Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / "Білгір биолог" танымдық сайысы

"Білгір биолог" танымдық сайысы

  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

«Білгір биолог» танымдық сайыс


Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым! «Ғажайыптар әлемі» атты 7.8 - сыныптар арасында биология пәнінен өткізілетін танымдық сайысымызға қош келіпсіздер!

  • Көңілді тапқыштар, білімділер,

  • Бар өнерін алдарыңа салады.

  • Кім білімді, көп оқыған болса егер,

  • Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

деп білімдік сайысқа белсене,құлшына араласатын сайыскер топтарымызды таныстырып өтейін:

7а сыныбы – « » тобы

7б сыныбы – « » тобы

8а сыныбы – « » тобы

8б сыныбы - « » тобы

Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтетін болсам:

______________________________________

______________________________________

______________________________________


Енді сайысымыздың негізгі бөлімдерімен таныстырар болсам:

Жүргізуші:

Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады:

  • І. “Таныстыру”

  • ІІ. “Ғажайып ондық”

  • III “Егерде мен ...”

  • IV. “Сандар жырлайды”

Тапқыр,білгір,дарынды

Жарыс бар бүгін арынды

Биология пәнін сүйсең сен

Ортаға сал барыңды-

деп, сайысқа қатысушы топтарға сәттілік тілей отырып, сайысымыздың алғашқы турын бастасақ.

1 кезең «Таныстыру» кезеңінде әрбір топ өз атауларын,эмблемасын,ұранын айтады.

10 ұпай беріледі. Ендеше іске сәт.

Жүргізуші:

1-ші кезеңнің қорытындысымен білу үшін сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз.

Жүргізуші:

2 кезең «Ғажайып ондық» кезеңінде 10 сұрақ беріледі. Әр сұраққа 1 ұпайдан есептеледі.

1.Өсімдік ұлпаларын ата?

2.Тыңайтқыштардың қандай түрлерін білесің?

3. Сабақтың қанша түрі бар,атауларымен ата?

4.Жапырақтың құрылысына сипаттама жаса?

5. Гүлдің құрылысы қандай?

6. Жеміс түзуге қатысатын гүлдің негізгі бөлігі?

7. Бір гүлдің аталық тозаңының екінші гүлдің аузына түсуі қалай аталады?

8.Қосарлы ұрықтануды ашқан ғалым?

9.Бидай,жүгері,тары, күріш жемістері қалай аталады?

3 кезең “Егерде мен ...”

Егерде мен табиғат қорғаушысы болсам

Егерде мен эколог болсам

4 кезең «Сандар жырлайды»

Әр сұраққа 5 ұпайдан

1. Ұрпағын тірі туатын өрмекші (құршаян)

2. Адам демалуға болатын оттегі қанша пайыз?

(21%)

3. Бунақденелілер класында неше отряд бар??

(35)

4. Құстың жүрегі қанша бөліктен тұрады?

(2 қарынша,2 құлақша)

5. Мидың орташа салмағы қаншаға тең?

(1300-1400 г)

6. Адам сыртқы ортада болып жатқан қанша пайызын көзбен қабылдайды?

(80-90%)

7. Зеравшан аршасы неше жылда жеміс береді?

(50 жылда)

8. Жүректің массасы қанша?

(250-300 г)

9. Жүрек минутына нене рет соғуы қажет?

(60-70 рет)

10. Балықтың жүрегі неше қуысты?

(2)

11. Ұлулардың қанша түрі бар.

(130 мың)

12. Адамда қанша сүйек болады

(200- ден астам)

Жүргізуші: Сонымен бүгінгі «Білгір биолог» сайысы өз мәресіне жетті

Алда әлі де биік –биік асулардан көріне беріңдер деп тілек білдіреміз.

Қош сау болыңыздар!



Автор
Дата добавления 12.02.2016
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров97
Номер материала ДВ-447766
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх