Инфоурок / Начальные классы / Презентации / Бейтарап сөздерді қолданудан аулақ бол
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Бейтарап сөздерді қолданудан аулақ бол

библиотека
материалов

1
Тілбұзарлардан сақтанайық
“Қазақ тілі” өткірлігімен бой балқытып, тамыр шымырлатып, жан дүниеңді жандырып, құлақ құрышыңды қандырып, ұғымыңа қонымды,жүрегіңе тиімді, қысылтаяң қатал жағдайда да қайрап, ерге елге медеуболып адам түгілдұшпаныңның көмейіне құм құйып, аузын аштырмай, үнін шығармай қоятын құдіретті тілімізді шұбарланып барады. Күнделікті өмірде қадірін кетіріп, жүргендерге тосқауыл қоятын күн жеткен сияқты.
Қазақ тілі
« Дүниедегі ең асыл тілі- араб тілі, одан кейін түрік тілі, ішіндегі
гауһары- қазақ тілі»- деп ұлы кемеңгер әулие бабамыз Мәшһүр Жүсіп Көпеев бағалаған тілімізді хал-ахуалына алаңдаймын.
Көшеде, сапаржайда, қара базарда қарағанда көзін тоятын, ақ шашты сары тісті аталар мен ақ жаулықты әжелер бір- бірімен жүздескенде қалайсың? ...
Толик!, Гуля! деп...ерекше екпінмен айқайлап амандасады.
Бұл қай сасқаны ... Ата-бабамыздың ата-дәстүр бойынша,азан шақырып қойған аттарын орысшалаған несі? Өзін- өзі қадірлемегені ме?. Бұл әрекетінің астарында не жатыр? Ұлтының қасиет қонған, тілін қорлап, орыс тілін қадірлегеніме? Әлде құлдық психологиядан арыламағаны ма? ...
Менің ойым сан-саққа жүгіріп, намыстан қаным қарайып, жанымды қоярға жер таппай кетем.Алдыңғы арба қалай жүрсе соңғысы солай жүрмей ме?
Тілдің көсегесін көгертетін негізгі ұлт- қазақ. Қазіргі жастар бір-бірімен « қалайсың?» -деп амандасатын болды. « Қалайсың?» -деген сөз
« Ауыр халде жатқан адамның көңілін сұрауға келген кісінің айтатаны сөзі».
Біз осылай тілімізді бұрмаламай берсек белгілі уақыттан кейін жойылып кетеміз.
Қазақ тілінің қадамын аштырмай тұқыр жылатып жүрген той асабалар көбейіп барады. Әсіресе тойда ... сөзге шешен қариялар , сөз қадірін жетік меңгерген тіл мамандары, ақындар, құлағының құрышын қандырып, тілек айта бастаса...« Асаба сымақтар» балаққа жабысқан « кәндес итше»шыр-пыр бола бастайды. Ал өздері құлаққа түрпідей тиетін анайы әзіл- қалжыңдары мен уақытыңның бәрін зая өткізеді. Бұған тосқауыл қоятын ешбір адам жоқ.Әйдейтін « әже» қой дейтін «қожа» болмағандықтан тіпті буыршындай көбіктерін шашып, орыс- қазақ сөздері араластырып, көпіріп сөйлейді.Жүнін жұлған тауықтай қазақ тілінің арша-паршасын шығарады






№2
Тілбұзарлардан сақтанайық
Тойда ұлы ақындардың сөзіне, Шәмшінің әндеріне жазылған әсем әуеннің ырғағына жұптасып билегеннің орнына ... Қайдағы қырғыздың «қызыл өрігіне»немесе шетелдің даңғыр- дұңғыр би әуеніне қойып алып, ақсақал, бала-шаға да әдептен асып, жынданып кеткен бақсының ырғағына салып алып, билейді келіп. Орысша, өзбекше, қырғызша шүлдірлеп сөйлейді келіп.Қазақтың әсем әндерімен сөзі, көркем нұрлы әуендері көзден бұлбұлдай ұшпасына кім кепілдік береді.Болашақ ХХІІ ғасырдың ұрпақтары қазақта әсем ән, әуезді өлең, көркем би болмаған ба?-десе не дейміз?
Өзге ұлт келіп, отыңды жағып, күліңді шығарып, ана тілінің мерейін өсірмейді. Керісінше тоз-тозыңды шығарады. Тіліңнен , діліңнен, дініңнен айырады.Тойда да, жиында да, көщеде де, өз тілімізде сөйлейік! Ұлы Мағжан атамыз айтқандай: « Мен жастарға сенемін». Біз бір ауыз сөзге тоқтаған халықпыз. Құрметті оқырман тілбұзарларға жол бермейік.













Ақсу қаласы ,Парамоновка орта мектебінің

Казақ тілі пәнінің мұғалімі : Халидолда .А























Бей әдеп сөзге неге бейімбіз?

Атам қазақ « тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтатын» түркі тілдес халықтарының ішіндегі ең озығы едік. « Түгел сөздің түбі бір, түп атасы –Майқы би» -деп дәріптеп өскен ұлт емес бе еді? Соңғы кезде көше де тойда да, үйде де, бей әдеп сөздерге жастарымыз өте бейім ,үйірсек болып барады.
Бұл деген қасиетті ана тіліміздің өрісін тарылтып, тілдік қолданыстан ысырып, көсегесін кемітіп, тұсау салу деген сөз.
« Бір құмалақ ,бір қарын майды шірітеді» қазірігі жастардың жиі қолданылатын сөздерінің тізбектері сындырды ( қыздың көңілін тапты).
« Базар жоқ» ( жарайды), « Құлақтан тепті» ( өтірік айтты), « Қуады» « Қумашы» « Лақтырып кетті» ( алдап кетті) « Тормоз» « Маубас» « Мысығым» (сүйіктім) ,« жынды той болды» ( керемет) « жынды тамақ болды», « жынды киім» деп екі беті бүлк етпей көпшілік ішінде сайрайтын жастар көбейіп барады.Жауыннан кейін шыққан саңырау құлақтай .« Жынды сөзі» - ауруға шалдыққан хайуанға айтылатын сөз.Осылай кете берсе, бай інжу маржандай, сап алтын,тап-таза қазақ тілінің ғұмыры не болмақ?
Киелі қазақ тілім М.Дұлатовтың « Бақытсыз Жамалындай» аязды күнде , қарлы борасында үсіп өлсін бе? Өзге елдер ( еврейлер) « Өліп қалған» қолданыстан шығып кеткен тілдерін қайтадан жаңғыртып, тірілтіп алды. Ал біздің жастар болса әуезді әдемі, көркем тілімізді шұбарлап бара жатыр.Құрметті оқырман осыған тосқауыл қойайық.










Ақсу қаласы
Парамоновка орта мектебінің
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Халийдолда Базар




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Краткое описание документа:

           Тілбұзарлардан сақтанайық
“Қазақ тілі” өткірлігімен бой балқытып, тамыр шымырлатып, жан дүниеңді жандырып, құлақ құрышыңды қандырып, ұғымыңа қонымды,жүрегіңе тиімді, қысылтаяң қатал жағдайда да қайрап, ерге елге медеуболып адам түгілдұшпаныңның көмейіне құм құйып, аузын аштырмай, үнін шығармай қоятын құдіретті тілімізді шұбарланып барады. Күнделікті өмірде қадірін кетіріп, жүргендерге тосқауыл қоятын күн жеткен сияқты.
                       Қазақ тілі
« Дүниедегі ең асыл тілі- араб тілі, одан кейін түрік тілі, ішіндегі
гауһары- қазақ тілі»- деп  ұлы кемеңгер әулие бабамыз Мәшһүр Жүсіп бабамыздың сөздері .



Общая информация

Номер материала: 384338

Похожие материалы