Инфоурок ИЗО, МХК Рабочие программыБейнелеу өнері. Тақырыбы: "Қазақтың баспанасы-киіз үй" 5 сынып

Бейнелеу өнері. Тақырыбы: "Қазақтың баспанасы-киіз үй" 5 сынып

Скачать материал

Пәні: Бейнелеу өнері

Мұғалімі: Байжигитова А.Т

          Сыныбы: 5д

          Мерзімі: 03.03.16жыл

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:

Қазақтың баспанасы-киіз үй

Сілтеме:

Ақбердиева Р.Н., Төлебиев Ә.Т., « Атамұра», 2015

5-ші сыныпқа арналған бейнелеу өнері оқулығы

Жалпы мақсаты:

 

 

 

 

Табыс критерий:

Оқушыларға киіз үй жайындағы білімдерін толықтыру, бұған дейінгі менгерген білімдері мен байланыстыра отырып, бейнелі ойлау арқылы сурет салуға үйрету, танымдылық белсенділігін арттыру, ойлау әрекетін дамыту.

Топтық жұмыс барысында көшбасшы балалар анықталады, өз ойларын анық жеткізуге білуге үйренеді.Байқампаздығы, көңіл аударушылығы, елес, қиял, еркі, алдында мақсат қоюы, оған жетуге талпынысы ұлғаяды. Ойланады, салыстырады, табады, талқылайды, ізденеді, жеке топпен жұмыс жасағанда өз ойларын ашық айтуға, өзінің, басқалардың іс- әрекетін бағалауға үйренеді.

Күтілетін нәтижелер:

Ізденуге деген қызығушылықтары оянады, шығармашылық қабілеттері,таным белсенділігі артады, көркем бейнелеуге үйренеді.

Сабақ түрі:

Аралас сабақ

Қолданылатын модульдер:

- Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдері

- Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

- Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

- Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық

технологияларды ( Акт ) пайдалану

-         Талантты және дарынды балаларды оқыту

-         Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу

-         Оқытуды басқару және көшбасшылық

Құрал -жабдықтар:

Интербелсенді тақта, суреттер,үлестірмелік карточкалар.

Сабақтың  барысы:

Сабақ кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің іс -әрекеті

 Оқушының

 іс - әрекеті

Ресурс

тар мен жабдық

тар

I. Ұйымдас

тыру:

 

 

3 мин

1. Психологиялық дайындық

2. Топқа бөлемін. Топтың аты жазылған қима қағаз таратамын.

1 – топ «Кескіндеме»

2 – топ «Графика»

3 - топ «Аппликация»

4- топ «Сәулетші»

 

Әрқашан дос біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Достық жырын

Біліңдер,

Ту ғып ұстап

Бірлікті,

Еңбекті сүйіңдер!

2. Топқа бөлінеді

 

Қима қағаздар

 

II.Үй жұмысын тексеру

 

5мин

Үй тапсырмасын пысықтауға арналған сұрақ-жауаптар

1.Қолөнер дегеніміз не?

2. Жолаушының қанжығаға байлап жүретін торсығы?  (жанторсық)

3.Жүннен дайындалатын үй жиһазы?( сырмақ)

4.Теріден жасалынатын жұмсақ төсеніш? (төсеніш)

5. Теріден істелген қымыз сақтайтын ыдыс? (саба)

6.Сәндік бұйым? (гобелен)

7. Сәндік-қолданбалы өнердің түрлерін ата? (керамика,шыны,көркем оймыш, металдан жасалған көркем бұйым, тоқыма материалдар,ойыншық)

8.Алтын мен күміспен алқа,сырға жасайтын адам?(зергер)

9.Ағаштан әр түрлі бұйымдар жасайтын адам? (шебер)

10.Қару-жарақ, сауыт-сайман жасаумен шұғылданатын адам?

(ұста)

11.Ыдыс- аяқты алып жүретін ыдыс аты? (шынықап)

12.Өрнек тоқылмайтын үй жиһазы?(түскиіз)

Сұрақтарға жауап береді.

АКТ,

Д.О.

Ж.Е.

Қызығушылықты ояту

 

3мин

Өткен сабақтағы тапсырманы пысықтай отырып жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды.

«Ой шақыру»( жұмбақ жасыру)

Бір нәрсе өзі білік, іші қуыс,

Ол заттың сүйегі көп айқыш- ұйқыш.

Көзі бар жарқыраған төбесінде,

Жайса үлкен, жинағанда бір-ақ уыс. ( киіз үй)

Тыңдайды, жұмбақты тыңдай отырып жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды

Акт

Презентация

III. Жаңа сабақ жоспары:

Білу

3 мин

Жаңа тақырыпқа бағыттау

Ой қозғау:

Біздің заманымызға дейін қарапайым баспаналардың қайсысы сақталған?

Оқушылар киіз үй туралы өз ойларын білдіреді.

 

Ж.Е

Түсіну

 

 

Қолдану

2 мин

 

 

5 мин

Киіз үйді құру әдіс- тәсілін менгерту

Электронды оқулықпен жұмыс

Мәтінмен жұмыс

1топ – «Қазақтың баспанасы- киіз үй»

2 топ – «Киіз үйдің құрылысы»

3 топ – «Киіз үйдің жабдықтары»

4 топ – «Киіз үйдің құрылуы»

Тыңдайды

 

 

 

Оқушылар өз топтарына берілген мәтінді оқиды,бір-біріне сұрақтар қояды, талқылайды.

 

 

 

 

Қима қағаздар

Д.О

Сергіту

3 мин

Ән ырғағымен би қимылдарын жасау.

Интер- белсенді тақтадан көрсетілген қимыл- қозғалысты әуенімен орындап қайталайды.

 

Талдау

 

15 мин

1. Техникалық қауіпсіздік ережесін қайталау.

2. Әр топ  әртүрлі техникада

 сурет салады.

1-    топ «Кескіндеме»

2-    топ «Графика»

3-    топ « Аппликация»

    4 – топ «Сәулетші»

Топпен жұмыс

 

К.О.

Жинақтау

 

6мин

Оқушылар өздері салған суреттеріне тақырып қойып,эссе жазу арқылы

қорғайды.

Топ жұмыстарын қорғайды.

К.О

 

 

 

 

 

 

Бағалау

2 мин

Тест алу, қорытындылау.

Бағалайды

Д.О.

IV. Бағалау

 

2 мин

1.Бағалау парағы бойынша бағалау

 

Бағалайды

 

Бағалау парағы ОБ

Кері байланыс

 

1 мин

Тақтадаға  өз ойларын жазып пікір ағашына іледі.

Бағалайды Стикерге өз ойларын

жазады

 

Стикер

мен жұмыс

V. Үй тапсырма

сын беру

 

1 мин

Киіз үй жабдықтарын салу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау парағы

   

      Пәні: бейнелеу өнері

Күні

Үй тапсырма

сын тексеру

 

    Жаңа сабақ                                           

 

 

Сабақты

қорытындылау

Бағалау

 

 

 

 

Балл

 

 

 

 

Баға

 

03.0316ж

Сұраққа жауап беруі

Мәтінмен жұмыс

Өзіндік жұмыс

Өзіндік жұмыстарын қорғайды

Тест алу

  бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Суретті орналастыру тәртібі

Түстер үйлесімділігі

Эстетикалық талғамы

 

1

 

2

3

4

5

6

7

8

 

 

 

 

 

 

8 – 7 балл-« 5»

6 -4 балл – «4»

3 -1 балл – «3»

 

1.    Қолөнер дегеніміз не?

Қолөнер дегніміз халық өмірімен, тұрмыс- тіршілігімен біте қайнасқан өміршең өнер.

2. Жолаушының қанжығасына байлап жүретін торсығы?

жанторсық

3.Төсеуге арналған шағын көрпе?

Көрпеше

4.Теріден істелген қымыз сақтайтын ыдыс?

саба

5.Сәндік бұйым?

гобелен

6.Сәндік- қолданбалы өнердің түрлерін ата?

Керамика,шыны, көркем оймыш, металдан жасалған көркем бұйым, тоқыма материалдар, ойыншықтар

7.Алтын мен күмістен алқа, сырға жасайтын адам?

зергер

8.Ағаштан әр түрлі бұйымдар жасайтын адам?

шебер

9.Қару- жарақ, сауыт жасаумен шұғылданатын адам?

ұста

10. Ыдыс-аяқты алып жүретін ыдыс аты?

шынықап

11. Өрнексіз орындалатын бұйым?

түскиіз

12.Жүннен дайындалатын үй жиһазы?

Сырмақ

13. Сусын ішуге, құюға арналған ыдыс?

Ожау

14. Қымыз, шұбат пісуге арналған ыдыс?

Күбі

15. Көшіп- қонып жүргенде сүр ет, құрт- май сақтайтын ағаш тақтайша?

Кебеже

16. Ұлтық киімдер тігетін адам?

ісмер

 

 

                        Киіз үйдің шығу тарихы      1- топ

Мал баққан көшпелі халықтардың қысы-жазы отыратын баспанасы киіз үй болған. Ол тез жығып, түйеге артып жүре беруге, шапшаң тігуге ыңғайлы, көшіп- қонуға лайықтап жасалған. Киіз үй біздің заманымыздың VII ғасырында кеңінен пайдаланып киіз басу белгілі бір еңбек кәсібіне айналған.

Оған Алтай, Сібір, Қырым таулы- тастарындағы сурет таңбалар айғақ бола алады.Киіз үйдің көшіп-қонуға ыңғайлылығымен бірге жазда ауасы таза,салқын болады.Қос қабаттап киіз жапқан қазақ үйінде ертеде ата- бабаларымыз қыста да қыстап шыққан. Балшықтан соққан там үйлер бертінде отырықшыланып, егіншілікпен айналыса бастаған кезде 18 ғ. екінші жартысынан пайда болған.

Қазақтың киіз үйі сыртқы жабысына қарай: «үзікті», «көтерме туырлықты»,

Сүйегінің уақ- ірілігіне қарай: 4 қанаттан-18 қанатқа дейін, ал салтанатына қарай: « Ақ орда» « Ақ отау», « Алтын орда», « хан орда», «қараша үй», «жолым үй» сияқты түрлерге бөлінеді.Оның сүйегі «қазақ» және «қалмақ» үлгісімен екі түрде жасалынады.

                             Кйіз үйдің құрылысы      2- топ

Кереге- киіз үйдің шеңбер қабырғасын құрайды.Кереге жасау үшін шыбық талды кептіріп, оны қоламтаға төсеп балқытып, арнаулы үлгімен ырғақта қатырады.Үлгіге келген талды жонып, жұмырлап, жылғалап, жосамен бояйды.Көк өткізген жерін дақтап алып,үскілейді де, түйенің мойын терісінен жасаған таспамен көктейді.

Керегенің аяғы, басы, сағанағы немесе босағамен байланысатын жері болады.

Шаңырақ-киіз үйдің еңсесін құрып, тұтастырып тұратын күмбез.

Оны көбінесе тораңғыдан немесе жуан қайыңнан иіп қиюластыра құрастырады.Шаңырақтың дөңгелек шеңберін тоғын дейді.Оған уық сұғынатын төрт қырлы көз-қаламдықтар теседі. Түндікті көтеріп тұру үшін және киіз үйдің төбесіне жауын- шашын іркелмеуі үшін 45 градус шамасында айқастыра бекітілген ағаштарды күлдіреуіш деп атайды. Күлдіреуіш арқылы үйге жарық түседі, түтін шығады, үйде ауа алмасады.

Сықырлауық кереге шеңберіне басқұр арқылы тартылып,кереге баумен байланады.Есік табалдырықпен маңдайшадан,қос босағадан, жарма беттен тұрады.Есіктің жарма беттері мен қос босағасы нәзік ұлттық өрнектермен әшекейленеді.Шаңырақтан кейін киіз үйдің қасиетті бөлшегі- босаға.

Уық- кереге мен шаңырақтың ортасын қосатын иілген жұмыр ағаш. Ол сәмбі талынан иіп жасалынады. Уықтың кереге басына байланатын жағы жалпақтау, имек болып келеді. Мұны уықтың иіні дейді. Уықтың жоғарғы түзу жағын қары, шаңырақ көзіне сұғылатын төрт қырлы ұшын қаламы деп айтады.Уықтың кереге басына байлайтын жағын тесіп,бау өткізеді. Оны уық бау дейді.

                                 Киіз үй жабдықтары       3- топ

Киіз үй төрт түрлі жабдықтан тұрады.

1.     Киіз үйдің сүйегі

2.     Киіз үйдің киіздері

3.     Киіз үйдің баулары

4.     Киіз үйдің іші-тысына  тұтатын шидің түрлері

Киіз үйдің сүйегі- қайың, тал, терек, қарағай сияқты ағаштардан  жасалады.

Киіз үйдің екінші жабдығы- киіз. Бұлар қойдың күзем жүнінен жасалады. Күзем- күзде тамыз, қыркүйек айларында қырқылатын жүн.Көктемде қырқылатын жүн жабағы деп аталады.Күзем жүннен жасалатын үйдің жабдықтары туырлық, үзік, түндік, уық қап,дөдеге.

Үзік- киіздің ішіндегі ең көлемдісі. Ол үйдің түндіктен басқа жабдықтарының бәрі жабылып боғаннан кейін шаңырақтан бастап төмен қарай уық пен керегенің қоспасын көмкеріп жаба аяқталады.

Туырлық-уықтың иінен басталып жерге жеткенше жабылады.Туырлықтың үстінгі жағы әдемі өрнекпен жиектеліп үйдің ішінеқаратып жабылады.

Түндік- киіз үйдің төбесін, яғни шаңырақты жабады.Түндіктің ашық тегісінен үйдің ішінің ауасы шығып тазарады, от жақса түтін шығады.Үйдің жылуын сақтап тұру үшін түндік жабылады.

Ши- киіз үйдің іші- тысына тұтылады.Ши: шым ши, кілем ши, алаша ши, ас ши, киіз басатын ши т.б

                            Киіз үйдің құрылуы      4- топ

Киіз үйді тігу үшін, біріншіден, ыңғайлы, тегіс жер таңдалуы тиіс.

Киіз үй босағадан, дәлірек айтсақ,оң жақ босағасынан бастап орнатылады.Кереге киіз үйдің негізгі қанқасын құрайды.  Шаңырақ көтерілген соң,уықтар орнатылады.Шаңырақ- киіз үйдің негізгі еңсесін құрап, тұтастырып тұратын күмбез. Ал уық- кереге басы мен шаңырақты ұштастыратын ағаш.Киіз үй құрылып біткен соң, сыртқы жабдықтар кетеді.Үй жылы болу үшін сырты жел өткізбейтін іргешимен

немесе киізбен қапталады.Сыртынан қаптайтын киіздің өзі екі

түрлі болады.Үстіне жабатыны туырлық, үзік деп аталады.

Етегіне жабылатын киіздің аты- туырлық,үстіне жабылатыны- үзік.

Ал шаңырақтың үстіне жабылатын төртбұрыш пішінді матаны біз

түндік деп атаймыз.Оны арнайы бауымен ашып- жабады.Түндікті күн

шықпай тұрғанда ашып, қараңғы түскенде жабу керек.

Киіз үйдің ортасында орнатылатын шаңырақты ұстап тұратын бақан

деп аталады.Күлдіреуіш деп шаңырақта түндікті көтеріп тұру үшін

айқастыра бекітілген ағаштарды атайды.Жіптер қойдың жүні, жылқының жалы мен құйрығынан жүні қосылып, есіп жасалады.

Киіз үй жабдықтарының барлығы мықты ағаштан, мысалы,қара тал

немесе қайыңнан жасалады.Ол кептіріледі,майыстырылады, жонып, әрленеді

 

р қашан дос біргеміз                          

Ажырамас іргеміз.                    

Ажырамас іргеміз.

Достық жырын біліңдер,

Ту ғып ұстап бірлікті,

Еңбекті сүйіңдер!

 

 

Әр қашан дос біргеміз

Ажырамас іргеміз.

Достық жырын біліңдер,

Ту ғып ұстап бірлікті,

Еңбекті сүйіңдер!

 

Әр қашан дос біргеміз

Ажырамас іргеміз.

Достық жырын біліңдер,

Ту ғып ұстап бірлікті,

Еңбекті сүйіңдер!

 

Әр қашан дос біргеміз

Ажырамас іргеміз.

Достық жырын біліңдер,

Ту ғып ұстап бірлікті,

Еңбекті сүйіңдер!

 

Әр қашан дос біргеміз

Ажырамас іргеміз.

Достық жырын біліңдер,

Ту ғып ұстап бірлікті,

Еңбекті сүйіңдер!

 

Әр қашан дос біргеміз

Ажырамас іргеміз.

Достық жырын біліңдер,

Ту ғып ұстап бірлікті,

Еңбекті сүйіңдер!

 

 Әр қашан дос біргеміз

Ажырамас іргеміз.

Достық жырын біліңдер,

Ту ғып ұстап бірлікті,

Еңбекті сүйіңдер!

 

                        Тест сұрақтары

 

  1. Киіз үй біздің заманымыздың қай ғасырында дамыды?

а) IIV ғас

б) VII ғас

в) VIII ғас

 

2.Қазақтың уақ- ірілігіне қарай қанша қанатты болады?

а) 14-18 қанат

б) 3- 16 қанат

в) 4-15 қанат

 

3.Киіз үйдің сүйегіне нелер жатады?

а) киіз, үзік, туырлық, басқұр

б)кереге, сықырлауық, уық,шаңырақ

в) күлдіреуіш, босаға, табалдырық

 

4.Киіз үй қандай ағаштардан дайындалады?

а) үй ағашы

б) орман ағашы

в) дала ағашы

 

5. Кереге дегеніміз не?

а) киіз үйдің күмбезді төбесі

б) шеңбер қабырғасын құрайды

в) шаңырақ пен керегені байланыстыратын жері

 

6. Шаңырақ дегеніміз не?

а) шаңырақ пен керегені байланыстыратын жері

б) шеңбер қабырғасын құрайды

в) киіз үйдің жоғарғы бөлшегі

 

7. Шаңырақ төбесін қандай өрнек безендіріледі?

а) сынық

б) қошқар мүйіз

в) түйетабан

 

8. Киіз үйдің сыртқы әбзелдері?

а) бау, жел көз, торкөз

б) басқұр, есік, сықырлауық

в) туырлық, үзік, түндік

 

9. Киіз үйді жасаушы шеберлер?

а) Сандыбай, ағайынды Мылтықбай

б) Рахманов, Молдағалиев

в) Тыныбеков, Кенбаев

 

10. Киіздің ішіндегі ең көлемдісі?

а) күзем

б) үзік

в) ши

 

 

     Тест жауаптары

 

 

 

 

 

1. б

2. а

3. б

4. а

5. б

6. в

7. б

8. в

9. а

10.б

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          3  топ       Аппликация

 

 

 

 

 

 

      1топ

 Кескіндеме

 

 

 

 

 

 

       2 топ

    Графика

 

 

 

 

 

 

      4  топ

  Сәулетші

 

 

 

 

 

 

 

Кескіндеме               Графика               Аппликация           Сәулетші

                                                                                                  Сәулетші

 

                                                                                                   Сәулетші

                           

                                                                                                    Сәулетші

 

                                                                                                   Сәулетші

 

                                                                                                   Сәулетші

 

Сәулетші

                                                                

                                                               

                                                                Аппликация

 

Кескіндеме               Графика             Аппликация

                                                              

                                                             

                                                               Аппликация

Кескіндеме              

                                     Графика              Аппликация

 

Кескіндеме                                            Аппликация

                                     Графика         

 

Кескіндеме                  Графика

 

                                  Графика

                                 

                                   Графика

 

кескіндеме

 

кескіндеме

 

кескіндеме

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                               Бағалау парағы

                 Пәні: бейнелеу өнері

                   Сыныбы: 5д

Тақырыбы: «Қазақтың баспанасы- киіз үй»

 

 

Оқушының аты- жөні

Үй

Тапсырма

1 балл

Мәтінмен жұмыс

1 балл

Топ.сурет салу

Критерии

3,4,5

Тест

1-10 балл

Қорытынды балл

 

 

Баға

 

 

 

 

 

 

 

                    

 

 

«5»  - 17-15 балл

«4» -14- 12 балл

« 3» -11- 9 балл

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бейнелеу өнері. Тақырыбы: "Қазақтың баспанасы-киіз үй" 5 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Ректор

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 567 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.06.2016 1382
    • DOCX 35.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байжигитова Айгуль Тлеукуловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7899
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Изобразительное искусство: теория и методика преподавания в сфере дошкольного образования

Педагог по изобразительной деятельности

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 98 человек из 31 региона

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Изобразительное искусство и черчение")

Учитель изобразительного искусства и черчения

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 29 регионов

Курс повышения квалификации

Основы художественного анализа

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 10 регионов

Мини-курс

Дизайн-проектирование: практические и методологические аспекты

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Брендинг и архитектура бренда: создание уникальности и цельности в маркетинге

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Информационные технологии и безопасность

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 25 регионов
Сейчас в эфире

Как школьному учителю зарабатывать онлайн?

Перейти к трансляции