Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Бейнелеу пәнінен сабақ "Наурыз"

Бейнелеу пәнінен сабақ "Наурыз"


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:


Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Мұратсай ауылы.

А.Құсайынов атындағы ЖОББМБ бастауыш сынып мұғалімі

Саматова Алмагул Кайрболатовна

Сабақтың тақырыбы: «Наурыз».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:оқушылардың наурыз айы, наурыз мерекесі туралы түсініктерін толықтырып, ұлттық салт-дәстүр жайлы білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық: ойлау, көзге елестету, ұлттық сезімдерін дамыту, композициялық дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік:ұлттық ұғымдарды дұрыс қабылдауға, салт-дәстүрге сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.

Әдісі: сөздік, практикалық

Көрнекіліктер: «Наурыз» тақырыбына суреттер, әр түрлі плакат суреттері, фотосуреттер, ою-өрнекті ұлттық киімдер бейнеленген суреттер.

Оқушылар үшін: альбомдық парақтар, өшіргіш, жай қарындаштар, қылқалам, гуашь, су бояқ, су құюға арналған ыдыс.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу,дүниетану,еңбекке баулу, математика, т.б.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру. Сәлемдесу, оқушылардың оқу құралдарын дайындығын тексеру.

Өнерді таудың бұлағынан,

Қойдың құлағынан,

Анамның жүзінен,

Ешкінің мүйізінен үйрендім,-деп Ә.Кастеев атамыз айтқандай, бүгінгі бейнелеу өнері сабағымызды бастаймыз.

Оқушыларды 3 топқа бөлу. 1-топ «Суретшілер», 2- топ «Жазушылар», 3-топ «Шеберлер»

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Үй тапсырмасы «Кубизм» әдісі бойынша сұралады.

Зертте: Бейнелеу өнері дегеніміз не?

Бейнелеу өнері нешеге бөлінеді?

Кескіндеме дегеніміз не?

Графика дегеніміз не?

Мүсін дегеніміз не?

Қолданбалы – сән өнері деген не?

Дизайн өнері деген не?

Сәулет өнері деген не?

Адамдарға қажетті қандай нысандар мен ғимараттар бар?

Салыстыр: Дизайн өнері деген не?

Сәулет өнері деген не?

Суретте: Мектепті макет түрінде орындау.

ІІІ. Жаңа сабақ: Сабақты сөзжұмбақ шешу арқылы бастаймыз




к

е

с

К

і

н

д

е

м

Е




м

а

к

е

т



С

ә

у

л

е

т


н

а

Т

ю

р

м

о

р

Т

д

и

З

а

й

ы

Н

ш

ы




п

Е

й

з

а

ж






Туындылар бояулар көмегімен жасалатын өнер түрі- Кескіндеме

Ғимараттың немесе сәулеттік кешеннің өте кішірейтіліп берілген үлгісі-Макет

Адамдардың өмір сүруі мен қызметіне қажетті ғимараттар мен нысандарды жобалау және салу өнері- Сәулет

Жансыз заттар бейнеленген көркем шығарма- Натюрморт

Заттардың жобасын көркемдеп жасап, өндіріске дайындайтын суретшілер-Дизайншы

Табиғат көрінісін бейнелейтін шығарма. Пейзаж

Сонымен бүгінгі біздің сабағымыздың жаңа тақырыбы «Наурыз»

Мұғалім: Жаңа өмірдің қайта басталатын күн есебінің басы, көктемнің көшбасшысы-наурыз айы. Наурыз айында ел ұйқыдан оянғандай ерекше сезімге бөленеді. Көкейлерінде үміт оты тұтанады.

Қанаттарына маржан таққандай қараторғай жеткенде, көктемнің ең алғашқы жаңбыры себелейді.Іле- шала құйқылжыта ән шырқаған бозторғай-алыстағы қыстаудан көктеуіне ұшып келеді, боз жусанына аунап-қунап сергиді.

Осы қуанышты еселеп, наурыздың жиырма бірінші жұлдызында күн мен түннің ұзақтығы теңеледі. Наурыз-жыл басы.

ІV.Оқулықпен жұмыс: Оқушылар іштерінен оқиды.

Топтық жұмыс:

«Жазушылар» тобына: -Наурыз айы, наурыз тойы сендерге несімен ұнайды?

«Суретшілер» тобына:Наурыз айында қандай өзгерістер болады?

«Шеберлер» тобына: Наурыз айында қандай мереке бар және сендер мерекеге қандай сыйлық жасайсындар?

V. Сергіту сәті: Наурыз көже

-Әже, аналарымыз наурыз көжені қалай дайындаған?

VІ. Практикалық жұмыс:

Енді осы көріністі бейнелеуге асығып отырған сияқтымыз

Бірақ сурет салуды бастамас бұрын композиция сабағын еске түсірейік.

«Композиция» латынның «ойлап шығару» немесе «құрастыру» деген сөзінен шыққан. Композиция суретшінің картинасын дұрыс әсерлі құруы, ондағы заттарды, кейіпкерлерді белгілі бір ретпен ыңғайластырып,орналастыруы болып табылады.Зат бейнесінің орналасуын анықтау дегеніміз, мысалы қағаз бетіне дұрыс немесе жалпы нұсқасын дұрыс орындау, белгілі бір өлшемде ықшамдап түсіру.

Альбом парағын қандай қалыпта аласың-тігінен бе, әлде көлденең бе?

Біздің композициямызда бүкіл нысандар-адам бейнелері, ғимараттар, ағаштар-барлығы сурет идеясына бағынуы тиіс. Қай нысан негізгі, қайсысы екінші орында екенін анықта. Негізгіні анағұрлым ірі суретпен және түспен айшықтауға тырыс, ал екінші орындағылар тек негізгіні айқындауы және қолдап тұруы тиіс.

Суретіңе қандай бояуларды қолданатыныңды міндетті түрде ойластыр. Себебі сенің жұмысыңа тек қана түс көңіл күйді беруге көмектеседі.Ашық түстер мерекелік көңіл күйді береді.

VІІ.Ойын: Түстерді тап

Көк+сары=? (жасыл)

Ақ+қызыл=? (алқызыл,розовый)

Қызыл+көк=? (күлгін, фиолетвый)

Сары+қызыл=? (қызғылт сары, оранжевый)

Суреттерге қараймыз: суретшілер ұлттық киім киген әдемі қыздардың, сұлу табиғаттың, әдемі оюлы киіз үйдің көрінісін суретпен ғана емес, түспен де бере білген.

VІІІ. Бекіту сұрақтары:

  1. Кескіндеме дегеніміз не?

  2. Қайсысы портрет екенін анықта.

  3. Сәулет өнері деген не?

  4. Қайсысы жоба екенін анықта.

  5. Композиция деген не?

ІХ.Қорытындылау:

Қылқаламды қолға алайық,

Әдемілеп сурет салайық.

Әбілхан Кастеев атамыздай

Суретші болып шығайық,-деп сабағымызды аяқтаймыз.

Жұмыс соңында балалар жұмысы тақтаға ілініп, «Наурыз» тақырыбында көрме өткізіліп, оқушылар бағаланып марапатталады.

C:\Documents and Settings\Admin\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.MSO\1B27352A.jpg

-Егер саған сабақ ұнаса, тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң, желкенді жасыл түске боя.

-Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болсаң, желкенді сары түске боя.

-Егер саған сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, желкенді қызыл түске боя.

Х. Үйге тапсырма: Суретті аяқтап келу.


Автор
Дата добавления 06.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров290
Номер материала ДВ-505997
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх