Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / ИЗО, МХК / Другие методич. материалы / Бейнелеу өнері 1-6 сынып

Бейнелеу өнері 1-6 сынып

  • ИЗО, МХК

Поделитесь материалом с коллегами:

Күні:

Пәні: Бейнелеу өнері Сыныбы: 5 Сабақ №: 16


Сабақтың тақырыбы: «Мұз айдынында»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қиялындағы суреттті қағаз бетіне түсіруге баулу
сабақтың міндеттері:

Білімділік: оқушыларды нұсқаға қарап сурет салуға баулу. Оқушыларды сабақта образдық бейнелерді салуға үйрету.
Тәрбиелілік: Оқушыларды натюрморт салуға баулу. Бейнелеу өнері мәдениеттілігін таныстыру. Эстетикалық тәрбие беру. Шығармашылық қабілетін арттыру. 
Дамытушылық: Бейнелеу өнері заңдылықтарын дұрыс меңгеруге үйрету Есте сақтау, қиялдау, көре білу қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ 
Сабақтың типі: аралас, практикалық 
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: топтық жұмыс, практикалық жұмыс, түсіндірме, сұрақ-жауап, бағалау, «Б-Б-Б», «Кластер», «Аквариумдағы алтын балық» әдістері, ойын
Көрнекілігі: бағалау парағы, бағалау критерийі, «Б-Б-Б» жазылған плакаты, 4-кезеңге бөлінген суреттің үлгісі, заттардан құралған компоновка, үлестірме карточкалар, бағалау үшін бағдаршам көздерінің түстері.
Қажетті құрал-жабдықтар: альбом, түрлі-түсті қарындаштар, құмыра, жеміс-жидектер, жабын, маркерлер, плакаттар.

Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру бөлімі 
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сынып оқушыларының сабаққа дайындығын қадағалау. 
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
А) «Кластер» әдісі (әр топқа плакат пен маркер және фламастер беріледі. Үйге берілген тапсырмадан түсінгендерін схема ретінде сызып, талдап, суретін салып, келесі топқа түсіндіреді.) Мысалы: 

Б) «Аквариумдағы алтын балық» әдісі ( Топ өз жобасын ортада қорғайды. Келесі топ түстер арқылы бағалайды.)
Бұл кезеңнің бағалау критерийі: 
«Қызыл түс»- түсінікті «5», 
«Сары түс» - аздап түсінікті «4», 
«Көк» - түсініксіз «3». 
Қолдарындағы түстер арқылы топтың жұмысын бағалайды. Әр топтың оқушысынан кім жобаны қорғауға қатынасты сол оқушы топтың алған бағасымен сәйкес өз тұсына стикер жапсырады.)

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту.
Нәрсенің өзіне қарап сурет салумен қатар есте сақтап, жатқа сурет салуды үйрену керек. Жатқа сурет салып жаттығу нәрсені дұрыс бақылауға, көз алдына ойша елестетуге ерекше ықпал жасайды. Жатқа сурет салуға жаттығу үшін үнемі нобай, долбар жасап жаттығып отыру керек. Ұзақ салынатын суреттен нобай жасаудың айырмашылығы – нәрсенің ұсақ бөлшектеріне онша назар аударылмай, негізгі сипатына мән беріліп бейнеленеді. Нобай жылдам сурет салуға жаттықтырады. Мұндағы ең басты мақсат – ең әуелі нәрселердің жалпы формасын, ортақ пропорцияларын, жарық пен көлеңкені есте ұстау. 
Сурет салудың басты талаптары – жалпыдан дараға және дарадан жалпыға. Оны кезеңге бөліп қарастырамыз. 

1-кезеңде заттың жалпы белгілерін көрсетіп, оның сұлбасын сызып алу керек. Заттың пішінін бірнеше сызықтар немесе геометриялық фигуралар түрінде, көп жағдайда түзу сызық арқылы белгілейді. Схемасын тұрғызу. Кетіргішпен жұмыс жасай білу. 

2- кезеңде сурет салуды типке келтіру басталады. Схемалық бейне өзара жақын тұтас топқа тән зат пішінінің типтік ерекшеліктерін айқындайтын нақты белгілердің пайда болуымен толықтырылады. 

3-кезең – жекелеу. Бұл – заттың елеусіз элементтерін, бірақ өзіне тән қайталанбайтын ерекшеліктерін айқындайтын маңызды кезеңдердің бірі. 

4hello_html_m1c1ef1bb.jpg-кезең – бұрын жасалғандарды қорытындылау. Ол үшін суретті үлгімен мұқият салыстыру керек. Қателерін түзеткеннен кейін зат пен оның бейнесін толық көру үшін сурет пен үлгіні тағы да салыстырады. 

ІV. Машықтық кезең
Ортаға компоновка қойылады. Сол компоновканы затқа қарап сурет салудың кезеңдерін сақтай отырып, бейнелеу қажет. Мұғалім нұсқау беріп отырады. Бұл кезеңді бағалаудың критерийі:
«5» - 4-кезеңді бастап жатырған болса. 
«4» - 3- кезеңмен жұмыстанып жатырса.
«3» - 1-2 кезеңді салып жатырса. ( Критерий бойынша оқушылар өз жұмыстарын стикер түсі арқылы бағалайды)

V. Қорытынды
Б-Б-Б әдісінің үшінші кестесін толтыру. (Оқушылар өздері маркермен жазады. 
«Экипаж» ойыны.
Бұл ойынның жалпы мақсаты: алған білімдерін саралау, есте сақтау үшін тағы бір мәрте қайталап өту. Топта еркін сөйлеуге үйрену. 
Барысы: әр топқа мұғалім қолындағы карточкалардың ішінен біреуін суыртады. Карточкада мынадай жазулар болады. 
«Сайлау» карточкасын алған топтан мұғалім бір оқушыны өзі сайлап, сұрақ береді. 
«Барлығы» карточкасын алған топтан мұғалім тақырып бойынша барлық оқушыдан сұрайды. 
«Делегат» карточкасын алған топ іштерінен бір оқушыны дайындап, өздері делегат ретінде сұраққа жауап айтуға жібереді. 
«Сенім» карточкасын алған топта топ жетекшісі өз тобындағы оқушылардан өзі сұрайды, бағалайды, мұғалім оған сенім білдіреді. 
(Ойынның барысына қарай бағалайды) 
Үйге тапсырма: заттардан тұратын көп нобай дайындап алып келу.
Бағалау:
Бағалау парағы бойынша оқушыларды бағалап, 2 жұлдыз 1 ұсыныс айту. 








Күні:

Пәні: Бейнелеу өнері Сыныбы: 4 Сабақ №: 21


Сабақтың тақырыбы: Пластикалық мүсіндеу

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға пластикалық мүсін жайлы жалпы түсінік беру
Сабақтың міндеттері:
Білімділігі: Оқушыларды негізгі ұғымдармен таныстыру, мүсіндердің жасалу жолдарын, оның заңдылықтарын есте сақтай отырып түсіндіру.
Тәрбиелігі: Сабақ үстінде таза, ұқыпты, көркем сазбен еңбек етуге баулу. Оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке үйрету, тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың көру, есту, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сурет салудағы еңбек белсенділігін арттыру. Оқушының ой - өрісін, қиялын дамыту.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап арқылы сұрау.
Пән аралық байланысы: Мүсін өнерін тарих пәнімен байланыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: плакат, пластилин, клеенка, картон.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі,
А) Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу
Ә) Оқушыларға сабақтың тақырыбын хабарлау
Б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау:
Жаңа сабақ

hello_html_598ae154.jpgПластикалық мүсіндеу – бұл тәсілде тұтас бір кесек саздан, пластилиннен, не тұзды қамырдан жасалады. Бұны-«скульптуралық» тәсіл деп атайды. (Бала бақшада (пряник) тоқаш нан, алма, лимон, сәбіз, тәрелке т.б. жасауға болады.). Бұл күрделі тәсіл. Бұл тәсілде сол нәрсе туралы нақты мағлұматың болу керек, оны көз мөлшеріңмен байқап, дұрыс жасайтындай дәрежеде болуың керек. Мысалы, бір кесек пластилиннен үйректі жапсырмалайық. Кесек пластилинді шар пішініне келтіреміз, одан кейін оны жұмыртқа пішініне келтіреміз.Пластилиннің сүйірлеу жағын саусағымызбен ұстап мойнын және басын жасауға тырысамыз. Алынған форманы жеке – жеке өңдейміз.

Мүсіндеу әлемді пластикалық бейнеде меңгерудің кеңістік бейнелеу өнері.
Мүсіндік бейнелеу объектісі - көбіне адам, ал кейде хайуанаттар, жансыз заттар болып келеді.

Сергіту сәті: Жеңіл жаттығулар жасау, қол-аяқтарын сергіту.


Практикалық жұмыс:
Оқушылар бүгін аттың мүсінін жасаймыз. Қазақ халқында жеті қазынаның бірі «Жүйрік ат» жылқы малын қазақ халқы аса жоғары бағалаған. Пластилинді алып жұмысты бастаймыз. Қанеки оқушылар тақтадағы яғни көрнекілік бойынша аттың мүсінін ұқыпты түрде жасаңдар.
Бағалау.
Үйге тапсырма:
Оқушылар үйге биыл «қой» жылы болғандықтан қойдың мүсінін жасап келеміз.



Күні:

Пәні: Бейнелеу өнері Сыныбы: 2 Сабақ №: 13


Сабақтың тақырыбы: Сызықтықтың көмегімен табиғаттың, адамның, жануардың эмоциялық жай-күйін көрсету

Сабақтың мақсаты: Сызықтық графика арқылы адамның бейнесін жасау

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Сауатты сурет салу, графика өнері туралы мағлұматтар беру

Дамытушылық: Назар аудару, байқағыштық, есте сақтау қабілетін дамыту

Тәрбиелік: Қоршаған шындық пен өнерге эстетикалық қарым-қатынас қалыптастыру. Сабақтың әдісі: Сарамандық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: мұғалім үшін: күйтабақ, суреттер.

Оқушылар үшін: альбом, қарандаш, өшіргіш т.б

Сабақтың пән – аралық байланысы: дүниетану, ән


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үйге берілген тапсырманы пысықтау

ІІІ. Жаңа сабақ

Графика гректің «жазамын», «суретін саламын» деген сөзінен шыққан. Графика суреті орындалу тәсіліне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Линогравюра – ақ және қара бояудан тұрады, бейне линолеумге салынады. Литография арнаулы әк тасқа салынады. Гравюра – ағашқа ойып салынады. Компьютерлік графикада бар.

Графика бұл ақ және қара таңба. Графикада қолданылатын құралдар: тущь, сангина, көмір, карандаш, бор.


Оқушылар бейнелеу өнерінде сурет салу төрт кезеңнен тұрады.

1hello_html_m526d9b4d.jpg.Қағаз бетіне дұрыс орналастыру (компоновка)

2.Тепе теңдік

3.Жарық пен көлеңке

4.Аяқталған жұмыс


Сарамандық жұмыс: Енді, балалар сабақты жақсы түсініп болсақ, сурет салуға көшейік. Күйтабақта А.Енсеповтың күйлері орындалады, оқушылар сазды әуен ырғағымен үлгіге қарап отырып графика әдісінің бір түрі – сызықтықтың көмегімен орындайды, қолданылатын құралымыз: жай карандаш пен альбомдық парақтар. Сурет салу барысында оқушылардың әрбір сызығы, әр қимылын жіті қадағалап отырамын, өйткені, сурет салудың бастапқы кезеңінде қателіктер жіберуге болмайды.

Сергіту сәті.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш,

Бойға жинап күш.

Жаттығу жасап алайық,

Бiр дем алып қалайық.

Сабақты қорытындылауда оқушылар өздерінің суреттері жайлы әңгімелеп береді, әрине бұл оқушының өз ойын сонымен қатар тіл байлықтарын дамыту мақсатында.

Бағалау

Үйге тапсырма: Графика әдісімен «Үй құстарын» бейнелеу.

Күні:

Пәні: Бейнелеу өнері Сыныбы: 3 Сабақ №: 10


Сабақтың тақырыбы: 20 ғасырдың 50-70 жж. Қазақстандық суретшілер
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қазақстан суретшілерінің еңбектері, қысқаша өмірбаяны туралы мағлұмат беру.

Сабақтың міндеттері:

1. Қазақстаннның суретшілерімен таныстыру.

2. Балалардың өз жерлестерінің өнерлерін мақтан тұтуларына ықпал ету.
3. оқушылардың сәулет және дизайн өнеріне деген қызығушылықтарын оятып, іскерлік пен шеберлікке баулу

Сабақтың түрі: Әңгіме.
Сабаққа қажетті құрал жабдықтар: Суретшілер туралы мәліметтер, фотосуреттері. Сурет альбомы, қарындаш бояу, т. б.
Сабақтың барысы:

1hello_html_m60d6bee.jpg. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Жоқ балаларды белгілеу, үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Қазақстан бейнелеу өнеріндегі ерекше тұлға Қ.Т.Телжанов. Қанапия Темірболатұлы Телжанов 1927 жылы 1 майда Омбы облысы Байқұдық аулында туылған, қазақ кескіндемешісі , Қазақстанның халық суретшісі (1961), КСРО Көркемсурет академиясының корреспондент мүшесі (1967).

1947-53 жылдары Ленинградтағы И. Е. Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтында М. И. Авиловтан білім алып көркемөнерге оқыды. 1953-58 жылдары Алматы көркемсурет учелищесінде сабақ берді.

1965-68 жылдары Қазақстан суретшілер одағының төрағасы, хатшысы, 1973 жылдан Қазақстан Мемлекеттік Өнер музейінің директоры, қызметтерін атқарды.

Қhello_html_4e8d883a.jpghello_html_m76fc34bb.jpg. Телжанов қазақ халқының өмірі мен тұрмысы жайлы замани және тарихи тақырыптағы «Жамал» (1955), «Бейбітшілік оттары» (1961, екеуі де Третьяков гал, Москва), «Домбыра әуендері», «Атамекен» (1958), «Кокпар» (1960), «Тыныштық» (1964), «Бүркіт салу» (1964), «Қыз қуу» (1966) атты шағын поэтикалық көріністер мен монументті еңбектердің, кең тынысты әрі қанық бояулы триптихтардың («Жол басы» 1966-70, Октябрь, 1970, «Бозаралдықтар» 1972) портреттердің авторы. Суретші шығармашылығы қазақ бейнелеу өнеріне елеулі бет бұрыс алып келді. Суретші Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекет сыйлығының лауреаты (1967). Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» ордендерімен наградталған. Оның негізгі еңбектері Қазақстанның Мемлекеттік өнер музейінде сақтаулы.

Суретші М.Кенбаев картиналары қазақтың ұлттық ерекшеліктерін кең көлемде көрсеткен ерекше туындылар. Молдахмет Кенбаев Сыздықұлы шығармалары Москвадағы Третьянов галереясында, Ташкенттегі Шығыс халықтары өнерінің музейінде, және қазақ бейнелеу өнері музейінде сақтаулы. Бұл өнердегі құбылыс ретінде суретші шығармаларының биік деңгейін көрсетеді.

М. Кенбаевтың тақырыптық картиналары қазақ даласымен тығыз байланысты болып келеді. Суретші «Әңгіме» (1957), «hello_html_m5d7a6fb.jpgҚашағанды ұстау» (1967), «Сары-Арқа», «Құрманғазы», «Киіз басушылар» атты картиналарында кейіпкерлер образын жасаумен қатар, қазақ баласының өзіндік ерекшеліктерін ашуға баса көңіл бөледі. М. Кенбаевтың озық туындыларының бірі – қазақ халқының даңқты сазгері Құрманғазы бейнесін көрсететін «Сары-Арқа» картинасы. 1958 жылы Құрманғазы образын жасауға арналған жабық конкурста осы картина үшін М. Кенбаев бірінші сыйлықты жеңіп алды. Картинада ат жетектеген Құрманғазының бейнесі көрсетілген. Шығарма бояулары қоңыр, сары, қызғыш түстердің жиынтығына біріктірілген. Картинаның «Сарыарқа» деп аталуы Құрманғазының даңқты – Сарыарқа күйінің сарынымен байланысты.


Сергіту сәті. Оқушылар жылдам әуен ырғағымен бір - біріне әзіл сурет орындайды.

Тапсырма: Халық суретшілері жайлы әңгімелеу.
Сабақты қорытындылау: Сұрақ - жауаптар
Қазақстанның 20 ғасырдың 50-70 жылдардағы суретшілерінің қандай туындыларын білесің?
Тағы қандай суретшілерді білеміз?
Суретшілер шығармалары қандай әсер қалдырды?
Үйге тапсырма: Қазақстан суретшілері турала мазмұндама немесе реферат жазу.
Оқушыларды бағалау.































Күні:

Пәні: Бейнелеу өнері Сыныбы: 1 Сабақ №: 29


Сабақтың тақырыбы: Сәндік қолданбалы өнер
Сабақтың мақсаты: Сәндік қолданбалы өнер туралы ақпарат беру
сабақтың міндеттері:

Білімділігі: қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері жайлы жалпы мағлұматтар беру, олардың түрлерімен таныстыру.
Дамытушылығы: оқушыларға ұлттық бұйымдардың адам өміріндегі маңызын айту, олардың қабілеттерін ғылыми негізде дамыту.
Тәрбиелігі: оқушыларды ұлттық салт-дәстүрге, отансүйгіштікке ұлттық өнер ерекшеліктерін сезінуге тәрбиелеу.
Түрі: аралас
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу, бейнелеу.
Көрнекілігі: кітаптар, қолөнер бұйымдары, сөзжұмбақ, домбыраның құрылымы, оның суретін салу.
Құрал - жабдықтар: қарындаш, өшіргіш, акварель бояуы, ұштағыш, су құятын ыдыс, сызғыш. т. б.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу
ә) құрал - жабдығын тексеру
б) назарларын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сәндік қолданбалы өнер деп тек қана тәжірибелік жағынан емес, эстетикалық мәні жағынан да маңызы көркем жасалған өндірістік немесе қолөнер арқылы өмірге келген көркем туындыны айтады. Қазіргі кездегідей бұрынғы өткен заманда да адамдар өз тұрмысын өздері әсемдеуге ұмтылған. Адам өмірінде сәндік қолданбалы өнер шығармалары үлкен орын алады. Қазақ жерінде ХV ғасырда қолөнер қолөнер ұлттық дәстүр тұрғысынан дамыған.
Сәндік – қолданбалы өнерге: алаша, тоқыма бұйымдар, ағаштан жасалған бұйымдар, темірден түйілген бұйымдар, барлық адам қолынан шыққан қолөнер бұйымдарын жатқызамыз.
Әр істің өз шебері болады: кестеші тігінші, тері илеуші, бояушы, музыка аспаптарын жасаушы. т. б. Біз осылардың ішінде музыка аспаптарын жасаушыға тоқталатын болса. Бүгінгі сабағымызға музыка аспаптарының ішінен домбыраны алайық.

IV. Тәжірибелік кезең.
Домбыра – қағып шертіп ойнайтын музыкалық аспап. Қазақтың ән - күй орындаушылық дәстүріне байланысты домбыра аспабының бірнеше түрі бар. Домбыраның екі ішекті және үш ішекті түрлері кездеседі.

Домбыраның құрылымы:
1. Басы
2. Құлағы
3. Пернелері
4. Мойны
5. Ішегі
6. Ойығы
7. Шанағы
8. Тиегі
9. Түймесі

Дhello_html_ma674d3a.jpgомбыраны бейнелеу кезеңдері (күй ойналып тұрады).
1 - кезең. Домбыраның орналасу орнын анықтайды.
Домбыраның бас бөлігі, мойын бөлігі және шанақ бөлігі орналасатын жерін көз өлшемімен белгілеу.
2 - кезең. Домбыра пішініне келтіре отырып, екінші суреттегідей жартылай бөлігін сызып саламыз.
3 - кезең. Домбыраның екінші бөлігін сызамыз үшінші суреттегідей етіп, онан кейін құлағын, пернелерін, ішегін ойығын, тиегін, түймесін белгілеп аламыз да, артық сызықтарды өшіріп бояуға дайындаймыз.
4 - кезең. Домбыраның түсіне келтіріп бояу.

Сергіту сәті.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш,

Бойға жинап күш.

Жаттығу жасап алайық,

Бiр дем алып қалайық.


V. Бекіту
Тиіп кетсе ән салған,
Даусына ел тамсанған. (Домбыра)

VI. Қорытындылау.
- Сонымен балалар, біз бүгін не жайында өттік?
- Қолөнер бұйымдарын жасаушылар неше топқа бөлінеді?
- 4
- Қандай?
- Зергерлер, ұсталар, ісмерлер, ағаш шеберлері.

VII. Бағалау
VIII. Үйге тапсырма:
1. Сыныптағы тапсырмасын аяқтау.
2. Ер тоқымның суретін бейнелеп келу

















Күні:

Пәні: Бейнелеу өнері Сыныбы: 6 Сабақ №: 16


Сабақтың тақырыбы: Плакат өнері

Сабақтың мақсаты: Плакат өнерінің пайда болуы мен ерекшелігі туралы ақпарат беру

Сабақтың міндеттері:

1. Кітап графикасының бір түрі – плакат өнерін жете түсіндіру.
2. Бояу мен қылқаламмен жұмыс істеулерін жетілдіре түсу.
3. Иллюстрациялық суреттерден әсемдікті тани білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жұптық жұмыс
Сабақ әдісі: Сұрақ – жауап, баяндау, сарамандық жұмыс.
Сабақ көрнекілігі: Иллюстрациялық суреттер, плакат, интерактивті тақта, қалташалар, оқулық.
Сабаққа қажетті құралдар: Түрлі – түсті бор, қарындаш, өшіргіш, бояу, қылқалам, сызғыш, тушь, ватман.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих, математика, музыка, өмірмен байланыс.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Үhello_html_2e20b78f.pngстел үстінде сұрақтар жазылған дөңгелектер тұр.
1. Білім бұлағы не? (кітап)
2. Жаза – жаза батыр.
Бойы қысқарып жатыр. (қарындаш)
3. Оқушы қате жазса кешіреді,
Сосын өзі сүртіп – сүртіп өшіреді. (өшіргіш)
4. Түрлі – түсті бөкендер,
Суреттерге сән берген.
Олар егер болмаса,
Суреттер қара күйге енген. (түрлі – түсті бояулар)
(осыларды бірлесе отырып шешеді)

Мұғалім: Сонымен бәріміздің бейнелеу өнері кітабымыз, өшіргішіміз, альбомымыз, қарындашымыз, бояуларымыз түгел ғой, яғни бүгін сабаққа дайын екенсіңдер. «Солдат майданға мылтықсыз бармайды» дегендей бейнелеу өнерінің өзінің құрал – жабдықтарсыз келуге болмайды екен.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
ІІІ. Жаңа тапсырманы түсіндіру:

Графикалық өнердің ең көп тараған түрі – плакат. Оның түрлері аз емес, бірақ олардың ішіндегі ең бастысы – қоғамдық өмірде елеулі роль атқаратын саяси, үгіт плакаты. Плакаттың аса маңызды ерекшелігі суреттің қысқаша жазумен мағыналық және композициялық жағынан бірігуі болып табылады.

Францияда плакаттар өнері өркендейді. Суретші және график Пьер Боннар (1867-1947) 1981 жылы France Champagne («Француз шампаны») атты плакатпен барлық суретшілер әлемің жаралауды. Суретші Ар Нувоның үлгісінен алынған жеңілойлы образы әйел қолында бакалдағы шампан. Оның шашы, көйлегі және толған бакал шампан оның барлығы композициялық бірігейлікте салынған.

Аhello_html_4f5ca50.jpgнри де Тулуз-Лотрек (1864-1901), ол П. Боннарға үлкен әсер етті, олда литографиямен айналысты, 30 афишаны жасаған. Дега суретшінің творчествосы және Жапон өнері Лотрекке өз өнерінің манерасың өндіруге көмектесті, оны кескіндеме суреті немесе сурет кескіндемесі деп те санауға болады. Оның афишаларына мінезді танымды кейіпкерлер, олардың жеке мінездері және гротеск элементтердің болуы.

1892-93 жылдардағы Le Divan Japonais («Жапон жиһаз» - кафеның аты) әдемі – манерлі әйелдің қара силуэты (бийлеуші Джейн Авриль) ашық түсті фонда иероглиф сияқты көрінеді, қалғаны тек қана белгінің басты ойын түсіндіреді.

Жаңа бағыттың жүргізушісі – чех суретшісі және график Альфонс Мария Муха (1860-1939) модерн массаға, ол өзінің керемет стилің тапты Париждегі театр плакаттарының шебері болды. Сонда ол өз атынды Мюшаға өзгертті. 1895 жылы жаңа жыл түнінде ол провославды әншімен Сара Бернармен танысты, бірінші афишасын «Жисмонда» спектакіліне шығарды, одан кейін бірнеше афишаларды, ол афишаларды шығарғанннаң кейін сондай атақты болды Парижде модернді «Мюшеның стилі деп атады.


V. Бекіту кезеңі:

Сарамандық жұмыс.

Оқушыларға көрсету, салдыру. Қасындағы көршілерімен бірге ватманға өз ойларынан плакат құрастыру.

. Бағалау: Баға қою.
VІІ. Үйге тапсырма: Өз ойларынан бір – бір иллюстрация салып келу.

















Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 05.11.2016
Раздел ИЗО, МХК
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров81
Номер материала ДБ-322658
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх