Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / ИЗО, МХК / Другие методич. материалы / Бейнелеу өнері. Ашық сабақ. "Қысқы табиғат көрінісі" (3-сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • ИЗО, МХК

Бейнелеу өнері. Ашық сабақ. "Қысқы табиғат көрінісі" (3-сынып)

библиотека
материалов

Қысқы табиғат көрінісі.


Сабақтың тақырыбы: Қысқы табиғат көрінісі
Сабақтың мақсаттары: а) Білімділігі: Қысқы табиғат әсемдігін көре білуге баулу.
Қыс айларындағы табиғат өзгерістерін, құбылыстарын бейнелеуге үйрету.
ә) Тәрбиелік мәні: Оқушылардың туған жердің табиғатын аялауға, елін, жерін сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.
б) Дамытушылығы: Бояу түстері арқылы салынған суреттер бойынша оқушының ой - өрісін, қиялын дамыту, шығармашылық қабілеттерін өрістету, сурет салуға икемділік дағдыларын қалыптастыру.
Живопись өнерінің пейзаж жанры туралы білімдерін тереңдету.
Сабақтың көрнекіліктері: Қыс
қы табиғат көрінісі бейнеленген плакаттар, тақырып жазылған плакат, интерактивті тақта, слайдтар.
Құрал жабдықтар: Формат А3, акварель бояуы, қарындаш, өшіргіш.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, көрсету, үйрету, сұрақ - жауап INSEPT әдісі.

Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
II Жаңа сабаққа даярлық
III Жаңа сабақ
IV Оқушылармен өзіндік жұмыс
V Сабақты қорыту
VI Бағалау

I Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгелдеу, құрал жабдықтарын тексеру, назарларын сабаққа аудару.
II Жаңа сабаққа даярлық Балалар, біз бүгін «
Пейзаж. Қысқы табиғат көрінісі» атты жаңа сабағымызды бастаймыз. Сабақ бастамас бұрын қағаз, қарындаш, өшіргіш, акварель бояуын, қылқаламдарыңды дайындап алайық. Енді қыс көрінісінің салыну жолдарына, бояу тәсілдеріне үңілейік.

III Жаңа сабақ
Бейнелеу өнері неше түрге бөлінеді? (графика, живопись, мүсін, сәндік қолданбалы өнер, сәулет өнері) Осы өнер түрлерінің қайсысы бояу түрлерін көп қажет етеді? (бояу түрлерін живопись кескіндеме өнерінде қолданамыз)
Живопись деген не? (живопись - жазықтық бетінде бояу түрлері арқылы орындалатын көркем шығарма) Живопись орындалу ерекшеліктеріне қарай бірнеше жанрға бөлінеді? Натюрморт, Портрет, Тарихи жанр, Батальдық жанр, Маринистік жанр, Анималистік жанр,

Пейзаж жанры. (оқушыларға слайдтағы сурет бойынша көрсетіп түсіндіреді.) Живопись өнерінің пейзаж жанрына тоқталамыз.
Пейзаж жанры – табиғат көрінісін бейнелеген көркем шығарма. Жылдың төрт мезгілі бар. Олар: қыс, күз, жаз, көктем. Біз бүгінгі сабағымызда қыс мезгіліне тоқталайық. Қыс қызықтарына не жетсін! Достарыңмен уақытты көңілді өткізген тамаша - ақ қой! Қар лақтырып ойнау, қар қамалын тұрғызу, шаңғы тебу, шанамен сырғанау, аққала соғу. Қысқы орман табиғаты, қысқы дала көріністері де алуан түрлі. Табиғат көрінісін бейнелеуде алыс, жақын, астында, үстінде, жанында ұғымдарын қалыптастыратын перспектива заңдылықтарын міндетті түрде білуіміз керек. Бірінші зат бізден неғұрлым алыс тұрса, ол соғұрлым кішкентай болып көрінеді.

«Перспектива» латынның тасадан көру деген сөзінен шыққан. Қазақша ұғымы «көрініс» дегенге келеді. «Перспектива» ұғымын дұрыс білмесек, алыстағы, жақындағы заттар бірдей салынған болып шығады.
Сурет салу 3 - кезеңге бөлінеді.

1 - кезең - Ең әуелі көкжиек сызығын көлденең жүргізген соң төменгі бөлігі жер беті болып есептеледі. 1 - ші тауларды, тау етегіндегі ағаштарды қарындашпен салу керек. 2 - ші ағаштарды, өзенді, көпірді саламыз. Ал өзен төмендеген сайын кеңейте түсеміз. Жақын тұрған ағашты, шыршаны, қояндарды көрсетеміз. Екі қоян салынған кеңістікте салыстырмалы түрде бері орналасқан анық, көлемі үлкен болып саналады.

2 - кезең - Тау, ағаш, шырша, өзен, көпірдің көлеңкелерін де кеңістікте бейнелеп көрсету керек. Алыстағы көріністердің бояулары, сұйық және көмескілеу, кейбір жерлері қоюлау болып боялады.

3 кезең - Қалған боялмаған көріністерді толығымен бояп, пейзаждың толық көрінісін аяқтаймыз.

IV. Оқушылармен өзіндік жұмыс: Кескіндеме пәні сабағына байланысты тест алынады. Тест үлгілері: 1. Балама жауаптары бар тест 2. Таңдамалы тест 3. Толықтыруды қажет ететін тест.
Тест үлгілері:
I Балама жауаптары бар тест.
1 Негізгі түстер - үшеу
а) иә б) жоқ
2. Акварель - суда еритін мөлдір бояу
а) иә б) жоқ
3. Белгілі көңіл күйді беретін бірнеше түстер жиынтығы түстер гаммасы
а) иә б) жоқ

II Таңдамалы тест
1. Түстер шеңберінде бір - біріне қатар орналасқан бояу түстері
а) қарама - қарсы түстер
ә) қосымша түстер
б) жақын түстер
2. Бояу араластыратын тақта
а) пастель
ә) палитра
б) нобай
3. Қазақ халқының қымыз құятын ыдысы
а) ожау
ә) кесепқап
б) торсық

III Толықтыруды қажет ететін тест
1. Бейнелеу өнерінде жансыз заттар мен бұйымдарды бейнелейтін көркем шығарманы.................................................. дейміз
2. Түс және бояумын алуан тәсілдер қолданылатын бейнелеу өнерінің түрін............................................................... дейміз
3. Дайындық суреттері.................................... деп аталады.
Тест сұрақтарының дұрыс жауаптары
Балама жауаптары бар тест
1. а)
2. а)
3. а)
Таңдамалы тест
1. б)
2. ә)
3. б)
Толықтыруды қажет ететін тест
1. Натюрморт
2. Живопись
3. Нобай

V Сабақты қорыту: Жаңа сабақты қорыта келе біз Пейзаж. Қыс
қы табиғат көрінісі туралы және салыну жолдарымен таныстық. Өтілген сабаққа қорытынды INSEPT әдісі және сұрақ жауап арқылы жүргізіледі.
1. Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?
2. Жыл мезгілі нешеге бөлінеді? (ата?)
3. Кімге қай жыл мезгілі ұнайды? (әр оқушы өзіне ұнайтын мезгілдерін және не себепті ұнайтынын айту)
4. Қыс мезгілінде табиғатта қандай құбылыстар болады?
5. Қыс мезгілі несімен көңілді?
Білемін
Живопись өнері жайлы. Пейзаж деген не екендігін. Қыс мезгілінің қызықтарын.
Үйрендім
Пейзаж «Қыс
қы табиғат көрінісін» кезең бойынша жазықтық бетінде бейнелеуді немесе суреттеуді. Әр түрлі түстерді пайдалануды.
Білгім келеді
Жыл мезгілдерінің басқа техникамен салыну жолдарын.

VI Бағалау. Сабаққа жақсы, белсенді қатысқан оқушыларды атап айтып, жақсы салынған суреттерді көрсетіп, мадақтау арқылы бағала




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 10.02.2016
Раздел ИЗО, МХК
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров878
Номер материала ДВ-440629
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх