Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Бейнелеу "Күзгі жапырақтар"(мектепалды даярлық сыныбы)

Бейнелеу "Күзгі жапырақтар"(мектепалды даярлық сыныбы)



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG

библиотека
материалов

Бейнелеу іс-әрекетіне арналған үлгі - сабақ жоспарлары

1-сабақ.

Сурет. Тақырыбы: Сиқырлы қылқалам

Сабақтың мақсаты: Балаларды қарындаш, қылқалам, қағазды маңызымен таныстыру. Сурет салуға ынта-ықыласын, қызығушылығын тудыру. Қылқаламды дұрыс ұстап, палитраны пайдалана білуге, яғни қылқаламды бояуға батыру, қағаз бетіне сүйкей жағу тәсілдерін үйрету. Сызықтар мен сүйкей жағу ұғымдарын түсіндіру.

Қажетті құралдар: бояулар, қылқалам, палитра, қағаздар, су, сүлгі, қылқалам қоятын тұғырлар.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші сабақты қылқалам жанында әңгімелеуден бастайды.

- Балалар, ерте кездегі адамдар сурет салуды бастағанда олардың қолында ештеңе жоқ және өздері де икемсіз болыпты. Олар бейнелерді саз балшықтан немесе тастан қашап жасайтын болған. Алғашқыда олардың құралдары саусақтары болса, одан кейін таяқшаны, шөптерді пайдаланған. Адамдарға қылқаламды жасауға ой туғызған құстың қауырсыны болды. Қазір де кейбір халық шеберлері өрнек салуға қаздың қауырсынын пайдаланады. Ертедегі қылқалам пайда болғанда оның сыртқы пішіні онша әдемі болмады, Таяқшаға жылқының қылын байлап алып, сурет салуға пайдаланды. Дегенмен де бұл да қылқалам деп есептелді. Тәрбиеші көркем сөз оқиды. "Қарындаш". Н.Айтов.

Қызыл-жасыл, қарасын,

Қолға кезек аласың.

Қарындашпен әр түрлі,

Алуан сурет саласың.

Қарындаштың көмегі,

Міне, қандай көп еді.

Ұштай біл де, ұстам біл,

Түрлі өрнек төгеді.

Шығарманың мазмұны жайында балалардан сұрау. Әңгімелесу Қарындаш деген сөзді өзі түркі тілінде "қара", "таш" (тас) деген мағынаны білдіреді екен. Бұрынғы кезде сендердің қолдарыңдағыдай қарындаштар болмаған. Оқушылар бормен немесе қорғасынмен жазған, ал суретшілер күміс таяқшалармен сурет салған. Оған теріден түтікшелер жасаған, олар желініп қалғанда таяқшаны ұштап отырған.

Бір нәрсе ала шұбар, қара тұмсық,

Қарсақ басқан ізі қисық-қисық,

Өзі жансыз, жандының күшіменен,

Борайды ат үстінде желдей есіп. (қарындаш)

Түрлі түсті қарындаштарды жасау үшін алуан түрлі түс беретін қоспалар (пигменттер) пайдаланылады екен. Бояулар туралы әңгімелеу.

Ерте, ерте, ертеде - көп мың жылдар бұрын жер бетінде алғашқы адамдар өмір сүрген, олар бірде қолдарына саз балшықты алып, оған салуға болатынын байқап көрген. Бұрынғы кездегі тасқа, жерге салынған суреттерде суретшілер осындай материалдарды пайдаланған. Мұндай саз балшықтардың және есімдіктерді бірнеше түс беретінін білген соң бұрынғы кездегі "әскерлер" өздерінін беттеріне және денесіне осында бояулармен сурет салып алатын болған. Кейін келе әйелдер мұнда бояуларды әдемілікке, косметикалық құрал ретінде пайдаланатын болды.

Акварель бояу - бұл суда жақсы еритін бояу. Ол мөлдір жәй қағазға жақсы жұғады. Акварель бояуларды дайындағанда оларды құрамына бал да қосатын болған. Оларды "балды" бояу деп атаған. Ал гуашь бояулардың негізгі құрамы - бор, оған пигменттер қосылған.

Технологиялық деректер:

1. Қылқаламмен жұмыс істеудің негізгі ережелерін түсіндіру.

а) қылқаламды суда қалдыруға болмайды;

э) сурет салып болған соң қылқаламды жуып, тазалап қою керек;

б) қылқаламды орнына қойғанда қылы бар жағын жоғарыға қаратып орналастыру керек;

2. "жағыс" және "сызықтар" ұғымдары туралы түсінік беру. Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Тапсырма: Балалар өз еріктері бойынша шағын топтарға бөлініп, "Жаз" тақырыбына сурет салады. Бір топ қарындашпен, екінші топ бояуларды пайдаланып, жұмыс жасауларына болады.

Балалар жұмыстарын талдау.

















































2-сабақ.

Сурет. Тақырыбы: Кемпірқосақ.

Сабақтың мақсаты: Негізгі түстерді араластыру арқылы қосымша түстерді алу дағдыларын қалыптастыру Қызыл + сары = қызғылт сары көк + сары = жасыл, қызыл + көк = сияқөк.

Қажетті құралдар: палитра, бояулар, қылқалам, қағаздар, су, сүлгі әліппе - дәптер.

Сабақтың барысы:

- Бүгін бізге "Бояушылар" елінен қылқалам қонаққа келіпті. Сендерді өзінің әсем де сәнді еліне қонаққа шақырады. Ол жаққа бару үшін бізге үлкен түрлі түсті көпірден өтуге тура келеді. Осындай түрлі түсті көпірдің суретін өздерің салып көріңдер. Ол үшін алдымен дәптерлеріңді ашып қараңдар, кемпірқосақтың жеті түсін естеріне түсіріңдер (дәптермен жұмыс).

Балаларға негізгі түстерді түсіндіру және оларды бір-біріне араластыру арқылы қосымша түстерді алуға болатынын көрсету. Палитрада бояуларды араластырып көреді.

Oйын "Түстерді таңда".

Балалар екі түсті араластырып, үшінші түсті алуды үйренген соң, 4-5 бояуды басқа жаққа алып қойып, өзінің алған түсі қандай бояу түстерінің қосындысы екенін айтып береді.

- Аспанда нағыз кемпірқосақ жаңбыр жауғаңнан кейін пайда болады. Сендердің алдыларың дағы ақ қағаз аспан әлемінің бір бөлшегі деп есептеңдер.

Тәрбиеші қағазды қалай сулау керектігін көрсетеді (жалпақ қылқаламмен қағаз бетін таза сумен жуып алу).

- Қағазға су сіңіп болған соң сурет салуды бастаймыз. Кемпірқосақтың суретін салу үшін қандай түсті бірінші пайдаланамыз, ұмытып кетпеңдер, жоғарыдан және қызыл түстен бастаймыз.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балалардың түстерді қалай таңдайтынына және қағазға қалай сызып салатынына назар аударып, бағыт беру. Балалар жұмыстарын талдау. Талдау барысында тәрбиеші өлең оқиды.

Кемпірқосақ.

Жаңбыр жауып басылды, Аспан шайдай ашылды. Көкте қызыл-жасылды, Кемпірқосақ ашылды.

М.Әлімбаев.



















3-сабақ.

Мүсіндеу. Тақырыбы: Күз сыйы.

Сабақтың мақсаты: Мүсіндеуге арналған құрал-жабдықтармен таныстыру (саз балшық, ермексаз, иленген тұзды қамыр). Қарапайым заттардың пішінін жасаудың әдіс-тәсілдерін меңгерту. Кесек саз балшықты немесе ермексазды алақан арасына салып айналдыра домалақтау немесе тақтайшаға салып көлденеңінен есіп ырғақты қимыл-қозғалыспен дұрыс мүсіндей білуге үйрету. Жұмыс жасау барысында ұқыпты болуға, тақтайшаны дұрыс пайдалана білуге баулу.

Қажетті құралдар: сәбіз бен қызылша (табиғи сәбіз бен қызылша немесе муляждары), кейбір бөліктерін жасап көрсетуге арналған кесек саз балшық немесе ермексаз, балалардың барлығына жеткілікті саз балшық немесе ермексаз, тақтайшалар, таяқшалар (стеки), сүлгі, цилиндр және шар тәрізді үлгілер, әліппе - дәптер.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші балаларға көкөністерді көрсетеді.

- Балалар, сәбізбен қызылшаны салыстырып көрейікші, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықтап алайық. Мен сәбіздің ерекше белгілерін айтамын, сендер қызылшаны салыстыра айтасыңдар. Сәбіз ұзынша келген, қызылша ше? (дөңгелек). сәбіздің жапырақтары бар, қызылшада ше? (онда да бар). Сәбіздің сырты жұмыр, тегіс, қызылша ше? (ол да тегіс).

Яғни, сәбіз бен қызылшаның ұқсастықтары коп, ал негізгі айырмашылықтары олардың пішіндерінің ар түрлі болуында екен. Сендер бұрыннан білесіңдер, белгілі бір затты мүсіндеу үшін алдымен оны алғашқы қалыпты жағдайға келтіріл аламыз. (Тәрбиеші алдын-ала дайындаған цилиндр мен шарды көрсетеді). Өздерін айтыңдаршы. Сәбізді мына пішіндердің қайсысынан жасауға болады, ал қызылшаны ше? Мен бұл пішіндерді алақан арасына салып домалақтап жасадым, ал жапырақтарын саусақтардың көмегімен жасаймын. Міне, қараңдар мен оны біртіндеп созамын (есемін). Бастапқыда ол жуан болады да біртіндеп жіңішкереді.

Сәбіздің жапырақтарын қалай жасауға болады? Кәне, кім көрсетіп береді?

Балалар мүсіндеуге кіріспей тұрып тәрбиеші жұмысты неден бастау керектігін, орындалу ретін сұрап еске түсіреді (ермексазды екі бөлікке бөлу бастапқы қалыпқа келтіріп алу, цилиндр және шар).

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балалар мүсіндеудің әр түрлі әдіс-тәсілдерін естерінде сақтау үшін тәрбиеші сәбіз бен қызылшаны қандай әдіс-тәсілдерді қолданып жасайтындарын естеріне түсіріп қайталайды (алақан арасына салып домалақтау, өсу, созу, ұшын шығару т.б). Сәбіз бен қызылша екеуі де тегіс, сондықтан оларды саусақтардың көмегімен сылап-сипап тегістеу керектігін айтады.

Балалар жұмыстарын талдау.

Сабақ аяқталғанда балалар барлық сәбізді бір ыдысқа, қызылшаны екінші ыдысқа салып орналастырады. Содан кейін барып тәрбиешімен бірге үлгіге ұқсас, ен жақсы жасалғандарын таңдап, еңбек нәтижесі мадақталады.





























4-сабақ.

Жапсыру. Тақырыбы: Қуыршаққа қазақтың ұлттық киімін киіндіреміз.

Сабақтың мақсаты: қатырма қағаздан жасалған қуыршақтарға арналған киім үлгілерін симметриялық әдіс-тәсілдермен қиып жасауға жаттықтыру. Қатырма қағаздан жасалған үлгіге салып, киім үлгісін дайындауға үйрету. "Ұлттық киім" деген ұғымды қалыптастыру.

Қажетті құралдар: Қатырма қағаздан жасалған қуыршақтар (ұл, қыз), ақ қағаздар, түрлі түсті қағаздар, қарындаштар, қайшы, қатырма қағаздан жасалған киім үлгілері.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші: —"Ұлттық киім" деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? - деп сұрайды. Өзі балалар жауабын толықтырып түсіндіреді. Басқа да халықтар сияқты қазақ халқының өзіне тән ұлттық киімдері бар екенін айтып, балалардан киімдердің аттарын сұрайды. Олар: камзол, сәукеле, желет, тақия, шапан т.б. Ұлттық киімдерді әртүрлі мақсаттарға пайдаланатынына назар аударады. Мысалы: ерекше айтулы той болғанда, үйлену тойларында ұлттық киімдер қолданылады. Ал оның түрлері мен түстерін жыл мезгілдеріне және адамдардың жас ерекшелігіне де байланысты пайдаланады. Тәрбиеші балаларға қуыршақты киіндіру үшін қағаздан киім үлгілерін жасауға болатынын айтып, іс-әрекетке бағыттайды. Үлгіні көрсетеді. Жұмыстың келесі кезеңінде балалар тәрбиешімен бірге тік төртбұрыш қағазды екіге бүктейді (бүл мата болады), оған үлгіні (шаблон немесе трафарет) қояды, оны қарындашпен сызып алып, қайшымен қияды.

Оларды ұлттық ою-өрнектермен әшекейлейді.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Әр бала өзіне қажет үлгіні алып, матаны таңдайды да оған үлгіні сызып, қайшымен қиып, қалаған киім үлгісін жасайды. Балалар өздерінің жасаған киім үлгілерін бір-бірімен салыстырып көреді, қуыршақтарын киіндіреді. Қалған заттарын үлгілері мен мата қалдықтарын қораптарға салып жинап қояды, онымен бос уақыттарында тағы да ойнауларына болады.

Балалар жұмыстарын талдау.

"Қуыршақты серуенге киіндіреміз" дидактикалық ойыны.

Ойынның мақсаты: балаларды қажетті түстерге сәйкес реңктерді таңдай білуге жаттықтыру.

Қажетті құралдар: әрбір ойынға қатысушыға күртеше киген ұл баланың, пальто киген қыздың суреті салынған карточкалар. Қуыршақтың бас киімдері мен аяқ киімдердің суреті салынған конверттер таратылады. Олар түстері жағынан ор түрлі болады. Бас киімдер мен аяқ киімдердің түстері қуыршақ киімдерінен қоюлау немесе ашықтау болады (екі бас киім, екі пар аяқ киім).

Ойын барысы: Әрбір бала қуыршақтың суреті салынған карточкалар мен бас киім және аяқ киім салынған конверттерді алады.

Тәрбиеші:

- қуыршақ серуенге шығу үшін әлі толық киініп болған жоқ ол үшін төмендегідей тапсырмаларды орындаңдар, - деп нұсқау береді.

- Қуыршақтың күртешесі немесе қыздың пальтосының түсінен ашық түсті бас киім және аяқ киім киіндіріңдер;

- Қуыршақтарға үстіндегі киімдерінен қоюлау түсті бас киім және аяқ киім киіндіріңдер;

- Бас киім қою түсті, ал аяқ киім ашық түсті болсын;

- Бас киім ашық түсті, ал аяқкиім қою түсті болсын;

Әрбір тапсырманы орындау барысында тәрбиеші балалардан: - Серуенге шығу үшін, қуыршағын қандай түсті киімдер киіп шықты? - деп сұрайды (түс реңктерін айтқызады). Балалар пальтоның түсі және бас киім мен аяқкиім түстерінің реңктерін ажыратып айтып береді.













5-сабақ.

Тақырыбы: Meн қандай көбелек көрдім? (кляксография)

Сабақтың мақсаты: қылқаламмен дұрыс жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру, қылқаламды бояуға батыру палитраны пайдалану, негізгі түстерді араластыра отырып қосымша түстер алу. Сурет салуда "кляксография" тәсілдерімен таныстыру.

Қажетті құралдар: қағаз, гуашь, палитра, қылқалам, су, сүлгі, көбелектер суреттері немесе слайдтар, фотосуреттер.

Сабақтың барысы:

1. Кіріспе әңгіме. Көбелек туралы өлең оқу. "Көбелек" А.Сәрсеков.

Мен тимеймін, жасқанба,

Дос болайық, көбелек.

Жайнап тұрған бақшамда

Гүлдерімді көре кет.

Тұтқиылдан састыра,

Жаңбыр жауса себелеп,

Тақиямның астына

Тығыла ғой, көбелек.

2. Көбелектердің суретін (гербарийлерді), фото суреттерін слайдтар арқылы көрсету.

Жұмыстың орындалу реті:

1. Қылқаламды таза суға батырып, онымен бояудың үстіне су тамызамыз. Бояудың жарты бөлігі су болады. Енді бояуды сумен араластырамыз.

2. Араластырған бояуға қылқаламды батырамыз. Қылқаламмен көбелектің оң жақ қанатына дақ түсіреміз. Алдымен сары түс, содан кейін қызыл түс, содан кейін көк түсті кезекпен тамызамыз. Әрбір бояуды пайдаланған соң, қылқаламның ұшын суға тазалап жуып отырамыз.

3. Қағазды дәл ортасынан бүктеп, көбелектің сол жақ қанаты мен он жақ қанатын беттестіреміз де оны қолымызбен үстінен сипаймыз. 1,2,3,4,5-ке дейін санаймыз.

4. Көбелектің қанатын ашамыз. Егер көбелектің қанатындағы бояу өте солғын болса, яғни сендердің бояуларыңның өте сұйық болғаны. Егер бояудың суы аз болса, онда бояуларың кеуіп қалады да келесі қанатына дақ түспей қалады. Бояу жақсы, дұрыс араластырылған жақсы дақ түсірілген болса, онда көбелектің сол жақ қанатының өрнегі оң жағымен бірдей болып шығады.

Балалардың өз бетінше жұмыстары. Балалар жұмыстарын талдау.









































6-сабақ.

Сурет. Тақырыбы: Сиқырлы дөңгелектер.

Сабақтың мақсаты: Дөңгелек пішінді заттардың суретін салуды үйрету, шығармашылық қабілеттерін, ой-қиялын дамыту байқағыштығы мен көз мөлшерін, қолдың қимыл-қозғалыс үйлесімділігін қалыптастыру. Шыдамдылыққа, төзімділікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Қажетті құралдар. Әліппе - дәптер, дөңгелек заттардың суреті бейнеленген көрнекіліктер, ақ қағаз, қарындаштар.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші көрнекіліктер бойынша өздері көрген суреттердің ұқсастықтарын сұрайды (қарбыз, доп, күн т.б). Дөңгелекке ұқсас заттардың ұқсас белгілерін анықтайды (дөңгелектің бұрыштары жоқ, оны дөңгелетуге болады). Балаларға дөңгелек заттарды атауды ұсынады (алма, түйме, т.б). Сондай-ақ, шеңберге ұқсас заттарды атап айтқызады, салыстырады.

Дидактикалық ойын: "Суреттегі затты аяқта"

Тәрбиеші дөңгелек сызады, ал балалар оның қосымша бөліктерін салады. Оны белгілі бір бейнеге ұқсатады (сурет салуға арналған дәптерге қараңыз). Балалар жұмыстарын талдау.

























7-сабақ.

Мүсіндеу. Тақырыбы: Жемістер мен көкөністерден натюрморт.

Сабақтың мақсаты: балалардың өздеріне таныс заттарды мүсіндей отырып, оларды біртұтас мазмұнға біріктіру (ұжымдық композиция құру). Заттардың пішінін таяқшалармен, штамптармен бедерлеп мүсіндеу. Композиция құру іскерліктерін дамыту (заттарды ыдысқа түстеріне, көлеміне, пішініне қарай әдемілеп орналастыру). Жемістер мен көкөністерді мүсіндеу дағдыларын бекіту, ыдыстың көлеміне қарай жасаған заттарының ерекшелігі мен сипаттарына сәйкес өздігінен ажыратып, оларды дұрыс таңдап орналастыруға, жалпылама жұмыс жасауда нәтижеге жете білуге тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: тәрбиешіде жемістер мен көкөністерден жасалған натюрморт болады (муляждар болуы мүмкін). Екі балаға бір ыдыс беріледі. Түрлі түсті ермексаз, таяқшалар (стека), таяқша немесе клеенка, сүлгі (ыдыстардың көлемі әр гүрлі болады).

Сабақтың барысы: Тәрбиеші натюрморт суретін көрсетеді. Балаларға суретті әңгімелетеді; жемістер мен көкөністердің аттарын айтқызады, суреттен не көріп отырғанын, түстерін және қалай орналасқанын сұрайды. Жетекші сұрақтар арқылы балаларға көріп отырған заттардың бәрі де түр-түсіне, көлеміне қарай үйлесімді белгілі бір ретпен орналасқанын түсіндіреді. Суретшілер үй тұрмысына қажетті немесе табиғат заттарының мұндай орналасуын натюрморт деп атайды.

Натюрморт деген сөзді балалармен бірнеше рет қайталайды. Содан кейін жемістер мен көкөністерден жасалған натюрмортты көрсетеді. Балаларға екі-екіден бірігіп отырып ермексаздан көкөністерді мүсіндеу ұсынылады. Оларды әдемілеп орналастырып, натюрморт жасайды. Мүсіндеу алдында кім қандай көкөністі немесе жемісті жасайтынын бір-бірімен келісіп алыңдар. Олар өте көп қайталанып кетпесін және орналастыруға мән беріңдер деп ескерту жасалады. Әрбір бала екі-үш заттан жасауға болады. Тәрбиеші балаларға көлемі жағынан әр түрлі ыдыстарды көрсетіп, олардың көлеміне қарай жемістерді, көкөністерді орналастыруға болады.

Жұмысты неден бастау керек? (Кім қандай жемісті немесе көкөністі мүсіндейтінін ақылдасуда). Тәрбиеші жемістер мен көкөністердің түстеріне сәйкес ермексаздың түстерін таңдап алуға кеңес береді, ұсақ бөліктерін және оның сыртқы пішінін тегістеу үшін таяқшаларды (стекалар) қолдануды ұсынады. Балалар жұмыстары аяқтала бастаған кезде оларға осы жасағандарын ыдыстарға натюрморт жасап әдемілеп орналастыру қажет екенін ескертеді. Үлкен ыдысқа барлығының жұмыстарын орналастырады.

Балалардың өз бетінше жұмыстары. Сабақ соңында дайын болған жұмыстарды үстел үстіне қойып, балалармен бірге қарайды.

Балалар жұмыстарын талдау

Балалардың еңбек нәтижесінде сәтті шыққан жұмыстарға ерекше тоқталып, оның мазмұны орындалу мәнері, жемістердің көлемі, пішіні, түр-түсіне назар аударып, атап өту керек. Сабақ барысында аталмаған кейбір жемістерді балалар өздігінен жасайтын болса, оны ерекше мадақтау керек. Осы жұмыстарды қалай бірлесіп жасағандары туралы балаларға өздеріне әңгімелетуге болады. Балалардың назарын үлкен ыдыстағы өздері дайындаған заттардың қалай орналасқанына, үйлесімділігіне және мазмұнына аудару. Олар өздігінен жеке жасайтын болса, мұндай әдемі натюрморт болмас еді. Көп болып енбек етудің нәтижелі болатынын ескертіп, еңбек туралы мақал-мәтелдер айта отырып, сабақты қорытындылайды.















8-сабақ.

Жапсыру Тақырыбы: Дастарқанды өрнекте.

Сабақтың мақсаты: Қайшыны дұрыс ұстап, оны еркін пайдалана білуді, жіңішке және жалпақ жолақ қағаздарды кию дағдыларына жаттықтыру, геометриялық пішіндерден жолақ қағазға, дөңгелекке, шаршыға өрнектер құрап ретімен орналастырып жапсыруды үйрету.

Қажетті құралдар: түрлі түсті қағаз, желім, қайшы, дастарқан үлгісі.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші: —"Өрнек" (орнамент) - деген сөз латын тілінен аударғанда әшекейлеу деген ұғымды білдіреді. Ол бірнеше ою-өрнек элементтерінің ретімен орналасуынан құралады. Әрбір өрнектің өзіндік орналасқандықтары ақталады. Олар симметриялық және ырғақпен кезектесіп орналасады. Өрнектер кез келген көркем бұйымдарды әшекейлеу үшін қолданылады. Ою-өрнек заттарға әсемдік береді, оның пішіні мен сапасын да мәнерлі көрсетеді.

Тәрбиеші балалармен әңгімелескен соң оларға геометриялық фигураларды таратып береді де осы дастарқанды өрнектеуді өтінеді.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Тәрбиеші балалардың қолдарындағы геометриялық фигуралар, яғни дастарқанды өрнектеуде өзінің орнын тауып, түр-түсі, пішіні, көлеміне сәйкес орналасуына бағыт береді. Мысалы: шаршы тәрізді пішінге төртбұрышты келетін өрнектер, дөңгелек пішінді заттарға дөңгелек өрнектер немесе киімдердің шеттеріне (жағасына, жеңіне) жолақ тәрізді өрнектермен әшекейлесе заттардың әдемі болатынын ескертеді.

Балалар жұмыстарын талдау.













9-сабақ.

Сурет. Тақырыбы: Сиқырлы үшбұрыштар.

Сабақтың мақсаты: үшбұрышты заттардың суретін сала білуге үйрету. Шығармашылық ой-қиялын дамыту. Сурет салу іскерлік дағдыларын қалыптастыру. Бір-бірін тыңдай білуге, келісе отырып еңбек етуге тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: Әліппе - дәптер. Үшбұрыштың суреті бейнеленген көрнекіліктер, қағаз, қарындаштар.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші көрнекіліктерді көрсете отырып, олардың ұқсас белгілерін атап айтуды өтінеді. Налалармен бірге заттардың ұқсастықтарын анықтайды. (3-бұрышы бар, 3-төбесі бар, 3-қабырғасы бар т.б). Содан кейін балалар өздері отырған жерде айналасындағы заттардан үшбұрышқа ұқсас заттарды тауып айтады (үйдің төбесі, сәукеле, шырша т.б), кейбір затардың бөліктеріне кіретін үшбұрыштарды да атайды.

Дидактикалық ойын: "Заттардың суретін аяқта."

Тәрбиеші үшбұрышты сызып суретін салады, балалар оның жеке бөліктерін толықтырып аяқтап, белгілі бір заттың бейнесіне ұқсатады (сурет салуға арналған дәптерге қараңыз).

Балалар жұмыстарын талдау

























10-сабақ.

Сурет. Тақырыбы: Суық және жылы түстер.

Сабақтың мақсаты: Балаларды "суық" және "жылы" түстермен таныстыру. Түстердің реңктерін сезінуді дамыту. Әрбір түстің өзіндік сипаты, ерекшелігі және көңіл күйге де байланысты пайдаланатынын түсіндіру.

Қажетті құралдар: акварель бояу, қылқалам, палитра, қағаз, су, сүлгі, қылқалам қоятын тұғырлар, әліппе - дәптер.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші балаларға жылы және суық түстерді пайдаланып салынған суреттерді мұқият қарауды ұсынады.

- Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, суретші осы суретте жылы және суық бояу түстерін қалай қолданған? Қысқы кешті табиғат көрінісін сары қызыл, қызыл, сары түспен салғаны, көңілсіз шыққан шығар? Ал, қуанышты сәтті көк түспен салған болар? Жылы түс бізге оттың жылылығын еске түсіреді. Олар сары және қызыл реңктер береді. Көк, қара, көк түстердің реңктері суық түс деп аталады.

Ойын. "Бір түстің көп реңктерін кім көп құрайды?"

Сиқыршы салған суреттерді балалармен бірге қарау, ол туралы әңгімелету, олардың ертегідегі достарына деген жағымды, қайырымдылық сезімдерін ояту. Суреттерді өз еріктерімен бояуды ұсынады, бірақ алдын-ала шарт қойылады: сендердің салған суреттеріңді көрген адамдар олардың ең сүйікті, мейірімді сиқырлы екенін немесе ашулы, мейірімсіз сиқыршы екенін (колдун) бірден білетіндей болсын. Мұндай айырмашылықтарды беру үшін сендерге бояу түстері көмекке келетінін ұмытпаңдар, қандай түспен оны бейнелеуге болатынын ойланыңдар.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балаларға бояу түстерін қалай болса солай қолдануға болмайтынын, түс арқылы салынатын кейіпкердің мінез-құлқы, сипаты ашылатыны түсіндіріліп, түстерді таңдап пайдалануға бағыт беріледі.

Балалар жұмыстарын талдау

11-сабақ.

Тақырыбы: Саңырауқұлақтар алаңы.

Сабақтың мақсаты: Балалардың өздеріне таныс бірнеше бөліктен тұратын заттарды мүсіндей білу дағдыларын бекіту оларды мазмұн бере біріктіріп, ұжымдық жұмыстың нәтижесіне жетуге қызығушылығын арттыру.

Қажетті құралдар: ермексаз, тақтайшалар, таяқшалар, сүлгі, үлгі суреттер.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші балаларға күзгі орманға баратындарын айтады.

- Біз бұл саяхатқа қандай көңіл күймен барамыз? Көңілді, қуанышты болсын деп, күннің өзіде күлімдеп сәт сапар тілейді! Мына соқпақ жол бізді орманға апарады (тақтада күзгі орман көрінісінің суреті). Күздің салқын, самал желі есіп түр, аққайыңдардың бұтақтары қозғалып, жапырақтары бір-бірімен сыбырласып тұрғандай. Кәне, бәріміз қайыңдар тәрізді теңселіп көрейікші (қолдарын жоғары көтеріп шайқалады). Ал, енді міне саңырауқұлақтар өсіп тұрған алаңға да келіп жеттік (тақтаға тағамға пайдаланатын және улы саңырауқұлақтардың суреттері ілінеді). Біз қандай саңырауқұлақтар жинасақ екен? Олардың исі бар ма? Саңырауқұлақтар әр түрлі жерлерде өседі, кейде топ-топ болып топталып өсетіндері де кездеседі. Олардың ішінде улы саңырауқұлақтар да бар, біз оларды алаңда қалдырамыз, жинамаймыз. Тәрбиеші саңырауқұлақтарды мүсіндеудің әдіс-тәсілдерін көрсетеді (дәптердегі үлгіге қарап талдау жасайды). Алдымен ермексаздың бір кесек бөлшегін алып оны шұжық тәрізді алақан арасына салып есеміз, ол саңырауқұлақтың сабағы болады. Келесі кесек бөлшекті алып алақан арасына салып немесе тақтайшаға қойып айналдырып домалақтаймыз да оны шеттерін саусақтармен басып жалпақтаймыз. Бұл - саңырауқұлақтың қалпағы. Енді екі бөлікті бір-біріне біріктіріп, олардың сырттарын тегістейміз. Тәрбиеші балалардың суреттен қандай саңырауқұлақты таңдағанына қарай отырып, сондай түсті ермексазды пайдалануларына бағыт береді.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балалар жұмыстарын талдау

Жұмыс аяқталғанда алаңдағы өсіп тұрған көп саңырауқұлақтарды тамашалап, ең жақсы жасалғандарын ерекше атап ету Орындалу мәнеріне назар аудару.



















































12-сабақ.

Жапсыру. Жұмыртқаны жарып шыққан балапан.

Сабақтың мақсаты. Балалардың сопақша дөңгелек пен тік төртбұрышты кию дағдыларын жетілдіру қарапайым пішіндерден балапанның бейнесін жапсыра білуге үйрету, ұқыпты жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Қажетті құралдар. Ақ және сары түсті қағаздар, екі тік төртбұрыш, желім, қайшы, түрлі түсті қағаздар бөлшектері, қылқалам, сүлгі.

Сабақтың барысы. Тәрбиеші жұмбақ жасырады:

Ақ сарайды талқандап,

Шықты біреу талтаңдап. (Балапан)

Жұмбақтың шешуін балалар айтқан соң. Балапанның суретін көрсетіп, оның түсін сұрайды.

- Балапанның түсі қандай? - Ол жарып шыққан жұмыртқаның түсі қандай? - Сендердің үстелдеріңнің үстінде екі түсті қағаз бар, олардың түстерін атаңдар?

- Қағаздардың пішіні қандай?

- Тіктөртбұрыштардан сопақша дөңгелек жасау үшін не істейміз? Тәрбиеші шаршыдан дөңгелек, тіктөртбұрыштан сопақша дөңгелекті қиюдың жолдарын көрсетіп, түсіндіреді (шеткі бұрыштарың қисық сызықпен дөңгелектеп кию).

Балапан жұмыртқаны жарып шыққанда оның шеттері тегіс емес болып қалады екен, сондықтан біз ақ қағазды екіге бөліп алып, оның біреуін жұлмалап кию тәсілімен қиямыз. Содан соң балалар сары түсті сопақша дөңгелекті қиып, балапанды жапсырып алады, бұл балапанның денесі, сары түсті шаршыдан балапанның басын жасап жапсырамыз. Ал енді жұмыртқаның қабығының жартысын сары сопақша дөңгелектің төменгі жағына, екіншісін оның жанына орналастырып жапсырамыз.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балалар жұмыстарын талдау

13-сабақ.

Сурет. Тақырыбы: Жолақ қағаздағы өрнектер.

Сабақтың мақсаты: ақ және түрлі түсті қағазға геометриялық фигуралардан өрнек құрастырып, сурет салу дағдыларын қалыптастыру. Қағаз бетінде әдемі композиция құру арқылы балалардың көркемдік талғамын дамыту.

Қажетті құралдар: үлгі көрнекіліктер (кестеленген көйлек, сәндік-қолданбалы өнер туындылары (гжель, хохлома т.б), бояулар, қылқалам, су құйылған ыдыс, сүлгі.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші балаларды "өрнек" ұғымымен таныстырады. Өрнек - бұл түрлі сызықтар мен пішіндердің белгілі бір талапқа сәйкес реңнен орналасуы. Кейде бізді қоршаған ортада табиғаттың өзі де өрнек жасайды. Мысалы: терезе әйнегіндегі қысқы қырау өрнектері. Мұндай табиғаттың шебер салынған суреттерін "өрнек" деп атаймыз. Әр түрлі ою-өрнектерді көрсету, соның ішінде гжель, хохлома және городецкілік өрнектерді көрсетіп ерекшеліктеріне тоқталу

Дидактикалық ойын. " Кілемдегі өрнекті аяқта"

Өз еркімен әліппе - дәптермен жұмыс. Дәптермен жұмыс жасау жолдарын түсіндіру

Балалардың өз бетінше жұмыстары. Балалар жұмыстарын талдау





















14-сабақ.

Сурет. Тақырыбы: Көркем өнер туындыларымен таныстыру. И.Левитан. "Алтын күз""

Сабақтың мақсаты: Балаларды сурет өнерінің табиғат (пейзаж) жанрымен таныстыру. Суреттің мәнерлеу құралдарын түсіне білуге баулу: түстерін, көлемін, пішінін, кеңістікте орналауын, композиция құру ерекшелігін түсіндіру.

Қажетті құралдар: И. Левитанның "Алтын күз" картинасы. Бояу қылқалам, су сүлгі, т.б

Сабақтың барысы: Тәрбиеші күз туралы өлең оқиды.

"Алтын күз" Ғ. Қайырбаев.

Алтын, алтын сары алтын, Сары ала тон жамылған.

Алтын күзде нұр жатыр. Күз атамыз секілді.

Біз мектепке баратын, Қойны толы дәмді пән,

Алақай - ау күз жақсы. Тәттісі көп не түрлі.

Өлеңнің мазмұны жайында қысқаша балалармен әңгімелесіп, әрбір жыл мезгілінің өзіндік ерекшелігі, өзіндік әсемдігі барын түсіндіру.

- Міне, Ғафу ағаларың алтын күзге арнап өлең жазса, И. Левитан "Алтын күз" атты сурет салыпты. Жылдың осы мезгілі туралы қане, не айтар едіңдер?

Балалардың жауаптарын қорытындыланады.

Балаларға суретті мұқият қарай отырып әңгімелеу ұсынылады. Олардың әңгімесі толықтырылады.

- Левитан өзінің осы суретінде өте көп заттарды бейнелей білген. Атап айтқанда: ақ қайынды алқап, көк шалғын, алыстан ағып жатқан өзен көрінеді, ауылдың үйлері т.б. Суретшілер сурет салмас бұрын оның композициясын ойланып алды. Алдымен шағын көлемді эскиз түсіріледі. Левитанның бұл суретінде жердің үлкен кеңістігі бейнеленген. Көріп отырсыңдар ма, көкжиек сызығы қалай орналасқан? Көкжиек сызығы ол жер мен аспанның ортасын, екеуінің қосылған бөлігін бейнелейді (суреттен сызықты көрсету). Суретші барлық заттардың қандай болатынын алдын ала ойластырып алған. Жақын жердегі ағашты үлкен, ал алыстан көрінетін, соңғы жақта орналасқан заттар қашықтап көрінетін болғандықтан кішкене болып салынған.

- Енді И. Левитан сурет салғанда қандай бояу түстерін қолданғанын қарап көрейік. Суретші жапырақтарды салуға қолданған сары түстің өзі барлық жерде бірдей ме? Назар аударып қараңдаршы? Аспан мен өзен суларын бейнелеген көк түстер бірдей ме?

- Балалар, сендер күн түсіп тұрған заттардың түсі мен көлеңке түсіп тұрған заттардың қандай болатынын білесіңдер. Суретшілер де бояуларды араластыру арқылы өздеріне қажет түстердің реңктерін пайдаланған. Бұл суретте қандай түстер көбірек қолданған деп ойлайсыңдар. Ашық түстер көп пе, қою түстер көп пе? Бұл сурет қуанышты көңіл күйді білдіреді деп айта аламыз ба?

- Ал егер суретші салып суретінің барлығында басқа бояу түстерін қолданса. Мысалы: аспанды қара сүр бұлттармен, суды - қою көк түспен, шөптерді қою жасылмен салған болса бұл суретті біз көңілді деп айта аламыз ба? жоқ. Неге? Яғни, Левитан бұл суретті қарап көрген адамдардың бәрінде қуанышты көңіл күй туындасын, қанағаттанатын сезімде болсын деп ашық түстерді көбірек пайдаланған.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балалар жұмыстарын талдау



















15-сабақ.

Мүсіндеу тақырыбы: Адам бейнесі.

Сабақтың мақсаты: әр түрлі пішіндегі бірнеше бөліктен тұратын адам бейнесін мүсіндей білуге үйрету. Ермексазды алақан арасына салып домалақтау және осу әдіс-тәсілдеріне жаттықтыру. Ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Қажетті құралдар: адам бейнесін мүсіндеуге арналған үлгі. Ермексаз, тақтайшалар, стекалар, сүлгі.

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші әліппе - дәптердегі суреттерді көрсетіп талдау жасайды. Адам бейнесінің бөліктерін көрсетіп орындалу жолдарың түсіндіреді.

- Міне, денесі, қолы, аяғы, басы. Адамның қолы ұзын ба, аяғы ұзын ба? - деп сұрайды. Басы үлкен бе, денесі үлкен бе? Адамның бейнесін мүсіндеуде аяғы қолынан ұзындау қолы денесінен ұзындау ал денесі басынан үлкен болатынын түсіндіру. Адам денесін құрастырып жасап көрсетеді. Ұқсастығын айтады.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Мүсіндеудің технологиясы (тәрбиешінің түсіндіруі).

1. Ермексазды екі кішкене, екі үлкен бөлікке бөліп алып, ұзынша етіп есеміз.

2. Кішкене бөлігінен адамның қолын жасаймыз, оның ұшынан шымшып созу арқылы алақанын жасаймыз.

3. Үлкен бөлігінен аяқтарын жасаймыз. Оның бір шеткі бөлігін созып, жалпақтап иеміз де аяғын мүсіндейміз. (аяқ киім киетін бөлігі)

4. Денесін есіп, бейнеге келтіріп, содан кейін барып домалақтан басын жасаймыз.

5. Енді барлық дене бөліктерін бір-біріне біріктіреміз: денесін аяққа, қолдарын дененің жоғарғы бөлігіне иыққа орналастырамыз. Дене бөліктерінің берік, дұрыс орналасуына мән береміз. Саусақтармен сылап-сипап тегістейміз.

Балалар жұмыстарын талдау.

Дидактикалық ойын. "Адамдардың бет бейнесі қандай болады?"

Мақсаты: Сурет мазмұнына байланысты кейіпкерлердің көңіл күйлерінің қандай екенін ажырата білуге үйрету (қуанышты, көңілсіз, таңданулы, қорқынышты т.б).

Қажетті құралдар: адамның бет бейнелерінің сызба үлгілері: күліп тұрған, жылап тұрған, тан қалып тұрған, қорқып тұрған т.б.

Ойын барысы:

Балалардың алдына әр түрлі көңіл күйдегі сызба үлгілер қойылады, олардың бір-бірінен айырмашылығын сұрайды. Балалардың жауаптарын толықтырып, әрбір бет бейненің өзіндік ерекшелігі бар екенін айтады. Суреттерді қарап болған соң ойын ойналады.

"Адамның бет бейнесі қандай болады?"

Әрбір баланың алдына бірнеше ұсақ суреттерден беріп, олардың қайсысының көңіл күйлері қандай екенін айтып беру ұсынылады. Балалардың дұрыс жауаптарына текшелер (фишкалар) беріледі, ойын аяқталғанда кімде көп текше болса, сол жеңіске жетеді.



























16-сабақ.

Жапсыру Тақырыбы: саңырауқұлақтар.

Сабақтың мақсаты: Шаршы және тік төртбұрышты қағаздардан әр түрлі пішіндерді қиып алу дағдыларын қалыптастыру. Қосарлап бүктеу тәсілі арқылы бірдей бірнеше заттарды қию жолдарымен таныстыру. Саңырауқұлақтың қалпағын және сабағын қиюда шеттерін дөңгелектеп тегіс қиюға жаттықтыру Ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Қажетті құралдар: үні түрлі саңырауқұлақтардың үлгі суреттері, түрлі түсті қағаздардан дайындалған шаршы және тік төртбұрышты пішіндер, шөпті бейнелейтін жасыл түсті жолақ қағаз, қылқалам, желім, қайшы, сүлгі.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші жұмбақ жасырады.

Балалар жұмбақтың шешуін айтады.

- Орманда осындай саңырауқұлақтар көп өседі екен. Олардың ішінде топ-топ болып бірі үлкен, бірі кіші болып өсетіндері де кездеседі. Мұндай саңырауқұлақтарды "отбасылық саңырауқұлақтар" деп те атайды. (Тәрбиеші осындай саңырауқұлақтардың суретін көрсетіп, сұрақ қояды).

- Саңырауқұлақтар қалай орналасқан? (ортасында үлкені екі шетінде екі кішкене саңырауқұлақтар орналасқан). Екі кішкентай саңырауқұлаққа қараңдаршы, олардың айырмашылығы бар ма? (жоқ).

Тәрбиеші осындай екі саңырауқұлақты бірдей етіп қию үшін қандай әдіс-тәсіл қолдануға болатынына балалардың назарын аударады. Олар екеуі бірдей болу үшін қосарлап бүктеу тәсілін көрсетіп, түсіндіреді. Алдымен екі саңырауқұлақтың сабағы содан кейін қалпағын кию тәсілдерін балалар орындайды. Қию кезінде қағаздың бір бұрышынан бастап келесі бұрышына дейін қайшыны еркін қозғалыспен қозғалта отырып, алға қарай жылжыта қию ескертіледі. Саңырауқұлақтың сабағы да қағазды қосарлап бүктеп алып бір шетінен бастап айналдыра қиылады. Бұл тәсіл - қос бүктеу тәсілі деп аталады. Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балалар жұмыс жасап отырғанда қағаз бетін толық пайдалану, сол қолмен қағазды қозғалту, оң қолмен қайшыны алға қарай жылжыта отырып қию қадағаланады.

Балалар жұмыстарын талдау





















































17-сабақ.

Сурет. Тақырыбы: Күзгі ағаш.

Сабақтың мақсаты: Ағаштың құрылысының ерекшелігіне сәйкес оның бөліктерін, бір-біріне қатынасын дұрыс бере білуді үйрету. Ағаш бұтақтарын қылқаламның ұшымен жіңішке етіп, жапырақтарын тігінен сүйкей жағу, тәсілімен салуға жаттықтыру. Табиғат құбылыстарын бақылай білуге. Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерге тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: Күзгі ағаш көрінісінің суреті, бояу, қылқалам, 1/3 бөлігі жасыл түспен боялған тік төртбұрышты қағаз, су, сүлгі.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші күз туралы жұмбақ жасырады. Балалар жұмбақтың шешуін айтқан соң, күздің өзіндік ерекшеліктерін әңгімелетеді. Сурет көрсетіп, ондағы ағаштар туралы сипаттап, әңгімелеп береді. Әңгіме барысында кейбір мәліметтерді арнайы дұрыс айтпайды, балалар сол айтылған қатені өздері сезініп, оны дұрыстауға тырысулары керек.

- Аланда жаздық ағаш өсіп тур, ол қандай ағаш? Неге жаздық ағаш?

- Оның діңі бұтағынан жуан. Ағаштың жоғарғы жағындағы бұтақтары төменге қарағанда ұзын (жоқ). Қайсы бұтақтар жоғары, қайсы бұтақтар төменде орналасқан? соны көрсетіңдер.

- Бұтақтардан жіңішке бұтақшалар өсіп келеді. Олар өте ұзын (жоқ). Олар қандай?

- Ағаштағы жапырақтар сары, қызғылт сары, қызыл және көк (жоқ). Ал

енді қандай түсте?

Әңгімедегі қателерді тауып, түзеткен балаларды мадақтау. Қорытындыда олар енді ағаштардың құрылысын жақсы білетіндерін, ағаштардың суреттерін салғанда қателеспейтінін айтады.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

- Енді балалар күзгі ағаштардың көрінісін өздерің салып көріңдер, бірақ оның алдынғы жағынан бос орын қалдырыңдар. Ол жерге жаяу адам жүретін жол және орындықтың суретін салыңдар. Орындықты жолдың арғы жағына немесе бергі жағына орналастыруға болады. Жұмыс барысында балалардың қағаз бетінде кеңістікті бағдарлай білуін қадағалау қажет. Кейбір балаларға оны салудың әдіс-тәсілдерін көрсетуге болады. Жолды және орындықтың суретін салуда қылқаламды толықтай басып сүйкей жағу әдісімен салуға кеңес беріледі. Суретті аяқтаған балаларға салған суреттерін, өз ойларынан толықтыру ұсынылады. Мысалы: күннің, гүлдің, бұлттың т.б. суретін салуларына болады.

Балалар жұмыстарын талдау















































18-сабақ.

Сурет. Тақырыбы: Күз көрінісі.

Сабақтың мақсаты: Балалардың күзгі табиғаттан өздерінің бақылағандарын суреттерінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру, суретке мазмұн бере білуге, композиция жасауға, бірыңғай заттарды салуда тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана білуге баулу. Ұқыпты жұмыс істей білуге және баланын көркемдік талғамын қалыптастыруға тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: күзгі ауа райын бейнелейтін табиғат көрінісінің суреттері, бояулар, қылқалам, оны қоятын тұғырлар, су, сүлгі.

Сабақтың барысы: Күз мезгілінің ерекшелігін бейнелейтін бірнеше суреттерді тақтаға іліп, оның мазмұнына мән беріп, өсімдігін тамашалайды. Суретшілердің көпшілігі күзгі саябақты, орманды, ашық күндерді бейнелеуді жақсы көреді. Олар сурет салу үшін ашық бояу түстерін таңдап алған. Аспанды көгілдір, ағаштардың діңін қоңыр, жапырақтарды сары және қызғылт сары түстермен салған. Сурет өте көңілді, эсерлі болып шыққан.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

- Балалар, қағаздарыңды өздеріңе жақын, ыңғайлы етіп орналастырып алыңдар. Қағаздың жоғарғы бөлігі көгілдір аспан, төменгі бөлігі жер, шөптер. Ағаштарды өз қалауларың бойынша жақын немесе алыстан орналасқанын бейнелеуге болады. Егер ағаш жақын орналасқан болса, оны қағаздың қандай бөлігіне орналастыруға болатынын естеріне түсіріңдер. Ал алыстан көрінетін ағашты қалай орналастыруға болады? Бірнеше ағаштың суретін салу үшін алдымен олардың діңдерін қатар-қатар орналастырып алып, содан кейін барып жапырақтанынын суретін салуға болады. Биік немесе аласа ағаштардың суреттерін салуға болады. Сурет салуда қағаз бетін толық пайдаланыңдар, қағаздың барлық бөлігінде сурет салынатын болсын.

Сурет салу барысында күзгі жапырақтарды салуда бірнеше бояу түстерін қолдануға болатыны ескертіледі. Суретке қарай отырып, күзгі жапырақтардың реңктерінің алуан түріне назар аударады. Жапырақтардың суретін салудың тиімді әдіс-тәсілдерін еске түсіреді. Қылқаламмен жұмыс жасауда әр түрлі технологиялық әдіс-тәсілдерді қолдануды қадағалайды (Қылқаламның ұшымен сүйкей жағу, қылқаламды қатты басу арқылы жалпақ, жуан із қалдыру, көлденең жағыс т.б). Саябақта ағаштардан басқа бұталар, шөптер өсіп тұрғанына балалардың назарын аударту.

Суретті ертерек аяқтаған балаларға қосымша тапсырмалар беріліп, шығармашылықпен балалар өз ойларынан толықтырады. Ал, жерге түсіп жатқан жапырақтарды қылқаламның ұшымен, жеңіл сүйкей жағу тәсілімен салынатындығы түсіндіріледі.

Балалар жұмыстарын талдау











































19-сабақ.

Мүсіндеу Тақырыбы: Торсық. Қымыз құятын ыдыс.

Сабақтың мақсаты: Кесек ермексаздан қымыз құятын торсықты мүсіндеу әдіс-тәсілдерін меңгерту. Торсықты әр түрлі әдіс-тәсілдермен безендіру. Торсықтың пішініне сәйкес ою-өрнектерді таңдап, талғап әшекейлеу жолдарын түсіндіру. Ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Қажетті құралдар: екі-үш түрлі ермексаз, тақтайшалар, таяқшалар.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші қымыз құятын ыдысты көрсетіп, (немесе суретін) оның пішініне, көлеміне, ою-өрнектермен әшекейленуіне назар аударады. Балаларға торсықтың тұрмыста қолданылуы жайында әңгімелейді. Ұзақ жолға шыққан жолаушы (ер жігіт) торсыққа қымызды толтырып алып шығады, жолда ішкен қымыз әрі шөл қандырады, әрі күш береді. Педагог балаларға торсықтың жасалу әдіс-тәсілдерін көрсетеді. Әліппе - дәптерден орындалу ретін қарап, қандай әдіс-тәсілдер қолдану қажеттігін таңдау ұсынылады.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балалар жұмыстарын аяқтай бастағанда тәрбиеші енді оны қалай әшекейлеуге болатынын көрсетіп, түсіндіреді. Ою-өрнек элементтерін еске түсіреді. Олар: құс қанаты, бұғы мүйіз, қызғалдақ, қошқар мүйіз т.б. Оларды есу тәсілі арқылы жасауды, иіп өрнекке келтіру жолдарын және торсықты әшекейлеуде қандай бөлігіне орналастыру қажеттігіне бағыт беріледі. Ою-өрнектің берік, әдемі орналасуын қадағалайды. Дайындалған торсықтардың өрнегі әр түрлі болады, соның ішінен балалардың шығармашылықпен өздігінен қосқан үлестері болса ерекше атап өтіледі.

Балалар жұмыстарын талдау.









20-сабақ.

Тақырыбы: Әдемі орамал. Жапсыру

Сабақтың мақсаты: "Ұлттық киім" туралы түсініктерін қалыптастыру, жапсыруға арналған тапсырмаларды дұрыс орындауға үйрету, үшбұрыштың ішіне өрнектерді дұрыс орналастыра білуге жаттықтыру, кеңістік пен түстерді ажырата білу, көз мөлшерін дамыту. Эстетикалық сезімдерге тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: түрлі түсті қағаздар, желім, қайшы, үлгі суреттер.

Сабақтың барысы: Балалармен үлгі суреттерді қарап, талдау жасалады. Мұндай орамалдар ұлттық киімнің бір түріне жатады. Орамалдар ою-өрнектермен безендірілген. Тәрбиеші балалардан қандай ою-өрнектерді білетіндерін сұрап, естеріне түсіреді. Өздері атап айтқан өрнектермен орамалды өрнектеуге тапсырма беріледі.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Тәрбиеші балаларға ою-өрнектердің түстерін таңдауға, оларды дұрыс орналастыруға бағыт беріп, көмектеседі. Ұқыпты жұмыс істей білулерін қадағалайды.

Балалар жұмыстарын талдау.

























21-сабақ.

Сурет. Қазақстан жануарлары. Есек.

Сабақтың мақсаты: Тәрбиешінің кіріспе әңгімесі.

- Балалар, қандай жануарларды білесіңдер? Есекті көргендерің бар ма?

Оған міндіңдер ме? Ол ұнады ма? Бүгін біз есектің суретін саламыз.

Технологиялық мәліметтер.

1. Алдымен қарындашпен "қиярдың" суретін салмыз. Ол есектің денесі болады. Оның жоғарғы бөлігінен - басын, төменгі бөлігінен - аяқтарын саламыз.

2. Екі сызық жүргізу арқылы мойнын және кішкене "қияр" сияқты сызып, басын саламыз. Ол күшті, мойны жуан, ал басы өте үлкен емес.

3. Енді, алдыңғы аяқтарын саламыз, әрбір аяғын салу үшін екі сызық жүргіземіз.

4. Артқы аяқтарын салу үшін оның бөліктерін белгілеп аламыз, тізесі (тілерсегі), тұяғы.

5. Аяқтарды сызық салып болған соң, оның әдемілеп толықтырып саламыз.

6. Аяқтарын салып болған соң, оның тұяғын саламыз, ол сәл алға қарай шығын қырап тұрады.

7. Тағы қандай дене бөліктері қалды, ойланып көріңдерші, құйрығы, құлағы және көздерін салу.

8. Есектің түсі қандай? Ол сүр немесе қоңыр түсті болуы мүмкін, қара мен қоңыр бояуға ақ бояуды қосып араластырып, осы бояумен есектің арқасына жолақ жүргіземіз. Ол жолақ бояудың үстінен таза сумен қылқаламмен тағы жүргізіп шығамыз, сонда есектің арқасы ішіне қарағанда қою түсті болады.

9. Осындай бояумен қалған бөліктерін бояймыз. Оны тегістеп бояудың қажеті жоқ, кейбір жерлеріне ақ дақтар қалдыруға болады.

Аяқтарының жіңішке бөліктерін қылқаламның ұшымен бір ғана қозғалыспен жүргізіп өту керек.

10. Жеңіл сүйкей жағыс тәсілдеріменен құйрығының ұшын қара түсті бояумен бояймыз, қара түспен көздерін саламыз.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Бейнелеу өнеріне арналған әліппе - дәптермен жұмыс.

Балалар жұмыстарын талдау



















































22-сабақ.

Сурет. Тақырыбы: Қазақтың ою-өрнектері.

Сабақтың мақсаты: Тұрмыстық тұтынатын бұйымдарды пішініне сәйкес ою-өрнектермен әшекейлеу Қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен таныстыру. Олар: тұмарша, айшық, балдақ т.б. Көз мөлшерін, ырғақты сезінуін дамыту. Балалардың қазақ халқының шығармашылық туындыларына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Қажетті құралдар: қазақтың сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары, бояулар, қылқалам, үлгі суреттер (ою-өрнектер), су сүлгі.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші қазақтың сәндік-қолданбалы өнері туындыларын көрсете отырып, "өрнек" туралы ұғымдармен таныстырады. Өрнек латын тілінен аударғанда "әшекейле", "өрнекте" деген сөздің мағынасын білдіреді. Мұндай ою-өрнектерді ғимараттардан, тұрмыстық заттардан, т.б. кептеп кездестіруге болады (ыдыстар, киімдер, қораптар, кітаптарда т.б). Ою-өрнек арнайы бір ретпен орналасады. Өзіндік заңдылықтар сақталып, симметрия ырғақпен байланысты өрнектеледі. Өрнектер белгілі бір заттарды көркем безендіру үшін қолданылады. Ол бұйымдарға мәнерлілік. Әсемдік береді және оның көлемі мен пішінін де айқындай түседі. Ою-өрнектердің геометриялық, өсімдік тектес, жануарларға байланысты сипатталатын атаулары бар. Геометриялық өрнектер, түзу сызықтар, тіктөртбұрыштар, көпбұрыштар, дөңгелектер, т.б. Өсімдік тектес өрнектерге өрнектелгені жапырақтар, жемістер, гүлдер жатады. Жануарларға және құстарға байланысты олардың дене бөліктеріне ұқсас шындық және қиял - ғажайып өрнектер болады. Мысалы: қошқармүйіз, құс қанаты, қой ізі, т.б. Балалардың назарын қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің түстеріне аудару. Ою-өрнектер арқылы қазақ халқының тұрмысын, өмірін, мәдениетін көруге болатынын қорытындылап әңгімелеу.

Технологиялық мәліметтер. Қазақтың ұлттық тұтынатын бұйымы - қымыз құятын торсықты бояумен әшекейлеудің әдіс-тәсілдерін көрсету. Оның тұрмыста қолданылуына мән беру.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Суретке арналған әліппе - дәптермен жұмыс.

Балалар жұмыстарын талдау























































23-сабақ.

Мүсіндеу. Тақырыбы: Скульптуралық портрет.

Сабақтың мақсаты: Кесек саз балшықтан адам бейнесін мүсінден білу әдіс-тәсілдерін меңгерту мүсіндеу дағдыларын жетілдіру, бейнені сипатын айқын бере білуге бағыт беру. Ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру

Қажетті құралдар: көрсетуге арналған үлгілер, скульптуралық репродукциялар, саз балшық, таяқшалар, тақтайшалар.

Сабақтың барысы: - Балалар, бүгін біз бәріміз мүсінші боламыз. Адамның бейнесін мүсіндеп үйренеміз. Адамды кеудесіне дейін мүсіндеу - бюст деп аталады екен. Осындай мүсінді жасау үшін кесек саз балшықты аламыз. Одан адамның денесін (кеудесі), басын, мойнын және иықтарын мүсіндейміз. Саз балшықты ұсақ жіңішке етіп есіп алып шаштарын жасауға болады. Езy тәсілімен қастарын, мұртын, сақалын мүсіндейміз.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Мүсіндеуде бейненің сипатына көңіл бөліп, жұмыс істеу әдіс-тәсілдеріне бағыт беріп отыру.

Балалар жұмыстарын талдау.

























24-сабақ.

Жан сыру Тақырыбы: Мозаика.

Сабақтың мақсаты: Балалардың қайшымен тік төртбұрыш және жолақ қағаздарды қия білу дағдыларын қалыптастыру, шаршыны қиып үшбұрыш жасауға жаттықтыру, қағаздан композиция құрастыру дағдысын, ой-қиялын дамыту, еңбексүйгіштікке, ұқыпты жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Қажетті құралдар. Түрлі түсті қағаздар, қайшы, қарындаш, сызғыш, желім, көрнекі құралдар, мозаика бейнесі (сурет).

Сабақтың барысы. Тәрбиеші мозаика бейнеленген көрнекіліктерді көрсетіп, бұл - мозаика деп аталатынын, оның геометриялық пішіндерден құралатынына, әсемдігіне назар аудартады. Мозаикамен сәулет ғимараттарын безендіруге болатынын айтады. Содан кейін түрлі түсті қағаздардан осындай мозаиканы өздеріне құрастыруды ұсынады. Мозаиканың қандай геометриялық пішіндерден тұратынын сұрайды. Оларды қалай қиюға болады? Балалардың назарын өрнектердің қалай орналасқандығына аударады. Олардың қандай элементтерді қиятының нақтылап көрсетіп, түсіндіреді. Өрнектердің түс үйлесімділігіне көңіл бөліп, заттардың пішініне сәйкес орналастыра білуге бағыт беріледі.

Технологиялық мәлімет.

1. Өзі жасайтын мозаикаға өрнектер таңдап алу ұсынылады.

2. Олардың жеке бөліктерін дайындап алады.

3.Алдымен геометриялық пішіндерден өрнек құрап қойып алады.

4. Ұқыпты түрде біртіндеп, кезекпен, ретімен жапсыра бастайды. Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Сабақты балалардың қабілеттіліктеріне сәйкес түрлендіруге болады.

1. Тәрбиеші барлық балаға бір өрнекті құруды ұсынуына болады.

2. Балалар өз ойларынан, еріктерімен, ынта-ықыластары бойынша құрастыруларына болады.

3. Жұмысты шағын топтармен ұйымдастыруға болады. Балалардың ойларын, қиялын дамытып, іс-әрекетке қызықтырып мадақтап отыру қажет. Жапсыру кезінде үйлесімді композиция құруды, ұқыпты жұмыс жасауды ескертіп қою керек.

Балалар жұмыстарын талдау























































25-сабақ.

Сурет. Қазақстан жануарлары. Түлкі.

Сабақтың мақсаты: Қазақстандағы жануарлар әлемінің бір түрі түлкімен таныстыру және оның суретін салуды үйрету. Сурет салуда шығармашылық қабілеттерін дамыту өз өлкесінің жануарларына деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.

Қажетті құралдар: түлкінің суреттері, қағаз, бояу қылқалам, әліппе - дәптер.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші жұмбақ жасырады.

Өзі айлакер қу

Жүрген жері – у - да шу (түлкі)

Жұмбақ шешуін тапқаннан кейін балалардан енді осындай қу түлкі жайында қандай ертегі білесіңдер деп сұрайды. Ертегілерде түлкі қандай болып кездеседі? Түлкінің суретіне қарап, оның дене бөліктерін талдау (денесі, басы, құйрығы, құлағы, көзі). Оның денесінің пішіні неге ұқсайды? Басы, аяқтары ше? Оның түсі қандай? Оның сыртқы пішініне қарап тұмсығы сүйір, үшкір, көзі қысық, айлакер қу екендігі бірден білінеді. Түлкінің суретін салу үшін негізгі элемент "жапырақтар" болып келетінін ескерту. Үлкен-кіші жапырақтардың суретін салу арқылы түлкіні бейнелеуге болатынын және оны орналастыру ретімен таныстырып, сурет салудың жолдарын көрсетіп түсіндіреді.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Түлкінің ерекшелігіне назар аудару және кімнің суретінде өте қу. айлакер түлкі бейнеленгенін атап өту.

Балалар жұмыстарын талдау











26-сабақ.

Сурет. Тақырыбы: Бұлт.

Сабақтың мақсаты: Балалардың байқағыштығын дамыту сулау тәсілі мен жұмыс жасау дағдыларын бекіту әртүрлі пішіндермен түстерді алуан түрлі реңктерін сезіне білуге тәрбиелеу. Көркемдік талғамын қалыптастыру.

Қажетті құралдар: үлгі суреттер, бояулар, қылқалам, оны қоятын тұғырлар, су, сүлгі, әліппе - дәптер.

Сабақтың барысы: А. Саврасовтың "Ауыл" немесе И. Левитанның "Кешкі әуен" атты көркемөнер туындыларын көрсетіп әңгімелеу. Суретті қарағанда көптеген түстердің реңктеріне назар аударту. Тәрбиеші көк аспанның суретін салудың жолдарын түсіндіреді. Жоғарғы бөлігі ашық түспен, төменгі бөлігі одан да ашық түспен боялатынын ескерту. Ол үшін қағаздың жоғарғы жақ бөлігіне көк түспен екі сызық жүргізіледі. Оған көгілдір бояуды сумен қосып араластырып, 2-3 рет бір-біріне жақын етіп бояйды. Қылқаламды суға батырып алып тағы да бір рет жуады. Осы іс-әрекетті тез орындау керек, бұлттың суретін салғанша қағаз кеуіп қалмауы керек.

- Алдымен ақ түспен қағаздың жоғарғы бөлігіне бұлттардың суретін саламыз. Төменгі бөлігіне бұлттардың көлеңкесін түсіруге болады, оны да ақ түспен салып, сүр түспен реңктерін бейнелейміз. Бұл түстерді палитрада ақ бояуға көгілдір түсті және аз ғана қызыл түсті қосып араластыру арқылы аламыз.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Бұлттың суретін салуда балаларға қою түстерді көп қолданбауды ескерту. Бұлттардың әдемі болып орналасуын қадағалау. Балалар жұмыстарын аяқтау сәтінде тәрбиеші жұмбақ жасырады.

Көшіп жүріп желменен,

Сеуіп шықты тамшысын,

Қыраттарға шөлдеген.

(бұлт)

Дәу шүйкесін,

Күн алды,

Көк теңізге түсіріп,

Шығарды да жұлбасын,

Жел әкетті ұшырып. (бұлт)

Балаларға жұмбақтардың шешуін тапқыза отырып, бұлттың да пайдасы бар екенін, жаңбыр болып жауатынын және желге айдалып тарап кететінін, табиғат құбылыстарының ерекшелігімен байланыстыра әңгімелеп, олардың байқағыштығын дамыта отырып, сабаққа талдау жасайды.

Балалар жұмыстарын талдау









































27-сабақ.

Мүсіндеу Тақырыбы: Өрнекті кесе.

Сабақтың мақсаты: Кесені белгілі бір рет пен мүсіндеуді үйрету (кесек ермексазды алақан арасына салып домалақтау, оны басып-жаншу арқылы жалпақтау, ішіне қарай бүгу).

Шеттерін және барлық бөліктерін таяқшаның көмегімен тегістеу.

Қажетті құралдар: өрнектелген кесе, ермексаз, таяқшалар, тақтайшалар, сүлгі.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші балаларға қыш құмыралар жасайтын шеберлер жайында әңгімелейді. Сол шеберлер жасаған ыдыстардың ішінде мынандай әдемі кеселер де болған деп үлгі ретінде өрнектелген кесені көрсетеді. Үлгіні талдау жасайды (әліппе - дәптермен жұмыс). Кесені жасау әдіс-тәсілдеріне, орындалу ретіне тоқталады: алдымен алақан арасына салып, доп тәрізді домалақтау оны басып жалпақтау, шеттерін саусақтарымен созып, кесенің пішінін келтіру. Балалардан кесені жасаудың өзі көрсеткен әдіс-тәсілдерінің ретін сұрайды, балалар қайталап айтып береді. Балалардың әдіс-тәсілдерді дұрыс айта білулеріне көңіл болу қажет (домалақтау, жалпақтау шымшып созу, тегістеу т.б.). Содан кейін кесенің қалай өрнектелгенін әңгімелеп, қандай ою-өрнек элементтерімен безендірілгенін және олар қалай кезектесіп орналасқанын сұрау. Ою-өрнектердің "ернек" немесе "бедерлі өрнек" деп аталатынын түсіндіру. Мұндай өрнектерді таяқшалармен (стекалар) батырып жасайтынын түсіндіреді. Балаларға бірнеше ою-өрнек элементтерін атауды және оны өрнектеуді ұсынады. Ою-өрнектерді саусақтардың көмегімен тегістеу, олардың беріктігіне мән беру және дұрыс орналасуын қадағалау Бірнеше бірдей өрнектерді, бірдей қашықтықпен орналастыру содан кейін олардың арасына басқа элементтерді орналастыруға тапсырма беріледі.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Жұмыс барысында тәрбиеші кесені мүсіндеудің ерекшеліктеріне. оны жасауда қандай әдіс-тәсілдер қолданатынына бақылау жасау. Өздері жасаған кесені тег істеуге, әдемілеп өрнектеуге бағыт береді. Ең жақсы жасалған және өздері ернектер ойлап тапқан балаларды мадақтап, ерекше атап өтеді.

Балалардың жұмыстарын талдау























































28-сабақ.

Жапсыру Тақырыбы: Домбыра.

Сабақтың мақсаты. Қағазды қос бүктеу тәсілімен қиюға дағдыландыру. Бірнеше бөліктен тұратын заттарды қиып жапсыру, симметриялы заттарды кез мөлшерімен қиюға жаттықтыру. Патриоттық сезімдерге тәрбиелеу.

Қажетті құралдар. Түрлі түсті қағаздар, қайшы, желім, қарындаштар, фломастер, үлгі суреттер, үнтаспа.

Сабақтың барысы. Тәрбиеші үнтаспадан "Домбыра сазы" (Х.Талғаровтікі, әні И.Нүсіпбаевтікі) әнін балаларға тыңдатып, ән не туралы екенін сұрайды. Домбыра жайында әңгімелеп, суретін көрсетіп талдау жасайды.

- Қазақ халқы ән мен жырды, ойын-сауықты өте жақсы көреді. Сіздердің отбасыларыңызда халық әнің жақсы көретін, сүйіп айтатын адамдар бар ма?

- Сіздердің отбасыларыңызда ұлттық аспаптарды ойнайтын адамдар бар ма? ( домбыра, қобыз т.б).

Қазақтың ұлттық аспабы домбыра жайындағы әңгімеден соң балалар жұмысқа кіріседі. Ол үшін алдымен үлгі суретті немесе домбыраның өзін көрсетіп, оның бөліктеріне ерекше тоқталып талдау жасалады. Домбыра неше бөліктен турады?

Негізгі бөлігі сопақша дөңгелекке ұқсас, ал шегі мен пернелері орналасқан бөлігі жіңішке, ұзынша болып келеді. Домбыраның құлақ күйін келтіретін бөліктерін таныстырады. Тәрбиеші енді осындай домбыраны қағаздан жасауға болатынын айтып, негізгі бөліктерінін жасалу жолдарын түсіндіреді. Домбыраның пернелерін жасау үшін парақ қағаздың шетінен жіңішке жолақтар қиып алып жапсыруға болатынын көрсетеді. Домбыраның негізгі екі бөлігін бір-бірімен жапсырып болған соң фломастермен қос шекті сызып салуға болады. Қағаздың түстерін дұрыс таңдай білуге бағыт беріледі.

Балалардың өз беттерінше жұмыстары.

Сабақ барысында домбыраның негізгі бөлігі мен ұзынша мойнының қатынасын сақтау, әдемілеп безендіруге көңіл бөлу керек. Домбыраны қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен безендіру ұсынылады. Балалардың өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеулеріне бағыт беріп, жағдай жасап отыру қажет.

Балалар жұмыстарын талдау

















































29-сабақ.

Сурет. Тақырыбы: Менің мысығым.

Сабақтың мақсаты: Балаларға мысықтың баласынын суретін салуды үйрету, сулау тәсілімен сурет салуға жаттықтыру, іскерлік дағдыларын қалыптастыру. Үй жануарларына қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: әліппе - дәптер, ақ қағаз, қызғылт сары түсті бояу қылқалам және оны қоятын тұғырлар, су, сүлгі.

Сабақтың барысы: мысық туралы ертегілерді еске түсіру.

"Мысық" Е. Өтетілеуұлы.

Мен - Мияу мысықпын,

Өзім сондай пысықпын.

Қастық ойлар дұшпанға –

Арамтамақ тышқанға

Жолбарысша атылам,

Тісті аямай батырам.

- Ал, бүгін біздің суретін салатын мысығымыз өте момақан, ешкімге тісін батырмайтын кішкентай ғана мысықтың баласы.

Мысықтың баласынын суреттерін (фотолар немесе ашық хаттар) көрсетіп әңгімелеу.

- Оның жүні үлпілдек, мамықтай жұмсақ екен. Осындай мысықты салу үшін ете оңай әдіс-тәсілдерді қолданып, оның суреттеп салуға болатының айтады. Қағазды қалай сулау керектігін көрсетеді. Тәрбиешіге сулаудың бірнеше тәсілін ұсынамыз. Олар жалпақ ыдыстағы суға қағаздың бір шетінен ұстап батырып, екінші шетінен судан шығарып алады да сол сорғытады;

- жалпақ қылқаламды суға батырып алып, кезек-кезек бірінің астынан бірін сызып, ақ қағазды таза сумен жуу арқылы сулау;

- губканы немесе мақтаны пайдаланып, оларды суға батырып алып сәл сығып тастап барып, қағаз бетіне сүйкеу арқылы сулау;

Қағаз суды өзіне сіңіре бастаған кезде сурет салуды бастауға болады. Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Сурет салудың ретін, алдымен денесі, содан кейін аяқтары, құйрығы ең соңынан басын салу ұсынылады. Алдымен денесін сопақша дөңгелек тәрізді қызғылт сары бояумен жүргізіп аламыз. Дөңгелектің шетін бояймыз. Жоғарыда құйрығына, төменде аяқтарын салуға орын қалдырады. Мысықтың алдынғы аяғын салғанда қылқалам жоғарыдан төмен қарай жылжи қозғалады, аяғының басын салғанда сәл ғана алға қарай қылқаламды бурамыз. Артқы аяқтарын салғанда, аяқтың жоғарғы бөлігі кішкене жалпақтау болғандықтан қылқаламды денесінен төменге қарай екі рет жүргіземіз, содан кейін аяғының ұшына келгенде қылқаламды тағы да алға қарай бұрып, аяғының басын саламыз. Енді құйрығы жоғарыға қарай бір рет сүйкей жағыс тәсілімен қылқаламды жоғарыға қарай сүйкей жаға отырып, құйрықтың ұшына жеткенде бұрып, имек бөлігін келтіреміз. Басын кішкене дөңгелекке ұқсатып, оның екі шетінен құлақтарын шығарамыз. Құлақты салуда қылқаламды қатты баспай жеңіл қозғалыспен сүйкей жағу тәсілін қолданамыз. Балалар жұмыстарына басшылық жасап, кейбір балаларға жеке нұсқаулар беріледі.

Балалар жұмыстарын талдау



























30-сабақ.

Сурет, Тақырыбы: Күзгі жапырақтар шоғы.

Сабақтың мақсаты: Жұмсақ бор қарындаштармен сурет салу тәсілдерімен таныстыру акварель бояу мен борды араластырып пайдалану дағдыларын қалыптастыру бояу түстерін таңдай білу сезімдерін, көркемдік талғамын дамыту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: қағаз, жұмсақ борлар, акварель бояулар, жұмсақ қылқаламдар, палитра, су, сүлгі.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші бүгін балалармен күзгі жапырақтардың суретін салатындарын айтады. Суретті бүгін түрлі түсті борлармен салатындарын, олар өте жұмсақ, онымен сызса өте жалпақ із қалдыратынын көрсетеді. Бормен күзгі жапырақтардың суретін қалай салуға болатынын көрсетіп түсіндіреді.

- Жапырақтардың суретін салып болған соң акварель бояуды алып, қою түстерді таңдап аламыз да қылқаламмен жапырақтардың айналасын, қағаз бетін тегіс бояймыз (қағаз бетінде ашық жерлер қалмауы керек). " Қызыл, кек немесе қара түспен бояуға болады. Қою түсті фонда күзгі жапырақтар шоғы әдемі көрінеді.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Жұмыс барысында түстердің үйлесімділігіне назар аударылады. Кейбір балаларға жеке нұсқау беріледі.

Балалар жұмыстарын талдау.

















31-сабақ.

Мүсіндеу. Тақырыбы: Филимонов ойыншығы. Ысқырғыш қораз.

Сабақтың мақсаты: Сәндік-қолданбалы өнер туындыларымен таныстыру. Мүсіндеудің әдіс-тәсілдерін меңгерту. Жеке бөліктері бойынша және созып шығару арқылы құрастырмалы әдіспен (комбинированный) мүсіндей білу дағдыларын қалыптастыру. Мүсіндеу барысында ара қатынасты сақтау бөліктерін дұрыс орналастыру, шымшып созу және тегістеу тәсілдерін меңгерту.

Қажетті құралдар: Филимонов ойыншықтарының үлгісі, суреттері, саз балшық немесе ермексаз, тақтайшалар, сүлгі.

Сабақтың барысы: Тәрбиешінің әңгімесі: - Ерте кезде Тулада Филимонов деген ауыл болған, ол ауылды Ресейде және оның барлық аймақтарында Филимоновтың әшекейлі ойыншықтары арқылы жақсы білген. Әсіресе, ысқырғыш ойыншықтарды бәрі білетін еді. Мұндай ойыншықтарды саз балшықтан жасайтын, оны терең жыралардан қазып алатын. Бұл саз балшықтар жұмсақ, қолмен қалай илесеңде икемді. Түстері: ақ, қызыл, ал қызыл, сары тіптен қара да түстері болады екен. Мұндай саз балшықтардан бойжеткен қыздардың, әскердің, құс пен аттың, лақтар мен басқа да аңдардың баласын мүсіндеген. Филимонов ойыншықтары бойлары биік, көңілді, қызықты, тартымды, олар бір нәрсеге таң қалып тұрған тәрізді әсер қалдырады. Олардың бәрі жай ойыншықтар емес, ысқырып ойнайтын ойыншықтар. Ысқырғыш бойжеткендер құмырада, ал әскерлер қазда жасырынған. Барлық ысқырғыштармен ысқырып көруге болады. Мүсінделген ысқырғыштарды арнайы пештерге қойып күйдіруге болады. Бұрын ондай пештер саз балшықты алатын жыраларда орналасатын. Саз балшықты күйдіргенде отта олар алғашқыда қып-қызыл болады да, соңында ағарады. Ал, ойыншықтар суығаннан кейін олар ал қызыл түс береді және тас сияқты қатты болып кебеді. Күйдіріліп кепкен соң ойыншықтарды өрнектейді. Оларды көбінесе түрлі түсті жолақтармен, тағы да шыршалармен, дақтармен, қарапайым жемістермен, күнге ұқсас өрнектермен әшекейлейді. Бояу түстеріне келетін болсақ, ашық түстер алынады: сары, қызғылт сары, қан қызыл, жасыл. Филимонов шеберлері халықтық дәстүрлерін ғасырларға жалғастырып сақтауда.

Тәрбиеші осындай ысқырғыш қораз ойыншығын мүсіндейтіндерін айтады. Бастапқы қалыпта цилиндр тәрізді пішінді алады. Оны алақан арасына салып езеді, тегістейді. Содан кейін дайын болған пішіннің екі жағында жоғары қарай созып көтереді.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Олардың жасаған жұмыстары кепкен соң оны қызыл, жасыл, сары түстермен, жолақтар және дақтармен бояйды. Балалардың жұмыстарын талдау.







































32-сабақ.

Жапсыру Күміс өрмектегі алтын жапырақтар.

Сабақтың мақсаты. Қағазды ортасынан симметриялы қою дағдыларын қалыптастыру. Күзгі жапырақтарды қиып жапсыра білуге, көлемді композиция құра білуге үйрету. Балалардың көркемдік талғамдарын дамыту.

Қажетті құралдар: Түрлі түсті қағаздар, ақ қағаз, түрлі түсті борлар, желім, қайшы, сүлгі.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші күз мезгілінің ерекшеліктері, әсемдігі, тамаша көріністері жайында балалармен әңгімелеседі. Содан кейін бүгін күз тақырыбында әдемі жапсыру жұмыстарын жасайтындықтарын айтады.

Технологиялық мәліметтер.

1. Балалар қара түсті бормен немесе көмір қарындаштармен (ретушь) қағазға "өрмектер", торлар сызады.

2. Жапырақтарды кию үшін түсті қағаздардың түсін ішіне қаратып қос бүктеп алады да оған қарындашпен жапырақтардың жартысының суретін сызып салады. Дайындап қойылған қағазды толық пайдалану қажеттігі ескертіледі.

3. Балалар өздері қиған бірнеше жапырақтарын өрмекке желімдейді. Желімдеуде жапырақтың қос бүктелген ортасына ғана желім жағып жапсырады, шеттері жапсырылмайды. Жапырақтар желге қозғалып тұрған тәрізді көлемді болып жапсырылады. Күз және күзгі жапырақтар туралы балалар өлең, тақпақтарын айтып береді.

Балалардың өз бетінше жұмыстары. Балалар жұмыстарын талдау













33-сабақ.

Сурет. Тақырыбы: Ертегідегі аң.

Сабақтың мақсаты: Ертегідегі аң бейнесін мүсіндей білуге үйрету, ой-қиялын дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру өзіндік еңбек нәтижесіне жете білуге тәрбиелеу. Ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру сурет салуға қызығушылығын арттыру.

Қажетті құралдар: қарындаштар, түрлі түсті борлар, әліппе - дәптер, ақ қағаз.

Сабақтың барысы: - Ертедегі суретшілер арыстанның суретін салғанды өте жақсы көрген. Ертегі арыстан - бұл жай аң емес, ол тағы өрнек. Ертегілерде аң патшасы арыстан екенін білесің бе? Сол сияқты өрнектерде де бұл негізгі орын алады. Ал, кез келген өрнек белгілі бір мағынаны білдіреді. Арыстанның тісін, аузын қарашы, ол күлімдеп тұрған тәрізді. Ол көп білетініне және бәрін өзі жасай алатынына қуанады. Ол алдыңғы аяқтарын айқастырып, енді ешкіммен соғыспайтынын, таласпайтынын, ешкімді ренжітпейтінін көрсетіп түр. Арыстанның жалы қандай көп болса біз де сондай көп нәрсені біліп үйренеміз.

Тәрбиеші арыстанның суретін салудың жолдарын көрсетеді.

1. Қарындашпен арыстанның денесін үлкен "қиярға" ұқсатып, сопақша етіп салып аламыз.

2. Арыстан аяқтарын астына басып жатыр. Оларды кішкене "қияр" тәрізді саламыз.

3. Басы дөңгелек, құлақтары да дөңгелек болып келген.

4. Арыстанның құйрығы артқы аяғының арасынан өтеді де ағаш немесе гүлге ұқсап кетеді.

5. Арыстанның жалы толқынды сызықтармен сызып салынады.

6. Енді көзі, тұмсығы және күлімдеп тұрған аузы салынады.

7. Арыстанның түсі ашыла түсу үшін суреттің шеттерін қызыл түсті бормен сызып шығамыз.

8. Денесіне, аяқтарына және құйрығына әр түрлі өрнектер пайдалануға болады. Мысалы: "завитушки" Гүлдер мен жапырақтардың суреттеп де салуға болады.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Мүмкіндігінше күрделірек өрнектерді салу қарастырылады. Балалар жұмыстарын талдау

















































34-сабақ.

Сурет. Тақырыбы: Әдемі балықтар.

Сабақтың мақсаты: Сәндік сурет салудың тәсілдерін қолданып, сызықтар, түстер, дақтардың көмегімен балықтардың ерекше ертегідегідей бейнесін беруді үйрету. Сурет салудың жаңа техникасымен таныстыру. Тушты пайдалануға жаттықтыру. Еңбек нәтижесіне жетуде баланың шығармашылық қабілетін, ой-қиялын дамыту.

Қажетті құралдар: қағаз, туш, жіңішке қылқалам, акварель бояу, құстың қауырсыны, су сүлгі.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші балаларға өздерінін қалаған тілектерін орындайтын ертегідегі балықтардың суретін салуды ұсынады. Біз бүгін бәріміз сурет салудың ерекше әдіс-тәсілдерін таңдап алайық. Бізге жұмыс жасау үшін қара туш көмекке келеді. Құстың қауырсынын тушқа батырып алып, оны қатты баспай жіңішке сызықпен сызып, балықтың денесін салады. Әрбір балықтың құйрығы және қанаттары әртүрлі болады. Балықтың кейбір бөліктерін өрнектеп түрлі акварель бояумен бояуға бағыт беріледі.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балалар балықтың суретін салуда оның ертегідегідей болуына және суретті салу тәсілдерінің ерекшелігіне назар аударады. Балалар жұмыстарын талдау





















35-сабақ.

Мүсіндеу Сырғалар.

Сабақтың мақсаты: балаларды қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдарымен таныстыру. Таяқшаның көмегімен тузды қамырдан сырғаларды мүсіндеуді үйрету. Дайындалған сырғаны ою-өрнектермен әшекейлеу. Зергерлік бұйымдардың әсемдігін сезіне отырып көркемдік тәрбие беру.

Қажетті құралдар: "Қазақтың зергерлік бұйымдарының" альбомы (ашық хаттары), зергерлік бұйымдардың үлгісі (сырға, білезік, жүзік, қапсырма т.б.), тұзды қамыр, таяқшалар (стека), сым.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші балаларды қазақтың зергерлік бұйымдарымен таныстырады. Қазақстан жері ертеден мыс, қорғасын, мырыш. алтын, т.б. асыл, қымбат тастарға бай болған. Осы асыл тастарды қазақтың зергерлері әр гүрлі зергерлік бұйымдар жасауға пайдаланған және бұл шеберлік өнерді ұрпақтан ұрпаққа мура етіп қалдырып отырған. Олар әйелдерге арналған зергерлік бұйымдарды, балалар киімдерін әшекейлеуге арналған заттар, асхана бұйымдары, ыдыстар, киіз үй жабдықтары, ағаш бұйымдар, музыкалық аспаптар қару-жарақ және ат әбзелдерін жасайтын болған. Тәрбиеші балаларға зергерлік бұйымдардың әдемі әшекейлеріне назар аудара отырып, асыл тастармен безендірілгенін ою-өрнектеріне мән бере отырып түсіндіреді. Балалар зергерлік бұйымдарды қолдарымен ұстап көреді. Олар: жалпақ, ою-өрнегі бар, ай сырға деп аталатынын, сондай-ақ, шығыршық сырға, көп қырлы сырға т.б.

- Бүгін біз бәріміз ертедегі шеберлер сияқты зергерлер боламыз. Әйелдерге арналған зергерлік бұйымдар жасап көреміз. Ол үшін тузды қамырды илеп алып шар тәрізді домалақтаймыз, содан кейін оны басып жұқалап жалпақтаймыз. Шаблон бойынша стекалармен сырғаны қиып аламыз. Қамыр кеуіп кетпей тұрғанда жұмсақ сымдардан ілгектер жасаймыз. Қиылған дайын сымдарды иіп, оны сырғаның шетіне өткізудің жолдарын көрсетеді. Сырғаларды таяқшалармен батырып бедерлеуге немесе сыртына шығарып бедерлеп әшекейлеудің әдіс-тәсілдерін көрсетеді. Сырға кепкен соң гуашь бояулармен бояп, әдемілеп өрлеуге болады.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балалардың жұмыстарын талдау





















































36-сабақ.

Жапсыру Тақырыбы. Мамық жүнді балапан.

Сабақтың мақсаты: Балаларға қайшыны пайдаланбай қолмен жұлмалап кию әдіс-тәсілдерін меңгерту. Ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Шыдамдылық, ерік-жігер сапаларын дамыту, кұстарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: жұқа сары тусті қағаздар, желім, қарындаш, балапанның дене бөліктеріне сай дайындалған қағаздар, үлгі сурет.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші мамық жүнді балапанның суретін көрсетіп, балалардың өздеріне әңгімелетеді. Бұл балапанға қандай қамқорлық жасар едіңдер? (су береміз, жем береміз, жылы ұя жасап береміз т.б). Біз бүтін осындай үлпілдеген кішкентай мамық жүнді балапанды өзіміз қағаздан жасап үйренеміз. Ол үшін мына сұрақтарға жауап беріңдер:

- Балапандар қандай гүлге ұқсайды? (бақбақ гүліне).

- Балапандар қандай болады екен кім сипаттап айтып береді? (сары түсті, үлпілдек, жұмсақ, мамық, кішкентай, әдемі, сүйкімді т.б).

- Балапан сендерге ұнай ма? Кімнің үйінде балапан бар? Оны немен тамақтандырасыңдар? Неден қорғайсыңдар?

- Жем тауып алғанда тауықтар балапандарын қалай шақырады? (ко-ко, ко-ко, ко-ко).

- Енді балапанды жасау үшін біз жұлмалап кию тәсілін қолданамыз, өйткені балапанның жүні өте жұмсақ дедік.

Алдын ала дайындалған қағаздарды саусақтардың арасына салып отырып айналдыра қию тәсілін көрсетіп, түсіндіреді. Балалармен бірге жасап көреді.

Балалардың өз беттерінше жұмыстары.

Балаларға жұлмалап қиюға арналған қағаздар беріледі. Кию тәсілдерін қарап, кейбір балаларға жеке көмек көрсетіп, қағазды қиғанда үлпілдек, мамық жүнді бейнелейтіндей болуына бағыт береді. Балапанның дене бөліктерін дұрыс орналастыруын қадағалайды.

Балалардың жұмыстарын талдау



























































37-сабақ.

Сурет. Тақырыбы: Бейнелеу өнері түрлерімен таныстыру. Натюрморт.

Сабақтың мақсаты: Балаларды натюрморттың мазмұнымен, композициясымен таныстыру. Түстерді таңдай білуге, заттың пішіні мен түстердің үйлесімділігін сезінуге, жазықтықта дұрыс орналастыра білуге үйрету. Көркемдік талғамын қалыптастыру.

Қажетті құралдар: бірнеше суретшілердің бес-алты натюрморттары.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші: - Балалар, айналаларыңа мұқият қараңдаршы: қандай көп, әдемі заттар бізді қоршап тұр. Суретшілер өте зейінді, көреген адамдар. Оларға не ұнайды, не толғандырады, солардың барлығын олар суреттерінде бейнелейді. Суретшілер айналадағы заттардың әсемдігін жақсы көре біледі. Олар арнайы бірнеше заттарды таңдайды және оларды әдемілеп қойып көреді де сондай әсемдікті біз де көрсін деп оның суретін салады. Міне, осындай суретшілер туындыларын НАТЮРМОРТ деп атайтынымызды сендер білесіңдер.

Бірнеше натюрморт суреттерін көрсетеді. Осылардың ішінен өздеріне ұнағандарын таңдайды, ол жайында әңгімелетеді, мұнда не бейнеленген және қалай орналасқан, олардың түстері қандай. Жетекші сұрақтар беріп балаларға көмектеседі. Балаларды бұл заттардың түсінде, көлемінде және орналасуында белгілі бір реттілік болатынын түсіндіріп, қорытындылай білуге бағыттайды. Суретшінің тұрмыс заттарын немесе табиғат заттарын осылайша орналастыруын натюрморт деп айтатының бекітіп, тиянақтайды. Атап айтқанда бірыңғай немесе біртектес заттардың үйлесімді орналасуы деп түсіндіреді.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Әр түрлі заттардан натюрморт құруды ұсынады.

Балалар жұмыстарын талдау







38-сабақ.

Тақырыбы: Жүзім бұтағы.

Сабақтың мақсаты: Жүзімнің бұтағының суретін салуды үйрету. Жүзімнің жемістерін салуда өз еркімен бояу түстерін таңдай білу (ашық жасыл түс). Ұқыпты жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Қажетті құралдар: жүзімнің суреті салынған үлгі, гуашь бояу қылқалам, қағаз , су, сүлгі, қылқалам қоятын тұғыр.

Сабақтың барысы: Үлгі суретті талдау жасау жүзімнің суретіне қарай отырып, оның ерекшелігін анықтау Жүзім бұтағы үшбұрышқа ұқсайтынына көңіл болу. Жоғарғы бөлігінде жемістері көп болып келеді де, төменгі жағында азырақ орналасып, біртіндеп жіңішкеріп кетеді. Бүгін осындай жүзім бұтағының суретін салатындарын айтады. Оның пішінін, түсін балалар өздері таңдайды. Бұтақтағы жемістерді кейбір балалар дөңгелек, енді біреулері сопақша дөңгелекпен жасайды.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балалардан жүзім бұтақтарын үшбұрышқа ұқсас болу үшін жемістер қалай орналастыруға болады деп сұрайды. - Қандай түсті таңдайсыңдар?

Салатын суреттері қағаздың ортасына орналасуын қадағалау. Жүзімнің сабағын салу үшін қара немесе қоңыр түсті қарындашты пайдаланады. Балалар жұмыстарын талдау





















39-сабақ.

Мүсіндеу Тақырыбы. Қымыз құятын тостаған және ожау

Сабақтың мақсаты: Балаларды қазақтың сәндік-қолданбалы өнеріме таныстыру. Қымыз құятын ыдыстар тостаған мен ожаумен таныстыр; Ұлттық ыдыстардың ерекшелігіне назар аудара отырып, оны мүсіндеудің әдіс тәсілдерін түсіндіру. Ою-өрнекпен әшекейлеу. Көркемдік талғамын дамыту.

Қажетті құралдар: Қазақтың сәнді қолданбалы өнер жайында альбомдар, ыдыстардың үлгі суреттері, ермексаз, тақтайша, таяқшалар, сүлгі

Сабақтың барысы: Тәрбиеші балаларға қазақтың ыдыс - аяқтары бір түрі тостаған мен ожауды көрсетеді. Мұндай үлкен тостағанға қымыз құйылады, оны тостағанға ожаумен құяды. Балалар ожаудың пішініне, ою өрнек әшекейлеріне көңіл бөліп ерекшелігін анықтап қарайды. Содан кейін тәрбиеші ыдыстарды мүсіндеудің әдіс-тәсілдерін көрсетеді. Тостаған кес сияқты жасалады, бірақ көлемі жағынан үлкен болады. Ожауды төмендегідей әдіс-тәсілдермен мүсіндейміз:

1. Үлкен шар тәрізді ермексазды домалақтап алу, содан кейін барып саусақтармен екі жағынан басып қуыс жасаймыз.

2. Екінші кесек ермексазды алып есіп, ожаудың ұстайтын сабын жасаймыз. Оны сәл ғана басып жалпақтау қажет.

3. Екі бөлікті бір-біріне біріктіру және олардың берік орналасуын қадағалау.

4. Таяқшалардың көмегімен дайын болған ожауларды ою-өрнекпен әшекейлеу.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балалардың жұмыстарын талдау











40-сабақ.

Жапсыру Тақырыбы: Қазақтың ұлттық камзолы мен желеті.

Сабақтың мақсаты: "Ұлттық киім" деген ұғымдарды түсіндіру (камзол желет). Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің аттарын бекіту. Көз мөлшерін, түс пен ырғақты сезінуін, көркемдік талғамын дамыту.

Қажетті құралдар: камзол мен желеттің суреттері, түрлі түсті қағаздар, желім, қайшы, қарындаш.

Сабақтың барысы: Ұлттық киімдер камзол мен желеттің суреттерін қарау. Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің үлкен болып келетініне назар аударту. Өрнектердің симметриялы болып келетінін түсіндіру. Олардың бояу түстері: ақ, сүр, қоңыр, жасыл, сары, көк, қызыл, қара болып келеді.

Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің түрлері: қошқар мүйіз, сыңар мүйіз, жапырақ, жапырақ гүл, құс қанаты, тұмарша, төрт құлақ т.б.

Қазақтың ою-өрнек әлемі өте бай. алуан түрлі болып келетінін қорытындылау Олар сондай-ақ, геометриялық өсімдік тектес, жануарлар тектес өрнектерден турады.

Әрі қарай қамзол мен желеттің өрнектеріне назар аударып, оларды салыстыру, кию жолдарын көрсетіп түсіндіру. Түрлі түсті қағаздардан ою-өрнек элементтерін қиып, камзол мен желетті әшекейлеуге кіріседі.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балалар өздеріне ұнайтын ою-өрнектермен камзолды немесе желетті әшекейлейді. Тәрбиеші балаларға көмектесіп, басшылық жасап, бағыт береді. Балалар жұмыстарын талдау















41-сабақ.

Сурет. Тақырыбы: Күзгі бұлыңғыр күн.

Сабақтың мақсаты: Суреттің мазмұнына сәйкес тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана білуге үйрету Бояуларды таңдай отырып, суретте табиғаттың құбылыстарын және ерекшеліктерін бейнелей білуге баулу Табиғатты аялай, сүйе білуге тәрбиелеу

Қажетті құралдар: бұлыңғыр күнді бейнелейтін суреттер, сүр түсті қағаздар, бояулар, қылқалам, оны қоятын тұғырлар, су сүлгі.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші балаларға: күздің соңғы айлары "қоңыр күз", деп аталатынын тағы да "алтын күз" деп неге айтатыны жайында сұрап, салыстырып, айырмашылығын түсіндіреді. Күзгі табиғат көрінісіндегі бояудың реңктеріне (колориті) балалардың назарын аудара отырып, күз көрінісінің суретін талдау жасайды. Сурет салмай бұрын тәрбиеші ағаштардың жапырақтарын, бұталарды және жерді қандай бояу түстерімен -суретті салатындарын сұрайды. Ағаштар мен бұталардың қалай орналасқанын, оларды салудың тиімді әдіс-тәсілдерін естеріне түсіреді. Егер балалар жаңбыр жауып тұрғанын бейнелегісі келсе, көгілдір түсті қарындашты пайдалануға кеңес береді. Ағаш басынан жерге ұшып түскен жапырақтарды жіңішке қылқаламның ұшыменен, жеңіл сүйкей жағыс тәсілімен салуға кеңес береді.

Балалардың өз беттерінше жұмыстары.

Балаларға белгілі бір бояу түстерін пайдалана отырып, ауа райының құбылысын және көңіл күйді де беруге болатындығын түсіндіреді. Балалар жұмыстарын талдау













42-сабақ.

Тақырыбы. Табиғат көрінісі.

Сабақтың мақсаты: "Пейзаж", "көкжиек", "кеңістік" туралы түсініктерін бекіту суретке байланысты жағымды көңіл күй туындату. Суретті салудың мәнерлеу құралдарын сезіне білуге баулу. Жыл мезгілдерінің ерекшелігін ажырата білу.

Қажетті құралдар: күз көрінісінің суреттері, гуашь бояулар, қылқалам және оны қоятын тұғыр, су, палитра.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші табиғат көрінісінің суретін көрсетіп, көкжиек сызығы жайында түсініктерін тиянақтайды (жер мен аспанның, аспан мен теңіздің қиылысқан сызығы). Содан кейін кеңістікті, жазықтықты пайдалану ережесін түсіндіреді. Аспан көкжиек сызығы арқылы жермен қиылысады. Көкжиек сызығы ағаштармен, шөптермен, төбелермен, ойлы-қыраттармен қоршалған.

Тәрбиеші табиғат көрінісінің суретін салу технологиясын ашып түсіндіреді.

1. Жіңішке түзу сызық арқылы көкжиек сызығын қағаздың ортасына сызып көрсетеді.

2. Жер тегіс емес, шөптермен, төбелермен көкжиек сызығын қоршап түр. Оны ашық түсті бояумен саламын.

3. Жақын жердегі шеп маясын саламын (стог - мая шөп). Олар өте алыстан көрінгендіктен оны кішкентай және қысқа сызықтармен саламын.

4. Жақын жердегі үйілген шөптің суретін саламын. Оны суреттің төменгі бөлігіне орналастырамын,ең үлкен үйілген шоп маясының суретін саламын. Ал қалған шөптер алыстан көрінетін болғандықтан кішкене және көкжиек сызығына жақын орналасады.

5. Жол жақын болған сайын кең, алыстаған сайын жіңішке, көкжиек сызығына жеткенде көрінбей кетеді.

6. Аспанды салу үшін алдымен қағаздың жоғарғы бөлігіне көк жолақ жүргіземіз, содан кейін оны сумен жуамыз, бояуды тегістеп, әдемілеп жағамыз. Аспан мен жердің қиылысқан жоғарғы бөлігіне қарағанда оның төменгі бөлігін ашықтау етіп бояймыз. Қағаз кеуіп кетпей тұрып, ақ түсті бояумен бұлттардың суретін салып аламыз.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Бұлттардың суретін салуды қылқаламмен жүргізудің әдіс-тәсілдеріне көңіл бөлу. Ол қағазға жеңіл қозғалыспен, билеп жүрген тәрізді із қалдыруы керек.

Балалар жұмыстарын талдау













































43-сабақ.

Мүсіндеу Тақырыбы: Құстар.

Сабақтың мақсаты: Құстарды бірнеше бөліктен мүсіндей білуге үйрету. Олардың дене бөліктерін дұрыс орналастыру таяқшаларды пайдалана отырып өзіндік сипатын ерекшелеп мүсіндеу (қанаты, қауырсындары, т.б). Ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Қажетті құралдар: кұстардың суреттері, ермексаз, тақтайшалар, таяқшалар, сүлгі.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші: - Қазақстанда мекендейтін қандай кұстарды білесіңдер? - деп сұрайды (торғай, қарлығаш, тырна, аққу, қоқиқаз, бүркіт т.б.). Суреттерін көрсетіп әңгімелету. Олардың дене бөліктеріне (көлеміне, пішініне). түстеріне назар аударады. Содан кейін құстарды мүсіндеудің әдіс-тәсілдеріне тоқталады. Қандай құсты мүсіндегісі келетінін балалар қалауы бойынша таңдайды. Торғайды мүсіндеу үшін денесін сопақша дөңгелек етіп есіп алып, мойнын сәл созып шығару. Басын домалақтап жасап алып, мойнына әкеліп біріктіріп жабыстырады, саусақтармен тегістейді. Берік орналасуына мән беру. Тұмсығын басынан шымшып созып шығарады. қанаттарын таяқшамен (стекалар) екі жақ бүйіріне сызып бедерлеп түсіру. Ал қоқиқазды жасағысы келетін балаларға оның дене бөліктерінің ерекшелігін атап өтіп, денесін есіп сопақша жасап алып. Сол кесек ермексаздың өзінен ұзын мойнын созып шығарудың жолдарын көрсетеді. аяқтарына ағаш бұтақтарын пайдалануға болады (құрастырмалы және иілгіштік әдіс-тәсілдер катар қолданылады). Балалар әліппе - дәптер бойынша жұмыстың орындалу ретін тағы бір рет қарап шығады да өздері қалаған кұстарды мүсіндейді.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балалар құстарды мүсіндеу барысында басшылық жасалып, кейбір балаларға көмек көрсетеді, жеке нұсқаулар беріледі. Кұстардың ерекше сипатын аша білуге бағыт береді.

Балалар жұмыстарын талдау

44-сабақ.

Жапсыру Тақырыбы. Қайық.

Сабақтың мақсаты: Геометриялық фигураларды қиюға жаттықтыру қайшымен жұмыс жасауға дағдыландыру. Үшбұрышты пішіндерді қолданып композиция құруды жалғастыру бірігіп жұмыс істеуге, бір-бірін сыйлай білуге тәрбиелеу

Қажетті құралдар: Көгілдір түсті қағаздан панно, желім, қайшы, сүлгі, түрлі түсті қағаздар.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші жұмбақ жасырады:

Жазда айдында жүзеді,

Қыста үмітін үзеді.

(қайық)

Жұмбақтың шешуін балалар тапқаннан кейін қайықтың суретін көрсетіп, балалармен сурет бойынша әңгімелеседі. Үлгіні талдау жасайды, қайықтың жеке бөліктеріне, түр-түсіне назар аударады. Қайықтың бөлігі нешеу және қаңдай геометриялық, пішіндерден тұратынын сұрайды. Тәрбиеші үшбұрыштан қалай қайықты қиюға болатынын көрсетеді. Түрлі түсті қағаздардан қайықтың қалған бөліктерін және композиция құруға ұсыныс жасайды. Балалардың өздігінен, дербес шығармашылықпен еңбек етулеріне бағыт беріп отырады.

Балалардың өз бетінше :

Балалар жұмыстарын талдау

















45-сабақ.

Сурет. Тақырыбы: Бейнелеу өнері түрлерімен таныстыру.

Городецк өрнегі.

Сабақтың мақсаты: Городецк өнерінің өзіндік сипаты мен ерекшеліктерімен таныстыру. Элементтерінің суретін сала білу композиция құру түстердің үйлесімділігін бере білу дағдыларын қалыптастыру. Ұлттық ою-өрнек әсемдігін сезіне білу, көркемдік талғамын дамыту.

Қажетті құралдар: городецк бұйымдары, үлгі суреттері, городецк ойыншықтары, городецк ою-өрнек үлгілері, бояулар, қылқалам, су сүлгі.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші үстел үстіне городецк ойыншықтарын қойып, оның үстін сүлгімен жауып қояды. Тәрбиешінің шығармашылық әңгімесі.

Ресейде орам, ағаштар көп болғандықтан ағаштан әдемі бұйымдарды көптеп жасайды екен. Біз бүгін осындай Городецк қаласында ағаштан жасалған бұйымдарды қарап көреміз. Ол жақта өрнек салудың өзіндік дәстүрі бар. Сендер онымен таңысқанда Хохламаның ағаштан жасалған бұйымдарымен шатастырып алмаңдар. Городец де ағаштан жасалған бұйымдар олар шаруашылыққа қажетті түрлі заттарды жасай білген. Мынау асханаға арналған тақтайша (үлгіні көрсету), оның бір жақ беті түрлі түсті ашық бояулармен безендірілген, ал екінші жақ бетіне көкөністер т.б. тағамдарды ас үйге кесуге пайдаланады. Мұндай тақтайларды ас үйге іліп қойса да, олар әдемі безендіріп турады. Міне, тағыда ас үйге арналған заттар (ағаш қасықтар, түтікшелер т.б.) деп бірнеше үлгілерді көрсетіп талдау жасайды. Олар тек ас үйге арналған заттарды ғана емес басқа да заттар жасай білген. Ұсақ заттар (түйме, ине, жіп т.б.) салатын қобдишалар, бөлмеге ілетін әдемі паннолар т.б.

Шеберлер балаларды да ұмытпаған, сендерге арнап ағаштан әткеншек - ат жасап оны гулдермен және жапырақтармен безендірген.

Тәрбиеші балалардың алдына 3-4 городецк өрнегімен әшекейленген заттарды қалдырып олардың ерекшелігімен таныстырады. Барлық өрнектерде бүршік, гүлдер, жемістер, жіңішке жапырақтар бар екенін дәлелдейді. Мұндай гүлдерді сәндік гүлдер деп атайды, ал балалар оны ертегі гүлі деп те айтады.

Тәрбиеші балалардың назарын гүлдестелерге аударады. Гүлдестенің ортасында үлкен гүл, ал оң жағы мен сол жағында басқа гүлдер және кішірек жапырақтар орналасса, гүлдестенің шеттеріне бүршіктердің (қауызы) суреттері салынады. Осылайша гүлдестенің өрнектері ортасынан шеттеріне қарай ұсақтап кішірейе береді. Мұндай гулдестелердін он жағы мен сол жағы тең және бірдей болғандықтан оны симметриялы гүлдесте деп атайды.

Енді тәрбиеші балалармен түстерді үйлесімділігін анықтайды. Әр балаға бір гүлден немесе бүршіктен береді. Олардың түстері жайында сұрайды (ал қызыл, көгілдір). Әрбір элементте бір-біріне ұқсас екі түс болатынына балалардың назарын аударады. Ол түстер ал қызыл мен қызыл, көк пен көгілдір т.б. Городец гүлдеріне ақ түспен жиек жүргізіліп, нүктелер, үзік сызықтармен әшекейлейді. бұйымның өзі қою сары, немесе қоңыр (охристый) түсті болады. Бұл ағаштың түсіне ұқсас болып келеді және ол түстерде ашық бояулар әдемі өрнек түзеді.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балаларға өз еріктерімен гүлдесте құруға бағыт беріледі. Гүлден жасаған өрнектерін фланелографқа орналастыру ұсынылады. Қорытындыда тәрбиеші городецк өрнегін басқа ағаштан жасалған бұйымдардан ажырата білуді ескертеді. Городец шеберлері өздерінің еңбектерін ежелден келе жатқан салт-дәстүр ретінде сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып отырған.

Балалар жұмыстарын талдау











46-сабақ.

Сурет. Тақырыбы: Әдемі гүлдермен өрнектелген кружка.

Сабақтың мақсаты: Городецк ою-өрнектерімен кружканы әшекейлеу. Городецк өрнектерінің түс үйлесімділігін сезіне білуді бекіту. Сурет салу іскерлік дағдыларын қалыптастыру. Көркемдік талғамын дамыту.

Қажетті құралдар: үлгі сурет, гүл десте, гуашь бояу, қылқалам оны қоятын тұғырлар, су, сүлгі.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші городецк шеберлерінің үлкен ағаш кружканы жасай алатыны және оны гүлдестелермен безендіретінін айтады. Дайындаған үлгіні көрсетіп, оны анықтап қарап алу ұсынылады. Гүлдердің ортасындағы өрнекке назар аударып, оны түсін және жапырақтарының пішінін сұрайды (жапырақтары жіңішке, ұштары сүйір болып келеді). Жапырақтардың ретімен орналасуын көрсете отырып, оның суретін салудың жолдарын түсіндіреді. Алдымен екі жапырақты жоғарыға және екі жапырақты төменге қарама-қарсы орналастырып, суретін салады. Содан кейін тағы екі жапырақты оң жаққа, екі жапырақты сол жаққа, олардың арасына да жапырақтар орналастырады. Гүл сегіз жапырақты болады. Кружкаға өрнек салмас бұрын балалардың суретті қалай бастау керектігін, салу ретін сұрап естеріне түсіреді (гүлі ортасында, бүршігі сол жағында және он жағында жапырақтары ортасында).

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Кружканы өрнектеу үшін алдымен гүл мен бүршікті орналастыратын дөңгелектер салып алу керектігі ескертіледі, ол кепкенше жапырақтардың суретін салады. Кепкен дөңгелектердің ішіне гүлдердің пішінін өрнектеп салады.

Балалардың жұмыстарын талдау









47-сабақ.

Мүсіндеу. Тақырыбы: Пиала.

Сабақтың мақсаты: Ұлттық тұтынатын бұйымдармен таныстыру ыдыстарды мүсіндей білуге үйрету (кесе, табақ). Ыдыстарды бедерлеп мүсіндеу арқылы өрнектеу әдіс-тәсілдерімен таныстыру. Мүсіндеу іскерлік дағдыларын қалыптастыру. Ұлттық ою-өрнек нақыштарынан әсемдікті сезінуге тәрбиелеу

Қажетті құралдар: Қыштан жасалған ыдыстар. Ыдыстардың суреттері, ермексаз, таяқшалар, тақтайша, сүлгі.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші балаларды жартылап шеңбер жасап отырғызады, олардың ортасына қыштан жасалған бірнеше ыдыстарды қояды. Балалардан бір сөзбен бұларды қалай атауға болады? - деп сұрайды.

- Ал, енді әрқайсысын жеке-жеке атаңдар. Мынау не? (кесе, табақ т.б.). Бұл ыдыстар неден жасалған деп ойлайсыңдар?

Олардың салмағы бар екенін сезіну үшін бұл ыдыстарды балаларға ұстап, көтеріп көрулеріне рұқсат етеді. Мұндай ыдыстар пешке қойып күйдірілген және кептірілген саз балшықтан жасалғанын естеріне түсіреді. Мұны қыштан жасалған ыдыстар деп атайды (керамика). Тәрбиеші ыдыстардың пішініне назар аударады. Алдымен аласа ыдыстарды көрсетіп, олардың бөліктерін қарайды (бүйірі, жіңішкерген мойны, қабырғалары, жоғары қарай аузының кенеюі), содан кейін барып, биік ыдыстарды қарап көреді (қыш құмыралар) және олардың бөліктері (бүйірі ұзынша мойнын салыстырып қарау). Қыштан ыдыс жасап оны әшекейлейтін шеберлерді керамист суретшілер деп атайды. Олар ыдыстарды әр түрлі пішінде және алуан түрлі әшекейлермен безендіреді. Осындай ыдыстарды балалардың өздері де жасай алатындарына көздерін жеткізіп, оларға көркем сурет салуды ұсынады. Ыдыстағы әшекейді көркем сурет деп атайды. Оны суретшілер бояудың көмегімен орындайды. Күнделікті үй аспаптары мен ыдыстарда қазақ халқының өмірі мен тұрмысы бейнеленген: аңшылық, мал шаруашылығы, егін шаруашылығы және қоныстары. Қазақ халқының ою-өрнектері алуан түрлі және әрқайсысының атаулары бар: құс қанаты, арқар мүйіз, сынық мүйіз, т.б.

Бұйымда ырғақпен орналасқанды білдіретін композиция ерекше маңызды білдіреді. Егер өрнектер кесенің сыртында орналасатын болса, онда кесенің көлемін қатаң сақтау керек.

Одан әрі педагог кесені мүсіндеп, оны әшекейлеуді ұсынады. Кесені мүсіндеудің жолдары көрсетіледі: кесекті дөңгелектеу қалың диск сияқты жапыру бүгу және шеттерін созу Содан кейін кесенің шетін әшекейлейтін әшекейге назар аудару керек.

Балалардың өз бетінше жұмысы.

Балалар жұмыстарын талдау







































48-сабақ.

Жапсыру Тақырыбы: Шыршалар. Әнсауық.

Сабақтың мақсаты. Гармошка тәрізді қатпарлап бүктелген қағаздан бірнеше біртектес пішіндерді бірден кию тәсілдерін үйрету. Балалардың ырғақты сезінуін дамыту көркемдік талғамын қалыптастыру.

Қажетті құралдар. Түрлі түсті қағаздар, желім, қайшы, қарындаш.

Сабақтың барысы. Тәрбиеші балаларға қағазды қалай гармошка тәрізді қатпарлап бүктеуге болатынын көрсетеді. Осыдан өте қызықты, әрі әдемі пішіндерді қиюға болатыны түсіндіреді. Олар безендіру үшін әр түрлі бұйымдарды таңдап алады. Егер олар симметриялы затты бейнелейтін болса, оның жартысын ғана қарындашпен сызып алады. Мысалы, бүктеу сызығына жақын жартылай шыршаның суретін салып, оны қайшымен қиып алатын болсақ шыршалы орман қиылып шығады.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Жұмыс барысында балалардың қабілеттілігіне қарай тапсырманы біртіндеп күрделендіреді. "Шыршалар мен саңырауқұлақтарды" бірге қиюға болады. Ол үшін бүктеу сызығының тұсына біреуіне шыршаның жартылай суреті, екінші бөлігіне саңырауқұлақтың суреті салынып төбесінен төмен қарай қиып алу ұсынылады. Сондай-ақ, балаларға осындай әдіс-тәсілдермен қазақтың ұлттық ою-өрнегі "қошқар мүйізді" қиып алуға болатынын түсіндіреді.

Балалар жұмыстарын талдау

















49-сабақ.

Сурет. Тақырыбы: Қазақтың ою-өрнегі. "Қайнар"

Сабақтың мақсаты. Белгілі бір тұтынатын бұйымдардың пішініне сәйкес ою-өрнектермен әшекейлей білуге үйрету. "Қайнар" өрнегімен таныстыру. Балалардың көркемдік талғамын қалыптастыру, ою-өрнектегі түс үйлесімділігі мен ырғақты сезінуге, әсемдікті қабылдай білуге тәрбиелеу.

Қажетті құралдар. Қазақтың сәндік-қолданбалы өнері бұйымдары, қылқалам, бояулар, су, тұғырлар, сүлгі.

Сабақтың барысы. Тәрбиеші балаларға қазақ халқының тұрмыстық тұтынатын бұйымдарының үлгісін көрсетіп, олардың ою-өрнектеріне ерекше назар аударғаны.

- Сендер ою-өрнектердің қандай түрлерің білесіңдер? (тұмарша, төртқұлақ т.б). Біз бүгін "Қайнар" деген өрнектің түрімен танысамыз. Бұл өрнек неге ұқсайтынын айтып беріңдерші? (судың тамшысына). Дұрыс айтасыңдар, қайнар деген сөздің мағынасы да судың басталатын көзі тәрізді. Бастау, қайнар бұлақ деп атайды, сол бұлақ суынын бір тамшысына ұқсайды екен.

Тәрбиеші нүктелердің көмегімен оюды салуды және салып болғаннан кейін өз бетінше бояуға тапсырма береді. Дәптердегі табақшаны "қайнар" өрнегімен әшекейлеу жолдарын көрсетіп, түсіндіреді.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балалар жұмыстарын талдау

















50-сабақ.

Сурет. Тақырыбы. Сайқымазақ - сәнді адам.

Сабақтың мақсаты. Адам бейнесінің суретін салуға жаттықтыру. Дене бөліктерінің қатынасын дұрыс бере білуге бағыт беру. Қарапайым қимыл-қозғалысты бейнелей білу дағдыларын қалыптастыру.

Қажетті құралдар: қарындаштар, бояулар, адам бейнесі (модель).

Сабақтың барысы. Қағаздан жасалған адамның жеке мүшелерін "моделін" дайындап, ол сым темірмен бір-біріне біріктіріледі. Бұл - сайқымазақ (клоун). Ол тақтайдың үстіне ермексаз немесе желім арқылы орналастырылады. Балаларға сайқымазақ туралы әңгімелей отырып, оның қозғалыс белгілерін көрсету және оның суретін салуға дайындау.

1. Қарындашпен сурет салу. Сайқымазақтың аяқтары қағаздың ортасынан басталуы керек, ол қозғалады, билей алады.

2. Сызықтармен жолақ жасап, оны шалбары етіп және бәтеңкесін де қоса саламыз.

3. Бұл күртешесі: оның жоғарғы бұрыштарына жеңдерін саламыз.

4. Жеңдерінен соң саусақтары көрінеді. Бір қолында ол қолшатыр, ал екінші қолында доп ұстап түр.

5. Бас, мұрын, ауыз, көз және шашын салу керек. Басына бас киім кигізуге болады.

6. Сайқымазақтың киімдерін түрлі түсті бояулармен бояу: бір жеңін қызыл, екіншісін сары, шалбарын жасыл, бас киімін көк етіп бояуға болады деп бағыт беру.

Балалардың өз беттерінше жұмыстары,

Сайқымазақтың түр - сипатының ерекшеліктеріне назар аударту. Балалар жұмыстарын талдау









51-сабақ.

Мүсіндеу Тақырыбы. Геометриялық пішіндер.

Сабақтың мақсаты: Балалардың жалпақ және көлемді геометриялық пішіндер туралы түсініктерін бекіту. Оларды салыстыра білуге, ұқсастықтары мен айырмашылықтарына талдау жасауға қызығушылықтарын арттыру. Мүсіндеу іскерлік - дағдыларын қалыптастыру.

Қажетті құралдар: ермексаздан жасалған пішіндер мен бейнелер (көлемді және рельефті); қатты қағаздан қиылған геометриялық пішіндер, геометриялық денелердің суреттері (немесе өздері) ермексаз немесе саз балшық, тақтайшалар.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші балалардың назарын жазық және ауқымды геометриялық пішіндердің ұқсастығы мен айырмашылығына аударады. Олардың сызба және жазықтықтағы толық емес суреттеріне қарап ермексаздан осындай пішіндер мүсіндеуді өтінеді.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Мына заттарды мүсіндеуді ұсынуға болады:

- бірнеше пішіндерден тұратын үйді;

- баспалдақты;

- бір-біріне ұқсас бірақ әр түрлі пішінді балапандарды.

Балалар жұмыстарын талдау

Дидактикалық ойын: "Жаңа пішіндер"

Ойынның мақсаты: бірнеше дайын пішіндерден жаңа басқа бейне жасау дағдыларын қалыптастыру. Ой-қиялын дамыту, топтау жинақтау салыстыра білуге үйрету.

Қажетті құралдар: ермексаздан жасалған пішіндер: шар, дөңгелек, конус, мұнара (пирамида), куб т.б.

Ойын барысы: Тәрбиеші балаларға таратып берген комплектіден әр түрлі қызықты пішіндер жасауды ұсынады. Қызықты белгілі бір затты жасау үшін әр түрлі пішіндерді бірінің үстіне бірін қойып, бейнеге келтіріп үйренеді. Жаңадан жасалатын заттар: жығылмайтын қуыршақ, шамдар, гүлдер, үйлер, арбалар аққалалар және т.б. болуы мүмкін.

























































52-сабақ.

Жапсыру. Тақырыбы. Менің сүйікті кітабым.

Сабақтың мақсаты. Балаларды кітап жасау үшін мазмұнын өздері таңдап алуды үйрету бейнеленген заттың көлеміне сәйкес кітаптың бетінің өлшемімен келісу, қиюдың екі түрлі әдіс-тәсілдерін таңдап алу: симметриялы және қосарлы. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өздерінін, жақын адамдарына және басқаларға сыйлық жасай білуге тәрбиелеу.

Қажетті құралдар. Кітапшалар, түрлі тусті қағаздар жинағы, қайшы, желім, сүлгі.

Сабақтың барысы.

Тәрбиеші жұмбақ жасырады.

Қабат-қабат қапталған,

Асыл сөзбен апталған,

Парағы бар сөйлейтін,

Ол қазына өлмейтін. (кітап)

Балалар жұмбақтың шешуін тапқаннан кейін: - Сендер кітапты жақсы көресіңдер ме? - деп сұрайды.

- Үйде ата-аналарың, балабақшада тәрбиеші апайларың сендерге қандай кітаптар оқып берді? Кім айтады, не туралы? (Бірнеше бала өздерінің ойларын айтады).

- Кітапты көп жинаған дана болмайды,

Кітапты көп оқыған дана болады, - деген мақал бар. Оны қалай түсінесіңдер.

Балалар жауабын толықтырып, мақалдың мәнін ашып түсіндіреді.

Балалар, неге ең жақсы сыйлық кітап болып есептеледі? Қалай ойлайсыңдар? Біз бүгін өзімізге ең жақын адамдарға, іні-қарындастарымыз, апайларымыз, әке - аналарымыз, атамыз бен әжелерімізге, жақсы көретін достарымызға суретті кітапша жасап қуантайық. Сендер қағазды қос бүктеу әдіс-тәсілдерімен танысасыңдар. Симметриялы заттарды қос бүктеу тәсілімен тұтас қиып алуды білесіңдер, ал кейбір суреттердің негізгі бөліктерін қиып алуға болады, басқа бөліктерін қабаттап қосарлы қию тәсілімен қиылады.

Бірнеше қағазды қос бүктеп бірінің ішіне бірін салып кітаптың парақтарын жасауға бағыт беріледі. Тақтаға ор түрлі заттардың силуэттерінің жартысы көрсетілген суреттер ілінеді. Балалар өздеріне ұнағанын үлгі ретінде таңдап алады.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балаларға қиып жапсыратын заттардың көлемі, кітапшаның бетінің өлшеміне сәйкес келу керектігін ескертеді.

Балалар жұмыстарын талдау









































53-сабақ.

Сурет. Тақырыбы. Айдаһар.

Сабақтың мақсаты: Гуашь бояумен сурет салу техникасымен таныстыру. Түстерді ажырата білу сезімдерін дамыту, жұмыс барысында түстерді мәнерлі пайдалану. Кейіпкердің сипатын суретте бере білуге баулу.

Қажетті құралдар: Гуашь бояу үлкен-кіші қылқаламдар, оны қоятын тұғырлар, су, сүлгі, қатырма қағаз.

Сабақтың барысы. Тәрбиешінің шығармашылық әңгімесі.

- Шығыстағы белгісіз бір жұмбақ елде өздері киім тігетін, әр түрлі ыдыстар жасай алатын адамдар тұрады. Сондай-ақ олар көктемде ақ және қызыл түсті гүлдері бар ағаштар отырғызады. Осы елдің халықтары сурет салуды жақсы көреді екен. Айдаһардың суретін салу ең сүйікті тақырыбы. Айдаһарлар әр түрлі болады: Біз бүгін әр түрлі бояулар алып, айдаһарларды салып көрейік. Мұндай қиял-ғажайыпты салу үшін олардың денесіне, құйрықтарына, басын салу үшін түстерді таңдап алу маңызды.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Бояу түстерімен айдаһардың бейнесінің ерекшелігін аша түсуге болатынын ескерту.

Балалар жұмыстарын талдау























54-сабақ.

Сурет. Тақырыбы. Бұтаққа қонған құс.

Сабақтың мақсаты. Бояуды пайдаланудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру. "Еркін" қимыл-қозғалыс дағдыларын бекіту. Кұстарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

Қажетті құралдар. Гуашь бояу, су, сүлгі, қылқалам, қағаз, кұстардың суреті, үлгі сурет.

Сабақтың барысы. Ақ және қара түсті бояуларды дайындап алу ұсынылады. Содан кейін жиі кездесетін құстардың суреттерін көрсетіп әңгімелеу. Олар: торғайлар, қараторғайлар, көгершін, қарғалар т.б. Бұтаққа қонған құстың суретін салу технологиясын түсіндіру.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

1. Алдымен сүр түсті бояу таңдап аламыз, ақ бояуға аз ғана қара түсті бояуды қосып араластырамыз, сүр түс өте қою болмауы керек.

2. Кұстың денесін саламыз. Қылқаламды қағаздың сол жақ ортасына қарай қойып алып, оны дөңгелек жасай қозғалтамыз. жеңіл билеп жүрген тәрізді қозғалыспен құстың денесін үлкейте береміз.

3. Дөңгелектің жоғарғы бөлігінен құстың басының суретін саламыз, ол үшін қылқаламның жеңіл қозғалысы мен дөңгелек пішінге келтіріледі.

4. Құстың құйрығын саламыз. Қылқаламды жумай қара түспен суға батырып алып әрі қарай жалғастырып саламыз.

5. Құстың құйрығының қауырсындары тегіс болады. Қылқалам солдан оңға қарай қозғалып отырады.

6. Құс бұтаққа қонып отырған соң оны тырнақтарымен қысып отырады. Оның тырнақтарын кішкентай жапырақтар тәрізді етіп саламыз.

7. Тұмсығын тез ғана жеңіл қозғалыспен саламыз.

8. Осындай өздері пайдаланып отырған бояу түстерімен жылдам қозғалыспен құстың қанатын саламыз.

9. Бұтақты саламыз. Қылқалам қағаз бетінде женіл қозғалыспен қозғалады, аяқтарының тұсына келгенде қозғалыс үзіледі. Үзіп алып әрі қарай жалғастырады.

10. Құстың денесінің бояуы кепсе, оның көздерін саламыз. Қылқаламның ұшын ақырын ғана қағаз бетіне тигіземіз.

Балалар жұмыстарын талдау

















































55-сабақ.

Мүсіндеу Тақырыбы. Дастарқанды жаяйық.

Сабақтың мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту (өздігінен ыдыстарды таңдап алу және оны әшекейлеу үшін ою-өрнектер ойлап табу). Өздерінің қалыптасқан іскерлік дағдыларын жана затты мүсіндеуде пайдалану. Қазақтың ұлттық ыдыстары туралы балалардың түсініктерін кеңейту.

Қажетті құралдар: Ермексаз немесе тұзды қамыр, таяқшалар, дөңгелек үстел, қазақтың ұлттық ыдыстары: кесе, пиала, ожау тостаған т.б

Сабақтың барысы: - Бүгін біз сендермен қызықты сабақ етеміз. Мен сендерді қазақтың ұлттық ыдыс-аяқтар көрмесіне шақырамын. Көрмеде экспонаттар бар.

Тәрбиеші балаларға көрмеге қойылған заттарды қарап көруге және олармен танысуға мүмкіндік береді. Содан кейін ыдыс-аяқтардың пайдасын, ерекшелігін, қандай материалдардан жасалғанын, тұрмыста қолданылуын талдап, ол туралы түсінік береді. Ыдыстардың кейбіреулері теріден жасалғанына назар аударады. Осындай ыдыстарды шеберлер жасайтыны атап өтіп, сол шеберлер тәрізді бүгін біз жұмыс істеп көреміз деп балаларды жұмысқа дайындайды.

Балалар өздері білетін торсық, кесе, ожау т.б ыдыстарды жасауға кіріседі. Тәрбиеші дастарқанға қоятын тамақтарды да ұмытпауларын ескертеді.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балалардың жасаған жұмыстарын үстелдің үстіне қойып, олардың әдемілігіне, жасалу сапасына мән бере отырып қарайды. Тәрбиеші жұмбақ жасырады:

Алға жайып тұз-дәмін,

Келтіреді үй сәнін.

Ол халқымның ақ жаны,

Жақсы дәстүр маржаны,

Кең пейіл де арайлы,

Осы жерден тарайды. (дастарқан)

Балалар жұмбақтың шешуін тапқан соң тәрбиеші өздері өрнектеп жасаған дастарқанның мән-маңызы туралы айта отырып, сабақты қорытындылайды.

Балалар жұмыстарын талдау

















































56-сабақ.

Жапсыру Тақырыбы: Қысқы орман.

Сабақтың мақсаты: Қысқы орманды бейнелеуде "қолмен жұлмалап қию" әдіс-тәсілдерін меңгеруді жалғастыру. Түстерге сәйкес эстетикалық қабылдауын дамыту Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін айқындап бере білу іскерліктерін қалыптастыру

Қажетті құралдар: түрлі түсті қағаздар, желім, ашық түсті қағаздар: ал қызыл, көгілдір, сүр.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші балалардың жақында қысқы орманға саяхатқа барғандарын естеріне түсіреді. Сурет салғандарын әңгімелейді.

- Ал бүгін біз жапсыру арқылы қысқы орманды бейнелейміз. Тәрбиеші балаларға ағаштарды "жұлмалап кию" тәсілімен жасайтындарын айтады. Жолақ қағаздан қиындылар дайындап алады, оны түсті қағаздың бетіне жапсырады.

Балалардың өз бетінше жұмыстары:

Алдымен қоңыр түсті қағаздан ағаштың діңін жасату содан кейін барып бұтақтарын жасайды, ағаш дайын болған соң ақ түсті, ұсақ қағаздардан кар жамылған ағашты бейнелеп жапсырады. Қағазды "жұлмалап қию" тәсілін тәрбиеші арнайы көрсетеді. Қағазды екі саусақтың арасына салып, екі қолда қағазды қозғалта отырып жұлмалап қияды.

Балалар жұмыстарын талдау



















57 - сабақ.

Сурет. Тақырыбы. Шебер-фломастер.

Сабақтың мақсаты: сызықтардың көмегімен белгілі бір бейнені бере білу қабілеттерін дамыту қарындаш пен фломастерде дұрыс ұстай білу дағдыларын бекіту. Көркемдік талғамын қалыптастыру

Қажетті құралдар. фломастерлер, маркерлер. қарындаштар, қосымша материалдар: ұсақ моншақтар (бисерлер), дәндер, жұмсақ сым темірлер, сапасы ор түрлі қағаздар, мақта, конфеттердің қағаздары,түймелер. т:б. (бұл заттарды балалар қарындашпен немесе фломастерлермен жұмыс жасағысы келмесе пайдаланады.

Сабақтың барысы: тәрбиеші фломастерлер мен маркердің түсі қарындашпен салыстырғанда ашық, қанық болатынын түсіндіреді. Олар суреттерді бояғанда бірден көзге түсу үшін өте ыңғайлы, және мультипликациялық стилдегі, ақпараттық иллюстрациялар үшін қолдануда тиімді. Фломастер мен маркерлердің көлемі, пішіні жағынан әр түрлі болып келеді. Маркердің екі түрі болады: сулы сия құйылған, екіншісі спиртпен дайындалған. Спиртті фломастерлер ұзақ сақталатын және бояуларды бір-біріне ауысып кетпейді. Ал сиямен жасалған фломастерлер бояулары бір-біріне араласып кетеді. Жіңішке фломастерлермен ұсақ бөліктерді анық бояуға болады. Жалпақ маркерлер тұтас бетті бояуға ыңғайлы. Тәрбиеші фломастер мен маркерді өз еріктерімен сурет салуға береді.

Балалар өз бетінше жұмыстары.

Балаларға бір түстің үстіне екінші түсті бояп, басқа жаңа түс алуға бағыт береді. Олардың жұмыстарының барысында басқа заттарды пайдалануға болатынын айтып оған көмектеседі.

Балалар жұмыстарын талдау.









58-сабақ.

Сурет. Тақырыбы: Қазақтың ұлттық ою-өрнегі. Құс қанаты (кесе).

Сабақтың мақсаты. Тұтынатын заттардың пішініне сәйкес ою-өрнектермен әшекейлей білуге үйрету. Құс қанаты өрнегімен таныстыру Ұлттық сәндік-қолданбалы өнерге деген қызығушылықтарын дамыту.

Қажетті құралдар: бояулар, қылқалам, оны құятын тұғырлар, ұлттық ою-өрнек элементтерінің суреттері, кесенің үлгісі.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші ұлттық ою-өрнек элементтерінің суреттерін көрсетіп, олардың. аттарын атауды ұсынады (тұмарша, төртқұлақ, қайнар, сынық мүйіз, қошқар мүйіз т.б).

- Бүгін біз сендермен "құс қанаты", "бұғы мүйіз" деп аталатын ою-өрнек түрлерімен танысамыз.

Тәрбиеші оларға екі элементтің ерекшелігі мен айырмашылығын, ұқсастығын салыстыра отырып түсіндіреді.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балалар дәптердегі ою-өрнектерді қарындашпен сызып және оны бояйды. Кесенің суретін салып, осы ою-өрнекпен әшекейлеуді ұсынады. Балалардың жұмыстарын талдау

























59-сабақ.

Мүсіндеу "Билеп тұрған адамдар"

Сабақтың мақсаты: Адамның бейнесін мүсіндей білуге үйрету күрделі емес қимыл-қозғалысты бере білуге жаттықтыру. Ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Қажетті құралдар: әр түрлі қимыл-қозғалыстағы адамдар бейнесінің, сызба суреттері, бірыңғай түсті ермексаз немесе саз балшық.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші балалармен бірге адамның бейнесінің суреттерін қарайды, олардың дене мүшелерінің орналасуына көңіл бөледі. Қимыл-қозғалыстарды сезбен айтып жеткізулерін сұрайды. Саз балшықтан осындай өздеріне ұнаған бейнелерді мүсіндеуге тапсырма беріледі. Балалар адам бейнесін мүсіндеудің жолдарын өздері қарастырады. Әліппе - дәптердегі мүсіндерге мұқият қарап естеріңе түсіруге болады. Егер де тапсырманы балалар тез орындап қойса, онда басқа қимыл-қозғалыстағы адамның бейнесін мүсіндеу ұсынылады.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балалар мүсіндеп отырғанда жасаған бейнелерінің қимыл-қозғалыстарын өзгертуге көмектесуге болады. Тәрбиеші ол үшін қолды көтеріп қоюға, бүйірін таянып тұруға, шынтақтың бүгуге, адамның жүріп немесе жүгіріп келе жатқанын қалай жасауға болатынын көрсетеді. Балалардың жұмыстарына талдау



















60-сабақ.

Жапсыру Шыршаны безендіреміз.

Сабақтың мақсаты. Балалардың өз ойларынан қиып жапсыру дағдыларын қалыптастыру. Ой-қиялын шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Қажетті құралдар. Түрлі түсті қағаздар, шырша қиып жапсырылған қағаздар.

Сабақтың барысы. Шырша жайында өлең оқылады. "Жаңа жыл келді". Сөзі. Д. Қанатаев. И. Нүсіпбаев.

Бізге жаңа жыл келді, Ойыншықты мұншама,

Аяз ата бізге енді. Кім ілді екен шыршаға?!

Алақай, айнала түрленді, Алақай, айнала түрленді?!

Балақай би биле, тұрма енді! Балақай, би биле тұрма енді!

Шыршаның ойыншықтарын көрсетіп, осындай шыршаны безендіретіндерін айтады. Шыршаға ілінген ойыншықтарды қарап көреді. Әр балаға өзіне берілген шыршаны безендіру ұсынылады. Балалар шыршаны өз ойларынан, кергендерінен еске түсіріп, түрлі түсті қағаздарды пайдалана отырып жасайды. Балаларға ойыншықтарды қиюға және онымен шыршаны безендіруде дұрыс орналастыра білуге бағыт береді. Ұқыпты жұмыс істей білулері қадағаланады.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балалар жұмыстарын талдау



















61-сабақ.

Сурет. Тақырыбы: Қар ханшайымының әдемі өрнектері.

Сабақтың мақсаты: Бейнелі өрнекті көре білу іскерліктерін дамыту. Жіптердің көмегімен белгілі бір бейнені бере білу дағдыларын қалыптастыру. Түстердің үйлесімділігін сезіну, көркемдік талғамын, ой-қиялын дамыту.

Қажетті құралдар: жіптер, көк түсті гуашь бояу ақ қағаз, әліппе - дәптер.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші балаларға өлең оқиды. "Суретші қыс". К.Нүсіпов.

Қонақтайды бақтарға,

Ақ көбелек, ақ мамық

Аунап таза ақ қарға.

Балалар жүр мақтанып.

Тазартып бар кір шаңын,

Қыс өнерін бастады.

Терезеге қыраудан;

Сурет салып тастады.

Балалардың көңілін терезедегі аяз өрнектеріне аудару, шығарманың мазмұнымен байланыстыра отырып түсіндіру Осындай суреттерді Қар ханшайымы да салғанын айтады. Бүгін біз сиқыршыға айналамыз да осындай әдемі өрнектерді сиқырлы жіптердің көмегімен өзіміз де саламыз. Тәрбиеші жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді:

- алдымен жіпті бояуға тұтас батырып алу шүберекпен артық бояуды сүрту;

- жіптің бір ұшын ұстап, екінші ұшын қағаздың бетіне түсіру қағазды жабу;

- қолмен қағаздың үстінен сипап шығу үстіндегі қағазды алу; Аязды өрнектерге ұқсайтын Қар ханшасының суреттері пайда болады.

Балалардың оз беттерінше жұмыстары.

Жұмыстарының ішінен ең сәтті шыққан жұмыстарды таңдап алады. Балалар жұмыстарын талдау

























































62-сабақ.

Сурет. Тақырыбы. Үлкен және кіші шыршалар.

Сабақтың мақсаты: Қағаз бетінде кеңістікті бағдарлай білуге жаттықтыру, (алыс және жақындағы ағаштар), бұрынғы және кейінгі өскен ағаштардың ерекшеліктерін бере білуге дағдыландыру олардың түстерін ажырата алуды үйрету.

Қажетті құралдар: қағаздар, қылқалам, бояулар, су сүлгі, үлгі суреттер.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші қыс туралы өлең оқиды. Оған талдау жасайды. Енді қысқы орманға саяхатқа баратындарын айтады. Балаларға үлкен иллюстрациялы қысқы орманның бейнеленген суретін көрсетеді. Сурет бойынша балалар әңгімелейді. Осындай қысқы орманның суретін салуды ұсынады. Орманның ішіндегі үлкен, кіші шыршалардың дұрыс орналасуына көбірек мән береді.

Балалардың өз беттерінше жұмыстары.

Тәрбиеші балалардың кеңістікті бағдарлау ережесін естеріне түсіреді: алыстағы орналасқан ағаштар бізге кіші болып көрінетіні, жақындағы ағаштар үлкен. Жұмыстың орындалу ретін көрсетеді. Алдымен көкжиек сызығын сызып алу. Содан кейін шыршалардың суретін салу Діңін түзу сызып, бұтақтары жоғарыдан төмен қарап көлбеу орналасатының ескерту. Шыршаларды салып болғаннан кейін женіл сүйкей жағу тәсілі арқылы ақ бояулармен бұтақтарға түскен карлардың суреттерін салады. Шыршалардың үлкен және кіші әр түрлі келемде болып салынуы қадағаланады.

Балалар жұмыстарын талдау.













63-сабақ.

Мүсіндеу Тақырыбы: Қар домалатқан қыз.

Сабақтың мақсаты: Қысқы киім киген адамның бейнесін қарапайым қимыл-қозғалыста мүсіндей білуге үйрету. Дене бөліктерін бір-біріне берік орналастыра білуге, таяқшаларды пайдаланып, киімдерін әшекейлеуге және тұғырға орналастыра білуге дағдыландыру. Ұқыпты жұмыс істеуге, еңбек ете білуге тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: қыздың мүсіні (үлгі), ермексаз, таяқшалар, тұғырға арналған ұзынша келген қатырма қағаз, екі-үш статуэткалар.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші фото суреттер немесе статуэткаларды көрсетіп мүсіндердің ерекшелігіне, қимыл-қозғалыс мәнеріне назар аударады. Бұл мүсіндерді фарфордан немесе қыштан мүсіншілер жасаған, Осындай кішкентай мүсіндерді статуэтка деп атайды. Балалар өздері де осындай мүсіншілер сияқты қысты күпі тон киіп кар домалатқан қыздың бейнесін мүсіндеуді ұсынады. Балалардың назарын мүсінді дұрыс, пакты бере білуге бағыттау. Ол үшін тәрбиеші алдымен балалардың оның орындалу ретін сұрайды. Ермексазды неше бөлікке болу керек, қай бөлігінен қыздың денесін, қай бөлігінен қолдары мен аяқтарын жасауға болатынын сұрайды. Қолдары мен аяқтары тең болып шығу үшін ермексазды тең бөлікке бояу керек (цилиндр жасап оны тең екі бөлікке бөлу). Сабақ барысында балалардың шағын бөліктерді жақсылап мүсіндеуге және берік бекітуге, үстінен сылап-сипап тегістеуін қадағалау Балаларды мүсіндеуде шағын бөліктерді өз ойларынан қосып мүсіндегендерін мадақтау (мысалы: бет пішіні, түймесі, мойын орағышы т.б) Егер де кейбір балалар қар домалақтарын мүсіндесе, онда қыздың денесін иіп, еңкейтудің жолдарын көрсетеді.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Тәрбиеші қыз баланың қысқы киіміне балалардың назарын аударады (пальто, қысқы бас киімі т.б.) Қысқы киімнің жағасы мен жеңдерін мүсіндеу үшін алдымен жіңішке цилиндр тәрізді етіп, ермексазды есіп аламыз да оны мойнының және қолының жеңіне қойып, үстінен жалпақтап бастырамыз.

Балалар жұмыстарын талдау























































64-сабақ.

Жапсыру Тақырыбы. Тұскиіз.

Сабақтың мақсаты: Қазақтың ұлттық ою-өрнек элементтерін қағаздан кию дағдыларын қалыптастыру «тұскиіз», «текемет», «сырмақ», «алаша», «түкті кілем» деген ұғымдармен таныстырып, олардың айырмашылығын түсіндіру. Ою-өрнек элементтерін шаршы немесе тік төртбұрышқа орналастыра білуге үйрету. Көз мөлшерін дамыту, ұқыпты жұмыс істей білуге, шыдамдылыққа, төзімділікке, сабырлылыққа тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: қазақтың ұлттық тұтынатын бұйымдарының суреттері (өзін көрсетуге де болады), түрлі тусті қағаздар, желім, қайшы, қарындаш.

Сабақтың барысы. Балалармен бірге ұлттық тұтынатын бұйымдарды қарап (немесе суреттерін) олардың ерекшелігі, ою-өрнегі, түр-түсіне назар аударады.

- Жақсылап қараңдар киіз үйден бастап, барлық тұтынатын бұйымдар: текемет, сырмақ тұскиіз, әдемі кілемдер үйге көрік беріп турады. Текеметтің бояуының түстері әр алуан: көк, сары, қызыл т.б. Ал, сырмақтың түсі ақ және қара. Тұскиіз - қызыл және қара матадан жасалып әр түрлі ою-өрнектермен әшекейленген. Кілемдердің түсі де әр түрлі өрнектермен безендірілген. Түкті кілемдерден басқа түксіз алашалар болады. Олардың өрнектері жолақта ретімен орналасқан, оның кілемнен айырмашылығын ың өзі ою-өрнектерінің ерекше орналасуында.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Тұскиізді өрнектеудің әдіс-тәсілдерін көрсету. Балалардың қалауы бойынша сырмақ алаша немесе сүлгіні әшекейлеуге болады. Безендіру кезінде түстеріне, олардың үйлесімділігіне назар аудару.

Балалар жұмыстарын талдау







65-сабақ.

Сурет. Тақырыбы. Жаңа жылдық шырша.

Сабақтың мақсаты. Жаңа жылдық шыршаның бейнесін сала білуге үйрету. Бейнені қабылдауын дамыту түстер мен ырғақты сезіне білуге баулу.

Қажетті құралдар. бояулар, фломастер, қосымша материалдар: жіптер, жылтырақтар, конфетти қағаздары.

Сабақ барысы: Тәрбиеші шыршаға катысты жұмбақтар жасырады.

Жасыл тонның бояуы

Жыл оң - екі ай оңбайды,

Діңі, бүршіктері, сояуы

Қысқы аязға тоңбайды. (шырша)

Жұмбақ жауабын шешкен соң осындай шыршаға ұқсас ағашты тапқызады. (қарағай)

- Оның ұқсастығын қалай білуге болады.

Бұл ағаштың иісін сезуге бола ма? Жаңа жыл мерекесінде шырша жанында би билеп, ән айтқанда ән сауық кезінде хош иісті сездіңдер ме?

Барлық балаларға шыршаның бұталарының орналасуына мән бере қарау ұсынылады. Шырша бұталары тікенді инелерімен ауыр салмақпен төменге иіліп тұрғандарын тәрбиеші көңіл бөледі. Шыршаның суретін салу әдісін көрсету. Шырша салып болған соң, ойыншықтармен әшекейлеуді ұсынады. Балалардың ынтасы бойынша суретке керекті материалды таңдайды.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балалар жұмыстарын талдау













66-сабақ.

Сурет. Тақырыбы: Шырша жанындағы Ақшақар.

Сабақтың мақсаты. Ақшақардың ертегідегідей бейнесін оның киімдері арқылы бере білу киімдерінің суретін салу үшін суық түстерді (көгілдір, көк, күлгін, қара көк) таңдап алу. Қарындашты әртүрлі басып (қатты, ақырын, жуан, жіңішке із түсіру). Сурет салуға, шыршаның бұтақтары мен оның тікендерін көлбеу сызықпен үзіліссіз сызып салуға жаттықтыру.

Қажетті құралдар. Ақшақардың және шыршаның суреттері, түрлі түсті қарындаш, ақ қағаз, бояулар, қылқалам оны қоятын тұғырлар.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші: - Балалар, бүгін біз сендермен не салатынымызды өздерің тауып көріңдерші. Ол жылына бір рет келеді, өзімен бірге атасын ертіп көрікті мерекеге келеді. Оны әдемі киімінен –ақ тануға болады. Ол қар, мұз, сабан түстес болып келеді. Бұл кім болды екен?

Балалар жауабы тыңдалады. Суық түстер жайлы түсінік беріледі.

Балалардың өз беттерінше жұмыстары.

Әр бала сурет салу үшін қарындаштардың ішінен суық түстерді таңдап алады. Қыздың тонын және бас киімін салғанда шеткі сызықтарын анық батырып, сызып салу керектігін ескертеді. Ақшақардың бейнесі суретте жақсы көрінетін болсын. Шырша бұтақтарына оның тікендерін салғанда жоғарыдан төменге қарай көлбеу сызықты үзбей салады. Тікендері шырша бұтақтарының ұшында иіліп турады. Соңынан шыршаның бұтақтарындағы карды көгілдір қарындашпен сызып салып көрсетеді. Балалардың өздеріне шығармашылықпен толықтырулар жасауға ұсыныс беріледі.

Балалар жұмыстарын талдау











67-сабақ.

Мүсіндеу. Тақырыбы. Қысқы серуендегі балалар.

Сабақтың мақсаты. Белгілі бір таныс заттарды мүсіндеу оны мазмұн бере үйлестіріп орналастыруға жаттықтыру. Екі-екіден бірігіп жұмыс жасауға дағдыландыру жасайтын бейнені қимыл-қозғалыс үстінде беруді жетілдіру. Мазмұнды мүсіндеуге қызығушылығын арттыру, таяқшалар арқылы заттың бейнесін айқындауға бағыт беру.

Қажетті құралдар. Балалардың қысқы ойынын бейнелейтін суреттер, үлкен ақ тусті қатырма қағаз, ермексаз, қосымша материалдар: кішкене бұтақтар. шырша тікендері, жіптер.

Сабақтың барысы. Тәрбиеші балалармен ауладағы қызықты ойындары мен сүйікті сабақтары жайлы әңгімелеседі. "Қыс қызығы" суретін қарастырып, суреттегі әp кейіпкердің қозғалысына, тұрған тұрысына назар аударады.

Тапсырманы түсіндіру: Қосылып кар атысып ойнап жатқан, аққала жасап жатқан немесе шана теуіп жүрген қысқы киімдегі екі баланы мүсіндейді. Мүсіндеген пішіндерді жалпы тұғырға не істеп немесе ойнап жатқаны түсінікті етіп қояды. Жалпы жұмысты бастар алдында бір-бірінің тілектерін тыңдап, не мүсіндейтінін шешу керек екенін ескерту.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Мүсіндеу барысында балалар бір-біріне кеңес беріп, жұмыстарын талқылап көмектесіп отыру керек. Кейіпкерлердің кейпін мәнерлеу үшін қосымша материалды қолдану

Балалар жұмыстарын талдау.

Барлық жұмыстарды бір композицияға қосу.











68-сабақ.

Жапсыру. Тақырыбы. Кактус (жұлмалап қию).

Сабақтың мақсаты. Балаларды өз жұмыстарын жоспарлай білуге баулу жұлмалап қию әдіс-тәсілдерімен композиция құра білуге үйрету. Ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Өсімдіктерге қамқорлық көрсете білуге тәрбиелеу.

Қажетті құралдар. Түрлі түсті қағаз, желім, кактустың бірнеше түрлері (бөлме гүлдері) немесе суреті, қайшы, сүлгі.

Сабақтың барысы. Тәрбиеші бөлмеде өсірілген кактустың бұрын көрмеген түрлерін әкеліп көрсетеді. Оны балалардың мұқият қарап алуларына мүмкіндік туғызады. Кактустың жапырақтары тегіс емес екенін, шеттерінің ирек-ирек болып келетінін жасау үшін біз жұлмалап қию әдіс-тәсілдерін қолданады. Жалпы кактустың негізгі пішіні сопақша дөңгелекке ұқсайды. Балаларға алдымен кактусты отырғызатын ыдысты дайындап алу қажеттігін ескертеді. Тік төртбұрышты қағаздан қайшымен қиып ыдысты дайындап алады. Содан кейін кактустың өзін түрлі түсті қағаздың түссіз жағына қарындашпен сызып алып, сызықтың бойымен екі қолдың саусақтарының арасына салып отырып жұлмалап киюын жапсырады. Балалар тапсырманы ертерек орындап болса, оларға кактустың гүлін қиып жапсыру ұсынылады. Гүлдеп тұрған кактус әдемі көрінеді. Ондай жұмыстарды ерекше атап өтеді.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балалар жұмыстарын талдау.















69-сабақ.

Тақырыбы. Өнермен таныстыру Портреттерді қарay

Сабақтың мақсаты. Портрет жайында түсініктерін қалыптастыру.

Өнердің түрлерін қарау арқылы көркемдік талғамын дамыту Өнерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу

Қажетті құралдар: бірнеше портреттер,

Сабақтың барысы: Тәрбиеші топтағы балаларға қарамай біреуінің ауызша сипаттамасын береді. Айтылған мінездеме бойынша достарын таниды. Содан соң тәрбиеші балалардың біреуіне өз досын сипаттап беруді ұсынады және ауызша сипаттамадан басқа адамның суреті - портреті болатынын түсіндіреді. Суретшілер өз майлы бояумен салынған суреттерінде адам бейнесін жиі суреттейді (әр түрлі портреттер репродукциясын қарастыру). Бұл маталарда суретші тек қана адам бейнесін салмай, оның сезімдерін және көңіл күйін жазғанына балалардың назарын аудару. Бірнеше портретке талдау жасалады.

Сабақтың қорытындысы:

- Бүгін біз әр түрлі адамдардың портреттерін қарастырдық. Оларды суретшілер ор түрлі уақытта жазған. Портретте адамдардың бейнесін ғана көрмей, оның көңіл күйін көріп, мінезін білуге болады. Суретшілер сияқты өз аналарының суретін салғыларың келе ме?

- Үйлеріне барғанда аналарының келбетін мұқият қарап алыңдар. Оның көзінің, шашының түсі, шашының сәні, сүйікті көйлегі қандай екенін анықтап алыңдар. Келесі сабақта аналарыңның портретін саласыңдар.















70-сабақ.

Сурет. Тақырыбы: "Анамның портреті"

Сабақтың мақсаты. Портретті салу техникасымен таныстыру. Бет әлпеттің кескіні, бастың сызба үлгісін көрсете отырып, сурет салу жолдарын түсіндіру (қарсы алдынан, қырынан қарағандағы көрінісі). (фас, анфас, профиль Балаларға өздерінің анасының портретін салуға деген қызығушылықтарын туғызу сурет салу барысында оның көзінің ерекшелігін, шашының түсін бере білуге жаттықтыру. Бет әлпеттің суретін салуда дұрыс орналастыра білуге баулу Қылқаламмен сурет салуда оның ұшымен және барлық қылын бастыра пайдалану әдіс-тәсілдерін бекіту.

Қажетті құралдар. Әйел адамның портреті, бет бейнені сызып салатын бор, балаларға арналған үлкен тік төртбұрышты қағаздар, гуашь бояулар, жуан және жіңішке қылқаламдар, (бояулар түсі ал қызыл, қызғылт сары).

Сабақтың барысы: Тәрбиеші:

- Балалар, бүгін сендер өмірдегі ең қымбат және сүйікті адамның - ананың суретін саласыңдар. Сендерге аналарыңның көзінің, шашының түсі, шашының сәні, сүйікті көйлегі белгілі.

- Ананың суретін салу алдында мына бір суретке қарайықшы. Салатын суреттің ең маңыздысы адамның көзін, мұрнын, ауызын дұрыс орналастыра білу керек.

- адамның басынын пішіні қандай? (суреттегі бейнеленген басты саусақпен айналдырып көрсету) қолдарыңды маңдайларыңа басыңдар. адамның көздері маңдайдан төмен, беттің ортасында орналасқан. Олардың формасы қандай?

Тәрбиеші тақтаға бормен немесе қағазға жуан фломастермен беттің көлемін салады және көздердің арасындағы қашықтық бір көзден үлкен болмауын түсіндіре отырып, беттің ортасына көздерін орналастырады. Көздің ішінде түсті дөңгелек пен кішкентай қарашығы (дақ) бар. Көздің үстінде не орналасқан деген сұраққа "қас" деген жауап алады. Адамның мұрнының түсі бетінің түсімен бірдей екенін түсіндіреді. Мұрнының ұшын қысқа сызықшамен салып немесе танауын бейнелеуге болады. Мұрнының ұшымен беттің төменгі жағының ортасында ерін орналасқан.

- Балалар, бір-біріне қараңдаршы. Жоғарғы еріннің формасы төменгі еріннен өзгеше екенін байқадыңдар ма? Жоғарғы ерінде екі толқын, ал төменгі ерінде бір толқын бар тәріздес (ерінді салу). Еріннен төменірек. Қолдарыңды иекке салыңдар. (Беттің бөлшектерінің орналасуы туралы қорытындыны балалармен бірге шығару).

Көздер беттің ортасында, мұрынның ұшы көз бен беттің соңының ортасында, аналарыңның портреті мынадай болады. Басын, мойнын, иықтарын суреттеңдер. Мойын беттен жіңішке екенін, иықтар бастан жалпақ екенін (портретте көрсетеді) ұмытпаңдар, көздің, шаштың түсін, шаштың сәнін, көйлектің үстіңгі жағын аналарыңдікіндей етіп салуға тырысыңдар. Аналарыңды тағы бір елестетіп, оның портретін салуды бастаңдар.

Балалардың өз беттерінше жұмыстары.

Сабақ барысында тәрбиеші ақ қағазға үлкен етіп, ананың бетін салып, парақтың жоғарғы жағына шаштың орнын қалдырып, қылқаламмен бояйды. Бояу кепкенше мойны мен иықтарын салады. Беттің бөліктерін қылқаламның ұшымен салады. Балалармен аналарының қандай сәнді әшекей тағатынын еске түсіруге және салуға көмектеседі. Егер де балалардың біреуі анасының портретін шашы артына қарай түйіліп, құлағы көрінетіндей етіп салса, онда схемада құлақты көздің деңгейінде бастап мұрынның ұшының деңгейінде аяқталатынын көрсету керек.

Балалардың жұмыстарын талдау

Сабақ соңында балалардың жұмыстарын іліп, "Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, аналарың өздерін портретте таниды ма екен?" - деген сұрақ қою. Балалар аналарының өздеріне тон бет келбетінің ерекшеліктерін суретте сипаттағаны жайлы айтады. Ұқсастығын айтып беруді тілек білдіретін барлық балаларды тыңдау керек. Тәрбиеші сабақтың соңында әр бала өз анасын өте сұлу болғанын қалап, суретті тиянақты тырысып салғанын атап өту керек. Барлық портреттер көрмеге ілінеді.

























































71-сабақ.

Мүсіндеу Тақырыбы: Алдар көсе - қазақ ертегілерінің бас кейіпкері.

Сабақтың мақсаты. Адамның бейнесі мүсіндеуді бекіту қазақ ертегісінің кейіпкері Алдар көсенің бейнесін мүсіндей білуге үйрету. Бет бейнесін келтіру үшін таяқшаларды пайдалана білуге жаттықтыру, ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Қажетті құралдар: ермексаз, таяқшалар, ертегі кейіпкерлерінің суреттері. Үлгі сурет.

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші Алдар көсе туралы ертегіден үзінді оқиды.

- Ақылмен алдай білетін айлакер бұл кім болды екен? (Алдар көсе). Балалар ертегілерге салынған иллюстрацияларды қарастырып, Алдар көсенің кейіпіндегі ерекше бөліктеріне, оның киіміне, жүзіне назар аударады. Тәрбиеші балаларға адамның фигурасын мүсіндеу тәсілдерін естеріне салады.

Балалардың өз беттерінше жұмыстары.

Балалар жұмыстарын талдау

- Кімнің салған суреті Алдар көсеге ұқсайтын болып шықты?

























72-сабақ.

Жапсыру Тақырыбы. Байқоңыр.

Сабақтың мақсаты. Түрлі түсті қағаздан симметриялы қию дағдыларын қалыптастыру, композиция құру іскерліктерін дамыту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Қажетті құралдар. Түрлі түсті қағаз, қайшы, желім, қарындаш. қылқалам, үлгі суреттер, сүлгі.

Сабақтың барысы. Тәрбиеші өлең оқиды. Байқоңыр.

Байқоңырдан жол салған,

Ғарышқа алғаш сары далам.

Нан тұзымен қарсы алған.

Батырларды қыр, қалам.

Е. Өтетілеуұлы.

Шығарма мазмұнына балалармен сұрақ – сауалдар қойып талдау жасайды. Қазақ жерінде тұңғыш ғарышкерлер - ғарышқа жол салғанын, яғни біздің жерімізде, ата-мекенімізде, соның ішінде Байқоңыр қаласы жайында суретін көрсетіп әңгімелейді. Зымырандарды космосқа осы жерден ұшыратынын айтады. Суреттерді көрсете отырып олардың өте күрделі қондырғы аппараттардан тұратынын, Жер, Ай, және басқа планеталар мен олардың серіктері туралы ғылыми мәліметтер алу, ұшу сапарларына бақылау жасау осында жүргізілетіні, ғарыш кемелерінің космосқа көтеріліп ұшуы басқарылатын суреттерді көрсете отырып түсіндіріледі. Балаларға сұрақ қояды: Ғарыш станцияларынан зымырандармен ұшатын адамдарды қалай атаймыз? Ғарышкерлер.

- Бүгін біз балалар сендермен Байқоңыр қаласынан ғарышқа ұшатын зымыранды қиып жапсырып үйренеміз. Ол үшін бізге түрлі түсті қағаздар мен үлгілер көмекке келеді. Тәрбиеші үлгі суретті көрсетіп зымыранның құрылысына талдау жасайды, "ұшатын кеменің" бөліктерін шаблон бойынша қиып, дайындап алады. Әсіресе, балалардың назарын симметриялы қиылатын бөліктерге аударып, оларды дұрыс қиюға бағыт береді. Мысалы: қанаттары, иллюминаторы т.б.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балаларға қайшымен, желіммен дұрыс жұмыс жасай білу ережелерін еске түсіреді. жұмыс барысында композиция құра білуге көмектеседі. Балалардың өздігінен шығармашылықпен қосар үлестері болса мүмкіндік жасап, оны мадақтап отырады.

Балалар жұмыстарын талдау













































73-сабақ.

Сурет. Тақырыбы: "Көңілді де, көңілсіз де".

Сабақтың мақсаты. Әр түрлі көркем материалдарды қолдана отырып адамның бет бейнесін, көңіл күйін бере білуге қызығушылығын арттыру. Бейнеге жағымды қарым-қатынас туындату

Қажетті құралдар. Қарындаш, фломастер, түрлі түсті борлар, бет бейнесі әр түрлі портреттер.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші балаларға портреттер көрсетеді. Олардың назарын портреттегі адамдардың жүзінің әр түрлігіне аударады. Суретті осы портреттерді салғанда адамдардың қандай көңіл күйіне бейнеленгенін сұрайды.

Бүгін балалардың көңілді және көңілсіз қуыршақтардың жүздерін салатыны туралы айтады. Алдын ала тақтаға салынған сопақшаларға бірнеше әр түрлі көңіл күйі бейнеленген жүздерді салып, ернінің кабагының және көзінің орналасуындағы өзгерістерді түсіндіруге болады.

Сабақ барысында (адамдардың) бас киімін. шашын және тағы басқаларын салған кезде адамдардың портреттеріне назар аударуды ұсыну.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балалар жұмыстарын талдау. Бала өз ойлағанын іске асыра алмағаны неліктен екенін талдау. "Бір-біріне тапсыру" мимикалық ойыны.

1. Көршіңе күлкіңді сыйла (шеңбер бойы)

2. "Ашуыңды" сыйла (ашуланған жүзді)

3. "Шошығаныңды" сыйла.

4. "Қорқынышыңды" сыйла.

5."Күлдіргіштігінде" сыйла.

Ойын мимикалық тапсырмалар біткенше ойналады.









74-сабақ.

Сурет. Тақырыбы: "Қызықты бет бейне"

Сабақтың мақсаты: Балаларды әзіл - қалжыңды сезіне білуге баулу ой-қиялын дамыту Көңіл күйлерін көтеру қызықты бет бейне салуға жаттықтыру.

Қажетті құралдар: Фломастер, ашық түсті қарындаштар ақ қағаз.

Сабақтың барысы. - Бір ауылда кемпір тұрады. Оның аты - Дарья Ивановна, оның Зорька деген сиыры болады. Дарья Ивановна сиырды сауып. жаңа сауған сүтті құмыраларға кұйып қояды. (құмыраны немесе оның суретін көрсетеді). Жазда қаладан Дарья Ивановнаның немересі Алеша келеді. Ол көңілді және беймаза еді. Алеша құмыраларға қарап еді, олар оған адам бастарына ұқсас болып көрінеді. Ол өз бояуларын алып келіп, әp құмыраға қызықты ұсқындарды салды. Біреуінде көзі бақырайған, қалпақ киген аспазшыны, екіншісінде жылауықты және көп-көп әр түрлі көңілді бейнелер салды.

Балалардың өз беттерінше жұмыстары.

Балалар әр түрлі бет бейнелерді қызықты, күлдіргі етіп түрлі бас киімдермен, әшекейлермен, көзілдірікпен, шашын да әртүрлі етіп бейнелеуді өздері ойлап табады.

Балалар жұмыстарын талдау

Дидактикалық ойың: "Бет - әлпеттің өзгерісі".

Мақсаты. Балалардың коммуникативті қабілеттерін дамыту, пантомима жасай білу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиеші балаларды шеңбер жасай отырғызып, олармен бет-әлпеттің өзгерістері туралы әңгімелеседі. Әр түрлі жағдайларға кездескенде адамның бет-әлпетінін, түрінің өзгеретін түсіндіріп, бірнеше жағдаяттарды айтып, сол кезде бет-әлпеттің қалай болатынын айтып, көрсетуді ұсынады.

Міне, жаңалық! Мен үйдің төбесінен құлап кете жаздадым!

Әрбір баланын бет бейнесінде өзгеріс бар!

Менің бет әлпетімнен қорқыныш, үрей сезіледі.

Сондай-ақ, сенімділік пен ақылға келіп ойлану да қажет болады.



























































75-сабақ.

Мүсіндеу Тақырыбы: жұмбақ шешу

Сабақтың мақсаты: Балалардың логикалық ойлауын, қиялын дамыту жұмбақ шешуін таба отырып белгілі бір бейнені көрнекі көрсетпей-ақ мүсіндей білуге үйрету.

Қажетті құралдар: Жұмбақтар мәтінін таңдап алу ермексаз, қатырма қағаз, рельефті мүсіндеуге арналған қораптар, таяқшалар.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасыратынын, ол жұмбақтың шешуін ауызша айтпай, оны ермексазбен мүсіндеп көрсетулері қажет екенін түсіндіреді. Оларды ауқымды, көлемді етіп мүсіндеуге немесе рельефті мүсіндеуге болатынын айтады. Егер, жұмбақ шешуін жалпы композицияға біріктіріп жіберсе тіптен жақсы болатынын ескереді. Бір ойын барысында 2-5 жұмбақ ұсынылады. Жұмбақтар мазмұны тәрбиешінің қалауы бойынша таңдалады.

Аталған жұмбақтар шешуі бойынша бір шағын топ жиналып, композиция жасауына болады, мұнда рельефті мүсіндеу тиімді екені ескереді.

- Сондай-ақ, жан-жануарларды, үй жануарлары, жабайы жануарлар, ыдыс-аяқтар, оқу құралдары т.б. деп бөліп алып немесе ертегі мазмұнына сәйкес жұмбақтарды топтастырып ұсынуға болады.

Мысалы: кұстар туралы:

Жайнаған бақтың әншісі,

Тамсанған оған сан кісі.

(бұлбұл)

Мойны сұрақ белгісі, бұл қандай қол құсы, (аққу)

Балалардың өз бетінше жұмысы.

Балалар жұмбақтардың шешуіне сәйкес оны мүсіндеудің әдіс-тәсілдерін де өздері таңдайды. Балалар жұмыстарын талдау.





76 сабақ.

Жапсыру Тақырыбы: Астана. Ұжымдық жұмыс.

Сабақтың мақсаты: Ұжымдық жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, жапсыруда әр түрлі үйлерді өздерінін таным-түсініктері бойынша бере білуге баулу, шаблон ағаштар бойынша жұмыс жасауға оны қарындашпен сызып, сызық бойымен қиып алуға жаттықтыру. Еліміздің астанасына деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру

Қажетті құралдар: әр түрлі үйлердің суреттері, үлкен және кіші қағаздар немесе жалпы композицияны құрастыратын қатырма қағаз, ватман болса да, сүр немесе көк түсті тік төртбұрыштар мен шаршылар, бұл үйлердің терезесіне қажетті, ашық түсті жолақтар - есіктерге, төбесіне, қатырма қағаздан дайындалған ағаштардың шаблондары, қара қарындаштар, қайшы, желім.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші: - Қазақстанның елордасы қай қала? - деп сұрайды. Астана. Е. Өтетілеуұлы.

Болашаққа бастаған.

Шарықтайды асқақ ән.

Елордасы Отанның - Мақтанышым - Астанам.

Астана қаласы туралы сурет көрсетіп әңгімелеу

- Қала күннен күнге көркейіп, тез өсіп келеді, құрылыс жұмыстары өте қарқынды жүргізіліп жатыр. Құрылысшылар тез арада тұрғын үйлер, адамдарға өте қажетті, дүкендер, балабақшалар мен мектептер, емханалар мен кинотеатрлар т.б. жедел түрде тұрғызуда. Осындай құрылыстар аяқталған қаланың бөлігін шағын ықшам аудандар деп атайды. Бүгін сендер де құрылысшылар болып, Астанамызды көркейтуге өз үлестеріңді қосып, бір ықшам ауданды тұрғызасыңдар. Әрине, мұндай жұмысты бәрің бірігіп ақылдасып, келісіп көп болып алғанда ғана жасауға болады. Ендеше, бүгін ұжымдық жұмыста жана ықшам аудан тұрғызамыз.

Ол үшін тәрбиеші балаларға жұмыстарды бөліп беріп, көмек көрсетеді. Бір үйді екі бала жасауына да болады. Негізгі үйді пішіні жеке үстелге қойылады, балалар оны таңдап алады.

Балаларды суреттегі үйлерге мұқият қарап алуларыңа өздерінің жапсыру кезінде қандай үйді қиып жапсыруға болатынын әртүрлі құрылыстарды алдын ала ойлануға бағыт беріледі.

- Жана ықшам ауданды қоғамдандыру үшін ағаштар отырғызу қажет екенін ұмытпаңдар, оған шаблондарды пайдаланып, ағаштарды қиып алу керек. Ол үшін жасыл түсті қағаздың түссіз жағына қарындашпен шаблонды қойып, сызып алады да оны қияды. Діңін бөлек қиып жапсырады. Тәрбиеші бірнеше қағазды қабаттап қойып, бірнеше ағашты бірден қиып алуға болатынын көрсетеді. Бір бала бірнеше ағаш дайындайды.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балалардың қиып жапсырған үйлерін үлкен қағаз бетіне мәнерлі, мазмұнды композиция шыққанша бірнеше рет орналастырып көреді. Содан кейін ол үйлердің ортасына және алдыларына ағаштарды отырғызып алады. Ықшам аудан көрнекі әдемі болып шығуына тәрбиеші басшылық жасап, көмектеседі.

Балалар жұмысын талдау























77-сабақ.

Сурет. Тақырыбы: Көліктер.

Сабақтың мақсаты: Жүк таситын машинаның суретін салу дағдыларын қалыптастыру; жүк машинасын салуға шеткі сызықтарын анық қарындашты қатты бастыра отырып салу.

Қажетті құралдар: жүк машинасының және бірнеше көлік түрлерінің суреттері, қағаз, түрлі түсті қарындаштар.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші бірнеше көлік түрлерінің суреттерін көрсетіп әңгімелеседі, олардың ерекшеліктеріне назар аударады. Солардың ішінде жүк машинасына тоқталып, оның құрылысына талдау жасап, суретін салудың ретін түсіндіреді. Алдымен кабинасы моторымен қоса, содан кейін рамасы, қорабы және дөңгелектерін дұрыс орналастыруға бағыт беріледі. Жүк машинасының жеке бөліктерін бояуға түрлі түсті қарындаштардың түсін балалар өздері таңдап алады және сол түскен шеткі сызықтарын анықтап қатты бастыра сызып шығу керектігі ескертіледі.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балаларға қарындашпен салынған суретті дұрыс бояй білуге бағыт беріледі (қарындашты бір бағытта, үзбей бояу және тегіс бояу білуге, ашық орын қалдырмауларын қадағалайды). Бояуы қанық, ашық болуы үшін, үстінен екінші рет тағы да бояп шығу ұсынылады. Балалар жүк машинасының қосымша бөліктерін толықтырып салса, оларды мадақтайды.



















78-сабақ. Сурет.

Тақырыбы: Қазақтың ою-өрнегі "Балта" және "Тарақ" (сандық).

Сабақтың мақсаты: Қазақтың ұлттық ою-өрнектері "балта", "тарақпен" және олардың суретін салу тәсілдерімен таныстыру; тұтынатын бұйымдарды осындай ою-өрнектерімен безендіру жолдарын көрсету; балалардың көркемдік талғамын дамыту;

Қажетті құралдар: ою-өрнектермен безендірілген тұрмыстық тұтынатын бұйымдар суреттері, бояулар, қылқалам, оны қоятын, су сүлгі.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші балаларға қазақтың ұлттық тұтынатын бұйымдарының бірнешеуін көрсетіп, олардың ою-өрнектеріне назар аударады. Осылардың ішінде "балта" және "тарақ" өрнектері қайда орналасқанын табуға тапсырма береді. Содан кейін балаларға дәптердегі тапсырмаларды орындау ұсынылады. Алдымен өрнектерде үстімен жүргізеді, содан кейін барып олардың суретін салып бояйды. Сурет салудың соңғы кезеңі осындай өрнектермен сандықты өрнектеу жұмысымен аяқталады.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балалар жұмыстарын талдау

























79-сабақ.

Мүсіндеу. Тақырыбы: Қазақстан жануарлары.

Сабақтың мақсаты: Балаларға бірнеше бөліктен тұратын заттардың бейнесін мүсіндеуді және олардың қатынасын сақтай білу дағдыларын қалыптастыру; өзінің туған өлкесіне қызығушылығын арттыру, жануарларға деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: ермексаз, таяқшалар, тақтайша, үлгі суреттер. Сабақтың барысы: Тәрбиеші жұмбақ жасырады.

Ауылдан ерте тұрып, кетер сыртқа, көп жанға жалғыз нәрсе болды тұтқа. Сол жерден аз жұмысын бітіріп ап, Қайтады қуанышпен бір уақытта. (жайылған қой, қозы)

Балаларға жұмбақтың шешуін айтуға көмектеседі. Қой мен қозының суретін немесе ойыншықтарын көрсетіп әңгімелеседі. Мүсіндеу әдіс-тәсілдерін түсіндіреді. Бірнеше бөліктерден тұратынын: денесі, мойын, басы, аяқтары және құйрығы. Дәптердегі үлгі - суретке қарай отырып, мүсіндеу жолдары түсіндіріледі.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балалар жұмыстарын талдау

























80-сабақ.

Жапсыру Тақырыбы: Дүкен сөрелері.

Сабақтың мақсаты: Газет пен журналдардан белгілі бір тақырыпқа арнайы материал таңдауға үйрету бұл материалдардан коллаж құрастыруға үйрету, балалардың жас ерекшеліктеріне қарай композицияның ең ірі заңдылықтарымен таныстыру; казіргі дизайн өнер туындысы жайлы түсінік беру.

Қажетті құралдар: түсті қатты қағаз, ПВА желім, ескі газеттер мен журналдар, түсті пленка.

Сабақтың барысы: Балалар тәрбиеші үстелдің үстіне қойған журналдар мен газеттер беттерінен өздерінін дүкендеріне сәйкес салынған тауарларын таңдайды. Мысалы, гүлдердің, фотосуреттері мен суреттерін гүл дүкеніне жинастырады, кастрол, құмыра, табақшалар суреттері - ыдыс-аяқтар дүкеніне, жануарлар мен кұстардың суреттерін – зоо дүкенге жинайды.

Балалар өз дүкендеріне сәйкес алынған суреттерін кесіп алады. Заттар өз орындарын тапқаннан кейін, оларды қатты қағазға жапсырады.

Балалардың өз бетінше әрекеті.

Балалардың жұмыстары эстетикалық талаптарға сай болуын ескертеді. Балалар жұмыстарын талдау.























81-сабақ.

Сурет. Тақырыбы: Роботтар елінде.

Сабақтың мақсаты: Балалардың шығармашылық ой-қиялын дамыту, геометриялар пішіндерді қолдана отырып, жаңа бейненің суретін сала білуге баулу, түс үйлесімін сезінуге, таңдай білуге үйрету

Қажетті құралдар: ақ қағаз, түрлі түсті қарындаштар, роботтар суреттері.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші жұмбақ жасырады.

Құрама темір

Қолқабасы көк-

Ғұлама темір.

(робот)

Жұмбақ шешуін айтқан соң роботтар суреттерін көрсетіп әңгімелейді. Суреттер жайындағы балалардың жағымды, жағымсыз көңіл күйлерін анықтайды.

- Балалар, сендер "роботтар еліне таң болсаңдар" немесе болашақта біздің айналамызда осындай роботтар көп болып қасымызда жүретін болса, роботтармен бірге кыдырып, олармен бірге өмір сүретін болсаңдар не істер едіңдер?! Ойланып көріңдерші!

Балалардың өз беттерінше жұмыстары.

Тәрбиеші балаларға геометриялық пішіндер арқылы роботтың суретін салу жолдарын көрсетеді. Олардың өздігінен ойлап таққан бейнелері болса мадақтайды. Шығармашылықпен ой-қиялын дамытуға мүмкіндік туғызады.

Балалар жұмыстарын талдау













82-сабақ.

Сурет. Тақырыбы: Қазақтың ұлттық ою-өрнегі "Қызғалдақ гүлі".

Сабақтың мақсаты: Қазақтың ұлттық ою-өрнегінің бірі "қызғалдақпен" таныстыру, оның суретін салу жолдарын меңгерту әдемілікті, көркемдікті сезіну талғамын қалыптастыру.

Қажетті құралдар: ою-өрнекпен безендірілген ұлттық тұтынатын бұйымдар суреті, бояу қылқалам, су, сүлгі.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші балалардан қандай ою-өрнек түрлерін білетіндерін сұрайды. Ою-өрнектердің бір түрі "Қызғалдақпен" танысатындығын айтады. Аталған ою-өрнекті дәптерден көрсетіп, таныстырып, ерекшелігіне, суретті салу жолдарына тоқталып, дәптердегі нүктелер бойынша суретті сызып салып, оны әдемілеп бояуға тапсырма береді. Содан кейін осындай қызғалдақ өрнегімен әр түрлі заттарды әшекейлеуге болатынын айта келе, сырмақ пен тұскиіз туралы түсіндіреді. Бұл қазақтың - қолданбалы өнерінің қайталанбас туындылары және халық тұрмысының мақтанышы екенін айтады. Сырмақтың төрт түрі болатын олардың әрқайсының өзіндік орны, мәні болатынына тоқталады. Мысалы: ақ сырмақ қадірлі қонақтарды сыйлап, күтіп алғанда төселетінін, ең үлкен сырмақ - көшеп жамылғы ретінде қолданылатынын т.б. әңгімелеп береді.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балаларға сырмақты әшекейлеу тапсырылады.

Балалар жұмысын талдау

















83-сабақ.

Мүсіндеу Тақырыбы: Балауыз шам қойғыш.

Сабақтың мақсаты. Ермексазбен мүсіндеу іскерлік дағдыларын жетілдіру мүсіндеуде әр түрлі сападағы заттарды пайдалана білуге баулу. Ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Қажетті құралдар: ермексаз, таяқшалар, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші: - Бүгін біз майшам қойғыш тұрғызамыз, ал ол үшін үстел керек. Мерекелік үстелдің құралдары қандай? Әрине шамдар. Ол үшін шамның астына қоятын қойғыш қажет. Негізгісін үлкен кесек ермексазбен жасаймыз. Дөңгелектеп алып, оны жалпақтаймыз. Кесек ермексаздан кішірек етіп домалақтап, көлденеңімен ортасына қойып, мықты ұстап тұру үшін берік етіп жапсырамыз. Шам қойғышты немең әшекейлеуге болады? Домалақтап алынған ермексазды жайып бір жағынан кесеміз, тарақ сияқты, оны спираль сияқты етіп қиылған жағын жоғары көтеріп қоямыз. Міне, раушангүл! Енді раушан гүлін шам қойғышқа жапсырамыз, көлденеңінен айналасына жапсырамыз. Шам қойғыштың көлемі әр түрлі болуы мүмкін.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балалардың назарын ермексазбен әр түрлі материалдарды араластыра отырып пайдалану ерекшеліктеріне аудару. Балалардың жұмыстарын талдау





















84-сабақ.

Тақырыбы: "Сиқырлы қобдиша"

Сабақтың мақсаты: Коллажбен таныстыру. Балалардың өздері ойластырған тақырыпқа сәйкес әр түрлі заттарды сапасына, түсіне қарай пайдалана білуге үйрету. Белгілі бір мазмұн бере үйлестіре білуге баулу.

Қажетті құралдар: Конфеттің бос қорабы, әр түрлі сападағы қағаздар (барқыт, креп, жылтырақ т.б.), ұлу қауашақтары, ұсақ моншақтар, фломастер, қайшы, желім (ПВА), жапсырғыш (скотч), түрлі түсті жіптер т.б.

Сабақтың барысы:

- Бүгін теңіз туралы қиялдайық. Балалармен осы тақырыпқа әңгімелесіп теңіздегі ауарайы, теңізді мекендейтін жануарлар мен кұстар туралы әңгімелесу Біз өзіміздің теңізімізді конфеттің кішкентай қорабына салсақ не болады екен?

Құмды жағалауды алтын - сары қағаздан, толқындар теңіз бетіне шыққандай қағазды қорап бойымен бүктеп, жапсырып жасайық. Аспан үшін ашық көгілдір қағаз алып, ал күміс қорғасын бұлтқа айналсын. Сонан соң жағалау бойы ұлу қабыршағын шашып, шатырлар қояйық, теңізге кемелер мен желкенді қайықтар жіберейік, аспанда күннің көзі күлімдеп тұрсын. Кұстарды ұшырайық.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Жұмыстың композициясына әртүрлі сападағы материалдардың үйлестіру тәсілдеріне назар аудару.

Балалар жұмыстарын талдау















85-сабақ.

Сурет. Тақырып. Бетперде. Бет бейне

Сабақтың мақсаты: Адамның бет бейнесінің негізгі қатынасын сақтау білуді үйрету, қиялын дамыту.

Қажетті құралдар: қағаздар, бояулар, гуашь бояу, қылқалам оны қоятын тұғырлар, бетперделердің үлгісі.

Сабақтың барысы: тәрбиеші балаларға бетперделерді не үшін қолданатынын көрсетіп, әңгімелейді.

1. Парақ қағазды дәл ортасынан қарындашпен түзу сызып бөлеміз, жоғарғы және төменгі бөліктері бірдей болуы керек. Содан кейін, жоғарыдан төмен қарай түзу сызық жүргіземіз, яғни он және сол жағы бірдей тең болуы керек.

2. Бірінші жоғары бөлігіне көзі, екінші бөлігіне мұрны мен аузын орналастырамыз. Олардың бөрі де түрлі түсті сызықтармен өрнек тәрізді орналасады.

3. Көздің орнына көк түсті дөңгелектер саламын, мұрынның орнына екі жасыл тісті жолақ орналастырамын, ал ауыздың орнына қызыл түсті сопақша дөңгелек, яғни қияр болып келетін бейнені созып саламын. Көзі әдемі болып көрінуі үшін оған қара түсті дақтарды салу керек.

4. Бетперде әдемі болу үшін оның қалған бос бөліктерінің бәрін әшекейлеймін: маңдайы, жақтары т.б. Екі жағы симметриялы тең болып орналасуына көңіл бөлеміз.

Балаларға бетперде жасаудың екі түрлі жолдарын ұсынуға болады.

1. Парақ қағаз ою-өрнек элементтеріне қолдану арқылы әдемі бетпердеге айналатын болсын.

2. Алдымен бетперденің контур сызығын содан кейін контурға қатысты элементтерді салу керек.

Балалар жұмысын талдау





86-сабақ.

Сурет салу Тақырыбы: Үй.

Сабақтың мақсаты: Балалардың эстетикалық сезімдерін, қиялын дамыту, түзу сызықтарды дұрыс сызу және бояй білу дағдыларын қалыптастыру, түстердің үйлесімділігін бере білуге жаттықтыру. Сурет салуға қызығушылығын аттыру.

Қажетті құралдар: әр түрлі үйлердің иллюстрациясы, қағаз, бояу, гуашь, қылқалам.

Сабақтың барысы: Әртүрлі үйлердің иллюстрациясын эстетикалық безендірулеріне назар аудару. Терезе, есік, шатырлардың көлеміне, қаланын пейзажын көрсету. Үйдің суретін салудың технологиясын түсіндіру.

1. Екі түзу сызық сызамыз - ол үйдің қабырғасы, үстінде шатыры болады. Қарындашты қатты баспаңдар, өте женіл жоғарыдан төменге қарай түзу сызық сызыңдар.

2. Паракты жоғары жағынан ортасына нүкте қойып, осы нүктеден әртүрлі жаққа екі сызық жүргіземіз. Үйдің шатыры дайын болды. Шатырды күрделірек етіп салуға болады.

3. Терезе және есіктің суретін саламыз. Караңдар мен әр түрлі етіп саламын. Қайсысы сендерге ұнайды, таңдап алыңдар.

4. Үйді өте ашық немесе өте қара бояумен бояуға болмайды. Бояуды ақ түспен араластыру қажет. Үй күлгін немесе ашық жасыл, көк болсын.

5. Ал енді үйді қалай тез бояуға болатынын қараңдар. Мен қылқаламды жоғарыдан төмен - терезе мен қабырғаның арасына, тағы бір рет осылай бояймын. Жарты қабырға боялды. Келесі жағынан терезені бояуға болады.

6. Қабаттардың арасына қылқалам онға, солға жылжиды.

7. Дөңгелек терезелер мен шатырдың жанын бояймыз. Балалардың өз бетінше жұмысы.

Шатырдың астынан боялмаған жер қалдырып күрделі емес оюмен әшекейлеп, жұмысты күрделендіруге болады.

Балалардың жұмысын талдау

87-сабақ.

Мүсіндеу Тақырыбы. Ұлу

Сабақтың мақсаты: Мүсіндеуге үйрету барысында шағын көлемді кесек ермексаздан цилиндр және конус тәрізді пішіндерді есу, домалақтау, созу сияқты әдіс-тәсілдерін жетілдіру. Жалпақтау және орау әдіс-тәсілдерін көрсету, олардың да алуан түрлері болатынын түсіндіру, ой-қиялдарын дамыту.

Қажетті құралдар: Түрлі түсті ермексаз, ұлу қауашақтары (үлгі), таяқшалар (тіс тазалағыш, сым темір, шыршаның тікен жапырақтары) немесе ұлудың мүйізін жасауға арналған басқа да материалдар, көзін жасауға ұсақ моншақтар.

Сабақтың барысы: Балаларға аквариумдағы немесе суреттегі ұлуларды көрсету. Олардың пішініне, түсіне назар аудару. Алдымен мұғалім ұлуды қалай мүсіндеуді көрсетеді. Қиналып, мүсіндей алмай отырған балаларға көмек көрсетеді.

Өзіндік жұмыс.

Балалардың жұмысын талдау



























88-сабақ.

Жапсыру Тақырыбы: 8 наурызға тарту

Сабақтың мақсаты: Рельефі жапсыру әдіс-тәсілдерімен таныстыру, әсем безендіру дағдыларын қалыптастыру, эстетикалық талғамын арттыру ата-аналарына сыйлық дайындау және сыйлық беруге тәрбиелеу

Қажетті құралдар: түрлі түсті қағаздар, желім, сүлгі және үлгі көрнекіліктер.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші балаларға 8 наурызға аналарға, әжелеріне немесе апайы, сіңлілеріне арналған ашық хат дайындауды ұсынады. Ашық хаттың сыртқы бетіне қағаз түсі таңдалады.

Екі қызыл түсті дөңгелектерден бөлек-бөлек қиып алып, оларды бірінің үстіне бірін сәл біріктіре орналастыру арқылы 8 жасайды. Гүлді түсті қағаздан қиып алады, оттың ортасы қызғылт сары, сабағы мен жапырағы ашық жасыл түсті қағаздан қиып жапсырылады. Дайын болған ашық хаттарды бәрі бірігіп қарап, оны аналарына сыйға тартқанда, 8 наурыз туралы өлең - тақпақ айтып берулеріне тапсырма береді.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балаларға көлемді қиып тапсыру әдісін қолдануды ұсынуға болады. Мысалы, гүлдердің жапырақтарын симметриялы бүктеп қиып алып, оның тек бір жақ бөлігін ғана жапсыруды көрсетеді, екінші бөлігі үстінде ашық болып турады.

Балалардың жұмыстарын талдау жасау

















89-сабақ.

Сурет. Тақырыбы. Kөшe.

Сабақтың мақсаты: Қала суретіне көз жүгірте отырып, көрген, болған жағдайларды қағаз бетіне түсіру.

Қажетті құралдар: Қаланың көрінісі, қағаз, бояу, қылқалам.

Сабақтың барысы: Қала, ауыл туралы әңгімелеу (иллюстрацияны көрсету) көше құрастырады, суреттерді жинап, көшеге ерекше рең береді. Тәрбиеші балаларға көшенің суретін салуды ұсынып, сурет салудың технологиясын түсіндіреді.

1. Алдымен көшенің суретін саламыз. Мына қағаз бойындағы төмендегі сызық - үйдің қабырғасы. Мына сызықтан мына сызыққа дейін - бір үй, ал мына қабырға басқа үйдікі. Үйлер бір-біріне өте жақын, олардың арасында ешқандай ашық жер қалмауы керек.

2. Енді шатырларын істейміз. Мен бір шатырды басқасына орнатамын. Міне, қарапайым шатыр, басқыш сияқты, ал мынау - дөңгелек.

3. Есік пен терезені біз бояумен саламыз. Қараңдар, мен күлгін бояумен қабырғаның он және сол жақтарын саламын. Енді бірнеше сызықтарды жоғарыдан төменнен қосамын. Есік пен терезе дайын болды. Терезенің сырты жоғары жағынан жартылай доғал болу үшін, қылқаламмен жарты доғаның суретін саламын.

4. Осы әдіспен барлық үйлердің есік, терезелерінің суретін салып, бір мезгілде әр түрлі бояумен бояймын. әр бояуға ақ бояу қосуды ұмытпаңдар.

5. Енді аспанды бояймыз. Шатырды айнала жоғарғы жағына көк жолақ жүргіземіз. Қылқаламды жуып, осы жолақты сумен араластырамыз. Көк бояуға кішкене қызыл бояу қосып көшені де осылай бояймыз.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Көше нағыз көше сияқты болу үшін балаларға жарықтар, ағаштар, машина, адамдар т.б. қосуға болатынын айтып түсіндіру. Балалардың жұмыстарын талдау



90-сабақ.

Сурет салу Тақырыбы: Қала туралы әңгіме.

Сабақтың мақсаты: Балаларға қаланың әдемілігін көре білуді және ол неден құралғандығын түсіндіру.

Қажетті құралдар: Кітаптың иллюстрациясы, күнтізбе, қала бейнеленген ашық хат, қағаз, түрлі түсті қарындаштар.

Сабақтың барысы: Балаларға қаладағы үйлерді көрсетіп, олардың әдемілік әсерін түсіндіреді. Олар ою-өрнектермен, әшекейленуі мүмкін. Әр түрлі терезе, есік және шатырлардың түрлерін көрсетіп қаланын пейзажымен таныстырады. Көшеде өсіп тұрған ағаштар, түнде жанған шамдар, машиналар, адамдар.

Балалардың өз бетінше жұмысы.

Көшедегі жағдайларды суретке салу. Балалардың жұмысын талдау



































91-сабақ.

Мүсіндеу Тақырыбы: Тұмарша.

Сабақтың мақсаты: Балаларға тұмарлы қазақтың ою-өрнектерімен әшекейлеуді үйрету. Балалардың халық өнеріне деген сүйіспеншіліктерің туғызу

Қажетті құралдар: Балалардың санына сәйкес қатырма қағаздан қиылған үшбұрыш, қамыр, стек, гуашь.

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші балаларды қазақтың тұмаршасымен таныстырады. Бұл зат "Қазақтың зергерлік әшекейлері" альбомынан тұмаршаның қалай әшекейлегенін көрсетеді. Тәрбиеші балаларға үшбұрыш қатырма қағазды таратып беріп, тұзды қамырмен оюлап әшекейлеуді ұсынады. Балаларға өз қиялдарымен толықтыруға жағдай жасау қажет. Қосымша материалдар: табиғи материалдар немесе мата қиындылары, ұсақ моншақтарды беруге болады. Асыл тастармен әшекейленген тұмаршаны такса, ол адамға бақыт әкеледі деген ұғым бар екенін айтады.

Балалардың өз бетінше жұмысы. Балалардың жұмысын талдау



























92-сабақ.

Жоспар. Тақырыбы: Аквариумдағы балықтар.

Сабақтың мақсаты: Мазмұнды тапсыруда композиция құра білу дағдыларын қалыптастыру, қиялын дамыту, қайшымен жұмыс істеу іскерліктерін бекіту. Балалардың қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: түрлі түсті қағаздар, желім қайшы, фломастер, қарындаштар, аквариумдағы балықтар суреті немесе аквариумның өзі қолданылады.

Сабақтың барысы: Аквариум суретін көрсетіп немесе аквариумның қасына балаларды шақырып, олардан аквариум туралы білетіндерін сұрайды.

- Балалар: бұл кішкентай әдемі балықтардың үйі, балықтар өмір сүретін орын т.б.

- Кімнің үйінде аквариум бар?

- Онда қандай балықтың түрлері бар?

- Немен қоректендіресіңдер?

- Балалар, қалай ойлайсыңдар, аквариумдағы балықтардың табиғи су қоймаларындағы балықтардан айырмашылығы бар ма?

- Сендерге қандай балықтар ұнайды және неліктен? Әңгімеден соң тәрбиеші балаларға балықтарды жақынырақ қарап, олардың түстерін ататады. Сыртқы дене бөліктеріне, жүзетін қанаттары мен құйрығына назар аудартады.

Балықтарды қиюда түрлі геометриялық пішіндерді: дөңгелек, сопақша дөңгелек, үшбұрыш т.б. пайдалануға болады. құйрықтарын жіңішке жолақтармен көлемді етін жапсыруға бағыт беруге болады. Немесе түрлі түсті жіптерді де қолдану. Қайшымен дұрыс жұмыс істеу ережелерін, ұқыпты жапсыра білуді ескертіп отырады.

Балалардың өз бетінше жұмыстар.

Композиция құруда балалардың ой-қиялын дамытып, мадақтап, іс-әрекетке қызықтырып отыру қажет. Өте сәтті шыққан композицияларды ерекше атап өту. Қағаз түстерінің үйлесімділігін бере білуге бағыт берін отыру. Кейбір балаларға көмектесіп жалпы және жеке нұсқаулар беріп, басшылық жасау.

Балалар жұмыстарын талдау























































93-сабақ.

Сурет салу Тақырыбы: Менің көңіл күйім.

Сабақтың мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, жаңа бейнелер жасай білуге баулу, сурет салуда өзінін көңіл күйін бейнелей білуге жаттықтыру.

Қажетті құралдар: бояулар, қағаз, қылқалам.

Сабақтың барысы. Тәрбиеші балаларға Сальвадор Дали, Пикассоның салған суреттерін көрсетіп, олар осы суреттерді (көңіл күйлері) осы адамдардың көңіл күйлерін сезініп отырып салғанын жеткізеді. Тәрбиеші балаларға жаттығуды ұсынады.

Балалардың өз бетінше жұмысы.

Педагог балаларға бүгінгі көңіл күйлеріне байланысты бояудың түсін таңдап ұсынады. Сурет салу баланын өз қалауымен болады. Балалар әр түрлі ашық түсті дақтар, сызықтар, сұлу суреттер (живопись) салып, өз көңіл күйлерін білдіреді.

Балалардың жұмысын талдау

Кез келген суреттен оның көңіл күйін табу.

Ойын 'Айна"

Ағарады және жарқырайды

Ешкімге ол өтірік айтпайды.

Шындықтың бәрін айтады

Бәрін нақты көрсетеді. Ол не? (айна)

Тәрбиеші айнаға жақындап көңілсіз, көңілді т.б. мимикамен көрсетіп жаттығуларын сұрайды.













94-сабақ.

Сурет салу Тақырыбы: Киіз үйді әшекейлейміз.

Сабақтың мақсаты: Қазақтың ою-өрнектері жөніндегі білімдерін бекіту. Балаларға киіз үйді ою-өрнектермен безендіруді үйрету. Түс және ырғақты сезінулерін дамыту.

Қажетті құралдар: қылқалам, бояу.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші балаларға киіз үйдің макетін көрсетеді. Қазақ халқының табиғатының ерекшеліктеріне қолайлы баспана киіз үй жайлы түсіндіреді. Күнделікті қолданатын үйлер 18 қанаттан, ал ең үлкені 35 керегеден турады. Кейбір үйлердің керегесі 6 қанатты болып келеді. Киіз үйді шебер адамдар қазақ халқының ою-өрнектерімен әшекейлеген.

  • Қазақ халқының қандай ою-өрнектерін білесіңдер? Қазақтың қолданбалы өнерінде қандай түстер қолданылады?

Балалардың өз бетінше жұмысы.

Тәрбиеші киіз үйді ою-өрнек элементтермен әшекейлеуде қалай орналастыруды көрсетеді.

Балалардың жұмысын талдау



























95-сабақ.

Мүсіндеу Тақырыбы: Теңіздегі жел айдаған қайық.

Сабақтың мақсаты. Сурет бойынша әңгімелей отырып, оның мазмұнынан композиция құрау мүсіндеудің жаңа әдіс-тәсілдерімен таныстыру: түстерді араластырып айқындау (су, аспан). Сурет салу техникасын қолдануда балалардың өздері таңдап алуына мүмкіндік жасау.

Қажетті құралдар: Түрлі түсті ермексаз, әр түрлі пішіндегі қатырма қағаз (тік төртбұрыш, шаршы, дөңгелек және сопақша дөңгелек т.б), олардың көлемдері де әр түрлі, қыш плиткалар (керамика), таяқшалар, теңіздегі қайықтың суреті бейнеленген иллюстрация.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші жұмбақ жасырады.

Аяғы жоқ, қолы жоқ.

Не жүретін долы жоқ.

Мініп алсаң зулайды,

Бірақ ізі қалмайды. (қайық)

Балалар жұмбақтың жауабын тапқан соң суретті көрсетіп әңгіме жүргізеді. Суретте теңіз бетінде жел қатты соғып тұрғаны байқалады.

- Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, ермексаздың көмегімен осындай қайықты мүсіндеуге бола ма? Балалар жауабынан соң тәрбиеші, ол суреттегі сияқты емес ауқымды, жан-жағынан көруге болатын етіп мүсіндейтіндерін айтады. Сондай-ақ, рельефті мүсіндеу әдіс-тәсілдерімен жасауға болатынын түсіндіреді. Балаларды мүсіндеудің жаңа әдіс-тәсілдерімен таныстырады. Тәрбиеші түрлі түсті ермексаздың әр түрінен бірнеше (2-3) кесек бөлшектерді бөліп алып, оны ақ қағаздың бетіне қойып, саусақтарымен басып, жан-жағына жайып жабыстыра жағады. Түстерді бір-біріне үйлестіре араластырады. Балалардың бояуды осылай араластырғандарын естеріне түсіреді және бұл тәсіл де соған ұқсас екенін айтады. Мұндай әдіс-тәсілмен аспан мен теңізді өте әдемі бейнелеуге болатынын байқайды. Қағаз бетіне теңізді және аспанды ерекшелеп жабыстырып алады.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балалардың назарын жұмыс барысында ермексазды қағазға жағуда саусақтарының қозғалыс бағытына және "жағыс" тәсілінің қозғалысын пакты бере білуге аударады.

Балалардың жұмыстарын талдау





















































96-сабақ.

Жапсыру. Тақырыбы: Желкенді қайық.

Сабақтың мақсаты: Мазмұнды композиция құра білуге үйрету, бейнелерді беруде түстердің үйлесімділігін сезінуге баулу, ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: Түрлі түсті қағаздар, желім. Қайшы, қара қарындаштар, сүлгі, үлгі көрнекілік.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші мазмұнды қиып жапсыру - ол белгілі бір оқиғаларға немесе шығарма мазмұнына, құбылыстарға, жағдаяттарға сәйкес болатынын түсіндіреді. Үлгіге талдау жасай келе "желкенді қайықты" мазмұн бере қиып, жапсыруды ұсынады. Бұл жапсыруда көз мөлшермен қию арқылы әр түрлі заттарды бейнелеуге бағыт беріледі. (жағалау үйлер оны терезесі, қайық шағалалар т.б). Ол үшін алдын ала жұмыс жасауға ыңғайлы болатын қағаздар мен түрлі пішіндер дайындалады: тік төртбұрышты қарама-қарсы бұрыштарыңа қарай диогоналы бойынша қиып, қайықтың желкенін, жолақ қағаздардан үй оның есік, терезелерін жасауға болатынын түсіндіреді. Осындай пішіндерді қолдана отырып, желкенді қайықты жапсырып, оған мазмұн бере композиция құруға бағыт беріледі.

Балалардың өз беттерінше жұмыстары.

Балалар өздеріне таныс әдіс-тәсілдерді қолданады және әр түрлі ашық түсті қағаздарды пайдаланып, көңіл күйлерін көтереді. Балалар жұмыстарын талдау

















97-сабақ.

Сурет салу Тақырыбы: Менің түсім.

Сабақтың мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, бұрынғы алған білімдерін жана жағдаяттарды шешуде қолдана білуге, белгілі бір бейне жасауда түстердің үйлесімділігін олардың қимыл-қозғалысын және көңіл күйін көре білуге баулу.

Қажетті құралдар: бояулар, қағаз, қылқалам.

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші балаларға ұсынылған дәптерге жаттығуларды орындатады. Әр түрлі түстердің көмегімен дақтар салуға болатынын және олардың бәрі адамның көңіл күйі білдіретінін естеріне түсіреді.

- Бүгін қандай түс көрдіңдер? Естеріңе түсіріңдерші. Ол ашық түрлі түсті және ақ-қара ма? Көңілді, көңілсіз немесе аянышты ма? Басқалардан көңіл күйін көтеру үшін осы түстер ішінен қандай түсті таңдалар едіңдер?

Балалардың өз бетінше жұмысы.

Түстін әсерін екі түрлі вариантпен бейнелеуге болады: сызба түрде және түрлі түсті.

Балалардың жұмысын талдау.

Түс кезіндегі балалардың көңіл күйлерін суретіне қарап табулары қажет.





















98-сабақ.

Сурет салу Тақырыбы: Көктем келді.

Сабақтың мақсаты. Балаларды көктем көрінісінің суретін сала білуге үйрету көктем табиғатының ерекшелігіне сәйкес бояу түстерін таңдай білу өз ой-қиялымен композиция құра білу, шығармашылықпен өздігінен дербес әрекет ете білуге баулу. Жыл мезгілдеріне, табиғатқа сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: акварель немесе гуашь бояулар, қағаз, қылқалам оны қоятын тұғырлар, су сүлгі.

Сабақтың барысы: Көктем туралы әңгіме. Тәрбиеші табиғаттағы маусымдық өзгерістерге назар аударады: жарқырап күннің шығуы, алғашқы қарлығаштың ұшып келуі, шөптер, көктемгі гүлдер, даланың жылынуы, күннің ұзарып, түннің қысқаруы.

Көктем қандай көңілді,

Күміс жаңбыр төгілді,

Мөлдір аспан ашылып,

Күн пердесі сөгілді.

Шығарма мазмұнына талдау жасалып, көктем мезгілінің ерекшеліктерін балаларға әңгімелетеді.

H. H. Чайковскийдің "Жыл мезгілі" шығармасынан үзінді тыңдау.

"Күртік қар" ойыны.

Балалар мәтін мазмұны бойынша қозғалыстар жасайды. Аланда күртік қар жатыр. Ол үлкен - өте үлкен. Енді міне, күннің сәулесі түсіп, оны еріте бастады. Күннің жылы сәулесінен күртік қар біртіндеп еріп. Төмен түсе бастады. Одан жіңішке, және өте әлсіз жылғалар ақырын аға бастады. Күн одан сайын ысып, күштірек қыздыра түсті. Жылғалар да оянып, жолындағы тастар, бұталар мен ағаштарға қарамастан тез-тез ағатын болды. Бірақ, ол біраз уақыттан соң өзінің жолындағы өзен-көлдерге құйылып жоқ болды.

- Көктемгі табиғатты бейнелеу үшін суретші қандай түсті пайдаланады?

- Картинада не бейнеленген? (ағаштар, шөп, гүлдер, ашық аспан т.б.) - Тәрбиеші балалардан ненің суретін салғылары келгенін сұрап, сурет салудың техникаларын естеріне түсіреді. Балалардың өз бетінше жұмысы. Балалардың суреттеріне талдау жасау





















































99-сабақ.

Мүсіндеу Тақырыбы: Ғарыш айлағы. (космодром). Ұжымдық жұмыс.

Сабақтың мақсаты: Мазмұнды композиция құру, құрастырмалы және аралас (конструктивті, комбинированный) әдіс-тәсілдермен белгілі бір затты мүсіндей білуді жалғастыру. Ғарыш кемесін мүсіндеу үшін цилиндр тәрізді пішіндерді пайдалану оны толықтыру және спутник жасау үшін шар тәрізді пішіндермен толықтыру, қосымша материалдар пайдалану (стакан, киндер-сюрприз қорабы, тығындар т.б)

Қажетті құралдар: Космос аппараттарының суреттері, иллюстрациялы көркем суреттер, түрлі түсті ермексаз, таяқшалар, қораптар, қақпақтар, түтіктер, түрлі түсті қағаздар, мата, фольга қағаз, түйме, жіптер.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші иллюстрациялы суреттер көрсете отырып ғарыш айлағы жайында әңгімелеп, космос әлемі туралы балалардың ой қорытындылауына жағдай жасайды. Осындай космодромнан ұшатын "әуе кемелері" мен оның қондырғылары, спутниктер, станциялар т.б. Суреттен көргендерін мүсіндеуді ұсынады. Тәрбиеші негізгі пішіндерді жасаудың әдіс-тәсілдерін көрсетеді. Шардан спутник жасау цилиндрден - зымыран жасауға болатынын түсіндіреді. Шарды саусақтарымен (қарындашпен, фломастердің қақпағымен) басын немесе бөлек есіп жасап жабыстырып, спутник бейнесінің ерекше белгілерін анықтап көрсетеді. Зымыранның сыртқы пішінін жасау үшін цилиндр тәрізді ермексазды есіп алып, оның бір жақ бөлігін алақан арасына салып, конус бейнесіне келтіреміз. Оның жеке бөліктерін толықтырамыз. Цилиндр тәрізді пішіндерден жалпақтап, үшкірлеп жасалған "қанаттарын" зымыранның негізгі бөлігіне жабыстырып, берік етіп бекітеміз. Саусақтармен басып тегістейміз.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

- Балаларға қосымша материалдарды пайдаланып, ұсынылған тақырыпты күрделендіре мазмұн беріп жұмыс жасауларына, өз бетінше дербес әрекет етуге мүмкіндік ж ас алады. Мысалы: түтіктер мен таяқшаларды антенна жасауға пайдалану көк дақтар мен түймелерді иллюминаторға және корпусын безендіруге, түрлі түсті қағаздар немесе матаны ұшқан кездегі отты бейнелеуге пайдалануға болады. Олар өздерінің жұмыстарын фото суреттермен, сызбалар, эскиздермен салыстырып көреді.

Балалар - жұмыстарың талдау

Барлық балалардың жасаған жұмыстары үлкен қатырма қағазға немесе үстел үстіне қойылып, ''ғарыш айлағын" (космодром) құрап, мазмұн бере орналастырылады.















































100-сабақ.

Жапсыру Тақырыбы: Алма ағашының бұтағы.

Сабақтың мақсаты: Симметриялы пішіндерді қиюды бекіту пішіндерді бейнелеуде пропорциялық қатынастарды көре білу және оны қағаз бетін түсіре білу дағдыларын қалыптастыру, табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу.

Қажетті құралдар. Түрлі түсті қағаздар, желім, қайшы, шаблондар, сүлгі.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші: - Балалар сендерге көктем мезгілі ұнай ма?

Көктем туралы суреттер көрсетіп әңгімелетуге болады.

- Біз бүгін сендермен алма ағашының гүлдеп тұрған бұтағын жапсырамыз. Бізге бұл тапсырманы орындау үшін жасыл, қоңыр және сары түсті қағаздар, желім, қайшы қара қарындаш қажет болады. Балалардың назарын жапырақтарға аударып, оларды қалай қиюға болатынын түсіндіреді. Жапырақты кию үшін түрлі түсті қағазды ортасынан кітапша тәрізді екіге бүктеп аламыз. Түсті жағы ішіне қарай бүктеледі.

Түзу бұтақтар парақ қағаздың шетінен қиып алынады, жоғарыға қарай жіңішкерте кию. Гүлдерді де жапырақты қию тәсіліне ұқсас қос бүктеп алып, қарындашпен сызып, оны сызық бойымен қияды.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балалардың назарын аударатын мәселелер:

а) қағазды үнем деп пайдалану;

ә ) желіммен, қайшымен дұрыс жұмыс жасау ережелерінің сақталуы;

б) жапсыруда дұрыс композиция құра білу;

Балалар жұмыстарын талдау









101-сабақ.

Сурет салу Тақырыбы: Ұшатын құс.

Сабақтың мақсаты: Балаларды бояу түстерінің үйлесімділігін сезіне білуге баулу, қылқаламмен батыл, жылдам қозғалыстар жасай білу дағдыларын бекіту табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу

Қажетті құралдар: кұстардың суреттері, бояулар, гуашь, қылқаламдар, оны қоятын тұғырлар, су сүлгі.

Сабақтың барысы: Көктемде күн жылына бастағанда алыс аймақтардан кұстар ұшып келетінін естеріне түсіру. Балалардың қандай кұстарды білетінін сұрау. Олардың бізге қандай пайдасы бар? Кұстар туралы суреттер көрсетіп, жұмбақ жасыру.

Қос қанатын иіп ап, Сирағы ұзын,

Жарға келіп қонады. Тырнағы ұзын.

Қара киім киіп ап, Балықты сүзбей,

Балшықтан үй соғады. Ұстайтын шоқып,

(қарлығаш) Тұмсығы біздей.

(тырна)

Сурет салудың технологиясын түсіндіру

Жұмбақтардың шешуін тапқан соң балаларға көктемде ұшып келетін құстардың суретін салуды ұсынады және оның техникасымен таныстырады. Кұстарды ұшып келе жатқанда астыңғы жағынан көреміз. Олардың аяқтары бізге көрінбейді, себебі олар ұшқанда аяқтарын бауырына жинап алады. Бізге олардың алыстан қос қанаты ғана көрінеді.

1. Көк, жасыл және қызыл бояуларды дайындап аламыз. Сурет салудың әрбір кезеңінің түстері таңдап алынады.

2. Қағаздың ортасына жасыл түсті "қияр" тәрізді бейне саламыз. Бұл құстың денесі және басы болады. Оның тұмсығы жоғарыда ал құйрығы төменде, оң және сол жақтарына қанаттарының суреттері салынады.

3. Екі бірдей доға тәрізді сызықты көк бояумен жүргіземіз. Оған қауырсындарды сызып саламыз.

4. Қауырсындарды қызыл бояумен, шоп сияқты үлкен және кішкене үзік сызықтармен сызып саламыз.

5. Осындай шөп тәрізді сызықтармен көк түсті бояумен құстың құйрықтарын сызып саламыз.

6. Қысқа ғана жеңіл қозғалыспен тұмсығын саламыз.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Құстардың қанаттарын, қауырсындарын салғанда шоп тәрізді қысқа сызықтармен қылқаламды жеңіл, тез жылжыта отырып, балалардың назарын аударады.

Балалардың жұмысын талдау









































102-сабақ.

Сурет салу Тақырыбы: Шөп.

Сабақтың мақсаты: "Жылдам қозғалыс" жасай сызу және "нүктені созу" әдіс-тәсілдерін меңгерту қылқаламмен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, көз мөлшермен байқағыштығын дамыту.

Қажетті құралдар: бояулар, қылқалам, қағаз.

Сабақтың барысы: Балалар көктем туралы жұмбақ шешеді. Тәрбиеші көктемде табиғатта көптеген өзгерістер болатынын айтады.

Шөптің суретін салуды айтып, оның, технологиясын түсіндіреді:

1. Алғашында өте кішкентай шөптерді саламын. Қылқалам қағазға жайлап тиеді.

2. Сосын шөптер өсіп үлкейеді - қылқалам (бояуға дұрыс малу керек) жағылып, соңында қағаздағы қозғалыстар "ұшады", қылқаламның қозғалуы шөптің бағытын білдіреді.

3. Егер қылқаламды қозғамаса қағазда кішкентай нүкте қалып қояды. Енді осы нүктені тең етіп қылқаламмен жоғары төмен жағамыз.

4. Жұқа қысқа таяқша - сабағы дайын болды.

5. Бұл сабағымыз әлі де өсе түссін...

6. Жеңіл қозғалыспен шөптердің гүлдерін бейнелейміз. Балалардың өз бетінше жұмыстары.

"Нүктені жою" кезіндегі әдіске назар аудару. Балалардың жұмысын талдау.

















103-сабақ.

Мүсіндеу Тақырыбы: Біздің ғарышкерлер.

Сабақтың мақсаты: адамның бейнесін мүсіндеуді жетілдіру ғарышкерлерді мүсіндеудің ең оңай, тиімді әдіс-тәсілдерін көрсету: ұзынша келген цилиндр тәрізді пішіннен созып, басын жасауға қажетті бөлікті шығарып алу аяқтарын жасау үшін төменгі бөлігін ортасына дейін таяқшамен кесіп, бөліп алу, тегістеу.

Қажетті құралдар: тұзды қамыр немесе түрлі түсті ермексаз, стек, түйреуіштер, жіптер, иллюстрациялар.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші балалармен бірге ғарышкерлердің суреттерін көреді.

Жануарлар туралы - иттер, тиіндер, маймылдар космоста болған тышқандар туралы айтады.

- Бүгін біз ұшып жүрген ғарышкерлерді - комбинезонмен, қолғаппен, бәтеңкесімен мүсіндейміз. Ғарышкер қандай қозғалыс жасап жүретінін. қалай ұшатынын ойланыңдар.

Тәрбиеші мүсіндеудің түсіндіреді.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балаларға мүсіндеудің ұсақ бөлшектерің: құлаққа салып тыңдағыш, антенна, жеңдері, қолдарын жеке немесе қозғалмалы етіп, аяқ киімін, аяқтарын жеңіл қозғалатындай, ауа толтырылған баллон т.б. ұсыну.

Балалардың жұмысын талдау

















104-сабақ.

Жапсыру Тақырыбы: Қазақстанның жануарлары. Түйе.

Сабақтың мақсаты. Қазақстанның жануарлар әлемімен таныстыруды жалғастыру, "жырту" немесе "жұлмалап кию" тәсілімен мозаика тәрізді жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, ұқыпты жұмыс істей білуге және дәл, нақты іс-әрекет жасай білуге тәрбиелеу

Қажетті құралдар: Түрлі түсті қағаз, желім, қоңыр түсті қағаз, пинцет.

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші балалардан Қазақстанның жерінде қандай жануарлар төмендегі сөздерге сәйкес келетінін сұрайды.

Балалармен бірге бұл жануарға сипаттама береді. Түйе туралы бірнеше мақал, жаңылтпаштар айтып, талдау жасайды.

Жапсырудың "жұлмалап кию" әдісімен балаларға түйені салуды ұсыну.

Балалардың өз бетінше жұмысы.

"Жырту" әдісінің техникасына назар аудару. Дайындалған кесектері (қоңыр түс, түрлі түсті) жеке қою қажет. Фондағы түйенің силуэтіне кесілген қағаздың қиындыларын желіммен жапсыру. Мұны қағаздың қиындыларын үлкен инемен немесе пинцеттің көмегімен істеуге болады.

Балалардың жұмысын талдау























105-сабақ.

Сурет салу. Тақырыбы: Хризантема.

Сабақтың мақсаты: Қылқаламмен симметрия салуда қарапайым қозғалысты пакты бере білу, түстерді сезіну және араластыра білу дағдыларын жетілдіру. Көз мөлшерін дамыту, эстетикалық сезімдерін қалыптастыру.

Қажетті құралдар: хризантеманың суреті, бояулар, қылқалам, қағаз.

Сабақтың барысы:

Балаларға хризантеманың суретін көрсету. Бұл гүлдің шөптерден айырмашылығы - оның өте өткір тікенектері бар және жапырағының көлемі күрделі екенін түсіндіру. Одан кейін тәрбиеші хризантеманың суретін салу технологиясын түсіндіреді.

1. Гүлдің суретін саламыз, ақ түске аздаған қызыл бояу қосамыз. қандай түс шықты? Күлгін түс. Жоғары жақ шетінен қағазға нүкте қоямыз - ол гүлдің ортасы.

2. Шалшықтың және хризантеманың сәл иіліп тұрған сабағын саламыз.

3. Көптеген кішкентай шөптер салып, оларды бір-бірімен қосамыз. Бұл гүлдің жапырақтары болады.

Балалардың өз бетінше жұмысы.

Балаларға тағы бір үлкен гүлдің суретін салғызып жартысын жапырақтарын өздеріне салғызу керек.

Балалардың жұмысын талдау

















106-сабақ.

Сурет. көрінбейтін суреттер. (Фото - көшірме)

Сабақтың мақсаты: Сурет салудың фото - көшірме техникасымен таныстыру, сурет салуға қызығушылығын арттыру ой-қиялын дамыту.

Қажетті құралдар: балауыз шам (свеча), қағаз, акварель бояулар, жалпақ қылқалам.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші: - "Фокус" көргілерін келеме? - деп сұрайды. Ол қағазды алып, оны бояумен бояй бастайды. Ал қағазда "бейнелер" пайда болады. Содан кейін оның құпиясын ашу үшін балаларға кішкентай балауыз шам бөліктерін таратып береді де, езі онымен қағазға қалай сурет салуға болатынын көрсетеді. Балалар ез ойларынан ненің суретін салғысы келсе, соны салады. Ол алғашқыда - гүл, саңырауқұлақ, күн т.б сияқты қарапайым суреттер болуы мүмкін. Енді, осы бейнелерді көру үшін парақ қағазды женіл қозғалтып, оның үстінен бояумен тұтас тегіс етіп бояу ұсынылады. Бастапқыда бір-екі түс қолданылса, бұл әдісті меңгере бастағанда бірнеше заттардың бейнесін салуға болады. Балауыз шаммен салынған суреттер үстіне бояу жаққанда, ол суреттер анық көрінетін болады.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балалардың жұмыстарын талдау























107-сабақ.

Мүсіндеу Тақырыбы: Жұлдызқұрт.

Сабақтың мақсаты: Балаларға модульдық мүсіндеудің дағдыларын түсіндіру. Бейнеден бірдей бірнеше модульдық (элементтер) бөлшектер жасауды үйрету.

Қажетті құралдар: ермексаз, таяқша.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші жұмбақ жасырады.

Денесі буылтық,

Сырты жасыл түк.

(жұлдызқұрт)

Жұмбақ шешуін балалар тапқан соң тәрбиеші жұлдызқұртты мүсіндеудің жолдарын айтып, көрсетіп, түсіндіреді.

Тәрбиеші жұлдызқұртты мүсіндейтінін айтып, мүсіндеудің технологиясын түсіндіреді. Мүсінделген жұлдызқұртты көрсетіп, оның домалақ ермексаздан жасалатынын айтып, оған кесілген бөлігін орналастырады. Ермексазды бөліп, оны алақанға салып, кішкентай домалақтар жасайды.

Балалардың өз бетінше жұмысы.

Балалардың жұмысын талдау

Саусақпен ойнайын "Қырықаяқ" ойыны.

Екі қырықаяқ жолмен қашып келеді. Бәрі қашып кетті. Бәрі бір-бірін қуып жетті. Осылай бір-бірін құшақтады. Біз оларды қуып жеттік.

Қолдың саусақтарын жүргізіп, бір - бірінің иықтарынан ұстап, "құлып" жасайды.













108-сабақ.

Жапсыру Тақырыбы: жұмбақтың шешуін тап.

Сабақтың мақсаты: Бейнелеу іс-әрекетінің барлық түрлерін, сондай-ақ көркемсөз, музыка әуенін үйлестіре білуге жаттықтыру. Өз ойларынан жұмысты орындауда мазмұн бере білу дағдыларын қалыптастырып, бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдарын пайдалана білуге үйрету.

Қажетті құралдар: Түрлі түсті қағаздар, желім, қайшы, қарындаштар, жыл мезгілдері туралы жұмбақтар.

Сабақтың барысы: Сабақ басталғанда тәрбиеші әдеби жұмбақтарды шешуді ұсынады. Балаларға таныс шығармалардан үзінді оқиды. Мысалы: К.Чуковский "Kip қоймас", "Ұрланған күн". Балалар сұрақтарға жауап береді. Жыл мезгілдері туралы жұмбақ жасырады.

Балалар жұмбақтардың жауабын айта отырып, оны түрлі түсті қағаздардан қиып жапсырады.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балалар жұмыстарын талдау





























109-сабақ.

Сурет. Тақырыбы: Кешкі қала.

Сабақтың мақсаты. Балаларды сурет салудың "тырнау" (гратаж) техникасымен таныстыру өз еріктерімен қағазды сурет салуға дайындау (балауызды тегістеп жағу және қара тушпен оны бояу).

Қажетті құралдар. Бояулар, балауыз, сұйық сабын немесе қою шампунь, қара тушь, ұшы үшкір таяқшалар.

Сабақтың барысы: Тақырып екі сабаққа жоспарланады. Бірінші сабақта - қағазды сурет салуға дайындау. Екінші сабақ - сурет салу.

Тәрбиеші балаларға алдын-ала кешкі қала көрінісіне бақылау жасауды тапсырып, олардың алған әсерлерін бөлісіп, кешкі қала көрінісінің фотосуреттерін көрсетіп, онда қандай бояу түстері басым болатынына назар аударады.

- Балалар, біз кешкі қала көрінісін ерекше бұрын қолданбаған әдіс-тәсілдермен саламыз. Ол үшін біз "сиқырлы" қағаз дайындап алуымыз керек. Бүгін біз бәріміз сиқыршылар боламыз. Салатын суретіміз кешкі қала көрінісі болғандықтан сурет салатын қағазымыз қара түсті болады. Біз мына "сиқырлы таяқшалармен" сурет саламыз, - деп тәрбиеші көрсетіп, таяқшаның үшкір ұшымен қара түсті фонды "тырнап", "қырып", сурет салып көрсетеді.

- Сурет салуды мұндай тәсілін "тырнау" яғни "гратаж" арқылы сурет салу деп атайды екен. Бұл сөз француз тілінен орыс тіліне аударғанда «скрести» - қазақша - тырнау болып айтылады. Байқасаңдар, сурет салғанда қағаздың үстіңгі бетін сиқырлы таяқшалардың көмегімен тырнап, сурет саламыз.

Алдымен бүгін біз қағазды дайындап аламыз.

Жұмыстың орындалу реті.

1. Қағаз бетіне әр жерге ашық түсті бояулармен дақ түсіріп аламыз.

2. Қағаз кепкен соң оның бетін тұтас май шаммен тегістеп бояп шығамыз, мұнда өте ұқыпты болу талап етіледі.

3. Шампуньді қара тушька құйып алып, онымен қағаздың бетін тұтас, тегіс бояп аламыз.

4. Қағазды кептіреміз. Біздің қағазымыз кепкен соң дайын болды. Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балалар жұмыстарын талдау



















































110-сабақ.

Сурет. Тақырыбы: Кешкі қала. "Тырнау" (гратаж).

Сабақтың мақсаты: «Тырнау» техникасын меңгеруді жалғастыру кешкі қала көрінісінің суретін сала білуге үйрету өзінің ойын қағаз бетіне түсіре білуін бекіту, бейнелерді қағаз бетіне композиция құрап орналастыруға жаттықтыру.

Қажетті құралдар: Алдын-ала дайындалған қағаздар, ұшы үшкір таяқшалар.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші балалармен кешкі қала көрінісін әңгімелеуден бастайды.

Қаланын түнгі көрінісінің күндізгі көрінісінен айырмашылығы неде? Түнгі қала көрінісін қандай бояулармен беруге болады?

Тәрбиеші қала көрінісін салуда парақ қағаздың бетін толық пайдалану қажеттігін ескертеді. Балалар өз беттерінше мазмұнды ойластырып, анықтайды және не салу керек, оны қай жерге, қалай орналастыру керектігі нақтылап алады.

- Ал енді барлықтарың қолдарыңа сиқырлы таяқшаларыңды алып, сурет салуды бастаңдар. Балалар мұндай әдіспен сурет салғанда композицияны алдын-ала ойластырып, қай жерге не салуды жоспарлап алады. Содан кейін ғана барып бейнелерді таяқшамен қырып, бастауларына болады.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балалар жұмыстарын талдау

Тәрбиеші барлық балалар жұмыстарын тақтаға ілгенде, олар бірлесіп кешкі қала көрінісін құрайды. Егер балаларға мұндай әдіс-тәсілдермен сурет салу ұнаса, бос уақыттарында төмендегідей тақырыптарда сурет салу ұсынылады:

- "түнгі аспан";- "мерекелік от шашу";

-"жер асты патшалығы";

- "түнгі көбелек".

111-сабақ.

Жапсыру Тақырыбы: Бал кеші.

Сабақтың мақсаты: Әрқилы материалдарды сәйкестендіруге үйрету мақсатқа жету жолдары туралы балалардың ұғымын кенейту.

Қажетті құралдар: әр түрлі формадағы пластикалық құтылар, әр қилы материалдар.

Сабақтың мазмұны: Педагог балалармен кеңесе отырып, бал кешін қалай ұйымдастыру керектігін шешеді. Алдымен сыртқы қағазынан тазартылған әр түрлі мөлшердегі және формадағы пластикалық құтыларды аламыз. Бұлар балға қатысушылар болып есептелінеді. Педагог пластикалық колбасалардан мұрынды, көзді, ерінді, ал патшаға - мұрт пен сақалды жасауды үйретеді. Ал көйлектер үшін қолда бар материалдарды пайдалануға болады. Мәселен, қағаз, конфеттің қағаздары, жіптер, моншақтар, қауырсындар. Костюмдердің барлық бөлшектері пластикалық құтыларға жапсырылады.

Өздік жұмыс. Балаларға мақсатқа жету үшін кез келген материалдарды сәйкестендіруге көмек көрсету.

Балалардың жұмысын талдау

























112-сабақ.

Жапсыру Тақырыбы: Қазақстандағы гүлдер (қорытынды сабақ).

Сабақтың мақсаты. Балаларға Қазақстан табиғаты туралы кеңірек түсінік бере отырып, Отанын сүюге тәрбиелеу. Эстетикалық сезімдерін дамыту.

Қажетті құралдар: түсті қағаз, қайшы, тілім.

Сабақтың барысы: Сабақты мақалмен бастауға болады.

Туған елдің әсемдігіне назар аударту. Балалармен Қазақстандағы өсетін гүлдер туралы әңгімелесу. Гүлдер туралы ертегі, әңгіме тақпақ айту.

Жыл бойы үйренген гүлдерді өз шеберліктерімен, білімдерімен жапсыру ұсынылады. Балалар қызғалдақты жапсырар кезде оның ертеде Орта Азияда гүл өсірудің символы болғанын айтып түсіндіру. Ол ою-өрнек композицияларында көптен кездеседі. Жапсырудың сипаты қуанышты және көңілді болу керек.

Балалардың өз бетінше жұмысы.

Балалардың жұмысын талдау

"Күнді алаңқайда" атты көрме ұйымдастырып, жақсы орындалған жұмысты мақтау.

























113-сабақ.

Сурет салу Тақырыбы: Раушангүл.

Сабақтың мақсаты: Балалардың эстетикалық сезімдерін дамыта отырып, раушангүл гүлін салу әдісімен таныстыру.

Қажетті құралдар: қағаз, қылқалам, бояу.

Сабақтың барысы: Раушангүлдің суретін көрсетіп, қылқаламмен гүлдің бәрін салуға болатынын айту.

Тәрбиеші гүлдің суретін салу әдісін түсіндіреді:

1. Қағаздың жоғары жағында - гүл, кішкене төменірек - гүлдің қауызын, оған жақын - жапырақтарды, бұтағын салып, бұлардың бәрін қосады.

2. Қызыл түспен кішкентай нүкте қоямыз - осы нүктеден қылқалам дөңгелене айналады, жеңіл билеп жүргендей қозғалады, сызықтар бірдей болмас үшін қалың, жұқа етіп сызамыз.

3. Осы бояумен екі үлкен жапырақ саламыз. Қылқаламды қағазға жағамыз, айналдырамыз, жаямыз.

4. Қылқаламды жуып осы әдіспен бірнеше жасыл жапырақтар саламыз. Бұтаққа әкеліп қосамыз.

Балалардың өз бетінше жұмысы. Балаларға гүлдің қауызын ұсыну. Балалардың жұмысын талдау





















114-сабақ.

Сурет салу Тақырыбы: Теңіз патшалығы.

Сабақтың мақсаты. Сурет салуда заттардың пішінін беруде ұсақ бөлшектері ғана емес, олардың сипаты мен сапасына сәйкес ерекшеліктерін де бере білуге жаттықтыру.

Қажетті құралдар: акварель бояулар, қылқалам, қағаз, қара түсті маркер.

Сабақтың барысы:

- Балалар, бір түсті екінші түске құйып араластырып жаттығу жасаймыз. Кез-келген екі бояумен қағазға дақ түсірін алып, оны жағып, олар кеппей тұрып екеуін бір-біріне қылқаламмен араластырып қосамыз. Екі түс бір-біріне үндесіп араласып кетуі керек.

- Кәне, теңіздің тұңғиық түбіне қарап көрейікші, онда теңіз патшалығының тұрғындарын көреміз. Қағаздың ылғалды суланған бөлігіне көк, жасыл, көгілдір түсті бояулармен дақ түсіреміз де оны бір-біріне араластыра жағу керек. Бояулар араласа келе теңіздің бір бөлшегін көз алдыңа әкеледі.

Бояу кепкен кезде қара фломастермен немесе маркермен сызу қажет.

Балалардың өз бетінше жұмысы.

Түстерді қосып араластыра білу әдісін бақылау

Балалардың жұмысын талдау



















115-сабақ.

Мүсіндеу Тақырыбы: Жарқ-жұрқ еткен балықтар.

Сабақтың мақсаты: Мүсіндеуде рельефтік мүсіндеумен таныстыра отырып, балықтардың әр түрлі көлемдегі түрлерін жасау әдісімен таныстыру.

Қажетті құралдар: Түрлі түсті ермексаз немесе тұзбен иленген қамыр, бояулар (глина), стек, керамикалық плитка.

Сабақтың барысы: Сабақты кітаптағы немесе аквариумдағы тірі балықты көруден бастауға болады. A.C. Пушкиннің "Балықшы мен алтын балық" ертегісін еске түсіруге болады. Аквариумнан көре отырып, әдемі балықтар мүсіндейді. Балаларға қандай әдістерді қолдануға болатынын айту.

Балалардың өз бетінше жұмысы.

Әшекейлеудің әр түрін қолдана отырып, ермексаздын бірнеше түстерін пайдаланып, мүсіндердің күрделі оюларын салу. Балалардың жұмысын талдау

































116-сабақ.

Жапсыру Тақырыбы: Орманда. (ұжымдық жұмыс).

Сабақтың мақсаты: Натураға қарап қиып жапсыру және заттарды көргендері бойынша қиюға үйрету. (ағаштар, саңырауқұлақтар т.б). Үлкен жолақ қағазға бейнелерді дұрыс орналастыра білу дағдыларын бекіту қағаз бетін толық пайдалануды, заттардың пішіні жеке бөліктерін орнатуды және оларды қиюға керек қағазды анықтауды үйрету

Қажетті құралдар: түрлі түсті қағаздар, желім, қайшы, үлкен көлемдегі қағаз, қарындаш, фломастер.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші балалардан орман жайында не білетіндерін сұрайды. Сурет көрсетіп әңгімелетеді.

- Орманды қорғайтын, күтіп-баптайтын адамдарды орманшы деп атайды. Соңғы жылдарда ормандар көп өртенді, оны сендер теледидардан көрген боларсыңдар. Біз бүгін елімізде қай жерде өрт болып, орман ағаштары жанып кеткен аймақтағы орманшыларға көмек көрсетейік.

Ол үшін балалар жұмыстарды бөлісіп алады. Бірнеше бала ағаштардың бір түрін, екіншілері - шыршаларды, үшіншілері - саңырауқұлақтарды, гүлдерді т.б. Тәрбиеші балалар жұмыстарына басшылық жасайды. Сондай-ақ ағаштарды қиюда олардың құрылысының әр түрлі екенін, ерекшеліктеріне көңіл бөлу керектігін ескертеді. Ағаштардың әр түрлі үлгілерін дайындап қоюға болады.

Технологиялық мәлімет.

1. Қағазды бүктеп алып, оған ағаштың суретін сызып салады.

2. Бүктеу сызығынан ағаштың биіктігін белгілеп алады.

3. Ағаштың діңі мен желеңін анықтап алады.

4.Ағаштың ерекшеліктерін нақты бере білуге талаптандырады.

5. Жасыл түсті қағаздың бірнеше реңктерін пайдалануға бағыт береді.

Осындай әдіс-тәсілдермен саңырауқұлақтарды гүлдерді бейнелеуге болады. Жасыл жолақ қағаздан шөпті қиып жапсырады. Ұжымдық жұмыс болғандықтан басқа да күн, бұлттар, кұстар, жолдар т.б мазмұн бере толықтыруға ұсыныс жасалады. Ен маңыздысы қағаз бетін тұтас пайдалана білу түстерді дұрыс үйлестіре қолдану сондай-ақ заттарды үлкен қағазға композиция жасап орналастыра білуге баса назар аударады. Барлық бөліктері дайын болғаннан кейін ғана композиция құруға бағыт беріледі. Негізгі фонға дайындалған жеке бөліктердің бәрін қойып, олардың түсіне, пішініне, қатынасына сәйкес орналастырып қойып алады. Әдемі әрі әсерлі болу үшін заттардың орындарын ауыстырып қойып көреді. Композиция мазмұны жақсы құрастырылғаннан соң ғана оны қарындашпен белгілеп алады, содан кейін ғана желімдеуге болады.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балаларды көңілдендіріп, іс-әрекетке қызығушылықтарын арттырып, ынта-ықыластарын аударып отыру қажет. Қағазды үнемді пайдалануды, қайшымен ұқыпты жұмыс істеуді ескерту. Әр бала ұжымдық жұмыстың еңбек нәтижесіне жетуде өз үлесін қосуын қадағалау.

Балалар жұмыстарын талдау

Тәрбиеші балалар жұмыстарын қорытындылай келе: - сендерге барлық орманшылар рақмет айтатын болды, қандай жақсы жасыл желеңді орманды бейнеледіңдер, - деп мадақтайды. Орманды қорғау қамқорлық көрсету керек екенін, "ағаштың бұтағын сындырма", "көк шөпті жұлма" т.б тыйым сөздермен байланыстыра сабақты аяқтайды.





















117-сабақ.

Сурет. Тақырыбы: Бозқараған гүлінің бұтағы. (сирень)

Сабақтың мақсаты: Қылқаламды тік бағытта қолдану арқылы сурет

салу техникасымен таныстыру. Бозқараған гүлінің ерекшелігін сала білуге баулу. Ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру

Қажетті құралдар: ақ қағаз, қылқалам, су, бояулар.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші бөлмеге ыдысқа салынған бозқараған гүлін әкеліп, оны қарап, иіскеп көруіне ұсыныс жасайды, оның, иісі хош иісті барлық бөлмеге жайылып тұр.

- Балалар, кәне ойланып көріңдерші, осы бозқараған гүлін көргенде қандай сөздер айтуға болады? (нәзік, хош иісті, көгілдір түсті т.б).

- Міне, дұрыс айттыңдар біздің салатын гүліміз де дәл өздерің айтқанға сәйкес болады. Суретті салғанда оның хош иісі сезіліп тұратындай болсын. Ол үшін біз бозқарағанның гүлінің түсіне сәйкес бояу түстерін таңдап аламыз.

Күлгін (сиреновый) немесе көгілдір түстер таңдалады. Гүл шоғына қарасаңдар күлгін түстін бірнеше реңктері: қою көк, көгілдір, ашық көк, көкшіл т.б. Енді, палитраны алып күлгін тусті бояуды сумен араластырамыз, оның түсі өзгереді.

Содан кейін тәрбиеші негізгі гүлдін бұтағын қалай салу керектігін көрсетеді. Бұтақтарды салып болған қысқа бұтақтардың қасына қылқаламды күлгін түсті бояуға батырып алып, оны тік бағытта қатты баспай, тез-тез бірнеше рет бірінің жанына бірін тигізеді, сонда бозқараған гүлі әдемі, ерекшелігі нақты көрінетін болады.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Тәрбиеші балалар жұмысқа кіріскенде қылқаламды қағаз бетіне тік бағыттай отырып ете қатты баспай кезек-кезек дұрыс қимыл қозғалыспен қайталауды қадағалайды.

Балалар жұмыстарын талдау



118-сабақ.

Сурет салу Тақырыбы: Қазақстандағы жануарлар. Қоян.

Сабақтың мақсаты. Қазақстанның жануарлар әлемімен таныстыруды жалғастыру, "жапырақ" тәрізді бейнеге келтіру әдіс-тәсілін пайдаланып, қоянның суретін сала білуге үйрету бейнелі ойлауын, қиялын дамыту.

Қажетті құралдар: қарындаш, гуашь, қылқалам, қағаз.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші жұмбақ жасырады.

Қыста - ақ

Жазда - сүр.

(қоян)

Тәрбиеші балаларға қоянның дене бөліктері, олардың көлемі жайында сурет көрсете отырып әңгімелейді. Дәптердегі нүктелерді қосатын жаттығуларды орындап, қоянның суретін бояйды. Педагог оның суретін көрсетеді.

Балалардың өз бетінше жұмысы.

Балаларға бұрыннан таныс "жапырақ" тәсілінің техникасының орындалуын қадағалау.

Балалардың жұмысын талдау

Балалар салған қоянның суреттеріне назар аударып, сипаттама беру.























119-сабақ.

Мүсіндеу. Тақырыбы: Ермексаздан жасалған қойылым. (көрініс)

Сабақтың мақсаты: Балалардың мазмұнды мүсіндеуге деген қызығушылығын арттыру мазмұнды өз еркімен ойлап, оны өздігінен құрастыра білу дағдысын қалыптастыру кейіпкерлердің ерекше сипатын көрсете білуді үйрету.

Қажетті құралдар: ермексаз, стек, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы: Алдын ала И.А. Крыловтың "Квартетімен" таныстыру. Балалардың назарын батырлардың мінезіне, олардың түр-түсіне аудару. Сабақты әңгімеден бастауға болады.

- Мысал дегеніміз не?

- Қандай мысалдарды білесіңдер?

- Мысал спектакльге ұқсай ма?

- қандай жануарлар музыкант болғылары келеді? Олардың мінездері туралы не айтуға болады?

Жауаптар тыңдалғаннан кейін тәрбиеші балаларға И.А.Крыловтың "квартет" мысалы бойынша ерекше ермексазды спектакль дайындап, кейіпкерлерді мүсіндеп, қойылымды ата-аналарға көрсетуді ұсынады.

Жұмыстың мөлшері балалардың қызығушылықтары мен қабілеттеріне қарай бөлінеді. Тәрбиеші мүсіннің масштабын анықтап алуға кеңес береді.

Кейіпкерлер: Тентек Маймыл, Есек, Ешкі, Маймақ Мишка, Бұлбұл.

Музыкалық аспаптар: екі скрипка, виолончель, қыл керілген шыбығымен альт. Балалардың қалауынша мысалда аталмаған бақа, қоян, кірпі, кесіртке және басқа да жануарларды мүсіндеуге болады.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балалардың жұмысын талдау









120-сабақ.

Жапсыру Тақырыбы: Таңғы шапақ

Сабақтың мақсаты: Бірнеше бөліктен туратын заттарды жапсыра білу дағдыларын қалыптастыру. Мазмұнды композиция құра білу көз мөлшерін дамыту, затты қағаз бетіне дұрыс орналастыра білуге тәрбиелеу.

Қажетті құралдар. Түрлі түсті қағаздар, қайшы, қарындаш, желім, суреттер.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші өлең оқыды.

- Көркем шығарма жайында әңгімелесу, мазмұнын сұрау? Неге ұнады?

- Аталған шығарманың сипатын айту.

- Сендер таңертең тұрғанда күн сәулесі түсіп тұрғанын жақсы көресіңдер ме? Педагог балаларға:

- Келіңдер, балалар, біз жапсыру арқылы таңғы шапақтың барлық қуанышын көрсетейік. Балаларға И.Шишкиннің "Қарағайлы ормандағы таң" картинасының көшірмесін көрсетуге болады. Сонымен бірге міндетті түрде жапсыруда қолданылатын жылы түстер туралы айтып өткен дұрыс. Балалардан олар жапсыруда нені бейнелегісі келгенін сұраған дұрыс.

Альбомнан осы тақырыпқа арналған жапсыруларды қарастырған жөн. Заттың қандай бөлшектерден: үй, шыршалар, күннен тұратынын таңдау. Жапсыруды қалай дайындауға болады? Педагог фланелеграфта заттарды орналастыру мүмкіндігін қарастыруды көрсетеді.

Балалардың өздік жұмысы.

Композицияны құруда қағаз бетіне заттарды дұрыс орналастыру дағдысын дамытуды есте сақтау. Алдымен бала формаларды орналастыру қажет, содан кейін басқа да нұсқаларын қарастырып барып желімдеген дұрыс.

Балалардың жұмысын талдау







121-сабақ.

Сурет салу Тақырыбы: Жайлау

Сабақтың мақсаты: Жайлаудың табиғатын сурет салу барысында бере білу дағдысын жетілдіру сурет салу барысында әртүрлі әдіс-тәсілдерін пайдалану.

Қажетті құралдар: бояу, гуашь, акварель, қарындаштар, борлар, қылқалам.

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші жайлау туралы өлең оқиды.

Тәрбиеші балаларға жайлаудағы табиғатты (тауда, жазықты) киіз үйді, жануарларды (жылқы, қой) көрсетеді. Олардың орналасуын: бір зат неғұрлым алыс болса, ол кішкентай сияқты болып көрінеді. Әрі қарай тәрбиеші таулардың биік, одан төмен киіз үй, адамдар, ең төмендегі сызықта жануарлар жүретінін түсіндіреді.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Әр түрлі материалдар таңдап алуды ұсынады.

Балалардың жұмысын талдау



























122-сабақ.

Жапсыру Тақырыбы: Ауыл (ұжымдық жұмыс).

Сабақтың мақсаты: Балалардың ұжыммен жұмыс істеу дағдыларын арттыру. Балаларды контур бойынша қиюға, үлгілермен жұмыс істеу білуге үйрету.

Қажетті құралдар: ауылдың суреті: үлкен қағаз немесе қатырма қағаз, қара қарындаш, қайшы, желім, түсті қағаз.

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші: қазақтар ерте кезде ауылда, киіз үйлерін таудың етегіне тігіп жазық далада тұрған. Олар мал ұстауға қолайлы жерде тұрады. Бүгін бәріміз бірге ауылдың суретін саламыз. Қазақтың суретшілерінің жұмысына талдау жасаймыз. Тәрбиеші балаларға жұмысты бөлісуге көмектеседі. Қажетті заттарды жеке үстелге қойып, балалардың таңдап шығуына мүмкіндік туғызу. Балаларға, қатырма қағаздың шаблонынан үй жануарларын тауды киіз үйді, адамдарды қиып алуға үйрету.

Балалардың өз бетінше жұмысы.

Балалармен бірге қағазға композицияның эскизін бірнеше рет қойып көру Бір балаға суретті алып желім жағуға, ал басқаларына оны қағазға жапсыру ұсынылады.























123-сабақ.

Мүсіндеу. Тақырыбы: Картинадағы пішіндерді жина.

Сабақтың мақсаты: Ойлаған бейненің негізін сызбамен мүсіндеу. Балаларда құрастырмалы мүсіндеу дағдысын бекіту.

Қажетті құралдар: сызба пішіндегі картиналар, геометриялық пішін негізінде, жапсыруға арналған бөлшектер (цилиндр, шар, - т.б.)

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші балаларға әр түрлі пішіндерді жинайтынын айтады. Балаларға картинаны көрсетіп, мысалы: көрсете тұрып, осындай етіп мүсіндеу керектігін айтады. Балаларға сызбадағы тапсырмалармен құрастырған үлгі сәйкес келуін айту. Барлық сызбаларды таратып беріп бір-бірімен алмастырып жинауға мүмкіндік беру.

Балалардың өз бетінше жұмысы.

Ойынды пішіндерді еске сақтап құрастырып, бір бөлшекпен басқа бөлшекті айырбастап жинап, күрделендіруге болады.

Балалардың жұмысын талдау





























124-сабақ.

Таңдаулы жұмыстар көрмесі.

Сабақтың мақсаты: Бейнелеу іс-әрекетіне балалардың қызығушылығын арттыру. Жыл бойы балалардың меңгерген іскерлік - дағдыларың бекіту. Қоршаған ортаны эстетикалық қабылдауын қалыптастыру суреттерді талдай білу іскерліктерін бекіту. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Живописьтін жанрларын ажырата білуге баулу, көлем, пішін және түстердің бай реңктерін сезіне білуге, көркемөнерге сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: қылқалам, оны қоятын тұғырлар, бояулар, қарындаштар, фломастерлер, қағаздар, үлкен қағазға қарындашпен салынған қала көрінісінің суреті, су, сүлгі.

Сабақтың барысы: Жыл бойы балалардың салған жұмыстарының ең жақсылары таңдалып алынып, топ бөлмесі безендіріледі. Сиқырлы сазды әуен ойналады, топқа Сиқырлы Ертегіші кіреді.

- Амансыңдар ма, балаларым? Менің сиқырлы таяқшам мені қайда бастап әкелді, білуге бола ма?!

- А, мен онда қуаныштымын! Бірақ, мен бір мейірімсіз сиқыршы сиқырлап қойған елден келемін. Ол сиқыршы дүниеде суретшілерді және ашық күндерді жақсы көрмейді екен. Оны ешкім де қуанта да, таңданта да алмайды. Соның әсерінен ол өте қайырымсыз, мейірімсіз әрі қызғаншақ, күншіл бола түсіпті. Ол үш сиқырлы түстерді ұрлап алыпты, сондықтан басқа түстер жоғалып кетіпті. "Алуан түрлі кемпірқосақ" елі түссіз қалыпты. Барлығы сүр, ешқандай ештеңе жоқ болыпты. Балалар, сендер маған сол қаланы қайтадан сиқырлауға көмектессеңдер қалай болады?!

Тәрбиеші сиқыршының назарын көрмедегі балалар жұмысына аударады. Өте сәтті салынған жұмыстарды ерекше атап өтеді. Сиқыршы балалармен бірге "Алуан түрлі кемпірқосақ" еліне жол тартады.

Ал біз жолға сиқырлы ұшақпен ұшамыз. Жол қысқарту үшін қызықты бір ойын ойнайық.

1. Ойынның аталуы: " Мен балық, құс немесе күн боламын". Ойынның шарты: балаларға кез келген жануарлардың кейпін бейнелеуді - ұсынады. Олар өздері таңдап алған жануарлардың қимыл-қозғалысын музыка әуені бойынша салып кейіптендіреді, аттарын айтады. Содан кейін өздерінің сезімдерін қағазға түсіреді.

2. Үлкен қағазда ұйықтап жатқан мейірімсіз сиқыршының суреті болады. Балаларға сиқырлы фломастермен оны (суретті) айналдырып сызып шығуды ұсынады. Сөйтіп сызып шығу арқылы балалар, сиқыршыны оятып алмай оның арбаушы яғни сиқырлаушы күшінен айырады.

3. Біз сиқырланған елдің тұрғындарына көмектесуіміз керек. Ол үшін менің таңыс суретшіме қонаққа барайық. Ол өте қайырымды, ықыласты адам бізге көмектеседі.

Балалар суретшінің шеберханасына келеді, ол жерден сурет салуға арналған барлық құрал - жабдықтарды көреді. Живописьтің негізгі жанрлары - портрет, пейзаж, натюрморт жайында әңгімелеседі. Содан кейін суретші ертегі қаласын қайта сиқырлау үшін түрлі түсті бояулармен бояуды ұсынады (қала суреті үлкен қағазда қарындашпен салынған). Балалар түрлі түсті бояуларымен қылқаламды алып, қаланы әдемі түстермен бояйды.




Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-289835

Похожие материалы