Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / ИЗО, МХК / Другие методич. материалы / Бейнелеу өнерінде қолданылатын дәстүрлі емес техникалар
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • ИЗО, МХК

Бейнелеу өнерінде қолданылатын дәстүрлі емес техникалар

библиотека
материалов

Бейнелеу өнерінде қолданылатын дәстүрлі емес техникалар



Д-111 тобының студенті Әсілбекова Ботакөз



Ғылыми жетекшісі: Жунисбекова Римма Газизовна



Бейнелеу өнеріне оқыту әдістемесінің мазмұны педагогика ғылымына негізделіп құрылады. Соның ішінде бейнелеу өнерін оқытуда педагогика ғылымы зерттеп, көрсетіп берген дидактикалық принциптерді басшылыққа ала отырып, жұмысты ұйымдастыру үлкен нәтиже береді, оқыту мен тәрбие беру процесін ғылыми тұрғыда жүйелендіреді. 

  Ал енді оқыту мен тәрбие берудегі дидактикалық принциптерге келетін болсақ, ол оқытуға қойылатын талаптардың белгілі жүйесі. Оқыту жүйесінің заңдылықтары оның принциптерінде бейнеленеді. Принцип - латын сөзі, "негізгі", "бастапқы" деген ұғымды білдіреді.

  Сонымен, мұғалім өзінің педагогикалық тәжірибесінде мынадай дидактикалық принциптерді ұстанады.

  Оқу барысында игерілетін әр тақырып, әр мөселе ғылыми дәлелдерге негізделіп берілуі керек, ол оқушылардың қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар туралы шынайы көзқарасының, дүниетанымдың және адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына әсер етеді. Сондықтан да оқыту әдістемесінің негізінде гылымилық принципорын алуы тиіс.

  Бейнелеу өнері мұғалімінің міндеті - бейнеленуші табиғат көрінісінің немесе нәрсе құрылысының заңдылықтарын және оларды жазықтық бетінде бейнелеу заңдылықтарын түсіндіріп көрсету арқылы оқушылардың сурет салу барысында ойлану дағдысын қалыптастыру. Ол оқушылардың бейнелеу өнері пәнін басқада математика, дүниетану сияқты адамның жан-жақты дамуына әсер ететін ғылыми танымдық пән ретінде тануына мүмкіндік жасайды.  Суретті тұрғызудағы перспектива заңдылықтарын әңгімелей отырып, оқушылардың жұмыс барысында сызықтық, кеңістіктік перспективалардың сақталуынқадағалап, талап етеді. Заттардың құрылысына талдаужасап, оқушылардың оны бейнелеуде пайдалана білуіқадағаланады. Оқушылардың сурет салу мақамы әр түрліболуы мүмкін, бірақ бейнені қағаз бетіне орналастыру,кеңістікті, көлемді көрсету, пропорцияны сақтау талаптары сақталуы тиіс, өйткені ол сурет салудың ғылымидәлелденген негіздері болып табылады. Қоршаған орта шынайылығын көркем қабылдау барысын ғылыминегізсіз ұйымдастыру мүмкін емес. Осыған орай П.П. Чистяков: "Жоғарыда, шынайы живопись өнері ғылымсыз күнелтуі мүмкін емес, ғылымның ең биік көрсеткіші өнерге айналады", - деп жазған болатын. Белгілі суретшілердің өз іс-тәжірибесінде ғылымды кеңінен пайдаланғандығын тарихтан білеміз, оған Леонардо да Винчи, Дюрер т.б. әйгілі суретшілердің перспектива, пропорция, анатомия жөніндегі ғылыми зерттеу жұмыстарын атап айтуға болады. Олардың бейнелеу өнерінде ашқан кейбір ғылыми жетістіктері қазіргі кездегі оқыту әдістемелерде кеңінен пайдаланылып келеді.

  Танымдық ғылыми мәліметтер, әсіресе, тақырыптық бейнелеу, сәндік суретжәне көркем құрастыру сабақтарында оқушылардың композиция жасауда шығармашылық жұмыстарын ғылыми дәлелдерге сүйене отырып, ойланып бейнелеуіне мүмкіндік жасайды.

  Өнер тарихында белгілі орын алған П. Пикассо, С. Дали т.б. дәстүрлі емес бейнелеу өнері нақыштары мен өлемге әйгілі шығармалар қалдырған суретшілердің тақырыпты ашудағы қолданған композициялық шешімі мен бейнелеу нақышын таңдап алудағы әсер етуші сыртқы (қоғамдық сана, идеология, тарих) және ішкі (суретшінің философиялық дүниетанымы, шығармашылық шеберлігі, таланты т.б.) күштер жөнінде ғылыми зерттеулерді әңгіме етуге болады.

  Заттан қарап сурет салу сабақтарында оқушылар затты байқап, танып жазықтың бетіне сыртқы бейнесін бейнелеп қана қоймай, оның қаңқасының құрылысын да зерттеп таниды. Мысалы, текшенің (куб) бейнесін жазықтық бетіне бейнелеместен бұрын оқушы бірінші оның көлемін анық байқап, оның негізгі қырларын және сол қырлар құрап тұрған жазықтық беттердің кеңістікте орналасу бағытын дұрыс қарап, жалпы текшенің сызықтық құрылысын елестетіп, тек содан кейін ғана жазықтық бетіне көмекші сызықтар арқылы бейнелей бастайды.

Жобаның идеясы:

Оқушыларды қоғамның назарына әлеуметтік проблемаларға және оларды шешу жолдарын іздеуге тарту үшін, қазіргі заманда өнерді пайдалана отырып, өзінің әлеуетін қоғамның игілігіне пайдалануға ынталандыру. Өнердің көркемдік кейіпкерлеріне дүние танымның қандай идеялары, сезімдері мен принциптері жүзеге асырылатын түсінуге бағытталған ұмтылмас, әсіресе дәуірлер тоғысында, мәдениет кезеңдері алмасар сәттер ерекше орын алады.

Жобаның мақсаты:

- Орта білім беру мектептерінде оқушыларға живопись әдісімен жұмыс жасау тәсілдерінің түрін үйрету.

- Заман талабына сай жасалу жолдарын жаңарту, үлкен көрмелерге өз ыңғайынша әдемілеп суреттерін орындап көрсету. Живопись әдісінде бояу түстерінің әдемі болып көрінуі- әртүрлі жағу тәсілдерін қолдану оқушыларды қызықтырады.

- Қабілеті дамыған жан-жақты, өрісі биік азаматтарды тәрбиелеу.

Міндеті:

    Живопись өнерінде оқушыларға теориялық түсінік бере отырып, суретті шап-шаң салып, шеберлігін арттыру;

    Живопись өнеріне деген ой-өрісін, танымын, есте сақтау, елестету қабілетін дамыту;

    Живописьтің әрбір түсіне, әсемдігіне, сұлулығына тәрбиелеп, бейнелеу өнеріне баулу;

    Оқушыларды живопись өнерінің «натюрморт» жанрына үйрету.

Жобаның мазмұны:

Живопись-бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі толысқан түрі, онда бейнелеудің сан алуан мол құралдарды қолданады. Суретшілер өнердің ұшы-қиырсыз осы саласынан көбіне өздері сүйген әуендер мен тақырыптарды таңдап алады.

Живопись мынандай жанрларға бөлінеді: Натюрморт, Пейзаж, Портрет және Тақырыптық картина.

Пейзаж-«Paysade»деген француз сөзінен шыққан- бұл Ландышафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде, Қытайда, Жапонияда және басқа шығыс елдерінде(VII-X ғасырларда) Европадағыдан ертерек қалыптасты. Европалық живописьте ол XVII ғасырда, алдымен Италияда пайда болды, содан кейін Голландияда ерекше жоғары дамыды. Қайсібір жерлерді жай айнытпай бейнелей салу емес, онда суретшілердің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндіктері жатыр.

Портрет-бұл жанр басқалардан бұрын пайда болды. Үш мың жылдан астам уақыт бұрын жасалған скульптуралық Египет портреттері, екі мың жыл бұрынғы мозайкалық Рим және темпералық фаюм портреттері белгілі. Үлкен шебердің шабытты қолымен жазылған әрбір портрет шынында рухтанғандай болады, портретке түсірілген бет әлпетте ой, қайғы-күйініш, қуаныш, күрделі және кейде қиын бүкіл өмір жолының көрінісі жатады.

Тақырыптық картина-өмірді,адамдардың өзара қарым-қатынастарын көрсететін қандай да бір шын мәніндегі немесе фонтастикалық көріністі бейнелейтін картинаны осылай атайды.

Натюрморт-өнердің дербес жанры ретінде XVII ғасырда Голландияда және көрші Фландрияда туып, кеңінен дамыды. Натюрморт бізге онда бейнеленген заттарды пайдаланған адамдардың өмірін суретшінің оларға деген көзқарасын ашып береді.

Бейнелеу өнерінің ішіндегі жанрлармен танысып, живопись жанрының ішіндегі «натюрморт» жанрына тоқталдым. Бейнелеу өнеріндегі живопись өнеріне көптеген сурет салуға қажетті құралдар мен материалдар пайдаланамыз. Сондықтан бізге акварель живописінде жұмыс істеу техникасы мен әдістері майлы бояумен жұмыс істеуден айтарлықтай ерекшеленеді.

Акварель сөзі латын(agua)- «су» деген сөзінен шыққан. Акварельде ақ бояуы мүлде қолданбайтын бірден-бір живописьтік техника. Акварель бояулары қолдануға ыңғайлы да қарапайым, қағазағ оңай жағылады және шап-шаң кебеді. Алайда, бұған қарамастан, акварель живописінің техникасы- мейлінше күрделі техникалардың бірі. Акварель живописінің техникасы-материалдық жарақаттандырылуы жағынан қарапайым.

Гуашь- ең тығыз, күңгірт бояу. Онымен сәтсіз жерлерді-неғұрлым қара-қошқыл бояуларды ақшыл бояумен және т.б жауып жіберуге болады. Гуашьпен жұмыс істеудің қиындығы мынада: кепкен бояу жағындылары оңай жібиді. Гуашь-декорациялық безендіру және плакат жұмыстарында, театр эскиздерімен кітап графикасында үлкен табыспен қолданылады. Гуашьтың негізгі кемшілігін- кепкен кезде өңін өзгертетінін ойдағыдай жеңу үшін кейбір суретшілер жұмыстың ерекше әдісін пайдаланады. Алдын-ала дайындалған коллермен( 2-3 бояуды қосып бір түс шығару) сурет салады. Гуашьты жағу әдісін пайдалану арқылы әрбір қыр-сырын үйреніп, майлы бояуға көшуге мүмкіндік береді. Жалпы гуашь пен майлы бояудың техникасы бірдей.

Майлы бояумен әрбір шебер өз жұмысын, технологиясын, өз тәсілдерін таңдайды. Қазір суретшілердің көбі майлы бояуларды пайдаланады, ал бір кездері ол адамзатқа белгісіз болатын. Майлы бояу алғашқы рет X ғасырда шыққан, бірақол кезде ешкім пайдаланбаған.Оның кеңінен дәстүрге енуі XV ғасырда өмір сүрген Нидерланд суретшілері ағалы-інілі Ван-Эйктердің атымен тығыз байланысты. Майлы бояумен жұмыс істеу үшін сондай-ақ әртүрлі кистілер және де Мастихин өте қажет болады. Мастихин(қалақша)- холостан да, палитрадан да қажетсіз бояуларды алып тастай алады. Майлы бояуларда мұндай байланыстырғыш заттар әдетте зығыр, кейде жаңғақ немесе көкнәр майы болып табылады.

Живопись өнерінің ішіндегі «натюрморт»жанрында үш түрлі технологиясын қолдандым. Мысалға: акварель технологиясы.

Акварель технологиясының жағу әдісін үйрете отырып, гуашь технологиясына ауыстым. Гуашь технологиясын қою жағу әдісін, түстерді бір-бірімен араластыру арқылы және үйлесімдігін табу арқылы майлы бояу техникасына ауыстық. Жалпы гуашь пен майлы бояу техникасын, екуін де бір техникаға жатқызуға болады. Өйткені екеуі де қою түстердің бірінің үстін бірі баса алады.

Жүру бағыттары:

Оқушыларды эстетикалық талғаммен ояту.

    Суретші болу керек- бейнелеуші техникалар мен материалдардың барлық мүмкіндіктерін меңгеріп, сурет сала және майлы бояумен жаза білу қажет;

    Өнер тарихының теориялық негіздерін меңгерту, бейнелеу өнерінің түрлерін түсіну, композиция заңдылықтарын, бейнелеу өнері түрлерінің бір-бірінен ерекшеліктері және жанрлары, стильдері, бағыты, т.б жақтарынан хабардар болуын ескертеді;

    Көркемдік педагогиканың- әдістемелік негіздерін, оқушының жас ерекшеліктеріне қарай олармен жақын таныс болуын, тәрбиелеудің және де оқытудың дидактикалық ұстанымдарын білуін алға тартады.

    Бейнелеу өнері жүзеге асыруға лайықты болу қажеттілігін айтамыз.

Орындау ерекшеліктері:

Жалпы бұл “натюрморт” жанрының ерекшелігі-акварель, гуашь және де майлы бояу техникасымен боялуын көрсету. Оқушылардың алған білімдерін практикалық жұмыс арқылы живопись техникасын дамыту, ерекшелігін ұйымшылдыққа тиянақтылыққа ерекшелендіру.

Орындау кезеңдері:

Жалпы бейнелеу өнерінде кез-келген суретті кезеңге бөліп салады. Жалпы кезеңдер 4 кезеңнен тұрады:

1-кезең: Алынған тақырып бойынша қағаз бетіне дұрыс орналастыру, компоновкасын және үйлесімділігін нақты көрсету. Жалпы көмекші сызықтармен және ішкі көріністерін салыстырмалы түрде жазу;

2-кезең: Әрбір заттың кіші заттан үлкен заттарға қарай, құрылымына назар аударып, кеңістікте өзара қатынасын табу. Қағаз бетіне эскизімізді нақтылап 3-кезеңге көшіру;

3-кезең: Әрбір заттың өзіндік өңі, жарық пен көлеңкесі пайда болады. Жалпылама бұл жұмысты жарық пен көлеңке арқылы анықтап, түстік заңдылықтарын дұрыс орналастыру;

4-кезең: Бұл кезең бейнеленген заттарды толықтай анықтау кезеңі. Орындалған заттардың өзара өңі мен жарық көлеңкесін табу. Әрбір көлеңке переход арқылы жұмыс жасалуы керек. Ең маңызды көлеңке “түспе көлеңке” болады. Әрбір затты қағаз бетіне көрсету үшін, жарық түскен артқы фонын көлеңкелеу арқылы көрсетеміз. Әрбір заттың өңін бір-бірімен шағылысу арқылы реңдік қатынасты көрсетеміз.

Акварель Гуашь Майлы бояу

Болжамы:

Живопись пәнінде оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту, бағдарламасын іске асыруға болады. Нәтижесінде оқушыларды толық сабаққа қатыстырып, живопись пәніне деген шығармашылықпен жаңашылдандыруға бағытталса, олардың әр қайсысының деңгейін анықтай алады. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықтан бастап, тақырыпқа болжам жасап, мақсат сұрақ беріп жауап алуға білім сапасы педагогикалық жүйесі артады.

Нәтижесі:

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.

Олар мынадай:

    тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау;

    арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру;

    берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс;

    ой шапшаңдығын, сурет салу байлығын дамыту;

    әр түрлі тақырыпта пікірталас, сайыстар, көрмелер өткізу.

Қорыта айтқанда, осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Шығармашылық жұмыстар оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, белсенділікке ынталандырады.

Пайдаланған әдебиеттер:

    Әуесқой жас суретшілер мен мүсіншілерге А.С.Шипанов Алматы мектебі 1998

    Бейнелеу өнері 3-сынып Алматы “Атамұра”1999

    Бейнелеу өнері 5-сынып Алматы“Атамұра” 1999

    Бейнелеу өнері 6-сынып Алматы“Атамұра” 2006

    Батыс Европа Өнері “Алматы өнер” 1982

























Автор
Дата добавления 06.10.2015
Раздел ИЗО, МХК
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров751
Номер материала ДВ-033803
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх