Инфоурок ИЗО, МХК КонспектыБейнелеу өнерінен сабақ жоспары"Жыл мезгілдерін бейнелеу" (6 класс)

Бейнелеу өнерінен сабақ жоспары"Жыл мезгілдерін бейнелеу" (6 класс)

Скачать материал

hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifСабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдерін бейнелеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға жыл мезгіліне байланысты сурет

салуға үйрету.Пейзаж жанры жайлы мағлұмат беру .

Оқушылардың қоршаған орта-табиғатқа деген

сүйіспеншілігін арттыру.

Дамытушылығы: Живопись өнерінің пейзаж жанры туралы мағлұмат

беру.

Тәрбиелігі: Халқымыздың табиғатты аялаудағы өлең

жырларын,мақал- мәтелдерін молынан

пайдалану.Айналадағы қоршаған ортаны бейнелеуде

ұйымшылдыққа,дербес тікке,достыққа баулу,

эстетикалық тәрбие беру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, плакат.

Сабақ түрі: дәстүрлі

Сабақ типі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,топпен жұмыс,практикалық

жұмыс.


Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, жаратылыстану, музыка.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасу.Түгелдеу.Сынып тазалығын тексеру.Назарларын сабаққа аудару.Құрал жабдықтарын тексеру.

II.Үй тапсырмасын сұрау.

Сұрақ:

1.Перспектива дегеніміз не?

2.Перспектива заңдылықтары қандай түрге бөлінеді, мысалдар келтір.

III.Үй тапсырмасын қорыту: «Сөзжұмбақ» арқылы қорытылады.

IV.Жаңа сабақ. Мұғалім сөзі: Оқушылар табиғат дегеніміз не? Табиғат құбылыстарына нелер жатады? Табиғатта ауа райы қалай өзгеріп тұрады? Оқушылар өз ойын ортаға салады.

Мұғалім сөзі:Яғни оқушылар,бізді қоршаған табиғат алуан көріністерден тұрады.Ол жылдың төрт мезгілімен байланысты. Олар:көктем,жаз,кұз,қыс. Бұгінгі өтетін тақырыбымыз «Жыл мезгілдерін бейнелеу. Пейзаж-француз сөзі,табиғатты бейнелеу.Табиғат адам өміріне айрықша әсер етеді. Табиғатты бейнелеу арқылы суретшілер одан зор әсер алады.Табиғат көрінісін бейнелейтін суретшіні «пейзажист» деп атайды.Табиғат көрінісін қас қағым сәтте бейнелеу «этюд» деп аталады.

Оқушыларды табиғат жыршысы атанған суретшілер шығармаларымен таныстырамын Ә.Қәстеев, О.Таңсықбаев, М.Нұрлыбаев, Ү.Әжиев, И.Шишкин, И.Левитан.

Оқушылар табиғатты аялауға арналған қандай мақал-мәтелдер,ақындар өлеңдерін білесіздер? Сіздерге жылдың қай мезгілі ұнайды?

V.Өзіндік жұмыс. Енді оқушылар,өздеріңе ұнаған табиғат көрінісін қағаз бетіне бейнелеңдер.

Табиғат көрінісін бейнелеуде бірқатар мүмкіндіктер ескеріледі. Бірінші композициялық құрылымын табу.Бір күннің өзінде табиғат көрінісі бірнеше өзгеріске ұшырайды.Мысалы: таңсәрі,тұс,кеш,түн мезгіліндегі көріністерге назар аудару. Тәулік мезгілінің және ауа райының өзгеруіне байланысты жарық та әр түрлі болады. Таңертеңгі немесе кешкі мезгілде бейнеленген табиғат көрінісінен гөрі тал түсте орындалатын көркем шығарманың түстік реңі ашық болады. Ал бұлтты күні бейнеленген көркем шығармада түстік рең солғын болады.Себебі күн көзінен сәуле, яғни жарық ашық түспейді. Жалпы табиғат көрінісін бейнелеуде ең алдымен түстік рең үндестігін анықтамас бұрын,реңдік қатнастарды анықтау керек. Мысалы: аспан жерге қарағанда жарықтау, тау бөктеріне қарағанда басқа жер жарығырақ болып көрінеді.Өйткені күн көзінің сәулесі тау бөктеріне қарағанда басқа жерге тура,тіке түседі.Алыс-жақын,үлкен-кіші, айқын-бұлыңғыр,ашық-солғын деген ұғымдарды есте сақта.

Оқушылар салған суреттерін аралап жүріп тексеріп шығамын,көмек керек оқушыларға көмектесемін.

VI.Сабақты қорытындылау. Семантикалық карта.Оқушылар жұмысын бағалау.

VII.Үйге тапсырма.Суретті толық аяқтап, ат қою.Салған суреттеріңе әңгіме құрастырып келу.



Сабақтың тақырыбы: Графика өнерінің түрлері.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды графика түрлерімен таныстыру

Білімділігі: Графиканың әдіс-тәсілдерін меңгеруге оқушыларды

баулу.

Дамытушылығы: Шығармашылық қабілеттерін арттырып, ой-өрісін

дамыту, графиканың қыр-сырын меңгерту.

Тәрбиелігі: Әсемдікке,сұлулыққа,еңбексүйгіштікке ,ұқыптылыққа

тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ

Типі: жаңа білімді игерту сабағы.

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,машықтық жұмыс.

Көрнекілігі: интерактивті тақта,слайд,графикалық тәсілде салған

суреттер.

Сабақтың пәнаралық байланысы: тарих,әдебиет,еңбек.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгендеу,сабаққа дайындықтарын тексеру.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:Өткен тақырыптарды қайталауға сұрақтар беріледі.

ІІІ.Жаңа сабақ.

І. Қызығушылығын ояту.

Оқушылар бүгінгі сабақта графика өнерінің түрлерімен танысамыз.Графика туралы біз 5-сыныпта өткен болатынбыз.Есімізге түсіріп жіберейік графика дегеніміз не?

Тақтаға ассоциация құру:

грек сөзі «жазамын»,

графика

суретін саламын» қарындаш

тушьпен салу




Гравюра

линогравюра



ІІ.Мағынаны тану:

Графика бейнелеу өнерінің бір түрі.

Қазақ графика өнерінің бастауы тас дәуірі мен ата-бабаларымыздың рухына табынуға барып тіріледі. Жартастарға салынған сызықтық суреттер Балқаш, Түркістан, Маңғыстау өлкесінен табылған.

Графикаға қарындаш, көмір, тушьты пайдаланып, қолмен салынған суреттер, баспа графиканың әр алуан түрлері-ағашқа жасалған гравюра (ксилография), металға жасалған гравюра (офорт), ағашқа жасалған гравюра (литография), линолеумге жасалған гравюра (линогравюра) жатады.

Кескіндеме сияқты графикаға да-портрет, натюрморт, пейзаж, тарихи, анималистік және т.б. жанрлар жатады. Графикада сызықтар, штрихтар, ашық және қара қоңыр дақтардың ара қатынасы жетекші маңызға ие болады. Графика өнерінің кейбір түрлерінде түстер де пайдаланылады. Мысалы:акварель, пастель, гуашь бірақ оның рөлі әдетте, шектеулі қызметтік дәрежеде ғана болып қалады.

Кескіндемеден ерекшілігі сол, графикамен біз барлық жерде кездесеміз. Қолдану орнына қарай графиканың станокты, кітап, газет-журналдар, қолданбалы графика және плакат сияқты түрлері бар.

Станокты графика шығармаларын көрмелерден тамашалауға болады. Бұл суреттер мен баспа графикалары.

Графиканың маңызды салаларының бірі-кітап графикасы. Кітаптың ішкі және сыртқы безендіру жұмыстарының барлығы тұтас өнер туындысын құрайды.

Қолданбалы графикаға күнтізбе, құттықтау ашықхаттары, орауыштардағы затбелгілер (этикетка), пошта маркалары, көшедегі жарнамалар жатады.

Плакат қазіргі заманғы саяси тақырыптарды жариялауға, негізгі ой-пікір мен білімді насихаттауға үндейді.

Комьютерлік графика-графиканың жаңа түрі.Суретшілер қиылысқан сызықтардан, көлемді элементтерден, өрнек, түрлі түсті дақтардан монитор бетінде композиция жасап, одан кейін дайын болған бейнені принтер арқылы басып шығарады.

Қазіргі заманғы қазақ бейнелеу өнеріндегі графика өнерін дамытып, сол салада жемісті еңбек етіп жүрген суретшілер И.Исабаев, Ә. Рахманов, М. Қисамединов, К.Баранов, Е.Сидоркин, Б.Табылдиев, т.б. атауға болады. Енді сол суретшілердің шығармаларымен танысайық.

Слайдтан көрсету.

ІІІ.Өзіндік жұмыс. Графикалық жұмыс орындаймыз.

Графиканың қағаз бетінде жасалатын қарапайым түрімен танысамыз. Ол үшін қажетті материалдар мыналар: ағаш сабы бар ұшы өткір ине, пышақ, қара тушь, жұмсақ қылқалам, беті жылтыр ақ қағаз.

Қара тушьты қағаз бетіне толық жағып шығу қажет.Тушь кепкеннен соң,қағаз бетін инемен тырнап, әр түрлі бейнелер салуға болады. Егер көлемді ашық жерлер қажет болса, қағаз бетін пышақпен қыру қажет. Нәтижесінде пайда болған бейне ақ және қара түсті болып айқын көрінеді.

Казір оқушылар біз натюрморт саламыз. ІV. Жаңа сабақты бекіту: Сұрақтар бере отырып жаңа сабақты қорытындылаймын.

Сұрақтар:

1.Графиканың қандай түрлері бар?

2.Қандай график-суретшілерді білесіз?

V. Бағалау. Галереяға саяхат. Оқушылар салған суреттерінен көрме ұйымдастырып, талдау.

Бағалау.



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бейнелеу өнерінен сабақ жоспары"Жыл мезгілдерін бейнелеу" (6 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Культуролог-аниматор

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 383 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.03.2016 1725
    • DOCX 26.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Райымкулова Калила Копжасаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22892
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы методики преподавания МХК в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 57 человек

Курс профессиональной переподготовки

Мировая художественная культура: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель мировой художественной культуры

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 129 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 538 человек

Курс профессиональной переподготовки

Изобразительное искусство: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель, преподаватель изобразительного искусства

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 931 человек из 77 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 764 человека

Мини-курс

Развитие детей: сенсорика, самостоятельность и моторика

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Педагогические и психологические основы образования

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Психология развития личности: от мотивации к самопониманию

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 85 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 31 человек