Инфоурок Другое Конспекты"Билер сөзі-нақылдың көзі" (7 класс)

"Билер сөзі-нақылдың көзі" (7 класс)

Скачать материал

Садирова Сауле Ксенбаевна,

«№5 жалпы орта білім беру мектебі» ММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы

Күні:  28.09.15ж

Әдебиет

7«Ә» сынып

Сабақтың тақырыбы:

Билер сөзі-нақылдың көзі

Жалпы мақсат:

Шешендік өнердің алуан сипаттары, шешендік сөздің түрлері мен ерекшеліктері туралы толық   мағлұмат беру; өсиет-нақыл, даналық, аталы сөздерінен, тәлім-тәрбие алуға және халықтық  салт-дәстүрімізді сақтап, шешендік өнерді қадірлеуге,  ұлттық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу

Сілтеме:

1.МАН

2.Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі

3.7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы. Авторлары:Р.Құтқожина, Қ.Бітібаева, Е.Арын Алматы «Атамұра»  2012ж

Күтілетін нәтиже:

Шешендерге тән қасиеттерді біледі. Би шешендердің жұмбақтарын салыстыра талдай алады. Тақырыбы мен идеясын анықтай алады. Өзбетімен жұмысқа үйренеді.  Би шешендер  туралы толық мәлімет алады.

Негізгі идеялар:

Ел тағдыры талқыланған, ел қамын жеген ,халықтың көкейтестігін айтқан, ойын жарыққа шығарған әділет жоқшысы.Шығармашылық қабілетті дамыту. Өзбетімен жұмысты жетілдіру.

Сабақта қолданылатын материалдар:

1.Постер, маркер, фотоаппарат, А3 фарматы, стикер

Оқыту әдістері:

Оқытудағы жаңа әдістер

АКТ

СТО

Көшбасшылық

ОүБ, ОБ

Жас ерекшелігіне сай оқыту

1.Диалогтік оқыту

2.Жеке жұмыс

3.Топтық жұмыс

Дереккөздер:

Ғаламтордағы «Мәссаған» сайты, «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы,

Тапсырмалар:

Топқа бөлу. Сергіту сәті.

Ой шақыру үшін берілген тапсырма:

 «Атаның сөзі – ақылдың кені» атты интелектуалды ойыны.

Шешендік сөздерден диалог құрастыру: билер ауылына саяхат.

Венн диаграммасы.

Эссе:  «Таза, мінсіз асыл сөз»

                                      

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І.Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (3мин)

Сергіту сәті

“Тыныштық сәті”
Оқушылар, қолдарыңды тізелеріңе қойып, терең дем алыңдар. Көздеріңді жұмыңдар, жап - жасыл табиғат әлеміне еніп барасыздар. Біреуіміз қып - қызыл гүл секілді жайнап тұрмыз. Біреуіміз тұп - тұнық мөлдір су тәрізді таза жанбыз. Енді біреулеріміз көк аспанда еркін ұшып жүрген құстар сияқтымыз, ойымызды еркін айта аламыз. Қыздар болса, көк аспанда еркін ұшып жүрген сан алуан құстар, ал, ұлдар болса қыран бүркіттей биіктерге самғап барады. Алдымыз жарық нұрын шашқан күн сияқты аналарымыз бен әжелеріміз бізге мейірлене қарайды, әкелерімізбен аталарымыз асқақтаған асқар тау болып, ақ батасын беріп, бізге қол бұлғайды. Біз өзіміздің табиғатпен үйлесіп тұрғанымызға айрықша қуанып тұрмыз. Осы сезімімізбен сыныбымызға оралайық. Рахмет оқушылар
Топқа бөлу.

Би шешендер ауылы бойынша топқа бөлу.

Топқа бөлінеді, өз ұранын, атын қояды.

ІІ.Қызығушылықты ояту (7мин)

Ой шақыру үшін берілген тапсырма. «Атаның сөзі – ақылдың кені» атты интелектуалды ойыны

1.Үш жүз деген кім?

2.Дүниеде не өлмейді

3.Қазыбектің он жұмбақты шешуі

4.Қазыбек би екі ананың дауын қалай шешті

5.Кіші жүздің биі,шешен «Жеті жарғыны»жазуға атсалысқан тарихи тұлға

6.жаңбыр жаумаса жер жетім

Басшы болмаса ел жетім,

Ұқпасқа айтқан сөз жетім...

7.қазақ шешендік сөздерінің ерекшелігі неде?

8.Дау мұраты не?

Саудагер мұраты не?

Қыз мұраты не?

Жол мұраты не?

Ұяшықтағы сұрақтарға жауап береді. Жеке жұмыс

ІІІ.Мағынаны тану (15мин)

Тақырыпты ашу мақсатына берілетін тапсырма:

І топ. Жәнібектің билері мен Жиреншенің жұмбақты шешуіндегі айырмашылықты салыстыру

ІІ топ. Төле бидің жұмбақтап айтқандарын «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырындағы тазшаның тұспалдап естіртуімен салыстыру.

ІІІ топ.Төле, Қазыбек,Әйтеке билердің нақыл сөздерінен идеялық ортақ ойды салыстыр.

ІVтоп. Төле бидің айтқан жұбамбағынан өздерің білетін жұмбақтардан қандай айырмашылығы бар. 

 

Оқушылар топ болып жұмыс жасайды.бір оқушы ортада қорғайды.

ІV. Бекіту  (10 мин)

 Шешендік сөздердерге диалог құрастыру

Тапсырманы топ болып орындайды. Топтан екі оқушы шығады. Диалог құрады.

V.Үйге тапсырма (2мин)

Үйге: Эссе жазу . «Таза, мінсіз асыл сөз»

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу.

VІ.Бағалау (5мин)

Топтық бағалау

Өз бағасын еркін көрсету.

VІІ.Рефлексия (3мин)

Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазу үшін стикерлер тарату

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Билер сөзі-нақылдың көзі" (7 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель клубного филиала

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 954 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.04.2016 995
    • DOCX 20.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Садирова Сауле Ксенбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Садирова Сауле Ксенбаевна
    Садирова Сауле Ксенбаевна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8064
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой