Инфоурок Начальные классы Рабочие программы"Білгіш бала" атты сайыс сабақ жоспары

"Білгіш бала" атты сайыс сабақ жоспары

Скачать материал

Тақырыбы:  Өз ойыным

Ойын мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың ауызша есептей білуге, логикалық есептерді шешуге  дағдыландыру;

Дамытушылық:  Білім алушылардың ой — өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдау, олардың білімге қызығушылығын арттыру;

Тәрбиелік:Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Ойынның керекті құрал- жабдықтары мен көрнекілігі: Мультимедиалық құрылғылар (компьютер, интерактивті тақта т.б),қызыл,  жасыл, көк  түсті  жарық беретін 3 қол шамы, нөмірленген үлестірмелі қима қағаздар, кестесі бар бағалауға арналған  Аформатты парақтар, Рower Point бағдарламсында құрылған слайдтар,флипчарттар, марапаттау грамоталары, шақыру билеттері

Түрі:ойын түрінде

Типі:  жарыс сабақ

Сабақтың әдісі: тест жұмысы, сұрақ — жауап

Пән аралық байланыс:Қазақ әдебиеті, тарих.

Күтілетін нәтиже:

·         пәнге деген қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттері артады;

·         оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады

Ойын ережесі: Ойын «Своя игра» телеойынының  барысымен өтеді. Ойын іріктеп алу турынан басталады. Бұл турда  «Математикадан біліміңді сынап көр»  деген  25 сұрақтан тұратын тест  түріндегі конкурстан  жақсы нәтиже көрсеткен 12 оқушы қатысады. Іріктеп алу турында қатысушылар тестке жауап береді. Тест сұрақтары  және олардың  жауаптары, әрбір қатысатын оқушының аты- жөні алдын – ала  флипчартпен бағдарламаға енгізіліп дайындалады. Студенттердің  әрқайсысына тест беріледі. Әрбір студент компьютердегі  тесттің әрбір сұрағына жауап береді. Осы турдың соңында тест сұрақтарына жауап берген оқушылардың нәтижесі шығады, яғни  әр оқушының қанша сұраққа дұрыс жауап бергені, қанша ұпай алғаны, қанша уақыт жұмсағаны көрсетіледі.Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай. Осы оқушылардың  арасынан неғұрлым жоғары ұпай  жинаған 3 ойыншы ғана келесі тур- негізгі ойынға өтеді.

Негізгі ойын 2 айналымнан тұрады.

Бірінші және екінші айналымда экранда флипчартпен  құрылған кесте көрсетіледі. Бұл кесте  тақырыптар мен әр сұрақтың ұпайлары  жазылған кесте ұяшықтарынан тұрады.Ойынға қатысушылар кестеден тақырыпты және ұпайы бойынша сұрақты таңдап, жауап беруі керек.Әр сұраққа не тапсырмаға 1 минут беріледі. Бірінші болып ойынды іріктеп алу турынан жоғары ұпай жинаған ойыншы бастайды. Оператор немесе жүргізуші тышқанның сілтемесінің көмегімен не интерактивті тақтаның қаламымен таңдалған ұяшықты шертеді, сонда экранға сол ұяшықтың сұрағы шығады. Жүргізуші сұрақты дауыстап оқып біткен соң,  шамның батырмасын  кім бірінші басса, сол сұраққа жауап береді. Дұрыс жауап берсе, сол сұрақтың ұпайын өзінің ұпайлар қоржынына қосып алады. Дұрыс жауап бермесе қарсыластары жауап береді.  Үш ойыншы да дұрыс жауап бермесе, келесі ойыншы сұрақты таңдап, ойынды жалғастырады.   2-ші  айналымда да 1-ші айналымың ережесіндей, тек сұрақты таңдаған оқушы бірінші өзі жауап беруі керек. Дұрыс жауап бермесе, сұрақтың ұпайындай санға өзінің жалпы ұпайлар қоры кемиді. Негізгі ойында ойыншылардың мақсаты неғұрлым көп сұраққа дұрыс жауап беріп, өзінің ұпайларын көбейту. Мәрелік ойында үш тақырып беріледі.Әр тақырыпқа бір тапсырма тіркеледі. Алдынғы турлардағы ойындарда ең көп ұпай жинаған оқушы  сол тақырыптан ойналатын бір тақырыпты таңдайды. Мәрелік ойында таңдалған тақырыптың есебінің тапсырмасы экранға шығады. Әр ойыншы жазбаша түрде есепті орындайды . Дұрыс жауапқа 1000 ұпай  беріледі. Тапсырманы орындауға  3 минут беріледі. Жазба жұмыстарды әділқазылар тексеріп, бағалайды.

 

 

Ойын барысы:

1.      Ұйымдастыру кезеңі

2.      Ойын жоспары

1-тур. Іріктеп алу туры

 2-тур. Негізгі ойын

1-айналым. «Кім жылдам?»

2-айналым. «Кім тапқыр?»

3-тур. Мәрелік тур.

III. Ойынның нәтижесін қорытындылау.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

1) оқушылармен, келген қонақтармен және әділқазылармен  сәлемдесу;

2) ойынға қатысатын оқушылар мен әділқазылар алқасын таныстыру;

3) сабақтың  мақсаты, жоспары, ойын  ережесімен таныстыру,

әділқазылар алқасына бағалау парақтарын беру.

Жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар мен студенттер! «Өз ойыным» атты математикалық — интеллектуалдық ойынға қош келдіңіздер!

«Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы» деп ұлы ғалым Гаусс бекер айтпағаны белгілі.   Осы нақыл сөзді бүгінгі іс-шарамыздың  ұраны ретінде алып, «Өз ойыным» атты интеллектуалдық ойынымызды бастайық.

Бүгін ойын «Математикадан біліміңді сыңап көр»  атты конкурстан жақсы нәтиже алған  БА-21 тобының студенттері  арасында өтеді. (Ортаға реттік нөмірі бойынша аты-жөнін таныстыра отырып әр оқушы шақырылады  және олар өзінің реттік нөміріне сәйкес нөмірленген  орынға отырады )

Жиналған ылғи дарындар,

Жүректе от, көздерінде жалын бар.

Білімді оқушыларды халайық,

Қол соғып қарсы алайық!  -дей отырып ойынымызға қатысатын оқушыларды ортаға шақырамыз.

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді, — дей отырып сайыскерлеріміздің білімін сынайтын және өздерінің әділ бағаларын беретін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін.

Әділ-қазылар алқасы:

1.      жоғары санаттағы  физика пәнінің мұғалімі —   Қозыбақова А.П.

2.       жоғары санаттағы математика пәнінің мұғалімі — Таумурунова М.Е.

3.       

Бәрі өз орындарына жайғасып отырғаннан кейін  сәйкес әуенмен жүргізуші жалпы ойынның жоспарын, 1 турдың ережесін айтып таныстырады.

Жүргізуші: Ойын жоспары

1-тур.Іріктеп  алу туры

2-тур. Негізгі ойын

1-айналым. «Кім жылдам?»

2-айналым. «Кім тапқыр?»

3-тур. Мәрелік тур.

1-тур.

Іріктеп алу турында қатысушылар, сіздер тестке жауап берулеріңіз керек. Сіздердің әрқайсыларыңыз компьютерге отырып тест тапсырасыз.  Тест 10 сұрақтан тұрады. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай.Осы турдың соңында әрқайсыларыңыздың қанша сұраққа дұрыс жауап бергеніңіз, қанша ұпай алғаныңыз, қанша уақыт жұмсағаныңыз көрсетіледі. Неғұрлым жоғары ұпай  жинаған 3 ойыншы ғана келесі тур- негізгі ойынға өтеді.

Іске сәт! –дей отыра ойынымыздың 1-турын бастайық.

Іріктеп алу турының сұрақтары:

1.      Ең кіші жай сан

2.      3; B) 1;    C) 2;   D) 5

3.      1320-қа тең бұрышқа сыбайлас бұрыштың шамасы

А) 480;      B) 380;    C) 520;   D) 680.

3.      Тең қабырғалы үшбұрыш —  ……. үшбұрыш.

А) доғал бұрышты;                      В) тік бұрышты;                С) барлық жауап дұрыс;

1.      D) сүйір бұрышты.

2.      Ұлға 30  үйден тию, қызға ….. үйден тию.

А)70;      B)40 ;    C)10;   D)60

5.      Есептеңіз: 17-(-12):4-9

А) 29;      B) -11;    C) 5;   D) 11.

 6.Тордағы барлық көжектердің аяқтарының саны 84 , сонда торда неше көжек?

А) 42;      B)17;    C)21;   D) 18.

7.      Стандартты көпмүшені көрсетіңіз:

А)  4хух-1+2ух-у;   B) 2а+4b-16a

1.      C) 5xy+2x—c; D)  12х+45ху2+ 0,2ух

2.      Үшбұрыштың төбесі мен қарсы жатқан қабырғасының ортасын қосатын кесінді

А) хорда;    В) биіктік;   С) медиана;  D) биссектриса.

 

9.      Екі қатынастың теңдігі

А) пропорция; В) процент;  С) өрнек;   D) теңдеу

10.  30 санының неше бөлгіші бар?

А) 8;      B)4;    C) 10;   D) 6.

Жүргізуші:1-турды қорытындылай келе, осы тур бойынша алған ұпайларыңызды айтайық.( Неғұрлым жоғары ұпай  жинаған 3 ойыншының  аттарын атап, келесі турға өткендігін айтып, құттықтайды.)

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақыл шың,

Қиындықты өткізер деп негізгі ойынымызды бастайық.

2-тур. Негізгі ойын 2 айналымнан тұрады. Бірінші және екінші айналымда экранда Power Point бағдарламасында құрылған кесте көрсетіледі. Бұл кесте  тақырыптар мен әр сұрақтың ұпайлары  жазылған кесте ұяшықтарынан тұрады.Сіздер кестеден тақырыпты және ұпайы бойынша ұяшықты таңдап, сұрағына  жауап беруілеріңіз керек. Әр сұраққа не тапсырмаға 1 минут беріледі. Бірінші болып таңдау құқығына іріктеп алу турынан жоғары ұпай жинаған ойыншы бастайды. Мен сұрақты дауыстап оқып біткен соң,  шамның батырмасын  қайсыларыңыз бірінші  бассаңыз, сол сұраққа жауап бересіз. Дұрыс жауап берсеңіз, сол сұрақтың ұпайын өзіңіздің ұпайлар қоржыныңызға қосып аласыз. Дұрыс жауап бермесеңіз қарсыластарыңыз жауап береді  Егер үшеуіңіз де дұрыс жауап бермесеңіздер, келесі ойыншы ұяшықты таңдап, ойынды жалғастырады. 2-ші  айналымда да 1-ші айналымның ережесіндей, тек сұрақты таңдаған оқушы  бірінші өзі жауап беруі керек. Дұрыс жауап бермесе, сұрақтың ұпайындай санға өзінің жалпы ұпайлар қоры кемиді. Негізгі ойында, ойыншылар, сіздердің мақсаттарыңыз неғұрлым көп сұраққа дұрыс жауап беріп, ұпайларыңызды көбейту.

(Ең жоғары ұпай жинаған оқушы ойынды бастайды.)

2-тур. Негізгі ойын

1-айналым   «Кім жылдам?»

 

Тақырыптар

Ұпайлар саны

 Сандар

 100

 200

 300

Ұлы ғалымдар

 100

 200

 300

 Әр түрлі

 100

 200

 300

 

1 -айналымның сұрақтары:

«Сандар»

100 ұпай.Барлық санға қалдықсыз бөлінетін сан (нөл).

200 ұпай. Квадраты 289-ға тең сан (17).

300 ұпай. 666 санын еш амал қолданбай 1,5 есеге қалай артрыруға болады?(аударып жазу арқылы)

«Ұлы ғалымдар»

100 ұпай. «Бастамалар »кітабының авторы (Евклид)

200 ұпай. Математикаға координаттар әдісін енгізген француз математигі.(Рене Декарт).

300 ұпай. Геометриядан жаңалық ашқаны үшін Зевс құдайына100 өгіз сойып құрбан еткен ежелгі грек ғұламасы (Пифагор) 

 «Әр түрлі»

100 ұпай. Бұл затты есептеуде уақытты үнемдеу үшін қолданады. Бұл не? (калькулятор )

 200 ұпай Егер екі кірпіш салмағы 12 кг болса, 5 кірпіш салмағы неше кг?(30кг).

 300 ұпай. Жыл он екі ай ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал

28  саны қай айда  кездеседі? (Барлық айда)

Жүргізуші: 1-айналымды қорытындылай келе, осы айналым бойынша алған ұпайларыңызды айтайық.1 айналым бойынша және жалпы жинаған ұпайларды айтуға  әділқазыларға сөз берейік ( Осы кезде әділқазылар алқасының біреуі тұрып , сөз сөйлейді ).

Жарыс заңы ежелден

Жеңімпазды анықтау ,

Жеңімпаз болу шарты

Ол еңбектену, жалықпау — деп негізгі ойынымыздың келесі айналымын бастайық.

(Ойын барысында ең жоғарғы ұпайға  ие ойыншы  2-айналымды бастайды.)

2-айналым «Кім тапқыр?»

  Тақырыптар

 Ұпайлар саны

 Туысқандар

 200

 300

 500

Фигуралар

 200

 300

 500

  «Жұмбақтағы математика…»

 200

 300

 500

 

2 -айналымның сұрақтары:

«Туысқандар»

200 ұпай . Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 әпкесі, 1әкесі бар. Әр  қыздың бір анасы  бар. Жанұяда барлығы  қанша адам бар?    (2ұл, 2 қыз, 1 әкесі, 1 анасы — 6 адам) .

300 ұпай. Бір қариядан «Неше балаңыз бар?» деп сұрағанда, ол:«Ұл мен қызымның саны бірдей, әр ұлымның 3 қарындасы бар» деген екен.Сонда қарияда қанша баласы болды?(3 ұл, 3 қыз).

 500 ұпай. Әкесі 27 жаста болғанда баласы 3 жаста болды. Қазір баласының жасы әкесінің жасынан 3 есе кіші. Қазір әрқайсысының жасы қанша?(әкесі -81жаста, баласы 27 жаста)

  «Фигуралар»

200 ұпайБұрыштары жоқ геометриялық фигура(шеңбер)

300 ұпай. Түзудің бір бөлігі

Екі шеткі нүкте көрігі
Ұзындығы және бар
Айтшы білсең кәнекей (кесінді).

500ұпай  Мына сызбада қанша үшбұрыш бар?

 «Жұмбақтағы математика…»

200 ұпай. Дүниеде бүтін сан бола бермейді.

Көңілге армандаған қона бермейді

Бүтін нәрсе бөлігін көрсететін

Қандай сан бар достарым айтындаршы.  (бөлшек сан)

300 ұпай Түйе, бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі,

Қос лақты қос ешкі.

Төрт қозылы екі қой

Бәрін білсең санап қой.              (17)

500 ұпай  

Сапырып-сапырып Сарманға бер,

Құйып-құйып Құрманға бер,

Есіктегі екеуге бер,

Төрдегі төртеуге бер

Өзің іш те маған бер деген екен.

Мұны естіген ұрылар –

«Қой мұнымыз болмас.

Бұл үй толы кісі болды,

әрі бізден екі есе артық екен,

кетейік»-деп кетіп қалыпты.

Кемпір тапқырлығымен

ұрылардан осылай аман қалыпты.

Сонда үйдегі адам нешеу, ұры қанша? (10 адам, 5 ұры )

Жүргізуші: 2-айналымды қорытындылай келе, осы айналым бойынша алған ұпайларыңызды айтайық. 2 айналым бойынша және жалпы жинаған ұпайларды айтуға  әділқазыларға сөз берейік. ( Осы кезде әділқазылар алқасының біреуі тұрып , 2-айналымның және жалпы негізгі ойынның қорытындысын айтады. )

3-тур.  Мәрелік тур

Жүргізуші:

Ал, енді ойыншылар міне мәрелік турға  да жеттік. Осы турдың шартымен таныстырып өтейін.

Мәрелік ойында үш тақырып беріледі. Әр тақырыпқа бір есептен тіркеледі. Алдынғы турлардағы ойындарда ең көп ұпай жинаған оқушы  сол тақырыптан ойналатын бір тақырыпты таңдайды. Мәрелік ойында таңдалған тақырыптың есебінің тапсырмасы экранға шығады. Әрқайсыларыңыз жазбаша түрде есепті орындайсыздар . Дұрыс жауапқа 1000 ұпай  беріледі. Тапсырманы орындауға  3 минут беріледі. Жазба жұмыстарды әділқазылар тексеріп, бағалайды.

Мәрелік турда таңдалатын тақырыптар:

1.

Қызықты арифметика

2.

Экономика

3.

Геометрия

 

1.      Егер квадраттарының айырымы 216-ға тең болса, тізбектес екі тақ натурал санның кішісін табыңыз (53 саны)

2.      Банкке 15% -тік күрделі өсіммен 400000 тг салынды.Банкке салынған осы ақша 3 жылдан соң неше теңге болады? (608350тг)

3.      АD кесіндісі — ABC үшбұрышының биссектрисасы, ал < B=400+ < C . BDA бұрышын анықтаңыз. В

D

А                          C

III. Ойынның нәтижесін қорытындылау.

Жүргізуші: 3 турды  қорытындылай келе, жалпы бүгінгі    ойында  алған ұпайларыңызды айтайық. Жалпы ойынымыздың қорытындысын айтуға және жеңімпазды марапаттауға  әділқазыларға сөз берейік.( Осы кезде әділқазылар ойынның нәтижесін айтып ,жеңімпазды анықтап , сыйлықты табыстап, құттықтау грамотасымен марапаттайды)

Ең басты орын емес жарыста,

Терең білім, жеңу шарты сайыста.

Тапқырлықпен ізденісте болсаңыз,

Өмірде де жетерің хақ, табысқа! – дей отырып ойынға қатысқан оқушыларға алғысымызды айтамыз, алдағы өмірлеріңізде білімнің биік шыңдарына жетіңіздер !

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Білгіш бала" атты сайыс сабақ жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор по управлению персоналом

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 308 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.11.2016 890
    • DOCX 39.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Туркменбаева Әлия Базарбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Туркменбаева Әлия Базарбаевна
    Туркменбаева Әлия Базарбаевна
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16094
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Математика» в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 65 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 299 человек

Курс повышения квалификации

Одаренные дети. Особенности развития и система сопровождения в системе школьного образования в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 531 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по русскому языку у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 482 человека

Мини-курс

Жизненный цикл продукта и методология управления проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Путь к внутреннему спокойствию: освобождение от тревоги, злости и стыда

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 628 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 199 человек

Мини-курс

Психология семейных отношений: понимание, следствия и решения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 18 человек
Сейчас в эфире

"С понедельника — начну!.." Практическое руководство к модификации образа жизни

Перейти к трансляции