Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / ИЗО, МХК / Другие методич. материалы / Бейнелеу өнері пәніндегі заманауи әдіс- тәсілдер тақырыбында жоба

Бейнелеу өнері пәніндегі заманауи әдіс- тәсілдер тақырыбында жоба

  • ИЗО, МХК

Поделитесь материалом с коллегами:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ұлан ауданының білім және спорт, дене шынықтыру бөлімі

«Қанай орта мектебі»КММ








Жоба тақырыбы: «Бейнелеу өнері пәніндегі заманауи әдіс-тәсілдер»











Орындаған: Рагизбаева Шинар Толегеновна


Ұлан ауданы, Ново-Канайка ауылы

2015 жыл


АҢДАТПА


Ұсынылып отырған жобамызда бейнелеу өнері сабағында заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану ерекшеліктері қарастырылған. Заманауи әдіс-тәсілдері аталыа, пәнге деген қызығушылықтың артатыны практика жүзінде көрсетілген. Соның ішінде бейнелеу өнері пәнінде 7 модуль технологиясының жиі қолданылуы. Жоба мектеп мұғалімдері мен мектеп оқушыларына арналған.





Аннотация


В предлагаемом проекте рассмотрены особенности применения современных методов и приемов на уроках изобрезительного искусства.

















Мазмұны:


І.     Кіріспе

ІІ.     Негізгі  бөлім

2.1  «Заманауи әдіс-тәсіл түрлері және олардың оқу үрдісіндегі рөлі.)

2.2  Практикалық жұмыс.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер




















«Бала дамуының ең шарықтау

шегі – бұл тіл мен ойдың шығармашылығы»

Л.С. Выготский


Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» деп айтылған.

Қазақстан жаңа ғасырға дүние жүзі елдері қатарында терезесі тең ел ретінде келіп отыр. Егемендік алған тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден-бір дара жолы – білім жүйесі. Болашақ – білім мен ғылымға тәуелді. Қазіргі жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесі қандай дәрежеде болса, еліміздің ертеңі де сондай дәрежеде болмақ. Сондықтан қоғам талабына сай қоғамды көркейтетін, дамытатын, Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы істер байланысында мемлекеттің өркениеті үшін еңбек ететін, шет елдермен еркін ғылыми және мәдени қарым-қатынас жасай алатын, ана тілін жетік білетін ұлтжанды азамат дайындау – бүгінгі ұстаздар қауымының басты мақсаты.

Егеменді ел болып, іргемізді бүтіндеп отырған кезде болашақ еліміздің көсегесін көгертетін жас ұрпақтың ой-санасын жетілдіріп, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру – біздің парызымыз.
Адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш – білім. Ал жаңа мемлекетіміздің болашағы – бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Ол үшін мектеп ұжымдары, әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым-қатынас жасаулары керек. Оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірулері қажет-ақ.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Өйткені, жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге оқытушыларды даярлау – оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің бірі және педагогтың жеке тұлғасын қалыптастырудың үрдісіндегі іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет.
[Ж, 2 ].

Тақырыптың өзектілігі:

Бейнелеу өнері сабақтарында заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру.

Жобаның мақсаты:

Шығармашылықпен жұмыс істей отырып заман талабына сай іскер, жан – жақты терең білімді, эстетикалық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу.
Жобаның міндеті:
Білім беру үрдісінде оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білу. Оқушыларға шығармашылық ізденістердің тиімді жолдарын үйрету, білім сапасын көтеру.

Ұстаз – мектеп жүрегі. Шәкірттерді білім нәрімен сусындатып, оның құпиясын аша білу – күрделі де қиын іс. Осы білім теңізінде шәкіртін еркін жүздіру – мұғалімнің іс-әрекеті.Мұғалімнің бір-біріне ұқсамайтын ерекше сабақтары келер ұрпақты заман талабына сай инновациялық технологияны меңгеріп қана қоймай, оны күнделікті өз сабағында қолдана білуі – бүгінгі заман талабы. Яғни бүгінгі заман оқытудың технологияларын тиімді қолдануды қажет етеді. Орыс педагогы К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім өз білімін жетілдіріп, ескі бір сарындыдан гөрі жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Демек, бүгінгі таңда мектеп оқушыларын тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы – инновациялық технология. Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Сәл ертерек кездің өзінде белгілі қолданылып жүрген идеялар жаңа бағытта ұсынылса, мұның өзі инновациялы деп аталған. Осыларды негізге ала отырып, инновацияны «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме құралы» деп түйіндейміз.

Мектептегі білім сапасын арттыру және оның тиімділігі төмендегідей инновациялық әдістер және технологиялар арқылы жүзеге асады:

  • Әр сабақта интерактивті әдістер қолдану;

  • Жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс;

  • Әр оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескеру;

  • Міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, оқушылардың мүмкіндік деңгейлерін ашу;

  • Инновациялық технологияларды яғни, заманауи әдіс-тәсілдерді сынау арқылы сабақтың тиімділігін арттыру, оқушыларды мектеп жағдайына бейімдеу.

Мұғалімдер өз сабақтарында оқушылардың тілін дамытуда, өзіндік жұмыс жасау, өз дағдыларын қалыптастыруда оқушылардың өз ойларын еркін жеткізе алуларына баулулары қажет. Заман талабына сай технологияларды қолдану ауқымы өзгеріп отырады. Бірақ, ең басты технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек.

Ұтымды пайдаланылған инновациялық технологиялардың нәтижелері :

  1. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;

  2. Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;

  3. Оқушылардың әрқайсысының деңгейін анықтай аласың.

  4. Оқушылардың барлығын бағалауға мүмкіндік аласың.

  5. Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.

  6. Оқушылардың қабілеттері, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының жалпы білім беру Мемлекеттік стандартының 4 бөлімінің 4,6 тарауында: бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім мекмелері стандарт бойынша берілген оқушылардың дайындық деңгейіне жету үшін тәрбиелеудің, оқытудың, дамытудың денсаулық сақтау ортасын қамтитын әр түрлі әдіс- тәсілдер мен педагогикалық технологияларды қолдануға болады, деп жазылған. Осыған сүйеніп, өз басым оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру мақсатында жаңа технологияларды үйреніп, олардың сабаққа берер пайдасы және оқушы білімін кеңейту, ой-өрісін жетілдіру, тілдерін дамыту, шығармашылықтарын арттыру, оқуға деген ынтасын жоғарлатудың оңтайлы жолдарын табуды көздедім. Қазіргі кездегі кеңінен қолданылып жүрген деңгейлеп саралай оқыту технологиясы, дамыта оқыту технологиясы мен 7 модуль технологиясын осы жұмыста барынша көрсетіп, олардың сабақтың тиімділігін арттырудағы әсері мол екенін айтқым келеді.  

2.1 «Заманауи әдіс-тәсілдерді» ұғымы және оның оқу үрдісіндегі рөлі (Тақырыптың ғылыми – теориялық негізі.) Заманауи әдіс-тәсілдер (инновациялық) білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдары кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылыстар үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. Р.Масырова, Т.Линчевская – “Жаңару” (новшество) дегенімізді былай деп түсіндіреді: Жаңару – белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея.
Инновациялық үрдіске түскен ұжым даму барысының бірнеше кезеңін бастан кешіреді: 1) жалтақтап күдіктену; 2) даңғазашылдық; 3) тұрақтану; 4) ынтымақтастық қалыптасуы. Соңғы екі кезеңі – инновациялық үрдісті ұжымның шығармашылықпен сезінген, түсінген кезеңдері
Ең алғаш “Инновация” ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” деген анықтаманы ұсынады.
Н.Нұрахметов “Инновация” білімінің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке-дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке-дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын)
“Инновация” сөзі - қазіргі уақытта барлық өндіріс, медицина, техника салаларында өте жиі қолданып жүрген термин. Қазір бұл сөз “Жаңа, өзгеру, жаңаша” деген мағынаны білдіреді және дәл қазіргі жаңа заманға да “Жаңа, жаңаша өзгерудің” мазмұны терең және анық екендігі белгілі. Бұл әдістеменің негізінде үйренушінің дербес қабілеті, белсенділігін қалыптастыру, оқыту материалдарын өзінше пайдалану арқылы танымдық белсенділігін арттыру алға шығады.
Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануда оқытушы сабақты дайын күйінде бағалайды, әрбір білім алушының өзі ізденіп ғылыми негіздерін өз бетінше игеріп, ғылыми зерттеуді көздейді, ал оқытушының негізгі міндетіне білім алушының іс-әрекетін бақылау жатады.
Инновациялық процестің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады
Елбасы Н.Назарбаев білім және ғылым қызметкерлерінің III съезінде білім сапасын арттыру жөнінде тұжырымды ой айта келіп, білім нәрімен сусындататын біздің асыл да ардақты ұстаздарымызға да үлкен міндеттерді жүктегені барлығымызға мәлім. Ендеше, келешекте Қазақстанның ғарыштап дамуына өз үлесін қосатын бүгінгі ұрпақ – ертеңгі азамат болғандықтан, оқу–тәрбие үрдісін жаңартып, білім сапасын арттыру оқытушылар құзырындағы өте үлкен жауапты іс.
Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды оқып, үйреніп сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:
- білім алушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технология түрлері сан алуан, оларды таңдау және одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты;
- жаңа инновациялық технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады;
- жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу барысында әрбір оқу орнының материалдық-техникалық базасында бүгінгі талапқа сай еместігі, әрі жетіспеуі, кадрлық әлеуметтің төмендігі көп кедергі жасайды.
Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты – оқу орындарындағы білім беру процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті. Сондықтан ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу - әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады
Біздің ойымызша, оқу орындарында инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай:
- әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;
- білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;
- өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;
- аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.
Өмір талабы бойынша оқушы қазіргі кездегі сабақта қонақ болып отырмай, оның негізгі кейіпкері болу керек. Осыған қарай нәтижеге жеткізсе, әр технология тиімді. Оқу үрдісіннің тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру мақсатымен өз басым жеке технологиялармен танысып, оларды оқып, үйренуге бет бұрдым.

   



Қазіргі заманда жиі кезесетін  технологиялар төменгі кестеде көрсетілген:

Технологиялар атауы

Авторлары

1

Саралап деңгейлеп оқыту

Қараев Ж.А.,Кобдикова Ж.У.

2

Талантты және дарынды балаларды оқыту

Ренцулли, Райс, Макэлпайн, Рид,Эйр

3

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу

Жан Пиаже, Мария Монтессори, Лев Выготский, Маслоу, Роджерс

4

Топтағы бірлескен және ұжымдық жұмыс

Мак Грегар,Джонсон мен Смит

5

Жобалау әдістемесі

Дж. Дьюи

6

Сын тұрғысынан ойлауға үйрету

Джон Дьюи, С.Крутис. Б.Блум

7

Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау

Александр, Дилан Уильям, Блэк

8

Диалогтік оқу

Мерсер мен Литлтон, Выготский, Барнс

9

Оқытуды басқару және көшбасшылық

Макпет, Элмор

10

Интерактивті оқыту технологиясы

Я.А. Каменский

 Бұл, әрине, барлық технологиялардың толық тізімі емес. Заманауи әдіс-тәсілдердің нәтижесінде оқу технологиясы осы мақсаттарға жетуі тиіс:

1.     Оқушыны илеуге көне қоятын объект деп қарамай, табиғат берген қасиетін, күш қуатын шыңдайтын, қабілетін дамытатын жеке тұлға деп мойындау.

2.     Жеке тұлғаның мемлекеттік және жергілікті жердің мүддесін ұштастыруы.

3.     Оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне, бейімділігіне, қабілетіне қарай білім мазмұнын міндетті түрде игеретін деңгейлерін анықтау.

4.     Оқушыға «Білім туралы» Заңға сәйкес өз бағасын таңдауға мүмкіндік беру.    

5.     Жалпы білім беру мекемелерінің көп түрлігін қамтамасыз ететін білім мазмұның құрылымын нақтылау.  

2.3 Практикалық жұмыс.

Инновациялық технологияның мақсаты - технологияға бейімдей отырып, сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білу, ой қиялын ұштау, түс түрлерін ажырату, ізденіс қабілетін дамыту, оқушыны өз бетімен ізденіс жасауға бағыттау, жеке тұлғаны қалыптастыру.

Мен бейнелеу өнері сабағында 7 модуль технологиясының элементтерін жиі қолданамын. Жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды.

7 модуль технологиясы:

- оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне;

- оқушының ынталандыруға;

- оқушы мен оқытушының ынтымақтастық

қарым-қатынас достығына;

- оқушының өз білімін өз бағалай білуіне;

- баға әділдігіне;

- білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік береді.

Бүгінгі күннің талабы әр бір оқушыға түбегейлі білім мен мәдениеттің

негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай

жасау. Сондықтан білім беру жүйесінде жеке тұлғаны дамытып білімді

азамат ретінде қалыптастыру үшін, жаңа педагогикалық

технологиялардың рөлі зор. Оқушының білім деңгейі, білімді меңгеру

дағдысы барлығында бірдей болуы мүмкін емес жағдай. Сондықтан

мен өзімнің сабақтарымда 7 модуль технологиясын пайдаланамын және бұл тиімді.

7 модуль технологиясынан күтілетін нәтиже:

1. Алдына қойған мақсатына жете алатын оқушы тәрбиелеу.

2. Әр оқушы өз білім деңгейін, мүмкіндігін, іскерлігін біліп қана қоймай

оны дамытады.

3. Өз бетімен ізденіс дағдыларын шығармашылық қабілетті

жетілдіретін, шығармашыл тұлға тәрбиелеу.

4 - сынып


Сабақтың тақырыбы: Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушының сыни тұрғыдан ойлау арқылы логикалық ойлауларын жетілдіруге,бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары туралы түсініктерін кеңейту.

2.Өнер шығармалары жайлы түсінігін кеңейту, жанрлар ерекшелігін ажырата білу қабілетін дамыту.

3. Эстетикалық тәрбие беру, суретші шығармалары арқылы оқушыларды әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу.

Өзара білім алмаса алатын тиянақты шешім қабылдай білуді меңгерту.

Сабақ нәтижесі:Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын білетін болады. Топта жұмыс жасауға дағдыланатын болады.

Құрал- жабдықтар: магниттіктақта, плакат, маркер.

Көрнекіліктер: суреттер, слайдтар

Әдісі: топпен жұмыс, топтастыру, сын тұрғысынан ойлау сұрақтарын қолдану, АКТ, формативті бағалау.

Сабақ кезеңдері

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

1

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

5 мин

Оқушылармен сәлемдесу

Сары, қызыл, көк түсті карточкалар жатқан парталарға өз еріктерімен орналасу сұралады.

Топқа бөлінеді.

Топ ережесін айту.

Бүгінгі сабақта 3 топ бір - біріне баға береді. Берілген критерий бойынша.

Оқушылар өз еріктерімен 3 топқа бөлінді.

2

Үй тапсырмасын сұрау 3 мин

Тапсырманы тексеру.

Дайындықтарын көрсетеді.

3


Тұсаукесер

5 мин

Слайд арқылы бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын ажыратуға ұсыну.

Дұрыс жауапқа смайлик тарату.

Слайдты көріп ой айтады.

4

Жаңа сабақ

10 мин


5 мин



5 мин


Джиксо әдісі арқылы бейнелеу өнерінің түрлерін еске түсіреді ( дайын анықтама таратылады).

Живопись жанрларымен танысу үшін сөзжұмбақ шешу арқылы “Галереяға” экскурсия жасау.

-Галерея сөзіне түсінік беру.

Әр топқа сурет қиындылары беріледі, суреттердің қай жанрға жататынын тауып, дайын жазылған атауға жабыстырады.

Дұрыс жауапқа смайлик тарату.

Мүмкіндігіне қарай бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары туралы бір- біріне түсіндіруге тырысады.

Сыни ойланып, жауабын шешеді.

Постер құрастырып, қорғайды.


Қызығады, құлшынады.

5

Сергіту сәті

2 мин

Көңілді күн.

Оқушылар барлығы жасайды.


6

Мағынаны түсіну

5мин

Әр топқа ТЕСТ тапсырылады.

3 топқа суреттер таратылып, албомдарына бейнелеу ұсынылады.

Топпен жұмыс жасап, бірігіп шешеді.Ұқсатып салуға тырысады.

7

Қорытындылау

2 мин

Топтар бағасына толықтыру енгізу.

Әр топтан жақсы жұмыс жасаған оқушыларды мадақтау.

Формативті бағалау

Мадақтау

8

Үйге тапсырма беру 1 мин

Абайдың “Қыс “өлеңіне композиция құру.

Күнделікке жазу.

Ойланады, ізденеді

9

Рефлексия

Бағдаршам әдісі

Бағдаршам түстес дөңгелектерді көтереді.

10

Бағалау

Әр топтан жақсы жұмыс жасаған оқушыларды мадақтау.

Мадақтау

6 – сынып

Сабақтың тақырыбы: Түрлі материалдардан иллюстрация құру.

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушының сыни тұрғыдан ойлау арқылы логикалық ойлауларын жетілдіруге түрлі тапсырмалар арқылы ықпал жасау.

2. Түрлі материалдарды құрастырып, композиция құрастыруға үйрету, қабілеттерін дамыту.

3. Эстетикалық тәрбие беру, суретші шығармалары арқылы оқушыларды әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу.

Өзара білім алмаса алатын тиянақты шешім қабылдай білуді меңгерту.

Сабақ нәтижесі: Топта жұмыс жасауға дағдыланатын болады. Ойлана отырып, шығармашылықтарын дамытады.

Құрал- жабдықтар: магниттіктақта, плакат, маркер, тиындар, мата, темір-терсек, фото қиындылары.

Көрнекіліктер: суреттер, слайдтар

Әдісі: топпен жұмыс,топтастыру, сын тұрғысынан ойлау сұрақтарын қолдану, АКТ, формативті бағалау.

Сабақ кезеңдері

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

1

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

5 мин

Оқушылармен сәлемдесу

Ақша түрлері арқылы топқа бөлінеді.

Топ ережесін айту.

Бүгінгі сабақта 3 топ бір - біріне баға береді. Берілген критерий бойынша.

Оқушылар 3 топқа бөлінді.

2

Үй тапсырмасын сұрау

3 мин

Тапсырманы тексеру.


Дайындықтарын көрсетеді.

3


Тұсаукесер

5 мин

Слайд арқылы коллаждың түрлі әдістерін ұсыну.

Слайдты көріп ой айтады.

4

Жаңа сабақ

5 мин



Сөзжұмбақ шешу. Коллаж, композиция, иллюстрация сөздеріне түсінік беру.

Суреттер таратылып, қандай материалдан орындалғанына талдау жасату.

Дұрыс жауапқа смайлик тарату.

Мүмкіндігіне қарай түсінгендерін айтады.

Сыни ойланып, жауабын шешеді.

Қызығады, құлшынады.

5

Сергіту сәті

2 мин

Тиіндер биі

Оқушылар барлығы жасайды.


6

Мағынаны түсіну

19 мин

Топтарға жеке тапсырмалар беріліп, орындуға ұсынылады.

Топпен жұмыс жасайды.

Ұқсатып салуға тырысады.

7

Қорытындылау 2 мин

Көрме ұйымдастыру.

Әр топтан жақсы жұмыс жасаған оқушыларды мадақтау.

Формативті бағалау

Мадақтау


8

Үйге тапсырма беру

1 мин

Өз еркімен иллюстрация құру және қажетті құралдар әкелу.

Күнделікке жазу.

Ойланады, ізденеді

9

Рефлексия

Бағдаршам әдісі

Бағдаршам түстес дөңгелектерді көтереді.


Қорытынды.

Қорыта айтқанда, педагогикалық жаңа технологиялардың барлығы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына, өздігінен шығармашылық жұмыспен істей білу қабілетін және біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Оқушының шығармашылық қабілеті, практикалық әрекеттері ізденімпаздығы арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрететін сабақтар жаңа технологияларды қолдану болып табылады. Мұндай сабақтарда мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптасады. Мұғалім бұл жағдайда білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы емес, бағалаушы емес танымдық іс-әрекетін ұйымдастыратын ұжымдық шығармашылық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана оқушы интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады 7 модуль технологиясын пайдалана отырып мұғалім мынадай жетістіктерге жетеді:

  • Нәтижелі әдіс тәсілді меңгереді;

  • Жұмысына қызығушылық танытады;

  • Жоғары нәтижеге жетуге ұмтылады;

  • Озық ойлы оқушылар қалыптастырады;

  • Шығармашылық бағытта жұмыс жасайды;

  • Жеке қабілеттерін айқындап отырады.

        Қоғамның білім беру жүйесінің алдына қойған талабы: оқыту барысында баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық тұлға қалыптастыру міндетін шешу.

   Жалпы, біздің оқытудағы өз проблемамыз оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып сабақтың тиімділігін арттыру. Сонымен қатар оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырып, АКТ-ны тиімді қолдана білуге дағдыландыру .Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын белсенділігін, дағдысын, білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі бөлігінің бірі- әр мұғалім сабақ жоспарын құрастырған кезде нақты мақсаттар қойып, соған жету жолдарын ізденушілік, жауапкершілік көз қараспен қарауы. Жан-жақты дайындалуы, өз білімін өзі шыңдау,  шығармашыл қабілеттерін үнемі арттырып отыру қажет. Оқушының танымдық белсенділігін қалай дамытуға  болады? Сабақтың тиімділігін қалай арттыруға болады? Жаңа технологиялардың осы мақсаттарға жетудегі пайдасы қаншалықты? деген сұрақтарға өз жұмысымда жауап беруге тырысуы керек. Бұрын мұғалімінің басты міндеті баланы оқуға үйрету болса, қазір – оқушыны тұлға етіп қалыптастыру. Сондықтан жоғарыда аталған мүмкіндіктерді жүзеге асыру, тиімділігіне қарай пайдалану – мұғалімнен үлкен шеберлікті, ізденушілікті, шығармашылықты талап етеді.















Қолданылған әдебиеттер

 

1. Әлмұханова Г «Шығармашылық деңгеймен жұмыс жасау»,2003ж


2.
“Болашақтың іргесін бірге қалаймыз” Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2011 жыл


  1. Білімдегі жаңалықтар. ақпаратты-әдістемелік журнал № 2,3,4 2011


4. Қазақстан мектебі Республикалық ғылыми-педагогикалық журнал

2,2002ж


  1. Қазақстан мектебі. Республикалық ғылыми-педагогикалық журнал

3,4,5 2009


6. Қошанова М «Оқушылардың бақылау қабілеттерін дамыту» бастауыш мектеп №1,2004ж


  1. ҚР Білім туралы Заңы


  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық



17


Автор
Дата добавления 06.02.2016
Раздел ИЗО, МХК
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров473
Номер материала ДВ-423441
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх