Инфоурок / Другое / Конспекты / Бейнелеу өнері 1, 5, 6 сыныптар толық сабақ жоспарлары

Бейнелеу өнері 1, 5, 6 сыныптар толық сабақ жоспарлары



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

1-сынып

Бейнелеу өнері

Алматы

«Атамұра»

2001 жыл

34 сағат

Сабақ жоспарлары









Сабақ: №1

Сабақтың тақырыбы:

Оқушыларға арналған сурет салу ережесі.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімді

қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру және т.б.


ә) Дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру,

оқушы санасына терең сіңіру.


б) Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оқушыларды тазалыққа,

ұқыптылыққа үйрету.


Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: 1-сынып оқулығы, қағаз, қарындаш, өшіргіш, бояу түрлері және тағы басқа.


Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Ең алдымен оқушыларға бейнелеу өнері жайлы түсіндіріп беремін. Содан соң сурет салу ережелерімен таныстырамын. Сурет салғанда көп сөйлемейміз, алдымен құрал-саймандарымызды дайындап аламыз. Содан соң барып сурет салуға кірісеміз. «Бейнелеу өнері» оқулығы оқушыларға көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие береді. Бұл кітап жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларына арналып, оқулық ретінде ұсынылып отыр. Оқулық оқушылардың бейнелеу өнері туралы теориялық білімін дамытуға ықпал жасайды. Оқулық мазмұны сурет салуға, қабылдауға, бейнелі ойлауға, шығармашылық қабілетін арттыруға, көркем шығарманы танып түсінуге бағытталып құрылған. Үйлесімдік шешім табуға баулу, олардың бейнелік ойлау қабілеті мен талғампаздық дағдысын жетілдіреді. Жүйелі түрде бейнелеу өнерін оқыту оқушылардың сапалы да сауатты білім алуына жағдай туғызады. Практика жүзінде жүргізілген сабақ барысында оқушылардың меңгеретін дағдылары сан алуан. Олар: ойлау, қабылдау, есте сақтау, көркемдік, талғампаздық, т. б. Есте сақтау, қиялдау, ойлау немесе тақырып бойынша сурет салу арқылы оқушылардың ойлау қабілеті дамып, тереңдей түседі.

Бейнелеу өнерінің түрлері туралы түсінік беріліп, кітапта көрсетілген шығармаларға талдау жасалады. Талдау барысында мұғалім оның өнер шығармасының қандай түріне жататындығын түсіндіреді. Бұл оқулық оқушы жүрегіне жол тауып, көркемдік білім алуда кажетіне жарап, бейнелеу өнері жайлы мағлұмат беруге лайықты қызмет етеді деген ойдамын.


Үйге тапсырма беру: Келесі сабаққа құрал-саймандарды дайындап келу.







Сабақ: №2

Сабақтың тақырыбы:

Бейнелеу өнеріне қажетті құрал-жабдықтар.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларға бейнелеу өнері құралдарын қолдану амал

тәсілін үйрету, жаңа мағлұмат беру және т.б.

ә) Дамытушылық: Бейнелеу өнері сабағы үстінде әр-түрлі құрал-

жабдықтармен таныстыру;

Олар жайлы қысқаша мағлұматтар беру.



б) Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оқушыларды тазалыққа,

ұқыптылыққа үйрету.


Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Қағаз, қарындаш, өшіргіш, бояу, қылқалам, қаламұш.


Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Оқушыларға бейнелеу өнері құрал-жабдықтары жайлы түсіндіремін. Бейнелеу өнері сабағында әр түрлі құрал-жабдықтар қажет. Әрбір құралмен дұрыс жұмыс істеудің маңызы зор. Қарындашты ХVII ғасырда француз оқымыстысы Н. Конте ойлап тапты. Кезінде Италия суретшілері сурет салуға арнаулы графикалық қарындашты пайдаланған. Ол жәй қарындаштардан жуан, қағаз бетіне жұмсақ, өте қанық болып түседі. Сурет салуға арналған жәй қарындаштар қатты және жұмсақ болып екі топқа бөлінеді. Сондықтан оның сыртында екі түрлі жазу болады. «Т», «Н» - қатты; «М», «В» - жұмсақ. Бұл таңбалар орыс және ағылшын әрпімен белгіленген. Сурет салуға ең қолайлы және өшіруге көнгіш қарындаштар «Т, М, ТМ» болып табылады.

Сурет салатын қағаздар жұқа, қалың, тегіс, бұдыр болып бірнеше түрге бөлінеді. Қарындашпен сурет салуға қатты және тығыз қағаздар ыңғайлы. Олар «ватман» немесе «жартылай ватман» деп аталады. Су бояумен (акварель) жұмыс істейтін қағаздың беті бұдыр болып келеді. Сонымен қатар сурет альбомын пайдалануға болады. Қолданылатын бояу түрлері: субояу (акварель), гуашь және тушь.

Акварель бояуы қағаз бетіне мөлдіреп түседі әрі әдемі өң береді. Бұл бояу сапасының құндылығын көрсетеді. Акварель бояуы бірнеше заттардың құрамынан тұрады: бал, қант, глицерин т.б. 16-17 ғасырда акварель бояуын суретшілер өсімдік тамырларынан жасаған. Ертеде жапон суретшілері күлге желім қосу арқылы тушь бояуын жасаған.

Акварель бояуымен дымқыл қағазда тез жжұмыс істеуге болады және кептіріп отырып ұзақ мерзімдіжұмыс істеуге болады. Бояумен жұмыс істеу барысында бір түспен екінші түсті араластыру екі-үштен аспауы керек. Одан артық болса, бояу құсып кетеді. Бояуды әрқашанда құрғақ, салқын жерде сақтаған абзал.

Гуашь – қағаз бетіне қалың жағылатын қою бояу. Көбінесе сәндік сурет салуға әбден қолайлы бұл бояумен жұмыс істеудің тәсілі өте көп. Жеке және бірнеше қосымша түстермен жұмыс істеуге болады.

Қара түсті қоймалжың бояу – тушь деп аталады. Оның құнды қасиеті – өте жылдам кебеді әрі жайылып былғанбайды. Тушьпен жұмыс істеуде қолданылатын қосымша құрал қаламұш болып табылады. Ол сызық арқылы сурет салуға өте қолайлы әрі ұқыпты жұмыс істеуге үйретеді.

Бояумен жұмыс істеуде ең басты құралдардың бірі – қылқалам.

Акварель бояуына арналған қылқаламдар ақ тиін, күзен, бұлғын сияқты ұсақ жануарлардың қылынан жасалады.

Қылқалам негізінен жұмыс және жалпақ юолып екі түргее бөлінеді. Жұмыс соңында қылқаламды жуып, сүртіп, құрғатып қою керек.

Өшіргіш – қарындашпен сурет салуда қате кеткен сызықтарды түзеу үшін қажетті құрал. Өшіргіштің болғаны тиімді.

Мольберт – сурет салуда пайдаланылатын өте ыңғайлы және қолайлы жабдықтың бірі.

Ермексаз – мүсіндеуге арналған құрал. Ол – қолға көнбіс, тез иілгіш, өзгертуге қолайлы. Мүсіндеу барысында қосымша қалақша және мүсін орнатылатын тұғыр керек.


Үйге тапсырма беру: Келесі сабаққа құрал-саймандарды дайындап келу.









5-сынып

Бейнелеу өнері

Алматы

«Атамұра»

2010 жыл

34 сағат

Сабақ жоспарлары






Сабақ: №1

Сабақтың тақырыбы:

Бейнелеу өнерінің түрлері.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімді

қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру және т.б.


ә) Дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру,

оқушы санасына терең сіңіру.


б) Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оларды тазалыққа,

ұқыптылыққа үйрету.


Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Альбомдар, плакаттар, Қарындаштар, ақ қағаз, 5-сынып оқулығы және тағы басқа.


Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Оқушыларға бейнелеу өнерінің түрлерін терең таныстырамын. Бейнелеу өнері өмірді қолмен ұстап, көзбен көргендей етіп, көркем бейнелер арқылы баяндайды. Көркем шығармалар айналамыздағы дүниені жақсырақ, толығырақ түсінуге үйретіп қана қоймай, ол біздің ой-санамыз бен түйсік-сезімімізге тікелей әсер етеді. Сол себепті біз бейнелеу өнері туындыларын әр деңгейде қабылдаймыз. Олардың мазмұнына мән беріп қараймыз. Бейнелеу өнерінің адам үшін берері мол. Көркем шығармалар арқылы өткен өмір тарихына назар аударып, оны көз алдымызға елестете аламыз. Бейнелеу өнерінің ерекшелігі – суретшінің өз көзімен көріп, түсінген шындығын сол сәтімен айқын көрсетуінде. Суретші образдардың, өмір шындығының типтік жағын таңдап ала отырып, заманның тыныс-тіршілігін жинақтап, жан-жақты бейнелейді. Адамзат өмірінде бейнелеу өнерінің маңызы өте үлкен, оның қоғам өміріндегі рөлі де аса зор. Суретшінің сұлулықты дұрыс түсіне білуінің маңызы зор. Біреулер кемелдікке суреттің композициялық құрылысы арқылы, енді біреулері живописьтік құрылысы арқылы ие болады. Бәрін бірдей үйлестіріп келтіру барлық адамның қолынан келе бермейді. Әр суретшінің шығармасы оның өзіндік ерекше белгілерімен, қолтаңбасымен айқындалады.

Бейнелеу өнері алуан түрлі де, алуан қырлы. 19 ғ-ға дейін сәулет, мүсін және живопись өнердің басты үш түрі болып есептеледі. Ал 19 ғ. Аяғына қарай графика қызметтік және қосалқы түрден өнердің жеке және мүлдем дербес бір түріне айналды. Соңғы 20 жылда өнердің дизайн сияқты түрі де өте айқын бейнесін тапты.

Мүсін – бейнелеу өнерінің бір түрі. Ол адамдарды да, хайуанаттарды да, түрлі заттарды да бейнелейді. Оның сәулет өнерімен ортақ жайттары бар. Мүсін биіктік, ендік, аумақтық деп аталатын үш өлшемнен тұрады және ол қатты әрі ұзақ сақталатын материалдардан, яғни ағаштан, тастан, кеуделік мүсін металдан да жасалады. Бюст, статуя немесе бейнелер тобын жасау үшін көп уақыт және көп еңбек керек, әсіресе мүсінді тастан шапқан кезде, тіпті жай дене күшінің өзі көп қажет. Мүсін – ең ежелгі өнердің бірі. Біз бұдан мыңдаған жылдар бұрын Мысыр, Грек шеберлерінің қолынан шыққан тамаша туындыларды білеміз. Мүсін өнері латынша «скульптура» деп те аталады. Ол «қашау» деген мағынаны білдіреді. Әр өнердің төңірегіміздегі дүниені өзінше бейнелеп, өзінше түсіндіретін өз тілі бар. Сурет өнерінің түрі – бояу. Ал мүсінші өз шығармасын тастан, мәрмәрдан қашайды не саздан жасайды. Ол өз ойын картинадағыдай бір жызықтық бетінде бейнелеймей, кеңістікте сомдайды. Суретші сияқты мүсінші де өзі бейнелеп отырған адамның мінез-құлық, ішкі сырын ашуға тырысады. Оны біз бет әлпетінен, қимыл-қозғалыстарынан аңғарамыз, тіпті мүсіндегі адамның үстіндегі киімнің әр қыртысына дейін оның жан дүниесінен бірер сыр танытып тұрады. Көптген мүсіншілер ағашты қолданады. Мәселен, мүсінші С. Коненковтың таңғажайып «Орман адамдарының» мүсіндері және В. Мухинаның небір әсем шығармалары ағаштан қашалып жасалған. Металдан мүсін жасау үшін алдымен оның моделі жасалады, сонан соң барып сол бойынша қола мен шойыннан мүсіннің өзі құйылады. Сурет өнерінің шығармалары сияқты мүсін өнерінің туындылары да көлемі жағынан шағын, станокты және монументтік түрлерге бөлінеді.

Статуя – адам барлық бойымен тұтас бейнеленген монументтік мүсін. Мүсіннің әсемдік құралдары графикамен, әсіресе живописьпен салыстырғанда өте шектеулі, яғни мүсінші композицияға қоршаған ортаны кіргізе алмайды, кеңістік тереңдігін бере алмайды, бәрі де фигуралардың өзімен – олардың формаларының жинақталуымен, материалымен, фактурамен білдірілуі тиіс. Қаланың сәулетімен, оның алаң, көшелерінің кеңістігімен байланысты болып келетін монументтік мүсінде образдың жинақтылығы, оның аллегориялығы ерекше айқын көрінеді.

Ескерткіштер ұзақ ғасырларға арнап салынады, сондықтан олардың бірегей де біртұтас образы өз уақытының үлкен идеяларын нақтылы түрде көрсетуге тиіс. Мүсіндер өздерінің формалары жағынан қарапайым да айқын болуы, алыстан оңай қабылданатындай әсерлі силуэтке ие болуы тиіс. Мүсінге материал таңдау да ешқашан кездейсоқ болмайды. Бұл – образдың құрама сипаттамаларының бірі, суретші жұмысты ой елегінен өткізе отырып, оған арналған белгілі материалды да міндетті түрде есте сақтайды.

Живопись – бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі кемел түрі, онда бейнелеудің сан алуан құралдары қолданылады. Суретшілер өнердің ұшы-қиярсыз осы саласына өздері сүйген әуен-тақырыптарды таңдап алады. Біреулері портрет жазғанды ұнатады, екіншілері пейзажды, үшіншілері тарихи, соғыс немес тұрмыстық көріністерді бейнелеуге құштар. Бейнелеу өнгерінің бұлай сипатталуы оның жанрларға бөлінуі деп аталады. «Жанр» - француз сөзі, «түр» немесе «тек» деген мағынаны білдіреді.

Үйге тапсырма беру: Бейнелеу өнерінің түрлерімен тереңірек танысу.








Сабақ: №2

Сабақтың тақырыбы:

Бейнелеу өнерінің жанрлары.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің түрлері жайлы қысқаша

мағлұмат беру.


ә) Дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру,

оқушы санасына терең сіңіру.


б) Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оларды тазалыққа,

ұқыптылыққа үйрету.


Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Дидактикалық материал, альбом кітаптар, плакаттар.


Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Оқушыларды бейнелеу өнерінің жанрларымен таныстырамын, олардың эстетикалық талғамын оятып, көркемдік білімін тереңдете түсемін.

Бастауыш сынып оқушылары көркем шығармаларды көруге құмар. Сондықтан оларды бейнелеу өнерінің жанрларымен жеке таныстырғаным жөн. Бейнелеуді негізгі төрт жанрымен таныстыруға болады. Олар – живопись, натюрморт, пейзаж, портрет, графика.

Живопись.

Кескіндемедегі басты құрал - бояу түстері болып табылады.

Живописьті қылқаламмен және бояқтармен орындайды.

Живопись – шындықты бейнелеуде көрерменге тікелей әсер ететін өнер құралы. Оқушыларға бірнеше суретшілер шығармаларын көрсетіп, олардың мазмұн-мәнін, қай жанрға жататындығын әңгімелейміз. Живопись жанрларының ішіндегі ең маңызды орын алатын көркем шығарма – табиғат жанры. Сабақ мазмұнына байланысты оқушыларға сұрақтар қоямын, жауаптар аламын.

  • Сендер қандай суретшілерді білесіңдер?

  • Олардың қандай шығармалары сендерге таныс?

  • Мына шығармалардың қайсысы табиғат жанрына жатады?

Көрнекілік құралдар ішінен бір шығарманы таңдап алып, сол шығарманың авторы және сол шығарманың өзі жайында әңгіме өткіземін. Мысалы, қазақ халқының алғашқы суретшісі, бейнелеу өнерінің шебері, тума талант Әбілхан Қастеев туралы оқушыларға қысқаша былай баяндауға болады:

- Әбілхан Қастеев 1904 жылы, қарлы қаңтарда қазіргі Алматы облысы, Жаркент өңіріндегі Шежін аулында туған.

Бала жастан жыр-аңыз, дастан, қиссаларға құмар Әбілхан атамызға қазақ халық ауыз әдебиеті өте жақын таныс болады. Ол суретшінің тақырыптық шығармалар жазуына әсер етті.

Ол кісі ертегідей ғажап табиғаттың таңғажайып құбылысын көріп, дыбысын тыңдап, одан көл-көсір әсер алып, тамаша табиғаттың сан түрлі бояуын санап, жан-жануарлар, өсімдіктің, тіпті топырақтың да түр-түсін саралап өсті.

Суретшінің тума таланты одан әрі туындап, осыншама биік дәрежеге жетуіне, әрине, туған табиғаттың әсері мол болды.

«Әуелі табиғат – суретші, біз оған жан бітіріп, сөйлетеміз», - дейтін Әбілхан атамыз.

Ә. Қастеев табиғат көріністеріне салған суреттері – бір-бірінің қайталамас көркімен көзге түсетін шығарма. Жыр болып төгіліп, ән болып шалқып, күй болып күмбірлеп, әркімге айрықша әсер етеді.

Әбілхан Қастеев – қазақ бейнелеу өнерінің жанрлық жағынан жедел де жан-жақты өсіп, өркендеуіне өлшеусіз ұлес қосқан жасампаз қылқалам шебері.

Суретші есімімен көше ғана емес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Бейнелеу өнері мұражайы, көркемөнер, сурет мектептері мен колледждері аталады.

Оқушыларға суретші өмірбаянын осылайша қызықты, әсерлі етіп әңгімелеймін.

Натюморт – француз сөзі, дәл мағынасы «өлі табиғат» деген ұғымды білдіреді. Натюрморт алғаш рет 17 ғ. басында Голландияда пайда болды. Натюрморт өнердің дербес жанры ретінде 18 ғасырда Батыста кеңінен дамыды. Әр ғасыр натюрморт шеберлерінің өзіндік қолтаңбасы бар. Натюрморт Ж. Б. С. Шарден, П. Сезанн, М. Сарьян, А. Матисс, И. Машков, К. Коровин А. Герасимов, т. б. көркем шығармаларында да натюрморт жанрын жиі кездестіруге болады. Атап айтқанда, А. Ғалымбаева,

Г. Ысмайылова, Т. Тоғысбаев. С. Айтбаев, Ш. Сариев, Н. Нұрлыбаев, т. б. еңбектерінен айқын байқай аламыз.

Пейзаж – француз сөзі, ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда, Жапонияда және басқа шығыс елдерінде, сондай-ақ Еуропада дамыған. Пейзаж қайсыбір жерлерді жай ғана айнытпай бейнелей салу емес, онда суретшінің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндіктері жатыр. Адам өмірімен салыстырып қарағанда табиғат өмірі мәңгілік сияқты болып көрінеді. Пейзаж өнері де әр алуан. Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде бар нақты көрінісін бейнелесе, енді біреулері суретшінің қиялынан туады. Ондай шығармалардың бәрінде де суретшілер табиғаттың мінез-құлқын айнытпай беруге тырысады.

Портрет. Бұл жанр басқа жанрлардан бұрын пайда болды. Ежелгі Египет мүсіндік портреттері, бұдан 2000 жыл бұрынғы мозаикалық Рим және темпералық фаюм портреттері соның дәлелі. Адамдар әрдайым өз бейнесін көргісі келді, ал ежелгі египеттіктер типті қайтыс болған адамның жаны портретке көшеді деп есептеді. Графика. Қарапайым сөзбен айтқанда, «графика» дегеніміз – ақ түсті қағазға немесе картонға қарындашпен, қаламұшпен, көмірмен салған көркем суреттер. Графикада қолданылатын басты тәсіл: штрих сызығы, ақ қара дақ, таңба.

Графика гректің «грапо» деген сөзінен шыққан, қазақша «жазамын», «сызамын», «суретін саламын» деген мағынаны білдіреді. Қарындашпен, тушьпен салынған сурет немес гравюралар графикаға жатады. Ол бейнелеу өнерінің бір саласы болып табылады. Кітаптағы иллюстрациялар, газеттегі суреттемелер мен карикатуралар, түрлі товарлардың орауыштарын безендіру, көшедегі плакаттар – осының бәрі график суретшілерінің туындылары.

Үйге тапсырма беру: Бейнелеу өнерінің жанрларымен тереңірек танысу.




6-сынып

Бейнелеу өнері

Алматы

«Атамұра»

2002 жыл

34 сағат

Сабақ жоспарлары




Сабақ: №1

Сабақтың тақырыбы:

Сурет салуды меңгеру. Сурет салу кезеңдері.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларды сауатты сурет салуға үйрету.

ә) Дамытушылық: Сурет салудың заңдылықтарына баулу.


б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты

түсіне білу.


Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Көрнекілік құралдар, альбом, қарындаш, қағаз, оқу құралы, әдістемелер.


Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Оқушыларды заттардың өзіне қарап бейнелету арқылы суатты сурет салуға үйрету мәселелеріне көңіл бөлінеді. Ең алдымен бейнеленетін заттың жалпы пішінін қағаз бетіне дұрыс белгілеуден бастау қажет. Ол үшін оқушыларға бейнелеу өнеріне байланысты заңдылықтардан теориялық білім беремін.

Компоновка – қағаз бетіне бейнеленетін затты үйлесімді орналастыру деген сөз.

Пропорция бейнеленетін заттардың үлкенді-кішілі бөлігінің арақатынасын салыстырып белгілеу деген ұғымды білдіреді.

Жарық деп бейнеленетін заттардың күн сәулесі түскен бөлігін атаймыз.

Көлеңке дегеніміз заттардың бетіне жарық түспеген бөлігі. Яғни ол меншікті көлеңке деп те аталады. Бейнеленетін заттың көлемі және формасы жарық пен көлеңке арқылы беріледі.

Сондықтан затты қарапайым қарындаш арқылы бейнелеуде сурет салу ережелеріне сүйенген дұрыс. Сурет салуға үйрету бейнелеу өнерінің ең негізгі міндеті болып табылады. Сондықтан сызық арқылы нобай, долбар жасауға үнемі жаттығамыз. Көзбен көрген нәрсесін есте сақтап, жылдам бейнелеуге үйренеміз. Долбар жасауда нақты заттың пішіні жіңішке әрі жуан тұтас сызық арқылы бейнеленеді. Суретте түзу сызықтан гөрі қисық сызық әлдеқандай жанды болып келеді. Әсіресе қимылды жануарлар мен адам образын бейнелеуде долбардың рөлі зор. Сондықтан жанды нәрселерді бейнелеуден бұрын, ең алдымен қарапайым заттардың суретін салып үйренгеніміз дұрыс. Тек қана әрбір заттың пішіндік ұқсастығын тауып қана қоймай, оның реңдік қатынасына да баса назар аударған жөн. Реңдік қатынастар жарық пен көлеңке бөліктерін беру арқылы шешіледі.



Сурет салуды бірнеше кезеңге бөліп қарауға болады.

1-кезең. Ең алдымен бейнелейтін геометриялық денелердің
жалпы нұсқасын тұтастай қабылдап, оны қағаз бетіне орналастыруға баса назар аудару. Сонан кейін әрбір геометриялық денелердің
биіктігі мен енін шама жағынан салыстыра отырып бейнелеу.

2-кезең. Суреті салынатын геометриялық денелердің конструкциялық құрылымына назар аудару керек. Бейнелейтін заттардың өлшем бірліктері қатынасының дұрыс болуына айрықша
көңіл бөлу қажет. Сурет салу барысында әрбір затты салыстыра
карау үшін көмекші жіңішке сызықтар пайдаланған жөн. Заттардың негізгі конструкциялық құрылымы табылған соң жарық пен
көлеңкенің шекараларын көмекші сызықпен белгілеп қою керек.
суретті штрихтау ісі көлеңкеден басталады.

3-кезең. Заттардың жарық көлеңкесін штрихтау арқылы олар-
дың пішінін, көлемін шығарамыз. Заттың өңі жарық пен көлеңке
арқылы айқындалады. Әрбір заттың өңінің көмескі не қараңғы
болуы жасанды және табиғи жарықтың түсуіне байланысты.

Суреттің өңін айқындағанда заттың ең жарық, ең қараңғы жерін анықтап алу керек. Яғни реңдік қатынасты дұрыс айқындауға үйрену керек. Затты штрихтауды меншікті көлеңкеден бастаған жөн. Мешиікті көлеңке дегеніміз - заттың сәуле түспеген бетінде пайда болған көлеңке. Жарық деп табиғи сәуле мен жасанды жа- рық түскен бетті айтамыз. Жылт дегеніміз - жарықтың аса мол мөлшерде түскен жері. Мұны шыны немесе жылтыр темір ыдыстарда айқын байқауға болады. Түспе көлеңке дегеніміз - нақты бейнеленген заттан жазықтықтың бетіне түскен көлеңке. Жартылай көлеңке дегеніміз - меншікті көлеңке мен жарықтың арасында пайда болған көлеңке. Рефлекс дегеніміз - заттың меншікті көлеңкесінің шет жағында, артқы жазықтық арасында пайда болған көмескі жарық тәріздес құбылыс. Сонымен затты штрихтау арқылы өңін, пішінін, көлемін анықтауда жоғарыда аталған сурет салу заңдылықтарына сүйену керек.

4-кезең. Бұл бейнелеген заттарды толықтай анықтау кезеңі деп аталады. Мұнда сурет салу ережелеріне сүйене отырып, кейбір елеулі артық кеткен жарық пен қараңғы дақтарды бәсеңдетеміз. Біртұтас реңдік қатынасқа бағындырамыз. Орындалған суреттің жарасымды болып шығуына баса назар аударамыз.hello_html_m2797ab19.jpg
hello_html_m25f5f705.jpg
hello_html_m60a038a9.jpg

1-кезең 2-кезең 3-кезең 4-кезең


Үйге тапсырма беру: Нәрсеге қарап сурет сал. Натюрморт орында.



Сабақ: №2

Сабақтың тақырыбы:

Ежелгі Египет мектебі.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімді

қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру және т.б.


ә) Дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру,

оқушы санасына терең сіңіру.


б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты

түсіне білу.


Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Көрнекілік құралдар, альбом, қарындаш, қағаз, оқу құралы, әдістемелер.


Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Оқушыларға Ежелгі Египет мектебі, өнері жайлы түсіндіремін. Ежелгі Египетті даналықтың бесігі, ұлы философ, ғалым, суретшілер мен мүсіншілерді дүниеге әкелген ғажайыптар елі деп жиі айтады. Ежелгі Египет мәдениеті ең көне және өте жоғары деңгейде дамыған. Олардың үй қабырғаларына, тұрмыстық бұйымдарға салған бейне көріністері мазмұнға бай әрі осы елдің тарихы туралы қызықты ақпараттар береді.

Египеттіктер суретті көмірмен, қылқаламмен, қызыл және қара бояулармен салған. Тас пен саз балшықтан жасалып, өңделген тегіс бетке бейнелерді металл таяқшалармен қырнау, қашау арқылы түсірді.

Ежелгі Египетте суретшілер шәкірттерін сурет салу техникасына баулитын арнайы мектептер болды. Олар өрнек элементтерін, адамдар мен жануарларды қалай бейнелеу керектігін шыдамдылықпен көрсете білді. Біртіндеп сурет салудың әдіс-тәсілдерін игеру арта түсті. Сурет салу өнеріне баулуда техникалық тәсілдерге өте көп көңіл бөлінген. Ежелгі Египет суретшілері оқиға көріністерінің бірізділік барысы жайлы айтуға ұмтылыс жасағанда, олардың ойынша басынан аяғына дейін жазық бойында тұрған денелердің бәрін белдеумен, жиектермен орналастырған сияқты болып көрінетін. Денелерді бұлай орналастыру жер бетін жазық тік сызық түрінде жиектің теменгі шекарасында және көрерменнен шалғайда жатқан элементтерді бүркемелеп бейнелеуге алып келді. Бөлшектік бүркемелеу параллель картиналық жазықтықтағы қозғалысты ғана беріп қоймайды, сонымен қатар фигуралар арасындағы қашықтықты, олардың суретшімен арақатынастық орналасуын көрсететін тереңдікті жеткізуге мүмкіндік береді.

Алайда ежелгі Египет суретшілері шынайы кеңістік қатынастарды жасауды біле бермейтін еді. Патшалардың денелері ірі көлемде, оньщ жанында жүретін ақсүйектер ұсақтау, ал жауынгерлер одан да ұсақ фигуралармен бейнеленген. Олардың түсінігінше, фигураларды әр түрлі көлемде бейнелеу әлеуметтік ерекшеліктерді көрсететін болған.

Египет шеберлері портреттік сурет салу техникасына баса назар аударатын болған. Олар әрбір бейнеленген адамның физикалық ерекшеліктерін дәл бере алатын портреттік галерея жасады. Бүл кездейсоқ емес еді. Портреттік үқсастықты беруге ұмтылыс - мәңгілікке қалу үшін, яғни жоғалып кетпеудің маңызды қажеттілігінен туындаған болатын.

Сондай-ақ оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын:

1. Ежелгі Египет суретшілері кандай материалдарды пайдаланған?

2. Олар өз шәкірттерін өнерге калай баулыған?hello_html_m133ad75f.jpg


Ежелгі Египеттің сурет үлгісі



Үйге тапсырма беру: Ежелгі Египеттің өнері жайлы қызықты ақпараттар жинақтау.






Сабақ жоспарларының толық нұсқасын жүктеу ақылы.

Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055) немесе

Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне (әр сынып) 500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті сабақ жоспарларын айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті сабақ жоспарларын жазып жібересіз.

Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған сабақ жоспарларының толық нұсқасы салынады.



Осы сайттан басқа да сабақ жоспарларын, сан алуан тақырыптағы қызықты ғылыми жобаларды кезіктіреcіз!



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-155272

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>