Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / ИЗО, МХК / Конспекты / Бейнелеу өнерінен "Витраж" тақырыбына арналған сабақ жоспары

Бейнелеу өнерінен "Витраж" тақырыбына арналған сабақ жоспары

  • ИЗО, МХК

Поделитесь материалом с коллегами:

Витраж

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: оқушыларға бейнелеу өнерінің ішінде монументтік өнердің түрі витраж өнерімен таныстыру

Дамытулығы: оқушылардың ой-өрісін, еңбекке деген қызығушылығын, шеберлігін арттыру

Тәрбиелігі: тазалыққа, адалдыққа, ұқыптылыққа, өз бетінше жұмыс істеуге тәрбиелеу

Түрі: түсіндіру

Типі: жаңа білім беру

Әдісі: практикалық жұмыс

Пәнаралық байланыс: еңбекке баулу

Көрнекілігі: витраж жұмыстары

Қажетті құралдар: сурет үлгісі, әйнек, тушь, майлы бояу, таяқша

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ

ІҮ. Сарамандық жұмыс

Ү. Қорытындылау

І. Сабаққа дайындау, құрал-жабдықтарын түгендеу

ІІ. Өткен сабақ бойынша жұмыстарын тексеріп, оқушылармен талдау жасау

ІІІ. Сабақтың барысы: Белгілі бір архитектуралық құрылысты ішкі жағынан не сыртқы жағынан безендіріп тұратын орасан зор көлемді шығармаларды монументтік бейнелеу өнері туындысына жатқызамыз.

Көруші монументтік бейнелеу өнері туындысына алыстан қарайды, сондықтан суретші онда көзге іліне бермейтін ұсақ детальдарға зер салмайды.

Монументтік бейнелеу өнері шығармасы ұзақ сақталады, оны мыңдаған адамдар көреді. Сондықтан ол тек көлемі жағынан ғана емес, мазмұнымен ерекшеленіп тұрады.

Монументтік бейнелеу өнері туындылары түрлі-түрлі болып келеді. Олар – витраждар, мозаика, панно, фрескалар.

Терезеге салынған мұндай шытыра суретті витраж дейді. Ол француздың «Vitre» - «терезе әйнегі» деген сөзінен шыққан.

Витраж – өнерінің ең көне түрі. Оның қай дәуірде жарыққа келгенін ешкім білмейді, бірақ ерекше етек жайған кезі орта ғасырлар тұсы.

ІҮ. Жұмыс барысында техника қауіпсіздік ережесін сақтау.

Жұмыстың орындалуы: Витраж өнері

  1. Салынатын суретті әзірлеу, бояу

  2. Әйнектің астына қойып, тушпен контур сызықтарын жүргізу

  3. Майлы бояумен керек түстерін бояу

  4. Жұмысты аяқтау. Кептіру және рамкілеу

Ү. 1. Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?

2. Планның түрлері

3. Негізгі түстер

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: оқушыларға бейнелеу өнерінің ішінде монументтік өнердің түрі витраж өнерімен таныстыру

Дамытулығы: оқушылардың ой-өрісін, еңбекке деген қызығушылығын, шеберлігін арттыру

Тәрбиелігі: тазалыққа, адалдыққа, ұқыптылыққа, өз бетінше жұмыс істеуге тәрбиелеу

Түрі: түсіндіру

Типі: жаңа білім беру

Әдісі: практикалық жұмыс

Пәнаралық байланыс: еңбекке баулу

Көрнекілігі: витраж жұмыстары

Қажетті құралдар: сурет үлгісі, әйнек, тушь, майлы бояу, таяқша

Автор
Дата добавления 22.05.2015
Раздел ИЗО, МХК
Подраздел Конспекты
Просмотров298
Номер материала 290182
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх