Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / ИЗО, МХК / Конспекты / Бейнелеу өнері "Өрнекті композиция" (6 сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • ИЗО, МХК

Бейнелеу өнері "Өрнекті композиция" (6 сынып)

библиотека
материалов

Бейнелеу өнері 6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Өрнекті композиция. 
Сабақтың мақсаты: 

Білімділік: композиция туралы және ою-өрнектер

жайында тереңірек білім беру. 
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, елестету қабілеттерін

дамыту. Қолдарын жаттықтырып өздеріне

композиция құруды талап ету. 
Тәрбиелік: Жұмыстарын эстетикалық тұрғыдан ұқыпты

орындауға тәрбиелеу. 
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,

Сабақтың көрнекілігі: ою-өрнек элементтері бейнеленген кесте- 
лер ұлттық ою-өрнекпен безендірілген әр түрлі пішім-
 
дегі бұйымдар.
Фотосуреттер, слайдтар. 

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Сабаққа

дайындықтарын тексеру. Қызығушылықтарын ояту.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

1.А4 форматқа символ салып келутапсырылған. Жұмысты тексеремін.

2.Үй тапсырмасын бекіту./сұрақ-жауап/

1.Символ дегеніміз не?

2.Түстік символдарды ата.

3.Белгілік символ дегенді қалай түсінесің?

4.Қазақстанның Елтаңбасындағы символдар нені білдіреді?

3.Білімдерін жан-жақты тексеру.

/ Семантикалық картаны пайдаланамын /

Торкөздегі сұрақтарға жауап береміз.Сұрақ пен жауаптың түйіскен торкөзіндегі әріптерді тізіп жазсақ,бүгінгі сабаққа қатысты сөзді аламыз.

Портрет


Шебер


Үшеу


Алқа,шашбау

Натюрморт


Композиция


Аңдар

Жансыз заттардың суреті

т

п

к

м

О

ш

ң

Негізгі түстер нешеу

і

у

Ю

х

ү

ч

м

Үйлестіру дегеніміз не?

п

ы

щ

т

с

Ө

р

Адамның кеудеге дейінгі суреті

Р

ж

о

а

п

м

л

Ағашпен жұмыс істейтін адам

с

Н

х

р

к

ң

ұ

Зергер не істейді?

у

х

т

Е

ш

ы

ь

Анималистік жанр нені бейнелейді?

і

б

п

ү

ң

ж

К



а.Жансыз заттардың суреті.

ә.Негізгі түстер нешеу?

б.Үйлестіру дегеніміз не?

в.Адамның кеудеге дейінгі суреті.

г.Ағашпен жұмыс істейтім адам.

д.Зергер не істейді?

е.Анималистік жанр нені бейнелейді?

4.Жаңа сабаққа даярлық.

Сабақтың тақырыбы: Өрнекті композиция

5.Жаңа сабақ.

Сәндік-қолданбалы өнер дегеніміз эстетикалық мәні жағынан маңызды әрі көркем түрде өндірісте немесе қолмен бұйымдар жасау.Сәндік-қолданбалы өнер заттары көбіне ұлттық нақыштармен көзге түседі.

Халықтың қолданбалы өнерінен үйренеріміз көп, ол әмбебап, өзіндік ерекше қасиетке ие өнер. Сәндік қолданбалы өнер заттары көбіне ұлттық ою-өрнектерімен көзге түседі. Осы арқылы біз халқымыздың ерекшелігін көре аламыз.

Халқымыздың қолөнерінің бір саласы – ою-өрнек. Адам бар қуанышын да, қайғысын да ою-өрнек арқылы білдіріп отырды. Бар сырын ішіне бүгіп, сиқырлы күйге көшкен бұл өнер ғасырлар бойы халықтың еңсесін көтеріп, рухани сергітті, қуанышқа бөледі.

Қазақтың көп өнерінің ішіндегі бірегейі – ою-өрнек өнері. Ою-өрнектің соншама шарықтап дамуын халқымыздың күнделікті өмірімен, әдет-ғұрпымен терең байланыстырамыз. Ою-өрнек сыры өте терең және күрделі мәдени құбылыс, ол тыңғылықты зерттеуді талап етеді.

Оюы көптің өрнегі көп,

Өрнегі көптің ермегі көп.

(Халық нақылы)

Қазақ халқының қол өнерінің сала - саласында  кең қолданылып келген, өнердің өте көне, әрі күрделі түрі – ою-өрнек өнері.

Ою-өрнек ежелгі замандарда қалыптасқын, халқымыздың тарихымен, өмірімен бірге ілгерлей дамып отырған. Ою-өрнек өнерінің дамуы барысында әрбір тарихи дәуірдің өз таңбасы бар. Ою-өрнек үлгісінде әр халықтың ерекшеліктері, халықтың келбеті айқын танылады. Халықтың географиялық ортасында әдеп-ғұрып, салт-дәстүріне байланысты, ою-өрнек үлгілері әртүрлі жағдайларда дамып, түрленіп отырады.

Сонымен, ОЮ-ӨРНЕК дегеніміз – геометриялық және бейнелеу элементтерінің жүйелі ырғақпен қайталанып, үйлесімді құрылуы. Ою сөзінің латынның ornamentum (орнамент), ал өрнек сөзін орыстың узор сөзінің баламасы ретінде қолдануға болады.  

Ою-өрнектерді композициялық құрылымына қарай бір жүйеге келтіру үшін ғалымдар үш топқа бөледі:

1.          Өсімдік типтес ою-өрнек. Көкөніс өрнектерінде өсімдіктердің гүлі, жапырағы, сабағы, дәні т.б. негізгі элементтері көрінеді.

2.          Зооморфтық ою-өрнек. Өрнектер негізінен жануарларды, яғни аң-құс, балық т.б. түрлі жәндіктерді және олардың мүшелерін бейнелейді.

3.          Космогониялық өрнек. Өрнектер дөңгелек, ирек, шимай, торкөз т.б. құралады.

Құрт-құмырсқаға байланысты: Ашақұрт, Құмырысқа, Көбелек, Тышқаніз, Жыланбас.

Малдың дене мүшелеріне байланысты: Қошқармүйіз, Қосмүйіз, Түйемойын, Бесікқұлақ.

Аңның дене мүшелеріне байланысты: Бөріксөз, Түлкібас, Итқұйрық, Итемшек.

Қару құралдарға байланысты: Сыңарөкше, Он екі таспа, Өрімөрнек, Таңдай, Балта, Қайнар, Тарақ.

Құстарға байланысты: Құсқанаты, Құстұмсық, Құсжлы, Қарғатұяқ.

Ай, күн, көк әлеміне байланысты: Айшық, Айбалта, Райхангүл, Жұлдыз, Айбас.

Геометриялық фигура тектес: Төрткөз, Көпбұрыш, Дөңгелек, Тұмарша.

Жер, су, өсімдік бейнелі: Мамықгүл, Тармақ, Шыныгүл.

Халқымыздың бізге жеткен ою-өрнек үлгілері – бай мұра, сарқылмас қазына.

Ою-өрнек – тұрмыста бір бұйымның бетін әшекейлеу үшін қолданылатын нақыш, өрнек. Заттың бетін өрнектеу үшін ісмерлер әр түрлі тәсілді қолданылады. Олар: оймыштау, бедерлеу, шеку, қашау, тісеу, құрау тәрізді әрекеттер арқылы жүзеге асады. Әр өрнек белгілі бір бөлшектен (элемент) құралады.

Қазақ қолөнерінде ою-өрнек өте кеңінен қолданылады. Халық шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдардың ою-өрнекпен безендірілмегені  өте аз кездеседі. Ою-өрнек қолданбалы қолөнер бұйымдарының тұтыну және эстетикалық мән-мағынасын аша түседі. Сондықтан қолөнер шеберлері жасаған заттардың әрқайсысының қалай

hello_html_m37f3848b.jpghello_html_m11be8b17.jpg

hello_html_79d5712a.jpghello_html_40e3d2bb.jpg

әшекейленіп, өрнектелгеніне жіті зер салған жөн. Ою-өрнек өнері ежелгі замандарда қалыптасып, халқымыздың тарихымен, тұрмыстағы әдет-ғұрып, салт-дәстүріне сай дамып, түрленіп жетілдіріліп отырған. Жер жүзіндегі барлық халықтарда дерлік ою-өрнек өнері көне замандарда қалыптасып, дамып, бүгінгі күндерге дейін өз қасиеттерін жоймай, ірі рухани мәдениет үлгісі ретінде сақталып келеді. Халық шеберлері ою-өрнекпен, сәулетті ғимараттарымен, киім-кешек, жиһаз, қару-жарақ, ат әбзелдерін, зергерлік әшекей заттарын т.б. тұрмыста тұтынатын заттарын безендіріп отырған. [1]

Өнертанушы В.Чепелев: «Қазақтар тек ою-өрнек әлемінде өмір сүретін сияқты»,–деп жазған еді. Шынында да қазақ тұрмысында ою-өрнектің араласпайтын саласы жоқ десе де болады.

Біздің Қазақстанның алғашқы да атақты суретшіміз Әбілхан Қастеев «Өнерді қайдан үйрендің?» - деген сауалға:

Таудың бұлағынан, 
Қойдың құлағынан,
 
Апамның киізінен,
 
Ешкінің мүйізінен, - деп жауап берген болатын. Мына сөздерге зер салып қарайтын болсақ,бізді қоршаған ортаға қарап,өнерге деген сүйіспеншілікке үйренсек болады екен.Өйткені өнер адамдарының өзі ою-өрнекті табиғаттан алады.

Ою-өрнек –үйлесімділікпен бір қалыпқа түскен элементтерден тұратын нақыш.

Өрнектердің түстері мен бояулары

Қазақ ою-өрнегіне зер салған адам ою-өрнектің өз бойына еншілеген тақырыптық мағынасы, композициясы, симметриясы мен ритмі, сондай-ақ оған арналған философиялық мәні бар екенін байқап түсінуге болады.  Мысалы, қызыл, жасыл, ашық және анық, жарқын түсті ою-өрнектердің жасырын құпия тілдерін түсіну қиын емес. Бояу үндестігі, бояу шешімі ою-өрнек өнерінде адамға идеялық және эмоциялық жағынан әсер ететін негізгі арқау болып саналуында. Қазақ ою-өрнегінде ақ бояу түрі көбірек қолданылады

Өрнек түстерінің үйлесімді орналасуының зор мәні бар.Әрбір түс белгілі тәртіппен кезектесіп орналаспаса ,өрнек әлсіз,нашар болып шығады.Ретсіз орналасқан бояу түстері қандай жақсы болса да күңгірт,солғын болып көрінеді.

Бояу мен түсті таңдап пайдалануда қазақ халқы үшін символдық мәні болған.

Көк түс-аспанның символы,қызыл түс-оттың,күн көзінің,сары түс-ақыл-парасаттың,қара түс-жер символы,жасыл түс-жастықтың,көктемнің символы.

Ою-өрнектің композициялық сипатына қарай түрлері

Қазақ ою-өрнектерінің жасалу принциптері бар. Жалпы қазақ қолөнер шеберлері өлшеп-пішпей-ақ екі заттың тең пропорциясын жасай білген. Қазақ ою-өрнегінің басты ерекшелігі–композиция, ритм (ырғақ) симметриялық принциптерінің берік сақталып келуі.

Таспалы өрнектер деп таспада орналасқан оюларды айтамыз

Тұйық өрнектер – шеңбер ішінде,түрлі бұрыштар ішінде орналасқан оюлар.

hello_html_m6eb75ea6.jpghello_html_m6b1724e2.pnghello_html_789d5ea3.png

Тор көзді өрнектер деп элементтері екі бағытта орналасқан оюларды айтады.

Бұйымдарды өрнектеу

Ою-өрнекті сан құбылтып, әдемі өрнек шығару қолөнер шеберінің талғамына, ой-өрісіне, танымы мен біліктілігіне байланысты. Тепе-теңдікті, ырғақты және заттың мөлшерін сақтай отырып, қиылған ою-өрнекті бұйымдарға талғаммен ұтымды орналастыра білу шебердің біліктілігіне келеді.

Осы оюлармен бұйымдарды әшекейлеу барысында төмендегі ережелерді сақтау керек:

1.Салынатын өрнек бұйымның көлемі мен оның пішініне сәйкес келуі тиіс.

2.Өрнекті композиция негізгі бұйымның түстік фонының өрнектеріне сәйкес келуі,яғни бір-бірімен үйлесімді болуы керек.

3.Өрнектер бір-бірімен тепе-теңдікте болуы шарт.

4.Түрлі түстер арқылы өрнекті композицияның ортасы,жиегі өзгешеленіп тұруы керек.

5.Тұйық композициялық өрнектер шеңбер,үшбұрыш немесе ромб ішінде орналасуы керек.

6.Оқушылардың өздік жұмысы

Текше ішінде өрнекті композиция құрастырады.

7.Сабақты қорыту.

Ребус шешу.

Ою ойғанның ойы ұшқыр

Сұрақ-жауап

1.Ою-өрнектер қандай топтарға бөлінеді

2.Ою-өрнекті тұрмыста қай жерлерде кездестіруге болады?

3.Тұйық өрнектерге не жатады?

4.Өрнекті композиция құрған кезде нені ескеру керек?

5.Бұйымдарды өрнектегенде қандай ережені сақтау керек?

8.Үйге тапсырма. Жұмысты бояп аяқтау.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 02.04.2016
Раздел ИЗО, МХК
Подраздел Конспекты
Номер материала ДБ-004116
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх