Инфоурок ИЗО, МХК Другие методич. материалыБейнелеу өнерінен ашық сабақ "Сәндік қолданбалы өнер" 6 сынып

Бейнелеу өнерінен ашық сабақ "Сәндік қолданбалы өнер" 6 сынып

Скачать материал

Бейнелеу өнері                 6 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Сәндік қолданбалы өнер.

Сабақтың мақсаты:

а)білімділік: оқушыларға қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері туралы мәліметтер беру;

ә)дамытушылық: жас жеткіншектердің ұлттық өнер ерекшеліктерін сезіне білуге және ұлттық өнер туралы білімдерін дамыту;

б)тәрбиелік: оқушыларды ұлттық өнерімізді дәріптеуге, әсемдікке, сұлулыққа және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

1.Оқушылар қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері, түрлері және олардың ерекшеліктері туралы біледі.

2.Сәндік қолданбалы өнер түрлерінің суретін салуды үйренеді.

3.Ой- қиялдары, шығармашылық қабілеттері дамиды.

Оқыту әдістері:

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету,

Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау

АКТ қолдану,

Білім беру және білім алудағы жаңа тәсілдер.

Дереккөздер:

Ғаламтор, «Бейнелеу өнері және сызу» журналы, суреттер, оқулық «Бейнелеу өнері» 6 сынып.

Керекті жабдықтар;

Сурет альбомы, түрлі-түсті қарындаштар, бояулар, маркерлер, ресус парақшалары.

 

Сабақ кезеңдері:

Мұғалім іс-әрекеті

 

Оқушы іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушыларды түгендеу

Мұғаліммен амандасады

Кезекші жоқ оқушыларды айтады.

Психологиялық  дайындық

– Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік.

Қуанамын менде,

Қуанасың сенде.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге!

Оқушылар орындарынан тұрып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Топқа бөлу:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сәндік өнердің бір түрі қоржыннан қағаз суырып, қазақтың ұлттық қолөнер түрлерімен оқушыларды топқа бөлу.

1-топ «Шебер»

2-топ «Зергер»

3-топ «Ісмер»

4-топ «Ұста»

 

Сынып оқушылары өздері таңдаған қағаздарын суырады.          

 

1.Оқушылар топқа бөлінеді.

2.Топ басшысын сайлау.

3.Топ ережесін еске түсіреді.

 

 

 

 

 

 

 

Үй тапсырмасын сұрау:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 1.Үй тапсырмасын «Миға шабуыл» әдісі арқылы еске түсіру.

-Мүсін өнері дегеніміз не?

-Қандай түрлері бар?

-Адамның кеудесіне дейін сомдалған мүсін не деп аталады?

-Адамды барлық бойымен тұтас бейнеленген мүсін не деп аталады?

-Қазақтан шыққан тұңғыш кәсіпқой мүсінші кім?

-Мүсінді қандай материалдардан жасайды?

-Қай қалада қандай мүсіндер бар?

-Тас мүсіндерге нелер жатады?

 

Оқушылар өтілген тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мағынаны тану:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. «Ой қозғау» әдісі арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

2.Слайдтан сәндік өнердің түрлерін көрсете отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбымен таныстыру. Сәндік қолданбалы өнерге байланысты видео ролик көрсету.

 

 

 

           

 

 

 

 

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Сол арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын айтады.

 

 

Жаңа сабақ:

1.Сәндік қолданбалы өнерге байланысты түсініктер беру.

Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің ежелгі ұлттық үлгілері мен дәстүрі ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуда. Қазақтың ежелден келе жатқан киіз үйі мен күнделікті тұрмыста пайдаланатын барлық жиһаздары мен заттары ұлттық ою-өрнекпен көркемделіп отырады. Ою-өрнектері қайталанбалы әрі ашық түсті болып келетін алаша, текшелі өрнекті тықыр кілем, әшекей оюлы кебеже сияқты киіз үйдін ішіне тұтынатын сәндік жиһаздармен қатар ағаш ұқсату өнері және жібек жіптермен кестелей тоқу, ағаш пен сүйекті жымдастыру арқылы көркемдеу, тері ұксату (бедерлі инкрустациялы), оймыш, шекіме, бұрама, қалыптама, қаптырма, көз салу секілді зергерлік өнерінің түрлері де өркен жайды.

Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің көп ғасырлық тарихы бар. Сәндік қолданбалы өнер деп тек қана практикалық жағынан емес, эстетикалық мәні жағынан да маңызды  дайындалған және көркем жасалған өндірістік немесе қолөнер арқылы өмірге келген көркем туынды жасауды айтады.

Сәндік қолданбалы өнерді әзірлеу үшін мынадай материалдарды қолданылады.

1. Ағаш

2. Сүйек

3. Тас

4. Әйнек

5. Табиғи және жасанды заттар

Сәндік қолданбалы өнердің түрлері.

1. Керамика (фарфор)

2. Әйнек (ыдыстар,құмыра, мозайка)

3. Көркем оймыш (ағаш,тас,сүйек)

4. Металлдан жасалған бұйымдар (зергерлік бұйымдар)

5. Тоқыма материалдары(сәндік маталар, киімдер)

6. Ойыншықтар

Қай халықтың болса да тұрмыс – тіршілігіне қажетті әдемі бұйымдар мен заттарды дүниеге әкелген қолөнері болады. Солардың ішінде біздің қазақ халқы қолөнерінің дамуы өзінше ерекше.

Қолөнермен айналысатын адамдарды төрт топқа бөлуге болады.

1.Ұста

2.Зергер

3.Ісмер

4.Шебер

Ұста – қару- жарақ, ер-тұрман, сауыт сайман жасаумен шұғылданатын адам

Зергералтынмен аптап, күміспен қаптап алқа, сырға, білезік жасайтын адам.

Ісмер – ұлттық киімдер тігумен айналысатын, қолынан іс келетін адамдар.

Шебер – ағаштан әр түрлі бұйымдар жасайтын адам.        

Оқушылар жаңа тақырыпқа байланысты түсініктер алады.

Сергіту сәті:

«Сиқырлы түстер» ойынын ойнату.

Жылы түстерді айтқанда қолдарын жоғары көтереді.

Суық түстерді айтқанда қолдарын төмен түсіреді.

Оқушылар қимылдарды жасайды.

Топтық  жұмыс:

1.Әр топ өз аттарына байланысты суреттерді салады.

1. “Шебер” тобы  “Домбыраны”  бейнелеу

  2.  “Ісмер”  тобы “Ұлттық  киімдерді “  бейнелеу

  3. “Ұста” тобы   “Ер-тоқымды” бейнелеу

  4. “Зергер” тобы  “Білезікті” бейнелеу

2. «Галерея аралау» әдісі.

Жұмыстардан көрме ұйымдастыру.

 

                           

Оқушылар суреттерді салады.

Бір-бірінің салған суреттерін қарап артық кемшіліктерін айтады.

Постер қорғау:

1.Әр топ өз топтарының аттарына сәйкес келетін суреттерді алып жапсырып және соларға байланысты түсініктер беру, өз ой-пікірлерін айту.

2.Мақалдардың мағынасын ашу,түсініктер беру.

1-топ  Өнерлінің өзегі талмас.

2-топ   Қолың ұста болсын, сөзің қысқа болсын.

3-топ   Өнерлінің өрісі ұзақ.

4-топ   Шебердің қолы көпке ортақ.

Ортақ тұжырымға келе отырып, әр топтың жұмысы құнды екенін айту.

Топтар өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды, түсініктер береді, мақалдардың мағынасын түсіндіреді. Өз жұмыстарын қорғайды. Бір-бірінің  жұмысына баға беріп отырады.

Қорытынды:

1.«Кім көп біледі?», «Ойлан да жауап бер?»

-Зергерлік бейнелеу өнерінің қай түріне жатады?

-Ағаштан жасалған заттарды, ыдыс-аяқтарды кімдер жасайды?

-Ісмер деген кім?

-Ұста деген кім?

-Қандай материалдарды қолданады?

2.Ребус «Шебер»

3.Сөзжұмбақ «Ұлттық киімдер»

1)Ұлдардың бас киімі.

2)Хан сұлтандардың киетін бас киімі.

3)Ұлттық аяқ-киім.

4)Әйелдердің киімі.

5)Әйелдердің аяқ-киімі.

3.Қорытынды сөз. «Біз кешегі бабаларымызбен ғана емес, бүгінгі бағамызбен, ертеңгі шамамызбен де мақтана алатын ұлт болуды ойлауымыз керек» деген екен-ел басымыз Н.Назарбаев.

«Көнені керек етпесең, жаңа табылмайды» деп Шәкәрім атамыз айтқандай,көнені қадірлеп, кейінгі ұрпаққа жеткізу – біздердің және жастардың міндеті. Көне бұйымдарды ұмытпай,оларды қазіргі заманға лайықтап,жаңа үлгіде жасап шығару біздің парызымыз және қолөнеріміздің өркендеуіне қосқан үлесіміз деп білейік.

1.Сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

 

 

2.Ребусты, сөзжұмбақты ақылдаса отырып шешеді.

 

 

 

 

3.Ел басымыздың, Шәкәрім атамыздың сөздерінің мағынасын түсінеді.

Үйге тапсырма:

«Мен білетін заттар»  сәндік қолданбалы өнердің басқа түрлерінің суретін салып келу.

Үй тапсырмасын жазып алады.

Рефлексия:

Кері байланыс. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің қандай? Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Не білгің келеді? Не білдің?

Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазады.

Бағалау:

Қорытынды, жиынтық бағасын шығару.

Оқушылар бағаланады.

          

                                              

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бейнелеу өнерінен ашық сабақ "Сәндік қолданбалы өнер" 6 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Портной

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 299 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.04.2016 2913
    • DOCX 27 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кудабаева Гулбаршын Рзашовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кудабаева Гулбаршын Рзашовна
    Кудабаева Гулбаршын Рзашовна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2993
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Изобразительное искусство и мировая художественная культура")

Учитель изобразительного искусства и мировой художественной культуры

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Мировая художественная культура")

Учитель мировой художественной культуры

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Формирование метапредметных компетенций учащихся на уроках ИЗО и искусства

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 74 человека из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 545 человек

Мини-курс

Стратегии брендинга в условиях глобальной конкуренции и изменяющихся рыночных тенденций

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Практика гештальт-терапии: техники и инструменты

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 307 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 63 человека

Мини-курс

Коррекция нарушений у детей: сна, питания и приучения к туалету

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе