Инфоурок Биология Другие методич. материалы"білгір биолог " сыныптан тыс шара

"білгір биолог " сыныптан тыс шара

Скачать материал

Тақырыбы: «Білгір биолог»

Мақсаты: Оқушылардың биология пәнінен қызығушылығын арттыру.

Түрі: интеллектуалды ойын

Көрнекілігі: слаид, презентация

Жоспары:  1. Таныстыру

                   2. Бәйге

                   3. Ғажайып жетілік

                   4. халық айтса, қалып айтпайды

                   5.Есте сақта!

                   6.Ойлан, тап (логикалық есептер)

                   7.Шығармашылық жұмыс

 

Барысы: Сәлеметсіздер ме,  құрметті оқушылар және ұстаздар!  «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген халқымыздың қанатты сөзі тегін айтылмаса керек. Білімсіздіктен кейін біреулер ішерге ас, істергеи жұмыс таппай жүрсе, білімділер ғаламды таң қалдырып, көкке ұшып, көк тіреген ғимарат тұрғызып, роботтарды адамша сөйлетіп жатқаны бұл күнде ешкімге таңсық емес. Елімізде басқарып отырған Президентімізден бастап, парламентте отырған депутаттардың 70 пайызға жуығы ауылдан шыққан екен. Ендеше талай ғұламаларды туғызған қазақтың қасиетті ауылдарының бірі ретінде білім ордамызда өткелі отырған «Білгір биолог» сайысына қош келдіңіздер!

 

Көзге түсер жүйріктер бағасымен,

Су да ағар таулардың саласымен

Қара қылды қақ жарар алдарыңда

Танысайық әділ – қазы алқасымен – дей отырып, сайысымызға төрелік ететін әділ – қазы алқаларымен таныс болыңыздар.

География, биология пәндерінің мұғалімі, ұлағатты ұстазымыз Қалила Сарықызы

Химия пәнінің мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі Асылзада Амандаулетқызы

Тәрбие ісінің меңгерушісі, қазақ тілі пәні мұғалімі Айнұр Ысқаққызы

 

Тек сәттілік қатысыңдар сайысқа

Мықты болсаң қабырғаңмен қайыспа

Оқу керек, білім керек қашан да

Ол болмаса, сайыс деген сайыс па – дей отырып сайысымызды бастаймыз.

 

1.Таныстыру.

Екі топ өздерін таныстырады (Алғырлар, Тапқырлар )

 

2.Бәйге. (топқа сұрақтар беріледі, тез жауап беру керек)

1-топ:

1.Өсімдіктер әлемін зерттейтін ғылым (ботаника)

2.Қазақстанда «Қызыл кітап» тұңғыш рет қашан шықты? (1978ж)

3.Жасушаны ашқан ғалым (Роберт Гук)

4.Өсімдіктің вегетативті мүшелері (тамыр сабақ жапырақ)

5.Қазақстанда қанша қорық бар? (9)

6.Тек өсімдік жасушасына тән денешік (пластид)

7.Өсімдіктің көбею мүшелері (гүл, жеміс, тұқым)

8.Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы (ұлпа)

9.Күн гүлі деп аталатын өсңмдңк (күнбағыс)

10.Жапырақтар түгел тікенге айналған өсімдік (кактус)

 

2-топ:

1.Жануарлар әлемін зерттейтін ғылым (зоология)

2.Өсімдік пен жануар арасын байланыстыратын бір жасушалы жәндік (жасыл эвглена)

3.Фотосинтездегі хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған (Тимирязев)

4.Жасыл эвглена қалай қозғалады (талшық)

5. «Жануартану» оқулығын жазған (Х.Досмұхамедов)

6.Тамыр түрлері: (негізгі жанама қосалқы)

7.Фотосинтез процесін ашқан ғалым (Тимирязев)

8.Жарықта өсімдік жапырағында жүретін процесс (фотосинтез)

9.Бидайдың жемісі (дәнек)

10.Кірпікшелі кебісшенің кірпікшелерінің саны қанша? (2000-2500)

 

3.Ғажайып жетілік (берілген ұяшықтарды таңдап, сұрақтарға жауап береді)       

Жұмбақтар:

10.Біреу бердім, көп қып тердім (тұқым немесе дән)

20.Тіршіліктің қуатын өзбойына жинайтын

Жинай-жинай азықты адамзатқа сыйлайтын (өсімдік)

30.Күн нұрымен піседі, уылжып қолға түседі (жеміс)

40.Алуан түсті жайқалып тұр далада

Басты азық бал жинайтын арада

Одан артық сый болмайды анаға (гүл)

Сандар:

10. «Қызыл кітаптың» үшінші басылымы қашан шықты (1996ж)

20.Роберт Гук жасушаны қашан ашты? (1665ж)

30.Х.Досмұхамедов «Жануартану» оқулығын қашан жазды? (1922ж)

40.Пластидтердің неше түрі бар? (3)

Ең,ең,ең...

10.Ең тез жылдам өсетін өсімдік (бамбук, тәулігіне 1 м өседі)

20.Ең ұзақ жасайтын ағаш (емен, 2000 жыл)

30.Ең үлкен балық (кит акуласы)

40.Ең биік сүтқоректі (керік)

Ғылымдар

10.Микробиология нені зерттейді (ұсақ ағзаларды)

20.Вирусология нені зерттейді (вирустарды)

30.Цитология нені зерттейді (жасуша)

40.Микология нені зерттейді (саңырауқұлақтар)

 

4.Халық айтса, қалып айтпайды. (жұлдызшалардағы сөздерге байланысты тыйым сөздер айту керек.

1.Шөп-  Көк шөпті жұлма, таптама.Көкті жұлма көктей соласың.

2.құс – Құс ұясын бұзба

3Жылан – үйге кірген жыланның басына ақ құйып шақырады.

4.Қой – қойдың сүті қорғасын, қойды тепкен оңбасын

5.Мал – малды теппе, ақты төкпе

6.Жылқы – Атты басынан ұрмайды

7.Аққу – аққуды атпа, досыңды сатпа

8.Ағаш – жалғыз ағашты кеспе.

 

5.Есте сақта! (20 сөз беріледі,есте сақтап жазып алу керек)

Саңырауқұлақ, орман, тұқым, күн, жасуша, жаңбыр, жылан, су, ұя, қоян, вирус, бактерия, бүркіт, балық, өсімдік, қарға, картоп, жер, қарлығаш, бұлт.

 

6.Ойлан, тап! (логикалық есептер беріледі)

1.Айдала. Көзге түртсе көрінбейтін айсыз түн. Суыт жүрістілер аяң жүріспен келеді. Екі ауыл арасы ет пісірімдік жер. Жаппадан жылт еткен сәуле сөніп – өшті. Үй иесі бұрын көреме, әлде салт аттылар бұрын көреме? (ешқайсысы көрмейді себебі сәуле сөнгеннен кейін жанған жоқ)

2.Түйеқұс екі аяғымен тұрғанда бір пұт тартса, бір аяғымен тұрғанда қанша тартады? (Бір пұт)

3.Бір үйде әкесі баласымен және атасы немересімен отыр. Осы үйде неше жан отыр (3 жан)

4.Сырғауылдың биіктігі 20 құлаш. Ұлу күндіз 5 құлаш жоғары шығып,ал түнде 4 құлаш төмен түседі. Ұлу неше күнде сырғауыл басына шығады (16 күнде)

5.Ешкі жылына бір рет егіз лақ туады.Егіздің бірі еркек болса, бір ешкі он жылда неше бас болады (1047 бас болады)

6.Әрбәр бұтаға 3 қарғадан қонғанда 1 қарға төбеде ұшып жүрді. Қарғалар қайта ұшып, бұтаққа төрттен қонғанда 1 қарға тағы ұшып жүрді. Бұтақ қанша, қарға қанша (5 бұтақ, 16 қарға)

7.5 адамға 5 алманы бөлу керек, әр адам 1 алманы алса, 1 алма кәрзеңкеде қалу үшін қалай бөлеміз? (1 адам 1 алманы кәрзеңкесімен алады)

7.Шығармашылық жұмыс

«Табиғатты қорғайық» атты тақырыпта тірек сөздерді пайдаланып, шағын әңгіме жазыңдар. Тірек сөздер: табиғат, әсемдік, байлық, қоршаған, орта, қорғау, міндет, өсімдік, парыз, жануар.

 

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,

Сөз кезегін қазыларға берейік

Арамызда тапқыш достар көп екен

Солардың біз нәтижесін көрейік -  деп қорытынды сөз кезегін қазыларға береміз.

 

Жеңімпаз топты құттықтаймыз. Қатысып, тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет. Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""білгір биолог " сыныптан тыс шара"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор дома творчества

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 177 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.02.2016 884
    • DOCX 17 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мәди Гүлім Дінжанқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мәди Гүлім Дінжанқызы
    Мәди Гүлім Дінжанқызы
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6172
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

ФГОС общего образования: формирование универсальных учебных действий на уроке биологии

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 88 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 359 человек

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов биологии в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 216 человек

Курс повышения квалификации

Нанотехнологии и наноматериалы в биологии. Нанобиотехнологическая продукция

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 101 человек

Мини-курс

Управление стрессом и эмоциями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 128 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 72 человека

Мини-курс

Переходные моменты в карьере

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с подростками

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 26 человек