Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Бейнелеу өнері. Менің Қазақстаным. 4- сынып.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Бейнелеу өнері. Менің Қазақстаным. 4- сынып.

библиотека
материалов

hello_html_61fbec2e.gifhello_html_710b9026.gifhello_html_m3cdbd062.gifhello_html_b7b27ab.gifhello_html_3f3ae69f.gifhello_html_eab3981.gifhello_html_m1f1b05e9.gifhello_html_m26b6d1f3.gifhello_html_8e743d1.gifhello_html_m2aafbc01.gifhello_html_m6b16c162.gifБейнелеу өнері. 4 – сынып.

С/ тақырыбы: Менің Қазақстаным

С/ мақсаты:

Білімділік: оқушылардың көркем графикалық білігі акварель кескіндемесі тәсілдерінің көркемдік мүмкіндіктерін үйрету.

Дамытушылық: композицияда пейзаждың негізгі және қосымша элементтерін үйлестіру білігін дамыту.

С/ барысы:

  1. Табиғат туралы әңгіме.

Табиғат бейнеленген картиналар пейзаж деп аталады.

  1. Сурет салу кезеңдері:

1 – кезең - табиғатты бақылау.

Суретші бар көргенін салмайды, жақсылап ойластырып, ең жарқын, көрнекті пейзажды таңдайды, демек композиция бойынша жұмыс істей бастайды.

2 – кезең - табиғаттағы түстерді бақылау. Суретші түс арқылы табиғаттын күйін неғұрлым дәл бере алса , соғұрлым пейзаж қанық болып шығады.

3 – кезең – пейзажды салу жұмысы. Композиция, перспектива, түстану, жарық пен көлеңке заңдылықтарын басшылыққа алып , сурет салуға кіріседі.

  1. Ескерту:

* * Алдыңғы план: жақын орналасқан нысаналарды қағаздың төмен жағына орналастыру керек.

* * Ортаңғы план: заттарды қағаздың жоғары жағына салу, олар сәл кішілеу болады.

* * Артқы план: тым алыста орналасқан заттарды қағаздың өте жоғары жағына орналастыру.


  1. Қорытындылау.

Жұмыстарын талдау: кеңістік, тереңдік және түсіп тұрған жарықты қалай көрсеткендеріне тоқталу.

  1. Бағалау.







Бейнелеу өнері. 4- сынып.

С/ тақырыбы: Күзгі гүлшоғы.

С/ мақсаты:

Білімділік: оқушылардың жарық пен көлеңке заңдылығы туралы түсініктерін тереңдету;

Дамытушылық: композицияда пейзаждың негізгі және қосымша элементтерін үйлестіру білігін дамыту.

С/ барысы:

  1. Табиғат туралы әңгіме.

Бірқалыпты, қозғалыссыз табиғатты бейнелеу « натюрморт » деп аталады.

  1. Сурет салу кезеңдері:

1 – кезең натюрмортта бейнеленген заттар тақырыптық тұрғыда үйлесуі керек.

( күзгі жапырақтар мен жемістер арасында футбол добы кіріп кетсе,қандай ерсі болар еді.)

2 – кезең – натюрморттың композициясы табиғи болуы тиіс. Суретте бейнеленетін заттар дүкен сөресіндегідей бір қатарда тізіліп тұрмау керек.

3 – кезең – натюрморт салғанда, заттардың орналасуы, мағынасы, көлемі мен түсі жағынан үйлескен топ құруы тиіс.

4 – кезең – түстіңде атқаратын рөлі бар. Заттардың түсі ортақ реңк пен бояуға бағынуы тиіс.

  1. Сурет салу : оқушылар өздері құрған натюрмортты салуы.

  2. Ескерту:

* * қағаздағы суреттердің дұрыс үйлесуі өте маңызды.

* * Сурет салу композицияны анықтаудан басталады.

* * Ұсақ бөлшектерді тым ерекшелемеу керек, олай болса ,композициялық үйлесім болмайды.

* * Ашық, тым жарқырап көзге түсетіндей емес түстерді қолдануы керек.

* * Оқушылар қорытындылау кезінде ең әдемі, ең шынайы жұмыстарды ажырата білу.

  1. Қорытындылау.

Жұмыстарын талдау.

  1. Бағалау.







Бейнелеу өнері. 4- сынып.

С/ тақырыбы: Киіз үй.

С/ мақсаты:

Білімділік: оқушылардың ұлттық сәулет өнері туралы түсініктерін тереңдету;

Дамытушылық: жапсыр мен стильдендіру туралы негізгі және қосымша элементтерін үйлестіру білігін дамыту.

С/ барысы:

  1. Қазақтың дәстүрлі баспанасы - киіз үй туралы әңгіме.

Киіз үй – көшпенділердің ғажап туындылардың бірі, қолайлы, жиналмалы баспана.

  1. Жұмыстың орындалу кезеңдері:

Бедер – мүсіннің бір түрі. Жартылай жазық, жартылай көлемді болады.

1 – кезең – өз бедеріміздің өңін дайындаймыз – біруыс сазбалшықтан негізплинт жасаймыз.

2 – кезең – балшықты тақтайшаға жаймарлаймыз ( қалындағы 3-5 мм)

3 – кезең – балшық бетіне үшкір затпен киіз үй кескінін түсіреміз, сол бойынша кесіп аламыз.

4 – кезең – негізплинтті аздап сумен шылаймыз.

5 – ептеп ұстап, негіз қоямыз, өрнектерін саламыз.

  1. Жұмыстану : оқушылар өз беттерімен жұмыс істеу.

  2. Ескерту:

* * сазбалшықпен дұрыс жұмыс істеу.

* * материалдарды тиімді пайдалануы.

* * Оқушылар қорытындылау кезінде ең әдемі, ең шынайы жұмыстарды ажырата білу.

  1. Қорытындылау.

Жұмыстарын талдау.

  1. Бағалау.









Бейнелеу өнері. 4- сынып.

С/ тақырыбы: Ою – өрнек .

С/ мақсаты:

Білімділік: оқушылардың оюлар туралы түсініктерін тереңдету;

Дамытушылық: сәндік нақыштарды беруде графикалық біліктерін дамыту.

С/ барысы:

  1. Сәндік – қолданбалы өнер туралы әңгіме.

Барлық уақытта халық шеберлері бұйымдардың пайдалы ғана емес, сәнді болуына да мән берген. Тұрмыс заттарды сәндеу үшін халық суретшілері сәндік өрнектердің әртүрлі үлгілерін ойлап тапты.

  1. Оюлар үлгілерін жасау кезеңдері:

1 – кезең өрнектің суретін салуда кескінді қағазға дұрыс орналастыру.

2 – кезең – өрнек элементтерін симметрия осьтерін ескере отыру керек.

3 – кезең – өрнек элементтерін бояй отырып,суреттің түстік үйлесімін естен шығармау.

  1. Өрнек салу : оқушылардың жұмыстануы.

  2. Қорытындылау.

Жұмыстарын талдау. Көрме ұйымдастыру.

  1. Бағалау.
















Ою – өрнектердің негізі табиғаттан алынады.Өсімдіктер, жануарлар, құстар, балықтар,тастар, бұлттар, су – айналаны қоршаған табиғат адамға ою –өрнектің сансыз үлгісін көрсетті.




Бейнелеу өнері. 4- сынып.

С/ тақырыбы: Қаріп өнері.

С/ мақсаты:

Білімділік: оқушылардың қаріп туралы түсініктерін тереңдету; шығармашылық елестету қабілетін белсендіру.

Дамытушылық: графикалық біліктер мен дағдыларды дамыту – түзу, штрих,таңбамен жұмыс .

С/ барысы:

  1. Қаріп өнері туралы әңгіме.

Қаріп жазудің әліпбилік таңбасы ғана емес, графикалық өнердің бір саласы болып табылады.

  1. Қаріп салу кезеңдері:

1 – кезең – алдымен нысанды қағазға қалай орналастыру керектігін ойластыру. ( тігінен немесе көлденеңінен)

2 – кезең – жай қарындашпен ақырын бастырып,геометриялық фигураларының нобайн салу.

3 – кезең – ірі фигуралардың орналасуын, симметриясы мен өзара қатынасын тауып,өлшеп, әріпті кескіндеуге кірісу.

4 – кезең – гель қаламмен бейнелеу.

  1. Сурет салу : оқушылар өздері салуға кіріседі.

  2. Ескерту:

* * суретте күңгірт түсті тым көп пайдаланбау.

* * Штрихтау.

  1. Қорытындылау.

Жұмыстарын талдау. Үздіктерін атап шығу.

  1. Бағалау.















Бейнелеу өнері. 4- сынып.

С/ тақырыбы: Жануарлар жайлы ертегі.

С/ мақсаты:

Білімділік: оқушылардың көлемді кескін бойынша, мүсіндік материалдармен жұмыс істеу туралы түсініктерін тереңдету;

Дамытушылық: шығармашылық қабілет, көркемдік мәдениетті дамыту.

С/ барысы:

  1. Мүсін туралы әңгіме.

Мүсіннің көлемі мен пішіні болғандықтан, бұл туындыларды барлық қырынан қарауға болады.

  1. Екі, үш фигурадан тұратын композиция жасау.

  2. Мүсінді жасау кезеңдері:

1 – кезең кескін көлемін анықтау.

2 – кезең – көлемді нақтылау,пропорционалды қатынастарды анықтау.

3 – кезең – жалпыдан бөлшектерін анықтау, жапсыру.

4 – кезең – тұтас көлемнің бөлшектерін пысықтау , сырт пішінін қылқаламмен жасау.

  1. Өзбеттерімен жұмыстану.

  2. Ескерту:

* * Пропорцияны дұрыс сақтау.

* * қимылын, қозғалысын дұрыс беру.

* * ұсақ бөлшектерді анық етіп беру.

  1. Қорытындылау.

Жұмыстарын талдау.

  1. Бағалау.













С/ тақырыбы: Натюрморт. ( 1,2 сабақ )

С/ мақсаты:

Білімділік: композиция туралы түсінігін қалыптастыру; қабылдау және пропорцияға келтіре білу; сызықтық перспектива туралы білімін тереңдету.

Дамытушылық: графикалық біліктер мен дағдыларды дамыту.

С/ барысы:

  1. Натюрморт дегеніміз не ?

Натюрморт салуда біз заттардың кеңістікте қалай орналасатынын, олардың пропорциясы мен пішінін қалай беру керектігін көрсетеміз.

Жарық пен көлеңкеге ерекше мән беру тиіс.

  1. Заттардың жарық тұстарын ( сәулек), жартылай көлеңкені, заттарға және заттардың өз көлеңкесін анықтаймыз.

  2. Натюрморт жасау кезеңдері:

1 – кезең Барлық заттардың тұтастай алғандағы биіктігі мен енінің арақатынасын анықтау. Суреттің сол және оң шеттігін табу.

2 – кезең – әрбір заттың негізін белгілейміз, сосын оның пропорциясын анықтаймыз.

3 – кезең –– заттардың кескінін сызықтық сурет салатын жіңішке сызықтармен түсіреміз. Симметрия осін белгілеу. Перспективаға көңіл беру.

4 – кезең – Шеңбер салу ережелерін перспективада түсіндіреміз.

5 – кезең – Заттар орналасқан жазықтықты және оңан түсетін көлеңке ауқымын белгілейміз.

6 – кезең – суретті затпен салыстырып, заттардың қалай орналасқанын , дөңгелек пішіндерді нақтылау.

  1. Өзбеттерімен жұмыстану.

  2. Ескерту:

* * Пропорцияны дұрыс сақтау.

* * композициялық тұрғыда дұрыс орналастыру.

* * нысан көлемін беруде реңктің мүмкіндіктерін ескеру.

  1. Қорытындылау.

Жұмыстарын талдау.

  1. Бағалау.







С/ тақырыбы: Пейзаж.

