Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Социальному педагогу / Другие методич. материалы / Безбеймін мен баладан да, байлықтан да, жардан да Мансап жетпес бар адамға үлестіріп алғанда Үміт үзбей іздейді олар, таңдап сол бір уақытты, Оны алыстан іздемелік, жүректен тап бақытты!- деп ақын ағамыз айтқандай бір бірімізге бақыт сыйлар жүрек жылуымыз
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Социальному педагогу

Безбеймін мен баладан да, байлықтан да, жардан да Мансап жетпес бар адамға үлестіріп алғанда Үміт үзбей іздейді олар, таңдап сол бір уақытты, Оны алыстан іздемелік, жүректен тап бақытты!- деп ақын ағамыз айтқандай бір бірімізге бақыт сыйлар жүрек жылуымыз

библиотека
материалов

Қайырымдылық- адамгершілік белгісі

Міндетті оқу айлығы аясында өткізілген «Қамқорлық» акциясы қорытындысының кеші
«Қайырымдылық - адамгершілік белгісі»
Мерекелік кеш жүрісі
Жүргізуші: Мен өзімнің сөзімді қазақтың ұлы ақыны Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген даналық сөзін бүгінгі кешіміздің эпиграфы ретінде басталғалы тұрмын.
«Қайырымдылық - адамгершілік белгісі» атты мерекелік кешіміздің негізгі мақсаты қамқорсызға қамқор болу, тағдырдың жазғаныменен жаралы болғандарға жәрдем беру, жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді бойына дарыту болса,

Қазақстан Республикасының 2007жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңын іске асыру мақсатында әлеуметтік жағынан қорғалмаған және күнкөрісі төмен отбасыларынан шыққан оқушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуді қолға алып отыр.

Жүргізуші: Өмірді мен жомарт деп айта алмаймын
Бекер айттым екен деп айта қайта алмаймын
Өйткені біреулерге бақыт қонса,
Біреулер сорлап жатыр байқалмай тым.
Өмірді жұмақ деп те таңданбаймын
Сазды әуенге елітіп алданбаймын
Бір әумесер есірсе есі кетіп,
Біреулерді күрсінтіп жүр толған қайғың.
Бұл өмір тәтті де емес тамсанатын
Жеткізіп айта алмаған қаншама ақын
Ойсыздарға ой салған оқпан болып
Асып – тасқан жерінде ән салатын
Күлкі емес күмбір қағып мөлдіреген
Анаңның жүрегі емес елжіреген
Еркелетіп бойына үйретіп ап,
Кеудеңе кептеп қояр желді үдеген
Кейде жұрттың бәрінен артық етіп,
Түсірмейді қолынан асық етіп.
Бұл өмірге, апыр ау дауа барма?
Кейде нұқып тастайды жасық етіп.
Қызығы да өмірдің осы болар,
Сан қилы мінезімен тосып алар.
Бірде сипап маңдайдан, бірде соғып,
Бауырындай құшақтап қосып алар.

Жүргізуші: Армысыздар қымбатты қонақтар, ардақты ата аналар, ұлағатты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Қайырымдылық - адамгершілік белгісі» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу - өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу құралдарымен қайырымдылық көмек көрсетілді. Мектепте әлеуметтік жағынан аз қамтылған 20 оқушыға мектеп асханасынан тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Баланың бір уақыт тамағы үшін 179 теңге құрайды.






Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма -
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма -
Өскеніңді өшіресің.
Жанашыры жоқ жарлыға
Жәрдемші бол асыға,
Қиын қыстау күндерде
Өзі келер қасыңа.
Бүгін сағы сынды деп,
Жақыныңды басынба
Қазыбек бидің халқымның кеңдігі, жомарттығы туралы айтқан осы бір өсиеті бүгінгі күнде де өміршеңдігін жойған емес.
Алғы сөз 1.«№4
орта ММ-нің»директоры ..................... сөз кезегін беремін.( Алғыс хат тапсыру рәсімі)
2. Директордың тәрбие ісінің орынбасары..........................

Жүргізуші: Жансаң көзі қарақты
Қиналғанды аңғарар
Өзіңнен сөз тарапты
Жақсылыққа жалғанар
Дәнекер боп жүргенің
Азаматтық ерлігің
Жөн жосықты білгенің
Еңсесі биік елдігім
Байлық қуат алапат
Қағып түсер қарғысың
Демеушілік шарапат
Алар елдің алғысын демекші бүгінгі кешіміздің қонақтары, яғни өз қаражаттарымен көмек қолын созған ата - аналарға сөз береміз.

Жүргізуші: Құрметті кеш қонақтары ендігі музыкалық бөліміздің беташарын биші қыздарымыздың биімен ашалық.

Майысып бұраңдаған денелері
Алаулап жайнаған көздері
Буын жоқ, бұратылған шыбық дерсің,
Алдарыңызда мектебіміздің гүлдері
Би.
.
Жүргізуші: Күйі бөтен демеймін, үйі бөтен,
Жақсы адамдар бар екен, сүйіп өтем,
Жамандарды іздемен, өзі ақ табар,
Жақсыларды табуың қиын екен...
Ән. «Көнеміз ғой» Орындайтындар:
Қазмағанбетов Жансерік

Ән. «Дүние керуен»

Жүргізуші: Мектеп психологы
А.Шановаға сөз.

Өтеді ғой... Өтеді барлығы да,
Күн арқалап кетеді таңды мына,
Менің жаным ашиды барлығына,
Таң нұрына, адамның тағдырына.
Ән «Айналдым сенен Атамекен»
Ән. «Әгугай»

Жүргізуші: Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл сәл кем бұра,
Қазақ – нағыз қазақ емес,
Нағыз қазақ – Домбыра!
Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана:
Одан асқан шежіре жоқ, одан асқан жоқ дана.
Күй. «Айжан қыз»
Түрік биі «Сұлтан».

Жүргізуші: Атаң болса, анаңмен -
Алтыннан соққан қорғаның,
Ағаң болса ақылды -
Ешкімнен кем болмадың.
Інің болса жанашыр -
Семсер қылыш білегің.
Ақылды қыз, ақылды ұл -
Өкпе – бауыр, жүрегің.
Халық әні «Қоғалай» Орындайтын:
Көркемсөз. «Қандай жанмын?»

Жүргізуші: Бақыт жайлы пікір айтып қызулы топ таласты
Бірі оны үйден іздеп, бірі қырдан әрі асты.
Бірі айтады: бақыт деген - барлық байлық емес пе?
Керегінше киіп, ішсең «бақыттысың» демес пе?
Бірі айтады: «Жоқ, бақыт деген – қолың жетпес мансап қой»
Жұрттан гөрі жүрсең ерек, соның өзі жақсы ат қой.
Бірі айтады: «Бақыт деген - жүйрік мініп той тойлау»
Ісің болмай күйбеңменен, қарын тойса, қарт ойнау.
Бірі айтады: «Бақыт деген - адал жар мен перзент қой!»
Ынтымаққа ырыс келген, ол да саған келмек қой
Пікірлердің таласына осылай мен жолықтым
Бақыт адам баласына келмес оңай соны ұқтым.
Безбеймін мен баладан да, байлықтан да, жардан да
Мансап жетпес бар адамға үлестіріп алғанда
Үміт үзбей іздейді олар, таңдап сол бір уақытты,
Оны алыстан іздемелік, жүректен тап бақытты!- деп ақын ағамыз айтқандай бір бірімізге бақыт сыйлар жүрек жылуымыз, мейірімділігіміз сарқылмасын! Аялы алақанымызды, қол ұшымызды созып, қайырымдылық жасап, көмек қолын күткен әрбір жанның жүрегіне жылылық ұялатып, өмірге деген көзқарасын өзгерту осы отырған барлық азаматтың борышы.
Ендеше болашағымыз бақытты болсын десек, бір бірімізге қолдан келер қамқорлығымызды аямалық ағайын!

Қадірменді қонақтар! Осымен бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтай келе, сіздерге алтын уақыттарыңызды бөліп, тамашалағандарыңызға шын жүректен алғысымызды айтамыз. «Қайырымдылық - адамгершілік белгісі» атты қорытынды кешімізді жабық деп жариялаймын.
Хор «Атамекен»
Соң
ы


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 17.01.2016
Раздел Социальному педагогу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров117
Номер материала ДВ-349927
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх