Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / ИЗО, МХК / Другие методич. материалы / Бейнелеу пәнінен сабақ жоспары (5-6 сыныптар)

Бейнелеу пәнінен сабақ жоспары (5-6 сыныптар)


  • ИЗО, МХК

Поделитесь материалом с коллегами:

Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Қызылқоғам ауылы

С.Сатыбалдин атындағы орта мектеп

Дюсенов Жакан Калиевич

Технология, сызу және бейнелеу пәндерінің мұғалімі

Бояулар сыр шертеді.

5-6 сыныптар

Бейнелеу пәні

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: оқушыларды шапшаңдыққа үйрету, шығармашылықтарын дамыту.

Дамытушылығы: олардың икемділігін, сурет салу шеберлігін арттыру; ой-өрісін, қиялын, елестету қабілетін қалыптастыру.

Тәрбиелік: әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу, өнерге баулу.

Сабақ түрі: сайыс сабақ.

Типі: білім, білік дағдысын қалыптастыру.

Сабақ әдісі: өз бетімен жұмыс.

Көрнекілігі: «Бояулар сыр шертеді» атты сурет көрмесі, өнер жайлы нақыл сөздер, түрлі суреттер.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі және таныстыру.

  1. Сабақ бағдарламамен танысу.

  2. Ойын сайыс

  3. Қорытынды

І. Танысу бөлімі: әр оқушы өздерін таныстырып, номер алады және әділқазылар алқасымен таныстырады.

Үй тапсырмасын тексеру. (салған суреттерін).

  1. Бейнелеу өнері терминдерінің қысқаша түсіндірме сөздігі.

  2. Ертегілерге, өлеңдерге иллюстрация жасау.

  3. Достық әзіл сайысы.

  4. Өнер туралы мақал-мәтелдер сайысы.

  5. Ойын-сайыс.

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша «Қыс кереметі» атты тақырыпқа арналған суреттер көрсету, суретті сөйлету.

ІІІ. Билет алу арқылы бейнелеу терминдер сөздігіне жауап беру.

Ертегілерге, өлеңдерге иллюстрация жасау сайысы. Әрбір оқушы қойылған сұрақ өлең немесе ертегі болса тез арада нобайлар жасайды.

«Достық әзіл» сайысы. Яғни әзіл срует салады, соңынан суретші түсіндіріп ұтымды жауап береді.

Өнер туралы мақал-мәтелдер сайысы. Оқушылар жазбаша түрде өнер туралы мақалдарды жазбаша қағазға жазу керек, көп жазған адам жеңіске жетеді.

ІҮ. Қорытынды. Әділқазылар алқасы сайыскер оқушыларды берілген ұпайлар бойынша анықтап жеңімпаз оқушыны атайды.

Үйге тапсырма. Жан-жануарлар нобайларын салу 10 дана.


Автор
Дата добавления 05.02.2016
Раздел ИЗО, МХК
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров102
Номер материала ДВ-419363
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх