім ашылар.
Айт өлеңді ен даланы жаңғыртып,
Қойшы - қолаң, кеше жүрген малшылар,- өлеңі тыңдалады.
(1
минут)
|
Өткенге
саяхат
Зымыран
сұрақтар
|
«Түйебай»
әңгімесінің толық мазмұнын сұрау.
а) «Түйебай»
әңгімесінде қандай мәселе көтеріледі?
ә) Әңгіменің баяндалу ерекшелігі неде?
б) Әңгімедегі оқиға қай өлкеде болған? Оның суретін автор қалай береді?
в) Биылғы жылы балалар өмірінде қандай өзгеріс болды?
г) Молданың портретін жазушы қалай суреттейді?
д) Түйебайға молда неге өш? Онымен бірге сабақтан қалып қойған балаға неге
шұқшимайды? Ал Түйебайды неге жек көрді?
е) Әңгімеде молданың қатыгездігі қалай ашылады?
ж) Молда алдынан кеткен Түйебайдың өмірі қалай жалғасты?
з) Неліктен Түйебай «Аштан өлсем де, байдың малын бақпаймын»деп айта алмады?
(10 минут)
|
Бөлім
– Тақырып
– Басты оқиға
|
Бөлім Тақырып
-------------------- Басты оқиғалар
I ------ Қоржынтомар ауылы --- 1. Ауыл суреті 2. Балалардың тірлігі
II ---- Молда ------------------ 1. Молданың оқуы 2. Жұмалық 3.
Молданың қаһары
III --- Сабаққа кешігу ------ 1. Түйебайдың сабаққа кешігуі 2.
Молданың қатыгездігі 3. Оқудан кету
IV ---- Мал соңында ------------ 1. Жайлауға көшу
2. Қой соңындағы Түйебай (3 минут)
|
Әдебиет
теориясы
|
Әңгіменің композициялық - сюжеттік құрылымын анықтау.
Композиция деген не?
Сюжет деген не?
Пейзаж деген не? Әңгімеден мысал.
(3
минут)
|
Кейіпкерлер
портреті
|
Портрет деген не?
Молданың портретін тап. (2 минут)
|
Пікірталас
|
Әңгіме мазмұнына сай кейіпкер характерін ашу үшін
пікірталас.(дебат)
1. Жақтаушы топ.
Резолюциясы: «Ғылым үйрен, ашылсын көзің, жастар»
Аргумент: «Адам болатын бала алысқа қарайды».
2. Қарсы топ.
Резолюциясы: «Аңқау елге, арамза молда»
Аргумент: «Молда көп, молда деген атын сатқан
Бас алмай, өтірік соққан
шариғаттан».
3. Сарапшы
топ.
Резолюциясы: «Әділдікпен қиындықты жеңуге болады»
Аргумент: «Тура биде – туған
жоқ, Туғанды биде
иман жоқ»
(12
минут)
|
Топтық
тапсырма
|
Топтарға тапсырма. Түйебай
өз бақытын, орнын өмірде таба ала ма?
1. Түйебайдың болашағын қалай елестетесің? (Модулін жаса)
2. Әңгімеге ойтүйме (Резюме) жаз.
3. Әңгімені қалай жалғастырар едің? (әңгімені аяқтау)
4. Бүгінгі заманда Түйебайдың өмірі қандай болар еді? (Модуль)
5. Теңсіздік заманының болашағы (модуль) (5 минут)
|
Тұжырым
жаса
|
1. Әңгімені оқу барысында нені үйрендік? Қандай білім алдық?
2. Бүгінгі таңда оқу - білімнің қандай маңызы бар? (3 минут)
|
Қорытынды
|
Мұғалімнің қорытынды сөзі.
«Мен - қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға алаш деген атты аламын.
Сүйгенім - қазақ өмірі, өзім - қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын»,- деп С. Торайғыров айтқандай, біз өзіміздің
қазақ екендігімізді мақтан тұтып, ұлттық ділімізді жоғары ұстауымыз керек.
Еліміздің тарихын, дәстүрін, өнегелі өнерін көңілге тоқи отырып, асыл
қазынадан жалғас тапсақ, нұр үстіне нұр болар еді.
(2 минут)
|
Бағалау
|
Өзіндік бағалау, жиынтық бағалау (2
минут)
|
Үй
жұмысы
|
«Түйебай» әңгімесінен
алған білімдеріңді жүйелеу, Түйебайдың болашағы туралы ой - толғау жазып
келіңдер.
(1 минут)
|
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.