Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / "Бүгінгі таңдағы салт дәстүрлердің жаңаша қолданысы"ғылыми жоба

"Бүгінгі таңдағы салт дәстүрлердің жаңаша қолданысы"ғылыми жоба


  • Начальные классы

Название документа Б?г_нг_ та?да?ы жа?а салт-д?ст?р.docx

Поделитесь материалом с коллегами:

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Солтүстік Қазақстан облысы









Тақырыбы:

Бүгінгі таңдағы жаңа салт-дәстүрлердің қолданысы







Секциясы: Этномәдениет








Орындаған:Әнуарбек Мирас 3 сынып

Шал ақын ауданы

«Бірлік негізгі мектебі»КММ




Жетекшісі: Хамитова Жания Замиевна

Шал ақын ауданы

Бастауыш сынып мұғалімі

«Бірлік негізгі мектебі»КММ







2015 жыл

Мазмұны


1.Кіріспе ----------------------------------------------------------------------------------3 бет


2.Негізгі бөлім

Ата дәстүр –салтымыз-----------------------------------------------------------3-4 бет

3.Зерттеу бөлімі

3.1.Мүшел той. ------------------------------------------------------------------- 4 бет

3.2. Күміс той,Алтын той . ----------------------------------------------------5-6 бет

3.3. Зейнеткерлерді құрметті демалысқа шығарып салу.----------------6-7 бет

3.4.Қоныс тойы. Жаңа пәтерге (немесе үйге) көшу . ---------------------7-8 бет

3.5.Мешітте жастардың некесін қиюы дәстүрге айналуы .-------------8-10 бет

    1. 3.6.Сыйлы қонаққа шапан жабу. -------------------------------------------10-11 бет


4. Қорытынды

Ата салтың – асыл қазынаң-----------------------------------------------11-12 бет



























Аннотация

1. Ғылыми жобаның мақсаты: Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт-дәстүрлерінің жаңаша қолданысын зерттеу.


2. Зерттеу гипотезасы:

Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт-дәстүрлерін жаңаша қолданысын зерттей отыра, салт-дәстүр жөніндегі пікірім кеңейеді


3.Зерттеу кезеңдері:

1. Қазақ халқының дәстүрлері жөнінде ауыл адамдарының аузынан жазып алынған, өздері күнделікті өмірде жиі қолданатын, жалпы ауыл арасында кең тараған дәстүрлерді, ғылыми әдебиеттерді, дәстүрлер жөнінде кітапшаларды жинақтап, оларға жалпы шолу жасау.

2. Дәстүрлі тойлар түрлерімен жеке танысып, тойдың өтілуіне тоқталу

4.Эксперимент әдістемесі:

Дәстүрлі тойлар жөнінде баяндалып жазылған газет, журнал, әдебиеттермен танысу.


5. Зерттеу жаңалығы мен дербестік нәтижесі:

Бүгінгі таңдағы жаңа салт –дәстүрге байланысты мектеп бағдарламасында жоқ негізгі тақырыптарды бағдарламаға енгізуге ұсыныс тастау. Сыныптас достарыма жаңа салт-дәстүрлерін айту,іздену жұмысыммен таныстыру.





















Кіріспе

Мен Әнуарбек Мирас Қайроллаұлы 13маусым 2007 жылы Шал ақын ауданы, Бірлік ауылында қазақ отбасында дүниеге келдім. Мен қазақ болып туғаныма қуанып, мақтанышпен айта аламын.Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке,қадірлі отағасы,елді қорғайтын ер, батыр, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген.


C:\Documents and Settings\Admin\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\1.jpg


Мен осы «Бүгінгі таңдағы жаңа салт-дәстүрлердің қолданысы» тақырыбына ғылыми жоба жазуыма не себеп болды? - Зерттелу нысаны етіп салт-дәстүрді алуыма Қазақстан деген ұлан байтақ жерді аз ғана қазақ иемденуіне себеп болған бірінші қазақтың өзі болса, екінші-салт-дәстүрі бола тұра салт-дәстүрдің қадір қасиетінің әлі күнге толық зерттелмей келе жатқаны, бүгінгі таңдағы жаңа салт-дәстүрлерінің қолданысы себеп болды.

Менің ойымша, әр қазақ баласы өз салтын насихаттау барысында дәстүрлерге сүйене отырып өмір сүруі қажет.


Негізгі бөлім:


Ата дәстүр –салтымыз.


Ата дәстүрін ардақтау-қазақтың халық педагогикасының ұлттық ұжданы.

«Атадан бала тусайшы,ата жолын қусайшы» деп, халық атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келесі ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелейді. Ата дәстүрі бойынша ең әуелі әкені, содан соң атаны, ата- бабаны құрметтеп, солардың алдында ұрпақтық қарыздарды өтеу – кейінгі ұрпақтың міндеті.Ол ұрпақтық борыштар: ананың ақ сүтін, еңбегін өтеу, ата дәстүрлерін құрметтеп, одан әрі ол дәстүрлерді жалғастыру, адамгершілік қағидаларды қалтқысыз орындау болып табылады. Тәуелсіз мемлекетімізде ата –бабамыздан қалған қазынаның бірі салт –дәстүрлерді ұмыту мүмкін емес. Ендеше осы елдің ертеңі жасөспірімдерге салт-дәстүрімізді насихаттай отырып,ғасырдан –ғасырға жалғасып келе жатқан тәрбие көзін мақсат ету. Әр жұмысты ұлттық негізде құра отырып, халқымыздың тамаша жаңа салт-дәстүрінің бірі «Мүшел той», «Күміс той», «Алтын той», «Қоныс той», «Зейнеткерлерді құрметті демалысқа шығарып салу», «Мешітте жастардың некесін қию»жөнінде кейінгі ұрпақ жан–жақты білуі тиіс деп ойлаймын.

Салт-дәстүр дегеніміз не? Қазақ этнопедагогикасының үлкен бір саласы қазақ халқының салт-дәстүрі болып табылады. Халықтың игі әдеттері дағдылана келе әдет-ғұрыптар, салт –дәстүрлерге халықтың өмірінде қалыптасқан салт- дәстүрлер салт-сана болып қалған. Халықтың салт –дәстүрлері, рәсімдер мен жөн- жоралғылар,ырымдар мен тыйымдар, түрлі сенімдер өмірде қолданыс тауып келеді.Оның бәрі дамып,толысып,жаңарып отырады.Қазақ халқының салт- дәстүрлері осы ұлттың мінез- құлқын, қасиеттерін көрсетеді.Кейбір салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар сол халықтың тұрмысына, тәрбиесі мен мінезі,сеніміне,ырымына қарай қалыптасып келеді. Қазақ «Ат тұяғын тай басар» деп кейінгі ұрпақтың ата салтын бұзбауын, ұмытпауын талап етеді.

Салт- кәсіпке, сенімге, тіршілікке байланысты әдет- ғұрып, дәстүр.Ол ұрпақтан- ұрпаққа ауысып отырады. Уақыт өткен сайын салтқа өзгеріс еніп,өзгеріп, қоғамға байланысты бейімделіп келеді. Жаңа қоғамдық қатынасқа сай келмейтін дәстүрлер ығысып,өмірге қажетті жаңалары дамып отырады.

Дәстүр- ұрпақтан- ұрпаққа ауысатын, тарихи қалыптасқан нормалар мен үрдістер.Ол- қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез- құлқының, іс- әрекетінің рухани негізі. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты, сондықтан мәдениеті дамыған ел дәстүрге де бай. Ата- ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әдептілік, мейірімділік сезімдері озық дәстүрлерге жатады.

Қасиетті қазақ халқының салт –дәстүрлері өте көп.

Қазақ- көне дәуірден бастау алатын күрделі де бай тарихы,сан қырлы мәдениеті,өзіндік игі ғұрып-дәстүрі бар,пейілі өзінің байтақ даласындай кең де қонақжай халық. Мен бертін келе шыққан жаңа салт-дәстүрлерді,соның ішінде дәстүрлі мерекелер «Мүшел той», «Күміс той», «Алтын той», «Қоныс той», «Зейнеткерлерді құрметті демалысқа шығарып салу» атты той- жиындарын ажырата білу жайлы ізденіп, соны сіздерге ұсынып отырмын.

«Мүшел той».

Біздің ауыл той-думансыз болған емес.Ауыл іші той десе тайлы- тұяғымен шұбырады емес пе? Әрине бұл той ерекше!Әжем Қуаныштың 73 жылдық мүшел тойы. Дүниеге әкелген ұл-қыздары ата-анасының бұл тойын қалай тойламасқа! Бұл күні ауылдың сыйлы үлкендері,туған-туыстар шашу-сыйлықтарын алып,ақ тілекпен тойға жиналды.Әжемнің замандас-құрдастары, сыныптасы Бәтима әже жас күндерін естеріне алып,жас күнінде айтқан әндерін шырқап,тойдың сәнін келтірді.


C:\Users\Даулет\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\2.jpg




C:\Users\Даулет\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\2.jpg



«Күміс той», «Алтын той».

Соңғы жылдары тұрмысымыздан берік орын алған,озық дәстүрлеріміздің қатарына қосылған мереке-қуаныштар- күміс той мен алтын той.Бұл тойлар ерлі-зайыпты адамдардың тату-тәтті отасып,үрім-бұтақ жайып,өнегелі өмір кешкендеріне 25 жыл (күміс той) және 50 жыл (алтын той) толғанына орай өткізіледі.

Мерекені,той иелерінің ұлдары мен қыздары, күйеу балалары мен келіндері,немере-шөберелері жоспарлап, солар өткізеді. Әуелі ақсақалдардың дәл нақтылы қай күні некелескенін анықтап, содан кейін тойды қашан өткізу жөнінде,оған кімдер шақырылатыны жайлы сөйлесіп,келіседі.Салтанат өтетін орын,той дастарқанына қажетті азық-түлік жайлы алдын-ала шешіліп қояды. Тойды кім басқаратыны,құттықтау сөздерді кім кезекпен айтатыны, көркемдік жағы кімге тапсырылатыны,басқа да қандай қызықты ойындар ұйымдасты- рылатыны,ән сайысында, өнер жарысында озып шыққандарға қандай сыйлықтар берілетіні алдын ала ойластырылып, керекті заттар алынып қойылады.

Үлкен кісілердің тойы болғандықтан,ұлттық тағамдар-мүшелі ет, шұбат, қымыз,бауырсақ, құрт, ірімшік, жент мол болғаны дұрыс. Балалары осы күнге арнап қабырға газетін шығарып, онда ата-аналарының өміріндегі ең бір елеулі сәттерін көрсететін естеліктер, құрдастарының келісті әзілдерін жазып қоятын, әр кезеңдегі суреттерін ілетін дәстүр де құптарлық.

Той өтер күні қарт жұбайлар үйлену тойындағыдай балаларын, немере-шөбелерін, жақын дос-жарандарымен бірге жергілікті неке қиятын мекемеге барады. Онда мекеме қызметкерлері,жергілікті үкімет орындарының өкілдері той иелерін құттықтап, оларға балаларының арасында бақытты, ұзақ өмір сүруіне тілек білдіреді. Гүл шоқтарын табыс етеді. Реті келсе, той иелері жаңадан үйленіп жатқан жас жұбайларға бақыт тілеп, бата береді.

Үйдегі той үстінде балалары, дос-жолдастары қарт жұбайларға сыйлық ұсынады.

Той соңында той иелері қонақтарға рақметін айтып, шығарып салады.


Зейнеткерлерді құрметті демалысқа шығарып салу - соңғы жылдары өмірге енген жақсы дәстүрлердің бірі. Бұл еңбек адамына көрсетілген құрмет, оның Отан алдында, өзі қызмет еткен ұжым алдында сіңірген еңбегіне берілген баға іспетті. Белгілі күні әсем безендірілген кең бөлмеде салтанатты мәжіліс өткізіледі.Жиналысқа той иесінің жұбайы (зайыбы), балалары шақырылады. Қоғамдық ұйымдардың,не жергілікті әкімшілік өкілі зейнетке шығатын адамның өмір жолы туралы қысқаша баяндама жасайды, сыйлықтарын тапсырады, гүл шоқтары сыйланады.

Өткен оқу жылы (мамыр айында) біздің мектепте зейнеткерлік жасқа келген Қапарова Марияш Оразбекқызы. Оқушылар Марияш апайға құрмет көрсетіп, заңды демалысына шығарып салды. Марияш апаймен бірге жұмыс істеген ұжым мүшелері және шәкірттері оған жылдар бойғы ұстаздық еңбегіңіздің зейнетін көріңіз, денсаулығыңыз мықты, ғұмырыңыз ұзақ болсын деген тілек айтты.Оқушылар ұстаздардың көмегімен қабырға газетін,фотомонтаж дайындады.


hello_html_23562c87.png


hello_html_6a6876de.png


Қоныс тойы.

Қоныс той.Жаңа пәтерге (немесе үйге) көшу-әулеттегі ең қуанышты кезең.

Сондықтан көп жағдайда оны мерекелік салтанатқа айналдырып, той етіп өткізеді. Қоныстану тойына тума-туысқандарымен бірге қызметтес жолдастарын,бұрын-соңды араласып тұратын достарын, жаңа көршілерін шақырады. Әдетте қоныстану тойына шақырылғандар өз шамасына қарай, сыйлық, көрімдік ала барады.Сыйлық үй тұрмысына,күнделікті қолдануға қажетті заттар болады.Той дастарқанында айтылатын тілек осы отбасына,жаңа пәтердің ішінің құтты болуына арнаулы тиіс.Үй иелері сыйлықты алғанда, аз-көптігіне, өздеріне ұнайтын-ұнамайтынына, бұрын үйінде мұндай нәрсенің бар-жоқтығына қарамастан рақмет айтып, ризалық көңілмен қабылдауы керек.

hello_html_m601fe4d1.png

hello_html_7f34753e.png



Мешітте жастардың некесін қию дәстүрге айналды.

Имандылық жолы -таза жол. Неке сарайынан бұрын жас жұбайларды мешітте некесін қиғызу дәстүрге айналды. Неке суын ішкен жастар біріне-бірі адал, некелері берік болады. Басына ақ орамал таққан келін ақ әжелердің батасын алып, оң аяқпен босағаны аттайды.

Қызылжар қаласындағы мешітте талай жастар некесін қиғызып, отбасын құруда. Сол жастардың арасында менің де аға-жеңгем бар.

Ағамның тойы ерекше өтті. Сәнделіп безендірілген машиналар мешіттің алдында қаз-қатар сап түзеп тұр.Құттықтауға келген достары, ағайын-туыстар имандылық білдіріп, мешітке жиналды. Имандылық тәрбиесі осында жатыр.

hello_html_514d005e.png

C:\Documents and Settings\User\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\Безымянный.jpg


C:\Users\Даулет\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\1.jpg


Сыйлы қонаққа шапан жабу.

Ата-бабаларымыз шапанды жағалы киім ретінде де ерекше бағалаған. Аса құрметті адамды ауылына аттандырар сәтте, оның иығына шапан жауып, аса үлкен салтанатпен шығарып салған. Сонау замандарда хандардың өзі батырлар мен билерге құрмет көрсеткен кезде, оларға қымбат бағалы матадан арнайы шапан тіктіріп кигізген. Тіпті мемлекеттік қатынастарды бекітудің бір белгісі ретінде де аса сыйлы, мәртебелі адамдарға арнайы шапан жіберіп отырған.

Халқымызда көнеден қалған ежелгі салт бойынша құрметті қонақтардың иығына шапан жабу дәстүрі бүгінде заңды жалғасын табуда.


hello_html_m5f01e162.png

hello_html_fb831b1.png



Қорытынды:

Ата салтың – асыл қазынаң.


Салт-дәстүр,әдет-ғұрып-халықтың рухани өзегі, тілінің тірегі, мәдениетінің арқауы, ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа ауысып келе жатқан дәстүрді халқымыздың асыл мұрасы ретінде бағалап,көздің қарашығындай сақтап, ілгері дамытып отыру-өркенді де өнегелі іс.

Дәстүр, салт қашан да адам қиялынан туындап, заман ағымына қарай байып, мазмұны тереңдеп отырады. Сондықтан бұған осы тұрғыдан қараған дұрыс. Әркім керектісін, көңіліне ұнататын,көкейіне қонғанын қабылдап, іс жүзінде қолданса, оны ұлтымыздың озық салт-дәстүрлерімен байланыстырып, байытып мазмұндандыра түссе, нұр үстіне нұр.

Жалпы, бұл ғылыми жұмыста менің білгенім: бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі- қазақ халқы. Оның тәрбие-тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халықтың ғасырлар бойы жасаған зор еңбектерін жазып шығу үлкен еңбек. Сол жұмыстың бір тамшысы ретінде ұлттың тәрбие ісіндегі жаңа дәстүрлі мерекелер «Мүшел той», «Күміс той», «Алтын той», «Қоныс той», «Зейнеткерлерді құрметті демалысқа шығарып салу» атты той жиындары туралы жаздым.

Осы той жиындарын зерттей келе «Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт-дәстүрлерінің жаңаша қолданысы» туралы гипотезам дәлелденді.Менің көңілге түйгенім және ұққаным, оның адам өміріндегі алатын орнының маңызды,тәрбиелік мәнінің зор екені. Мен оларды адамды ізгілікке, қонақжайлыққа, мейірімділікке, сыйластыққа баулитынына көз жеткіздім.

Ата дәстүрінің желісін үзбей халқымыздың асыл мұрасы ретінде бағалап, оларды көздің қарашығындай сақтап, ілгері дамытып отыру өркенді де өнегелі іс.

Салт –дәстүрді дәріптеп, мектептерде жаңа пән ретінде енгізілсе ,мен сияқты жас бүлдіршіндердің мектеп қабырғасында ұлт мәдениетінің нәрімен

адамгершілік асыл қасиеттер үлгісін санаға сіңіруіне жағдай жасалар еді деген тұжырымға келдім

Бұл болашақ ұрпағынан зор үміт күтіп отырған халқымыз үшін маңызды. Біз өз ұрпағымызды білімді де тәрбиелі, өнегелі де ізетті,мейірімді әрі қайырымды,қонақжай етіп тәрбиелегіміз келсе,халықтық жаңа салт - дәстүрлеріне, оның ішінде дәстүрлі той жиындарына ерекше мән беруіміз керек.

Ата тегін ардақтау дәстүрі, көбінесе отбасында, мектепте, балабақшада сөз болып отырса, кейінгі ұрпақ қазақтың жаңа салт- дәстүрлерін бойына сіңіріп, тәрбиелік мәнін білер еді деп ойлаймын.


Ұсыныс:

Бала тәрбиесіндегі ата-бабаларымыздан қалған ұлттық салт-дәстүрлерімізді насихаттайтын балаларға арналған қазақ фильмдері, мультфильмдер,суретті кітаптар, бейнетаспалар, электронды кітапшалар шығарылса деп ойлаймын.


























Пайдаланған әдебиеттер тізімі:


1. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары.

С.Кенжеахметұлы. Алматы. «Ана тілі» 1994ж

2.Жеті қазына. С.Кенжеахметұлы. 1-кітап. Алматы.

«Ана тілі» 2003ж.

3.«Балдырған», «Айгөлек», «Мөлдір бұлақ» журналдары

4. Қосымша өзімнің түскен суреттерім.



5. Интернет желісінен. wikipedia.org/wiki/,

6.Мектептегі мерекелер, № 6,2011 ж, 18-20 беттер, 22-23 беттер

  1. Интернет желісінен http://www.balakai.kz

  2. Интернет желісінен http://www.zharar.com/kz


































C:\Users\Даулет\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\20151119_223541.jpg« Бірлік негізгі мектебі» КММ

3 сынып оқушысы

Әнуарбек Мирас Қайроллаұлының

«Бүгінгі таңдағы жаңа салт-

дәстүрлердің қолданысы»

тақырыбында жазған жұмысына






ПІКІР

Бірлік негізгі мектебінің 3 сынып оқушысы Әнуарбек Мирас Қайроллаұлының«Бүгінгі таңдағы жаңа салт- дәстүрлердің қолданысы» тақырыбында жазған ғылыми жобасы- қазіргі таңда күнделікті өмірде қолданылып жүрген тың тақырыпқа жазылған жұмыстардың бірі. Дәстүрлі қазақ қоғамында ата-бабаларымыздан бізге мирас болып қалған , әлі күнге дейін халқымыздың сана-сезімінде берік орын алған дәстүріміз аз емес. Олардың кейбірі дәстүрлі тойлар, өмір заңдылықтары бойынша, басқалары дініміз арқылы қалыптасып, тыныс-тіршілігімізге сіңісіп кеткен. Соны ой таразысында сараптап, пайымдап, бүгінгі таңдағы жаңа салт-дәстүрлердің қолданысына толыққанды тоқталып өткен.






Мектеп директоры: С.Е.Бейсенбаев

Жобаның жетекшісі: Ж.З.Хамитова





Қосымша


C:\Users\Даулет\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\2.jpg



C:\Users\Даулет\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\2.jpg



G:\Ж2\DSCF5163.jpg




G:\Ж2\DSCF5166.jpg



G:\Ж2\DSCF5171.jpg


G:\Ж2\DSCF5169.jpg






G:\Ж2\DSCF5174.jpg


G:\Ж2\DSCF5177.jpg



G:\Фото0425.jpg





H:\жания тате\20151119_224048.jpg


H:\жания тате\20151119_223819.jpg




hello_html_4d7ed942.png


hello_html_m256791c3.png

hello_html_52b074a9.png



21


Название документа Мирас слайд.pptx

Поделитесь материалом с коллегами:

 Шал ақын ауданы
Бірлік негізгі мектебі
Шал ақын ауданы Бірлік негізгі мектебі Әнуарбек Мирас 3-сынып оқушысы Ғылыми...
Жобаның мақсаты Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт-дәстүрлерінің жаңаша...
Зерттеу міндеттері 1. Жаңа заман тудырған дәстүрлі мерекелер «Мүшел той», «Кү...
Гипотеза Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт-дәстүрлерінің жаңаша қолданы...
Әулетіміздің киесі, барлығымыздың ақылшымыз
Күміс той.Алтын той.
Бейнет түбі зейнет
Қоныс той
Алланың нұры жаусын
Сыйлы қонаққа шапан жабу
Сен білесің бе? . Аунату.Қазақтар үйіне келіп қонақ болған, қонып кеткен адам...
Зерттеу барысында Ғаламтордан алған мәліметтерді күнделігіме жазып отырдым.
Кітапханада ізденіс үстінде
Әжемнің әңгімелері
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Каженова Меруерт Бүркітбайқызынан мәлімет алу үст...
Менің ұсыным Бала тәрбиесіндегі ата-бабаларымыздан қалған ұлттық салт-дәстүрл...
Қорытынды Осы той жиындарын зерттей келе «Қазақ халқының көнеден келе жатқан...
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
1 из 20

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1  Шал ақын ауданы
Описание слайда:

Шал ақын ауданы

№ слайда 2 Бірлік негізгі мектебі
Описание слайда:

Бірлік негізгі мектебі

№ слайда 3 Шал ақын ауданы Бірлік негізгі мектебі Әнуарбек Мирас 3-сынып оқушысы Ғылыми
Описание слайда:

Шал ақын ауданы Бірлік негізгі мектебі Әнуарбек Мирас 3-сынып оқушысы Ғылыми жобаның тақырыбы: «Бүгінгі таңдағы жаңа салт-дәстүрлердің қолданысы»

№ слайда 4 Жобаның мақсаты Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт-дәстүрлерінің жаңаша
Описание слайда:

Жобаның мақсаты Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт-дәстүрлерінің жаңаша қолданысын зерттеу.

№ слайда 5 Зерттеу міндеттері 1. Жаңа заман тудырған дәстүрлі мерекелер «Мүшел той», «Кү
Описание слайда:

Зерттеу міндеттері 1. Жаңа заман тудырған дәстүрлі мерекелер «Мүшел той», «Күміс той», «Алтын той», «Қоныс той», «Зейнеткерлерді құрметті демалысқа шығарып салу», «Сыйлы қонаққа шапан жабу» атты той жиындарын ажырата білу. 2. Жаңа заман тудырған салт-дәстүрлердің өткізу рәсімдеріне тоқталу. 3.Өзім куә болған салт- дәстүрлер,тойлар жайлы өткізу рәсімдеріне тоқталу. Өз ойымды түскен фотосуреттермен толықтыру. 4. Түрлі ұсыныстар құрастыру.

№ слайда 6 Гипотеза Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт-дәстүрлерінің жаңаша қолданы
Описание слайда:

Гипотеза Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт-дәстүрлерінің жаңаша қолданысын зерттей отыра, салт-дәстүр жөніндегі пікірім кеңейеді.

№ слайда 7 Әулетіміздің киесі, барлығымыздың ақылшымыз
Описание слайда:

Әулетіміздің киесі, барлығымыздың ақылшымыз

№ слайда 8 Күміс той.Алтын той.
Описание слайда:

Күміс той.Алтын той.

№ слайда 9 Бейнет түбі зейнет
Описание слайда:

Бейнет түбі зейнет

№ слайда 10 Қоныс той
Описание слайда:

Қоныс той

№ слайда 11 Алланың нұры жаусын
Описание слайда:

Алланың нұры жаусын

№ слайда 12 Сыйлы қонаққа шапан жабу
Описание слайда:

Сыйлы қонаққа шапан жабу

№ слайда 13 Сен білесің бе? . Аунату.Қазақтар үйіне келіп қонақ болған, қонып кеткен адам
Описание слайда:

Сен білесің бе? . Аунату.Қазақтар үйіне келіп қонақ болған, қонып кеткен адамдардың отырған, жатқан жеріне «баламыз осы атасына тартсын, бойына осы атасының қасиеттері қонсын» деп балаларын аунатып алатын болған. Босаға майлау. Жастар шаңырақ құрғанында немесе біреу жаңа үй алғанында жақын туған-туыстары келіп жаңа үйдің босағасына май жағу салтын жасайды. Ол осы үй берекелі, майдай жұғымды, көптің үйі болсын деген ниеттен туған. Босағасын майлаған адамға шаңырақ иелері кәде береді. .

№ слайда 14 Зерттеу барысында Ғаламтордан алған мәліметтерді күнделігіме жазып отырдым.
Описание слайда:

Зерттеу барысында Ғаламтордан алған мәліметтерді күнделігіме жазып отырдым.

№ слайда 15 Кітапханада ізденіс үстінде
Описание слайда:

Кітапханада ізденіс үстінде

№ слайда 16 Әжемнің әңгімелері
Описание слайда:

Әжемнің әңгімелері

№ слайда 17 Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Каженова Меруерт Бүркітбайқызынан мәлімет алу үст
Описание слайда:

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Каженова Меруерт Бүркітбайқызынан мәлімет алу үстінде

№ слайда 18 Менің ұсыным Бала тәрбиесіндегі ата-бабаларымыздан қалған ұлттық салт-дәстүрл
Описание слайда:

Менің ұсыным Бала тәрбиесіндегі ата-бабаларымыздан қалған ұлттық салт-дәстүрлерімізді насихаттайтын балаларға арналған қазақ фильмдері, мультфильмдер,суретті кітаптар, бейнетаспалар, электронды кітапшалар шығарылса деп ойлаймын.

№ слайда 19 Қорытынды Осы той жиындарын зерттей келе «Қазақ халқының көнеден келе жатқан
Описание слайда:

Қорытынды Осы той жиындарын зерттей келе «Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт-дәстүрлерінің жаңаша қолданысы» туралы гипотезам дәлелденді.Менің көңілге түйгенім және ұққаным, оның адам өміріндегі алатын орнының маңызды, тәрбиелік мәнінің зор екені. Мен оларды адамды ізгілікке, қонақжайлыққа, мейірімділікке, сыйластыққа баулитынына көз жеткіздім.

№ слайда 20 НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Описание слайда:

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!


Автор
Дата добавления 08.12.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1115
Номер материала ДВ-241595
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх