Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Бүгінгі шәкірт көгершін, Болашағың көгерсін- ертеңгілік
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"

Бүгінгі шәкірт көгершін, Болашағың көгерсін- ертеңгілік

библиотека
материалов


Көктау жалпы білім беретін негізгі мектебі



hello_html_360d1858.gif

hello_html_6c615d5b.gif

hello_html_m461e3d33.jpg










Өткізген: Смайлова Ш.К.

4 «А» сынып








1-бөлім. «Ертеңгілік»

Мақсаты:

Білімнің қайнар көзі, бастау бұлағы бастауыштан басталатындығын ұғындыру; білімге, өнерге деген қызығушылығын арттыра отырып білім ордасын, ұстаздарды құрметтей білуге тәрбиелеу; білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздармен қоштастыра отыра жоғарғы сынып мұғалімдеріне сәт сапар тілеп табыстау.

Көрнекілігі: стенд, мақал- мәтелдер, нақыл сөздер.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар! Бүгін бізде қуаныш, үлкен той. Сіздер бүгін «Бүгінгі шәкірт көгершін, болашағын көгерсін» атты бастауышпен қоштасу ертеңгілігіне жиналып отырсыздар. Қадамдарыңызға нұр бітсін! Алдарыңызға шыққалы тұрған балалар 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын тәй- тәй басып аттаған кіп – кішкентай бүлдіршіндер еді. Енді, міне, бойлары да ойлары да өсіп, жоғарғы сыныпқа қадам басқалы отыр.

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.

Қол соғып қошеметпен шақыралық,

4 сынып оқушыларын ортамызға.

(оқушылар ортаға шығады)

Абзал жан бар биік тұлға байсалды,

Құшақ жая шәкірттерін қарсы алды.

Ұмыт болмас ұстаздың

Ұйқысыз талай түнді қарсы алғаны- деп бүгінгі мерекемізді ашу үшін сөз кезегі мектебіміздің басшысы Ділдебаев Ж.С ұлына беріледі.

(Келесі сөз кезегі бастауыш сынып бітіруші түлектерінде)

Нұралы :

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар!

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,

Бүгін міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ.

Әніменен жырына, тарландардың сал құлақ,

Кеше сәби, бүгін міне, жасұлан,

Лаулап жансын болашағың шамшырақ.

Әлия:

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңызда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

Динара:

Қош келіпсіз, ер тұлғалы әкелер,

Қыран құстай болашағын мәпелер.

Бүгін міне, бастауышпен қоштасады,

Азамат боп, кешегі сәби еркелер.

Дильназ:

Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

Қош келіпсіз, ұстаздар, ата – аналар,

Бастауышпен қоштасу тойымызға.

Самал :

Шаттанамын, мен бүгін шаттанамын,

Ғылым сырын түсіндім мақтанамын.

Осы сырды үйреткен төрт сыныбым,

Түстей болып мінекей артта қалдым.

Даяна:

Жарқылдап тойға келген асыл жандар,

Гүлдей боп көзімізге басылғандар.

Қол жетпес арманды іске асырғандар-

Ата – аналар, құрметті, асыл жандар.

Әлия:

Қоштасу тойы басталды,

Ән мен биге бастайық.

Өнерімізді көрсетіп,

Құрметіне бұл тойдың,

Ән мен шашу шашайық.

Нұралы:

Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны,

Айқара есікті ашып тастағаны.

Бір мереке думан боп осы маңда,

Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.

Енді міне сағымдай боп өте шықты

4 жыл уақыт аз ба екен кім біліпті.

Ұстаз ана жасады міне бізден,

Ел таңғалар азамат бір – бір мықты.

Динара:

Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,

Менің де көкейімде із қалыпты.

Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің,

Ерінбей үйреттің де әрі әріпті.

Қоссаңдар бірді екіге үш болады,

Деуші едің біліммен күш толады.

Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол,

Ақылмен іс істесең іс болады.

Хор: «Ұстазым»

Даяна:

Әлі есімде, мектепке алғаш барған күн,

Күлімдеп бір нұр жүзіміз жанған күн.

Сыңғыр қағып қуанышпен қоңырау,

Шақырғаны алға бізді арман күн.

Дильназ:

Әсем бөлме, терезелер жап – жарық,

Қойған дерсін шырағданнан шам жағып.

Қара тақта, аппақ парта қаз – қатар,

Отырдық біз сипап бәрін таң қалып.

Кіріп келді сыныпқа ұстаз күнді алып,

Бөлме іші кетті лезде шын жылып.

Сәлем берді бізге ұстаз жымиып,

Бар шуылын балалардың тындырып.

Самал :

Мектебім – мәңгі бапкерім,

Қарызбыз саған бәріміз.

Өзіңе деген парызды

Ақтаймыз талай әлі біз.

Әлия:

Мектебім алтын бесігім,

Айқара ашқан есігін.

Өзіңде жүріп естідік,

Ұстаздың асыл есімін.

Даяна:

Ыстық мекен, алтын ұя – мектебім,

Сен арқылы білім алып көктедім.

Достарыммен бірге жүріп, бір күліп,

Қарсы алдым жастық шақтың көктемін.

Әлия:

Білімнің қайнар бұлағы,

Өнердің жарық шырағы.

Тұрағы өзің – мектебім,

Шәкірттің асыл қырағы.

Ән: «Мектебім» Орындайтын: Самал

Көрініс: «Пәндер айтысы»

Математика: Достар, жүріңдер Ғылымға барып ақыл кеңес алып, даудың төрелігін сұрайық.

Ғылым: Бұл не айқай, бұл на шу?

Математика: (тізерлеп амандасып, қолын көкірек тұсына қойып) Ғылым аға, біз, пәндер, сізден бір даудың төрелігін сұрай келдік.

Ғылым: Ендеше баяндаңдар!

Математика: Қымбатты мәртебелім, өмірде менің орным ерекше. Өйткені адам баласына керегі мен. Мен есеп болмасам, адамдар сағатты, сауданы, жерді т.б ғалымдар есебін қалай есептей алады.

Ана тілі: Жоқ. Мәртебелі Ғылым адам баласына Ана тілі болмаса тіл қоры, тіл байлығы, сөйлеу тілдесу мәнін білмес еді.

Қазақ тілі: (жүгіне отырып, қолы көкірек тұсында) Қазақ тілі болмаса дауысты, дауыссыз дыбыстарды айыра алмас еді. Қазақ тілінде қанша әріп барын білмес еді. Буын, жұрнақты ажырата алмас еді. Мемлекеттік тілде еркін сөйлей алмас еді.

Дүниетану: Ал мен арқылы адамзат баласы таза ауада дем алып, денсаулығын нығайтып, табиғат аясында тынығып, салауатты өмір салтын құра алады. Мен оларға таза ауа беру арқылы ерекшемін. Менсіз сіздердің күндеріңіз не болмақ?

Ғылым: Өзін - өзі тану, сен неге үндемейсің?

Өзін -өзі тану: Мен достарымның сөздерін тыңдап қайран қалып тұрмын. Ақыры бір – бірімізбен байланысты екенбіз сондықтан әдеп сақтап тұрған жәйім бар. Олай болса, адам баласына тазалық, әдептілік, мәдениетті сөйлеу, сыпайлы, тәртіпті қадағалайтын өзін тану арқылы өзгеге үлгі болуға мүмкіндік бар деп сөзімді қорытамын.

Ғылым: Барлығыңның дауаптарымды тыңдадым. Десек те өмірде адам баласына әрқайсысыңның керекті екендеріңді ескертемін. Адамдар таза ауада тынығады, дене үнемі қозғалыста болуы шарт. Үш тілді меңгеру арқылы шетелдерге іс – сапарда болады, білімдерін шыңдайды. Есеп арқылы қазына қорын молайтады. Өз бойына мәдениетті қалыптастыру арқылы рухани мәдениетті қалыптастырады. Бәріңіз де бір – біріңізбен байланысты ғылымсыздар. Сондықтан «Біріміз- бәріміз үшін, бәріміз - біріміз үшін» деген ұранды қағида етіп, татулықпен тарасайық, достар!

Хор: «Чему учат в школе»

Самал:

Аттағанда мектептің босағасын

Алғашқы ұстаз жылытты шапағатың.

Әліппені үйретіп, әдепті де,

Қуандырды әр бала ата – анасын.

Даяна:

Үйретуден жалықпай өркеніңе,

Білім – теңіз дем бердің желкеніне.

Анамыздай елжіреп шуақ төктің

Бір – бір үйдің еркесі мен тентегіне

Нұралы:

Әлі есімде мектепке келгеніміз,

Келгеніміз сыныпқа енгеніміз.

Жасқаншақтап, таңырқап тұрған шақта,

Өзің болдың, ұстазым, сенгеніміз.

Дильназ:

Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,

Алфавитті алғаш сенен жаттадым.

Ұстаз – ана естен кептес мәңгілік,

Мейіріміңмен жауырынымнан қаққаның.

Әлия:

Күні кеше тосырқау қайда қалған,

Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.

Мейірімің бе, ұстаздық жүрегің бе

Жан дүниесін баланың жаулап алған?!

Самал:

Ақылшы асыл ұстазым,

Өзіңе мен де ұқсармын.

Жеткенше қайрат, күш- әлім,

Биікке самғап ұшармын.

Хор: «Ұстазым»

Даяна:

Жүзің жылы, құшағың кең,

Сенен түлеп ұшамын мен.

Өзің берген біліміңмен,

Биіктерге шығамын мен.

Дильназ:

Үйретіп бізге алғаш әліппені,

Ұстазым ғылымға жол салып берді.

Адамның ой – арманы мақсаттары,

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

Динара:

Білімді шәкірттерін аялаған,

Жақсылықты ешкімнен аямаған.

Саялы бақ, жанашыры жас ұрпақтың,

Ұстаз деген – аяулы, ардақты адам.

Нұралы:

Бастауышым – балбұлағым,

Алдым сенен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып,

Рахметімді жаудырамын.

Динара:

Бастауышым – балбұлағым,

Лаулап жансын шам – шырағың.

Өзің берген біліміңмен

Самғап ұшты тау қыраның.

Мұғалім:

Біз нені үйрендік?

Оқуды, жазуды, есеп шығаруды, ән айтып, би билеуді. Отанды, ата – ананы, халқымызды, достарымызды, табиғатты, ұстазымыз бен алтын ұя мектебімізді құрметтеуді.

Біз нені ажырата білеміз?

Жақсылықпен жамандықты, ақ пен қараны, арамдық пен адалдықты.

Біз кім боламыз?

Адал азамат, ақылды ару, оқымысты ғалым, елін сүйген ер.

Хор: «Сыныптастар құрдастар»

Мұғалім:

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

Тойларыңыз құтты болсын, ата – ана,

Тойларыңыз құтты болсын ағайын!

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй, - деп Абай атамыз айтқандай, әсем әндер адамның көңіл күйін көтеріп, бойға шабыт береді. Келесі кезекті ән, күйге, биге беріп, бастауыш сынып бітіруші түлектердің өз өнерлерін тамашалайық.




2-бөлім. Концерттік бағдарлама

  1. Ән: «Көңілді күн» Әлия

  2. Түрік биі: Даяна

  3. «Сенің анаң» Нұралы

  4. Би: Домбыра

  5. Ән: Бала тілегі: Самал

  6. Аққу биі: Әлия

  7. Ән: Песня крокодила Динара, Дильназ

  8. Ән: Ақ көгершін Әлия. Даяна, Дильназ

  9. Хор: Жас дәуірдің түлегіміз.












3-бөлім. «Құттықтау кезеңі»

Сырымды менің бес саусақтай біледі,

Біздер үшін бөлек жаны, жүрегі.

Қамқор жанды одан басқа көргем жоқ,

Біздер үшін бақыт іздеп жүреді,- деп келесі сөз кезегін бастауыш сынып бітіруші түлектердің ата – аналарына береміз.

(Ата – аналарға сөз кезегін беру)

Хормен: Қош бол, балғын балалық,

Қош бол, сүйікті бастауышым!

Мұғалім:

Қанаттарың қатайды,

Биікке енді самғаңдар.

Білім жолы – сара жол

Ізденіңдер талмаңдар,

Алдыңда ұзақ жолың бар,

Оқумен өсіп толыңдар.

Қиындыққа мойымай,

Аман есен болыңдар, - дей келе бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп- көп рахмет.




























hello_html_m461e3d33.jpg

hello_html_m2ca7545b.jpghello_html_3635df4b.jpg


hello_html_4a3d3a9b.jpg



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 18 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-376495

Похожие материалы