Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Бейнелеудегі дәстүрлі емес тәсілдермен таныстыру және балалардың дамуындағы саусақпен сурет салу әдісінің маңызы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Бейнелеудегі дәстүрлі емес тәсілдермен таныстыру және балалардың дамуындағы саусақпен сурет салу әдісінің маңызы

библиотека
материалов

УО ВКО г.Семей


















« Бейнелеудегі дәстүрлі емес тәсілдермен таныстыру және балалардың дамуындағы саусақпен сурет салу әдісінің маңызы»

»

(заслушан на заседании МО учителей надомного обучения

Протокол №___от « »______2016 г.)



Орындаған: Акбергенова А.С















Мастер класс

Тақырыбы : Ақылды балақай.

« Бейнелеудегі дәстүрлі емес тәсілдермен таныстыру және балалардың дамуындағы саусақпен сурет салу әдісінің маңызы»

Өткізу түрі: Семинар-практикум  

Мақсаты:Бейнелеудегі үйден оқитын балалардың шығармашылық ойы мен қиялын дамытудағы,шығармашылық белсенділігін арттырудағы дәстүрлі емес тәсілдердің маңызын ашу, өзектілігін көрсету. Педагогтарды дәстүрлі емес бояудың сан алуандылығымен таныстыру.

Жұмысымның ұраны: «Бала үшін, баламен бірге,баланың мүмкіндігіне сай.»

Даярлық кезең:

  1.Әр түрлі әдісте орындалған балалар суреттерінің көрмесін дайындау.

2.Дәстүрлі емес әдісте қолданылатын материалдарды көрсету .

3. Дәйексөздер.

 

Кіріспе сөз.

Шығармашылық  тұлғаны қалыптастыру –  қазіргі кезеңдегі педагогикалық теория мен тәжірибенің маңызды мәселелерінің бірі. В.А. Сухомлинский айтқандай: «Балалардың мүмкіндігі мен дарындылығының бастамалары саусақтарының ұшында. Бейнелеп айтқанда, саусақтарынан, шығармашылық ойын қоректендіретін өте жіңішке жылғалар сынды жіптер тарайды.Баланың қолында неғұрлым шеберлік көп болса, соғұрлым ол ақылды болады».  Педагогтардың пайымдауы бойынша-барлық балалар дарынды.Сондықтан дарынын уақытында байқап, сезіп, тәжірибесінде, нақты өмірінде қолдануға мүмкіндік туғызу қажет. Ересектердің көмегімен көркемдік-шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, бала жаңа туындылар жасайды (сурет, жапсыру) .Қайталанбайтын туындыларды ойластыру барысында ол әрқашан заттың жасалу тәсілдерімен тәжірибе жасайды. Бала өзінің эстетикалық дамуында қарапайым көрнекі-сезімдік әсерінен түпнұсқалық кейіптің жасалуына бейнелеу-мәнерлеу әдістері арқылы өтеді.Сондықтан оның шығармашылығының негізін қалау керек. Неғұрлым бала жақсы  көрсе, естісе,күйінсе, соғұрлым қиялдау әрекеттері маңызды және нәтижелі болады.

Бірнеше жылдан бері балалармен жұмыс барысында мен бейнелеу әрекеттерінің нәтижелеріне назар аудардым. Балалар келесі белгілер бойынша жақсы нәтижелер көрсетті:

         Штрихтау икемділігі,түрлі түсті қарындаштармен әр түрлі сызықтарды тартуы;

         Жіңішке және жуан қылқаламмен бояуды жаға білуі;

         Негізгі түстердің,бояудың реңктерін танып,оларды араластыра білуі;

         Үлгі мен дақты жұмыста қолдана білуі;

         Өз жұмыс орнын жинай білуі;

Сонымен қатар балалардың төмен қабілеттері де байқалды:

         Сабақ барысында,  жауап айтқан кезде өзіне деген сенімсіздік пен бөгеліп қалушылық;

         Өздігінен бейнелеу құралдарын таңдауда,суретті параққа орналастыруда әректсіздік;

         Дәстүрлі емес бояу әрекеттерін қолдану кезіндегі жаңғалақтық;

         Бейнелеу құралдарымен тәжірибе жасау;

         Танымал сурет салу әдісінде педагогтың анық түсіндіруін күту;

         Қиялын,көркем шығармашылығын байқату;

         Суретке жеке көзқарасын жеткізу;

Қорытындылай келе, балаларға өзіне деген сенімділік,елестеу,дербестік жетпейтінін байқадым.Осы мәселелердің шешімін табу үшін әдістемелік әдебиеттерді  тереңдете оқи бастадым.Өзім үшін келесі бейнелеу әрекетінің басқару критерийлерін айқын белгіледім, олар :балалардың шығармашылық даму ерекшеліктерін ескеру,олардың өзгешелігін байқау,әдепті түрде баланың дербестігі мен ықыласын қолдау,қажетті дағдыларды меңгеруіне әрекет жасау.  

Әсіресе балалардың ой-өрісін дамытуға, өзгеше ойлауға, шығармашылық белсенділігін арттыруға көмектесетін   дәстүрлі емес бейнелеу тәсілдері қызықтырды.Психолог Ғалия Зейнуловнаның айтуынша «Сурет бала үшін өнер емес, ол тіл. Сөзбен айтып жеткізе алмағанын, сурет арқылы жеткізуге мүмкіндігі бар.Бейнелеу барысында оңтайлының бәрі екінші орынға кетеді,тыйым мен шектеулер болмайды.Бұл уақытта бала мүлдем еркін.»   Дәстүрлі емес бейнелеудің жолдары өзгеше құралдар мен материалдардың байланысуын көрсетеді.Әрине,бұл техникалардың құндылығы  оның жан-жақты пайдалануында. Оның жасалу тәсілдері балаларға да, ересектерге де қызықты және қолайлы.

Сондықтан да дәстүрлі емес әдістер балалар үшін тартымды,өйткені өзінің қиялын, ықыласын, ойын толық білдіруге үлкен мүмкіндіктер береді.

Бұл міндеттерді «Көңілді суретші» үйірмесінде жүзеге асыруға болады. Үйірме барысында балаларға сурет арқылы өз ойын, сезімін, уайымын, көңіл-күйін білдіруіне шектеу қойылмайды.Түрлі тәсілдерді қолдану арқылы  түрлі түсті дақтар мен сызықтардан танымал бейнені тауып, оны безендіруге мүмкіндік тудырады.. Сабақтар суретшінің шығармашылық процессіне сай кезеңдерден өтетін алуан түрлі материалдар арқылы педагог пен балалардың жасампаз, шығармашылық жұмысына айналады. Бұл сабақтар қиял, шығармашылық , дербестік бұлағының рөлін атқарады.

Саусақтармен сурет салу әдісі:

Қажетті заттар: ыдыстағы гуашь, ақ түсті қатты қағаз, құтыдағы таза су, сүрткіш.

Бейненің жасалу тәсілі: бала саусағын гуашқа малып, қағазға дақтар мен нүктелерді салады.Әр саусаққа түрлі түсті бояу жағылады.Жұмыс жасап болған соң саусақтарды сүрткіштермен сүртеді.Қолы оңай жуылады.



Қане,қане, не болды?

Ренжідің бе, біреуге?

Үйретейін мен сені

Шаттанып бір күлуге.

Міне ақ бет,аппақ-аппақ.

Сүлгі,гуашь түрлі-түсті.

Міне стакан таза сумен,

Дос болайық біз олармен.

Ұшайық біз олармен бірге.

Ғажайыптар әлеміне.

Алдыменен қолымыз

Таза суға сулансын.

Гуашьтарға түрлі-түсті

Саусағымыз малынсын.

Тыңдамайтын тентек бала

Сияқты ол былғансын.

Ашулысың,қарашы

Қабағың тұр түйіліп,

Ал көздерің аларып,

Танауың тұр шүйіріліп,

Аузың кетті қомпиып,

Саған күннің өзі де

Қарап тұр ғой бұртиып.

Көбелекте көңілсіз.

Жарамайды, бұл мүлде

Қане-қане күлеміз.

Қарашы енді анықтап,

Қабақтарың жадырап,

Көздерің тұр күлімдеп,

Ал танауың делійіп,

Аузың кетті ыржиып.

Міне күнді қарашы

Бізге қарап күліп тұр.

Ал, көбелек қалықтап,

Қанатына сурет сап,

Ұшып жүр ғой шаттанып,

Суретіне мақтанып.

Қорытынды кезең.

1.  Педагогтарға «Дәстүрлі емес әдісінде сурет салатын суретшілер» атағын беру (күлкілі куәлік табыс ету).















Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 03.11.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров175
Номер материала ДБ-317322
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх