Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / ИЗО, МХК / Конспекты / Бейнелеу өнері пәнінен "Эпостық жырларға иллюстрация жасау" тақырыбында сабақ жоспары. Кіріктірілген сабақ-6 сынып

Бейнелеу өнері пәнінен "Эпостық жырларға иллюстрация жасау" тақырыбында сабақ жоспары. Кіріктірілген сабақ-6 сынып


  • ИЗО, МХК

Поделитесь материалом с коллегами:

Батыс Қазақстан облысы

Бөрлі ауданы

Ақбұлақ мектеп-балабақша кешені



















Тақырыбы:



Эпостық жырларға иллюстрация

жасау ”

(Кіріктірілген сабақ)



(Аудандық семинарда тәжірибе алмасты)



















Дайындаған: Утегалиев Е.С.

Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі

























2015-2016 оқу жылы



Сабақтың тақырыбы: Эпостық жырларға иллюстрация жасау

Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: оқушыларға батырлар жыры, олардың өзге жырлардан айырмашылығы, "Қобыланды батыр" жыры жайлы толық түрде түсінік беру..

ә) дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігі, тіл мәдениетін дамыту, шығармашылыққа баулу.

б)  тәрбиелік: оқушыларды елін, жерін, Отанын қадірлей білуге,адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту.

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ

Сабақтың әдісі: Репродуктивті , түсіндіру,

әңгімелесу, затқа қарап сурет салу

Қажетті

технологиялар: Компьютер, интеративті тақта.

Сабақтың

көрнекілігі: Суретшілердің шығармалары,

презентация, графикалық материалдар

Пәнаралық байланыс:

Тарих, қазақ әдебиеті, музыка



I.Ұйымдастыру кезеңі:

Сабаққа жалпы дайындықтарын тексеру, оқушы назарын сабаққа аудару,

сыныпта жоқ оқушыны белгілеу.

Көңіл-күйіміз қандай?

Көңіл-күйім жақсы” “Маған бәрі бір” “Көңіл-күйім жаман”

II.Өткен материалды қайталау:

1.Иллюстрация дегеніміз не? кітап безендіруде қолданылатын көркемсурет

2. Абай кім? ұлы ақын, суреткер

3. Желсіз түнде жарық ай,Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың маңы терең сай,Тасыған өзен гүрілдеп.

4. Мына өлеңде табиғаттың қай мезгілі суреттелген?


Мына суреттерде қандай жанрлар бейнеленген?

hello_html_m6a471bc7.jpghello_html_3b79827c.pnghello_html_m3cf83e3a.jpg

портрет пейзаж графика



ІІ. Жаңа сабақ:

Иллюстрация- түрлі – түсті бояумен салынады , латынның «иллюстро» жарықтандыру сөзінен алған. Иллюстрациялау графика өнерінің бір түрі.


Эпостық жырлар.

Эпос (грек. epos – сөз, баяндау, әңгіме, өлең) – 1) әдебиеттің бір саласы.

Құрамына аңыз, ертегі, әңгіме, новелла, повесть, роман, эпик. поэма, эпопея жанрлары, сондай-ақ көркем очерктер кіреді.

Түркі мәдениетінің, одан бері қазақ мәдениетінің керемет құнды дүниелерінің бірі — эпостық жырлар. Ә. Марғұлан қазақ эпосын мынадай кезеңдерге бөлген:

1)Архаикалық кезең. Ол — исламшылдыққа дейінгі түркі мифтері негізінде жасалған туындылар. Оған Күлтегін жоқтауы, Құламерген, Шоламерген, Ер Төстік, Ақ Көбек, Оғыз қаған туралы аңыздар жатады;

2) Оғыз-қыпшақ дәуірі (VI—XII ғғ.). Бұл кезде жергілікті түркілер Қытай, Иран, Византия, Араб шапқыншыларына қарсы күресті жырлаған. Мысалы, «Қорқыт ата кітабы», «Алдар көсе», «Қозы Көрпеш — Баянсұлу», т.б.;

3) Ногайлы дәуірі (XIII— XVIғғ.) — «Бөгенбатыр», «Едігебатыр», «Қобыланды», «Ер Сайын», «Қамбар батыр», «Мұсахан», «Орақбатыр», т.б.;

4) Қалмақ шабуылы дәуірі — XVII—XVIII ғасырлардағы «құба қалмақ» заманы. «Олжабай», «Қабанбай», «Бөгенбай», т.б.;

5) Кейінгі дәуір. Қазақ батырларының хан, сұлтандарға, патша әкімдеріне қарсы күресін бейнелейтін жырлар.



Қобыланды Батыр жыры

Қазақ халқының қаһармандық жыры. Негізгі мазмұны—шет ел басқыншыларынан елді қорғау, осы жолда асқан ерлік көрсеткен ер азаматтардың батырлық істерін көрсету.

«Қобыланды батыр» жырын жинау тек 19 ғасырда ғана қолға алынды. Жырдың бізге 29 түпнұсқасы жеткен.Осы 29 нұсқасының 26-сы Қобыланды батырдың ерлігі жайында жазылған.

Ал 3 нұсқасы Қобыландының балалары Бөкенбай мен Киікбай батырлар туралы жазылған.«Қобыланды батыр» жырының заңды жалғасы болып есептелетін Қарлыға қыздың достығы, махаббаты, ерлік істері жайында тағы бір жыр бар.



Қобыланды Батыр ескерткіші

hello_html_473ef657.jpg

Қызылорда қаласы

Тарихтың көзімен қарағанда, біздің алдымыздағы міндетҚобыландының жорығы. Батырлық сапары тарихтың қай кезіне жақындауға мүмкін, соны тексеріп қарау. Елдің есінде ескіден сақталып қалған әңгімені жалпы тарих шеңберіне сыйғызып көру.

Қобыландының үлкен жорығы Қазан қаласына аттанудан басталады. Ел жыры Қобыландыны Қазан қаласымен соғыстырады. К,азан хандығының астанасы болған бүгінгі Еділ бойындағы Қазан қаласы. Бұның дәлелі әңгіменің өзінен көрінеді. Қобыланды аттанып барған Қазан екі қала екен дейді, бірісырлы Қазан, біріқара Қазан.

Тоқтарбайұлы Қобыланды (XV ғ.) – аты аңызға айналған халық батыры.

Шыққан тегі – Қыпшақ, оның ішінде Қара Қыпшақ.

Халық жадында сақталған әңгімелерде, халық шежірелерінде оны көбіне «Қара Қыпшақ Қобыланды» деп атайды.

Шежіре деректеріне қарағанда, Қара Қыпшақ Қобыланды Жошы ханның Шайбан деген баласының тұқымы Әбілхайыр ханның тұсында (XV ғасыр) өмір сүрген, соның белгілі қолбасшыларының бірі болған адам. Қазақ хандығының бөлінуіне де осы Қобыланды батыр себеп болған делінеді

Қобыланды батыр жайында екінші бір дерек көзіқазақ халқының қаһармандық жырларының бірі"Қобыланды батыр" жыры. Бұл мазмұны жағынан да, басқа батырлық жырларға қарағанда шоқтығы биік тұрған халықтық шығарма, ерлік эпопеясы. Бұл жырдың оқиғаларына қарағанда, Қобыландының ерлік жолы қазақ елінің сол кездегі сыртқы жауықызылбастар (парсылар) мен олардың шапқыншылық жасаған ханы Қазанға қарсы күресінен басталады. Оның бұдан кейінгі шайқасқан батырларының атына қарап, олардың атақты Едіге батырдың тұқымдары екенін аңғаруға болады. Қобыланды батырдың Орақ батырмен дос болып, Алшағырмен жауығуыҚазақ хандығының өзара іштей екіге бөлінген Ноғай ордасының бірін қолдап, екіншісімен соғысып жатқан тарихи кезеңін алға тартады. Мұның бәрі Қара Қыпшақ Қобыланды батырдың аңыздық негізде қиялдан туған кейіпкер емес, өмірде болған, ерлік істерімен еліне танылып, құрметіне бөленген хас батырларының бірі болғанын дәлелдейді. Және де қазақ халқының қалыптасуына үлкен үлесін қосты


ІІІ. Сергіту сәті

ІҮ. Сарамандық жұмыс 


Қобыланды батырдың бейнесінің суретін салу

Қобыланды - ел қорғаны болған, елінің мақтаны, айдыны болған батыр. Нар түйедей, ержүрек, өжет, қайратты.


Ү. Сабақты бекіту: Ассоциацияны аяқтау;


hello_html_m4a84b222.pnghello_html_5f96ebf2.gifhello_html_70ac3345.pnghello_html_1cc5a2a6.png

hello_html_759815ec.gifhello_html_m7e0185f3.gif

Иhello_html_3dc52e91.gifhello_html_m383d7c8.gifhello_html_m64335e0a.gifллюстрация


hello_html_468c504c.pnghello_html_80250c9.pnghello_html_70824f92.png

Сөзжұмбақ шешу:

Тақырыбы: «Қобыланды»



hello_html_5041f147.png


Сөзжұмбақтың сұрақтары: 
1. Адамның бет әлпетін бейнелейтін көркем шығарма. Портрет

2. Мата бетіне сурет салу қалай аталады ? Батик

3. Түрлі-түсті бояумен суреттеу? Иллюстрация

4. Табиғатты бейнелейтін жанр? пейзаж

5. Түстерді зерттейтін ғылым? Түстану

6. «Қазақ эпосы» кітабына иллюстрация жасаған суретші? Сидорин

7. Өлең, шумақ? Жыр


ҮІ. Қорытындылау:

Иллюстрация түрлі – түсті бояумен салынады. Иллюстрация латынның «иллюстро» жарықтандыру деген сөзінен алынған.


Рефлексия парақшаларын үлестіремін.


Мен білемін

Білгім келеді

Мен үшін жаналық





ҮІІ. Үйге тапсырма:

  • Қобыланды батырдың бейнесін аяқтау.

  • Эпостық жырларға иллюстрация жасау- 46 бетті оқу

ҮІІІ. Бағалау:  



Автор
Дата добавления 14.11.2015
Раздел ИЗО, МХК
Подраздел Конспекты
Просмотров1044
Номер материала ДВ-155345
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх