341433
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 6.900 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.500 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ 50%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокБиологияВидеоурокиБейорганикалық химия сабағын қорытындылау

Бейорганикалық химия сабағын қорытындылау

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Тақырыбы: Бейорганикалық химия сабағын қорытындылау


Оқыту түрі: күндізгі

I курс. Топ №78


F:\DCIM\Camera\IMG-20151209-WA0012.jpgF:\DCIM\Camera\IMG-20151209-WA0015.jpg



Химия-биология пәнінің оқытушысы: Абдуллаева А.О.

2015-2016 оқу жылы

Сабақтың мақсаты: Бейорганикалық химиядан алған білімдерін қорытындылау.

Дамытушылық: Аналитикалық ойлауды, ойдың жинақталуын, діттеген мақсатына жету үшін қиыншылықтардан өтудегі табандылығын дамыту.

Тәрбиелік: Білім алу мен еңбекте жолдастарына көмек ет уәдеттерін, білімді терең меңгеруге және ұжыммен жұмыс жасау дағдыларын, отан сүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдістәсілдері:, сұрақ – жауап.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, проектор, презентация «Бейорганикалық химия сабақтарын қорытындылау»


Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Алдын ала тапсырма орындау:


Бүгінгі сабағымыз 16 –желтоқсан мерекесінің қарсаңында өтуіне байланысты,желтоқсан тарихына байланыстырып өтеміз. Сендерге алдын ала осы желтоқсан тархы туралы оқып, ізденіп келіңдер дегенмін, сондықтан мынадай сұрақтар қоямын:

  1. Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды және қай қаладан бастау алды ?

  2. Жастардың шеруге шығуына не себеп болды ?

  3. Олардың мақсаты не еді және қандай айып тағылды ?

  4. Әр кімнің аулында осы айтулы оқиғаға қатысқан адам бар ма және оларды атай аласыңдар ма ?

  5. Ондағы жазықсыз құрбан болған боздақтарды атаңдар ?

  6. Ең бірінші бұл оқиғаны ақтап шыққан, жазықсыз жала жабылғанын ең бірінші дәлелдеген кім ?

Сабақ тақырыбын жариялау.

Білімгерлер алдына мақсат қою. Сонымен біздің сабағымыздың мақсаты, осы Тәуелсіздіктің бізге қалай келгенін еш уақытта ұмытпау. Осындай бейбіт елде 280 – нен астам ұлттар өмір сүріп жатқанын, сондықтан жақсы білім алып, жақсы маман иесі болуға ұмтылу.

Сонымен, білімгерлерімізді сайысты бастамас бұрын 2 топқа бөліп аламыз. Әр топтың топ басшысы, әділқазылар алқасы болады. Әділқазылар алқасы ұпай санын есептеп, соңында қорытындысын айтады.

Сабағымыз 5 кезеңнен тұрады.

1 кезең - «Ойлы болсаң, озып көр» 
2 кезең- «Зерек болсаң, шешіп көр

3 кезең - «Жүйрік болсаң, шауып көр» 
4 кезең - «Мықты болсаң, тауып көр» 
5 кезең - «Ең, ең, ең,….» ойыны

Жүргізуші:

Ешқашан, шайқалмасын шаңырағымыз,

Ешқашан, өшпесін шырағымыз,

Ешқашан, соламсын гүлдеріміз,

Мәңгі, гүлдей құлпырып тұра берсін, Қазақстан!


1 –топтың аты «Молекула»(топ басшылары өлең шумақтарын оқиды )

  1. топ басшысы:

Армысың жиналған көп сыныптасым,

Аман ба ел-жұртым, қарсыласым.

Отырған ұстаздар мен білімгерлер,

Жырымды химия жайлы төгемін де.

Халқымның қасиетті қайғысынан,

Ер туған, дана туған, ақын туған.

Шелек өңірінің балалары

Тәуелсіздік туларын нық ұстаған.

2 – топтың аты « Атом»

2 –топтың басшысы:

Елімнің алтын кілті біздің қолда,

Құлыпты аша алмасаң, ол қиын да.

Сондықтан білімді бол, уа достарым,

Қанша асу күтіп тұр, ұлы жолда.

Улы бұлт торламасын көгімізді,

Сақтайық өзен, тоғай, көлімізді,

Сан ұятқа, сан мекен жерімізді.

1 –кезең: «Қазақтың қазақ екендігін бүкіл әлемге танытқан 1986 жылғы 16-17-18 желтоқсан»

Жүргізуші: 1 кезең - «Ойлы болсаң, озып көр» ойнын бастаймыз. Бұл ойынның шарты: Сайыскерлер оқылған мәтінге «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Дұрыс жауап үшін 5 ұпай беріледі. Ендеше іске сәт. 

«Атом» тобына сұрақ.
1.Бейорганикалық қосылыстар 4 кластан тұрады. (Иә) 
2.Органикалық заттар көміртек элементінің туындыларынан тұрады. (Иә) 
3. Периодтық кестеде 8 перид бар (Жоқ) 
4. Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы Ле-Шателье принципіне сүйенеді. (Иә) 
5. Ортақэлектрон жұбы арқылы түзілетін байланыс иондық байланыс деп аталады. (Жоқ)  
6. Элементтің реттік нөмірі оның нейтрон санына тең (Жоқ) 
7. Металдар мен құймаларда иондық байланыс болады. (Жоқ) 

«Молекула» тобына сұрақ.
1. Реакцияның жылдамдығына температураның әсерін Вант –Гофф ережесімен анықтауға болады. (Иә)
2. Периодтық кестеде 10 қатар бар. (Иә) 
3.Периодтық кестедегі әрбір топ үлкен және кіші топшадан тұрады. (Жоқ) 
4. Натрий және калий гидроксидтері суда еритін негіз (Иә) 
5. Элементтер сыртқы белгілеріне қасиеттеріне қарап металдар мен бейметалдар болып бөлінеді. (Иә) 
6. Реакция жылдамдығын тездететін заттарды ингибиторлар деп атайды. (Жоқ) 
7. Электртерістігінде үлкен айырмашылық бар элементтердің атомдары арасында түзілетін байланыс ковалентті байланыс деп аталады. (Жоқ) 

Алаңға шыққан жастардың ұраны қандай еді ?. («Қазақстанға  қазақ басшы!», «Әр халыққа- өз көсемі!» ,«Ешбір халыққа артықшылық берілмесін!». «Ешқандай ұлтқа ешқандай жеңілдік болмасын!» деген ұранмен 2ші кезеңді бастаймыз

2 – кезең: - «Ешқандай ұлтқа ешқандай жеңілдік болмасын!»

Жүргізуші: 2- кезең - «Зерек болсаң, шешіп көр»  – дей отырып, келесі сайысымызды бастаймыз, әр топқа тапсырма беріледі.
1 топ басшысы:

Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,

Даналықты қазаққа дала берген секілді.

Еркелікті, ерікті желден алған секілді,

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.

2 топ басшысы:

Туған жерім, байтақ елім, кең далам,

Табиғатың неткен сұлу жер едің.

Қаншама жыл азып – тозып кетсең де,

Мен өзіңді Көкшетауға теңедім

Оттегін күрделі заттардан алуға болатын сәйкес реакция теңдеулерін көрсетіңіз.

  1. Марганцовкадан. а) 2KClO3 = 2KCl + 3O2

  2. Тұрақты ток әсері арқылы судан. ә) H2O = 2H2 + O2

  3. Сынап (ІІ) оксидінен. б) 2KMnO4= K2MnO4 + MnO2 +O2

  4. Калий хлоратынан. в) 2HgO=2Hg + O2

Күрделі заттардан оксидтерді алудың сәйкес теңдеулерін көрсетіңіз.

  1. Ацеиленнің жануы нәтижесінде. а) CaCO3= CaO + CO2

  2. Ерімейтін негіздерді қыздырғанда. ә) 2С2Н2 + 5O2 = 4CO2 + 2H2O

  3. Қышқылдарды қыздырғанда. б) Н2SiO3=SiO2 + H2O

  4. Әктасты қыздырғанда. в) 2Fe(OH)3 = Fe2O3 + 3H2O

3 – кезең: - «Әділдік іздеп алаңға шыққан жастар!»

Слайд көрсету.


Жүргізуші: 3- кезең - «Жүйрік болсаң, шауып көр»,– дей отырып, келесі сайысымыз викториналық сұрақтарды бастаймыз. Дұрыс жауапты 5 ұпаймен бағалаймыз.

1 топ басшысы:

Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым

Бет бағдарын бақиға бұрғандарым,

Қаралы жылдардай боп қарауытып,

Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым

Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,


2 топ басшысы:

Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,

Кеудемдегі қоламта қоздатқаным

Тұншықса да түрмеде тозбапты әнім.

Жазықсыз жапа шегіп бұл жалғаннан,

Жалтақтап кете барғанбоздақтарым.


Сұрақтар:

1 топ сұрақтары.

  1. Қай элементтің таңбасы айдаһар бейнесіне ұқсас? (күкірт)

  2. Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл? (иод)

  3. Қандай ұн астықтың шығымын арттырады, бірақ нан пісіруге жарамайды? (фосфор ұны)

  4. Тіс қандай элементтің жетіспегенінен ауырады? (фтор)

  5. Жердің абсолютті жасын анықтауда қандай элемент қолданылады? (уран)

  6. Оқ жасауға қолданылатын металл? (қорғасын)

  7. Үй тұрмысында сәндік үшін қолданылатын бейметалл? (күміс)

  8. Сыртқы жараны жазуға қолданылатын бейметалл?(күкірт)

  9. Қазақстан қандай радиоактивті элемент қоры бойынша дүние жүзінде екінші орын алады? (уран)

10.Адам тыныс алатын газ.(Оттегі).

11.Химиялық теңдеуді теңестіру үшін қойылатын сан. (коэффицент).

12.Қандай элементтің тұрақты мекен – жайы жоқ? (сутек)


 2 топ сұрақтары

  1. Аспен келеді, тамаққа дәм береді?

  2. Консерві қалбыры жасалатын металл?(қалайы)

  3. Рентген сәулесінен қорғайтын қандай металл? (қорғасын)

  4. Адамға ең алғаш белгілі болған металл? (алтын)

  5. Адамзат баласы алғаш өндірген металл? (мыс)

  6. Ең жеңіл металл? (литий)

  7. Қандай элемент алдымен күнде, содан соң жерде ашылады? (гелий)

  8. Сіріңке мен болат инені және қаламұшты қайда жағуға болады? (оттекте)

  9. Топырақты құнарландыратын элемент? (азот)

10 «Болашақ отаны» деп аталынған қандай элемент? (сутек)

11. Қандай элемент қалыпты жагдайда сұйық түрде кездеседі? (бром)

12. Қанның құрамына кіретін металл.(темір).


 4 – кезең: « Желтоқсан қозғалысының ақ – қарасына жеткен М. Шаханов»

Слайд корсету

4 кезең - «Мықты болсаң, тауып көр» бұл кезеңнің шарты, суреттегі ғалымдардың кім екендігін тауып, ол қандай жаңалық ашқандығын табыңыздар.Дұрыс жауапты 5 ұпаймен бағалаймыз.



1 – топ басшысы


Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді, 
Бізге оны ешкім аяп бермейді.
 
Тәуелсіздік – Қайрат, Ляззат, Ерболдың,
 
Тас көшеде тас-талқан боп өлгені.

 



2 – топ басшысы


Ей, адамдар!

Алыс кетпей қасиетін ұқсаңшы,

Сонда ғана туған жерменен,

Өркендеп сен жайнайсың.


Слайдтарды көрсету


5 – кезең: « Тәуелсіз Қазақстан »


Жүргізуші:

Мен еркінмін,

.Елім еркін өйткені.

Жерім еркін,

Сенім еркін өткені.

Саналы еркін, азат болған құрсаудан,

Көңілім де еркіндіктен нұр сауған,

Намысым да еркін енді шүкірлік,

Аласармай тұр таудан

Өмір бойы аңсаған – дей отырып, 5-ші кезең - «Ең,ең,ең,….» ойынын бастаймыз.


1 – топ басшысы.

Кеңбайтақ Қазақстан туған жерім,

Кең пейіл мерейі мен дархан елім.

2 – топ басшысы.

Көп ұлтты жинап алып құшағыңа, 5

Бір бесіктің әніне салған елім -


1 – топ сұрақтары

  1. Ең ертедегі құйма? (қола).

  2. Ең қиын балқитын металл? (Вольфрам).

  3. Ең қатты минерал? (Алмас).

  4. Ең жеңіл балқитын металл? (Цезий).

  5. Жер бетінде ең көп тараған қосылыс. (Су).


2 – топ сұрақтары

1.Еңқатты металл? (Хром).

2.Ең жеңіл металл? (Литий).

3.Бөлінбейтін кішкентай бөлшек. (Атом).

4.Сәндік үшін саусаққа салынатын, таза металдан жасалған әшекей. (алтын сақина)

5.Асыл тас немесе металдың өзінен жасалған құлаққа тағылатын зат. (Сырға).


Жүргізуші:

Бүгінгі сайысымыз осымен өз мәресіне жетті, сондықтан әділқазылар сіздер қорытындыларыңызды дайындай берсеңіздер.



1 – топ басшысы.

Тұрса да биік өр басын, 
Қазаққа
бақыт орнасын. 
Сексен
алтыншы жылғыдай, 
Желтоқсан
желі болмасын! 

Күн кешіп лапылдаған жастарым, 
Дүрліктірді
желтоқсанның аспанын. 
Жерді, дінді, тілді, баба дәстүрін
 
Қорғау
үшін көтерді олар бастарын.


2 – топ басшысы.

Таңым бүгін шаттығымен атқандай,

Көңілге бір бақыт нұрын шашқандай

Ұлылардың ұрпақтары достасып,

Арман шамын мәңгілікке жаққандай

1 –топ басшысы.

Бүгінгі ойын болды бізге қызықты,

Химия сабағынан өткізген.

Осыменен сабағымызды аяқтап,

Қуанышпен қайтайық біз жеңіспен.



Релаксация «Атамекен» әнін барлығы орындайды.

Сабақты қорытындылау


Әділқазылар алқасы - колледж әдіскері Ахметова ЗинақанТұрсынқызына сөз береміз.



Үйге тапсырма:


Бейорганикалық химиядан өткен тақырыптарғақ презентация жасау.

Общая информация

Номер материала: ДВ-432952

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Организация и руководство учебно-исследовательскими проектами учащихся по предмету «Биология» в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «ФГОС общего образования: формирование универсальных учебных действий на уроке биологии»
Курс профессиональной переподготовки «Биология: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Медико-биологические основы безопасности жизнедеятельности»
Курс повышения квалификации «Методические аспекты реализации элективного курса «Антропология и этнопсихология» в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Государственная итоговая аттестация как средство проверки и оценки компетенций учащихся по биологии»
Курс повышения квалификации «Нанотехнологии и наноматериалы в биологии. Нанобиотехнологическая продукция»
Курс «Общее садоводство: Стилистика садов. Создание различных стилей с использованием местных и интродуцированных растений»
Курс повышения квалификации «Основы биоэтических знаний и их место в структуре компетенций ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Анатомия и физиология: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс «Общее садоводство:Травянистые растения для садов средней полосы»
Курс профессиональной переподготовки «Биология и химия: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Составление и использование педагогических тестов при обучении биологии»
Курс повышения квалификации «Инновационные технологии обучения биологии как основа реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация и выполнение работ по производству продукции растениеводства»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.