С/ мақсаты:

Білімділік: пейзаж түрлерімен таныстыруды жалғастыру; кескіндемелік дағдылар мен біліктер қалыптастыру.

Дамытушылық: назар аудару мен бақылағыштықты дамыту эстетикалық карым қатынас қалыптастыру.

С/ барысы:

  1. Топ серуен жасау.

  2. Пейзаж дегеніміз не ?

  3. Пейзаж түрлері:

* Ауылдық пейзаж

* Қалалық пейзаж

* Саябақ пейзажы

* Теңіз пейзажы ( марина)

* Сәулет пейзажы

* Индустриялық пейзаж

  1. Бояу арқылы әртүрлі көңіл- күйін беруге болады:

1 – Оқушылармен бірлесіп өз бетінше жұмыс істеу кезінде оларға пейзаж сюжеті көңіл күйін беруі керектігін ескерту .

2 – сурет салуда бірыңғай жылы немесе суық түстерді пайдалану жеткіліксіз, онда реңктер де үлкен рөл атқарады.

3 – Жұмыс барысында түстер мен реңктердің әсем үйлесіп түсуін қадағалау керек .Суреттің жалпы бояуын да естен шығармау тиіс.

  1. Өзбеттерімен жұмыстану.

  2. Қорытындылау.

Жұмыстарын талдау.

  1. Бағалау.
















С/ тақырыбы: Менің сыныбым (1, 2 сабақ )

С/ мақсаты:

Білімділік: композиция туралы түсінігін қалыптастыру; қабылдау және пропорцияға келтіре білу; сызықтық перспектива туралы білімін тереңдету.

Дамытушылық: графикалық біліктер мен дағдыларды дамыту.

С/ барысы:

  1. Сюжетті картина дегеніміз не ?

Сюжетті картина адамдар өмірі және оны қоршаған әлемсахналары көркем бейнелеуі.

Тұрмыстық картина адамдардың күнделікті өмірі, адамгершілігі және тұрмыс – салты туралы әңгімелеу.

Тарихи картинада шынайы тарихи оқиғалар мен тарихи кейіпкерлер бейнеленеді.

Соғыс картинасында соғыстағы шайқастар мен қақтығыстар бейнеленеді.

  1. «Менің сыныбым » тақырыбында сюжетті картина салу кезеңдері:

1 – кезең жұмыс қарындашпен нобай салудан басталады.

2 – кезең – композиция: суретті параққа қалай орналастыру керек. Ол тым үлкен немесе тым кіші болмауы керек.Негізгі сюжетті парақтың қақ ортасына орналастыру керек.

3 – кезең –– сюжетті беру үшін көп кейіпкер салу міндетті емес,ең негізгі екі – үшеуін бейнелесе жеткілікті.

4 – кезең – Нобайда негізгі сызықтар түсіріледі, ал детальдар бояу арқылы толықтырылады.

5 – кезең – қарындашпен нобай жасалғаннан кейін, бояумен істелетін жұмысқа көшуге болады.

6 – кезең – сюжеттің жасалуында түс те маңызды рөл атқарады.

  1. Өзбеттерімен жұмыстану.

  2. Қорытындылау.

Жұмыстарын талдау. Көрме ұйымдастыру.

  1. Бағалау.










С/ тақырыбы: Әдеби шығармаларға иллюстрация. ( 1,2 сабақ )

С/ мақсаты:

Білімділік: композиция туралы түсінігін қалыптастыру; қабылдау және пропорцияға келтіре білу; сызықтық перспектива туралы білімін тереңдету.

Дамытушылық: шығармашылық елестету қабілетін дамыту; ертегі кейіпкерлерін елестету білігін күшейту; көркемдік талғамының қалыптасуына ықпал ету.

С/ барысы:

  1. Иллюстрация дегеніміз не ?

Иллюстрация – көрнекі түрде бейнелеу. Кітап, газет, журналдардан мәтіннің жанына салынған суретші туындысын немесе фотосурет көреміз. Бұл – иллюстрация деп аталады.

Иллюстрацияның міндеті – мәтіннің не туралы екенін түсінуге, оның мазмұнын ашуға көмектесу, оны көрнекі түрде беру.

  1. Иллюстрация салу қағидалары:

1 – композицияның парақта дұрыс орналасуын мұқият ойластыру.

2 – сурет салу кезінде ұсақ детальдарды ерекшелемей,стильдендіру, яғни ең маңызды әрі көрнекі тұсын айқындап беру.

3 – түс суреттің эмоционалдықсипатын ашуға көмектесетінін ұмытпау керек.

  1. Өзбеттерімен жұмыстану.

  2. Ескерту:

* * Пропорцияны дұрыс сақтау.

* * композициялық тұрғыда дұрыс орналастыру.

* * нысан көлемін беруде реңктің мүмкіндіктерін ескеру.

  1. Қорытындылау.

Жұмыстарын талдау.

  1. Бағалау.












С/ тақырыбы: Қыс пейзажы.

С/ мақсаты:

Білімділік: композиция туралы түсінігін қалыптастыру; қабылдау және пропорцияға келтіре білу; сызықтық перспектива туралы білімін тереңдету.

Дамытушылық: Сұлбаның сипатын елестету, әртүрлі ағаштарға бұта орналастыру қабілетін дамыту; графикалық біліктер мен дағдыларды дамыту.

С/ барысы:

  1. Пейзаж дегеніміз не ?

Суретшілер әрқашанда ағаштарды бейнелегенді ұнатады. Ағаштардың суретін салу өте қызықты жұмыс екенін мойындау керек.

  1. Ағаштардың сипаты да әртүрлі екеніне назар аудару. Ағаш қабығының қаптарлығына,тегістігіне қарап, оның қатты немесе жұмсақ та нәзік екенін білуге болады.

  2. Ағаш суретін салу қағидалары:

1 суретті қалай салынатын ойластыру.

2 – ағаш « портретін » салу үшін қағазды тігінен қойып салған жөн.

3 – ағаштардың кескіні ірі де айшықты болуы тиіс, өйткені суреттің негізгі кейіпкері солар ғой.

4 – жұмыс негізі тушьпен салынады.

5 – сурет салу кезінде ұқыпты болуы.

6 – сызықтарды дәл түсіру – ағаштың сипатын айқындайды .

  1. Өзбеттерімен жұмыстану.

  2. Қорытындылау.

Жұмыстарын талдау.

  1. Бағалау.














С/ тақырыбы: Адам бейнесі. ( Портрет )

С/ мақсаты:

Білімділік: портрет түрлерімен таныстыруды жалғастыру.

Дамытушылық: графикалық біліктер мен дағдыларды дамыту.

С/ барысы:

  1. Портрет дегеніміз не ?

Автопортрет – суретшінің өзін өзі бейнелеуі.

Портрет кескін көлемі қарай – бас ( иықтан жоғары ) , кеуде, белге дейін, тізеге дейін, бойды тұтас қамтитын портрет деген түрлері бар.

Портреттік жанрлар: мифологиялық , тарихи , отбасылық, жанрлық .

  1. Портрет салу реті :

1 – бет кескінін доғалдау етіп салу.

2 – сосын бас пішінін көмекші сызықтармен көлденеңінен өзара шамалас үш бөлікке бөлеміз.

3 – доғалдау етіп сызылған бас пішінінің жоғарғы бөлігі – мандай, ортаңғы бөлігінде мұрын мен көз,құлақ, төменгі жағына ауыз бен иек түсіріледі.

4 – шашты салу кезінде шаш қою үлгісінің де өзіндік көлемі мен пішіні болатыны ескерілу керек.

5 – мойын мен иықты бейнелеуді аяқтап, киімін саламыз.

6 – портрет бояуын түсіреміз .

  1. Өзбеттерімен жұмыстану.

  2. Ескерту:

  3. Қорытындылау.

Жұмыстарын талдау.

  1. Бағалау.













« Бейнелеу өнері » Тест.

  1. Бейнелеу өнері деген не ?

а) Суретшінің қоршаған өмірді өзі қалай қабылдаса, солай беруі.

ә) Суретшінің қоршаған өмірдегі шынайы бейнелерді беруі.

б) Суретшінің өз сезімін беруі.

  1. Бейнелеу өнерінің түрлерін ата.

а) Сурет,жапсыру, аппликация

ә) Графика,кескіндеме,мүсін

б) Пейзаж, портрет, натюрморт

  1. Бейнелеу өнерінің жанрларын ата

а) Кескіндеме, графика,мүсін, сәндік қолданбалы өнер

ә) Портрет, пейзаж, натюрморт, сюжетті картина

б) Нобай,сурет, нақыш, ксилография, офорт

4. Графиканың көркемдік тәсілдерін ата

а) Көлеңке, жартылай көлеңке, рефлекс

ә) Таңба, сызықтар, штрих

б) Долбар,нобай,суреттеме

5. Негізгі түстерді ата.

а) Лимон түстес, қызғылт, көкшіл

ә) Жасыл, қызыл,сары,күлгін

б) Қызыл, көк,сары

6. Құрама түстерді ата

а) Қызыл, жасыл, сары, күлгін

ә) Қызыл, көк , сары

б) Ашық қызыл, қара көк, ашық қоңыр

7. Ахроматикалық түстер деген не ?

а) Біртүсті түстер – ақшыл көгілдір, ақшыл жасыл, ашық сары

ә) Біртүсті түстер –қара , ақ , сұр

б) Біртүсті түстер – қоңыр, қоңыр қызыл, сарғыш қоңыр

8. Бояу реңкі деген не ?

а) Қарама – қарсы түстер

ә) кереғар түстер

б) ашық және күңгірт түстер

9. Қарама – қарсы түстер деген не ?

а) Ашық түстер

ә) кереғар түстер

б) біртүсті түстер

10. Жылы түстерге қайсысы жатады ?

а) Көгілдір, көк, күлгін

ә) сары,қызыл сары, қызыл

б) жасыл, қоңыр, сұр

11. Суық түстерге не жатады ?

а) Көгілдір, көк, күлгін

ә) сары,қызыл сары, қызыл

б) жасыл, қоңыр, сұр

12. Бояу деген не ?

а) картинадағы түстердің қарама қарсы берілуі

ә) бояулардың араласуы

б) картинадағы түстердің үйлесуі

13. Монохромды кескіндеме деген не ?

а) Бір түстің түрлі реңкімен жасалған кескіндеме

ә) ашық түстермен жасалған кескіндеме

б) үйлесімді түстермен жасалған кескіндеме

14. Пастозды кескіндеме деген не ?

а) Ашық, қанық түстермен жұмыс

ә) қою, ерітілмеген бояулармен жұмыс

б) суға ерітілген бояулармен жұмыс

15. «дымқыл тәсілмен» жасалған кескіндеме деген:

а) Бір түстің түрлі реңкімен сурет салу

ә) суға малынған параққа сурет салу

б) қою, ерітілмеген бояулармен сурет салу

16. Коллаж деген не ?

а) әртүрлі материалды қолданып жасалған аппликация

ә) күзгі жапырақтар қолданылатын аппликация

б) түрлі түсті қағаз қолданылатын аппликация

17. Граттография деген не ?

а) Бояумен сурет салу

ә) тырналау арқылы сурет салу

б) тушьпен сурет салу

18. Монотипия деген не ?

а) қою, ерітілмеген бояулармен жасалатын сурет

ә) бояулармен жасалған сурет

б) бояулы суреттің бір үлгісі

19. Аралас техника деген не ?

а) онда бояулар қолданылады

ә) онда бірнеше көркемдік материал қолданылады

б) онда түрлі түсті қарындаштар қолданылады

20. Кеңістік перспектива деген не ?

а) нысан түсінің түрлі кескіні

ә) нысан көлемінің түрлі кескіні

б) алыста орналасқан нысандардың түрлі реңктік кескіні

21. Сызықтық перспектива деген не ?

а) сызықтың түрлі кескіні

ә) қашық орналасқан, көлемі әртүрлі нысандардың бейнелеуі

б) нысан түсінің әртүрлі бейнелеуі

22. Ою – өрнек типтерін ата.

а) қазақ өрнегі, орыс өрнегі, мысыр өрнегі

ә) дөңгелекте, жолақта, үшбұрышта, тікбұрышта

б) геометриялық, өсімдіктектес,жануартектес, антропоморфтық

23. Ою – өрнек түрлерін ата.

а) қазақ өрнегі, орыс өрнегі, мысыр өрнегі

ә) дөңгелекте, жолақта, үшбұрышта, тікбұрышта

б) геометриялық, өсімдіктектес,жануартектес, антропоморфтық





















Тест жауаптары: Бейнелеу өнері. 4 – сынып.

  1. А

  2. Ә

  3. Ә

  4. Ә

  5. Б

  6. А

  7. Ә

  8. Б

  9. Ә

  10. Ә

  11. А

  12. Б

  13. А

  14. Ә

  15. Ә

  16. А

  17. Ә

  18. Б

  19. Ә

  20. Б

  21. Ә

  22. Ә

  23. Б























ТҮСТАНУ



Негізгі түстер





Ахроматикалық түстер





ТҮСТЕР



СУЫҚ

ЖЫЛЫ





ПЕЙЗАЖ - ТАБИҒАТТЫ БЕЙНЕЛЕУ.

НАТЮРМОРТ-

ҚОЗҒАЛЫССЫЗ, БІР ҚАЛЫПТА ТҰРҒАН ТАБИҒАТ.

ПОРТРЕТ- АДАМНЫҢ МІНЕЗ ҚҰЛҚЫН, КЕЙДЕ КӨҢІЛ КҮЙІН БЕРЕ ОТЫРЫП, АЙНЫТПАЙ БЕЙНЕЛЕУ.





АНИМАЛИСТИКА-

ЖАНУАРЛАРДЫ БЕЙНЕЛЕУ.



СЮЖЕТТІК (ЖАНРЛЫҚ) КАРТИНА- АДАМДАРДЫҢ

КҮНДЕЛІКТІ ТІРШІЛІКТЕГІ

ШЫНАЙЫ ӨМІРДІ КӨРКЕМ БЕЙНЕЛЕУ.







Краткое описание документа:

Бейнелеу өнері.            4 – сынып.

С/ тақырыбы:  Менің Қазақстаным

С/ мақсаты:

Білімділік: оқушылардың көркем графикалық білігі акварель кескіндемесі тәсілдерінің көркемдік мүмкіндіктерін үйрету.

Дамытушылық: композицияда пейзаждың негізгі және қосымша элементтерін үйлестіру білігін дамыту.

С/ барысы:

1.     Табиғат туралы әңгіме.

Табиғат бейнеленген картиналар  пейзаж деп аталады. 

2.     Сурет салу кезеңдері:

         1 – кезең -  табиғатты бақылау.

Суретші бар көргенін салмайды, жақсылап ойластырып, ең жарқын, көрнекті пейзажды таңдайды, демек композиция бойынша жұмыс істей бастайды.

         2 – кезең - табиғаттағы түстерді бақылау. Суретші түс арқылы табиғаттын күйін неғұрлым дәл бере алса , соғұрлым пейзаж қанық болып шығады.

        3 – кезең – пейзажды салу жұмысы. Композиция, перспектива, түстану, жарық пен көлеңке заңдылықтарын басшылыққа алып , сурет салуға кіріседі.

3.      Ескерту: 

*   *   Алдыңғы план: жақын орналасқан нысаналарды  қағаздың төмен жағына орналастыру керек.

*  *    Ортаңғы план:  заттарды қағаздың жоғары жағына салу, олар сәл кішілеу болады.

*  *     Артқы план:  тым алыста  орналасқан заттарды қағаздың өте жоғары жағына орналастыру.

 

4.     Қорытындылау.

Жұмыстарын талдау: кеңістік, тереңдік және түсіп тұрған жарықты қалай көрсеткендеріне тоқталу.

5.     Бағалау.

    

Автор
Дата добавления 13.02.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров1223
Номер материала 385485
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх