Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / "Білгірлер бәйгесі" атты кластан тыс сабақ

"Білгірлер бәйгесі" атты кластан тыс сабақ


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:


Класс: 6 «А»

Тақырыбы: Білгірлер бәйгесі

Мақсаты: 

1. Оқушылардың табиғат жөнінде ой-өрісін кеңейту. Өсімдіктер бөлімін қорытындылау. Өтілген тақырыптар бойынша оқушылар білімін пысықтап, жүйелеу. Табиғаттың, өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы туралы білімдерін бекіту.

2. Білімге құштарлығын, логикалық ойлау қабілетін, сөйлеу тілін дамыту. Білім-білім дағдысын, қоршаған ортаға деген оң көзқарасын қалыптастыру.

Өз бетімен ізденуін, көркемдік- эстетикалық талғамын арттыру.

3.Табиғатты сүйе білуге,оны қорғауға, ұйымшылдыққа,өзара сыйластыққа тәрбиелеу. Оқушыларды өсімдік түрлерін ажырата білуге, олардың адам өміріндегі маңызын түсіне отырып, оларды қорғай білуге, қоршаған ортаны қорғай білуге, тұрмыста өз пайдасына жарата алуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, оқушылардың өз шығармашылығынан салынған плакаттар,

Түрі: Сайыс сабақ

  1. Сайыстың барысы: Сәлемдесу.

Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар, мектеп оқушылары!

II. Ұйымдастыру.

1.1 Қатысатын оқушыларды таныстыру

1.2. Әділ-қазылар алқасын сайлау

1.3 Сайыстың кезеңдерімен таныстыру

1.1. Сайыскерлер таныстырылады

І - топ – «Жасыл әлем» тобы

ІІ - топ – «Мөлдір су» тобы

ІІІ - топ – «Жер-Ана» тобы

1.2. Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныстырып өтетін болсам:

Әділ қазылар алқасы таныстырылады.

    1. Енді сайысымыздың негізгі бөлімдерімен таныстырар болсам, сайысымыз 4 кезеңнен тұрады.

1 – кезең - «Таныстыру. Шығармашылық жұмыс»

2 – кезең - «Қара жәшік»

3 – кезең - «Жұмбақтар әлемінде»

4 – кезең - «Орнын тап»

5 – кезең - «Адасқан әріптер»

6 – кезең - «Судың да, сұрауы бар»

7 – кезең - «Марапаттау»


«Бар ізгілік тек білімнен алынар, Білімменен аспанға жол табылар» Ж.Баласұғын.

Ал, олай болса құрметті сайыскерлер енді ұшқыр ой, көп ақыл, терең біліммен биология пәнінен алған білімдеріңіздің асқақтығын көрсетіңіздер.


І кезең: Үй тапсырмасы "Шығармашылық жұмыс“

Бұл кезеңде әр топқа экологиялық тақырыптар берілді. Сол тақырыпты оқушылар қорғауға тиіс.


Сергіту сәті: Образға ену.
1. Гүлдің солуын қимылмен көрсетіңіз.
2. Гүлдерді тозаңдандырып жүрген ара болыңыз.
3. Ұзарып, биіктеп өсіп келе жатқан ағашты бейнелеңіз.

4. Бір-біріне ысылдасқан екі жылан болыңыз

5. Гүлдеп шығып солып қалған гүл


ІІ кезең: «Қара жәшік». Халық даналығы «Талаптанған тау асар» деген екен. Мына қара жәшіктегі сұрақтарға жауап беру керек.

  1. Отаны Оңтүстік Америка. Сабағы мен жапырағы, жемісі улы болғандықтан жануарлар сүйіп жемейді. Крахмалды өсімдік. Халқымыз «екінші нан» деп атаған. (Картоп).


  1. І Петр Голландияда саяхатта жүргенде әсем күймесінің терезесінен алыстан алтындай жарқыраған гүлі бар, өте биік өсімдікті көреді. Айдаушысына тоқта деп бұйрық берген патша өзін қошеметтеп жүрген адамнан: бұл қандай өсімдік дегенде, ол бұл өсімдіктің мұхиттың арғы жағынан Мексикадан әкелінгендігін баяндап береді. Алғашқы кезде әсемдік үшін кейіннен ХVІІІ ғасырда жаппай таралады. Кейіннен адамдар мұның әсемдігінен басқа қасиеттерін іздеуге кірісіп, уақыт пен адамның ақыл-ойы бұған жауап тапты. Бұл қандай өсімдік? (Қосымша көмек. Бұл өсімдіктен май алынады). (Күнбағыс).


  1. Бұл өсімдікті жинар кезде халқымыз иіліп сәлем берген. Емдік қасиеті жағынан Орта Азияда ертеден белгілі болса, Кавказ халқы ұйықтататын дәрі ретінде пайдаланады. Түйетабандар тұқымдасына жататын жағымсыз иісті, улы өсімдік.

(Қосымша көмек. Халқымыз «пәле-жаладан сақтасын» деп түтінімен аластайды). (Адыраспан).

  1. Тамыры, сабағы, жапырағы болмайтын паразит өсімдік. Жабысқақ тұқымдарына жіңішке жіпшелері өсіп шығып, басқа ағаштың діндері мен тамырларын орайды да, біртіндеп өсе бастайды. Ұзындығы – 90см, кейбір үлкен түрлері 1 жастағы баланың салмағындай болатын ең үлкен гүл. (Қосымша көмек. Ғалымдар оны британ губернаторы Томас Стемфорд Раффлездің құрметіне атаған). (Раффлезия).

  2. Бұл өсімдік қазақ халқына өте ұнап, оны қайткенде де Қытайдан шығармақшы болыпты, бірақ шашының арасына, киіміне тықса да шекарадан өткізе алмапты. Бір шаруа қайтсем де Қытайдан алып шығамын деп ант беріпті. Сөйтіп шаруа Қытайға барып осы өсімдік плантациясында 2 жыл жұмыс істейді. Шаруаның аяғы әбден быт – шыт болып жарылады. Сол аяғының жарылған жеріне өсімдікті тығып, бетін батпақпен жауып әкелген екен. Бұл қандай өсімдік? (Қосымша көмек. Су сүйгіш өсімдік). (Күріш).

  3. Бұл затты батырлар кеудесіне тұмар есебінде таққан. Ол батырды жебеден және қылыштан сақтайды деп ойлаған. Барлық уақытта бұл емдік мақсатта пайдаланған. Орта ғасырларда оның иісі әр түрлі аурулардан сақтаған. Ол не? (Қосымша көмек. Оның сабағы-түбіртек, тамыры шашақ болып келеді). (Пияз).

ІІІ кезең: Жұмбақтар әлемінде

1.Тамырлар бар біркелкі де салалы,

Бір-біріне тимейді анық залалы.

Топыраққа тарамдала таралып,

Бәрі бірдей өз қорегін алады. Шашақ тамыр

2.Левенгукке Алла сыйлап бір бақты,

Үлкейтетін құрал ойлап ол тапты.

Шынысы бар біреу ғана құрсаулы,

Бірнеше есе үлкейтеді ол затты. Лупа

3.Көктемде тұрады бұтаққа асылып,

Күзде жерде жатады шашылып. Жапырақ

4.Өсімдіктің бойлап өсер тірегі,

Көп мүшенің ішіндегі бірі еді.

Жоғары-төмен тұратұғын таратып,

Осы мүше өсімдіктің жүрегі. Сабақ

5.Қызыл жеміс, пішіні доп-домалақ,

Жерге түссе кетеді ол домалап.

Мұндай тәтті жеміс-.......

Жесең зор пайдасы тиеді. Шие

6.Шырыны мол, ішінде сүйегі көп,

Қоямыз шырынымен сүйегін жеп.

Теріп жейміз сабағынан жұлқымай,

Бұл жемістің аты әйбат-......... Құлпынай

7.Бүршік те содан шығады,

Жапырақ та одан шығады.

Жаңадан өскен сабақты,

.......... деп бала ұғады. Өркен

8.Жайқалып тұр саяжай мен далада,

Ұнатады бұл гүлді үлкен-кіші, бала да

Атауында “қыз” деген сөз тағы бар,

Ойлан-дағы гүлдің атын тауып ал. Қызғалдақ

9.Жетіледі қабырғасынан жатынның

Жейтін затқа қатысы бар атының Жеміс

10.Жеміс емес, жейсіңдер,

Шырын екен дейсіңдер.

Денсаулыққа ем тамыр,

Оның аты жемтамыр. Сәбіз


ІV кезең: “Орнын тап” тапсырмасына назар аударайық.

Өсімдіктер өсетін орындарын тауып, өсімдіктің аты аталғанда оқушы сол орынға тұруы тиіс.

Әр топтан бір оқушыдан шығады.

1. Балдыр ------------------------------------- су

2. Бәйшешек --------------------------------- дала

3. Қына ---------------------------------------- таулы жер

4. Шымтезек мүгі --------------------------- батпақты жер

5. Қарағай ------------------------------------ орман

6. Саңырауқұлақ ---------------------------- орман

7. Сексеуіл ----------------------------------- құмдауыт жер

8. Қызғалдақ --------------------------------- таулы жер


V кезең: Адасқан әріптер
1. Ботаника - аикаотбн
2. Эрозия – роэияз
3. Бриология – бяогиоил
4. Фитонцид – итодицнф
5. Өсімдіктер – рөітекдсім
6. Фотосинтез – зенситфото
7. Цитоплазма – мазалпцоти
8. Жасуша – ашжуас
9. Микроскоп– помиркоск
10. Ваколь – коваль


кезең:  «Судың да сұрауы бар»

Бұл кезеңде әр топтан екі оқушы ортаға шығады. Екі оқушыға арақашықтықта орналасқан суы бар ыдыстан екінші бос ыдысқа қасықтап су тасу керек. Ыдыстары толғаннан кейін мұғалім қасында тұрған гүлді суару керек. Кім бірінші болып гүлге су құятын болса сол топ жеңіске жетеді.


Көрермендер көрімдігі:
1. 9 бас, 22 аяқ. Неше тауық, неше ешкі? (2 ешкі, 7 тауық).
2. 5 адамға 5 алманы бөлу керек: әр адам бір алманы алса, бір алма кәрзеңкеде қалу үшін қалай бөлеміз? (1 адам 1 алманы кәрзеңкесімен алады).


Экологиялық көрініс: «Табиғатты қорғау - парызымыз»

кезең:  Марапаттау


Қорытынды: «Қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты жағдайды бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлінгендіктен оқушыларға экологиялық білім беріп, табиғатты қорғауға тәрбиелеу- бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.» Н.Ә. Назарбаев Сонымен, оқушылар біздің бүгінгі сабағымыз өз мәресіне жетті. Сау болыңыздар! Кері байланыс








57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 17.10.2016
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров26
Номер материала ДБ-268993
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх