Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Билер сөзі – ақылдың көзі 7 сынып

Билер сөзі – ақылдың көзі 7 сынып


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m3ffcc0b.gifhello_html_m256af164.gifhello_html_mdbf7948.gifhello_html_7216c3d7.gifhello_html_45d5ca54.gifhello_html_m2ff6b22c.gifhello_html_m3d52d3f4.gifhello_html_338f9012.gifhello_html_60b383c9.gifhello_html_7dea3449.gifhello_html_m17aca5ef.gifhello_html_m6497df4.gifhello_html_m5b736d64.gif

Күні: 19.09.2013 жыл Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7 «Ә»

Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Билер сөзі – ақылдың көзі Шешендік сөздер

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушыларға шешендік өнердің шығу тарихын, ауыз әдебиетінің үлкен бір саласы екендігін, ерекшеліктері жайлы түсінік бере отырып, билер тақырыбынан алған білімдерін шыңдай отырып, оқушылардың өтілген тақырып арқылы тілін дамыту, тіл байлығын жетілдіру;

ә) шешендік сөздердің, риторика ілімінің қалыптасуына үлес қосқан ұлы тұлғалар туралы деректер жинау арқылы өз бетінше ізденуге, сезімтал, шешен болуға , бүгінгі өмір сынына төтеп беруге , өз пікірін жүйелі атйта білу қабілеттерін дамыту;

б) шешендік сөздер арқылы халқымыздың әдеби бай мұраларын, шешендік өнерін, дәстүрін қадірлеуге, әділ, бауырмал болуға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Қалыптан тыс-саяхат сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, кестелері, салыстыру кестесі, түсіндірме сөздік, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих, халық ауыз әдебиеті

Сабақтың барысы:



а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау: Бүгінгі біздің өтетін сабағымыз осыған дейін өтілген шешендік сөздерді қаншалықты меңгергенімізді анықтауға бағытталмақ. Яғни, саяхат сабағын өткіземіз. Шешендік сөздер қашанда халықтың қажетті мұрасы болып табылған. Сонымен бірге олар-тәрбие құралы. Қазақ халқы қандай ауыр жағдайда өмір сүрмесін, өзінің би-шешендерінің сөзін жадында сақтап, жаттап айта жүруді, одан үлгі-өнеге алуды тоқтатқан емес. Шешендер, билер әрқашан шындықты айтып, аз сөзге көп мағына сыйғызып, халықтың рухани қажетін өтеп отырған. Шешендіктің негізгі мақсаты –адамдарды иландыру, айтқысы келген нәрсені нақ айтып сендіру. Шешендердің сөз тапқыш, сезімтал, суырыпсалма ақын сияқты әр түрлі қасиеттері болған. Олар жалпы өмір туралы,ел қорғау туралы хабардар етіп отырды. Олар: Әйтеке би,Төле би, Қазыбек би, Жиренше шешен, Майқы би, Саққұлақ шешен т.б

Ал оқушылар саяхат сабағымызды бастамас бұрын «Қазақтар шешен келеді, олар мақамдап сөйлейді, жай сөзінің өзі өлең боп құйылып жатады», - деген ұлы ғалым

Радлов В.В.jpg

Василий Васильевич Радловтың ұлағатты сөзінде қазақ халқына тән қандай қасиет туралы айтылғандығына тоқталсақ:



  1. Шешендік сөздер

  2. Шешендік сөздердің шығу тарихы

  3. Дүниежүзіне әйгілі шешендердің қызметі

  4. Шешендік сөздің даму кезеңі

  5. Шешендік сөздердің өзіндік ерекшелігі

  6. Қазақ шешендік өнерінің жанданған кезі

  7. Шешеннің басты қасиеті қандай болу керек?

  8. Қазақ шешендік өнерін алғаш зерттеуші ғалымдар


Әуезов Мұхтар ОмарханұлыFile:Altynsarin.jpg

Әуезов Мұхтар Омарханұлы Ыбырай Алтынсарин

Шешендік сөздерді ауыз әдебиетінің бір саласы ретінде алғашқы зерттеушілердің бірі




Шешендік сөздер



http://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/5/5a/Altynsarin.jpeghttp://today.kz/i.php?l=kz&i=big/card/15.jpghttp://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/2/2c/Auesov.jpgӘуезов Мұхтар ОмарханұлыӘуезов Мұхтар ОмарханұлыКонец формы

Конец формы















Шешендік сөздердің ерекшеліктері туралы мәлімет алдық. Енді сол шешендік сөздердің қандай түрлері бар екенін, қандай бөлімдерден тұратыны жайлы әдебиет териясынан алған білімімізді ортаға салайық:


  1. Шешендік сөздер нешеге бөлінеді?

  2. Шешендік арнау дегеніміз не?

  3. Шешендік сөз дегеніміз не?



Таным дерек:

«Шешен» сөзі қазақ тілінде өте ертеден қолданылып келеді. Бұл сөздің мағынасы түйінді мәселелерді шешіп сөйлейтін данышпан, ақылгөй, дана деген ұғымдармен өзектес. Шешен сөзі қазақ тілінде сөзшең, айтқыш, тапқыр, суырыпсалма, ділмар, қызыл тілге жүйрік дейтін сөздермен қатар қолданыла береді. Шешен сөзін халықаралық терминмен атасақ, «оратор» деген сөз. Дальдің түсіндірме сөздігінде «оратор» - әсерлі, әдемі, бейнелі, көркем, ойлы сөйлей алатын адам деген мағынаны білдіреді. Қазіргі тіл білімінде шешен деген сөз көп мағыналы:

  1. Шешендік өнермен айналысатын адам;

  2. Жиналыста т.б. көпшілік алдында сөйлейтін адам;

  3. Қызыл тілді меңгерген шешен сөйлеуге қабілетті адам.

Қорыта айтқанда, шешен дегеніміз – мол біліммен айшықты әсем тілмен оқырмандарына әсер ететін, бір нәрсе туралы сендіріп, бір нәрсеге ұмтылдыратын, сөзге тапқыр, ойы терең, білімдар адам. Орыстың ХІХ ғасырдағы алдыңғы қатарлы гуманист – фольклористері «Қазақтар ұлы импровизаторлардың отаны, риторика мектебінің бесігі» - деп бағалаған.

Қазақ шешендік өнері Жиренше шешен атымен де тікелей байланысты. 1.Олай болса Жиренше шешен кім екен?

2.Жиреншенің «Дүниеде не өлмейді?» деген тапқырлық өнерін рөлге бөліп айтып жіберсек

3. Балалар Жиреншенің жауабымен келісесіңдер ме?

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/6/6d/Biler.jpeg

Ал енді балалар! Қазақ шешендік өнерінің танымал өкілдері – Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би туралы, олардың даналыққа толы шешендік сөз үлгілерінен, шешендер өмірі, олардың шешендік сөздері, төрелігі туралы алған білімдерімізді қорытындылау мақсатында сабағымызды «Саяхат» сабақ түрінде жалғастырамыз. Әр ауылдан тиісті сұрақтарға жақсы жауап берген, берілген тапсырмаларды жақсы орындаған оқушылар ғана келесі ауылға бара алады. Ол үшін әрбір ауылға байланысты қойылған сұрақтар мен тапсырмаларға нақты жауап бересіздер. Бірінші ауылымыз- Қазақ шешендік өнерінің танымал өкілдерінің бірі, тапқырлығымен «Қарлығаш әулие» атанған -«Төле бидің» ауылы.

Төле би

http://tarihi-tulgalar.kz/images/crop/150/209/d23262984c8759f9a720176d3e791228.jpg

  1. Төле би кім?

  2. Төле би қандай игі істер атқарған?

  3. Төле би қандай батырлармен бірге азаттық жолында күрес жүргізді?

  4. Төле бидің қандай толғау, шешендік сөздері бар?


1-оқушы: Ұл өссе ұрпақ,

Қыз өссе өріс.

2-оқушы: Үй сыртында төбең болса,

Ерттеулі тұрған атың ғой.

Ел ішінде қарияң болса,

Жазулы тұрған хатың ғой.



Мұғалім: -Ия,балалар, біз сонымен Төле би ауылынан жақсы өттік. . Ал енді, беделі мен ықпалын, шешендігі мен әділеттілігін қазақ хандары ғана емес, ұлы империялар-дың да басшылары мойындаған бабамыз туралы білу мүмкіндігі туып отыр. Ендігі біздің екінші ауылымыз Қазыбек би ауылы.

Қазыбек би

http://tarihi-tulgalar.kz/images/crop/150/209/38838703de87dee0c6333d5627703621.jpg


1.Қазыбек Келдібекұлы кім?

2. Қазыбек бидің шыққан ортасы қандай?

3. Қазыбек би өз сөзінде қазақты қандай халық деп көрсетеді?

4.Елші дегеніміз кім екен?

5. Қазыбекке «қаз дауысты» деген атақ берген кім, неліктен?






Таным дерек:

Ел аузындағы аңыз-әңгімелерге қарағанда Қазыбек би Тәуке ханның белгілі би-батырлары бастаған елшілігіне атқосшы болып алғаш рет қалмақ қоңтайшысы Сыбан Рабданға барғанында 14 жаста екен. Сол сапарда шешендік танытып, тоқсан тұтқынды, шабылған малды, тоналған мүлікті алып қайтқан. Содан бастап ел назарына ілініп, Қаз дауысты Қазыбек атанып кеткен екен.

Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін жоңғар шапқыншылығы үдей түседі. Ел «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» нәубетіне ұшырап, қатты күйзеліске түскен осы кезеңде Қазыбек би хан-сұлтандарды бірлікке шақырады. Ойраттардың тұтқиылдан жасаған шабуылында қолға түсіп қалған Абылайды тұтқыннан босату үшін Қазыбек би барлық айла-шараларды қолданып, 1743 жылы Абылайды тұтқыннан босатып, қазақтың 33 қаласын Әбілмәмбет ханға қайтарып беруге үлкен үлес қосқан.

(«Тарихи тұлғалар» кітабынан)

Енді біздің келесі ауылымыз артында аталы сөзі қалған, есімі ел жадында сақталған қазақ шешендерінің бірі -Әйтеке би ауылы.

Әйтеке би ауылы

http://tarihi-tulgalar.kz/images/crop/150/209/462d7c6ee30bb8a5baea57a7b1d11a38.jpg



  1. Әйтеке би жайлы не білесіңдер?

  2. Әйтеке би қандай медереседе оқыды?

  3. Әтеке бидің құқықты «Хан кеңесіне» мүше болуы

  4. Әйтеке – қол бастаған батыр

Мұғалім:-Біз,балалар, Әйтеке бидің де ауылында да болдық



Таным дерек:



«Ақтабан шұбырынды, Ақакөл сұлама» - бұл тұрақты сөз тіркесінің пайда болуына ХҮІІІ ғасырда тарихымызда орын алған жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ халқының туған жерін, ата қонысын тастап, басынан қиын-қыстау кезеңді өткізуі себеп болған.

1973 жылы көктемде жоңғарлар 70 000 әскермен жеті бағыттан қазақ жеріне тұтқиылдан басып кірді. Алғашқы соққыны Жетісу мен Ертіс өңірінің қазақтары қабылдады. Жоңғарлардың шапқыншылығын күтпеген, дайындалмаған қазақтар еш қарсылық көрсете алмайды. Жоңғарлар халықты жаппай қырып, мал-мүлкін тонап, тұтқынға айдайды. Жоңғарлар Қазақ хандығы территориясының басым бөлігін жаулап алды. Қазақтар мал-мүлкін, үйлерін тастап, босып кетуге мәжбүр болды. Қашып, босқан қазақтардың паналаған жері Сырдарияның сыртындағы «Алқакөл» көлі болды. Қазақ тарихында бұл кезең «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген аталады.



«Әйтеке бидің айтқаны» көрініс









Таным дерек:

Жарғы – дәстүрлі қазақ қоғамындағы заңдар жинағының атауы.

«Жеті жарғы» - Тәуке хан тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы. Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдет-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған заңдарды одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасады. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап Күлтөбенің басында «Тәуке ханның жеті жарғысы» деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады. Жеті жарғыға үйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяи мәні бар мәселелерді тиімді шешіп отырған. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерінің барлық жағынан қамтыды. Жеті жарғы қазақтың ұлттық шешендік өнеріне ай, негізінен афоризмдерден, мақал-мәтелдерден, қанатты өздерден құралған. Жеті жарғының толық нұсқасы сақталмаған.













Ел мен ел, ру мен ру арасындағы дауды шешу








Елді сақтау




Жесір дауы



Жеті жарғы



Жер дауы

Отбасы туралы заң





Құн дауы



Қылмыс туралы заң



















Ал, енді балалар алдын ала үйге берілген үш тақырып бойынша әңгіме жарысына түсеміз. Өзіміздің қаншалықты шешен, білгір екенімізді көрсетеміз. Берілген әңгіменің тақырыптары:

1. «Қасиетті тіл» 2. «Туған жерім» 3. «Ана»

Сабағымыздың келесі бөлімі сөзжұмбақ шешу:-Егер мына сөзжұмбақты дұрыс шешсеңдер қазақтың ұлы ақынының атын оқисыңдар.

  1. Қазақ халқының ең жақсы қасиеттерінің бірі

  2. Ерте гүлдейтін гүл

  3. Ел ордасы

  4. Алғаш мектеп ашқан адам









А







Б






А









Й




Мақалдар жарысы: «Жасырынған мақал» ойыны

Жақсы сөз жан семіртер» ...

Көп сөз - көмір ...

Өнер алды ....

«Ер туған жеріне,...»

Мінеки, балалар, біз бүгін шешендік сөз өнеріне саяхат жасай отырып, шешендік сөздер туралы ойымызды дамыттық. Үлкенді сыйлауды, кішіге, қамқор болуды, кішіпейілділікті үйрендік. Ерлікке, бірлікке шақырған осындай халықтың көңіліне ұнаған, жадында сақталған асыл сөзі ата-бабаларымыз барда, сендердей Егеменді еліміздің іргетасын берік қалауға үлес қосатын, қазақ шешендік өнерін дәріптеп, кейінгі ұрпаққа жеткізетін болашақ жастарымыз барда мәңгі өмір сүретіні сөзсіз. Олай болса, қаншама жылдар бойы, ғасырдан-ғасырға жеткен, киелі де асыл мұрамыз, анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған, уызынан жарыған, талай шешендер мен сөз маржанын терген дүлдүлдер сайраған қасиетті тіліміз, яғни «Қазақ тілінің» мәртебесі әрдайым көгімізде желбіреген көк байрағымыз сынды биіктеп, асқақтай берсін. Қасиет пен құт дарыған «Тілдер» мерекесі баршамызға құтты болсын!


Білімді бекіту: Қазақ қандай халық?


Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады. Күнделіктеріне қойылады.


Үйге тапсырма: Үш бидің айтқан биліктері мен төреліктерін жазып келу.



Тексерілді Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Д. Алиасқаров

19.09.2013 жыл

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/8/8f/Demosthenes_orator_Louvre.jpg/150px-Demosthenes_orator_Louvre.jpg http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/9/9a/M-T-Cicero.jpg/200px-M-T-Cicero.jpg

Древней Греции. Демосфен Цицерон Марк Туллий -



http://class-fizika.narod.ru/phys/15.jpgРадлов В.В.jpg

М. В. Ломоносов Василий Васильевич Радлов
















Ф. Н. Плевако биография, фото, истории - русский адвокат, юрист, судебный оратор, действительный статский советникhttp://www.nasledie-rus.ru/img/980000/981209.jpg

Фёдор Плевако Князь Александр Иванович Урусов



















Анатолий Фёдорович Кони




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 16.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров693
Номер материала ДВ-344603
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх